Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет107/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   124

 

ТАБАК - никотиносодержащее растение, используемое для производства табачных изделий (ст. 2 ЗРК «О профилактике и ограничении табакокурения» от 10 июля 2002 года № 340)

ТЕМЕКІ - темекі бұйымдарын өндіру үшін пайдаланылатын никотині бар өсімдік («Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 340-ІІ ҚРЗ 2-бап)

ТАБАКОКУРЕНИЕ - процесс потребления табачного изделия, вызывающий зависимость организма курящего от никотина, отрицательно влияющий на его здоровье, а также на здоровье некурящих и загрязняющий окружающую среду (ст. 2 ЗРК «О профилактике и ограничении табакокурения» от 10 июля 2002 года № 340)

ТЕМЕКІ ШЕГУШІЛІК - темекі шегушінің организмінің никотинге тәуелденуін тудыратын, оның денсаулығына, сондай-ақ темекі шекпейтіндердің денсаулығына теріс әсер ететін және қоршаған ортаны ластайтын темекі бұйымын тұтыну процесі («Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 340-ІІ ҚРЗ 2-бап)

ТАБАЧНОЕ ИЗДЕЛИЕ - любое изделие, содержащее табак, за исключением фармацевтической продукции, содержащей никотин (ст. 2 ЗРК «О профилактике и ограничении табакокурения» от 10 июля 2002 года № 340)

ТЕМЕКІ БҰЙЫМЫ - никотині бар фармацевтік өнімдерді қоспағанда, құрамында темекі бар кез келген бұйым («Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 340-ІІ ҚРЗ 2-бап)

ТАБАЧНЫЕ ИЗДЕЛИЯ - любые изделия, содержащие табак, упакованные в потребительскую тару и предназначенные для конечного потребления, за исключением фармацевтической продукции, содержащей никотин (ст.1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота табачных изделий» от 12 июня 2003 года № 439)

ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІ - никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына салынған және түпкілікті тұтынуға арналған, құрамында темекі бар кез келген өнімдер («Темекі өнімдерінің өндірілуімен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы № 439 ҚРЗ 1-бап)

ТАЙМ-ЧАРТЕР - договор фрахтования судна на время, по которому фрахтовщик обязуется за обусловленную плату (фрахт) предоставить фрахтователю судно и услуги членов экипажа судна в пользование на определенный срок для перевозки пассажиров, багажа и грузов и иных целей торгового мореплавания (ст. 1 ЗРК «О торговом мореплавании» от 17 января 2002 года № 284)

ТАЙМ-ЧАРТЕР - кемемен жалданушы келісілген ақыға (жалдау ақысы) кемені жалдаушыға кемені және кеме экипажы мүшелерінің көрсететін қызметтерін жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау және сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттары үшін белгілі бір мерзімге пайдалануға беруге міндеттенетін уақытқа кемені жалдау шарты («Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284 ҚРЗ 1-бап)

ТАЙНОЕ ГОЛОСОВАНИЕ - голосование на выборах Президента, депутатов Парламента и маслихатов, членов органов местного самоуправления Республики является тайным, исключающим возможность какого бы то ни было контроля за волеизъявлением избирателей (ст. 8 КЗ РК «О выборах в РК» от 28 сентября 1995 года № 2464)

ЖАСЫРЫН ДАУЫС БЕРУ - Республика Президентін, Парламентінің және мәслихаттарының депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауда жасырын дауыс беріледі әрі сайлаушылардың еркін білдіруіне қандай да болсын бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді («ҚР сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 ҚР КЗ 8-бап)

ТАКЕЛАЖ - совокупность судовых снастей для грузоподъемных работ, подъема и спуска флагов и сигналов (ст. 1 ЗРК «О внутреннем водном транспорте» от 6 июля 2004 года № 574)

ТАКЕЛАЖ - жүк көтеру жұмыстарына, тулар мен белгілерді көтеруге және түсіруге арналған кеме жабдықтарының жиынтығы («Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 ҚРЗ 1-бап)

ТАКСАЦИЯ ЛЕСА (ЛЕСОСЕК)- мероприятия по выявлению, учету, оценке качественных и количественных характеристик лесных ресурсов, в том числе насаждений, намечаемых для рубки (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)

ОРМАНДЫ (КЕСПЕАҒАШТЫ) МӨЛШЕРЛЕУ - орман ресурстарының, соның ішінде кесу көзделетін екпе ағаштардың сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау, есепке алу, бағалау жөніндегі іс-шаралар (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 ҚР ОК 4-бап)

ТАКСИ - легковой автомобиль, предназначенный для автомобильной перевозки пассажиров и багажа, оборудованный в соответствии с Правилами перевозок пассажиров и багажа автомобильным транспортом (ст. 1 ЗРК «Об автомобильном транспорте» от 4 июля 2003 года № 476)

ТАКСИ - автомобиль көлігімен жолаушылар және багаж тасымалдау ережелеріне сәйкес жабдықталған, жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдауға арналған жеңіл автомобиль («Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 ҚРЗ 1-бап)

ТАМОЖЕННАЯ ДЕКЛАРАЦИЯ - документ, подтверждающий в письменном и (или) электронном виде заявление декларантом сведения о товарах и транспортных средствах (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК ДЕКЛАРАЦИЯ - тауарлар мен көлік құралдары туралы декларант мәлімдеген мәліметтерді жазбаша және (немесе) электрондық түрде растайтын құжат (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)

ТАМОЖЕННАЯ ИНФРАСТРУКТУРА - здания и сооружения, создающие условия для функционирования таможенных органов, а также предназначенные для социального обслуживания должностных лиц таможенных органов (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ - кеден органдарының жұмыс істеуіне жағдай жасайтын, сондай-ақ кеден органдарының лауазымды адамдарына әлеуметтік қызмет көрсетуге арналған үйлер мен ғимараттар (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401 ҚР КК 7-бап)

ТАМОЖЕННАЯ ПОШЛИНА - вид таможенного платежа, взимаемый таможенными органами РК при ввозе товара на таможенную территорию РК при ввозе товара на таможенную территорию РК или вывозе товара с указанной территории и являющийся неотъемлемым условием такого ввоза или вывоза (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК БАЖ - ҚР кеден органдары тауарды ҚР кедендік аумағына әкелген кезде немесе тауарды аталған аумақтан әкеткен кезде алатын және осындай әкелу немесе әкетудің ажырамас шарты болып табылатын кедендік төлемнің түрі (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)

ТАМОЖЕННАЯ ТЕРРИТОРИЯ И ТАМОЖЕННАЯ ГРАНИЦА РК - таможенную территорию РК составляют сухопутная территория, территориальные воды (море) и внутренние воды, воздушное пространство над ними, а также находящиеся на континентальном шельфе РК искусственные острова, установки, сооружения и иные объекты, в отношении которых РК обладает исключительной юрисдикцией в сфере таможенного дела (ст. 6 ТК РК от 5 апреля 2004 года № 401)

ҚР КЕДЕНДІК АУМАҒЫ МЕН КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ - ҚР кедендік аумағын құрғақтағы аумақ, аумақтық сулар (теңіз) және ішкі сулар, олардың үстіндегі әуе кеңістігі, сондай-ақ ҚР құрлықтық қайраңында орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, ғимараттар және кеден ісі саласында ҚР юрисдикциясында ғана болатын өзге де объектілер құрайды (2004 жылғы 5 сәуірдегі № 401 ҚР КК 6-бап)

ТАМОЖЕННОЕ ДЕЛО В РК - таможенное дело в РК включает в себя порядок и условия перемещения товаров и транспортных средств через таможенную границу РК, таможенного оформления и таможенного контроля, применения таможенных режимов, взимания таможенных платежей и налогов, ведения борьбы с правонарушениями в сфере таможенного дела и другие средства реализации таможенной политики, основанные на властных отношениях между государством и лицами, осуществляющими внешнеэкономическую и иную деятельность (ст.1 ТК РК от 5 апреля 2004 года № 401)

ҚР КЕДЕН ІСІ - ҚР кеден ісі тауарлар мен көлік құралдарын ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізудің, кедендік ресімдеу мен кедендік бақылаудың, кедендік режимдерді қолданудың, кедендік төлемдері және салықтарды алудың, кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізудің тәртібі мен шарттарын, мемлекет пен сыртқы экономикалық және өзге де қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың арасындағы билік қатынастарына негізделген кеден саясатын іске асырудың басқа да құралдарын қамтиды (2004 жылғы 5 сәуірдегі № 401 ҚР КК 1-бап)

ТАМОЖЕННОЕ АДМИНИСТРИРОВАНИЕ - совокупность организационно-правовых и иных действий и мер, осуществляемых таможенными органами РК в соответствии с таможенным законодательством РК (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК ӘКІМШІЛІК ЖҮРГІЗУ - ҚР кеден заңдарына сәйкес ҚР кеден органдары жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтық және өзге де іс-әрекеттер мен шаралар жиынтығы (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)

ТАМОЖЕННОЕ ОФОРМЛЕНИЕ - совокупность действий и процедур, совершаемых лицами и таможенными органами РК в связи с перемещением товаров и транспортных средств через таможенную границу РК (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК РЕСІМДЕУ - тауарлар мен көлік құралдарын ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізуге байланысты адамдар және ҚР кеден органдары жасайтын іс-әрекеттер мен рәсімдердің жиынтығы (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)

ТАМОЖЕННОЕ СОПРОВОЖДЕНИЕ - сопровождение товаров и транспортных средств, находящихся под таможенным контролем, должностными лицами таможенных органов РК (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК АЛЫП ЖҮРУ - ҚР кеден органдары лауазымды адамдарының кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарын алып жүруі (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)

ТАМОЖЕННЫЕ ОПЕРАЦИИ - отдельные действия, совершаемые в соответствии с таможенным законодательством РК как таможенными органами РК, так и лицами, в отношении товаров и транспортных средств, находящихся под таможенным контролем (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК ОПЕРАЦИЯЛАР - кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты ҚР кеден органдары да, тұлғалар да ҚР кеден заңдарына сәйкес жасайтын жекелеген іс-әрекеттер (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)

ТАМОЖЕННЫЕ ПРОЦЕДУРЫ - совокупность действий, совершаемых таможенными органами РК и лицами, в сфере таможенного дела в отношении товаров и транспортных средств, находящихся под таможенным контролем (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК РӘСІМДЕР - ҚР кеден органдары мен кеден ісі саласындағы тұлғалардың кедендік бақылаудағы тауарлар мен көлік құралдарына қатысты жасайтын іс-әрекеттерінің жиынтығы (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)

ТАМОЖЕННЫЕ СБОРЫ - виды таможенных платежей, взимаемых таможенными органами РК за таможенное оформление, таможенное сопровождение, атакже за хранение товаров и транспортных средств на складах, учреждаемых таможенными органами РК (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК АЛЫМДАР - ҚР кеден органдары тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу, кедендік алып жүру үшін, сондай-ақ оларды ҚР кеден органдары бекітетін қоймаларда сақтау үшін алатын кедендік төлем түрлері (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)

ТАМОЖЕННЫЕ СКЛАДЫ - специально определенное и обустроенное помещение или место, предназначенное для хранения товаров в соответствии с таможенным режимом таможенного склада (ст.129 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕН ҚОЙМАЛАРЫ - кеден қоймасының кедендік режиміне сәйкес тауарларды сақтау үшін арнайы белгіленген және жайластырылған үй-жай немесе орын кеден қоймасы болып танылады (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 129-бап)

ТАМОЖЕННЫЙ КОНТРОЛЬ - совокупность мер, осуществляемых таможенными органами РК по соблюдению таможенного и иного законодательства РК, контроль за исполнением которого возложен на таможенные органы РК (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ - ҚР кеден және өзге де заңдарын сақтау бойынша ҚР кеден органдары жүзеге асыратын, орындалуын бақылау ҚР кеден органдарына жүктелген шаралардың жиынтығы (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)

ТАМОЖЕННЫЙ ОРГАН НАЗНАЧЕНИЯ - таможенный орган РК, в котором завершается перевозка товаров и транспортных средств под таможенным контролем (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

МЕЖЕЛІ КЕДЕН ОРГАНЫ - тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаумен тасымалдау аяқталатын ҚР кеден органы (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)

ТАМОЖЕННЫЙ ОРГАН ОТПРАВЛЕНИЯ - таможенный орган РК, в котором начинается перевозка товаров и транспортных средств под таможенным контролем (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

ЖӨНЕЛТУШІ КЕДЕН ОРГАНЫ - тауарлар мен көлік құралдарын кедендік бақылаумен тасымалдау басталатын ҚР кеден органы (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)

ТАМОЖЕННЫЙ РЕЖИМ - совокупность установленных Таможенным кодексом норм, определяющих статус товаров и транспортных средств в сфере таможенного дела при их перемещении через таможенную границу РК в зависимости от целей перемещения, использования на таможенной территории РК либо за ее пределами (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК РЕЖИМ - ҚР кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын ҚР кедендік аумағы арқылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Кеден кодексте белгіленген нормалардың жиынтығы (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)

ТАМОЖЕННЫЙ СКЛАД - таможенный режим, предназначенный для хранения под таможенным контролем ввезенных товаров в специальных помещениях или местах, имеющих статус таможенного склада, без взимания таможенных пошлин, налогов и без примешшя мер нетарифного регулирования, за исключением требований по безопасности товаров (ст. 124 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕН ҚОЙМАСЫ - тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, әкелінген тауарларды кедендік баждар, салықтар алмай және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кеден қоймасы мәртебесі бар арнайы үй-жайларда немесе орындарда кедендік бақылауда сақтауға арналған кедендік режим (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 124-бап)

ТАМОЖЕННЫЙ ТАРИФ - систематизированный в соответствии с товарной номенклатурой внешнеэкономической деятельности перечень ставок таможенных пошлин, применяемых к товарам, перемещаемым через таможенную границу РК (ст.7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕНДІК ТАРИФ - ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қолданылатын кедендік баж ставкаларының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген тізбесі (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)

ТАМОЖЕННЫЙ ТЕРМИНАЛ - специально обустроенное, технически оснащенное и оборудованное место в зоне деятельности таможенного органа РК, предназначенное для совершения таможенного оформления и (или) таможенных операций с товарами и транспортными средствами, перемещаемыми через таможенную границу РК (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)

КЕДЕН ТЕРМИНАЛЫ - ҚР кеден органының қызмет аймағындағы ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлармен және көлік құралдарымен кедендік ресімдеу және (немесе) кедендік операциялар жасауға арнап арнайы жайластырылған, техникамен жарақтандырылған және жабдықталған орын (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401-II ҚР КК 7-бап)

ТАРИФ (ЦЕНА, СТАВКА СБОРА) - денежное выражение стоимости регулируемых услуг (товаров, работ) субъекта естественной монополии, утвержденное уполномоченным органом (ст. 3 ЗРК «О естественных монополиях» от 9 июля 1998 года № 272)

ТАРИФ (БАҒА, АЛЫМ СТАВКАСЫ) - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) уәкілетті орган бекіткен құнының ақшалай көрінісі («Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 272 ҚРЗ 3-бап)

ТАРИФ - размер оплаты услуг оператора почты, установленный в соответствии с законодательством РК (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

ТАРИФ - почта операторы көрсететін қызметке ақы төлеудің ҚР заңдарына сәйкес белгіленген мөлшері («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386 ҚРЗ 1-бап)

ТАРИФИКАЦИЯ РАБОТЫ - отнесение выполняемых работ к определенной сложности в соответствии с Единым тарифно-квалификационным справочником работ и профессий рабочих и Квалификационным справочником должностей руководителей, специалистов и других служащих, тарифно-квалификационных характеристик профессий рабочих и типовыми квалификационными характеристиками должностей руководителей, специалистов и других служащих организаций (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

ЖҰМЫСТЫ ТАРИФТЕУ - орындалатын жұмыстарды Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына және ұйымдар басшыларының, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгілі бір күрделілікке жатқызу ( 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)

ТАРИФНАЯ КВОТА - инструмент регулирования внешнеторговой деятельности, предусматривающий применение двух различных уровней ставок таможенных пошлин на импорт одного и того же товара путем установления более низкой ставки таможенной пошлины для определенного количества импорта и более высокой ставки таможенной пошлины свыше данной величины импорта (ст. 1 ЗРК «О регулировании торговой деятельности» от 12 апреля 2004 года № 544)

ТАРИФТІК КВОТА - импорттың белгілі бір мөлшеріне кедендік баждың неғұрлым төмен ставкасын және импорттың осы шамасынан жоғары мөлшеріне кедендік баждың неғұрлым жоғары ставкасын белгілеу арқылы нақ сол тауар импортына кедендік баждар ставкаларының әртүрлі екі деңгейін қолдануды көздейтін сыртқы сауда қызметін реттеудің құралы («Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚРЗ 1-бап)

ТАРИФНАЯ ПРОГРАММА - внутренний документ жилищного строительного сберегательного банка, определяющий ставки вознаграждения по вкладу и иные условия накопления и кредитования, а также размеры комиссионных сборов банка (ст.2 ЗРК «О жилищных строительных сбережениях в РК» от 7 декабря 2000 года № 110)

ТАРИФТІК БАҒДАРЛАМА - салым бойынша сыйақы ставкаларын және өзге де жинақтау мен кредит беру талаптарын, сондай-ақ банктің комиссиялық алымдарының мөлшерін айқындайтын тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің ішкі құжаты («ҚР тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 110 ҚРЗ 2-бап)

ТАРИФНЫЙ РАЗРЯД - уровень сложности работ и показатель квалификационного уровня, необходимого для выполнения данной работы (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

ТАРИФТІК РАЗРЯД - жұмыстың күрделілік деңгейі және осы жұмысты орындау үшін қажетті біліктілік деңгейінің көрсеткіші (2007 жылғы 15 мамырдағы ҚР Еңбек кодексі № 251 1-бап)

ТАРИФНАЯ СЕТКА - совокупность тарифных разрядов и тарифных коэффициентов, предусматривающая дифференциацию по признаку сложности выполняемых работ и квалификации работников (ст. 1 Трудового ко-декса РК от 15 мая 2007 года № 251)

ТАРИФТІК КЕСТЕ - орындалатын жұмыстардың күрделілік және қызметкерлердің біліктілік белгісі бойынша саралауды көздейтін тарифтік разрядтар мен тарифтік коэффициенттердің жиынтығы (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)

ТАРИФНАЯ СМЕТА - утверждаемые уполномоченным органом в разрезе регулируемых услуг (товаров, работ) показатели о статьях доходов и расходов, объемах оказываемых регулируемых услуг (товаров, работ) и другие экономические показатели деятельности субъекта естественной монополии по форме, утвержденной уполномоченным органом (ст. 3 ЗРК «О естественных монополиях» от 9 июля 1998 года № 272)

ТАРИФТІК СМЕТА - уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) бойынша бекітетін кірістер мен шығыстар баптары, реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) көлемдері туралы көрсеткіштер және уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша табиғи монополия субъектісі қызметінің басқа да экономикалық көрсеткіштері («Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 272 ҚРЗ 3-бап)

ТАРИФНАЯ СИСТЕМА - разновидность системы оплаты труда, при которой заработная плата работников определяется дифференцированно на основе тарифных ставок (окладов) и тарифных сеток (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

ТАРИФТІК ЖҮЙЕ - еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір түрі, онда қызметкерлердің жалақысы тарифтік ставкалар (айлықақылар) және тарифтік кестелер негізінде сараланып айқындалады (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)

ТАРИФНАЯ СТАВКА (ОКЛАД) - фиксированный размер оплаты труда работника за выполнение нормы труда (трудовых обязанностей) определенной сложности (квалификации) за единицу времени (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

ТАРИФТІК СТАВКА (АЙЛЫҚАҚЫ) - қызметкердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек нормасын (еңбек міндеттерін) орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің белгіленген мөлшері ( 2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)

ТВОРЧЕСКАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ - деятельность, направленная на создание художественных ценностей или интерпретацию (перевод) произведений литературы и искусства в любой форме и любым способом (cт. 1 ЗРК «О культуре» от 15 декабря 2006 года № 207)

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ - кез келген нысанда және кез келген тәсілмен көркем құндылықтар жасауға немесе әдебиет пен өнер шығармаларын түрлендіруге (тәржімалауға) бағытталған қызмет («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 ҚРЗ 1-бап)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау