Рудный қаласы әкімдігінің


ХҚКО ғимараты, Космонавтов даңғылы, 12



жүктеу 4,82 Mb.
бет5/6
Дата23.11.2018
өлшемі4,82 Mb.
#23926
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

1 ХҚКО ғимараты, Космонавтов даңғылы, 12;

2 ХҚКО ғимараты, Корчагин көшесі, 86;

«Қазақтелеком» АҚ сервис орталығының ғимараты, Ленин көшесі, 93;

Рудный қаласы әкімдігінің ғимараты, Ленин көшесі, 95;

Қашар кенті әкімдігінің ғимараты, № 1 шағынаудан, 43 (2013 жылдан бастап үкіметтің электрондық қызметіне қоғамдық қолжетімділік пункті Қашар кенті әкімдігінің ғимаратынан Қашар кенті, № 1 шағынаудан мекенжайындағы «Халыққа қызмет көрсету орталығының» ғимаратына көшірілді).


Әрбір қоғамдық қолжетімділік пунктіне ҚР Үкіметінің www.e.gov.kz интернет-ресурсы жүктелген, қажет болған жағдайда пайдаланушылар облыс әкімінің www.e.kostanay.kz интернет-ресурсына немесе қала әкімінің www.rudny.gov.kz интернет-ресурсына ауыса алады, онда олар өздерін қызықтыратын ақпаратпен таныса және виртуалды қабылдау бөлмесінің қызметтерін пайдалана алады.

Бәсекелестікті дамыту мақсатында қойылған міндеттерге атқарушы органның жетуі үшін бағдарламаның негізгі бағыттары ретінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту болып табылады.

«Рудный қаласының 2007-2008 жылдарға арналған электрондық әкімдігін құрудың қалалық бағдарламасын» іске асыру шеңберінде мынадай бағыттар бойынша іс-шаралар орындалды:

техникалық жабдықтау;

Рудный қаласы әкімінің ресми интернет-порталын әзірлеу және жаңғырту;


электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін (ЭҚАБЖ) енгізу;

«е-әкімдік», «ХҚКО ЫАЖ» ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;


Рудный қаласы әкімдігі мемлекеттік мекемелерінің жұмыс орындары 100% компьютермен жабдықталған (олардың көбінде Dual Core Pentium IV процессоры бар, сондай-ақ Intel Core i3, i5 процессоры да бар).

2008 жылы Рудный қаласы әкімдігінің ғимараттары (Ленин көшесі, 95), «Рудный қалалық білім бөлімі» ММ (Ленин көшесі, 30), «Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (Пионерская көшесі, 21) және Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимараты (Космонавтов көшесі, 12) арасында көліктік орта құру жөніндегі жұмыс өткізілді, ол қала әкімдігінің барлық ведомстволық мемлекеттік мекемелерін бірыңғай желіге біріктіруге мүмкіндік береді.

2014 жылы «Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ компьютерлік техникамен техникалық жабдықталуы 100 %-ға жетті, Интернет желісіне шығу 1 Mb/s өткізу қабілеті бар байланыс арналарында ұйымдастырылған.

Сондай-ақ, «Қазақтелеком» АҚ бірлесіп «Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ мен облыстық, аудандық деңгейдегі мемлекеттік органдардың арасында электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін кейін енгізіп, IP VPN технологиясы бойынша байланыс арналарын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар өткізілді.

Рудный қаласы әкімдігінің ғимаратында (Ленин көшесі, 95) орналасқан мемлекеттік мекемелер бірыңғай жергілікті тораппен жұмыс істейді. Оның жұмысы үшін «Windows 2030 cервер» бағдарламалық жасақтамасы, «Lan2Net» интернетке қатынауды шектеу бағдарламасы, «NOD32» вирусқа қарсы бағдарламалық жасақтамасы, үшінші деңгейлі Cisco маршруттауышы, Intel Xeon жабдығының сервері сатып алынды. Қала әкімдігінің ғимаратынан тыс жерде орналасқан мемлекеттік органдармен 1 Gb/s өткізу қабілеті бар оптоталшықты кабель арқылы байланысты ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізілді.

Internet желісіне шығу және электрондық поштамен жұмыстар ADSL модемі арқылы жүзеге асырылады (жылдамдығы1 Mbit/с). Әрбір мемлекеттік мекемеде электрондық поштамен жұмыс істеуге жауапты тұлға тағайындалған. Мемлекеттік мекемелердегі іс жүргізудің тиімділігі мен айқындылығын арттыру және қағаз құжат айналымын төмендету мақсатында Рудный қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелеріне 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ) енгізілді. ЭҚАБЖ жұмысының шеңберінде «Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ-де 26 жұмыс орны қосылды, электрондық цифрлық қолтаңбаның иелері Рудный қаласының әкімі, қала әкімінің 2 орынбасары, Рудный қаласы әкімі аппаратының басшысы, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы және 3 қызметкері болып табылады. Рудный қаласы әкімдігінің ЭҚАБЖ азаматтардың өтініштерін қабылдау сервисі жұмысының бөлімінде «Электрондық үкіметтің» порталымен біріктірілген.

Интернет желісіне мемлекеттік және орыс тілдерінде Рудный қаласы әкімінің www.rudny.gov.kz ресми интернет-ресурсы енгізілген және жұмыс істейді.

Күн сайын интернет-ресурсының жаңалық лентасы жаңартылып тұрады.

Сондай-ақ, интернет-ресурсында Рудный қаласының мемлекеттік мекемелерінің мекенжайлары мен телефондары туралы ақпарат, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары бойынша ақпарат орналастырылған, азаматтарды әкімнің және орынбасарларының қабылдау кестесі, Рудный қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелеріндегі бос орындар туралы ақпарат орналастырылған. Қала әкімнің «виртуалды қабылдау бөлмесі» жұмыс істейді. Интернет-ресурсында қала туралы статистикалық ақпарат, тарихи анықтама бар, фотогалерея орналасқан. ҚР Президенті мен Үкіметінің интернет-ресурстарына сілтемелер бар. ҚР Президентінің халыққа Жолдауының және басқа да ақпараттардың мәтіні жарияланған. Орташа есеппен қала әкімінің интернет-ресурсы айына 1500 рет қаралады.

Мемлекеттік органдардың интернет порталында (МОИП) пайдаланушыларды тіркеу және штаттық кестеге сәйкес анықтамалықтарды жаңарту жүргізіледі.


Бұқаралық ақпарат құралдарында электрондық қызмет және оған қол жетімділік жарнамаларын орналастыруға үлкен көңіл бөлінуде. Осылайша «Рудненский рабочий» газетінде «Казахстан On Line», «Взаимодействие населения с «электронным правительством» мақалалары жарияланды, «Реальные ответы на реальные вопросы» ақпараттық материалы орналастырылды. Рудный қаласы ұйымдары мен кәсіпорындарының сайттары адрестерінің тізімін қалыптастыру туралы хабарлама жарияланды.


Қалада ақпараттандыруды дамытудың жетістіктері:

Ақпараттандырудың процесін әрі қарай дамыту ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуды, әкімшілік кедергілерді қысқартуды және ақпараттық ресурстарды қорғауды көздейді, атап айтқанда:

электрондық мемлекеттік қызметті алу және көрсету аясында қала тұрғындарының 40 %, мемлекеттік қызметшілердің 100 % компьютерлік сауаттылыққа оқытылатын болады;

қаланың жергілікті атқарушы органдарындағы ведомствоаралық және ішкі ведомстволық электрондық құжат айналымының үлесі 100 % дейін жеткізіледі;

мемлекеттік органдардың қолданыстағы және жаңадан құрылған ақпараттық жүйелері мен ресурстарын тиімді қорғау 100 % жүзеге асырылатын болады;

электрондық мемлекеттік қызмет алатын қанағаттандырылған тұтынушылардың үлесі 100% жетті.

электронды сұранысқа бірінші өтінген адам 99% рұқсат ала алады;

қала әкімдігінің мемлекеттік органдарының Интернет-ресурстарына қол жеткізу деңгейі 100% қамтамасыз етілді.


Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау

Күшті жақтары (S)

1. Телекоммуникация қызметтерін дамыту жүйесі.

2. Жаңа цифрлық технологиялармен ауыстыра отырып АТС жетілдіру.


Әлсіз жақтары (W)

1.Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның біркелкі емес дамыту, тұрғындардың цифрлық сауаттылығының жеткіліксіздігі.

2. Кең ауқымды интернет жүйесіне және телефон байланысына қол жеткізуді қамтамасыз ету деңгейінің толық еместігі.


Мүмкіндіктері (О)

1. «Ақпараттық Қазақстан - 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін архитекторлық тәсіл негізінде қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қолжетімділікті қамтамасыз ету және ақпараттық-коммуникациялық технологияны енгізу арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру.

2. 100 тұрғынға белгіленген телефон байланысының тығыздық деңгейін 36,3% жеткізу.

3. Интернет пайдаланушыларының үлесін 73,4 % дейін жеткізу.



Қауіп-қатерлері (Т)

1. Ұялы байланыс телефонына ауысуына байланысты белгіленген байланыс желісі абоненттері санының төмендеуі.




Негізі мәселелер

Кең ауқымды интернет желісінің толық дамымауы.

Белгіленген телефон байланысына абоненттер тығыздығының төмен деңгейі.

Даму тенденциясы

Телекоммуникация инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту.

Мемлекеттік секторда ақпараттық технологияларды қолданудың тиімділік деңгейін арттыру.

Көлік инфрақұрылымы

Көлік

Қостанай облысының аумағы бойынша Қазақстанның негізгі көліктік дәлізі өтіп жатыр. Астана – Қостанай – Челябі – Екатеринбург полимагистралды байланысы, Алматы – Екатеринбург транзитті автодәліз. Қаланың сәтті орналасуы ауа авиажелісінен (әуежай 45 километрде орналасқан) және теміржолдық (Желозорудная стансасы) магистралды жақын орналасумен маңызды. Рудный қаласынан 50 километр жерде бес бағыт: Қостанай, Қарталы, Астана, Арыстансор, Жітіқара жұмыс істейтін Тобол теміржол торабы орналасқан.

33 қалалық маршрут 194 автобус және 8 шағынавтобустар қызмет көрсетеді. Маршурттардың жалпы ұзындығы 393,2 километрді, бір маршурттың орташа ұзындығы 11,9 километрді құрайды. Осы маршруттар бойынша қаланың барлық қалалары қамтылған, сонымен қатар әкімшілік қарамағында (Перцев кенті, Фабрикалық – зауыттық бірлестік, Горняцк кенті және Железорудная стансасы) тұрған қала мен елді мекендер арасында байланысты қамтамасыз етеді.

Жолдар

Автомобильдік жолдар – қаланың көліктік – коммуникациялық кешенінің маңызды элементтерінің бірі, тиімді жұмыс және орнықты даму экономиканың өсуіне, деңгейінің өсуіне және халықтың өмір сүру жағдайының жақсаруы қазіргі заманғы жағдайда маңызды фактор болады.

Қаланың облыстық және аудандық маңызы бар автомобильдік жолдар жүйесі 136,498 км, соның ішінде: қатты жабумен – 92,798 км, құммен – 43,7 км, 8 көпір.

Автожолдардың облыстық және аудандық жүйесі бойынша жөндеу аралық мерзімнің нормативіне жету үшін жылсайын 5-7 км қара жабудың күрделі жөндеу жүргізу керек. Салалардың басты техникалық мәселесі – жол жабудың ілгерілік жетпіспеушілігіне әкеп соғады. Қаладағы жолдардың бас бөлігі автомобильдің осі 6 тотннадан аспайтын салмақта 60-80 жылдары жобаланған және салынған. Қазіргі күнгі салмақ 10-12 тонна дейін. Облыстық және аудандық маңызы бар жолдар бойынша осы салмақты асыратын жүгі көп көліктің қозғалыстың кішкене қарқыны ғана әрі қарай бұзылуды сақтап отыр.

Рудный қаласы жолдарының жалпы ұзындығы 136,5 км құрайды. Ұзындығы 81,9 км жолдар жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда, бұл жалпы ұзындықтан 60 % құрайды; 54,6 км немесе 40%-ықанағаттандырмайтын жағдайда.

2013 жыл мен 2014 жыл аралығында Топорков көшесінен Қашар көшесіне дейінгі ұзындығы 3,46 км болатын Корчагин көшесін қайта жаңарту жобасы іске асырылды, сонымен қатар 2015 жылы Студенческий даңғылынан темір жол вокзалына дейінгі ұзындығы 3,43 км болатын 50 лет Октября көшесін қайта жаңарту жобасы іске асырылды.

2014 жылы автожолдың 13593,8 ш.м. жүретін бөлімін төсем төсеуді, 2102,1 ш.м. автотұрақты, 185 п.м бортты тастарды ұйымдастырып, Темір жол станциясына кірме жолдарды орташа жөндеу жұмысы жүргізілді.

Мынадай объектілер бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленді:

- «Рудный қаласында Корчагин к. бастап айналып өтетін жолға дейінгі шекарадағы Қашар к. қайта жаңарту»;

- «Парк к. бастап Топорков к. дейінгі шекарадағы Горняков к. қайта жаңарту» және «Восточная к. салу»;

- «Рудный қаласында Мир к. бастап П. Корчагин к. дейінгі шекарадағы Володарский көшесін қайта жаңарту».

2016 жылы «Рудный қаласында 50 лет Октября көшесінен бастап Балықты көшесіне дейінгі шекарадағы Фролов көшесін салу» жұмыс жобасы бойынша жобалық (іздестіру) жұмыстары жүргізілді.

2013 жыл мен 2016 жыл аралығында қала жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Рудный қаласында мынадай іс-шаралар жүргізіледі:




Іс-шара

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Махалла іші кірме жолдарын ағымдағы жөндеу, ш.м

132265

99379

26655

Төгуге рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою

7010 ш.м

21020 ш. м

5082 тонна

Рудный қаласының балалар ойын алаңдарында шағын сәулет нысандарын орнату, алаңдар саны

8

9

2

Су құбыры және кәріз жүйелерін ағымдағы жөндеу, км

1,58

3

1,863

Жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу, км

-

4,914

3,45

Нөсер кәрізін ағымдағы жөндеу, км

-

1,2

-

Ленин к. бойындағы фонтандарды ағымдағы жөндеу, бірлік

-

3

-


Махалла аралық жолдарды орташа жөндеу, ш.м

-

-

22708

Тобыл өзенінің сайлары мен алқаптарын қоқыстан тазалау

11779,7






Экономиканың орнықты дамуы үшін көліктік – коммуникациялық жүйені жаңарту қажет. Сондай-ақ, қатты жабумен облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жаңарту және күрделі жөндеу; жол бойындағы автосервис деңгейін дамыту; жол бойғы автосервис деңгейін дамыту; Ресейдің шекаралас облыстарына шығар жолдарды жаңғырту қажет.


Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау

Күшті жақтары (S)

1. Өткізу қабілетінің резервтері.




Әлсіз жақтары (W)

1.Физикалық және моральді тұрғыда инфрақұрылымның негізгі заттарының тозуы.

2. Инновацияларды және автоматты кезеңдерді енгізудің төмен деңгейі.


Мүмкіндіктері (О)

1.Мемлекеттік-жеке серіктестік механизмін дамыту.

2.Автомобиль жолдарының, көпірдің көлік-пайдалану көрсеткіштерінің жақсаруы және оны пайдаланудың артуы.

3. Автомобиль жолдары жүйелерін сақтау және дамыту.

4. Автомобиль жоларын қайта жаңарту және күрделі жөндеуден кейін жөндеу аралық мерзімдерін сақтау.

5. Автожол саласына сапаны басқарудың халықаралық стандарттарын енгізу.



Қауіп-қатерлері (Т)

1. Ішкі және сыртқы коньюнктураны төмендету мүмкіндігіне байланысты макроэкономикалық қауіптер.

2. Бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы.

3. Баға қауіпі.

4. Заңнамалық қауіптер.

5. Техногенді және экологиялық қауіптер.

6. Кадрлық қауіптер.

7. Қолда бар жолды пайдалану техникасының жоғары тозуы.




