Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет82/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   124

ПРИНУДИТЕЛЬНАЯ ЛИКВИДАЦИЯ ДОЛЖНИКА - прекращение деятельности несостоятельного должника, осуществляемое по решению суда на основании заявлений кредиторов, прокурора (ст. 1 ЗРК «О банкротстве» от 21 января 1997 года № 67-І)

БОРЫШКЕРДІ МӘЖБҮРЛЕП ТАРАТУ - кредиторлардың, прокурордың мәлімдемелері негізінде сот шешімі бойынша жүзеге асырылатын дәрменсіз борышкердің қызметін тоқтату («Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67-І ҚРЗ 1-бап)

ПРИНУДИТЕЛЬНО ЛИКВИДИРУЕМАЯ СТРАХОВАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - страховая организация, являющаяся участником системы гарантирования страховых выплат, в отношении которой вступило в законную силу решение суда о принудительной ликвидации (ст. 1 ЗРК «О фонде гарантирования страховых выплат» от 3 июня 2003 года № 423)

МӘЖБҮРЛЕП ТАРАТЫЛАТЫН САҚТАНДЫРУ ҰЙЫМЫ - сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын, өзіне қатысты мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген сақтандыру ұйымы («Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» 2003 жылғы 3 маусымдағы № 423 ҚРЗ 1-бап)

ПРИНУДИТЕЛЬНОЕ ЛЕЧЕНИЕ - стационарное лечение больного наркоманией, осуществляемое на основании решения суда при уклонении от добровольного лечения или продолжении незаконного потребления наркотических средств или психотропных веществ (ст. 1 ЗРК «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)

МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУ - ерікті түрде емделуден жалтарған не есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз тұтынуын жалғастырған жағдайда нашақорлықпен ауыратын адамды сот шешімі негізінде стационарда емдеу («Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 ҚРЗ 1-бап)

ПРИНУДИТЕЛЬНОЕ ЛЕЧЕНИЕ - стационарное лечение больного заразной формой туберкулеза, осуществляемое на основании решения суда (ст. 1 ЗРК «О принудительном лечении граждан, больных заразной формой туберкулеза» от 10 декабря 1999 года № 496-І)

МӘЖБҮРЛЕП ЕМДЕУ - туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамды сот шешімінің негізінде стационарда емдеу («Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 496-І ҚРЗ 1-бап)

ПРИНЦИП АВАРИЙНОЙ ОПТИМИЗАЦИИ - форма, масштаб и длительность принятия мер в чрезвычайных (аварийных) ситуациях должны быть оптимизированы так, чтобы реальная польза уменьшения вреда здоровью человека была максимально больше ущерба, связанного с ущербом от осуществления вмешательства (ст. 3 ЗРК «О радиационной безопасности населения» от 23 апреля 1998 года № 219)

АВАРИЯЛЫҚ ОҢТАЙЛЫЛАНДЫРУ ПРИНЦИПІ - төтенше (авариялық) жағдайларда қолданылатын шаралардың нысаны, ауқымы мен ұзақтығы адам денсаулығына зиянды азайтудың нақты пайдасы араласуды жүзеге асырудан болатын залалға байланысты залалдан барынша көп болатындай етіп оңтайлыландырылуға тиіс («Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі № 219 ҚРЗ 3-бап)

ПРИНЦИП ДОСТОВЕРНОСТИ РЕЗУЛЬТАТОВ КОНТРОЛЯ - подтверждение результатов контроля бухгалтерскими, банковскими и иными документами объекта государственного финансового контроля (ст. 135 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ АНЫҚТЫҚ ПРИНЦИПІ - бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен және мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің өзге де құжаттарымен растау (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 135-бап)

ПРИНЦИПЫ ИСПОЛНЕНИЯ БЮДЖЕТА - принцип целевого использования бюджетных средств - использование бюджетных средств на реализацию мероприятий, достижение ожидаемых результатов и индикаторов, определенные паспортами бюджетных программ, гражданско-правовыми сделками государственных учреждений, нормативными правовыми актами, в соответствии с которыми осуществляются бюджетные программы. Принцип своевременности - зачисление поступлений в республиканский и местные бюджеты и использование бюджетных средств в соответствии с индивидуальными планами финансирования, планами финансирования по платежам и зачисление поступлений в бюджет, а также бюджетных средств на счета их получателей в установленные сроки и порядке, которые определены Правительством РК. Принцип равномерного исполнения бюджета - равномерное распределение бюджетных средств в течение финансового года в целях недопущения накопления объема платежей на конец финансового года. Принцип единства кассы - зачисление всех поступлений в бюджет на единый казначейский счет и осуществление всех предусмотренных расходов с единого казначейского счета в национальной валюте (ст. 87 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

БЮДЖЕТТІҢ АТҚАРЫЛУ ПРИНЦИПТЕРІ - бюджет қаражатын нысаналы пайдалану принципі - бюджеттік бағдарламалардың паспорттарымен, мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерімен, нормативтік құқықтық актілермен айқындалып, бюджеттік бағдарламалар соларға сәйкес жүзеге асырылатын іс-шаралардың өткізілуіне, күтілетін нәтижелер мен индикаторларға қол жеткізуге бюджет қаражатын пайдалану. Уақтылылық принципі - түсімдерді республикалық және жергілікті бюджеттердің есебіне жатқызу және бюджет қаражатын жеке қаржыландыру жоспарларына, төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес пайдалану және бюджетке түсімдерді, сондай-ақ бюджет қаражатын ҚР Үкіметі айқындаған мерзімде және тәртіппен оларды алушылар шоттарының есебіне жатқызу. Бюджеттің бірқалыпты атқарылу принципі - қаржы жылының аяғына қарай төлемдер көлемінің жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы ішінде бірқалыпты бөлу. Кассаның бірыңғайлық принципі - барлық бюджет түсімдерін бірыңғай қазынашылық шот есебіне жатқызу және барлық көзделген шығыстарды бірыңғай қазынашылық шоттан ұлттық валютамен жүзеге асыру (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 87-бап)

ПРИНЦИП НОРМИРОВАНИЯ - непревышение допустимых пределов индивидуальных доз облучения граждан от всех источников ионизирующего излучения (ст. 3 ЗРК «О радиационной безопасности населения» от 23 апреля 1998 года № 219)

НОРМАЛАУ ПРИНЦИПІ - иондаушы сәулелендірудің барлық көздерінен азаматтардың сәуле алуының жеке мөлшерінің жол берілетін шегінен асырмау («Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі № 219 ҚРЗ 3-бап)

ПРИНЦИП ОБОСНОВАНИЯ - запрещение всех видов деятельности по использованию источников ионизирующего излучения, при которых полученная для человека и общества польза не превышает риск возможного вреда, причиненного дополнительным к естественному радиационному фону облучением (ст. 3 ЗРК «О радиационной безопасности населения» от 23 апреля 1998 года № 219)

НЕГІЗДЕУ ПРИНЦИПІ - иондаушы сәулелендіру көздерін пайдалану жөніндегі қызметтің барлық түріне тыйым салу, бұл орайда алынған пайда адам мен қоғам үшін табиғи радиациялық ортаға қосымша сәуле алу келтіретін ықтимал зиян қатерінен аспайды («Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 1998 жылғы 23 сәуірдегі № 219 ҚРЗ 3-бап)

ПРИНЦИП ОБЪЕКТИВНОСТИ КОНТРОЛЯ - проведение контроля строго в соответствии с законодательством РК, стандартами государственного финансового контроля, недопущение конфликта интересов, принятие решений по результатам контроля только на основании выявленных и документально подтвержденных фактов (ст. 135 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

БАҚЫЛАУДЫҢ ОБЪЕКТИВТІЛІК ПРИНЦИПІ - бақылауды ҚР заңдарына, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестілікпен жүргізу, мүдделер қақтығысына жол бермеу, бақылау нәтижелері бойынша анықталған және құжаттармен расталған фактілер негізінде ғана шешімдер қабылдау (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 135-бап)

ПРИНЦИП ОПТИМИЗАЦИИ - поддержание на возможно низком и достижимом уровне с учетом экономических и социальных факторов индивидуальных доз облучения и числа облучаемых лиц при использовании любого источника ионизирующего излучения (ст. 3 ЗРК «О радиационной безопасности населения» от 23 апреля 1998 года № 219)

ОҢТАЙЛЫЛАНДЫРУ ПРИНЦИПІ - иондаушы сәулелендірудің кез келген көзін пайдалану кезінде сәуле алудың жеке мөлшері мен сәуле алатын адамдар санының экономикалық және әлеуметтік факторларын ескере отырып, мүмкіндігінше төмен және қол жетерлік деңгейде ұстау («Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» 23 сәуірдегі 1998 жылғы № 219 ҚРЗ 3-бап)

ПРИНЦИПЫ ПЛАНИРОВАНИЯ БЮДЖЕТА - принцип преемственности - планирование республиканского и местных бюджетов, поступлений в бюджет, направляемых в Национальный фонд РК, с соблюдением направлений социально-экономического развития республики, среднесрочной фискальной политики, принятых за основу в предыдущий период, с учетом результатов оценки эффективности реализации программ и исполнения бюджета истекшего и текущего финансовых годов; принцип приоритетности - планирование республиканского и местных бюджетов с соблюдением приоритетных направлений стратегического и социально-экономического развития республики или региона на предстоящий среднесрочный период; принцип обоснованности - планирование бюджета на основе нормативных правовых актов и других документов, определяющих необходимость включения в проект бюджета тех или иных поступлений или расходов и обоснованность их объемов; принцип снижения зависимости расходов от нефтяных поступлений - уменьшение размера ненефтяного дефицита за счет целенаправленного развития ненефтяного сектора (ст. 69 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ ПРИНЦИПТЕРІ - сабақтастық принципі - республикалық және жергілікті бюджеттерді, ҚР Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдерін өткен және ағымдағы қаржы жылдары бағдарламаларының іске асырылуы мен бюджеті атқарылуының тиімділігін бағалау нәтижелерін ескеріп, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының, өткен кезеңде негізге алынған орта мерзімді фискалдық саясаттың бағыттарын сақтай отырып жоспарлау; басымдық принципі - республикалық және жергілікті бюджеттерді республиканың немесе өңірдің алдағы орта мерзімді кезеңге арналған стратегиялық және әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау; негізділік принципі - бюджетті нормативтік құқықтық актілер және бюджет жобасына белгілі бір түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін айқындайтын басқа да құжаттар негізінде жоспарлау және олардың көлемдерінің негізділігі; шығыстардың мұнайдан түсетін түсімдерге тәуелділігін азайту принципі - мұнайға қатысты емес секторды нысаналы дамыту есебінен мұнайға қатысты емес тапшылықтың мөлшерін азайту бюджетті жоспарлаудың негізгі принциптері болып табылады (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 69-бап)

ПРИНЦИП ПРОЗРАЧНОСТИ КОНТРОЛЯ - ясность изложения результатов контроля, подотчетность органов государственного финансового контроля, ревизионных комиссий маслихатов Президенту РК, Парламенту РК, Правительству РК, маслихатам (ст. 135 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

БАҚЫЛАУДЫҢ АШЫҚТЫҚ ПРИНЦИПІ - бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының ҚР Президентіне, ҚР Парламентіне, ҚР Үкіметіне, мәслихаттарға есеп беретіндігі (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 135-бап)

ПРИОБРЕТАТЕЛЬНАЯ ДАВНОСТЬ - гражданин или юридическое лицо, ш являющееся собственниками имущества, но добросовестно, открыто и непрерывно владеющие как своим собственным недвижимым имуществом в течение пятнадцати лет, либо иным имуществом не меже пяти лет, приобретает право собственности на это имущество (ст. 240 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)

ИЕЛЕНУ МЕРЗІМІ - мүліктің меншік иесі болып табылмайтын, бірақ өзінің жеке қозғалмайтын мүлкіндей он бес жыл бойы, не өзге мүлікті кем дегенде бес жыл адал, ашық және ұдайы иеленген азамат немесе заңды тұлға ол мүлікке меншік құқығын (иелену мерзімін) алады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 240-бап)

ПРИОБРЕТЕНИЕ ОРУЖИЯ - покупка, получение оружия в качестве подарка, награды (ст. 1 ЗРК «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия» от 30 декабря 1998 года № 339-І)

ҚАРУДЫ ИЕМДЕНІП АЛУ - сатып алу, қаруды сыйлық, марапат ретінде алу («Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339-І ҚРЗ 1-бап)

ПРИОСТАНОВЛЕНИЕ ВЫПУСКА - продление таможшными органами срока принятия решения о выпуске товаров, перемещаемых через таможенную границу РК в соответствии с избранным таможенным режимом, в отношении которых предполагается, что они являются контрафактными (ст. 410 ТК РК от 5 апреля 2004 года № 401)

ШЫҒАРУДЫ ТОҚТАТУ - таңдап алынған кедендік режимге сәйкес ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін, контрафактылы тауарлар болып табылады деп болжанып отырған тауарларды шығару туралы шешім қабылдану мерзімін кеден органдарының ұзартуы (2004 жылғы 5 сәуірдегі № 401 ҚР КК 7-бап)

ПРИОСТАНОВЛЕНИЕ ВЫПУСКА (ВЫХОДА В ЭФИР) СРЕДСТВА МАССОВОЙ ИНФОРМАЦИИ - временное прекращение выпуска одного или нескольких номеров изданий, а также выхода в эфир радио- и телепрограмм, выпуска иных средств массовой информации (ст. 13 ЗРК «О средствах массовой информации» от 23 июля 1999 года № 451)

БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛЫН ШЫҒАРУДЫ (ЭФИРГЕ ШЫҒАРУДЫ) ТОҚТАТА ТҰРУ - басылымдардың бір немесе бірнеше нөмірінің шығарылуын, сондай-ақ радио және теледидар бағдарламаларының эфирге шығуын, өзге де бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын уақытша тоқтату («Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451 ҚРЗ 13-бап)

ПРИРОДНЫЕ КОМПЛЕКСЫ ОСОБО ОХРАНЯЕМЫХ ПРИРОДНЫХ ТЕРРИТОРИЙ - совокупность объектов биологического разнообразия и неживой природы, подлежащих особой охране (cт. 1 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175)

ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫҢ ТАБИҒИ КЕШЕНДЕРІ - ерекше қорғауға жататын биологиялық саналуандық пен жансыз табиғат объектілерінің жиынтығы («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 1-бап)

ПРИРОДНЫЕ ОБЪЕКТЫ - естественные объекты, имеющие границы, объем и режим существования (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ТАБИҒИ ОБЪЕКТІЛЕР - шекарасы, көлемі және тіршілік режимі бар табиғи объектілер (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)

ПРИРОДНЫЕ РЕСУРСЫ - природные объекты, имеющие потребительскую ценность: земля, недра, воды, растительный и животный мир (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ТАБИҒИ РЕСУРСТАР - тұтыну құндылығы бар табиғи объектілер: жер, жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)

ПРИРОДНЫЙ ГАЗ - углеводороды, которые находятся в газообразной фазе при нормальных атмосферных температуре и давлении, включая жирный газ, сухой газ, попутный газ, остающийся после экстракции или сепарации жидких углеводородов от жирного газа, и неуглеводородный газ, добытый вместе с жидкими или газообразными углеводородами (ст. 1 ЗРК «О нефти» от 28 июня 1995 года № 2350)

ТАБИҒИ ГАЗ - майлы газдан сұйық көмірсутектерін сығымдаудан немесе айырудан кейін қалатын, майлы газды, құрғақ газды, ілеспе газды қоса алғанда, қалыпты атмосфералық температурада және қысымда газ тектес фазада болатын көмірсутектері және сұйық немесе газ тектес көмірсутектерімен бірге алынған көмірсутекті емес газ («Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 шілдедегі № 2350 ҚРЗ 1-бап)

ПРИРОДОПОЛЬЗОВАТЕЛЬ - физическое или юридическое лицо, осуществляющее пользование природными ресурсами и (или) эмиссии в окружающую среду (ст. 1 ЭК РК от 9 января 2007 года № 212)

ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУШЫ - табиғи ресурстарды пайдалануды және (немесе) қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға (2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 ҚР ЭК 1-бап)

ПРИРОДООХРАННЫЕ ОРГАНИЗАЦИИ- государственные природные заповедники, государственные национальные природные парки, государственные природные резерваты, государственные региональные природные парки, создаваемые в организационно-правовой форме государственного учреждения, и государственные зоологические парки, государственные ботанические сады, государственные дендрологические парки, создаваемые в организационно-правовой форме государственного предприятия (ст. 1 ЗРК «Об особо охраняемых природных территориях» от 7 июля 2006 года № 175)

ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ҰЙЫМДАРЫ - мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік өңірлік табиғи парктер (табиғат қорғау мекемелері) және мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық бақтар, мемлекеттік дендрологиялық парктер («Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 175 ҚРЗ 1-бап)

ПРИСВОЕНИЕ (НАЗНАЧЕНИЕ) ПОЛОСЫ ЧАСТОТ, РАДИОЧАСТОТЫ (РАДИОЧАСТОТНОГО КАНАЛА) - разрешение на использование радиочастотного спектра, выдаваемое соответствующим радиочастотным органом пользователю радиочастотным спектром на использование указываемой в этом разрешении полосы частот, радиочастоты (радиочастотного канала) с применением радиоэлектронного средства (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)

ЖИІЛІКТЕР БЕЛДЕУІН РАДИОЖИІЛІКТІ (РАДИО-ЖИІЛІК АРНАСЫН) ИЕЛІККЕ БЕРУ (ТАҒАЙЫНДАУ) - радиожиілік спектрін пайдалануға берілетін рұқсат, оны тиісті радиожиілік органы радиожиілік спектрін пайдаланушыға осы рұқсатта көрсетілетін жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) радиоэлектрондық құралдарды қолдана отырып пайдалану үшін береді («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)

ПРИСОЕДИНЕНИЕ ОБЩЕСТВА К ДРУГОМУ ОБЩЕСТВУ - прекращение деятельности присоединяемого общества с передачей на основании договора о присоеди-нении и в соответствии с передаточным актом всего имущества, прав и обязанностей присоединяемого общества другому обществу (ст. 83 ЗРК «Об акционерных обществах» от 13 мая 2003 года № 415)

ҚОҒАМНЫҢ БАСҚА ҚОҒАМҒА ҚОСЫЛУЫ - қосылатын қоғамның қосылу туралы шарттың негізінде және өткізу актісіне сәйкес бүкіл мүлкін, құқықтары мен міндеттерін басқа қоғамға бере отырып, өз қызметін тоқтатуы («Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы № 415 ҚРЗ 83-бап)

ПРИСОЕДИНЕНИЕ ОДНОЙ СЕТИ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЙ (СРЕДСТВ СВЯЗИ) К ДРУГОЙ - организация технологического взаимодействия между двумя сетями телекоммуникаций, при котором становятся возможными установление соединения и передача информации между пользователями услугами связи этих сетей (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯНЫҢ (БАЙЛАНЫС ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ) БІР ЖЕЛІСІН ЕКІНШІСІНЕ ҚОСУ - телекоммуникацияның екі желісі арасында технологиялық әрекеттесуді ұйымдастыру, бұл кезде осы желілердің байланыс қызметтерін пайдаланушылар арасында қосуды іске асыру және ақпарат беру мүмкін болады («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)

ПРИСЯЖНЫЙ ЗАСЕДАТЕЛЬ - гражданин РК, призванный к участию в рассмотрении судом уголовного дела в порядке, установленном Уголовно-процессуальным кодексом, и принявший присягу (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)

АЛҚАБИ - соттың қылмыстық істі Қылмыстық іс жүргізу кодексте белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған ҚР азаматы (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)

ПРИСЯЖНЫЙ ЗАСЕДАТЕЛЬ - гражданин РК, призванный к участию в рассмотрении судом уголовного дела в порядке, установленном законом, и принявший присягу (ст. 1 ЗРК «О присяжных заседателях» от 16 января 2006 года № 121)

АЛҚАБИ - соттың қылмыстық істі заңда белгіленген тәртіппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған ҚР азаматы («Алқабилер туралы» 2006 жылғы 16 қаңтардағы № 121 ҚРЗ 1-бап)

ПРИТВОРНАЯ СДЕЛКА - сделка, которая совершенас целью прикрыть другую сделку (ст. 160 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)

ҚУЛЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН МӘМІЛЕ - екінші бір мәмілені бүркемелеу мақсатымен жасалған мәміле (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 160-бап)

ПРИЦЕП - транспортное средство, не оборудованное двигателем и предназначенное для движения в составе с механическим транспортным средством. Понятие распространяется также на полуприцепы и прицепы-роспуски (ст. 1 ЗРК «О безопасности дорожного движения» от 15 июля 1996 года № 29-І)

ТІРКЕМЕ - двигательмен жабдықталмаған және механикалық көлік құралының құрамында жүруге арналған көлік құралы. Бұл ұғым жартылай тіркемелер мен ұзартылмалы тіркемелерге де қолданылады («Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шілдедегі № 29-І ҚРЗ 1-бап)

ПРИЧАЛ - гидротехническое сооружение, имеющее устройства для безопасного подхода судов и предназначенное для безопасной стоянки судов, их погрузки, выгрузки и обслуживания, а также посадки пассажиров на суда и высадки их с судов (ст. 1 ЗРК «О внутреннем водном транспорте» от 6 июля 2004 года № 574)

АЙЛАҚ - кемелердің қауіпсіз кіруіне арналған құрылғылары бар және кемелердің қауіпсіз тоқтап тұруына, оларға жүк тиеуге, жүк түсіруге және қызмет көрсетуге, сондай-ақ жолаушыларды кемеге отырғызуға және кемеден түсіруге арналған гидротехникалық құрылыс («Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 ҚРЗ 1-бап)

ПРОБНАЯ ЭКСПЛУАТАЦИЯ МЕСТОРОЖДЕНИЙ - работы по уточнению имеющейся и получению дополнительной информации о геолого-физической характеристике пластов, условиях залегания углеводородов, продуктивности скважин, испытание новых или ранее известных технологий извлечения нефти и газа (ст. 1 ЗРК «О нефти» от 28 июня 1995 года № 2350)

КЕН ОРЫНДАРЫН СЫНАМАЛЫ ПАЙДАЛАНУ - қабаттардың геологиялық-физикалық сипаттамасы, тереңдегі көмірсутектердің жағдайлары, ұңғымалардың өнімділігі туралы бар ақпаратты нақтылау және қосымша ақпарат алу жөніндегі жұмыстар, мұнай мен газ алудың жаңа немесе бұрыннан белгілі технологияларын сынау («Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 шілдедегі № 2350 ҚРЗ 1-бап)

ПРОВЕРКА - действие государственных органов, осуществляющих контрольные функции, совершаемое в целях определения соблюдения субъектами предпринимательства требований законодательства РК области автомобильного транспорта (ст. 1 ЗРК «Об автомобильном транспорте» от 4 июля 2003 года № 476)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау