Рустемова Жанар Айдарбеккызы «Қазақ әдебиетін интерактивті оқыту әдістемесі» пәні бойынша



жүктеу 449,02 Kb.
бет13/149
Дата06.10.2023
өлшемі449,02 Kb.
#43680
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   149
multi-823 x986873926

2. Білім түрлері
Жалпылай алғанда, педагогикалық ғылымда білімнің бір-біріне қарама-қарсы тұрған, антагонистік қағидалар ұстанған екі түрі ажыратылады. Мәселен, Джон Дьюи «Өмірлік тәжірибе және білім беру» атты еңбегінде білімді дәстүрлі және прогрессивтік (Дьюи Дж., Демократия и образование: Пер. с англ. – М.: Педагогика-Пресс, 2000. – 384 с.) деп екіге бөлсе, Жан Пиаже «Баланың сөйлеуі мен ойлауы» атты еңбегінде білімнің келесідей екі түрін атаған: «әлеуметтік-ырықсыз» білім және белсенді түрде үйрену арқылы игерілген білім (Жан Пиаже. Речь и мышление ребенка/ Пер. С фр. и англ. – М.: Педагогика-Пресс, 1999. – 528 с.).
Альфред Уайтхэд те білімді «мектептік» және «пән аумағындағы білім» деп бөлген, бұл жерде ол ұсынған «интуитивтік» білімді ескермесе де болады, өйткені аталмыш білім туа біткен білімдерге жатады (А.Уайтхэдтің жүйесін таблицадан қараңыз). «Пән аумағындағы білім» деп мектеп бағдарламасында орын алған пәндер бойынша өткізілетін сабақтарда оқушылардың өздігімен білім құрастыруды атайды (Ч.Темпл, 2002, 31).Т.Лешкевичтің жүйелеуінде келтірілген білімнің сан алуан түрлерін де сайып келгенде екіге бөлуге болатын сияқты: репродуктивтік және жүйелі білім. Сонымен білімді келесідей түрде жіктеуге болатын тәрізді: репродуктивтік және құрастырылған (конструктивтік) білім. Олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтары қандай? Бұл сұраққа жауап беру әрбір педагогтың білім жүйесіне деген көзқарасы мен ұстанған құндылықтарын айқындайды, ұстаздық философиясын мен сенімдерін көрсетеді, яғни мұғалімнің білім жүйесін қалайша түсініп, осы түсініктен туындаған дидактикалық әдістері мен үйренушіге деген ықыласын айғақтайды.
-реподуктивтік. Репродуктивтік білім біреудің тасымалдаған (берген) ақпаратын бәлсенді (пассив), ырықсыз түрде қабылдау дегенді білдіреді. Мұндай білім үйренушілердің мұқтаждары мен мүдделерін ескермейді, олардың бұрынғы білімдерімен байланыс орнатпайды. Үйренушілер бұл білімді сіңіргенде ешқандай ізденуші немесе зерттеу жұмыстарын атқармайды, оның қажеттілігі туралы ойланбайды, тек сырттан берілген ақпаратты механикалық түрде ғана есте сақтауға тырысады. Күнделікті өмірмен байланыспаған мұндай білімнің қажеттілігі шамалы болады, өйткені үйренушілер оларды өз өмірінде қалайша қолданатындығын білмейді. Репродуктивтік білім оқушының тұлғасына бағытталмай, оқу жоспарларын оқытудың негізі деп түсінетіндіктен, оны «бағдарламацентристік» оқыту деп атауға тұрарлық.

жүктеу 449,02 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау