5
Ақауларды жою
Пайдаланушы нұсқаулығы
Пайдаланушы нұсқаулығына принтерді пайдалану және ақауларды жою
туралы ақпарат кіреді. Оны принтердің ықшам дискісінен және мына веб-
тораптан алуға болады:
1.
www.hp.com/support/ljM426MFP
немесе
www.hp.com/support/ljM427MFP
бетіне өтіңіз.
2. Manuals (Нұсқаулықтар) түймешігін басыңыз.
Windows жүйесі үшін ұсынылған бағдарламалық құралды орнату
барысында пайдаланушы нұсқаулығы компьютерге көшіріледі.
Windows
®
XP, Windows Vista
®
және Windows
®
7
Start (Бастау) түймешігін басып,
Programs (Бағдарламалар) немесе
All Programs (Барлық бағдарламалар),
HP тармағын таңдаңыз,
HP принтері үшін қалтаны, одан кейін Help (Анықтама) тармағын таңдаңыз.
Windows
®
8
Start (Бастау) экранында, экранның бос аймағын тінтуірдің оң жақ
түймесімен басып, бағдарламалар тақтасынан All Apps (Барлық
бағдарламалар) тармағын таңдаңыз, одан кейін принтердің аты бар
белгішені басыңыз да, Help (Анықтама) тармағын таңдаңыз.
Микробағдарлама жаңартуларын тексеру
1. Принтердің басқару тақтасында OK түймешігін басыңыз.
2. Services (Қызметтер) мәзіріне жылжып, OK түймешігін басыңыз.
3. LaserJet Update (LaserJet жаңартуы) тармағын таңдаңыз.
4. Check for Updates Now (Жаңартуларды қазір тексеру) тармағын
таңдаңыз.
Басқару панелінің анықтамасы
Анықтама бөлімдерін ашу үшін принтердің басқару тақтасындағы Help
(Анықтама) түймешігін түртіңіз.
Қосымша қолдау ресурстары
HP компаниясының принтерге арналған толық анықтамасын алу үшін
www.hp.com/support/ljM426MFP
немесе
www.hp.com/support/ljM427MFP
бетіне өтіңіз.
• Проблемаларды шешу
• Кеңейтілген конфигурация нұсқауларын табу
• Бағдарламалық құрал жаңартуларын жүктеп алу
• Қолдау форумдарына қосылу
• Кепілдік және нормативтік ақпаратты табу
• Мобильді басып шығару ресурстары
Сымды (Ethernet) желі қосылымы
•
Дұрыс ұзындықтағы кабельді пайдаланып, принтердің дұрыс желілік
портқа жалғанғанын тексеріңіз.
•
Желілік порттың жанындағы шамның жанып тұрғанын тексеріңіз.
•
Компьютерде баспа драйвері орнатылғанын тексеріңіз.
•
Желі ақпаратын жіберу арқылы желі байланысын тексеріңіз:
Windows
Start (Бастау) >
Run (Іске қосу) тармағын таңдаңыз.
cmd деп теріп
Enter пернесін басыңыз.
«Ping» деп теріңіз, бос орын енгізіңіз,
принтердің IP мекенжайын теріңіз, одан кейін Enter пернесін басыңыз.
IP мекенжайының үлгісі: 192.168.0.1
OS X
Желі утилитасын ашып, жаңғырықты тексеру аймағына IP
мекенжайын теріңіз. Enter пернесін басыңыз. IP мекенжайының
үлгісі: 192.168.0.1
•
Егер терезе ақпарат жіберу уақытын көрсетсе, онда желі жұмыс
істейді.
•
Егер ping жұмыс істемесе, принтерді қайта қосып, қосылым
қадамдарының барлығын қайтадан тексеріп көріңіз.
Сымсыз желі қосылымы (тек dw және fdw
сымсыз үлгілері)
•
Желі кабелі ажыратылғанын тексеріңіз. Желі кабелі қосылып
тұрғанда, принтер сымсыз желіге қосыла алмайды.
•
Принтер мен сымсыз маршрутизатордың қосылып тұрғанын және
қуаты бар екенін тексеріңіз. Сымсыз қосқыштың қосылып тұрғанын
да тексеріңіз.
•
Принтер сымсыз желінің ауқымында екенін тексеріңіз. Көптеген
желілер үшін принтер сымсыз кіру нүктесінің (сымсыз маршрутизатор)
30 м (100 фут) ауқымында болуы тиіс.
•
Компьютерде баспа драйвері орнатылғанын тексеріңіз.
•
Компьютер мен принтердің бірдей сымсыз желіге қосылғанын
тексеріңіз.
•
Mac үшін сымсыз маршрутизатордың Bonjour желісін
қолдайтындығын тексеріңіз.
•
Сымсыз маршрутизаторды қайта қосыңыз.
Факс ақауларын жою (тек fdn және fdw үлгілері)
Жалғанғанын тексеру
•
Телефон сымының принтердің артындағы факс портына және
розеткаға жалғанғанын тексеріңіз.
•
Қосымша телефон немесе басқа қосымша құрылғы үшін телефон
сымының принтер артындағы телефон портына және құрылғыға
жалғанғанын тексеріңіз.
•
Теру үні анықталмағандықтан немесе желі бос емес болғандықтан
телефоннан қоңырау шала алмасаңыз, басқа телефон желісіне
жалғаңыз.
•
Fax over IP қызметі үшін факс жылдамдығын азайтып принтердің
басқару тақтасындағы
Fax Settings (Факс параметрлері) мәзірінен
Error Correction Mode (Қателерді түзету режимі) опциясын
ажыратыңыз.
Принтердің факс параметрлерін тексеру
•
Телефон компаниясынан немесе қызмет провайдерінен дауысты
пошта қызметін пайдалансаңыз, принтердің
Rings to Answer (Жауап
беруге арналған қоңырау үндері) параметрі үшін автожауапбергішке
қарағанда азырақ қоңырау үні орнатылғанын тексеріңіз.
•
Егер бірнеше телефон нөмірлері үшін бірдей телефон желісі
тағайындалып, желі бірнеше құрылғылар үшін ортақ болса, принтер
үшін дұрыс ерекше қоңырау үні параметрі орнатылғанын тексеріңіз.
Принтердің факстарға жауап беру және басқа қоңырау үні түрлерін
елемейтін параметрді пайдаланыңыз.
•
Факс жылдамдығы параметрін Орташа (V.17) немесе Баяу (V.29)
күйіне реттеу факс жіберу мүмкіндігін жетілдіреді.
Marlin_GSG_EAC_C5F98-90013.indd 5
1/25/2016 11:11:54 PM