СОЦИАЛЬНЫЙ РИСК - наступление события, влекущего утрату трудоспособности и (или) потерю работы, потерю кормильца, в результате которого участник системы обязательного социального страхования, за которого производились социальные отчисления, либо в случае его смерти члены семьи, состоявшие на его иждивении, приобретают право на получение социальных выплат в соответствии с Законом РК «Об обязательном социальном страховании» (ст. 1 ЗРК «Об обязательном социальном страховании» от 25 апреля 2003 года № 405)
|
ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЕР - еңбек ету қабілетінен айрылуына және (немесе) жұмысынан айрылуына, асыраушысынан айрылуына әкеп соқтырған оқиғаның басталуы, соның салдарынан өзі үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы, не ол қайтыс болған жағдайда оның асырауында болған отбасының мүшелері «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР Заңға сәйкес әлеуметтік төлемдерді алу құқығына ие болады («Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі № 405-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
СПАСАТЕЛЬ - гражданин, прошедший специальную подготовку и аттестацию (переаттестацию) на проведение спасательных и неотложных работ (ст. 1 ЗРК «Об аварийно-спасательных службах и статусе спасателей» от 27 марта 1997 года № 87)
|
ҚҰТҚАРУШЫ - құтқару жұмыстары мен шұғыл жұмыстарды жүргізуге арнайы даярлық пен аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өткен азамат («Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы № 87 ҚРЗ 1-бап)
|
СПАСАТЕЛЬНЫЕ РАБОТЫ - действия в зоне чрезвычайных ситуаций по спасению людей, материальных и культурных ценностей, защите окружающей среды, ее локализации и подавлению или доведению до минимально возможного уровня воздействия характерных для нее опасных факторов (cт. 1 ЗРК «Об аварийно-спасательных службах и статусе спасателей» от 27 марта 1997 года № 87)
|
ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ - төтенше жағдайлар аймағында адамдарды, материалдық және мәдени қазыналарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларды бір шектен шығармау және соларға тән қауіпті факторлардың ықпалын басу немесе мүмкін болатын ең төменгі деңгейіне түсіру жөніндегі і с-қимылдар («Авариялық-құтқару қызметі және құтқарушылардың мәртебесі туралы» 1997 жылғы 27 наурыздағы № 87 ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛИЗИРОВАННАЯ МЕДИЦИНСКАЯ ПОМОЩЬ - медицинская помощь, оказываемая профильными специалистами при заболеваниях, требующих специальных методов диагностики, лечения и медицинской реабилитации (ст. 23 ЗРК «О системе здравоохранения» от 4 июня 2003 года № 430)
|
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК - диагностиканың, емдеу және медициналық оңалтудың арнайы әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейіндік мамандар көрсететін медициналық көмек («Денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2003 жылғы 4 маусымдағы № 430-ІІ ҚРЗ 23-бап)
|
СПЕЦИАЛИЗИРОВАННАЯ ПРОТИВОТУБЕРКУЛЕЗНАЯ ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКАЯ ОРГАНИЗАЦИЯ - организации (центры, больницы, отделения и палаты) как для принудительного лечения, так и на добровольной основе больных заразной формой туберкулеза (ст. 1 ЗРК «О принудительном лечении граждан, больных заразной формой туберкулеза» от 10 декабря 1999 года № 496-І)
|
ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЕМДЕУ-АЛДЫН АЛУ ҰЙЫМЫ - туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеуге де, ерікті түрде емдеуге де арналған ұйым (орталықтар, ауруханалар, бөлімшелер және палаталар) («Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы» 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 496-І ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛИЗИРОВАННЫЕ ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКИЕ УЧРЕЖДЕНИЯ - учреждения (центры, больницы, диспансеры, отделения или кабинеты), которые в установленном законом порядке оказывают наркологическую помощь (ст. 1 ЗРК «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)
|
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ЕМДЕУ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ МЕКЕМЕЛЕРІ - заңда белгіленген тәртіппен наркологиялық көмек көрсететін мекемелер (орталықтар, ауруханалар, диспансерлер, бөлімшелер немесе кабинеттер) («Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛИЗИРОВАННЫЕ ОРГАНИЗАЦИИ - организации, создаваемые Правительством РК в целях устойчивого развития отраслей агропромышленного комплекса, обеспечения субъектов агропромышленного комплекса отдельными видами услуг, отсутствующими или слабо предоставленными на конкурентном рынке (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий» от 8 июля 2005 года № 66)
|
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ҰЙЫМДАР - агроөнеркәсіптік кешен салаларын тұрақты дамыту, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін бәсекелестік нарығында жоқ немесе мардымсыз көрсетілетін жекелеген қызмет түрлерімен қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметі құратын ұйымдар («Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛИЗИРОВАННЫЕ ТАМОЖЕННЫЕ УЧРЕЖДЕНИЯ - государственные учреждения, создаваемые Правительством РК для решения задач в сфере таможенного дела (ст.7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)
|
МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КЕДЕН МЕКЕМЕЛЕРІ - кеден ісі саласындағы міндеттерді шешу үшін ҚР Үкіметі құратын мемлекеттік мекемелер (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)
|
СПЕЦИАЛИЗИРОВАННЫЙ СУБЪЕКТ ИННОВАЦИОННОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ - технологический бизнес-инкубатор, технологический парк, инновационный фонд (ст. 1 ЗРК «О государственной поддержке инновационной деятельности» от 23 марта 2006 года № 135)
|
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН СУБЪЕКТІСІ- технологиялық бизнес-инкубатор, технологиялық парк, инновациялық қор («Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» 2006 жылғы 23 наурыздағы № 135 ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНАЯ ОДЕЖДА - одежда, обувь, головной убор, рукавицы, иные предметы, предназначенные для защиты работника от вредных и (или) опасных производственных факторов (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года №251)
|
АРНАУЛЫ КИІМ - қызметкерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқ киім, бас киім, қолғап, өзге де нәрселер (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНАЯ СВЯЗЬ - вид курьерской связи, осуществляемый организациями почтовой связи и обеспечивающий прием, обработку, охрану, перевозку и доставку (вручение) специальных и иных отправлений, содержащих любую охраняемую законом тайну и ценности, в том числе драгоценные металлы, камни и изделия из них (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)
|
АРНАУЛЫ БАЙЛАНЫС - почта байланысы ұйымдары жүзеге асыратын әрі заңмен қорғалатын кез келген құпия және құндылықтар, оның ішінде қымбат бағалы металдар, тастар және олардан жасалған бұйымдар бар арнаулы және өзге де жөнелтілімдерді қабылдауды, сұрыптауды, сақтауды, тасымалдауды және жеткізуді (тапсыруды) қамтамасыз ететін курьерлік байланыс түрі («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНАЯ ТЕХНИКА - устройство и (или) оборудование, предназначенные для применения пестицидов (ядохимикатов) (ст. 1 ЗРК «О защите растений» от 3 июля 2002 года № 331)
|
АРНАУЛЫ ТЕХНИКА - пестицидтерді (улыхимикаттарды) қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық («Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНАЯ ФИНАНСОВАЯ КОМПАНИЯ - юридическое лицо, создаваемое в соответствии с Законом РК «О секьюритизации» для осуществления одной или нескольких сделок секьюритизации, а также инвестирования временно свободных поступлений по выделенным активам (ст. 1 ЗРК «О секьюритизации» от 20 февраля 2006 года № 126)
|
АРНАЙЫ ҚАРЖЫ КОМПАНИЯСЫ - секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін «Секьюритилендіру туралы» ҚР Заңға сәйкес құрылатын заңды тұлға («Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы № 126 ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНАЯ ЭКОНОМИЧЕСКАЯ ЗОНА - ограниченная территория РК с точно обозначенными границами, на которой создаются благоприятные условия для осуществления приоритетных видов деятельности (ст. 1 «О специальных экономических зонах в РК» от 26 января 1996 года № 29)
|
АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ - қызметтің басым түрлерін жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын дәл белгіленген шекаралары бар ҚР шектеулі аумағы («ҚР арнайы экономикалық аймақтар туралы» 1996 жылғы 26 қаңтардағы № 2823 ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНО ОРГАНИЗОВАННЫЕ СТАТИСТИЧЕСКИЕ НАБЛЮДЕНИЯ - общегосударственные и ведомственные статистические наблюдения, при которых сбор первичной статистической информации осуществляется не на основе отчетов, а другими способами. По способу сбора первичной статистической информации различаются анкетные, декларационные, корреспондентские и инспекционные наблюдения, учет и перепись (ст. 2 ЗРК «О государственной статистике» от 7 мая 1997 года № 98)
|
АРНАЙЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН СТАТИСТИКАЛЫҚ БАЙҚАУЛАР - жалпы мемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар, бұл ретте бастапқы статистикалық ақпаратты жинау есептер негізінде емес, басқа тәсілдермен жүзеге асырылады. Бастапқы статистикалық ақпаратты жинау тәсілі бойынша сауалдамалық, декларациялық, корреспонденттік және инспекциялық байқаулар, есепке алу және санақ жүргізу болып бөлінеді («Мемлекеттік статистика туралы» 1997 жылғы 7 мамырдағы № 98 ҚРЗ 2-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ ПОСОБИЕ - денежная выплата нуждающимся в социальной защите и предоставляемая независимо от иных видов пособий (ст. 1 ЗРК «О специальном государственном пособии в РК» от 5 апреля 1999 года № 365-І)
|
АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ - әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге жәрдемақылардың өзге түрлеріне қарамастан берілетін ақшалай төлем («ҚР Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 5 сәуірдегі № 365-І ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ - образование, предоставляемое детям с ограниченными возможностями с созданием специальных условий (ст. 1 ЗРК «О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями» от 11 июля 2002 года № 343)
|
АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ - кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып білім беру («Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНОСТЬ - комплекс приобретенных путем целенаправленной подготовки и опыта работы знаний, умений и навыков, необходимых для определенного вида деятельности, подтверждаемый соответствующими документами об образовании (ст. 1 ЗРК «Об образовании» от 7 июня 1999 года № 389)
|
МАМАНДЫҚ - білімі туралы тиісті құжаттармен расталған белгілі бір қызмет түрі үшін қажетті, мақсатқа сай даярлау және жұмыс тәжірибесі арқылы алынған білім, шеберлік және дағдылар кешені («Білім туралы» 1999 жылғы 7 маусымдағы № 389 ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНЫЕ ВОЙСКА - воинские части и подразделения, предназначенные для выполнения специальных задач по обеспечению боевой деятельности Вооруженных Сил (инженерного, химического и технического обеспечения, разведки, связи, радиоэлектронной борьбы) (ст. 1 ЗРК «Об обороне и Вооруженных Силах РК» от 7 января 2005 года № 29)
|
АРНАУЛЫ ӘСКЕРЛЕР - Қарулы Күштердің жауынгерлік қызметін (инженерлік, химиялық және техникалық қамтамасыз ету, барлау, байланыс, радиоэлектрондық күрес) қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы міндеттерін орындау үшін құрылған әскери бөлімдер мен бөлімшелер («ҚР қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНЫЕ ЗНАНИЯ - не общеизвестные в уголовном процессе знания, приобретенные лицом в результате профессионального обучения либо работы по определенной специальности, используемые для решения задач уголовного судопроизводства (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)
|
АРНАУЛЫ БІЛІМ - адам кәсіби оқудың не белгілі бір мамандық бойынша жұмыс істеуінің нәтижесінде алған, қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін шешу үшін пайдаланылатын қылмыстық сот ісін жүргізудегі жалпы жұртқа белгілі емес білім (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНЫЕ КОРРЕКЦИОННЫЕ ОРГАНИЗАЦИИ - организации для детей с ограниченными возможностями в развитии: с нарушениями слуха (неслышащие, слабослышащие, позднооглохшие); с нарушениями зрения (незрячие, слабовидящие, поздноослепшие); с нарушениями функции опорно-двигательного аппарата; с нарушениями речи; с умственной отсталостью; с задержкой психического развития; с расстройством эмоционально-волевой сферы и поведения; со сложными нарушениями, в том числе со слепоглухотой (cт. 1 ЗРК «О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями» от 11 июля 2002 года № 343)
|
АРНАУЛЫ ТҮЗЕУ ҰЙЫМДАРЫ - дамуында кемтар болып қалған: есту қабілеті бұзылған (естімейтін, нашар еститін, кейіннен саңырау болып қалған); көру қабілеті бұзылған (көзі көрмейтін, нашар көретін, кейіннен соқыр болып қалған); жүріп-тұру мүшелерінің функциялары бұзылған; сөйлеу қабілеті бұзылған; ақыл-ойы кенжелеп қалған; психикалық дамуы тежелген; эмоциялық еркі жағынан және мінез-құлқы бұзылған; күрделі бұзылыстары бар, оның ішінде соқыр саңырау болып қалған балаларға арналған ұйымдар («Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНЫЕ НЕЯДЕРНЫЕ МАТЕРИАЛЫ - материалы, определяемые подзаконными актами как таковые в связи с международно-правовым режимом регулирования ядерного экспорта (cт. 1 3PK «Об использовании атомной энергии» от 14 апреля 1997 года № 93)
|
АРНАУЛЫ ЯДРОЛЫҚ ЕМЕС МАТЕРИАЛДАР - ядролық экспортты реттеудің халықаралық-құқықтық режиміне байланысты, заңнан туындайтын нақ сондай актілермен айқындалатын материалдар («Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 93 ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНЫЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ ПРОГРАММЫ - программы, предназначенные для обучения детей с ограниченными возможностями (cт.1 3PK «О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями» от 11 июля 2002 года № 343)
|
АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ - кемтар балаларды оқытуға арналған бағдарламалар («Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНЫЕ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЕ УСЛОВИЯ - условия для получения специального образования, включая технические и иные вспомогательные средства, а также медицинские, социальные и иные услуги, без которых невозможно освоение образовательных программ детьми с ограниченными возможностями (ст. 1 ЗРК «0 социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями» от 11 июля 2002 года № 343)
|
АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЛАРЫ - техникалық және өзге де көмекші құралдарды, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және кемтар балалардың білім беру бағдарламаларын игеруі онсыз мүмкін болмайтын өзге де қызметтерді қоса алғанда, арнаулы білім алу үшін жасалатын жағдайлар («Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНЫЕ ОРГАНИЗАЦИИ ОБРАЗОВАНИЯ - организации, созданные для диагностики и консультирования, обучения и воспитания детей с ограниченными возможностями: психолого-медико-педагогические консультации, реабилитационные центры, кабинеты психолого-педагогической коррекции, детские сады, логопедические пункты при школах и другие организации (ст. 1 ЗРК «О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями» от 11 июля 2002 года № 343)
|
АРНАУЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ - кемтар балалардың диагностикасы және консультациялар алуы, оларды оқыту мен тәрбиелеу үшін құрылған ұйымдар: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, оңалту орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, балалар бақшалары, мектептер жанындағы логопедтік пункттер және басқа да ұйымдар («Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНЫЕ ОТПРАВЛЕНИЯ - регистрируемые пакеты, посылки, метизы с вложением государственных секретов и их носителей, а также особо важной корреспонденции государственных органов и организаций, изделий, их компонентов (веществ) и грузов оборонной промышленности (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)
|
АРНАУЛЫ ЖӨНЕЛТІЛІМДЕР - мемлекеттік құпиялар және оларды жеткізушілер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұйымдардың аса маңызды хат хабарлары, қорғаныс өнеркәсібінің бұйымдары, олардың құраушы бөлшек-тері (заттары) мен жүктері салынған тіркелетін пакеттер, посылкалар және металл бұйымдар («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНЫЕ ПЕРЕВОЗКИ - перевозки специальных грузов для государственных и оборонных нужд (ст. 1 ЗРК «О железнодорожном транспорте» от 8 декабря 2001 года № 266)
|
АРНАУЛЫ ТАСЫМАЛДАУЛАР- мемлекет және қорғаныс қажеттеріне арналған арнаулы жүктерді тасымал-дау («Темір жол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы № 266-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНЫЕ СРЕДСТВА ПЕРЕДВИЖЕНИЯ - вид технической помощи для активного и пассивного передвижения инвалидов (ст. 1 «О социальной защите инвалидов в РК» от 13 апреля 2005 года № 39)
|
АРНАУЛЫ ЖҮРІП-ТҰРУ ҚҰРАЛДАРЫ - мүгедектердің белсенді және баяу жүріп-тұруына арналған техникалық көмек түрі («ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНЫЕ ФОРМИРОВАНИЯ - формирования, создаваемые при объявлении мобилизации для выполнения работ по восстановлению железнодорожных путей и автомобильных дорог, морских и речных портов, аэропортов, аэродромов, линий связи, газо- и нефтепроводов, систем энерго и водоснабжения, для организации бесперебойной работы промышленности, сельского хозяйства, транспорта и связи и для оказания медицинской помощи (cт. 1 ЗРК «Об обороне и Вооруженных Силах РК» от 7 января 2005 года № 29)
|
АРНАУЛЫ ҚҰРАЛЫМДАР - жұмылдыру жарияланған кезде темір жолдар мен автомобиль жолдарын, теңіз және өзен порттарын, әуежайларды, аэродромдарды, байланыс желілерін, газ және мұнай құбырларын, энергия-мен және сумен жабдықтау жүйелерін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстарды орындау үшін, өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының, көлік пен байланыстың кідіріссіз жұмысын ұйымдастыру үшін және медициналық көмек көрсету үшін құрылатын құралымдар («ҚР қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы № 29 ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНЫЕ ХРАНИЛИЩА (МОГИЛЬНИКИ) - хранилища, предназначенные для захоронения запрещенных или пришедших в негодность пестицидов (ядохимикатов), а также тары из под них (cт.1 3PK «О защите растений» от 3 июля 2002 года № 331)
|
АРНАУЛЫ САҚТАУ ОРЫНДАРЫ (КӨМІНДІЛЕР) - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтерді (улы химикаттарды), сондай-ақ олардың ыдыстарын көмуге арналған сақтау орындары («Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНЫЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ АРХИВ - архивное учреждение или подразделение специального государственного органа РК (cт. 1 3PK «О национальном архивном фонде и архивах» от 22 декабря 1998 года № 326-І)
|
АРНАУЛЫ МЕМЛЕКЕТТІК МҰРАҒАТ - ҚР арнаулы мемлекеттік органының мұрағат мекемесі немесе бөлімшесі («Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» 1998 жылғы 22 желтоқсандағы № 326-І ҚРЗ 1-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНЫЙ ЗЕМЕЛЬНЫЙ ФОНД - резервные земли, образуемые за счет угодий сельскохозяйственного назначения, а также земельных участков, не используемых по назначению либо используемых с нарушением законодательства РК, и земель, от которых отказались обладатели условных земельных долей и землепользователи (ст. 12 ЗК РК от 20 июня 2003 года № 442)
|
АРНАЙЫ ЖЕР ҚОРЫ - ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптардың, сондай-ақ мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан не ҚР заңдарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерінің және шартты жер үлестерінің иелері мен жер пайдаланушылар бас тартқан жердің есебінен құралатын резервтегі жер (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 ҚР ЖК 12-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНЫЙ НАЛОГОВЫЙ РЕЖИМ - особый порядок расчетов с бюджетом, устанавливаемый для отдельных категорий налогоплательщиков и предусматривающий применение упрощенного порядка исчисления и уплаты отдельных видов налогов и платы за пользование земельными участками, а также представления налоговой отчетности по ним (ст. 10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)
|
АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ - салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекелеген салық түрлерін есептеу мен төлеудің және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 10-бап)
|
СПЕЦИАЛЬНЫЙ УЧЕТ - сбор, регистрация, обработка, накопление, систематизация, классификация, хранение документированной информации в сфере государственной правовой статистики для информационного обеспечения государственных органов, физических и юридических лиц (ст. 1 ЗРК «О государственной правовой статистике и специальных учетах» от 22 декабря 2003 года № 510)
|
АРНАЙЫ ЕСЕПКЕ АЛУ - арнайы есепке алу - мемлекеттік құқықтық статистика саласындағы құжатталған ақпаратты мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды ақпараттық қамтамасыз ету үшін жинау, тіркеу, өңдеу, жинақтау, жүйелеу, сыныптау, сақтау («Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» 2003 жылғы 22 желтоқсандағы № 510 ҚРЗ 1-бап)
|
|