Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет80/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   124

ПРЕДЛОЖЕНИЕ - рекомендация лица по совершенствованию законов и иных нормативных правовых актов, деятельности государственных органов, развитию общественных отношений, улучшению социально-экономической и иных сфер деятельности государства и общества (ст. 1 ЗРК «О порядке рассмотрения обращений физических и юридических лиц» от 12 января 2007 года № 221)

ҰСЫНЫС - адамның заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру, қоғамдық қатынастарды дамыту, мемлекет пен қоғамның әлеуметтік-экономикалық және өзге де қызметі салаларын жақсарту жөніндегі ұсынымы («Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 ҚРЗ 1-бап)

ПРЕДМЕТ ЗАЛОГА - любое имущество, в том числе вещи и имущественные права (требования), за исключением вещей, изъятых из оборота, требований, неразрывно связанных с личностью кредитора, в частности требований об алиментах, возмещении вреда, причиненного жизни или здоровью, и иных прав, уступка которых другому лицу запрещена законодательными актами (ст. 301 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)

КЕПІЛ МӘНІ - кез-келген мүлік, соның ішінде айналымнан алып тасталған заттар, несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты талаптар, атап айтқанда алименттер, өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар және заң құжаттарымен оларды басқа тұлғаға беруге тыйым салынған өзге құқықтар, заттар мен мүліктік құқықтар (талаптар) кепіл мәні бола алады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 301-бап)

ПРЕДМЕТ НАДЗОРА - соблюдение прав и свобод человека и гражданина в ходе осуществления оперативно-розыскной деятельности, проведения оперативно-розыскных мероприятий, а также законность актов и действий органов и должностных лиц, правомочных осуществлять оперативно-розыскную деятельность (ст. 34 ЗРК «О Прокуратуре» от 21 декабря 1995 года № 2709)

ҚАДАҒАЛАУДЫҢ МӘНІ - жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыру, жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға өкілетті органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс-әрекеттерінің заңдылығы («Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2709 ҚРЗ 34-бап)

ПРЕДНАМЕРЕННОЕ БАНКРОТСТВО - умышленное создание или увеличение неплатежеспособности, совершенное руководителем или собственником коммерческой организации, а равно индивидуальным предпринимателем в личных интересах или интересах иных лиц, причинившее крупный ущерб или иные тяжкие последствия (ст. 216 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)

ӘДЕЙІ БАНКРОТТЫҚ - коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы ірі зиянға немесе өзге да ауыр зардаптарға әкеп соқса (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167-1 ҚР ҚК 216-бап)

ПРЕДНАМЕРЕННОЕ БАНКРОТСТВО - умышленное приведение к неплатежеспособности, совершенное должностным лицом или собственником коммерческой организации, а равно индивидуальным предпринимателем в личных интересах или интересах иных лиц, не причинившее крупного ущерба или иных тяжких последствий (ст. 156 КР КоАП от 30 января 2001 года № 155)

ӘДЕЙІ БАНКРОТ БОЛУ - коммерциялық ұйымның лауазымды адамының немесе меншік иесінің, сол сияқты жеке кәсіпкердің өз мүдделері немесе өзге адамдардың мүдделері үшін, ірі залал келтірмейтіндей немесе өзге де ауыр зардаптарға соқтырмайтындай етіп әдейі төлемсіздік қабілетіне жеткізуі (2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 ҚР ӘҚБтК 156-бап)

ПРЕДНАМЕРЕННОЕ БАНКРОТСТВО - умышленное приведение должника к несостоятельности, совершенное собственником его имущества или органами юридического лица-должника в личных интересах или интересах иных лиц (ст. 1 ЗРК «О банкротстве» от 21 января 1997 года № 67)

ӘДЕЙІ БАНКРОТТЫҚ - борышкердің мүлкі иесінің немесе борышкер-заңды тұлға органдарының жеке өз мүдделерін немесе өзге тұлғалардың мүдделерін көздей отырып жасаған борышкерді дәрменсіздікке қасақана душар етуі («Банкроттық туралы» 1997 жылғы 21 қаңтардағы № 67 ҚРЗ 1-бап)

ПРЕДОСТАВЛЕНИЕ КРЕДИТНОГО ОТЧЕТА - деятельность кредитного бюро по выдаче информации, содержащейся в кредитной истории (ст.З РК «О кредитных бюро и формировании кредитных историй в РК» от 6 июля 2004 года № 573)

КРЕДИТТІК ЕСЕПТІ БЕРУ- кредиттік бюроның кредиттік тарихта ақпаратты беру жөніндегі қызметі («ҚР кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 573 ҚРЗ 1-бап)

ПРЕДОХРАНИТЕЛЬНАЯ ЗОНА - зона, простирающаяся от береговой линии моря на 5 километров в сторону суши на территории РК (ст. 1 ЗРК «О нефти» от 28 июня 1995 года № 2350)

САҚТЫҚ АЙМАҒЫ - ҚР аумағында теңіз жағалауы құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ («Мұнай туралы» 1995 жылғы 28 маусымдағы № 2350 ҚРЗ 1-бап)

ПРЕДОХРАНИТЕЛЬНАЯ ЗОНА - зона, простирающаяся от береговой линии моря на 5 километров в сторону суши на территории РК (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании от 27 января» 1996 года № 2828)

САҚТЫҚ АЙМАҒЫ - ҚР аумағында теңіз жағалауы құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)

ПРЕДПИСАНИЯ ОРГАНОВ АРХИТЕКТУРНО- СТРОИТЕЛЬНОГО КОНТРОЛЯ - в зависимости от установленных нарушений либо отклонений (несоответствий) от требований (условий, ограничений), предусмотренных государственными нормативами, иных обязательных требований органы архитектурно-строительного контроля (либо государственные инспекторы) могут выдавать субъектам архитектурной, градостроительной и строительной деятельности (ответственным лицам, представляющим субъектов) предписания (ст. 36 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

СӘУЛЕТ-ҚҰРЫЛЫС БАҚЫЛАУЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ НҰСҚАМАЛАРЫ - анықталған жолсыздықтарға не мемлекеттік нормативтерде көзделген талаптардан (ережелерден, шектеулерден), өзге де міндетті талаптардан ауытқушылықтарға (сәйкес келмеушілікке) байланысты сәулет-құрылыс бақылауы органдары (не мемлекеттік инспекторлар) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің субъектілеріне (субъектілердің атынан өкілдік ететін жауапты адамдарға) нұсқама бере алады («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 ҚРЗ 36-бап)

ПРЕДПРИНИМАТЕЛЬСТВО - инициативная деятельность граждан и юридических лиц, независимо от формы собственности, направленная на получение чистого дохода путем удовлетворения спроса на товары (работы, услуги), основанная на частной собственности (частное предпринимательство) либо на праве хозяйственного ведения государственного предприятия (государственное предпринимательство). Предпринимательская деятельность осуществляется от имени, за риск и под имущественную ответственность предпринимателя (ст. 10 ПС РК от 27 декабря 1994 года № 269)

КӘСІПКЕРЛІК - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 10-бап)

ПРЕДПРИЯТИЕ - имущественный комплекс, используемый для осуществления предпринимательской деятельности. Предприятие в целом как имущественный комплекс признается недвижимостью (ст. 119 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)

КӘСІПОРЫН - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешен құқық объектісі түріндегі кәсіпорын деп танылады. Кәсіпорын тұтасымен мүліктік кешен ретінде қозғалмайтын мүлік деп танылады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 119-бап)

ПРЕДПРИЯТИЕ УПОЛНОМОЧЕННОГО ОРГАНА - государственное предприятие внутреннего водного транспорта, основной задачей которого является осуществление производственной деятельности для надлежащего содержания и развития внутренних водных путей с целью обеспечения безопасного плавания судов в пределах обслуживаемых границ (ст. 1 ЗРК «О внутреннем водном транспорте» от 6 июля 2004 года № 574)

УӘКІЛЕТТІ ОРГАННЫҢ КӘСІПОРНЫ - қызмет көрсететін шекаралар шегінде кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі су жолдарын тиісінше күтіп ұстау мен дамыту үшін өндірістік қызметті жүзеге асыру негізгі міндеті болып табылатын ішкі су көлігінің мемлекеттік кәсіпорны («Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574 ҚРЗ 1-бап)

ПРЕДПРОЕКТНАЯ ДОКУМЕНТАЦИЯ - документация, предшествующая разработке градостроительного, архитектурного проектов, проекта строительства и включающая программы, отчеты, технико-экономические обоснования строительства, технико-экономические расчеты, результаты научных исследований и инженерных изысканий, технологические и конструктивные расчеты, эскизы, макеты, обмеры и результаты обследований объектов, а также иные исходные данные и материалы, необходимые для принятия решений о разработке проектной документации и последующей реализации проектов (cт.1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ЖОБАЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҚҰЖАТТАМА - қала құрылысы, сәулет жобаларын, құрылыс жобасын әзірлеу алдындағы жасалатын және бағдарламаларды, есеп берулерді, құрылыстың техникалық-экономикалық негіздемелерін, техникалық-экономикалық есептерді, ғылыми зерттеулер мен инженерлік ізденістер нәтижелерін, технологиялық және конструкциялық есептерді, нобайларды, макеттерді, өлшемдер мен объектілерді зерттеу нәтижелерін, сондай-ақ жобалау құжаттамасын әзірлеу және жобаларды кейіннен іске асыру туралы шешімдер қабылдауға қажетті өзге де бастапқы деректер мен материалдарды қамтитын құжаттама (ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 ҚРЗ 1-бап)

ПРЕДСЕДАТЕЛЬ СЕССИИ МАСЛИХАТА - должностное лицо маслихата, избираемое из числа его депутатов, осуществляющее организационно-распорядительные функции на сессии маслихата (cт. 1 3PK «О местном государственном управлении в РК» от 23 января 2001 года № 148)

МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ - мәслихат депутаттарының арасынан сайланатын, мәслихат сессиясында ұйымдастырушылық-билік ету қызметін жүзеге асыратын, мәслихаттың лауазымды адамы («ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ПРЕДСЕДАТЕЛЬСТВУЮЩИЙ - судья, председательствующий при коллегиальном рассмотрении уголовного дела либо рассматривающий дело единолично (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)

ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТУШІ - қылмыстық істі алқалық немесе жеке қарау кезінде төрағалық ететін судья (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)

ПРЕДСТАВИТЕЛИ - лица, уполномоченные представлять законные интересы потерпевшего, гражданского истца, гражданского ответчика в силу закона или соглашения (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997года № 206)

ӨКІЛДЕР - заңның немесе келісімнің күшіне орай жәбірленушінің, азаматтық талапкердің, азаматтық жауапкердің заңды мүдделерін білдіруге уәкілдік берілген адамдар (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)

ПРЕДСТАВИТЕЛИ РАБОТОДАТЕЛЕЙ - физические и (или) юридические лица, уполномоченные на основании учредительных документов или доверенности представлять интересы работодателя или группы работодателей (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРДІҢ ӨКІЛДЕРІ - құрылтай құжаттары немесе сенімхат негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге уәкілетті жеке және (немесе) заңды тұлғалар (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)

ПРЕДСТАВИТЕЛИ РАБОТНИКОВ - органы профессиональных союзов, их объединений и (или) иные уполномоченные работниками физические и (или) юридические лица (ст. 1 Трудового кодекса РК от 15 мая 2007 года № 251)

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ӨКІЛДЕРІ - кәсіптік одақтардың, олардың бірлестіктерінің органдары және (немесе) қызметкерлер уәкілеттік берген өзге де жеке және (немесе) заңды тұлғалар (2007 жылғы 15 мамырдағы № 251 ҚР Еңбек кодексі 1-бап)

ПРЕДСТАВИТЕЛИ ЧЛЕНОВ АССОЦИАЦИИ (СОЮЗА) СЕЛЬСКИХ ПОТРЕБИТЕЛЬСКИХ КООПЕРАТИВОВ - уполномоченные лица от имени сельских потребительских кооперативов, избранные на общем собрании для участия в работе общего собрания представителей членов ассоциации (союза), в который входит данный сельский потребительский кооператив (ст. 2 ЗРК «О сельской потребительской кооперации в РК» от 21 июля 1999 года № 450-І)

СЕЛОЛЫҚ ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВТЕРІ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ (ОДАҒЫ) МҮШЕЛЕРІНІҢ ӨКІЛДЕРІ - осы селолық тұтыну кооперативі кіретін қауымдастық (одақ) мүшелері өкілдерінің жалпы жиналысының жұмысына қатысу үшін жалпы жиналыста селолық тұтыну кооперативтерінің атынан сайланған уәкілетті адамдар («ҚР селолық тұтыну кооперациясы туралы» 1999 жылғы 21 шілдедегі № 450-І ҚРЗ 2-бап)

ПРЕДСТАВИТЕЛЬ ДЕРЖАТЕЛЕЙ ОБЛИГАЦИЙ - организация, действующая в интересах держателей облигаций на основании договора, заключенного с эмитентом, в процессе обращения ипотечных и иных обеспеченных облигаций на вторичном рынке ценных бумаг, выплаты вознаграждения по облигациям и их погашения (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)

ОБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ҰСТАУШЫЛАРДЫҢ ӨКІЛІ - эмитентпен жасалған шарт негізінде қайталама бағалы қағаздар рыногындағы инфрақұрылымдық сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигациялар айналысы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесінде облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін көздеп іс-әрекет жасайтын ұйым («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ПРЕДСТАВИТЕЛЬСТВО - обособленное подразделение юридического лица, расположенное вне места его нахождения и осуществляющее защиту и представительство интересов юридического лица, совершающее от его имени сделки и иные правовые действия, за исключением случаев, предусмотренных законодательными актами РК (ст. 43 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)

ӨКІЛДІК - заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан және оның мүдделерін қорғау мен өкілдігін жүзеге асыратын, ҚР заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, оның атынан мәмілелер мен өзге құқықтық әрекеттер жасайтын оқшау бөлімшесі (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 43-бап)

ПРЕДСТАВИТЕЛЬСТВО НЕКОММЕРЧЕСКОЙ ОРГАНИЗАЦИИ - обособленное подразделение некоммерческой организации, расположенное вне места ее нахождения и осуществляющее защиту и представительство интересов некоммерческой организации, совершающее от ее имени сделки и иные правовые действия (ст. 24 ЗРК «О некоммерческих организациях» от 16 января 2001 года № 142-II)

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС ҰЙЫМНЫҢ ӨКІЛДІГІ - оның тұрған жерінен тыс орналасқан және коммерциялық емес ұйымның мүдделерін қорғауды және оның өкілдігін жүзеге асыратын, оның атынан мәмілелер және өзге де құқықтық іс-әрекеттер жасайтын коммерциялық емес ұйымның оқшауланған бөлімшесі болып табылады («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142-II ҚРЗ 24-бап)

ПРЕДСТАВЛЕНИЕ - документ Счетного комитета по контролю за исполнением республиканского бюджета, направляемый в государственные органы, организации и должностным лицам для устранения недостатков в работе, а также в правоохранительные органы по вопросам привлечения к ответственности, предусмотренной законами РК (ст. 136 БК РК от 24 апреля 2004 года № 548)

ҰСЫНЫМ - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарына ҚР заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша жіберетін құжаты (2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548 ҚР БК 136-бап)

ПРЕДУПРЕЖДЕНИЕ ЧРЕЗВЫЧАЙНЫХ СИТУАЦИЙ - комплекс мероприятий, проводимых заблаговременно и направленных на максимально возможное уменьшение риска возникновения чрезвычайных ситуаций, сохранение здоровья и жизни людей, снижение размеров ущерба и материальных потерь (ст. 1 ЗРК «О чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера» от 5 июля 1996 года № 19-І)

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ - алдын ала жүргізілетін және төтенше жағдайлардың пайда болу қатерін мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға, залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге бағытталған шаралар кешені («Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» 1996 жылғы 5 шілдедегі № 19 ҚРЗ 1-бап)

ПРЕЗИДЕНТ РК - президент Республики является главой государства, его высшим должностным лицом, определяющим основные направления внутренней и внешней политики государства и представляющим Казахстан внутри страны и в международных отношениях. Президент Республики - символ и гарант единства народа и государственной власти, незыблемости Конституции, прав и свобод человека и гражданина. Президент Республики обеспечивает согласованное функционирование всех ветвей государственной власти и ответственность органов власти перед народом. Президенту Республики принадлежит право выступать от имени народа и государства. Президент Республики, его честь и достоинство неприкосновенны. Посягательство на честь и достоинство Президента Республики преследуется по закону (ст. 1 КЗ РК «О Президенте РК» от 26 декабря 1995 года № 2733)

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ - Республика Президенті - мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға. Республика Президенті - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі. Республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және Үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Республика Президентіне халық пен мемлекеттің атынан сөйлеу құқығы беріледі. Республика Президентке, оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды. Республика Президентінің абыройымен қадір-қасиетіне нұқсан келтіру заң бойынша қудаланады («ҚР Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2733 ҚР КЗ 1-бап)

ПРЕЗИДЕНТ РК - символ и гарант единства народа и государственной власти, незыблемости Конституции, прав и свобод человека и гражданина (ст. 40 Конституция РК от 30 августа 1995 года)

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі (1995 жылғы 30 тамыздағы ҚР Конституциясы 40-бап)

ПРЕЗУМПЦИЯ НЕВИНОВНОСТИ - физическое лицо, в отношении которого возбуждено дело об административном правонарушении, считается невиновным, пока его виновность не будет доказана в предусмотренном Кодексом Об административных правонарушениях порядке и установлена вступившим в законную силу постановлением судьи, органа (должностного лица), рассмотревшего в пределах своих полномочий дело (ст. 12 КР КоАП от 30 января 2001 года № 155)

КІНӘСІЗДІК ПРЕЗУМПЦИЯСЫ - өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған жеке адам өз кінәсі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы ҚР Кодексінде көзделген тәртіппен дәлелденбейінше және өз өкілеттігі шегінде істі қараған судьяның, органның (лауазымды адамның) заңды күшіне енген қаулысымен белгіленбейінше, кінәсіз деп есептеледі. Ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес (2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 ҚР ӘҚБтК 12-бап)

ПРЕЗУМПЦИЯ НЕВИНОВНОСТИ - каждый считается невиновным, пока его виновность в совершении преступления не будет доказана в предусмотренном Уголовно-процессуальным кодексом порядке и установлена вступившим в законную силу приговором суда (ст. 19 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)

КІНӘСІЗДІК ПРЕЗУМПЦИЯСЫ - әр адам оның қылмыс жасағандығы үшін кінәлілігі қылмыстық іс жүргізу кодексінде көзделген тәртіппен дәлелденгенге және соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп саналады (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 19-бап)

ПРЕКРАЩЕНИЕ КОНСТИТУЦИОННОГО ПРОИВОДСТВА - конституционное производство подлежит прекращению на любой стадии, но до вынесения итогового решения, в случаях: отказа субъекта от заявленного им обращения; отмены или утраты юридической силы акта, конституционность которого оспаривается; неподведомствшности заявленного обращения Конституционному Совету. Решение Конституционного Совета о прекращении конституционного производства по заявленному обращению лишает субъекта обращения возможности повторно обратиться в Конституционный Совет по тем же основаниям (ст. 30 КЗ РК «О Конституционном Совете РК» от 29 декабря 1995 года № 2737)

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДІ ТОҚТАТУ - конституциялық іс жүргізу кез келген сатыда, бірақ қорытынды шешім шығарылғанға дейін мынадай реттерде: субъект өзі мәлімдеген өтініштен бас тартса; конституциялылығы талас тудыратын актілер күшін жойса немесе заңдық күшін жойса; мәлімделген өтініш Конституциялық Кеңестің қарауына жатпаса тоқтатылуға тиіс. Конституциялық Кеңестің мәлімделген өтініш бойынша конституциялық іс жүргізуді тоқтату туралы шешімі өтініш субъектісін Конституциялық Кеңеске осы негіздер бойынша қайтадан өтініш беру мүмкіндігінен айырады (1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 2737 «ҚР Конституциялық Кеңесі туралы» ҚР КЗ 30-бап)

ПРЕКУРСОРЫ - вещества, используемые при производстве, изготовлении, переработке наркотических средств и психотропных веществ, включенные в список наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров, подлежащих контролю в соответствии с законодательством РК, международными договорами РК, в том числе конвенцией ООН о борьбе против незаконного оборота наркотических средств и психотропных веществ 1988 года (ст. 1 ЗРК «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау