Бағдарламасы орал, 2016 мазмұны 1



жүктеу 1,37 Mb.
бет1/8
Дата25.01.2020
өлшемі1,37 Mb.
#27316
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8


Қалалық сессиясының

2016 жылғы 25 қаңтардағы



42-2 шешімімен бекітілді

2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН

ОРАЛ ҚАЛАСЫН ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Орал, 2016

МАЗМҰНЫ

1.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ

3

2.

АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

8

3.

НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАР, ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ

89

4.

ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

108




ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ

111



  1. 1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ПАСПОРТЫ





Атауы

2016-2020 жылдарға арналған Орал қаласын дамыту бағдарламасы

Зерттеуге арналған негіздер


Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығы, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы 931 Жарлығы, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары.

Қаланың негізгі сипаттамасы


Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласы Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Қала аумағы 720 мың шаршы шақырым немесе облыс аумағының 0,5%-ын құрайды. Қала құрамында Зашаған мен Круглозерный кенттік округтері ,сонымен қатар Желаев ауылдық округтері бар. Халқының саны 284,6 мың адам немесе облыс халқының 45%-ын құрайды, ол Азия мен Европаның арасындағы сауда қақпасы болып табылады. Қала Ақтөбе, Атырау, Астрахан, Волгоград, Саратов, Самара, Уфа, Оренбург, Соль-Илецк қалаларымен пайда болған көпбұрыштың ортасында орналасқан.

Өнеркәсіптің негізгі салалары машина жасау, металл өңдеу, металлургия, тамақ өнеркәсібі және құрылыс маткриалдарын өндіру болып табылады.

Бағыттар


Экономика;

Әлеуметтік сала;



Қоғамдық қауіпсіздік және тәртіп сақтау;

Инфрақұрылым;



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Экология;

Мемлекеттік қызметтер.

Мақсаттар


Бюджетке жыл сайынғы салықтық және салықтық емес түсімдердің

өсімін қамтамасыз ету;

Өңдеу өнеркәсібінің өсімін қамтамасыз ету;

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

Шағын және орта кәсіпкерліктің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру,

кеңейту және нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау, ішкі сауданың

тұрақты дамуы;

Тікелей инвестицияларды тарту және инновацияны дамыту үшін

қолайлы жағдайлар жасау;

Білімнің сапасын және қолжетімділігін қамтамасыз ету, балалардың

құқықтары және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін

арттыру;


Халықтың денсаулығын жақсарту;

Халықтың жұмыспен қамтылу деңгейінің өсуі;

Қаланың тарихи-мәдени мұрасын қорғау, отандық мәдениет пен өнерді

кеңінен насихаттау;

Үш тілділікті дамыту;

Жаппай спортты дамыту үшін жағдай жасау;

Азаматтардың өмірінің, денсаулығының, құқықтары, бостандықтары

мен заңды мүдделерінің әлеуметтік қабылдауға болатын деңгейін

жасау және ұстау;

Құрылысты дамыту;

Көлік инфрақұрылымының жағдайын жақсарту;

Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету,

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту және

тиімділігін арттыру;

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту.


Нысаналы индикаторлар


Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығару көлемінің өсуі

Өңдеу өнеркәсібіндегі өнім көлемі

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің (қызмет) нақты көлем индексі

Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы ірі қара мал басының ұсақ мүйізді мал басына үлесі

Тұқымдық түрлендіруге қатысатын ірі қара мал басы мен ұсақ мүйізді мал басының үлесі

Шағын және орта кәсіпкерліктің әрекеттегі субъектілерінің саны

Тіркелген жалпы көлемдегі шағын және орта кәсіпкерліктің әрекеттегі субъектілерінің үлесі

Бөлшек сауданың нақтыкөлем индексі

Жан басына шаққандағы бөлшек тауар айналымының ұлғаюы

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексі

Халықтың жан басына шаққандағы негізгі капиталға инвестициялар

Жұмыс істеп тұрған апатты жағдайда үш ауысымда оқытатын мектептер саны

Жаратылыстану-математика пәндері бойынша мектеп бітірушілердің арасында білім беру бағдарламаларын табысты (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі

Мүмкіндіктері шектеулі балалардың жалпы санының ішінде балалардың инклюзивтік біліммен қамтылуы

Балаларды (3-6жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту

Мемлекеттік желілер нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

100 мың тірі туылғанға ана өлімін төмендету

1000 тірі туылғанға нәресте өлімін төмендету

100 мың тұрғынға қатерлі ісік ауруларын төмендету



АИТВ инфекциясының таралуын 0,2-0,6% шегінде ұстау (15-49 жас тобында)

Жұмыссыздық деңгейі

Жастардың жұмыссыздық деңгейі

Әйелдер жұмыссыздығының деңгейі

Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген аамдардың ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі

Жүгінген нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандардың үлесі

Жұмыспен қамтылуға жәрдемдесу үшін жүгінген еңбекке жарамды жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектердің саны

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішіндегі еңбекке жарамды адамдардың үлесі



Жеке сектор субъектілері (оның ішінде, үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнайы әлеуметтік көрсетілетін қызметтермен қамтылған мүгедек балалар саны

Әлеуметтік, көліктік инфрақұрылымның паспортталған объектілерінің жалпы санының ішіндегі мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі

Кітапхана пайдаланушыларының саны (оқырмандар)

Мәдени іс-шараларға қатысушылар саны (көрермендер)

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі

Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі

Үш тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі (мемлекеттік,орыс және ағылшын)

Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту



Балалалар мен жасөспірімдердің жалпы санына қатысты 7 мен 18 жас аралығындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде және спорт клубында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту

Көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағы

Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы

Бұрын қылмыс жасаған тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы

Жол-көлік оқиғасы салдарынан қайтыс болғандардың (100 адамға шаққанда) санының төмендеуі

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі



Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданы

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі



Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін азайту

Халықтың орталықтандырылған сумен қамтылуы

Ауылдық елді мекендердің орталық сумен қамтылуы

Мемлекеттік орман қоры аумағында орманмен жабылған алқап ауданы

Халықты қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтермен қамту

Экологиялық талаптар мен санитарлық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан)




Қажетті ресурстар


Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың өз қаражаттары, несие қаражаттар.
Қаржыландыру көлемі:

2016 жыл- 20327,3 млн.теңге

2017 жыл-9191,9 млн.теңге

2018 жыл- 9100,7 млн.теңге

2019 жыл- 7805,7 млн.теңге

2020 жыл- 7688,8 млн.теңге


БАРЛЫҒЫ: 54114,3 млн.теңге




  • 2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ


2.1 Қала ахуалының позитивті және негативті жақтарын бағалау, сонымен қатар олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына ықпалы

Орал қаласы – Батыс Қазақстан облысының әкімшілік, өндірістік және мәдени орталығы. Негізі 1613 жылы құрылып, Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан қала Азия мен Еуропаның арасындағы өзіндік сауда қақпасы болып табылады. Жалпы Сырт ауданы және Төменгі Орал платосындағы Каспий ойпатының солтүстік, Қазақстанның жазықтық құрғақ даласы бөлігін алып, Орал өзені орта ағысының оң жақ жағалауында және Шаған өзені төменгі ағысының сол жақ жағалауында орналасқан. Биіктігі теңіз деңгейінен биік. (32÷34 метр). Орал қаласы ҚР-ның батыс аймағындағы негізгі автокөлік, темір жол және әуе транспорттық магистралдарының қиылысында орналасқан. Қала территориясында халықаралық «Орал» әуежайы, Жайық және Шаған өзендері арқылы өтетін екі теміржол және бес автокөлік көпірлері, жолаушы вокзалы мен темір жолға арналған жүк станциялары, Каспий теңізіне Жайық өзені арқылы шығатын өзен порты бар.

Орал қаласының тарихы қаланың рухани бай мұрасы, түрлі заманның тарихи ескерткіштері, мәдени дәстүрлері бар халық пен мәдениеттің тоғысуы негізінде дамығандығымен бірегей болып саналады. Аймақ түрлі кезеңдерде көптеген танымал және тарихи тұлғаларды аңшылық және балық аулау орындары бар өзіндік табиғатымен қызықтырған.

Қазіргі кезде қаланың территориясы 720 шаршы км астам жер көлемін алып жатыр. Қала құрамында Зашаған, Круглозерный, Деркөл кенттері, сонымен қатар Желаев ауылдық округі бар.

Экономикалық белсенді халық санының орташа жылдық есебі 134,4 мың адамды құрайды.

Машина жасау, металл өңдеу, металлургиялық, тамақ өнеркәсіптері мен құрылыс материалдарының өндірісі негізгі салалық өнеркәсіп болып табылады. Облыстың өңдеу өнеркәсібіндегі қаланың үлесі 2014 жылы да маңызды, жалпы көлемнің 55% немесе 79,1 млрд.теңгені құрайды.

Қаланың өңдеу өнеркәсібінде ең көп үлес салмағын тамақ өнеркәсібі мен машина жасау өнеркәсібі алады.



Облыстың агроөнеркәсіп кешенінде қаланың агроөнеркәсіп кешенінің үлесі маңызды емес. Қаланың ауыл шаруашылығы облыс бойынша саланың жалпы өнімінің тек қана 4,9%-ға жуығын қамтамасыз етеді.

Негізгі капиталға инвестицияның Орал қаласына 2014 жылы облыс көлемінің 20% (облыста Бөрлі ауданынан кейін 2 орын), ал 2009 жылы негізгі капиталға инвестиция – облыс көлемінің 9,9%.

Экспорт пен импорт құрылымында басымдылық алып отырған машиналар, жабдықтар мен механизмдер; электротехникалық жабдықтар, азық-түлік тауарлары, көлемдері ұлғаятын, арзан металдар және олардан жасалған бұйымдар, минералды өнімдер.

Қалада еңбек нарығында негізгі индикаторлар бойынша аймақтың экономикалық белсенді тұрғындарының көрсеткіш деңгейі орнықты екені анықталған. 2014 жылы білім беру саласындағы жұмыспен қамтылған тұрғындар саны (20%), өнеркәсіпте (18,3%), денсаулық саласында (14%).

Жұмыссыздық деңгейінің кемуінің 2009 жылы 6,3%-дан 2014 жылы 5,0% дейін орнықты үрдісі байқалады, тұрғындардың жұмыспен қамтылуы мен экономикалық белсенді саны көрсеткішінің орнықтылығы, тұрғындар санының жұмыспен қамтылуының өсуі. Тұрғындардың өз бетімен жұмыспен қамтылуы жалпы жұмыспен қамтылғандар санының 16%, құрайды, ол облыс көлемінен (37,9%) төмен.

Тұрғындардың табиғи жылжу коэффициенті туудың тұрақты көбеюі және тұрғындар өлімінің кему үрдісімен тұрғындардың табиғи өсу қарқынын көрсетеді.

Қаланың тиімді географиялық орналасуына, қор әлеуетінің жоғарылығына қарамастан, қаланың экономикалық өсіміндегі бар оң үрдістер мен негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жақсарғанымен, қала дамуының келесі негізгі мәселелері шешілмей қалып отыр:

1.Қала экономикасының құрылымындағы түбегейлі өзгерістер – экономика үшін салалық теңгерімсіздік, салалық құрылымға бұрынғыша «табатын ерекшелік» пен шикізаттық бағыт сипатты, шағын бизнесті диверсификациялау деңгейі төмен.

Өнеркәсіптегі базалық салалар бір қатар мәселелерге тап болып отырады, олрдың қатарына мыналарды қосуға болады: өнеркәсіп жабдықтарының жоғары деәрежедегі тозуы, өндіріс құралдарының баяу жаңартылуы, өңдеу өнеркәсібінің жекелеген салаларының бәсекеге қабілеттілік дәрежесінің жеткіліксіздігі.



2.Ауыл шаруашылығында ауыл шаруашылығы машиналарының және технологиялық жабдықтардың тозуы жоғарғы деңгейде анықталып отыр, ол еңбек өнімділігінің төмендеуіне және өндіріс шығындарының өсуіне, дәнді дақылдар өндірісінің ауа-райы жағдайының (егін шаруашылығының қауіпті аймағы), мал шауашылығындағы тұрғындар аулаларындағы малдың төмен өнімділігін алдын-ала анықтайтын ұсақ тауарлық басымдылық, ол жоғары тәуелділікке себепші болады.

3. Әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету саласында келесі шешімін таппаған мәселелер туындап отыр:

білім беру саласында – мектепке дейінгі ұйымдарда кезекте тұрушылардың көптігі (2015жылдың 1 қаңтарына – 15,0 мың бала), жоғары білікті педагогикалық мамандардың қажеттілігі;

денсаулық сақтау саласында – дәрігер кадрлармен төмен қамтамасыз етілуі (10 мың тұрғынға 30,2 бірлік);

4. Тұрғындардың жекелеген топтарының арасында кірістердің жоғары ажыратылымы, қала жастарының арасында жұмыссыздардың жоғарғы пайызы мен өзін-өзі жұмыспен қамтылғандар деңгейінің жоғары болуы, экономика секторындағы төмен еңбекақы төлейтін жұмыстарда жасатындар үлесінің жоғары болуы байқалады;

5. Автокөлік жолдарының қанағаттанарлықсыз жағдайы, жергілікті маңызды жолдардың жалпы қашықтығының 45,4% қанағаттанарлықсыз жағдайда болуы;

6. Коммуналдық шаруашылық кәсіпорындар үшін жалпы мәселе болып, қолда бар негізгі жабдықтардың техникалық артта қалғандығы мен жоғары деңгейдегі тозуы, жөндеу-жаңғырту жұмыстары бойынша іс-шаралар жүргізуге, энергия сақтауға өз қаражаттарының жетіспеушілігі.

7. Қаланың қоршаған ортаға жағымсыз әсер беріп отырған қазандық шаруашылығы, автокөлік, өнеркәсіп кәсіпорындары. Қаланың экологиялық мәселесі болып Жайық өзенінің экожүйесін сақтау болып табылады. Жергілікті экологиялық мәселелерге - қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі жатады.

Бүгінгі күні көкейкесті мәселе болып отырған қалдықтарды іріктеу мен қайта өңдеу кешенінің құрылысы.



Сонымен бірге қалдықтарды жинау мен қайта өңдеу бойынша сонымен қатар, энергия сақтайтын және экологиялық таза технологияларды енгізу үрдісінің өсуі орын алып отыр. Қазіргі уақытта «Орал қаласының ҚТҚ полигонының құрылысының» 22 204,0 мың теңге сомасында техникалық-экономикалық негіздемесі әзірлену үстінде. Жұмыстарды аяқтау 2016 жылдың ақпан айына жоспарланған. Полигон құрылысы қалдықтарды қайта өңдеу кешенімен қарастырылған.

2.2 Орал қаласының әлеуметтік – экономикалық дамуын талдау.

  • 2.2.1 Қала экономикасын талдау

Аймақтық жалпы өнім облыс деңгейінде есептелінеді. 2014 жылға аймақтық жалпы өндірілген облыстағы өнім көлемі 1911,9 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 105,3%. Республиканың ішкі жалпы өніміндегі облыстың үлесі 4,9% тең (Казахстанның аймақтары арасында 9 орын).

Аймақтың жалпы аймақтық өнім құрылымында ең көп үлес салмағын өнеркәсіп алып отыр (57,5%), көлік, байланыс және сауда 5,2%, 0,6% және сәйкесінше 7,0%. Жалпы аймақтық өнім құрылымында облыстың ауыл шаруашылығының үлесі елеусіз 2,8% құрайды.



Облыстағы жалпы аймақтық өнім құрылымы жан басына шаққанда 2012 жылы 2782,5 мың теңге, 2013 жылы – 2793,7 мың теңге, 2014 жылы – 3049,5 мың теңге (орташа республикалық деңгейге 135,0% құрайды).

2012 жылы жергілікті бюджетке 16,6 млрд. теңге салықтық және салықтық емес түсімдер түсті, ол былтырғы жылға қарағанда 16,9% артық. Түсімдер өсімі ( 2,4 млрд. теңгеге) негізінен жеке табыс салығының түсімдерінің өсімінен қалыптасты 16,9% (0,7 млрд. теңге), әлеуметтік салық 15% (0,7 млрд. теңге) және соттың баж салығы 222,4% (0,4млрд.теңге).

2013 жылы Орал қаласының жергілікті бюджетіне 20 млрд. теңге салықтық және салықтық емес түсімдер түсті, ол былтырғы жылмен қарағанда 21% артық. Түсімдердің өсімі ( 3,4 млрд. теңгеге) негізінен жеке табыс салығы түсімдерінің өсімімен 13,3% (0,9 млрд. тенге), әлеуметтік салық 14,1% (0,8 млрд. теңге) және азаматтарға пәтер сатудан түсетін түсім 252,7% (1,6 млрд.теңге) байланысты болды.

2014 жылы жергілікті бюджетке 22 млрд. теңге салықтық және салықтық емес түсімдер былтырғы жылға қарағанда 9,9% артық. Түсімдер өсімі (2,0 млрд. теңге) негізінен жеке табыс салығының түсімімен қамтамасыз етіледі 12,3% (0,8 млрд. теңге), әлеуметтік салық 12,4% (0,8 млрд. теңге), жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға салынатын салық 12,5% (0,1 млрд.теңге) және сотқа баж салығы 17,6% (0,1 млрд. теңге).

Жалпы түсімдердің өсіміне жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың және сонымен қатар азаматтарға пәтер сатудан түсетін түсім және бір жолғы сотқа баж салығы әсер етті. Сонымен бірге, ағымдағы жылы салықтық және салықтық емес түсімдер бағалауы 22,1 млрд. теңге, былтырғы жылға қарағанда 0,4% артық.
Орал қаласының индустриалды-инновациялық дамуы.

Қала экономикасының ең ірі салаларының бірі өнеркәсіп болып табылады. Қала өнеркәсіп саласының әр түрлі салаларының дамуына мүмкіндік беретін елеулі қор әлеуетіне ие. Қалада 210 өндіріс орындары мен өнеркәсіп кәсіпорындары бар, ол 2012 жылмен салыстырғанда 16% кем (249 бірлік).

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 2012 жылы 89,3 млрд.теңгеден 2014 жылы 112,7 млрд.теңгеге жетті. Облыс өнеркәсібі көлемінде қаланың үлесі –2014 жылы 6,1% құрады.


1 Кесте

Өнеркәсіп құрылымы

млн. теңге



Сала атауы

2012 г.

2013 г.

2014 г.

Нақты көлем индексі

2014ж. 2013 ж., %

Саланың үлес салмағы,

2014 ж., %

Өнеркәсіп – барлығы,

Соның ішінде:



89321,7

106598,7

112712,3

103,4

100,0

Кен өндіру

189,6

621,7

560,9

129,3

0,6

Қайта өңдеу

64915,5

75951,5

79023,4

97,7

70,1

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

20515,4

24953,8

29126,5

125,5

25,8

Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау

3701,1

5071,7

4001,4

69,7

3,5


Өнеркәсіп өнімдерінің негізгі көлемі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі (70,1%). Өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің көлемі 2012 жылдан 2014 жылға 64,9 млрд. теңгеден 79 млрд. теңгеге дейін өсті. Қаланың өңдеу өнеркәсібінің көлемі кәсіпорын қызметінің барлық салалық бағыттарын қамтиды. Облыстағы өңдеу өнеркәсібі көлемінің үлесі 55,5% құрайды.
2 Кесте

Өңдеу өнеркәсібінің көрсеткіштері

млн. теңге



Саланың атауы

2012 г.

2013 г.

2014 г.

Нақты көлем индексі

2014ж. 2013 ж., %

Өңдеу өнеркәсібі көлеміндегі үлес салмағы 2014 ж., %

Өңдеу өнеркәсібі, соның ішінде

64915,5

75951,5

79023,4

97,7

100,0

Тамақ өнімдерін өндіру

20297,1

23123,6

27024,2

95,9

34,2

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

4651,9

6956,3

4646,1

51,1

5,8

машинажасау

14518,4

16714

16751,5

107,4

21,2

металлургия

7738,2

8680

10065,7

103,7

12,6

Құрылыс материалдарын өндіру

5549,5

9496,8

9836,9

132,1

12,4

Дайын бұйымдарды өндіру

5212,8

4715,6

4040,4

84,1

5

Таблица 3



жүктеу 1,37 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау