Русско-казахский словарь юридических терминов и понятий



жүктеу 15,6 Mb.
бет78/124
Дата22.05.2018
өлшемі15,6 Mb.
#15680
түріЗакон
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   124
ПОСТАНОВЛЕНИЕ - всякое, помимо приговора, решение суда; решение дознавателя, следователя, прокурора, принятое в ходе досудебного производства по уголовному делу (ст. 7 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)

ҚАУЛЫ - соттың үкімнен басқа әртүрлі шешімдері; анықтаушының, тергеушінің, прокурордың қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу барысында қабылданған шешімдері (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 7-бап)

ПОСТОЯННАЯ ЛЕСОСЕМЕННАЯ БАЗА- совокупность объектов селекционно-семеноводческого назначения, территориально выделенных в государственном лесном фонде в порядке, установленном лесным законодательством РК, для получения семян с ценными наследственными свойствами и высокими посевными качествами (ст. 4 ЛК РК от 8 июля 2003 года № 477)

ТҰРАҚТЫ ОРМАН ТҰҚЫМ БАЗАСЫ - тұқым қуалаушылық қасиеті құнды және себу сапасы жоғары тұқым алу үшін ҚР орман заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік орман қорында аумағы жағынан бөлінген, селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілер жиынтығы (2003 жылғы 8 шілдедегі № 477-ІІ ҚР ОК 4-бап)

ПОСТОЯННЫЕ ЗЕМЛЕПОЛЬЗОВАТЕЛИ - лица, право землепользования которых носит бессрочный характер (ст. 12 3К РК от 20 июня 2003 года № 442)

ТҰРАҚТЫ ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАР - жер пайдалану құқығының мерзімі шектеусіз сипатта болатын тұлғалар (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 ҚР ЖК 12-бап)

ПОСТОЯННО ПРОЖИВАЮЩИЕ И ВРЕМЕННО ПРЕБЫВАЮЩИЕ В РК ИНОСТРАНЦЫ - иностранцы, получившие на то разрешение и документ на право постоянного проживания в порядке, определяемом Правительством РК (ст. 4 ЗРК «О правовом положении иностранцев» от 19 июня 1995 года № 2337)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРАТЫН ЖӘНЕ УАҚЫТША ЖҮРГЕН ШЕТЕЛДІКТЕР - тұрақты тұруға ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен рұқсат және тұрақты тұру құқығына құжат алған шетелдіктер («Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2337 ҚРЗ 4-бап)

ПОСТРАДАВШИЕ ОТ ПОЛИТИЧЕСКИХ РЕПРЕССИЙ - дети жертв политических репрессий, находившиеся вместе с родителями или заменявшими их лицами в местах лишения свободы, в ссылке, высылке или на спецпоселении, а также дети жертв политических репрессий, не достигшие восемнадцатилетнего возраста на момент репрессии и в результате ее применения оставшиеся без родительского попечения (cт. 2 ЗРК «О реабилитации жертв массовых политических репрессий» от 14 апреля 1993 года № 2200)

ҚУҒЫН-СҮРГІНДЕРДЕН ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР - ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бірге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргін кезінде он сегіз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары танылады («Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі № 2200 ҚРЗ 2-бап)

ПОСТУТИЛИЗАЦИЯ ОБЪЕКТА - комплекс работ по демонтажу и сносу капитального строения (здания, сооружения, комплекса) после прекращения его эксплуатации (пользования, применения) с одновременным восстановлением и вторичным использованием регенерируемых элементов (конструкций, материалов, оборудования), а также переработкой не подлежащих регенерации элементов и отходов (ст. 1 ЗРК «Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в РК» от 16 июля 2001 года № 242)

ОБЪЕКТІНІ КЕЙІННЕН КӘДЕГЕ ЖАРАТУ - күрделі құрылыстың (үйдің, ғимараттың, кешеннің) пайдаланылуы (пайдалану, қолдану) тоқтатылғаннан кейін кәдеге асатын элементтерін (конструкцияларды, материалдарды, жабдықтарды) бір мезгілде қалпына келтіріп және қайталап пайдаланып, сондай-ақ кәдеге аспайтын элементтер мен қалдықтарды өңдей отырып, бөлшектеп алу және бұзу жөніндегі жұмыстар кешені («ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242 ҚРЗ 1-бап)

ПОСТУПЛЕНИЯ ПО ПРАВАМ ТРЕБОВАНИЯ - поступления по обязательствам дебиторов в денежной форме (ст. 1 ЗРК «О секьюритизациюют 20 февраля 2006 года № 126)

ТАЛАП ЕТУ ҚҰҚЫҚТАРЫ БОЙЫНША ТҮСІМДЕР - дебиторлардың міндеттемелері бойынша ақшалай нысандағы түсімдер («Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы № 126 ҚРЗ 1-бап)

ПОТЕНЦИАЛЬНО ОПАСНЫЕ ХИМИЧЕСКИЕ И БИОЛОГИЧЕСКИЕ ВЕЩЕСТВА - вещества, которые при определенных условиях и в определенных концентрациях могут оказать вредное влияние на здоровье человека или будущих поколений людей, применение и использование которых регламентируется санитарными правилами и гигиеническими нормативами (ст. 1 ЗРК «О санитарно-эпидемиологическом благополучии населении» от 4 декабря 2002 года № 361)

ҚАУІПТІЛІГІ ЫҚТИМАЛ ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЗАТТАР - белгілі бір жағдайларда және белгілі бір шоғырлануы адамның немесе адамдардың келешек ұрпақтарына зиянды әсерін тигізуі мүмкін, қолданылуы мен пайдаланылуы санитарлық ережелермен және гигиеналық нормативтермен регламенттелетін заттар («Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361 ҚРЗ 1-бап)

ПОТЕНЦИАЛЬНЫЙ КОМПЛЕКСНЫЙ ЛИЦЕНЗИАТ - лицо, ведущее переговоры с правообладателем комплекса исключительных прав с целью заключения договора комплексной предпринимательской лицензии (ст. 1 ЗРК «О комплексной предпринимательской лицензии (франчайзинге) от 24 июня 2002 года № 330)

ӘЛЕУЕТТІ КЕШЕНДІ ЛИЦЕНЗИАТ - айрықша құқықтар кешенінің құқық иеленушісімен кешенді кәсіпкерлік лицензия шартын жасасу мақсатында келіссөз жүргізетін тұлға («Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» 2002 жылғы 24 маусымдағы № 330 ҚРЗ 1-бап)

ПОТЕНЦИАЛЬНЫЙ ПОСТАВЩИК - неправительственная организация, участвующая в конкурсе (ст. 1 ЗРК «О государственном социальном заказе» от 12 апреля 2005 года № 36)

ЫҚТИМАЛ ӨНІМ БЕРУШІ - конкурсқа қатысушы үкіметтік емес ұйым («Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 36 ҚРЗ 1-бап)

ПОТЕНЦИАЛЬНЫЙ ПОСТАВЩИК - физическое или юридическое лицо (за исключением государственных учреждений, если иное не установлено законодательными актами), участвующее в процессе государственных закупок с целью заключения договора о государственных закупках (ст. 1 ЗРК «О государственных закупках» от 16 мая 2002 года № 321)

ЫҚТИМАЛ ӨНІМ БЕРУШІ - мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу мақсатымен мемлекеттік сатып алу процесіне қатысатын жеке немесе заңды (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, егер заң актілерінде өзгеше белгіленбесе) тұлға («Мемлекеттік сатып алу туралы» 2002 жылғы 16 мамырдағы № 321-ІІ ҚРЗ 1-бап)

ПОТЕРПЕВШИЙ - лицо, в отношении которого есть основание полагать, что ему непосредственно преступлением причинен моральный, физический или имущественный вред (ст. 75 УПК РК от 13 декабря 1997 года № 206)

ЖӘБІРЛЕНУШІ - қылмыстық процесте оған тікелей қылмыспен моральдық, дене және мүліктік зиян келтірілді деп ұйғаруға ол жөнінде негіз бар адам (1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 206 ҚР ҚІЖК 75-бап)

ПОТЕРПЕВШИЙ - лицо, жизни, здоровью и (или) имуществу которого причинен вред в результате аварийного загрязнения окружающей среды (ст. 1 ЗРК «Об обязательном экологическом страховании» от 13 декабря 2005 года № 93)

ЖӘБІРЛЕНУШІ - қоршаған ортаның авариялық ластануы нәтижесінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген тұлға («Міндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы № 93 ҚРЗ 1-бап)

ПОТЕРПЕВШИЙ - физическое или юридическое лицо, которому административным правонарушением причинен физический, имущественный или моральный вред (ст. 585 КР КоАП от 30 января 2001 года № 155)

ЖӘБІРЛЕНУШІ - әкімшілік құқық бұзушылықтан тән жарақатын алған, мүліктік немесе моральдық жағынан зақым келтірілген жеке немесе заңды тұлға (2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 ҚР ӘҚБтК 585-бап)

ПОТЕРПЕВШИЙ - лицо, жизни, здоровью и (или) имуществу которого причинен вред в результате эксплуатации транспортного средства, обязанность по возмещению которого согласно законодательству РК, возложена на страхователя (застрахованного) как на владельца транспортного средства (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств» от 1 июля 2003 года № 446)

ЖӘБІРЛЕНУШІ - көлік құралын пайдалану нәтижесінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген тұлға, оны өтеу жөніндегі міндет ҚР заңдарына сәйкес көлік құралының иесі ретінде сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелген («Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі № 446 ҚРЗ 1-бап)

ПОТЕРПЕВШИЙ - пассажир, жизни, здоровью и (или) имуществу которого причинен вред при осуществлении перевозки (ст. 1 ЗРК «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности перевозчика перед пассажирами» от 1 июля 2003 года № 444)

ЖӘБІРЛЕНУШІ - тасымалдауды жүзеге асырған кезде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген жолаушы («Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі № 444 ҚРЗ 1-бап)

ПОТРЕБИТЕЛИ РЕКЛАМЫ - неопределенный круг физических и (или) юридических лиц, которым предназначается реклама (ст. 3 ЗРК «О рекламе» от 19 декабря 2003 года № 508)

ЖАРНАМА ТҰТЫНУШЫЛАР - жарнама арналған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың беймәлім тобы («Жарнама туралы» 2003 жылғы 19 желтоқсандағы ҚРЗ № 508 ҚРЗ 3-бап)

ПОТРЕБИТЕЛЬ - физическое или юридическое лицо, использующее на основе договора электрическую и (или) тепловую энергию (ст.1 ЗРК «Об электроэнергетике» от 9 июля 2004 года № 588)

ТҰТЫНУШЫ - электр және (немесе) жылу энергиясын шарт негізінде пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға («Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588 ҚРЗ 1-бап)

ПОТРЕБИТЕЛЬ - физическое или юридическое лицо, пользующееся товарами, работами и услугами субъекта естественной монополии (ст.3 ЗРК «О естественных монополиях» от 9 июля 1998 года № 272)

ТҰТЫНУШЫ - табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы жеке немесе заңды тұлға («Табиғи монополиялар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі № 272 ҚРЗ 3-бап)

ПОТРЕБИТЕЛЬ - гражданин, который покупает товар и пользуется работами и услугами в целях личного потребления или использования в частном хозяйстве (ст. 2 ЗКазССР «О защите прав потребителей» от 5 июня 1991 года)

ТҰТЫНУШЫ - жеке өзі тұтыну немесе жеке меншік шаруашылықта пайдалану мақсатында товар сатып алатын және жұмыстар мен қызметтерді пайдаланатын азамат («Тұтынушылардың праволарын қорғау туралы» 1991 жылғы 5 маусымдағы ҚазССРЗ 2-бап)

ПОТРЕБИТЕЛЬСКАЯ ТАРА - тара, поступающая к потребителю с алкогольной продукцией, не выполняющая функцию транспортной тары и изготовленная из материалов, разрешенных к использованию центральным исполнительным органом РК в области охраны здоровья граждан (cт.1 ЗРК «О государственном регулировании производства и оборота этилового спирта и алкогольной продукции» от 16 июля 1999 года № 429-І)

ТҰТЫНУ ЫДЫСЫ - тұтынушыға алкоголь өнімімен қоса келіп түсетін, көліктік ыдыс өз функциясын атқармайтын және ҚР азаматтардың денсаулығын сақтау саласындағы орталық атқарушы органы пайдалануға рұқсат еткен материалдардан жасалған ыдыс («Этил спиртімен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі ҚРЗ № 429-І)

ПОТРЕБИТЕЛЬСКИЙ КООПЕРАТИВ - добровольное объединение граждан на основе членства для удовлетворения материальных и иных потребностей участников, осуществляемое путем объединения его членами имущественных (паевых) взносов (ст. 108 ГКРКот 27 декабря 1994 года № 269)

ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІ - қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (үлестік) жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі тұтыну кооперативі деп танылады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 108- бап)

ПОТРЕБИТЕЛЬСКИЙ КООПЕРАТИВ - добровольное объединение граждан на основе членства для удовлетворения материальных и иных потребностей участников, осуществляемое путем объединения его членами имущественных (паевых) взносов (ст. 1 ЗРК «О потребительском кооперативе» от 8 мая 2001 года № 197)

ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІ - қатысушылардың материалдық және өзге де қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (пайлық) жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын мүшелік негіздегі ерікті бірлестігі («Тұтыну кооперативі туралы» 2001 жылғы 8 мамырдағы № 197-II ҚРЗ 1-бап)

ПОТРЕБИТЕЛЬСКИЙ КООПЕРАТИВ - добровольное объединение граждан на основе членства для удовлетворения материальных и иных потребностей участников, осуществляемое путем объединения его членами имущественных (паевых) взносов (ст. 14 ЗРК «О некоммерческих организациях» от 16 января 2001 года № 142)

ТҰТЫНУ КООПЕРАТИВІ - мүшелік негізде қатысушыларының материалдық және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (пайлық) жарналарын біріктіру жолымен жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» 2001 жылғы 16 қаңтардағы № 142 ҚРЗ 14-бап)

ПОЧВЕННЫЙ СЛОЙ - поверхностный слой суши земли, особое природное образование, обладающее только ему присущим строением, составом и свойствами (ст. 12 ЗКРК от 20 июня 2003 года № 442)

ТОПЫРАҚ ҚАБАТЫ - жердің құрғақ үстіңгі қабаты, тек өзіне тән құрылымы, құрамы мен қасиеттері бар ерекше табиғи түзілім (2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 ҚР ЖК 12-бап)

ПОЧТА - часть инфраструктуры, обеспечивающая на территории РК предоставление комплекса почтовых, финансовых и иных услуг и осуществление финансовой деятельности (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года№ 386)

ПОЧТА - инфрақұрылымның ҚР аумағында почта, қаржы және өзге қызметтер кешенін көрсетуді және қаржылық қызметті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бөлігі («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386-II ҚРЗ 1-бап)

ПОЧТОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ - предоставление почтовых услуг через почтовые сети (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

ПОЧТА ҚЫЗМЕТІ - почта желілері арқылы почта қызметін көрсету («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386-II ҚРЗ 1-бап)

ПОЧТОВАЯ КАРТОЧКА - простое или регистрируемое почтовое отправление с письменным сообщением на специальном стандартном бланке (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

ПОЧТА КАРТОЧКАСЫ - арнаулы стандартты бланкіге жазбаша хабарлама жазылған жай немесе тіркелетін почта жөнелтімі («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386-II ҚРЗ 1-бап)

ПОЧТОВАЯ СВЯЗЬ - прием, обработка, перевозка и доставка почтовых и специальных отправлений, а также почтовый перевод денег (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)

ПОЧТА БАЙЛАНЫСЫ - почталық және арнаулы жөнелтілімдерді қабылдау, сұрыптау, тасымалдау және жеткізу, сондай-ақ почталық ақша аударымдары («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)

ПОЧТОВАЯ СЕТЬ - совокупность производственных объектов и почтовых маршрутов, используемых при предоставлении услуг оператора почты (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

ПОЧТА ЖЕЛІСІ - почта операторының қызмет көрсетуі кезінде пайдаланылатын өндірістік объектілер мен почта маршруттарының жиынтығы («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386 ҚРЗ 1-бап)

ПОЧТОВАЯ СИСТЕМА - совокупность производственных объектов и почтовых сетей и операторов почты, обеспечивающих почтовую связь (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

ПОЧТА ЖҮЙЕСІ - почта байланысын қамтамасыз ететін почта желілері мен почта операторларының жиынтығы («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386-II ҚРЗ 1-бап)

ПОЧТОВО-СБЕРЕГАТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА - почтовая система, на базе которой Национальный оператор почты осуществляет финансовую деятельность и предоставляет почтовые, финансовые и иные услуги в соответствии с законодательством РК (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

ПОЧТА-ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІ - базасында Ұлттық почта операторы ҚР заңдарына сәйкес қаржылық қызметті жүзеге асыратын және почта, қаржы және өзге де қызметтер көрсететін почта жүйесі («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386 ҚРЗ 1-бап)

ПОЧТОВЫЕ ОТПРАВЛЕНИЯ - письменная корреспонденция, посылки, почтовые контейнеры, а также печатные издания в соответствующей упаковке (cт. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

ПОЧТА ЖӨНЕЛТІМДЕРІ - жазбаша хат-хабарлар, посылкалар, почта контейнерлері, сондай-ақ тиісінше буып-түйілген баспа басылымдары («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386-II ҚРЗ 1-бап)

ПОЧТОВЫЕ ОТПРАВЛЕНИЯ - письменная корреспонденция, посылки, почтовые контейнеры, а также печатные издания в соответствующей упаковке (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)

ПОЧТА ЖӨНЕЛТІМДЕРІ - жазбаша хат-хабарлар, посылкалар, почта контейнерлері, сондай-ақ тиісті орамадағы баспасөз басылымдары («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)

ПОЧТОВЫЙ АДРЕС - место, определяемое пользователем услуг оператора почты, для доставки и (или) вручения почтовых отправлений и почтовых переводов денег (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

ПОЧТАЛЫҚ МЕКЕНЖАЙ - почта операторының қызметін пайдаланушы, почта жөнелтімдерін және почталық ақша аударымдарын жеткізу және (немесе) табыс ету үшін белгілеген орын («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386 ҚРЗ 1-бап)

ПОЧТОВЫЙ ИНДЕКС - условное цифровое обозначение адреса, присваемое производственным объектам операторов почты, позволяющее их административно-территориально идентифицировать и систематизировать в целях ускорения пересылки почтового отправления или почтового перевода денег (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

ПОЧТА ИНДЕКСІ - почта жөнелтімін немесе почталық ақша аударымын жіберуді жылдамдату мақсатында почта операторларының өндірістік объектілеріне берілетін, оларды әкімшілік-аумақтық бірдейлендіруге және жүйелеуге мүмкіндік беретін мекен-жайдың шартты цифрлық белгісі («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386 ҚРЗ 1-бап)

ПОЧТОВЫЙ ПЕРЕВОД ДЕНЕГ - услуга по пересылке денег с использованием почтовой сети с заполнением формы бланка установленного образца, утвержденного уполномоченным органом (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

ПОЧТАЛЫҚ АҚША АУДАРЫМЫ - уәкілетті орган бекіткен белгіленген үлгідегі бланк нысанын толтырып, почта желісін және өзге де байланысты пайдалану арқылы ақша жіберу жөніндегі қызмет көрсету («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386-II ҚРЗ 1-бап)

ПОЧТОВЫЙ ШТЕМПЕЛЬ - устройство для нанесения на документы и почтовые отправления оттисков с обозначением: наименования производственного объекта, осуществившего прием почтового отправления в месте отправления, даты и времени приема почтового отправления; наименования производственного объекта, осуществившего получение почтового отправления в месте назначения, даты и времени получения, а также наименования производственного объекта, доставившего и (или) вручившего почтовое отправление адресату, даты и времени доставки и (или) вручения (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

ПОЧТА ШТЕМПЕЛІ - құжаттар мен почта жөнелтімдеріне почта жөнелтімін жөнелтім орнында қабылдауды жүзеге асырған өндірістік объектінің атауын, почта жөнелтімінің қабылданған күні мен уақытын; почта жөнелтімін жөнелтім орнында алуды жүзеге асырған өндірістік объектінің атауын, алынған күні мен уақытын, сондай-ақ почта жөнелтімін адресатқа жеткізген және (немесе) тапсырған өндірістік объектінің атауын, жеткізілген және (немесе) тапсырылған күні мен уақытын көрсете отырып бедер басуға арналған аспап («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386 ҚРЗ 1-бап)

ПОЧТОВЫЙ ЯЩИК - ящик установленного цвета, формы и размеров, предназначенный для сбора простых писем и простых почтовых карточек (ст. 1 ЗРК «О почте» от 8 февраля 2003 года № 386)

ПОЧТА ЖӘШІГІ - жай хаттар мен жай почта карточкаларын жинауға арналған, белгіленген түстегі, нысандағы және көлемдегі жәшік («Почта туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы № 386 ҚРЗ 1-бап)

ПОЭТАПНАЯ РЕГИСТРАЦИЯ ПРАВ (ОБРЕМЕНЕНИИ ПРАВ) НА НЕДВИЖИМОЕ ИМУЩЕСТВО - разовое мероприятие, проводимое регистрирующим органом на территории определенной административно-территориальной единицы путем регистрации всех существующих прав (обременении прав) на недвижимое имущество, не зарегистрированных в порядке, установленном законодательством РК, в том числе прав (обременении прав), возникших до введения системы регистрации (ст. 1 УП РК, и.с.з. «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество и сделок с ним» от 25 декабря 1995 года № 2727)

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ (ҚҰҚЫҚТЫҚ АУЫРТПАЛЫҚТАРДЫ) КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢМЕН ТІРКЕУ - жылжымайтын мүлікке ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен тіркелмеген барлық қолданыстағы құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды), оның ішінде тіркеу жүйесі енгізілгенге дейін туындаған құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) тіркеу жолымен тіркеуші орган белгілі бір әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында өткізетін біржолғы іс-шара («Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» 1995 жылғы 25 желтоқсандағы № 2727 ҚР з.к.б. ПЖ 1-бап)

ПРАВА НА РЕЗУЛЬТАТЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ - авторские права на научные труды, программы для электронных вычислительных машин и базы данных, права на промышленную собственность, права на изобретения, права на продукцию, произведенную принадлежащую физическими и юридическими лицами, выполняемые ими услуги, включая промышленные образцы, «ноу-хау», связанные с вооружением, военной техникой, продукцией двойного назначения, специальным оборудованием и технологией для создания оружия массового уничтожения (ст. 1 ЗРК «Об экспортном контроле» от 18 июня 1996 года № 9)

жүктеу 15,6 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау