Лекция 1. LEGO mindstorms EV3 education робот техникасы алғашқы қадамдары
EV3 модулі
Экран EV3 модулінің ішінде не болып жатқандығын көрсетеді, және модульдің интерфейсін қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол, мәтін және сандық немесе графикалық жауаптарды сіздің бағдарламаңызға немесе тәжірибеге қосуға мүмкін береді. Мысалы, сіз салыстырмалы жауап үшін, көңілді түр (немесе мұңды түр) немесе математикалық есептеулердің («Экран» блогын пайдалану туралы қосымша ақпаратты EV3 бағдарламалық қамтамасыз етудің «Анықтама» мәзірінен таба аласыз) нәтижелері болып табылатын санды көрсетіп тұратындай етіп экранды бағдарламалап қоя аласыз.
Модульді басқару түйешіктеріEV3 модулінің интерфейсі бойынша ауысуға мүмкіндік береді. Оларды сонымен қатар бағдарламалаушы белсендіргіш ретінде қолдануға болады. Мысалы, сіз роботты «Жоғары» түймешігін басылып тұрғанда, ол қолдарын көтеретіндей етіп, немесе оларды «Төмен» түймешігі басылып тұрғанда түсеретіндей етіп бағдарламалай аласыз (Қосымша ақпаратты«Модульді басқаруда түйешіктерді қолдану» тарауында қарай аласыз, EV3 бағдарламалық қамтамсыз ету мәзіріндегі «Анықтамада».
Модульді басқару түймешіктері
1. Артқа
Бұл түймешік әрекеттерді қайтару үшін , орындалып жатқан бағдарламаны тоқтату және EV3 модулі жұмысын аяқтау үшін қолданылады.
2. Орталық
Орталық түймешікті басу, әртүрлі сұраныстарды - жұмысты аяқтау, қажетті түзетулерді таңдау немесе модульдің қолданбалы бағдарламасында блоктарды таңдауды растайтынын (ОК) білдіреді. Мысалы, сіз бұл түймешікті жалаушаны орнату үшін баса аламыз.
3. Солға, Оңға, Жоғары, Төмен
Бұл төрт түймеше EV3 модулінің мазмұны бойынша ауысу үшін қолданылады.
Модуль жағдайының индикаторы, модульді басқару түймешіктерінің қасында орналасқан, EV3 модулінің ағымдық жағдайы туралы хабарлайды. Индикатордың түсі жасыл, қызғылт сары немесе қызыл болуы мүмкін, және ол жыпылықтауы мүмкін. Модуль жағдайының индикатордың келесідей кодтары бар:
Қызыл = жіберу, жаңару, жұмыстың аяқталуы
Қызыл жыпылықтаушы = бос емес
Қызғылт сары = хабарлау, дайын
Қызғылт сары жыпылықтаушы = хабарлау, жұмыс істейді
Жасыл = дайын
Жасыл соғып тұрушы = бағдарлама орындалуда
Сонымен қатар сіз, модуль күйінің индикаторын, әртүрлі шарттар (модуль деңгейі индикаторы блогын пайдаланған туралы толығырақ ақпаратEV3 бағдарламалық қамтамасыз етудің «Анықтама» мәзірінде келтірілген) орындалып жатқан уақытта, әртүрлі түстермен жанып, соғып тұратындай етіп бағдарламалай аласыз.
EV3 модуліне батарея орнату
EV3 модуліне AA/LR6 түрлі алты батареясы қажет. АА түрлі аккумуляторлы литий-ионды немесе шертпе батареяларды пайдалану ұсынылады.
АА түрлі батареяларды орнату үшін, бүйіріндегі екі пластикті тетікшеге басып, EV3 модулінің арт жағынан аккумуляторлы бөліктің қақпағын алыңыз. АА түрлі алты батареяны қойып, аккумуляторлы бөліктің қақпағын орнына орнатыңыз.
Батареялар туралы кейбір маңызды мағлұматтар:
+ Әртүрлі батареяларды ешқашан бірге қолданбаңыз (оған қоса, ескісі мен жаңасын араластырмаңыз).
+ Ол қолданылмаған кезде, EV3 модульінен батареяларды алып тастаңыз.
+ Зақымдалған батареяларды мүлдем қолданбаңыз.
+ Үлкендердің қадағалауымен, сәйкес келетін қуаттандырғыш қондырғысын пайдаланыңыз.
+ Қуаттандыру қажет емес батареяларды, қуаттандыруға тырыспаңыз.
Ескерту. Егер, батарея қуатының деңгейі төмен болса, онда модуль жағдайының индикаторы «Бастау» түймесін басқаннан кейін де қызыл болып қала береді, алайда экранда осы уақытқа дейін «Іске қосу» көрсетіліп тұр.
Энергия үнемдеу тәсілдері
+ Модуль қолданылмай тұрғанда, батареяны уақытша алып тастаңыз. Батареяның әрбір жиынтығын, оларды бірге қолдануға болатындай, жеке контейнерде сақтаңыз.
+ Дыбыстың қаттылығын азайтыңыз.
+ Ұйқы кезең параметрін түзеңіз.
+ Қолданылмаған кезде, Bluetooth бен Wi-Fi ағытыңыз.
+ Моторларды пайдасыз тоздырудан аулақ болыңыз.
EV3 модульінің қосылуы
EV3 модулін қосу үшін, ортаңғы түймені басыңыз. Түймені басқаннан кейін, модуль күйінің қызыл индикаторы жанады және іске қосу терезесі шығады.
Индикатор жасыл болғанда, сіздің EV3 модульіңіз жұмысқа дайын.
EV3 модульін сөндіру үшін, «Артқа» түймесін, жұмыстың аяқталуы терезесін көрмегенше басыңыз.
«Х үзу» үлгісі таңдалатын болады. «Оңға» түймесінің көмегімен «Қабылдау» нұсқасын таңдап алыңыз, кейін орталық түймені басыңыз (ОК). Енді сіздің EV3 модульіңіз сөндірулі. Х нұсқасы таңдалғанда, егер де сіз ОК бассаңыз, сіз «Соңғысын жіберу» терезесіне қайта ораласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |