Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет84/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   124

ПРОЕКТНЫЙ ИНТЕГРАТОР ИНФРАСТРУКТУРЫ ЭЛЕКТРОННОГО ПРАВИТЕЛЬСТВА - организация, осуществляющая проектно-организационные и технические мероприятия по обеспечению взаимодействия межведомственных информационных систем «электронного правительства» (ст. 1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217)

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЖОБАЛЫҚ ИНТЕГРАТОРЫ - «электрондық үкіметтің» ведомствоаралық ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі жобалық-ұйымдастырушылық және техникалық іс-шараларды жүзеге асыратын ұйым («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап)

ПРОЕКТЫ ОЗЕЛЕНЕНИЯ ТЕРРИТОРИИ - ее внешнего оформления, размещения и установки (возведения) произведений монументального или декоративного искусства (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

АУМАҚТЫ КӨГАЛДАНДЫРУ - оны сыртқы безендіруді, монументтік немесе әшекей өнер туындыларын орналастыруды және орнатуды (тұрғызуды) («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ПРОЖИТОЧНЫЙ МИНИМУМ - необходимый минимальный денежный доход на одного человека, равный по величине стоимости минимальной потребительской корзины (ст. 1 ЗРК «О прожиточном минимуме» от 16 ноября 1999 года № 474-І)

ЕҢ ТӨМЕН КҮНКӨРІС ДЕҢГЕЙІ - мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс («Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы» 1999 жылғы 16 қарашадағы № 474-І ҚРЗ 1-бап)

ПРОИЗВЕДЕНИЕ АРХИТЕКТУРЫ (ГРАДОСТРОИТЕЛЬСТВА) - объект авторского права и интеллектуальной собственности автора (авторов), являющийся результатом творческого процесса в профессиональной деятельности физических лиц, направленного на создание какого-либо архитектурного объекта или формирование градостроительного пространства, включая авторский замысел, зафиксированный в форме проектной документации, отдельного чертежа, макета или эскиза, а также реализованный в натуре проект (часть проекта) (ст. 24 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

СӘУЛЕТ (ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ) ТУЫНДЫСЫ - қандай да бір сәулет объектісін жасауға немесе қала құрылысы кеңістігін қалыптастыруға бағытталған, жобалау құжаттамасы, жекелеген сызба, макет немесе нобай нысанында белгіленген авторлық ойды қоса алғанда, жеке тұлғалардың кәсіби қызметіндегі шығармашылық процестерінің нәтижесі болып табылатын авторлық құқық объектісі және автордың (авторлардың) зияткерлік меншік объектісі, сондай-ақ нақты іске асырылған жоба (жобаның бөлігі) («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-11 ҚРЗ 24-бап)

ПРОИЗВЕДЕНИЕ ДЕКОРАТИВНО-ПРИКЛАДНОГО ИСКУССТВА - двухмерное или трехмерное произведение искусства, перенесенное на предметы практического пользования, включая произведшие художественного промысла или произведение, изготовленное промышленным способом (ст. 2 ЗРК «Об авторском праве и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6)

СӘНДІК-ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР ТУЫНДЫСЫ - көркем кәсіпшілік туындысын немесе өнеркәсіптік әдіспен дайындалған туындыны қоса алғанда, іс жүзінде пайдаланылатын заттарға көшірілген екі өлшемді немесе үш өлшемді өнер туындысы («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусым № 6-І ҚРЗ 2-бап)

ПРОИЗВЕДЕНИЕ НАРОДНОГО ТВОРЧЕСТВА - про изведение, включающее характерные элементы традиционного художественного наследия (народные сказки, народная поэзия, народные песни, инструментальная народная музыка, народные танцы и пьесы, художественные формы народных обрядов и другое) (ст. 2 ЗРК «Об авторском и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6)

ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ТУЫНДЫСЫ - дәстүрлі көркемдік мұраларға (халық ертегілері, халық поэзиясы, халық әндері, халық аспаптық музыкасы, халық билері мен пьесалары, халықтық салт-жоралғылардың көркемдік нысандары және басқалар) тән элементтерді қамтитын туынды («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-І ҚРЗ 2-бап)

ПРОИЗВОДИТЕЛИ СЕМЯН - физические и юридические лица, осуществляющие деятельность в области семеноводства в соответствии с Законом РК «О семеноводстве» (ст. 1 ЗРК «О семеноводстве» от 8 февраля 2003 года № 385)

ТҰҚЫМ ӨНДІРУШІЛЕР - «Тұқым шаруашылығы туралы» ҚР Заңға сәйкес тұқым шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар («Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II ҚРЗ 1-бап)

ПРОИЗВОДИТЕЛИ СТРАТЕГИЧЕСКИХ ТОВАРОВ - физические и юридические лица: производящие стратегические товары; являющиеся собственниками сырья для производства (переработки) стратегических товаров; непосредственно от имени иностранного производителя реализующие стратегические товары на территории РК (ст. 1 ЗРК «О естественных монополиях» от 9 июля 1998 года № 272)

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ТАУАРЛАРДЫ ӨНДІРУШІЛЕР - стратегиялық тауарларды өндіретін; стратегиялық тауарларды өндіруге (өңдеуге) арналған шикізаттың меншік иесі болып табылатын; ҚР аумағында стратегиялық тауарларды тікелей шетелдік өндірушінің атынан өткізетін жеке және заңды тұлғалар («Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 272 ҚРЗ 1-бап)

ПРОИЗВОДИТЕЛЬ - физическое или юридическое лицо, которое производит табачные изделия для продажи в РК (ст. 1 ЗРК «О профилактике и ограничении табакокурения» от 10 июля 2002 года № 340)

ӨНДІРУШІ - ҚР сату үшін темекі бұйымдарын өндіретін жеке және заңды тұлға (Темекі шегушіліктің алдын алу және оны шектеу туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 340-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ПРОИЗВОДИТЕЛЬ АУДИОВИЗУАЛЬНОГО ПРОИЗВЕДЕНИЯ - физическое или юридическое лицо, взявшее на себя инициативу и ответственность за создание такого произведения. При отсутствии доказательства иного производителем аудиовизуального произведения признается лицо, имя или наименование которого обозначено на этом произведении (ст. 2 ЗРК «Об авторском и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6)

ДЫБЫСТАУ-БЕЙНЕЛЕУ ТУЫНДЫСЫН ШЫҒАРУШЫ - осындай туынды жасаудың бастамасы мен жауапкершілігін мойнына алған жеке немесе заңды тұлға. Өзге дәлелдемелері болмаған кезде, осы туындыда есімі немесе атауы белгіленген тұлға («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-І ҚРЗ 2-бап)

ПРОИЗВОДИТЕЛЬ НЕФТЕПРОДУКТОВ - нефте- и (или) газоперерабатывающая организация, имеющая лицензию на производство и осуществляющая реализацию нефтепродуктов в соответствии с законодательством РК (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» от 7 апреля 2003 года № 402)

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІ - мұнай өнімдерін өндіруге лицензиясы бар және ҚР заңдарына сәйкес оларды өткізуді жүзеге асыратын мұнай және (немесе) газ өңдеу ұйымы («Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі № 402-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ПРОИЗВОДИТЕЛЬ ТАБАЧНЫХ ИЗДЕЛИЙ - физическое или юридическое лицо, которое производит табачные изделия для продажи (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота табачных изделий» от 12 июня 2003 года № 439)

ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУШІ - сату үшін темекі өнімдерін өндіретін жеке немесе заңды тұлға («Темекі өнімдерінің өндірілуі мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы № 439-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ПРОИЗВОДИТЕЛЬ ФОНОГРАММЫ - физическое или юридическое лицо, взявшее на себя инициативу и ответственность за первую звуковую запись какого-либо исполнения или иных звуков (ст. 2 ЗРК «Об авторском праве и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6)

ФОНОГРАММА ШЫҒАРУШЫ - қайсыбір орындаушылықты немесе өзге де дыбыстардың тұңғыш дыбыс жазбасы үшін бастамашылық пен жауапкершілікті мойнына алған жеке немесе заңды тұлға («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-І ҚРЗ 2-бап)

ПРОИЗВОДНОЕ ПРОИЗВЕДЕНИЕ - произведение, которое создано в результате творческой переработки другого произведения (ст. 2 ЗРК «Об авторском и смежных правах» от 10 июня 1996 года № 6)

ТУЫНДЫ ШЫҒАРМА - басқа туындыны шығармашылықпен өңдеу нәтижесінде жасалған туынды («Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» 1996 жылғы 10 маусымдағы № 6-І ҚРЗ 2-бап)

ПРОИЗВОДНЫЕ ЦЕННЫЕ БУМАГИ - ценные бумаги, удостоверяющие права по отношению к базовому активу данных производных ценных бумаг. К производным ценным бумагам относятся: опционы, свопы, форварды, фьючерсы, депозитарные расписки, варранты и другие ценные бумаги, признанные производными ценными бумагами в соответствии с законодательством РК. Базовыми активами могут быть стандартизованные партии товаров, ценные бумаги, валюта и финансовые инструменты (ст. 10 НК РК от 12 июня 2001 года № 209)

ТУЫНДЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активіне қатысты құқықты куәландыратын бағалы қағаздар. Туынды бағалы қағаздарға опциондар, своптар, форвардтар, фьючерстер, депозитарийлік қолхаттар, варранттар және ҚР заңдарына сәйкес туынды бағалы қағаздар деп танылған басқа да бағалы қағаздар жатады. Тауарлардың стандартталған партиялары, бағалы қағаздар, валюта және қаржы құралдары базалық активтер болуы мүмкін (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209-II ҚР СК 10-бап)

ПРОИЗВОДНЫЕ ФИНАНСОВЫЕ ИНСТРУМЕНТЫ - финансовые инструменты, стоимость которых может быть оценена отдельно от стоимости базового актива и которые могут являться самостоятельным объектом сделок (ст. 1 ЗРК «О валютном регулировании и валютном контроле» от 13 июня 2005 года № 57)

ТУЫНДЫ ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫ - құны базалық активтің құнынан бөлек бағалануы мүмкін және мәмілелердің дербес объектісі бола алатын қаржы құралдары («Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57 ҚРЗ 1-бап)

ПРОИЗВОДНЫЕ ЦЕННЫЕ БУМАГИ - ценные бумаги, удостоверяющие права по отношению к базовому активу данных производных ценных бумаг (cт. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

ТУЫНДЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР - осы туынды бағалы қағаздардың базалық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ПРОИЗВОДСТВЕННАЯ НЕОБХОДИМОСТЬ - выполнение работ в целях предотвращения или ликвидации стихийного бедствия, аварии или немедленного устранения их последствий, для предотвращения несчастных случаев, простоя, гибели или порчи имущества и в других исключительных случаях, атакже для замещения отсутствующего работника (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

ӨНДІРІСТІК ҚАЖЕТТІЛІК - дүлей апатты, аварияны болғызбау немесе жою немесе олардың зардаптарын дереу жою мақсатында, жазатайым оқиғаларды, бос тұрып қалуды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау үшін және басқа да ерекше жағдайларда, сондай-ақ жоқ қызметкерді алмастыру үшін жұмыстар орындау (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)

ПРОИЗВОДСТВЕННАЯ САНИТАРИЯ - система санитарно-гигиенических, организационных мероприятий и технических средств, предотвращающих или уменьшающих воздействие на работников вредных производственных факторов (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

ӨНДІРІСТІК САНИТАРИЯ - зиянды өндірістік факторлардың қызметкерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитарлық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)

ПРОИЗВОДСТВЕННАЯ ТРАВМА - повреждение здоровья работника, полученное при исполнении им трудовых обязанностей, приведшее к утрате трудоспособности (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТ - қызметкер еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттілігін жоюға әкеп соққан, денсаулығының зақымдануы (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)

ПРОИЗВОДСТВЕННО-ТЕХНИЧЕСКИЕ ПОДЗЕМНЫЕ ВОДЫ - подземные воды, которые по своему качеству и физическим свойствам используются или могут быть использованы для производственно-технического водоснабжения (ст. 1 Водного кодекса РК от 17 июля 2003 года № 481)

ӨНДІРІСТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖЕРАСТЫ СУЛАРЫ - өзінің сапасы мен физикалық қасиеттері бойынша өндірістік-техникалық сумен жабдықтау үшін пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерасты сулары (2003 жылғы 17 шілдедегі № 481-II ҚР Су кодексі 1-бап)

ПРОИЗВОДСТВЕННОЕ ОБОРУДОВАНИЕ - машины, механизмы, устройства, аппараты, приборы и иные технические средства, необходимые для работы, производства (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

ӨНДІРІСТІК ЖАБДЫҚ - машиналар, тетіктер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)

ПРОИЗВОДСТВЕННЫЙ КООПЕРАТИВ - добровольное объединение граждан на основе членства для совместной предпринимательской деятельности, основанной на их личном трудовом участии и объединении его членами имущественных взносов (ст. 96 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)

ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВ - азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп танылады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы 1994 жылғы ҚР АК 96-бап)

ПРОИЗВОДСТВЕННЫЙ КООПЕРАТИВ - добровольное объединение граждан на основе членства для совместной предпринимательской деятельности, основанной на их личном трудовом участии и объединении его членами имущественных взносов (паев) (ст. 1 ЗРК «О производственном кооперативе» от 5 октября 1995 года № 2486)

ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВ - азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларын) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі («Өндірістік кооператив туралы» 1995 жылғы 5 қазандағы № 2486 ҚРЗ 1-бап)

ПРОИЗВОДСТВЕННЫЙ ОБЪЕКТ - производственная единица почтовой сети, предназначенная и оборудованная для предоставления услуг оператором почты (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

ӨНДІРІСТІК ОБЪЕКТ - почта операторының қызмет көрсетуге арналған және сол үшін жабдықталған почта желісінің өндірістік бірлігі («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы 2003 жылғы № 386-II ҚРЗ 1-бап)

ПРОИЗВОДСТВО ЗЕРНА - комплекс агротехнологических мероприятий, направленных на выращивание зерна (ст. 1 ЗРК «О зерне» от 19 января 2001 год № 143)

АСТЫҚ ӨНДІРУ - астық өсіруге бағытталған агротехникалық іс-шаралар кешені («Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143 ҚРЗ 1-бап)

ПРОИЗВОДСТВО ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ - фармацевтическая деятельность, включающая совокупность всех работ, необходимых для серийного выпуска лекарственных средств, связанных с приобретением сырья, материалов и полуфабрикатов, технологическим процессом, в том числе с осуществлением одной из его стадий, хранением, реализацией произведенной продукции, а также всеми видами сопровождающего их контроля (cт. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 13 января 2004 года № 522)

ДӘРІЛІК ЗАТТАР ӨНДІРІСІ - шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар сатып алумен, технологиялық процеспен, соның ішінде оның сатыларының бірінде жүзеге асырумен - өндірілген өнімді сақтаумен, өткізумен, сондай-ақ оларды бақылаумен қатар жүретін барлық түрлерімен байланысты, дәрілік заттарды топтап шығару үшін қажетті жұмыстардың бүкіл жиынтығын қамтитын фармацевтикалық қызмет («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 13 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)

ПРОИЗВОДСТВО НЕФТЕПРОДУКТОВ - комплекс работ (операций) по переработке сырой нефти и (или) газового конденсата, атакже по компаундированию, обеспечивающих получение нефтепродуктов в соответствии с законодательством РК о техническом регулировании (cт. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота отдельных видов нефтепродуктов» от 7 апреля 2003 года № 402)

МҰНАЙ ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ - ҚР техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес мұнай өнімдерін алуды қамтамасыз ететін шикі мұнай және (немесе) газ конденсатын өңдеу жөніндегі, сондай-ақ компаундирлеу жөніндегі жұмыстар (операциялар) кешені («Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 7 сәуірдегі № 402 ҚРЗ 1-бап)

ПРОИЗВОДСТВО ОРУЖИЯ - исследование, разработка, испытание, изготовление, художественная отделка, ремонт, сборка, переделка и уничтожение оружия, изготовление патронов и их составных частей (ст. 1 ЗРК «О государственном контроле за оборотом отдельных видов оружия» от 30 декабря 1998 года № 339)

ҚАРУ ӨНДІРІСІ - қаруды зерттеу, әзірлеу, сынақтан, өткізу, жасап шығару, көркемдеп әрлеу, жөндеу, құрастыру, қайта жасау және жою, патрондар және олардың құрамдас бөліктерін жасап шығару («Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339 ҚРЗ 1-бап)

ПРОИЗВОДСТВО ПО ДЕЛУ - совокупность процессуальных действий и решений, осуществляемых по конкретному уголовному делу в ходе его возбуждения, досудебной подготовки, судебного разбирательства и исполнения приговора (постановления) суда (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)

ІС БОЙЫНША ІС ЖҮРГІЗУ - қозғау, сотқа дейінгі дайындау, сотта талқылау және соттың үкімін (қаулысын) орындау барысында нақты қылмыстық іс бойынша жүзеге асырылатын іс жүргізу әрекеттері мен шешімдерінің жиынтығы (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)

ПРОИЗВОДСТВО ТАБАЧНЫХ ИЗДЕЛИЙ - совокупность технологических процессов, обеспечивающих изготовление табачных изделий, соответствующих нормативным документам по стандартизации (ст. 1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота табачных изделий» от 12 июня 2003 года № 439)

ТЕМЕКІ ӨНІМДЕРІНІҢ ӨНДІРІСІ - стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сай келетін темекі өнімдерін дайындауды қамтамасыз ететін технологиялық процестер жиынтығы («Темекі өнімдерінің өндірілуімен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2003 жылғы 12 маусымдағы № 439-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ПРОИЗВОДСТВО (ФОРМУЛЯЦИЯ) ПЕСТИЦИДОВ (ЯДОХИМИКАТОВ) - технологический процесс изготовления пестицидов (ядохимикатов) на основе исходных компонентов (ст. 1 ЗРК «О защите растений» от 3 июля 2002 года № 331)

ПЕСТИЦИДТЕРДІ (УЛЫХИМИКАТТАРДЫ) ӨНДІРУ (ФОРМУЛЯЦИЯЛАУ) - бастапқы компоненттердің негізінде пестицидтер (улы химикаттар) дайындаудың технологиялық процесі («Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331 ҚРЗ 1-бап)

ПРОИСШЕСТВИЕ АВИАЦИОННОЕ - событие, происшедшее при использовании воздушного судна с целью выполнения полета, связанное с нарушением нормального функционирования этого судна, его экипажа, другого авиационного персонала или связанное с воздействием внешних условий и приведшее к гибели людей, значительному повреждению, разрушению или утрате воздушного судна (ст. 1 ЗРК «Об использовании воздушного пространства и деятельности авиации РК» от 20 декабря 1995 года № 2697)

АВИАЦИЯЛЫҚ ОҚИҒА - әуе кемесі ұшуды орындау мақсатында пайдаланылған кезде осы әуе кемесінің, оның экипажының, басқа авиация қызметшілерінің қалыпты қызмет атқару жағдайының бұзылуына байланысты немесе сыртқы жағдайлардың әсеріне байланысты туындаған және адамдардың қаза табуына, елеулі зақымдарға, әуе кемесінің қирауына немесе мүлдем істен шығуына әкеп соқтыратын оқиға («ҚР Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 1995 жылғы 20 желтоқсандағы № 2697 ҚРЗ 1-бап)

ПРОКУРАТУРА РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН - подотчетный Президенту РК государственный орган, осуществляющий высший надзор за точным и единообразным применением законов, указов Президента РК и иных нормативных правовых актов на территории Республики, за законностью оперативно-розыскной деятельности, дознания и следствия, административного и исполнительного производства (ст. 1 ЗРК «О Прокуратуре» от 21 декабря 1995 года № 2709)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРОКУРАТУРАСЫ - республика аумағында заңдардың, ҚР Президенті Жарлықтарының және өзге нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын, ҚР Президентіне есеп беретін мемлекеттік орган («Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 ҚРЗ 1-бап)

ПРОКУРОР - должностное лицо, осуществляющее в пределах своей компетенции надзор за точным и единообразным применением законов, указов Президента РК, иных нормативных правовых актов, за законностью оперативно-розыскной деятельности, дознания, следствия, административного и исполнительного производства, представительство интересов государства в суде, а также уголовное преследование в случаях, порядке и пределах, установленных законом (ст. 48 3РК «О Прокуратуре» от 21 декабря 1995 года № 2709)

ПРОКУРОР - өз құзыреті шегінде заңдардың, ҚР Президенті жарлықтарының, өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтаудың, тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды, сотта мемлекет мүдделерінің өкілі болуды, сондай-ақ заңда белгіленген жағдайларда, тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын лауазымды адам («Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 ҚРЗ 48-бап)

ПРОКУРОРСКИЙ НАДЗОР ЗА ДЕЯТЕЛЬНОСТЬЮ ОРГАНОВ НАЦИОНАЛЬНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ - высший надзор за точным и единообразным применением законов, Законов Президента РК и иных нормативных правовых актов, законностью дознания, следствия и оперативно-розыскной деятельности органов национальной безопасности осуществляет Генеральный Прокурор РК и уполномоченные им прокуроры (ст. 25 ЗРК «Об органах национальной безопасности РК» от 21 декабря 1995 года № 2710)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау