Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет77/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   124

ПОЛУЧАТЕЛЬ ПЕНСИОННЫХ ВЫПЛАТ - физическое лицо, которому назначены пенсионные выплаты из Центра и (или) имеющее право на получение пенсионных выплат из накопительного пенсионного фонда (ст. 1 ЗРК «О пенсионном обеспечении в РК» от 20 июня 1997 года № 136-І)

ЗЕЙНЕТАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІН АЛУШЫ - орталықтан зейнетақы төлемдері тағайындалған және (немесе) жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар жеке адам («ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы № 136 ҚРЗ 1-бап)

ПОЛУЧАТЕЛЬ ТОВАРОВ - лицо, указанное в товаросопроводительных документах, которому перевозчик обязан доставить товары, находящиеся под таможенным контролем (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

ТАУАРЛАРДЫ АЛУШЫ - кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізуге тасымалдаушы міндетті болатын тауардың ілеспе құжаттарында аталған тұлға(2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)

ПОЛЬЗОВАНИЕ ЖИВОТНЫМ МИРОМ - пользование объектами животного мира, их полезными свойствами с изъятием или без изъятия из среды обитания (cт.1 ЗРК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)

ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ПАЙДАЛАНУ - жануарлар дүниесінің объектілерін, олардың пайдалы қасиеттерін мекендеу ортасынан айырып немесе айырмай-ақ пайдалану («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 1-бап)

ПОЛЬЗОВАНИЕ ЛЕСНЫМ ФОНДОМ - установленное законодательными актами РК право физических и юридических лиц на пользование, а также на использование земель, вод и общераспространенных полезных ископаемых на территории лесного фонда в хозяйственных и иных целях (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАН ҚОРЫН ПАЙДАЛАНУ - жеке және заңды тұлғалардың ҚР заңдарында белгіленген орман пайдалану, сондай-ақ орман қоры аумағындағы жерді, суды және кең таралған пайдалы қазбаларды шаруашылық және өзге де мақсаттарда пайдалану құқығы (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-II ҚР ОК 4-бап)

ПОЛЬЗОВАТЕЛИ АВТОМОБИЛЬНЫМИ ДОРОГАМИ - физические и юридические лица, являющиеся участниками дорожного движения или осуществляющие иную деятельность в пределах полосы отвода автомобильных дорог и придорожной полосы (cт.1 ЗРК «Об автомобильных дорогах» от 17 июля 2001 года № 245)

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР - жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеумен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар («Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245-II ҚРЗ 1-бап)

ПОЛЬЗОВАТЕЛИ ЖИВОТНЫМ МИРОМ - физические и юридические лица, которым в соответствии с Законом РК «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» предоставлено право пользования животным миром (cт. 1 3PK «Об охране, воспроизводстве и использовании животного мира» от 9 июля 2004 года № 593)

ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІН ПАЙДАЛАНУШЫЛАР - «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңға сәйкес жануарлар дүниесін пайдалану құқығы берілген жеке және заңды тұлғалар («Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 593 ҚРЗ 1-бап)

ПОЛЬЗОВАТЕЛЬ - субъект, обращающийся к информационной системе за получением необходимых ему электронных информационных ресурсов и пользующийся ими (ст.1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217)

ПАЙДАЛАНУШЫ - өзіне қажетті электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге өтініш жасайтын және оларды пайдаланатын субъект («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап)

ПОЛЬЗОВАТЕЛЬ АРХИВНЫХ ДОКУМЕНТОВ - физическое или юридическое лицо, обращающееся к архивным документам для получения информации с целью ее использования (ст. 1 ЗРК «О национальном архивном фонде и архивах» от 22 декабря 1998 года № 326-І)

МҰРАҒАТ ҚҰЖАТТАРЫН ПАЙДАЛАНУШЫ - пайдалану мақсатында ақпарат алу үшін мұрағат құжаттарына жүгінетін жеке немесе заңды тұлға («Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-І ҚРЗ 1-бап)

ПОЛЬЗОВАТЕЛЬ ОРУЖИЯ - юридическое или физическое лицо, получившее оружие от владельца во временное пользование (ст. 1 ЗРК «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия» от 30 декаб-ря 1998 года № 339-І)

ҚАРУДЫ ПАЙДАЛАНУШЫ - қару иесінен қаруды уақытша пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлға («Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339-І ҚРЗ 1-бап)

ПОЛЬЗОВАТЕЛЬ РАДИОЧАСТОТНЫМ СПЕКТРОМ - физическое или юридическое лицо, которому присвоена (назначена) полоса частот или радиочастота (радиочастотный канал) (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)

РАДИОЖИІЛІК СПЕКТРІН ПАЙДАЛАНУШЫ - жиіліктер белдеуі немесе радиожиілік (радиожиілік арнасы) берілген (тағайындалған) жеке немесе заңды тұлға («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)

ПОЛЬЗОВАТЕЛЬ УСЛУГ ОПЕРАТОРА ПОЧТЫ - физическое или юридическое лицо, являющееся потребителем услуг, предоставляемых оператором почты, в том числе на основании договоров, заключаемых им с оператором почты (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

ПОЧТА ОПЕРАТОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУШЫ - почта операторы көрсететін, оның ішінде өзі почта операторымен жасасатын шарттардың негізінде көрсететін қызметтерді тұтынушы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386 ҚРЗ 1-бап)

ПОЛЬЗОВАТЕЛЬ УСЛУГАМИ СВЯЗИ - физическое или юридическое лицо, получающее услуги связи (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)

БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТТЕРІН ПАЙДАЛАНУШЫ - байланыс қызметін алатын және немесе заңды тұлға («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)

ПОМЕЩЕНИЕ - отдельное внутреннее пространство в жилом доме (жилом здании). Границами каждого помещения являются внутренние неотделанные поверхности стен, пола и потолка междуэтажных перекрытий) помещения, если иное не предусмотрено законодательством или соглашением между собственниками (ст. 2 ЗРК «О жилищных отношениях» от 16 апреля 1997 года № 94)

ҮЙ-ЖАЙ - тұрғын үйдегі (тұрғын жайдағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі бөлінбеген беті, егер заңдарда немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табылады («Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 ҚРЗ 2-бап)

ПОНЯТИЕ ОХРАННОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ - осуществление физическими (индивидуальными предпринимателями) и юридическими лицами деятельности по оказанию услуг по защите жизни, здоровья и имущества физических лиц, а также имущества юридических лиц от противоправных посягательств (охранные услуги) (ст. 1 ЗРК «Об охранной деятельности» от 19 октября 2000 года № 85)

КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ ҰҒЫМЫ - жеке (жеке кәсіпкерлер) және заңды тұлғалардың жеке адамдардың өмірін, денсаулығы мен мүлкін, сондай-ақ заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау қызметін көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы (күзет қызметін көрсетулері) күзет қызметі («Күзет қызметі туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы № 85-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ПОПЕЧИТЕЛЬСТВО - правовая форма защиты прав и интересов детей в возрасте от четырнадцати до восемнадцати лет (ст. 1 ЗРК «О правах ребенка в РК» от 8 августа 2002 года № 345)

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ - он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың құқығы мен мүддесін қорғаудың құқықтық нысаны («ҚР баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ПОПЕЧИТЕЛЬСТВО ПСИХИЧЕСКИ БОЛЬНОГО - форма защиты лица, ограниченного судом в дееспособности вследствие злоупотребления спиртными напитками или наркотическими средствами (ст. 1 ЗРК «О психиатрической помощи и гарантиях прав граждан при ее оказании» от 16 апреля 1997 года № 96)

ПСИХИКАЛЫҚ НАУҚАСҚА ҚАМҚОРШЫЛЫҚ - спиртті ішімдіктерді немесе есірткі заттарды көп пайдалануы салдарынан сот іс-әрекетке қабілеттігін шектеген адамды қорғау нысаны («Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 96 ҚРЗ 1-бап)

ПОПУСКИ - периодическая или эпизодическая подача воды из водохранилища для регулирования расхода или уровня воды на ниже лежашем участке водотока или уровня воды в самом водохранилище (ст. 1 Водного кодекса РК от 8 июля 2003 года № 481)

СУ ЖІБЕРУ - ағын судың төменгі учаскесіндегі су шығынын немесе деңгейін немесе су қоймасының өзіндегі судың деңгейін реттеу үшін су қоймасынан суды кезеңдеп немесе мезгілдеп беру (2003 жылғы 8 шілдедегі № 481-II ҚР Су кодексі 1-бап)

ПОПУТНЫЕ КОМПОНЕНТЫ В НЕФТИ - полезные ископаемые и различного рода соединения, содержащиеся в нефти и пластовых водах, технологически требующие их извлечения (ст. 1 ЗРК «О нефти» от 28 июня 1995 года № 2350)

