1-ші гипермәтін: АҚш ақШ – тың «ndividual swith Disabilities Education Act»



жүктеу 38,08 Kb.
бет1/7
Дата13.02.2023
өлшемі38,08 Kb.
#41272
  1   2   3   4   5   6   7
лек инк теор


1-ші гипермәтін: АҚШ
АҚШ – тың «ndividual swith Disabilities Education Act» - IDEA (2004 жыл) мүгедектерге білім беру туралы заңнамасы «инклюзия» терминін қолданбай, жергілікті мектептер жүйесінде арнайы білім беруді қажетті қаржыландыруды, Жеке оқу жоспарларын пайдалануды және қажеттілігіне қарай жалпы білім беретін мектепте арнайы қосымша көмек көрсетуді көздейді. Сонымен қатар, ата-аналар арнайы мемлекеттік немесе жеке мектепті таңдай алады, онда оқыту көбінесе мемлекеттік есебінен төленеді. Мұндай мектептер негізінен ауыр және көптеген даму проблемалары бар және мінез-құлық бұзылыстары бар балаларға арналған.
Тиісінше, жергілікті жалпы білім беретін мектептерде оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың ата-аналары негізгі және қосымша (арнайы) ваучердің көмегімен баланы үздік оқыту мен сервисті қамтамасыз ететін жеке мектепке (арнайы емес) ауыстыруға мүмкіндік алды.
АҚШ пен Еуропаның қазіргі білім беру саясатында бірнеше амал-тәсілдер дамуға ие, соның ішінде:

  • білім алуға деген мүмкіндікті кеңейту (widening participation);

  • мэйнстриминг (mainstreaming) – мүгедек оқушылардыңқұрдастарымен түрлі мейрамдар, сауық бағдарламалары, т.б. кезінде араласуы;

  • ықпалдастық (integration) – психикалық және физикалық кемтарлығы бар балалардың қажеттіліктерін оларға бейімделмеген, жалпы өзгермейтін білім беру жүйесіне сай келтіру;

  • инклюзия, яғни кірістіру (inclusion)–еш шектеусіз барлық балалардың талаптары мен қажеттіліктеріне жауап беретіндей етіп мектептер мен оқу бөлмелерін қайта құру.

Америка Құрама Штаттары мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту жалпы және арнайы оқытуды біріктіру ұсыныстарынан тұрады.Оның 3 негізгі жолдары бар:яғни, «негізгі бағыт», «жалпы білім инициативасы», «енгізу». Алайда,бұл арнайы білім беру алаңында үлкен дау тудыруда. Мысалы,негізгі бағыт- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту негізгі мектептерде оқытуды көздейді. Екінші жолы жалпы білім беру инициативасы-дамуында ауытқуы бар оқушыларға білім беру шарттарына фундаментальды өзгеріс енгізуді ұсына отырып, жоғарыда аталған негізгі бағыттан ары қарай дами түскен. Өз кезегінде осы сала мамандары дефектологтар мен негізгі мектептің басшылары жалпы білім беру инициативасын мақұлдаса, кейбір дефектологтар мен негізгі мектептің мұғалімдері ауытқуы бар балаларға жалпы білім беру инициативасының әсер ету мүмкіндіктерін түсіну үшін қосымша сынақтар мен зерттеулер қажет дейді. Үшінші жолы енгізу моделі,ол балаларды ауытқу түріне және көріну деңгейіне тәуелсіз тұрған жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне енгізуді көздейді. Осындай балаларға мамандар тобы жеке оқыту бағдарламасын құрады, сол бойынша оқушының жетістігі бағаланады [2].
Арнайы білім беру саласындағы қазіргі АҚШ саясаты бұқаралық және арнайы білім беруді біріктіруге негізделеді. Біріктірудің негізгі үш тәсілі ұсынылады:

  • негізгі бағыт–дамуында ауытқушылығы бар балаларды бұқаралық мектептердің сыныптарына орналастыруды қарастырады.

  • бұқаралық білім беру бастамасы–бұл тәсіл «негізгі бағыт» тұжырымдамасынан әрі қарай тереңдеп, дамуында ауытқушылығы бар оқушылардың білім алу жағдайларын түбегейлі өзгертуді ұсынады.

  • кірістіру – барлық балаларды кемтарлық түрі мен оның деңгейіне қарамастан, тұрғылықты жері бойынша жалпы білім беру үрдісіне кірістіруге негізделеді. Осындай балалардың әр біреуіне мамандар тобы жекелей оқыту бағдарламасын әзірлеп, соған сай оқушы үлгерімін бағалау да жүргізіледі.

Қазіргі таңда АҚШ-та 1990 жылы қабылданған «Кемтарлығы бар тұлғалардың білім алуы туралы акт» заңы әрекет етеді. Ол бала қажеттіліктеріне жауап беретін халықтық білім беру жүйесіндегі тегін оқуға кепілдік береді. Заң арнайы білім алуға құқық беріп қана қоймай, сондай-ақ қосымша қызметтерге (көлік, логопедиялық сабақтар, психологтың көмегі, аудиологиялық зерттеу және т.б.) де кенелтеді.



жүктеу 38,08 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау