СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТАУАР НОМЕНКЛАТУРАСЫ - тауар сыныптамасының тауарларды сипаттау мен олардың кодын белгілеудің үйлестірілген жүйесіне негізделген кодтары жүйесі (2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 ҚР СК 10-бап)
|
ТОВАРНОЕ ЖИВОТНОЕ - животное, используемое для производства товарной продукции (ст. 2 ЗРК «Об охране селекционных достижений» от 13 июля 1999 года № 422-І)
|
ТАУАРЛЫ ЖАНУАР - тауарлы өнім өндіру үшін пайдаланылатын жануар («Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі № 422 ҚРЗ 2-бап)
|
ТОВАРНЫЙ ЗНАК (ЗНАК ОБСЛУЖИВАНИЯ)- зарегистрированное либо охраняемое без регистрации в силу международного договора, словесное, изобразительное, объемное или другое обозначение, служащее для отличия товаров или услуг одного лица от однородных товаров и услуг других лиц (ст.1024 ГК РК от 1 июля 1999 года № 409)
|
ТАУАР БЕЛГІСІ (ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БЕЛГІСІ) - тіркелген не халықаралық шартқа орай тіркеусіз қорғалатын сөзбен жазылған, бейнеленген, көлемдік белгілер немесе бір тұлғаның тауарларын немесе көрсететін қызметтерін екінші тұлғаның біртектес тауарлары мен қызметтерінен ерекшелеу үшін қолданылатын басқа да белгілер (1999 жылғы 1 шілдедегі № 409-І ҚР АК 1024-бап)
|
ТОВАРНЫЙ ЗНАК, ЗНАК ОБСЛУЖИВАНИЯ - обозначение, зарегистрированное в соответствии с Законом РК «О товарных знаках, знаках обслуживания и наименования мест происхождения товаров» или охраняемое без регистрации в силу международных договоров, в которых участвует РК, служащее для отличия товаров (услуг) одних юридических или физических лиц от однородных товаров (услуг) других юридических или физических лиц (ст.1 ЗРК «О товарных знаках, знаках обслуживания и наименования мест происхождения товаров» от 26 июля 1999 года № 456)
|
ТАУАР ТАҢБАСЫ, ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ТАҢБАСЫ - «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» ҚР Заңға сәйкес тіркелген немесе ҚР қатысатын халықаралық шарттарға орай тіркеусіз қорғалатын, бір заңды немесе жеке тұлғаның тауарларын (қызметін) басқа заңды немесе жеке тұлғаның біртектес тауарларынан (қызметінен) ажырату үшін қызмет ететін белгі («Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» 1999 жылғы 26 шілдедегі № 456 ҚРЗ 1-бап)
|
ТОВАРНЫЙ РЫНОК - сфера оборота товара или взаимозаменяемых товаров, определяемая исходя из экономической, территориальной и технологической возможности покупателя приобрести товар (ст.1 ЗРК «О конкуренции и ограничении монополистической деятельности» от 7 июля 2006 года № 173)
|
ТАУАР НАРЫҒЫ - тауардың немесе бірін-бірі алмастыратын тауарлардың айналым аясы, ол сатып алушының тауар сатып алуға экономикалық, аумақтық және технологиялық мүмкіндігін негізге ала отырып айқындалады («Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі № 173 ҚРЗ 1-бап)
|
ТОВАРНЫЙ СКЛАД - коммерческая организация, осуществляющая хранение товаров и оказывающая связанные с хранением услуги в качестве предпринимательской деятельности (ст. 791 ГК РК от 1 июля 1999 года № 409)
|
ТАУАР ҚОЙМАСЫ - тауарлар сақтауды жүзеге асыратын және кәсіпкерлік қызмет ретінде сақтауға байланысты қызметтер көрсететін коммерциялық ұйымдар тауар қоймасы деп танылады (1999 жылғы 1 шілдедегі № 409-І ҚР АК 791-бап)
|
ТОВАТОСОПРОВОДИТЕЛЬНЫЕ ДОКУМЕНТЫ - коммерческие и транспортные документы на товары и транспортные средства, перемещаемые через таможенную границу РК (ст. 7 Т КРК от 5 апреля 2003 года № 401)
|
ТАУАРЛАРҒА ІЛЕСПЕ ҚҰЖАТТАР - ҚР кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына арналған коммерциялық және көлік құжаттары (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401 ҚР КК 7-бап)
|
ТОВАРЫ - оборудование, готовая продукция и иные материально-технические ценности, приобретаемые как для непосредственного использования при проведении операций по недропользованию, так и для деятельности, предусмотренной в контракте как сопутствующей («О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)
|
ТАУАРЛАР - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде тікелей пайдалану үшін де, келісім-шартта ілеспе ретінде көзделген қызметтер үшін де сатып алынатын жабдық, дайын өнім және өзге де материалдық-техникалық құндылықтар («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)
|
ТОВАРЫ И ТЕХНОЛОГИИ ДВОЙНОГО ПРИМЕНЕНИЯ (НАЗНАЧЕНИЯ) - оборудование, материалы, сырье, технологии и научно-техническая информация, которые используются в гражданских целях, но могут быть применены для производства вооружения, военной техники и боеприпасов, в том числе оружия массового поражения и средств их доставки (cт.1 ЗРК «Об экспортном контроле» от 18 июня 1996 года № 9)
|
ЕКІ ҰДАЙ ҚОЛДАНЫЛАТЫН (МАҚСАТТАҒЫ) ТАУАРЛАР МЕН ТЕХНОЛОГИЯЛАР - азаматтық мақсаттарда пайдаланылатын, бірақ қару-жарақ, әскери техника және оқ-дәрілер, оның ішінде жаппай қырып-жоятын қару мен оларды жеткізу құралдарын өндіру үшін қолданылуы мүмкін жабдық, материалдар, шикізат, технологиялар мен ғылыми-техникалық ақпарат («Экспорттық бақылау туралы» 1996 жылғы 18 маусымдағы № 9 ҚРЗ 1-бап)
|
ТОВАРЫ И УСЛУГИ В ОБЛАСТИ ИСПОЛЬЗОВА-НИЯ АТОМНОЙ ЭНЕРГИИ - ядерные установки, оборудование, технологии, радиоактивные вещества, специальные неядерные материалы, используемые для производства ядерных материалов, источники ионизирующего излучения, а также связанные с ними услуги (ст. 1 ЗРК «Об использовании атомной энергии» 14 апреля 1997 года № 93)
|
ATOM ЭНЕРГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ТАУАРЛАР МЕН ҚЫЗМЕТТЕР - ядролық материалдарды өндіру үшін пайдаланылатын ядролық қондырғылар, жабдықтар, технологиялар, радиоактивті заттар, арнаулы ядролық емес материалдар, иондандырушы сәуле көздері, сондай-ақ соларға байланысты қызметтер («Атом энергиясын пайдалану туралы» 1997 жылғы 14 сәуірдегі № 93 ҚРЗ 1-бап)
|
ТОВАРЫ КАЗАХСТАНСКОГО ПРОИСХОЖДЕНИЯ - товары, имеющие сертификат происхождения, подтверждающий его производство на территории РК (ст. 1 ЗРК «О недрах и недропользовании» от 27 января 1996 года № 2828)
|
ҚАЗАҚСТАНДА ШЫҒАРЫЛАТЫН ТАУАРЛАР - ҚР аумағында өндірілгенін растайтын шығарылу сертификаты бар тауарлар («Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 ҚРЗ 1-бап)
|
ТОВАРЫ, НАХОДЯЩИЕСЯ ПОД ТАМОЖЕННЫМ КОНТРОЛЕМ - товары, в отношении которых осуществляется таможенный контроль в соответствии с Таможенным кодексом РК (ст. 7 ТК РК от 5 апреля 2003 года № 401)
|
КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУДАҒЫ ТАУАРЛАР - ҚР Кеден кодекске сәйкес кедендік бақылау жүзеге асырылатын тауарлар (2003 жылғы 5 сәуірдегі № 401 ҚР КК 7-бап)
|
ТОКОВОЕ ХОЗЯЙСТВО - техническое сооружение, принадлежащее на праве собственности физическому или юридическому лицу и предназначенное для первичной подработки зернасцелью формирования товарных партий зерна и их последующего перемещения на хранение на лицензированные хлебоприемные предприятия, а также формирования партий семян зерновых культур и их хранения (ст.16-1 ЗРК «О зерне» от 19 января 2001 года № 143)
|
ҚЫРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ - меншік құқығымен жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі және астықтың тауарлық партиясын қалыптастыру мен оларды лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында сақтау үшін кейіннен ауыстыру, сондай-ақ астық дақылдары тұқымдарының партиясын қалыптастыру және оларды сақтау мақсатында бастапқы өңдеуге арналған техникалық құрылыс («Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143-II ҚРЗ 16-1-бап)
|
ТОКСИКОМАНИЯ - злоупотребление лекарственными препаратами и нелекарственными веществами различной природы, вызывающими психоактивное действие, сходное с действием наркотических средств и психотропных веществ и не входящими в списки республиканских законодательных актов и международных конвенций (ст.1 ЗРК «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)
|
УЫТҚҰМАРЛЫҚ - есірткі және психотроптық заттардың әсеріне ұқсас психикалық елірме әсер туғызатын, республикалық заңнамалық мен халықаралық конвенциялардың тізімдеріне енбейтін дәрілік препараттары мен табиғаты әртүрлі дәрілік емес заттарды шектен тыс пайдалану («Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 ҚРЗ 1-бап)
|
ТОЛКОВАНИЕ ДОГОВОРА - при толковании условий договора судом принимается во внимание буквальное значение содержащихся в нем слов и выражений. Буквальное значение условия договора в случае его неясности устанавливается путем сопоставления с другими условиями и смыслом договора в целом (ст. 392 ГК РК от 27 декабря 1994 года № 269)
|
ШАРТТЫ ТҮСІНДІРУ - сот шарт ережелерін түсіндірген кезде ондағы сөздер мен сөйлемдердің сөзбе-сөз мәні ескеріледі. Шарт ережесінің сөзбе-сөз мәні түсініксіз болған ретте ол бүкіл шарттың басқа ережелерімен және мағынасымен салыстыру арқылы анықталады (1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 269 ҚР АК 392-бап)
|
ТОПЛИВНО-ЭНЕРГЕТИЧЕСКИЙ РЕСУРС - носитель энергии, который при данном уровне развития техники и технологий используется или может быть полезно использован (cт.1 ЗРК «Об энергосбережении» от 25 декабря 1997 года № 210-І)
|
ОТЫН-ЭНЕРГЕТИКА РЕСУРСЫ - техника мен технологияның дамуының белгілі бір деңгейінде пайдаланылатын немесе пайдалы түрде қолданылуы мүмкін энергия көзі («Энергия үнемдеу туралы» 1997 жылғы 25 желтоқсандағы № 210 ҚРЗ 1-бап)
|
ТОПОГРАФИЯ - изучение земной поверхности в геометрическом отношении и разработка способов изображения этой поверхности на плоскости в виде топографических карт или планов (ст.1 ЗРК «О геодезии и картографии» от 3 июля 2002 года № 332)
|
ТОПОГРАФИЯ - жер бетін геометриялық жағынан зерделеу және осы жер бетінің жазықтықта топографиялық карталар немесе жоспарлар түрінде бейнелену тәсілдерін жасау («Геодезия және картография туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі № 332-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ТОПОЛОГИЯ ИНТЕГРАЛЬНОЙ МИКРОСХЕМЫ - зафиксированное на материальном носителе пространственно-геометрическое расположение совокупности элементов интегральной микросхемы и связей между ними (ст. 1 ЗРК «О правовой охране топологий интегральных микросхем» от 29 июня 2001 года № 217)
|
ИНТЕГРАЛДЫҚ МИКРОСХЕМА ТОПОЛОГИЯСЫ - интегралдық микросхеманың элементтері мен олардың арасындағы байланыстар жиынтығының материалдық көзде тіркелген кеңістіктік-геометриялық орналасуы («Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» 2001 жылғы 29 маусымдағы № 217 ҚРЗ 1-бап)
|
ТОПОНИМИКА - раздел ономастики, изучающий названия географических объектов, закономерности их возникновения, изменения, функционирования (ст. 1 ЗРК «О языках в РК» от 11 июля 1997 года № 151)
|
ТОПОНИМИКА - ономастиканың географиялық объектілердің атауларын, олардың пайда болуы, өзгеру, қолданылу заңдылықтарын зерттейтін бөлімі («ҚР тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 ҚРЗ 1-бап)
|
ТОРГОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ - предпринимательская деятельность физических и юридических лиц, направленная на осуществление купли-продажи товаров (ст. 1 ЗРК «О регулировании торговой деятельности» от 12 апреля 2004 года № 544)
|
САУДА ҚЫЗМЕТІ - тауарларды сатып алу-сатуды жүзеге асыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметі («Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚРЗ 1-бап)
|
ТОРГОВАЯ ПОЛИТИКА - совокупность организационных, правовых, экономических, контрольных и иных мер, проводимых государственными органами для реализации целей и принципов, установленных Законом РК «О регулировании торговой деятельности» (ст. 1 ЗРК «О регулировании торговой деятельности» от 12 апреля 2004 года № 544)
|
САУДА САЯСАТЫ - «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңда белгіленген мақсаттар мен принциптерді іске асыру үшін мемлекеттік органдар жүргізетін ұйымдық, құқықтық, экономикалық, бақылау шаралары мен өзге де шаралардың жиынтығы («Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚРЗ 1-бап)
|
ТОРГОВАЯ СИСТЕМА - комплекс материально-технических средств, внутренних документов организатора торгов и иных необходимых активов и процедур, с использованием которых заключаются сделки с эмиссионными ценными бумагами и иными финансовыми инструментами между членами данного организатора торгов (ст. 1 ЗРК «О рынке ценных бумаг» от 2 июля 2003 года № 461)
|
САУДА ЖҮЙЕСІ - сауда-саттықты ұйымдастырушының материалдық-техникалық құралдарының, ішкі құжаттарының және сол сауда-саттықты ұйымдастырушының мүшелері арасында эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасауда пайдаланылатын өзге де қажетті активтері мен рәсімдерінің кешені («Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ ҚРЗ 1-бап)
|
ТОРГОВЛЯ НЕСОВЕРШЕННОЛЕТНИМИ - купля-продажа несовершеннолетнего либо совершение иных сделок в отношении несовершеннолетнего в форме его передачи или завладения им (ст.133 УК РК от 16 июля 1997 года № 167)
|
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫ САУДАҒА САЛУ - кәмелетке толмаған адамды сатып алу-сату не кәмелетке толмаған адамға қатысты оны біреуге беру немесе оны иемдену түрінде өзге мәмілелер жасау (1997 жылғы 16 шілдедегі № 167 ҚР ҚК 133-бап)
|
ТОРГОВОЕ МОРЕПЛАВАНИЕ - деятельность по перевозке судами пассажиров, багажа и грузов, а также деятельность, связанная с использованием судов в иных коммерческих и некоммерческих целях (гидрографических, научных, гидротехнических, спасательных и других), за исключением военных и пограничных судов, используе-мых для выполнения возложенных на них функций (ст. 1 ЗРК «О торговом мореплавании» от 17 января 2002 года № 284)
|
САУДА МАҚСАТЫНДА ТЕҢІЗДЕ ЖҮЗУ - жолаушыларды, багаж бен жүкті кемемен тасымалдау жөніндегі қызмет, сондай-ақ өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін пайдаланылатын әскери және шекаралық кемелерді қоспағанда, кемелерді өзге де коммерциялық және коммерциялық емес (гидрографиялық, ғылыми, гидротехникалық, құтқарушылық және басқа) мақсаттарда пайдалануға байланысты қызмет («Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы № 284 ҚРЗ 1-бап)
|
ТОРГОВОЕ НАИМЕНОВАНИЕ ЛЕКАРСТВЕННОГО СРЕДСТВА - патентованное название, под которым регистрируется лекарственное средство (ст. 1 ЗРК «О лекарственных средствах» от 23 января 2004 года № 522)
|
ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ САУДАЛЫҚ АТАУЫ - дәрілік зат тіркелетін патенттелген атау («Дәрілік заттар туралы» 2004 жылғы 23 қаңтардағы № 522 ҚРЗ 1-бап)
|
ТОРГОВО-ПРОМЫШЛЕННАЯ ПАЛАТА - некоммерческая, негосударственная, самсфинансируемая и самоуправляемая организация, объединяющая на добровольной основе индивидуальных предпринимателей и (или) юридических лиц РК, а также их ассоциации (союзы) в целях создания благоприятных условий для развития предпринимательской деятельности, защиты их прав и законных интересов (ст. 1 ЗРК «О торгово-промышленных палатах» от 3 мая 2005 года № 47)
|
САУДА-ӨНЕРКӘСІП ПАЛАТАСЫ - кәсіпкерлік қызметті дамыту, ҚР жеке кәсіпкерлерінің және (немесе) заңды тұлғаларының, сондай-ақ олардың қауымдастықтарының (одақтарының) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында оларды ерікті негізде біріктіретін, коммерциялық емес, мемлекеттік емес, өзін-өзі қаржыландыратын және өзін-өзі басқаратын ұйым («Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» 2005 жылғы 3 мамырдағы № 47 ҚРЗ 1-бап)
|
ТОРГОВЫЙ АВТОМАТ - автоматизированное устройство, предназначенное для продажи товаров (ст. 10 ЗРК «О регулировании торговой деятельности» от 12 апреля 2004 года № 544)
|
САУДА АВТОМАТЫ - тауарларды сатуға арналған автоматтандырылған құрылғы («Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚРЗ 10-бап)
|
ТОРГОВЫЙ ДОМ - капитальное стационарное строение, в котором расположена совокупность торговых объектов и объектов общественного питания, управляемых как единое целое, предназначенное для торговой деятельности и обеспеченное торговыми, административно-бытовыми и складскими помещениями и площадкой для стоянки автотранспортных средств в пределах границ своей территории (ст. 10 ЗРК «О регулировании торговой деятельности» от 12 апреля 2004 года № 544)
|
САУДА ҮЙІ - біртұтас басқарылатын сауда объектілерінің және қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жиынтығы орналасқан сауда қызметіне арналған және сауда, әкімшілік-тұрмыстық және қойма үй-жайларымен және өз аумағы шекарасының шегінде автокөлік құралдарын қоюға арналған алаңмен қамтамасыз етілген тұрақты жұмыс істейтін күрделі құрылыс («Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚРЗ 10-бап)
|
ТОРГОВЫЙ ОБЪЕКТ - имущественный комплекс, используемый субъектами торговой деятельности для осуществления торговой деятельности (ст. 1 ЗРК «О регулировании торговой деятельности» от 12 апреля 2004 года № 544)
|
САУДА ОБЪЕКТІСІ - сауда қызметінің субъектілері сауда қызметін жүзеге асыру үшін пайдаланатын мүліктік кешен («Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚРЗ 1-бап)
|
ТОРГОВЫЙ РЫНОК - обособленный имущественный комплекс с централизацией функций хозяйственного обслуживания территории, управления и охраны, действующий на постоянной основе, изолированный от прилегающей территории, предназначенный для торговой деятельности и обеспеченный площадкой для стоянки автотранспортных средств в пределах границ своей территории (ст. 10 ЗРК «О регулировании торговой деятельности» от 12 апреля 2004 года № 544)
|
САУДА БАЗАРЫ - аумақта шаруашылық қызметін көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, тұрақты негізде жұмыс істейтін, маңындағы аумақтан бөлектенген, сауда қызметіне арналған және өз аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарын қою үшін алаңмен қамтамасыз етілген оқшауланған мүліктік кешен («Сауда қызметін реттеу туралы 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 ҚРЗ 10-бап)
|
ТОТАЛИЗАТОР - игорное заведшие, в котором заключается пари между участниками при посредничестве организатора игорного заведения (ст. 1 ЗРК «Об игорном бизнесе» от 12 января 2007 года № 219)
|
ТОТАЛИЗАТОР - ойын мекемесін ұйымдастырушының делдалдығы арқылы қатысушылардың арасында бәс тігу жасалатын ойын мекемесі («Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 219 ҚРЗ 1-бап)
|
ТРАНЗАКЦИОННЫЕ УСЛУГИ - деятельность по предоставлению электронных информационных ресурсов пользователям по их запросам или по соглашению сторон, требующая взаимный обмен информацией, проведение платежей и иные действия с применением электронной цифровой подписи (ст. 1 ЗРК «Об информатизации» от 11 января 2007 года № 217)
|
ТРАНЗАКЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ - электрондық ақпараттық ресурстарды пайдаланушыларға олардың сұрауы бойынша немесе тараптардың келісімі бойынша беру жөніндегі, өзара ақпарат алмасуды талап ететін, электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып төлемдер мен өзге де іс-әрекетті жүргізу жөніндегі қызмет («Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы № 217 ҚРЗ 1-бап)
|
ТРАНЗИТ - перемещение продукции под таможенным контролем через таможенную территорию Республики Казахстан (cт.1 ЗРК «Об экспортном контроле» от 18 июня 1996 года № 9)
|
ТРАНЗИТ - өнімге кедендік бақылау жасай отырып оны Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы өткізу («Экспорттық бақылау туралы» 1996 жылғы 18 маусымдағы № 9 ҚРЗ 1-бап)
|
ТРАНЗИТ НАРКОТИЧЕСКИХ СРЕДСТВ, ПСИХОТРОПНЫХ ВЕЩЕСТВ И ПРЕКУРСОРОВ - перемещение наркотических средств, психотропных веществ и прекурсоров из одного государства в другое государство через территорию третьего государства (ст.1 ЗРК «О наркотических средствах, психотропных веществах, прекурсорах и мерах противодействия их незаконному обороту и злоупотреблению ими» от 10 июля 1998 года № 279)
|
ЕСІРТКІ, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР МЕН ПРЕКУРСОРЛАР ТРАНЗИТІ - есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке үшінші мемлекеттің аумағы арқылы өткізілуі («Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» 1998 жылғы 10 шілдедегі № 279 ҚРЗ 1-бап)
|
ТРАНСГРАНИЧНОЕ ВОЗДЕЙСТВИЕ - вредные последствия, возникающие в результате количественного или качественного изменения трансграничных вод, вызываемого деятельностью человека, физический источник которых расположен полностью или частично на территории сопредельного государства или соседних государств (ст. 1 Водного кодекса РК от 9 июля 2003 года № 481)
|
ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӘСЕР - табиғи көзі шектес мемлекеттің немесе көршілес мемлекеттердің аумағында толық немесе ішінара орналасқан трансшекаралық сулардың адамның қызметінен туындайтын сандық немесе сапалық жағынан өзгеруі нәтижесінде пайда болатын зиянды зардаптар (2003 жылғы 9 шілдедегі № 481 ҚР Су кодексі 1-бап)
|
ТРАНСЛИТЕРАЦИЯ - побуквшная передача текстов и отдельных слов одной графической системы средствами другой графической системы (ст. 1 ЗРК «Оязыках в РК» от 11 июля 1997 года № 151)
|
ТРАНСЛИТЕРАЦИЯ - бір графикалық жүйедегі мәтіндер мен жекелеген сөздерді басқа графикалық жүйенің құралдарымен әріппе-әріп арқылы беру («ҚР тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151 ҚРЗ 1-бап)
|
ТРАНСЛЯЦИЯ - осуществление процесса передачи информации с использованием передающих радиоэлектронных средств, кабельных сетей и номиналов радиочастотного спектра для распространения телевизионных и радиопрограмм (ст. 2 ЗРК «О связи» от 5 июля 2004 года № 567)
|
ТРАНСЛЯЦИЯ - телевизия және радио бағдарламаларын тарату үшін таратушы радиоэлектрондық құралдарды, кәбілдік желілер мен радиожиілік спектрінің номиналдарын пайдалана отырып, ақпарат тарату процесін жүзеге асыру («Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі № 567 ҚРЗ 2-бап)
|