МҰНАЙДАҒЫ ІЛЕСПЕ КОМПОНЕНТТЕР - мұнай мен қабатты су құрамындағы технологиялық бөліп алуды талап ететін пайдалы қазбалар мен әртүрлі қосындылар («Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 ҚРЗ 1-бап)

ПОРОДА - группа сельскохозяйственных животных одного вида общего происхождения, сложившаяся под влиянием творческой деятельности человека в определенных хозяйственных и природных условиях, количественно достаточная для разведения «в себе» и обладающая хозяйственной и племенной ценностью, поддерживаемой отбором, подбором, созданием соответствующих их генотипу технологических условий, а также определенной специфичностью в морфологических, физиологических и хозяйственно полезных свойствах, отличающих ее от других пород одного вида (ст. 1 ЗРК «О племенном животноводстве» от 9 июля 1998 года № 278)

ТҰҚЫМ - адамның шығармашылық қызметінің ықпалымен белгілі бір шаруашылық және табиғи жағдайда қалыптасқан, «өз ішінде» өсіру үшін саны жеткілікті және іріктеп алып, іріктеп бөліп, тектік типіне сәйкес келетін технологиялық жағдай жасап, қолдау көрсетілетін шаруашылық және асыл тұқымдық құндылығы, сондай-ақ оны бір түрге жататын басқа тұқымдардан ерекшелендіретін морфологиялық, физиологиялық және шаруашылыққа пайдалы қасиеттерінің белгілі бір өзгешелігі бар шығу тегі ортақ бір түріне жататын ауыл шаруашылық малының тобы («Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 ҚРЗ 1-бап)

ПОРОДА - группа сельскохозяйственных животных одного вида общего происхождения, сложившаяся под влиянием творческой деятельности человека в определенных хозяйственных и природных условиях, количественно достаточная для длительного разведения «в себе» и обладающая хозяйственной и племенной ценностью, поддерживаемой отбором, подбором, созданием соответствующих их генотипу технологических условий, а также определенной специфичностью в морфологических, физиологических и хозяйственно полезных свойствах, отличающих ее от других пород одного вида. Охраняемыми категориями породы являются: тип, кросс, линия (ст. 2 ЗРК «Об охране селекционных достижений» от 13 июля 1999 года № 422)

ТҰҚЫМ - белгілі бір шаруашылық және табиғи жағдайларда адамның шығармашылық қызметінің әсерімен қалыптасқан, «өз ішінде» ұзақ уақыт өсіп-өнуі үшін саны жеткілікті және іріктеу, таңдау олардың генотипіне сай келетін технологиялық жағдайлар жасау арқылы қалыпты күйі сақталып отыратын шаруашылық және асыл тұқымдық құндылығы, сондай-ақ оны бір түрдегі басқа тұқымнан ерекшелейтін морфологиялық, физиологиялық және шаруашылық жағынан пайдалы қасиеттерінде белгілі бір ерекшелігі бар, жалпы шығу тегі ортақ бір түрдегі ауыл шаруашылық жануарларының тобы. Тұқымның қорғалатын санаттары: тип, кросс, топ болып табылады («Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422 ҚРЗ 2-бап)

ПОРОДА ПЧЕЛ - целостная группа пчелиных семей общего происхождения, сложившаяся под влиянием творческой деятельности человека в определенных хозяйственных и природных условиях, количественно достаточная для разведения «в себе» и обладающая хозяйственной и племенной ценностью (ст. 1 ЗРК «О пчеловодстве» от 12 марта 2002 года № 303)

БАЛ АРА ТҰҚЫМДАРЫ - адамның белгілі бір шаруашылық және табиғи жағдайлардағы шығармашылық қызметінің ықпалымен қалыптасқан, саны жағынан өсіру үшін «өз-өзіне» жеткілікті, шаруашылық және асыл тұқымды құндылығы бар жалпы тектес бал ара ұяларының тұтас тобы («Бал ара шаруашылығы туралы» 2002 жылғы 12 наурыздағы № 303-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ПОРОДАС ОГРАНИЧЕННЫМ ГЕНОФОНДОМ - группа редко встречающихся и не имеющих себе аналогов в мире животных отечественной породы, необходимая для использования в селекционных целях и находящаяся под угрозой исчезновения (ст. 1 ЗРК «О племенном животноводстве» от 9 июля 1998 года № 278)

ШЕКТЕУЛІ ТЕКТІК ҚОРЫ БАР ТҰҚЫМ - сирек кездесетін және дүние жүзінде өзіне ұқсасы жоқ, селекциялық мақсаттарда пайдалану үшін қажет және құрып кету қаупі төнген отандық тұқымға жататын мал тобы («Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 278 ҚРЗ 1-бап)

ПОРТ - комплекс сооружений, расположенных на земельном участке и акватории внутренних водных путей, обустроенных и оборудованных в целях обслуживания пассажиров и судов, погрузки, выгрузки, приема, хранения и выдачи грузов, взаимодействия с другими видами транспорта (ст. 1 ЗРК «О внутреннем водном транспорте» от 6 июля 2004 года № 574)

ПОРТ - жолаушылар мен кемелерге қызмет көрсету, жүктерді тиеу, түсіру, қабылдау, сақтау және беру, көліктің басқа да түрлерімен өзара іс-қимыл жасасу мақсатында жайластырылған және жабдықталған жер учаскесінде және ішкі су жолдары акваториясында орналасқан құрылыстар кешені («Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 ҚРЗ 1-бап)

ПОРТОВАЯ БУКСИРОВКА - буксировка и выполнение маневров в акватории порта, в том числе для ввода судна или иного плавучего объекта в порт либо вывода его из порта (ст. 1 ЗРК «О торговом мореплавании» от 17 января 2002 года № 284)

ПОРТТА СҮЙРЕТУ - порт айдынында, соның ішінде кемені немесе өзге де жүзбелі объектіні портқа кіргізу не оны порттан шығару үшін сүйрету және маневрлерді орындау («Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ПОСАДОЧНЫЙ МАТЕРИАЛ - посадочный материал любого вида, включая репродуктивно и вегетативно размножающийся материал (семена, рассаду, растения и части растений, предназначенные для их размножения) (ст. 2 ЗРК «Об охране селекционных достижений» от 13 июля 1999 года № 422-І)

ОТЫРҒЫЗЫЛАТЫН МАТЕРИАЛ - репродукциялық және вегетациялық түрде көбейетін материалды қоса алғанда, кез келген түрдегі отырғызылатын материал (тұқым, көшет, өсімдіктер және өсімдіктердің оларды көбейтуге арналған бөліктері) («Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422 ҚРЗ 2-бап)

ПОСЕВНЫЕ КАЧЕСТВА СЕМЯН - совокупность показателей качества семян, характеризующих степень их пригодности для посева (посадки) (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)

ТҰҚЫМНЫҢ ЕГУ САПАСЫ - тұқымдардың егуге (отырғызуға) жарамдылық дәрежесін сипаттайтын сапа көрсеткіштерінің жиынтығы («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385 ҚРЗ 1-бап)

ПОСЛЕДУЮЩАЯ ПЕРЕДАЧАВ ЭФИР - передача ранее переданных в эфир или сообщенных для всеобщего сведения по кабелю произведений или объектов смежных прав (ст. 2 ЗРК «Об авторском праве и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6)

ЭФИРГЕ КЕЙІНГІ БЕРУ - бұрын эфирде берілген немесе кәбіл бойынша жалпы жұрттың назарына хабарланған шығармаларды немесе сабақтас құқықтар объектілерін қайталап беру («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6 ҚРЗ 2-бап)

ПОСЛЕДУЮЩЕЕ ОПУБЛИКОВАНИЕ ОФИЦИАЛЬНЫХ ТЕКСТОВ НОРМАТИВНЫХ ПРАВОВЫХ АКТОВ - опубликование в печатном издании нормативных правовых актов, прошедших экспертизу на соответствие эталонному контрольному банку нормативных правовых актов РК (ст. 1 ЗРК «О нормативных правовых актах» от 24 марта 1998 года № 213)

НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ РЕСМИ МӘТІНДЕРІН КЕЙІННЕН ЖАРИЯЛАУ - ҚР нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жариялау («Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 ҚРЗ 1-бап)

ПОСОБНИК - лицо, содействовавшее совершению преступления советами, указаниями, предоставлением информации, орудий или средств совершения преступления либо устранением препятствий к совершению преступления, а также лицо, заранее обещавшее скрыть преступника, орудия или иные средства совершения преступления, следы преступления либо предметы, добытые преступным путем, а равно лицо, заранее обещавшее приобрести или сбыть такие предметы (ст. 28 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)

АЙДАП САЛУШЫ - кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР КК 28-бап)

ПОСРЕДНИК - физическое или юридическое лицо, привлекаемое сторонами трудовых отношений для оказания услуг по разрешению трудового спора (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

ДЕЛДАЛ - еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызмет көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)

ПОСТАВКА МАТЕРИАЛЬНЫХ ЦЕННОСТЕЙ В ГОСУДАРСТВЕННЫЙ РЕЗЕРВ - поставка материальных ценностей в государственный резерв - закупка и (или) отгрузка (доставка) материальных ценностей в пункты хранения материальных ценностей государственного резерва (ст. 1 ЗРК «О государственном материальном резерве» от 27 ноября 2000 года № 106)

МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕЗЕРВКЕ ЖЕТКІЗІП БЕРУ - материалдық құндылықтарды сатып алу және (немесе) оларды мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне жөнелту (жеткізу) («Мемлекеттік материалдық резерв туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 106 ҚРЗ 1-бап)

ПОСТАВЩИК - иностранный производитель и (или) экспортер демпингового товара (ст. 1 ЗРК «Об антидемпинговых мерах» от 13 июля 1999 года № 421)

ӨНІМ БЕРУШІ - демпингтік тауарды шетелдік өндіруші және (немесе) экспорттаушы («Демпингке қарсы шаралар туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 421 ҚРЗ 1-бап)

ПОСТАВЩИК - иностранный производитель или экспортер товара, субсидируемого иностранным государством (союзом иностранных государств) (ст. 1 ЗРК «О субсидиях и компенсационных мерах» от 16 июля 1999 года № 441)

ӨНІМ БЕРУШІ - шет мемлекет (шет мемлекеттер одағы) субсидиялаған импорттық тауардың шетелдік өндірушісі немесе экспорттаушысы («Субсидиялар және өтем шаралары туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 441 ҚРЗ 1-бап)

ПОСТАВЩИК - физическое или юридическое лицо (за исключением государственных учреждений, если иное не установлено законодательными актами), выступающее в качестве контрагента заказчика в заключенном с ним договоре о государственных закупках (ст. 1 ЗРК «О государственных закупках» от 16 мая 2002 года № 321)

ӨНІМ БЕРУШІ - тапсырыс берушімен мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартта келісімшарт жасасушы агент ретінде әрекет ететін жеке немесе заңды (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе) тұлға («Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы № 321-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ПОСТАВЩИК - физическое или юридическое лицо, предоставляющее продукцию, услугу (ст. 1 ЗРК «О техническом регулировании» от 9 ноября 2004 года № 603)

БЕРУШІ - өнім беретін, қызмет көрсететін жеке немесе заңды тұлға («Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603 ҚРЗ 1-бап)

ПОСТАВЩИК ГОСУДАРСТВЕННОГО СОЦИАЛЬНОГО ЗАКАЗА - неправительственная организация, выступающая в качестве исполнителя по договору на осуществление государственного социального заказа (ст. 1 ЗРК «О государственном социальном заказе» от 12 апреля 2005 года № 36)

МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК ТАПСЫРЫСТЫҢ ӨНІМ БЕРУШІСІ - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға арналған шарт бойынша орындаушы ретінде әрекет ететін үкіметтік емес ұйым («Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 ҚРЗ 1-бап)

ПОСТАВЩИК ИНФОРМАЦИИ - индивидуальный предприниматель или юридическое лицо, предоставляющие информацию в кредитное бюро (ст. 1 ЗРК «О кредитных бюро и формировании кредитных историй в РК» от 6 июля 2004 года № 573)

АҚПАРАТ БЕРУШІ - кредиттік бюроға ақпарат беруші жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға («ҚР кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573 ҚРЗ 1-бап)

ПОСТАВЩИК НЕФТИ - нефте- и (или) газодобывающая организация и (или) другие юридические лица, поставляющие на переработку собственную сырую нефть и (или) газовый конденсат (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» от 7 апреля 2003 года № 402)

МҰНАЙ БЕРУШІ - өз шикі мұнайын және (немесе) газ конденсатын өңдеуге беретін мұнай және (немесе) газ өндіру ұйымы және (немесе) басқа да заңды тұлғалар («Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі № 402-ІІ ҚРЗ 1-бап)


жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау