ЗИЯТКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ҚҰҚЫҚТАР - қару-жарақпен, әскери техникамен, екі ұдай мақсаттағы өніммен, арнаулы жабдықпен және жаппай қырып-жоятын қаруды жасауға арналған технологиямен байланысты ғылыми еңбектерге, электрондық есептеу машиналарына арналған бағдарламалар мен деректер базасына авторлық құқықтар, өнеркәсіптік меншікке құқықтар, өнертабысқа құқықтар, жеке және заңды тұлғалар өндірген (оларға тиесілі) өнімге, өнеркәсіптік үлгілерді, «ноу-хауды» қоса, олар атқаратын қызметке құқықтар («Экспорттық бақылау туралы» 1996 жылғы 18 маусымдағы № 9 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРАВА ТРЕБОВАНИЯ- денежные требования, возникающие в процессе осуществления оригинатором основного вида деятельности (ст. 1 ЗРК «0 секьюритизации» от 20 февраля 2006 года № 126)
|
ТАЛАП ЕТУ ҚҰҚЫҚТАРЫ - оригинатордың негізгі қызмет түрін жүзеге асыру процесінде туындайтын ақшалай талаптар («Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы № 126 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРАВИЛА - нормативный правовой акт, определяющий порядок организации и осуществления какого-либо вида деятельности (ст. 3 ЗРК «О нормативных правовых актах» от 24 марта 1998 года № 213)
|
ҚАҒИДА - қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт («Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 ҚРЗ 3-бап)
|
ПРАВИЛА ЗАСТРОЙКИ - на территориях населенных пунктов действуют территриальные (областные, районные, городские) правила застройки, регулирующие архитектурную, градостроительную и строительную деятельность на местах (ст. 30 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)
|
ҚҰРЫЛЫС САЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ - елді мекендердің аумақтарында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жергілікті жерде реттейтін аумақтық (облыстық, аудандық, қалалық) құрылыс салу ережелері қолданылады («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 ҚРЗ 30-бап)
|
ПРАВИЛА ПАЕВОГО ИНВЕСТИЦИОННОГО ФОНДА - документ, который определяет цели, условия, порядок функционирования и прекращения существования паевого инвестиционного фонда (ст. 1 ЗРК «Об инвестиционных фондах» от 7 июля 2004 года № 576)
|
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ПАЙ ҚОРЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ - инвестициялық пай қорының мақсаттарын, жұмыс істеу және жұмыс істеуін тоқтату шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат («Инвестициялық қорлар туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі № 576 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРАВИЛА ПЕРЕВОЗОК - нормативные правовые акты, регулирующие деятельность и взаимоотношения всех участников перевозочного процесса (ст. 1 ЗРК» О железнодорожном транспорте» от 8 декабря 2001 года № 266)
|
ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ - тасымалдау процесінің барлық қатысушыларының қызметін және өзара қатынастарын реттейтін нормативтік құқықтық актілер («Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРАВИЛА ПЕРЕВОЗОК - нормативные правовые акты, регулирующие деятельность морского транспорта при осуществлении перевозки пассажиров, багажа, грузов, утверждаемые уполномоченным органом (ст. 1 ЗРК «О торговом мореплавании» от 17 января 2002 года № 284)
|
ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ - жолаушыларды, багажды, жүкті тасымалдауды жүзеге асыру кезінде теңіз көлігінің қызметін реттейтін, көліктегі уәкілетті орган бекітетін нормативтік құқықтық актілер («Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРАВИЛА СТРАХОВАНИЯ - документ страховой организации, определяющий условия осуществления страхования по определенному виду страхования (ст. 3 ЗРК «О страховой деятельности» от 18 декабря 2000 года № 126)
|
САҚТАНДЫРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ - сақтандыру ұйымының белгілі бір сақтандыру түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын құжаты («Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы № 126 ҚРЗ 3-бап)
|
ПРАВИТЕЛЬСТВЕННАЯ СВЯЗЬ - специальная защищенная связь для нужд государственного управления (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)
|
ҮКІМЕТТІК БАЙЛАНЫС - мемлекеттік басқару қажеттері үшін арнаулы қорғалған байланыс («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)
|
ПРАВИТЕЛЬСТВЕННЫЙ ДОЛГ - сумма полученных и не погашенных Правительством РК государственных займов, а также отнесенных в соответствии с законодательными актами РК на долг Правительства РК долговых обязательств на определенную дату (ст. 191 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)
|
ҮКІМЕТТІК БОРЫШ - ҚР Үкіметі алған және өтемеген, сондай-ақ ҚР заң актілеріне сәйкес ҚР Үкіметінің белгілі бір күнге борыштық міндеттемелерінің борышына жатқызылған мемлекеттік қарыздар сомасы (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 191-бап)
|
ПРАВО ВЛАДЕНИЯ ЗЕМЛЕЙ - юридически обеспеченная возможность осуществлять фактическое обладание землей (ст. 12 ЗК РК от 7 июля 2003 года № 442)
|
ЖЕР ИЕЛЕНУ ҚҰҚЫҒЫ - жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 ҚР ЖК 12-бап)
|
ПРАВО ВРЕМЕННОГО ПОЛЬЗОВАНИЯ ЗЕМЕЛЬНЫМ УЧАСТКОМ, НАХОДЯЩИМСЯ В ЧАСТНОЙ СОБСТВЕННОСТИ - право субъекта владеть и пользоваться земельным участком, возникающее на основе договора о временном пользовании земельным участком между собственником земельного участка и временным пользователем (арендатором или безвозмездным пользователем) (ст. 12 ЗК РК от 20 июня 2003 года № 442)
|
ЖЕКЕ МЕНШІКТЕГІ ЖЕР УЧАСКЕСІН УАҚЫТША ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ - жер учаскесінің меншік иесі мен уақытша пайдаланушы (жалға алушы немесе өтeуciз пайдаланушы) арасындағы жер учаскесін уақытша пайдалану туралы шарт негізінде туындайтын, субъектінің жер учаскесін иелену және пайдалану құқығы (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 ҚР ЖК 12-бап)
|
ПРАВО ЗЕМЛЕПОЛЬЗОВАНИЯ - право лица владеть и пользоваться земельным участком, находящимся в государственной собственности, бессрочно (постоянное землепользование) или в течение определенного срока (временное землепользование) на возмездной и (или) безвозмездной основе (ст. 12 ЗК РК от 20 июня 2003 года № 442)
|
ЖЕР ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ - тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін өтеулі және (немесе) өтеусіз негізде шектеусіз мерзімге (тұрақты жер пайдалану) немесе белгілі бір мерзім ішінде (уақытша жер пайдалану) иелену және пайдалану құқығы (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 ҚР ЖК 12-бап)
|
ПРАВО НА АДРЕСНУЮ СОЦИАЛЬНУЮ ПОМОЩЬ - право на адресную социальную помощь имеют граждане РК, оралманы, лица, имеющие статус беженца, иностранцы, лица без гражданства, имеющие вид на жительство и постоянно проживающие в РК, со среднедушевым доходом, не превышающим черты бедности (ст. 2 ЗРК «О государственной адресной социальной помощи» от 17 июля 2001 года № 246)
|
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУ ҚҰҚЫҒЫ - жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын ҚР азаматтарының, оралмандардың, босқын статусына ие адамдардың, шетелдіктердің, ҚР тұруға ықтиярхаты бар және тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар («Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246-II ҚРЗ 2-бап)
|
ПРАВО НЕДРОПОЛЬЗОВАНИЯ - право владения и пользования недрами в пределах контрактной территории, предоставленное недропользователю в соответствии с порядком, установленным Законом РК «О недрах и недропользовании» (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)
|
ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫ - «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Заңға сәйкес жер қойнауын пайдаланушыға берілген келісім-шарттық аумақ шегіндегі жер қойнауына иелік ету және оны пайдалану құқығы («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРАВО РАСПОРЯЖЕНИЯ ЗЕМЛЕЙ - юридически обеспеченное право государства определять юридическую судьбу земли на территории РК, а также право частного собственника совершать в отношении своего земельного часка сделки, не запрещенные законодательными актами РК (ст. 12 ЗК РК от 20 июня 2003 года № 442)
|
ЖЕРГЕ БИЛІК ЕТУ ҚҰҚЫҒЫ - мемлекеттің ҚР аумағындағы жердің заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етілген құқығы, сондай-ақ жердің жеке меншік иесінің өз жер учаскесіне қатысты ҚР заң актілерінде тыйым салынбаған мәмілелер жасауға құқығы (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 ҚР ЖК 12-бап)
|
ПРАВО СОБСТВЕННОСТИ - признаваемое и охраняемое законодательными актами право субъекта по своему усмотрению владеть, пользоваться и распоряжаться принадлежащим ему имуществом. Право собственности передается другому лицу со всеми обременениями, имевшимися на момент совершения сделки (ст. 188 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)
|
МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ - субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы мәміле жасалған кезде болған барлық жүктемелерімен басқа адамға беріледі (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 188-бап)
|
ПРАВО ЧАСТНОЙ СОБСТВЕННОСТИ НА ЗЕМЕЛЬНЫЙ УЧАСТОК - право граждан и негосударственных юридических лиц владеть, пользоваться и распоряжаться принадлежащим им земельным участком на основаниях, условиях и в пределах, установленных Земельным кодексом (ст. 12 ЗК РК от 20 июня 2003 года № 442)
|
ЖЕР УЧАСКЕСІНЕ ЖЕКЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ - азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өздеріне тиесілі жер учаскесін Жер кодексте белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығы (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 ҚР ЖК 12-бап )
|
ПРАВОВАЯ СТАТИСТИЧЕСКАЯ ИНФОРМАЦИЯ - данные, предоставляемые субъектами правовой статистики и специальных учетов уполномоченному органу для использования в статистических целях (ст. 1 ЗРК «О государственной правовой статистике и специальных учетах» от 22 декабря 2003 года № 510)
|
ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКАЛЫҚ АҚПАРАТ - құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілері статистикалық мақсатта пайдалану үшін уәкілетті органға беретін мәліметтер («Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 510 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРАВОВОЕ СТАТИСТИЧЕСКОЕ НАБЛЮДЕНИЕ - статистическое наблюдение о явлениях и процессах, оказывающих влияние на общее состояние законности, правопорядка, соблюдения прав и законных интересов человека и гражданина, юридических лиц и государства (ст. 1 ЗРК «О государственной правовой статистике и специальных учетах» от 22 декабря 2003 года № 510)
|
ҚҰҚЫҚТЫҚ СТАТИСТИКАЛЫҚ БАЙҚАУ - заңдылықтың, құқықтық тәртіптің, адам мен азаматтың, заңды тұлғалардың және мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуының жалпы жай-күйіне әсер ететін құбылыстар мен процестер туралы статистикалық байқау («Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 510 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРАВОВОЙ КАДАСТР - единый государственный реестр зарегистрированных прав на недвижимое имущество (ст. 1 УК РК и.с.з. «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним» от 25 декабря 1995 года № 2727)
|
ҚҰҚЫҚТЫҚ КАДАСТР - жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудің бірыңғай мемлекеттік тізбесі («Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727)
|
ПРАВОВОЙ СТАТУС ОХРАННОГО ПОДРАЗДЕЛЕНИЯ - создаваемое юридическим лицом или индивидуальным предпринимателем специальное структурное подразделение, не являющееся юридическим лицом, для осуществления защиты жизни, здоровья своих работников и собственного имущества, когда деятельность такого подразделения связана с использованием и применением огнестрельного оружия и специальных средств защиты, а также использованием специальных технических средств по перечню, определяемому Правительством РК. Лицензия на осуществление деятельности охранным подразделением выдается юридическому лицу или индивидуальному предпринимателю, в структуре которого создано такое охранное подразделение. Охранному подразделению запрещается осуществление деятельности до получения лицензии. Охранному подразделению запрещается занятие деятельностью, не связанной с охранной, а также оказание охранных услуг третьим лицам - гражданам и юридическим лицам (ст. 12 ЗРК «Об охранной деятельности» от 19 октября 2000 года № 85)
|
КҮЗЕТ БӨЛІМШЕСІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ - арнаулы құрылымдық бөлімшенің қызметі атыс қаруын және арнаулы қорғану құралдарын пайдалану мен қолдануға, сондай-ақ ҚР Yкіметі белгілейтін тізбе бойынша арнаулы техникалық құралдарды пайдалануға байланысты болғанда, өз қызметкерлерінің өмірін, денсаулығын және өз мүлкін қорғауды жүзеге асыру үшін заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер құратын, заңды тұлға емес арнаулы құрылымдық бөлімше. Күзет бөлімшесінің қызметін жүзеге асыруға лицензия өз құрылымында осындай күзет бөлімшесі құрылған заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге беріледі. Күзет бөлімшесіне лицензия алғанға дейін қызметті жүзеге асыруға тыйым салынады. Күзет бөлімшесіне күзетке байланысы жоқ қызметпен айналысуға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға-азаматтар мен заңды тұлғаларға күзет қызметін көрсетуге тыйым салынады («Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы № 85-ІІ ҚРЗ 12-бап)
|
ПРАВОООБЛАДАТЕЛЬ - автор (лица, указанные в завещании, его наследники) в отношении авторских прав, исполнитель (его наследники), производитель фонограмм, организация эфирного или кабельного вещания в отношении смежных прав, а также иные физические или юридические лица, получившие права на использование произведения и (или) объекта смежных прав по договору или иному основанию, предусмотренному Законом РК «Об авторском и смежных правах» (ст. 2 ЗРК «Об авторском и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6)
|
ҚҰҚЫҚ ИЕЛЕНУШІ - авторлық құқыққа қатысты автор (өсиетте аталған адамдар, оның мұрагерлері), сабақтас құқықтарға қатысты орындаушы (оның мұрагерлері), фонограммаларды жасаушы, эфирлік немесе кәбілдік хабар беру ұйымы, сондай-ақ шарт бойынша немесе «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңмен көзделген өзге де негіз бойынша туындыны және (немесе) сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға құқық алған өзге де жеке және заңды тұлғалар («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-І ҚРЗ 2-бап)
|
ПРАВООБЛАДАТЕЛЬ - автор, его наследник, атакже любое физическое или юридическое лицо, которое обладает исключительным правом, полученным в силу закона или договора (ст. 1 ЗРК «О правовой охране топологий интегральных микросхем» от 29 июня 2001 года № 217)
|
ҚҰҚЫҚ ИЕЛЕНУШІ - автор, оның мұрагері, сондай-ақ заңға немесе шартқа байланысты алынған айрықша құқықты иеленуші кез келген жеке немесе заңды тұлға («Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы № 217 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРАВООБЛАДАТЕЛЬ - лицо, обладающее исключительными правами на объект интеллектуальной собственности в соответствии с законодательными актами РК (ст. 410 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)
