-конструктивтік. Құрастырылған (конструктивтік) білім іздену, тану және ой-толғау секілді үйренушілердің өзіндік белсенді әрекеттері негізінде игеріледі. Білім игеруде олар дайын күйде берілген ақпаратты есте сақтау үшін қабылдамай, оларды «игеру» сөзінің шын мағынасы бойынша жан-жақты қарастырады, оларды әрекеттер арқылы зерттейді.
Құрастырылған білім мен дәстүрлі білімнің айырмашылықтары Дж.Дьюидің «Өмірлік тәжірибе және білім беру» кітабы бойынша №3 кестеде көрсетіледі.
Кесте №3
Дәстүрлі (репродуктивтік) білім
|
Құрастырылған білім
|
Жоғарғы жақтан күштеу
|
Тұлғаның өзін-өзі көрсете білуі мен дамуы
|
Еркіндікке жол бермейтін тәртіп
|
Еркін түрде әрекеттесу
|
Кітаптар бойынша үйрену
|
Тәжірибе арқылы үйрену
|
Қайталау арқылы жүйеленбеген (арасында байланысы жоқ) біліктер мен дағдыларды қалыптастыру
|
Өмірде қажетті мақсаттарға жету үшін біліктер пен дағдыларды игеру
|
Бұлыңғыр болашаққа дайындау
|
Бүгінгі күннің мүмкіншіліктерін мейлінше пайдалану
|
Статикалық (өзгерістерге ұшырамайтын) мақсаттар мен материалдар
|
Әлемнің күнделікті өзгерістерге толы динамикасы
|
Конструктивтік білімнің негізгі идеяларын жан-жақты сараптай және қорытындылай келе, С.Мирсейітова жаңадан «Мұғалімнің гуманистік философиясы» деген ұғымды ұсынады.
Кесте №4
Мұғалімнің гуманистік философиясы
Компоненттері
|
Ерекшеліктері
|
Конструктивтік
|
- Оқу жоспары жалпыдан дараға қарай бағытталып, негізгі құрамдас бөліктерді назарға алып құрылады.
- Тапсырмалар үйренушілердің мүдделері мен мұқтаждықтарын ескеріп құралады.
- Өмірде орын алған және нақты құбылыстар зерттеледі.
- Тура емес, жанамалай оқыту таңдалады.
|
Әлеуметтік- мәдени
|
- «Оқушылар – мұғалім – ата-аналар» құрамында үйренушілер социумы құралады.
- Үйренушілер басқа жұмыс түрлеріне қарағанда топ құрамында көп жұмыс жасайды.
- Өз ұлттық және әлем мәдениеті бойынша кітап оқуға уақыт беріледі.
|
Танымдық
(когнитивтік)
|
- Сабақтың мақсаттары мен тапсырмалары Блум таксономиясының деңгейлері негізінде құралады.
- Жаңа білім бұрынғы білімнің негізінде құрастырылады.
- Оқушылардың әртүрлі деңгейдегі сұрақтары қуатталады.
|
Қарым-қатынастық (коммуникативтік)
|
- Сабақтар интербелсенді тұрғыдан құрылады.
- Физиологиялық және моральдік орта оқуды ынталандыруға сәйкес болады.
- Оқушылардың өзіндік ойларын келтіруі қуатталады.
- Мұғалім тұрақты түрде әріптестерімен кәсіби тұрғыдан қарым-қатынас жасайды, сұхбаттасады.
|
Ой-толғаныстық (рефлексивтік)
|
- Мұғалімнің сабақ кезінде және сабақтан кейін міндетті түрде ой толғайды.
- Оқушылардың сабақ барысында және сабақтан кейін, көркем әдебиетті оқып шыққанан кейін ой толғаныс жасауы үшін қажетті уақыт және орын беріледі.
- Бағалау және мониторинг оқу барысында мұғалімнің сабақты ұйымдастыруы мен оқушылардың іс-әрекеттерін бақылауы, оқушылардың өз жұмыстарын презентациялауы, олардың портфолиоларының мазмұны арқылы жасалады.
- Оқушылар мен мұғалімдер өз әрекеттерін зерттейді.
- Тәжірибемен алмасу.
|
Конструктивтік білімнің басты қағидасы білімнің үйренушіге дайын күйде берілуі мүмкін еместігімен және әр адамның қоршаған әлем туралы өмір бойы өзіндік түсінік құрастыруымен байланысты, яғни білім үйренушінің жеке басында пайда болған ойлары, идеялары, түсініктері, көзқарасы, дүниетанымы, пікірі, сұрақтары мен жауаптары, дәлелдері, ұстанымдары, уәждері мен ұстанған құндылықтары деп түсініледі. Ал мұның бәрін де үйренушілердің өздері әрекеттер мен ойлану арқылы құрастырады, «жасайды». Мұндай жағдайда ұстаз үйретпейді, ол тек шәкірт тарапынан білімді өздігімен игерудің жағдайларын ғана жасайды.
Құрастырылған білім ұзақ уақыт есте сақталып, өмірде кең қолданыс табады, өйткені олардың мазмұны үйренушілердің өз мүдделері мен қызығушылығынан туындайды. Конструктивтік білім «Үйренушілердің өздері мағына мен түсінікті құрастыруда олардың белсенді әрекеттері үйрену/үйрету процесінің негізі» деген идеяны ұстанғандықтан, мұндай білім үйренуші центристік мазмұнда болады. Мұнда басты назар үйренушінің қандай да бір ұжым ішіндегі әрекеттеріне ауысады, өйткені мағына мен түсінік тек әлеуметтік ортада және өзара әрекеттесу нәтижесінде ғана қалыптасуы мүмкін. Л.Выготский «Жоғарғы психикалық функциялардың дамуының тарихы» атты еңбегінде бұл туралы былай деп жазады: «Баланың мәдени дамуының жалпылама реттілігі келесідей екендігі бізге белгілі: алдымен басқа адамдар балаға әрекеттер арқылы ықпал жасайды, одан кейін бала басқаларға ықпал жасайды, тек аяғында ғана бала өзіне қарасты әрекеттерді атқарады. Сөйлеу, ойлау қабілеттері және мінез-құлықтың басқа да жоғарғы процестері дәл осылайша өтеді»(Выготский Л.С., 678).
Достарыңызбен бөлісу: |