|
ҚҰҚЫҚ ИЕЛЕНУШІ - ҚР заң актілеріне сәйкес интеллектуалдық меншік объектілерін иеленуге ерекше құқығы бар тұлға (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 410-бап)
|
ПРАВОУСТАНАВЛИВАЮЩИЕ ДОКУМЕНТЫ НА ЗЕМЕЛЬНЫЙ УЧАСТОК - документы, на основании которых возникают у граждан и юридических лиц соответствующие права на земельный участок (право частной собственности, право землепользования, сервитута и другие вещные права на земельный участок). К правоустанавливающим документам относятся правовые акты исполнительных органов о предоставлении права на земельный участок, договоры купли-продажи (мены, дарения или иной сделки об отчуждении земельного участка) и решения судебных органов о признании права частной собственности на земельный участок (ст. 12 3К РК от 20 июня 2003 года № 442)
|
ЖЕР УЧАСКЕСІНЕ ҚҰҚЫҚ БЕЛГІЛЕЙТІН ҚҰЖАТТАР - осылардың негізінде азаматтар мен заңды тұлғалардың жер учаскесіне тиісті құқықтары (жеке меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, сервитуттар және жер учаскесіне өзге де заттық құқықтар) туындайтын құжаттар. Құқық белгілейтін құжаттарға атқарушы органдардың жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері, сатып алу-сату шарттары (айырбастау, сыйға тарту немесе жер учаскесін иеліктен шығару туралы өзге мәмілелер) және сот органдарының жер учаскесіне жеке меншік құқығын, жер пайдалану құқығын және жерге өзге заттық құқықтарды тану туралы шешімдері жатады (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 ҚР ЖК 12-бап)
|
ПРАВОУДОСТОВЕРЯЮЩИЕ ДОКУМЕНТЫ НА ЗЕМЕЛЬНЫЙ УЧАСТОК - документы, отражающие идентификационные характеристики земельного участка и выдаваемые уполномоченным органом по земельным отношениям собственникам земельных участков и землепользователям на основании правоустанавливающих документов. К правоудостоверяющим документам относятся акт на право частной собственности на земельный участок, акт на право постоянного землепользования и акт на право временного (возмездного, безвозмездного) землепользования (ст. 12 ЗК РК от 20 июня 2003 года № 442)
|
ЖЕР УЧАСКЕСІНЕ ҚҰҚЫҚТЫ КУӘЛАНДЫРАТЫН ҚҰЖАТТАР - жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын көрсететін және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның құқық белгілейтін құжаттардың негізінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға беретін құжаттары. Құқықты куәландыратын құжаттарға жер учаскесіне жеке меншік құқығы актісі, тұрақты жер пайдалану құқығы актісі және уақытша (өтеулі, өтеусіз) жер пайдалану құқығы актісі жатады (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ ҚР ЖК 12-бап)
|
ПРАЗДНИЧНЫЕ ДНИ - дни национальных и государственных праздников РК (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)
|
МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ - ҚР ұлттық және мемлекеттік мереке күндері (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)
|
ПРЕБЫВАНИЕ В ЗАПАСЕ - исполнение военнообязанными обязанностей, связанных с воинским учетом и прохождением службы на воинских сборах в период пребывания на воинском учете (ст. 1 «О воинской обязанности и воинской службе» от 8 июля 2005 года № 74)
|
ЗАПАСТА БОЛУ - әскери міндеттілердің әскери есепке және әскери есепте болған кезеңінде әскери жиындарда қызмет өткеруге байланысты міндеттерді атқаруы («Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРЕВЫШЕНИЕ МЕР, НЕОБХОДИМЫХ ДЛЯ ЗАДЕРЖАНИЯ ЛИЦА СОВЕРШИВШЕГО ПОСЯГАТЕЛЬСТВО - явное несоответствие мер характеру и степени общественной опасности совершенного задерживаемым лицом преступления и обстоятельствам задержания, когда лицу без необходимости причиняется явно чрезмерный, не вызываемый обстановкой вред (ст. 33 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)
|
ҚОЛ СҰҒУШЫЛЫҚ ЖАСАҒАН АДАМДЫ ҰСТАУ КЕЗІНДЕ ЗИЯН КЕЛТІРУ - қол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтірілген зиян жағдай мәжбүр етпейтін анық шектен тыс зиян қажетсіз келтірілген кезде, олардың ұсталатын адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне және ұстаудың мән-жайына көріну сай келмеуі ұстау шараларын асыра сілтеу деп танылады (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 33-бап)
|
ПРЕВЫШЕНИЕ ПРЕДЕЛОВ НЕОБХОДИМОЙ ОБОРОНЫ - явное несоответствие защиты характеру и степени общественной опасности посягательства, в результате чего посягающему причиняется явно чрезмерный, не вызываемый обстановкой вред (ст. 32 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)
|
ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНЫС ШЕГІНЕН ШЫҒУ - нәтижесінде қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтірілетін, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне қорғанудың көріну сай келмеуі (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 32-бап)
|
ПРЕДВАРИТЕЛЬНЫЙ СПИСОК КАНДИДАТОВ В ПРИСЯЖНЫЕ ЗАСЕДАТЕЛИ - предварительный первичный или предварительный запасной список кандидатов в присяжные заседатели, составляющий основу для проведения процедуры случайной выборки граждан (ст. 1 ЗРК «О присяжных заседателях» от 16 января 2006 года № 121)
|
АЛҚАБИГЕ КАНДИДАТТАРДЫҢ АЛДЫН АЛА ТІЗІМІ - азаматтарды кездейсоқ таңдау рәсімін жүргізу үшін негіз болатын, алқабиге кандидаттардың алдын ала бастапқы немесе алдын ала қосалқы тізімі («Алқабилер туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 121 ҚРЗ 1-бап)
|
ПРЕДВАРИТЕЛЬНОЕ СЛЕДСТВИЕ («ПРЕДВАРИТЕЛЬНОЕ РАССЛЕДОВАНИЕ») - процессуальная форма досудебной деятельности уполномоченных органов в пределах установленных Уголовно-процессуальным кодексом полномочий по выявлению, установлению и закреплению совокупности обстоятельств дела и привлечению лиц, совершивших преступление, к уголовной ответственности (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)
|
АЛДЫН АЛА ТЕРГЕУ («АЛДЫН АЛА ІЗДЕСТІРУ») - уәкілетті органдардың Қылмыстық іс жүргізу кодекспен белгіленген өкілеттік шегінде істің мән-жайының жиынтығын анықтау, белгілеу, бекіту және қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту жөніндегі сотқа дейінгі қызметінің іс жүргізу нысаны (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)
|
ПРЕДВАРИТЕЛЬНЫЕ МЕДИЦИНСКИЕ ОСМОТРЫ - осмотры поступающих на работу и учебу лиц с целью определения состония их здоровья, предупреждения и нераспространения несчастных случаев, общих, профессиональных, инфекционных и паразитарных заболеваний (cт.1 ЗРК «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населении» от 4 декабря 2002 года № 361)
|
АЛДЫН АЛА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚАРАУ - жұмысқа алынатын және оқуға түсетін адамдар денсаулығының жай-күйін анықтау, жазатайым оқиғалардың, жалпы, кәсіби, жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу және оларды таратпау мақсатында қарау («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-II ҚРЗ 1-бап)
|
ПРЕДЕЛЬНЫЙ УРОВЕНЬ ТАРИФА (ЦЕНЫ, СТАВКИ СБОРА) - максимальная величина тарифа (цены, ставки сбора) на регулируемую услугу (товар, работу) субъекта естественной монополии, утверждаемая на среднесрочный или долгосрочный период (ст. 3 ЗРК «О естественных монополиях» от 9 июля 1998 года № 272)
|
ТАРИФТІҢ (БАҒАНЫҢ, АЛЫМ СТАВКАСЫНЫҢ) ШЕКТІ ДЕҢГЕЙІ - орташа мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңге бекітілетін, табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметіне (тауарға, жұмысқа) арналған тарифтің (бағаның, алым ставкасының) ең жоғары шамасы («Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 272 ҚРЗ 3-бап)
|