Негізгі мәселелер

Жол жүйелерін қалпына келтіру үшін қаржының жетпеуі және оны ұстау бойынша ағымдағы шығындармен қамтамасыз ету.

Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының тозуы.

Жол бетінің тозуы, атап айтқанда қала жолдарының көп бөлігі 60-80 жылдары жоспарланған және салынған, автомобиль білігіне 6 тоннадан жоғары емес жүк көтеруге есептеліп қалыптасқан, ол бүгінде білік 10-12 тонна жүкке жеткізілген және жүк көлігі мен жолаушыларды тасымалдау 50% келеді.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Газбен жабдықтау

Жалпы ұзындығы 184,87 километр болатын газ тарататын құбырлар және оларға құрылыстар «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қызметінде.

  Облыстың магистралдық газ құбыры 25% жетілген, яғни табиғи газды тасымалдау көлемін ұлғайту бойынша маңызды қор бар. Сондықтан елді мекендерді газдандыруды жалғастырудың қажеттілігі туындайды.

Қаланың газбен жабдықтау жүйесінің әрі қарай дамуына сыртқы да, ішкі де фактор әсер етеді. Оң факторлар қатарына мыналар жатады:

Газбен жабдықтау бойынша инвестициялық жобаға республикалық және жергілікті бюджеттен ақшалай қаржының және инженерлік коммуникацияны дамытуға мақсатты трансферттер бөлу;

Материалдық және еңбек ресурстары бар техникалық құралдармен жабдықталған ұйымның жобалық – жөндеудің барлығы;

Газ жүйесі тозуының төмен пайызы (30%-дан аспайтын).

Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау



Күшті жақтары (S)

1. Тұтынушыларды табиғи газбен қамтамасыз ету мүмкіндігімен газ инфрақұрылымын дамыту.



Әлсіз жақтары (W)

1. Газ тарататын жабдықтарының, махалла іші жүйелерінің қанағаттандырмайтын техникалық жағдайы тұрғандар өмірі мен денсаулығына қауіпті болып табылады.



Мүмкіндіктері (О)

1. Жаңа абоненттерді қосу мүмкіндігімен газ құбыры жүйелерін салу.

2. Жылу көздерін осы отын түрін пайдалануға аудару өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға айтарлықтай мүмкіндік туғызады.


Қауіп-қатерлері (Т)

1. Орталықтандырылған газбен жабдықтау жүйелерін салу және қолда барын қалпына келтіру бойынша іс-шараларды жеткіліксіз қаржыландыру.





Негізгі мәселелер:

Қаланың барлық аудандары толық табиғи газбен қамтылмаған.

Газ тарататын жабдықтар жүйелерінің қанағаттандырмайтын техникалық жағдайы.

Электр энергетикасы

2013 жылы 1722 млн. кВтч, 2014 жылы 1607, 5 кВтч электр энергиясы өндірілді. 2013 жылы 1722 млн. кВтч өндірілді. Қаланы электрмен жабдықтауды «РудненскаяЭнергоКомпания» ЖШС жүзеге асырады.

35-220 кВ жүйелері бойынша электр энергиясын беруді «Жарық Жол» ЖШС жүзеге асырады.

Қолданыстағы қосалқы станциялар саны – 218. Әуе жүйелерінің жалпы километражы 725 км құрайды.

Негізгі энергия өндіретін көз: «ССКӨБ» АҚ Рудный ЖЭО, қуаттылығы 267 МВт. Электр энергиясын өндіретін кәсіпорынның жеке қажеттіліктерін жабу үшін пайдаланады.

Рудный қаласы энергия жетпейтін қалалар санатына жатады. Қазіргі уақытта электр энергиясын пайдаланушылар мен Екібастұз энергокешенімен оның есебінен тасымалдау арқылы өндіру арасындағы айырмашылықты жабуға мәжбүр. Рудный ЖЭО 63 МВт қуатты алтыншы энергоблогы электр энергиясының жетіспеушілік мәселесін шешпейді.

Алдағы жылы энергияны көп қажет ететін кәсіпорындарды енгізу жоспарланған, соның ішінде: темір қалдықтарының зауыты, цемент зауыты, басқа өндірістер.

Энергетиктер үшін энергетикалық құрылғылардың жоғары тозуы проблема болып отыр, электр құрылғысын пайдаланудың тозуы: ВЛ-10 кВ – 82 %, ВЛ-0,4 кВ – 85 %, КЛ-10-0,4 кВ – 71 % құрайды.

Қолданыстағы электр жүйесі шаруашылығының тозуы жаңа қуатты енгізу екпінін асырады, ал ол құрылғының апатты бас тарту санынның өсуіне және жүйелерде техникалық айырылуға әкеп соғады.

2015 жылы «Гагарин көшесінен 50 лет Октября көшесіне дейінгі шекарадағы Ленин көшесін жарықтандыру жүйелерін салу» жұмыс жобасы және «Ленин көшесінен Сандригайло көшесіне дейінгі шекарадағы Мир көшесін жарықтандыру жүйелерін салу» жұмыс жобасы бойынша жобалық-іздестіру жұмыстары жүргізілді.

«Топорков көшесінен Гагарин көшесіне дейінгі шекарадағы Ленин көшесін электрмен жабдықтау жүйелерін салу»; «50 лет Октября көшесінен Комсомол даңғылына дейінгі шекарадағы Студенческий даңғылына жарықтандыру жүйелерін салу»; «Жолдағы сақинадан» Ленин көшесіне дейінгі шекарадағы Комсомол даңғылын жарықтандыру жүйелерін салу», «Сандригайло көшесі бойынша жарықтандыру жүйелерін салу» обектілері бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу және мемлекеттік сараптама жүргізу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Электр энергиясын пайдаланудың өсуі байқалады.



Энергия үнемдеу

Экономикалық өсудің екпіні және экономиканы әртараптандыру энергетикалық секторға маңызды қысым көрсетеді. Электр энергиясын пайдалану құрылымы пайдаланудың негізгі бөлігі өнеркәсіптік кәсіпорынға келеді – 66%, елді мекен - 8%, басқа - 26%. Өнеркәсіп салыстырмалы энергияны көп қажет ететін сала болып табылады және энергия үнемдеудің маңызды шамасы.

Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрілігінің бұйрығымен бекітілген электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі енгізу кестесіне Қостанай облысының алты кәсіпорны, соның ішінде: «Соколов Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» енеді, онда электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі жобасы орындалған.

Энергия үнемдеуді қамтамасыз ету бойынша шаралардың бірі есептеу құрылғысын орнату болып табылады. Бүгінгі күні есептеу құрылғысымен қамту 97,5% құрайды.

Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау


Күшті жақтары (S)

1. Қуаттылығы 220-500-1150кВ электр беру сызығы жүйесінің дамытылған схемасы.

2. Жедел диспетчерлік басқарудың орталықтандырылған жүйесі.

3. Электр энергиясының көтерме-бөлшек нарығының тиімді қызмет етуі үшін нормативтік-құқықтық база қалыптасқан.



Әлсіз жақтары (W)

1. Электрмен жабдықтау инфрақұрылымы тозуының жоғары деңгейі. (60-80%).

2. Саланы қаржыландыруды қысқарту, экономикалық жағдай қиындағанда даму бағдарламасын тоқтату.



Мүмкіндіктері (О)

1. Қайта жандандырылатын көздерді дамыту болашағы.

2. Электрмен қамтамасыз ету объектілерін жетілдіру.


Қауіп-қатерлері (Т)

1.Қолда бар жүйелердің ескіруі.





Негізгі мәселелер:

Электрмен жабдықтау инфрақұрылымы тозуының жоғары деңгейі (60-80%).

Жоғары қуаттылық объектілерін жөндеу үшін мемлекеттік инвестицияларды қысқарту.

Жылумен жабдықтау

Қалада жылумен жабдықтау және электрмен жабдықтау құрылымы жылу және электр энергиясының ірі көздерімен орталықтандырылған жүйесі базасында қалыптасқан. Жылумен жабдықтау жүйесінің тозу пайызы – 40%.

Рудный қаласында жылумен жабдықтау кәсіпорны «ССКӨБ» АҚ ЖЭО болып табылады. Жылу электр орталығының қуаты - 930 Гкал/сағ, Қашар жылу орталығы - 50 Гкал/сағ. Пайдаланатын отын – көмір. Қаланың жылу электр орталығында 5 бу және 5 су қыздыратын қазандықтар қолданады, Қашар жылу орталығында – 2 қазандық.

Энергия беретін ұйым «Рудненская теплосеть» ЖШС болып табылады. Осы кәсіпорынның балансында жылу жүйесі бар.

Жылу жүйелерінің ұзындығы


Ұйымның атауы

Елді мекеннің атауы

Жүйенің ұзындығы, км

барлығы

магистралды

махалла іші

«Рудненская теплосеть» ЖШС

Рудный қаласы

123,84

30,808

93,032

Қашар кенті

13,356

5,794

7,562

"ССКӨБ" АҚ

Рудный қаласы

51,808

25,834

25,974

Қашар кенті

6,858

1,146

5,712

БАРЛЫҒЫ:

195,862

63,582

132,28

Железорудная станциясының жылумен жабдықтауын табиғи газ жанармайы ретінде пайдаланатын қазандық жүзеге асырады. Пайдалануда екі қазандық бар, екеуі - қорда. Станцияның қазандығына қызмет көрсету және жылумен жабдықтау жүйесі "Железорудная ЖЭК" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жүргізеді.
Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау

Күшті жақтары (S)

1. Күрделі жөндеуді талап ететін жүйелер үлесінің төмендеуі.



Әлсіз жақтары (W)

1. Жылумен жабдықтау инфрақұрылымы тозуының жоғары деңгейі.

2. Саланы қаржыландыруды қысқарту, экономикалық жағдай қиындағанда даму бағдарламасын тоқтату.


Мүмкіндіктері (О)

1. Жылумен жабдықтаудың дәстүрлі емес көздерін дамыту болашағы.

2. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау саласында жаңа технологияларды енгізу (қазандықтардың, оқшаулағыш құбырлардың ПӘК арттыру).

3. Мемлекеттік қолдау («Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы).

Жылумен жабдықтау объектілерін жаңғырту.


Қауіп-қатерлері (Т)

1. ЖЭО орнатылған және иеліктегі қуаттылығын болуы мүмкін жаппай төмендеуі, қазандықтар қуаттылығының істен шығуы, Негізгі қорлар тозуының жоғары деңгейіне байланысты апаттық жөндеудегі жылу кездері агрегаттарының тоқтап тұруы.




Негізгі мәселелер

Жылумен жабдықтау инфрақұрылымы тозуының жоғары деңгейі.

Объектілерді жөндеуге бағытталған мемлекеттік инвестициялардың қысқаруы.

Жылу энергетикалық кәсіпорындардың жүйелері мен жабдықтарын жеткіліксіз жаңғырту.



Сумен жабдықтау

Сумен жабдықтаудың көзі су қоймасы болып табылады.

Су құбыры жүйелерінің жалпы ұзындығы 484,2 км құрайды, коммуналдық меншікте 1,4%.

«Сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйесін дамыту» бағдарламасы бойынша Рудный қаласында кәріздік тазалау құрылыстарынан Васильев буландырғышына дейін биологиялық тазартылған суларды тасымалдау бойынша сутаратқыш салуға инвестициялық жоба іске асырылуда.

2015 жылы Юбилейный ауылын, Железорудная станциясын және ФЗБ кентін қоса отырып, құдықтар мен ілмекті арматура орнатып, ұзындығы 19,647 км болатын Рудный қаласының 22, 23, 24, 24а, 25, 26, 27, 28, 29 тұрғын үй құрылысы шағынаудандарына үшінші сутартқыштың сорғы станциясынан су таратқыш салу жөніндегі жоба іске асырылды.

Жер құрылысы жобасын әзірлеу жүргізілді және «Соколов жинақтаушысы аумағында орналасқан сорғы стансасы және СКТҚ-6 үш ұяшығы бар ұзындығы 2304 метр ЭБЖ (электр беру желісі)» объектісіне тұрақты жерді пайдалану құқығына мемлекеттік акт берілді.


Жүйелердің ұзындығы

Ұйымның атауы

Елді мекеннің атауы

Инженерлік коммуникация

Жүйелер ұзындығы, км

барлығы

магистрал-дық

махалла іші

"Рудненский Водоканал" ЖШС

Рудный қаласы

кәріз жүйелері

228,1

109,8


162,7


Қашар кенті

44,4

Рудный қаласы

су құбыры жүйесі



377,6

103,2

274,4

Қашар кенті

87,2

53,6

33,6

Перцев ауылы

10

-

10

«Железо-рудная ЖЭК» МКК

Железорудная станциясы

су құбыры жүйесі

6,442

-

6,442

кәріз жүйелері

5,978

-

5,978

Рудный қаласы

су құбыры жүйесі

31,8

-

31,8

Кәріз жүйелері

27,2

-

27,2

Негізгі инженерлік коммуникация және технологиялық құрылғылардың тозуы 57% аса құрайды. Су құбырының магистралдық және тарататын жүйелерінің апаттық бұзылуы оларды жою үшін кәсіпорындарды үлкен қаржылық шығындарға әкеп соқтырады.

Қолданыстағы кәсіпорындардың технологиялық, сорғы және энергетикалық жабдықтар қоры жоқ. Қолда бар техника мен жабдық пайдалану нормаларын шығарды, бұл инженерлік коммуникациядағы апаттарды тиімді жоюға мүмкіндік бермейді.

Кәсіпорынның жабдығы мен арнайы көлігін күрделі жөндеу, жаңғырту және жаңарту қажеттілігі туындап тұр.


Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау

Күшті жақтары (S)

1. Қалалық тұрғындарының орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізу көрсеткіштеріне жету 99%, ауыл тұрғындары 74%.




Әлсіз жақтары (W)

1. Сумен жабдықтау объектілері мен жүйелері тозуының бар болуы және авария, кернеулер, ауыз су сапасы деңгейінің төмендігі.

2. Жаңа сумен жабдықтау жүйесін салуға және қолда барды қайта жаңартуға мемлекеттік және жеке инвестициялардың жетпеуі.

3. Сумен жабдықтау қызметін көрсететін коммуналдық кәсіпорын қызметтеріне қолданыстағы тарифтер жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қажетті шығындардың орнын толтырмайды.



Мүмкіндіктері (О)

1.Сумен жабдықтау жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту, суды тазартуға және су дайындауға шығындарды ұлғайту.

2. Заманға сай тиімді технологияларды енгізу.

3. Материалдық-техникалық базаны жабдықтау жолы арқылы пайдалануға беру қызметін жетілдіру.



Қауіп-қатерлері (Т)

1. Физикалық тозу себебіне байланысты жабдықтың жұмыс істеуге жарамауы.

2. Ұзақ уақыт пайдаланудың нәтижесінде қалыптасқан сумен жабдықтау объектілерінің қанағатсыз техникалық жағдайы.

3. Су дайындаудың тозған технологияларын пайдаланудан тұрғындар денсаулығының нашарлауы.




Негізгі мәселелер

Сумен жабдықтау жүйелерінің қанағатсыз жағдайы.

Жүйелердегі суды жоғалтудың жоғары деңгейі.

Даму тенденциясы

Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту бағдарламасы шеңберінде жағдайды жақсы жағына өзгерту.



ТКШ жаңғырту бағдарламасы

Қалада ТКШ жаңғырту бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жүргізу үшін ұйымдастырылған іс-шаралар жүргізіледі. 2016 жылдан бастап 2017 жылдың 9 айы ішінде күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі бұрыңғы деңгейде, кондоминиум объектілерінің жалпы санынан 95,1% құрайды.

Кондоминиум объектілерінің жағдайын жақсарту мақсатында тұрғындар арасында үйлердің жалпы мүлігін күрделі жөндеуді қаржыландырудың қолданыстағы механизмдері туралы үгіттеу-насихаттау жұмыстары, сонымен қатар үйдің жалпы мүлігін күрделі жөндеуге қала және аудан әкімдіктерінің өтінімдері бойынша қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінімді дайындау жұмыстары әрі қарай жүргізілуде.
Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау


Күшті жақтары (S)

1. 144 кондоминиум объектісі тіркелген.




Әлсіз жақтары (W)

1. Кондоминиум объектілерімен басқару үшін тұрғын үй иелерінің төмен белсенділігі.

2. Пәтер иелерінің тұрғын үйді кондоминиум объектісі ретінде тіркеуді қаламауы; осымен қатар заңды тұрғыда пәтір иелерінің кондоминиумге тіркеуге тұруға қарсылық танытқан адамдарды жауапкершілікке тарту көзделмеген.

3. Кейбір пәтер иелерінің тұрғын үйді ұстау үшін шығындарды өтеуге қатысуды қаламауы.

4. Жалпы үй мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге ақшалай қаражатты жинаудың әлсіз практикасы.


Мүмкіндіктері (О)

1. Қаладағы үйлердің келбетін жақсарту.

2. Тұрғын үй жағдайын жақсарту және тұру жайлылығын жақсарту.

3. Жылу тұтынуды 30%-ға дейін үнемдеу.



Қауіп-қатерлері (Т)

1. Үйлерді жөндемеу себебіне байланысты тұрғындардың тұрғын үй жағдайының нашарлауы.




Негізгі мәселелер

Коммуналдық инфрақұрылымның тозуының жоғары деңгейі, бұл көп капитал салымының қажеттілігіне байланысты тауар тартымсыздығына әсер етеді.

Энергия тапшылығы.

Кәсіпорындардың тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғырту мен қайта жаңартуға инвестициялық ресурстарының жетпеуі.

Қызмет етіп отырған инженерлік коммуникацияларды қажет етіп отырған техникалық деңгейдің жоқ болуы.

Кәсіби мамандардың тапшылығы және кетулері және сала мамандарын дайындау және біліктілігін арттыру жүйесінің болмауы.

Кондоминиум объектілерін басқаруда тұрғын үй иелері белсенділігінің төмендігі.

Кондоминиум объектілері жалпы мүлікті ұстай және басқару бойынша қызметтер төлемдерін жинау деңгейінің төмендігі, соның нәтижесінде ПИТК үйдің жалпы мүлігін толық көлемде сапалы қызмет көрсете алмайды.

Рудный қаласын абаттандыру

«Рудный қаласында Горняк МС артындағы саябақты қайта жаңарту» жобасы іске асырылды. Учаскенің жалпы алаңы 51275 ш.м құрайды. Техникалық (суаруға арналған) су құбыры тартылды, диаметрі 20 м. болатын 1 дана, диаметрі 7 м. 1 дана болатын дөңгелек фонтандар, 1 дана тікбұрышты фонтан (20х7), 1 дана алты бұрышты фонтан жабдығы орнатылды, сонымен қатар автомобильдерді қою үшін алаң салынды. Саябақ аумағында мобильді аз келушілерге арналған қоғамдық әжетхана бар, жылумен жабдықтау, кәріз, сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, желдеткіш тартылған.

2013 жыл мен 2015 жыл аралығында қалада шағын сәулет нысандары орнатылған, газондар, орындықтар, күркелер орнатылған. Жасыл шөптер отырғызылған: қарағай, тянь-шань шыршасы, қайың, шетен, тік өсетін теректер, талдар. Жазғы кезеңде гүл отырғызу басталады.

Жыл сайын қаланың сыртқы келбетін жақсарту және оны көркейту үшін мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі:

- ағашты және гүлдерді топырағымен отырғызу;

- ағаш-талдарын және газондарды отырғызу, күту жұмыстары;

- Космонавтов даңғылы бойындағы фонтандарға қызмет көрсету;

- Рудный қаласы көшелеріндегі баннерлерді, панноларды, кермелерді

жинақтау және бөлшектеу;

- Рудный қаласында «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша ағаштың көшеттерін күту жұмыстары;

- Рудный қаласында «Горняк» МС саябағын күту;

- жарықдиодты модульдерді дайындау және орнату;

- орындықтарды, қоқыс шелектерін, көлік павильондарын жөндеу;

- жол қоршауларын дайындау және орнату;

- Рудный қаласында Мұзды қалашық орнату бойынша жұмыстар;

- бағдаршам объектілерін ұстау және қызмет көрсету жұмыстары, жол белгілерін жөндеу және орнату;

- рұқсат етілмеген қоқыс орындарын жою;

- жолдар мен жүргінші жолдарын қысқы және жазғы тазалау;

2014 жылы 50 лет Октября көшесі бойындағы қалалық зират аумағын абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілді;

50 лет Октября көшесі бойынша қалалық зират аумағын көркейту жұмыстары жүргізіледі.

«Мүгедектердің өмір сапасын жақсарту және құқықтарын қамтамасыз ету іс-шаралар жоспарын іске асыру» бағдарламасы шеңберінде 2014 жылы мүгедектерге қызмет көрсетуге бағытталған ұйымдар орналасқан жерлерге 91 дана жол белгілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

Рудный қаласында жарықдиодты композицияларды, мүсін-каркасты топиарийлерді және артобъектілерді дайындау мен орнату бойынша жұмыстар орындалды.

2015 жылы ҰОС еске алу құрметіне Космонавтов даңғылы бойындағы ескерткішке ағымдағы жөндеу жүргізілді. 2017 жылы «Рудный қаласында субұрқақ салу» жобасы бойынша ЖСҚ әзірлеу басталды, 2018 жылы ЖСҚ аяқтау, жобаға сараптама жүргізу және оны іске асыру жоспарлануда.
2.1.5. Экологияны және жер ресурстарын талдау

Атмосфералық ауаны қорғау. Атмосфералық ауа қоршаған ортаның маңызды және басты құрамдауышы бірі болып табылады, оның жағдайы айтарлықтай өңірлік климаттық жүйеге әсер етеді.

Рудный қаласында атмосфераның ластануы – 64 мың. тонна.

Атмосфералық ауаны негізгі ластаушылар тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындары болып табылады.

Ұйымдасқан көздерден атмосферадағы зиянды заттарды қысқарту үшін ауа тазарту және шаң-тозаңнан тазарту жүргізіледі. Тазалау құрылғылары ретінде ЦП түріндегі скубберлер, отырғызу камералары, циклондар, 09,-0,99 тазалағыш коэффиценті бар Вентури құбыры пайдаланылады.

Карьердегі тау-кен жұмыстары өндірісінің ұйымдаспаған көздерінен атмосферадағы шығындыларды қысқарту үшін ұңғыманы бұрғылау кезінде шаңды басу, тау-кеннің көлемді жарылысын сумен басу, жолдарды суландыру, сонымен қатар шаң бөлінетін (конвейер, бункер, себу тораптарынан) жерлердегі герметизацияланған жабдықтарды қолдану орындалады.

Су ресурстарын қорғау. Қала жеткіліксіз түрде ылғалданбаған аймақта орналасқан және атмосфералық жауын-шашынның орта жылдық мөлшері 240-280 миллиметрді құрайды. Өңірдің басты сумен жабдықтау көзі оған құятын су қоймалары бар Тобыл өзені болып табылады. Гидробиологиялық талдаулар Тобыл өзені, су бөгеттері мен көлдер өздерінің ластану деңгейі бойынша екінші сыныпқа жатады, яғни таза болып табылады.

Қалада жылына 2 тазартатын құрылыстар қызмет етеді. Олардан тазарған ағын сулар жекешеленген су жинайтын-буландырғыштарға, сүзгі алаңдарына түседі.Кейбір объектілер су объектілерінде апатты ағын сулардың алдын алу, жер бедерін, жағалардың бұзылуын болдырмау үшін қайта жаңғыртуды, қардың еруі мен тұзданудан жерлерді қорғау үшін бөгеттерді қалпына келтіруді қажет етеді.

Қалада Тобыл, су тазартатын су қашыртқы бақылауда тұр. Өндірістік ағын сулардың қалыптасу көлемі өнеркәсіп кәсіпорындары мен аграрлық сектордың жұмысын жаңартып отыруға байланысты жыл сайын ұлғаюда. Барлық су қоймаларына өндірістік кәсіпорындардан су жіберулер нормативтік жағынан таза болып табылады, жалпы массасы шегінен шықпайды және су қоймаларының сапалық құрамына теріс әсерін тигізбейді.

Тобыл өзені қаланың негізгі сумен жабдықтау көзі болып табылады. ШРК-ның жоғарылауы мыс бойынша – 4,0 ШРК және сульфаттар бойынша – 2,1 ШРК байқалады.

Ағын суды реттеу үшін, сонымен қатар оны әрі қарай пайдалану үшін су жинау мақсатында Тобыл өзенінде көптеген су қоймалары салынды, олардың бірі Қаратомар су қоймасы болып табылады. ШРК жоғарлауын қадағалаудың нәтижелері бойынша мыс бойынша – 12,0 ШРК және сульфаттар бойынша – 1,3 ШРК байқалды.

Жер ресурстарын қорғау. Қаланың жер қоры 19313 гектарды құрайды.

Жер қорының құрылымы жер санаттары бойынша мынандай түрде көрсетіледі:

ауыл шаруашылығы бағытындағы жерлер – 3089 гектар;

елді мекендердің жерлері – 17437 гектар;

өнеркәсіп және көлік жерлері – 901 гектар;

Тау-кен саласы кәсіпорындарының қызметтері тасталған, бұзылған жерлердің үлкен аумағына, аршынды жыныстар, үйінділер, сусымалы заттар және атмосфераны ластаушы тастанды заттар сияқты басқалар түрінде қалыптасқан қалдықтардың үлкен көлеміне байланысты.

Су жинайтын-буландырғыштарға, су бөгеттеріне, қоқыс үйінділеріне байланысты жерлердің құрғауының алдын алу үшін және су астындағы, жер бетіндегі суларды ластаудан сақтау үшін кәсіпорындар кәріздік суды сору «ССКӨБ» АҚ – күл үйінділері мен байыту қалдықтарының қоймалары жөнінде шаралар қабылдады.

Өндіріс қалдықтарын пайдалану және тұтыну. Қоршаған ортаның сапасын жақсарту үшін қалдықтарды жинау деңгейін тұрақтандыру қажет. Ол үшін шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарында өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды есепке алу қажет. Тұрмыстық қалдықтарды жинау, сақтау және пайдаға асыру жүйесін жетілдіру – тұрмыстық қалдықтарды жинау жөніндегі жеке секторды толық қамту, экологиялық талаптарға сәйкес полигондарды ұстау. Қатты тұрмыстық қалдықтарды негізгі массасы компоненттерге бөлінбей-ақ ашық қоқыс үйінділеріне шығарылады және жиналады. Қалада тұрмыстық қалдықтарды жинау бірыңғай орталықтандырылған жүйе бойынша контейнер алаңдарынан арнайы автокөліктер арқылы жүзеге асырылады, бұл қоршаған ортаны қорғау қызметтеріне Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару және орналастыру, олардың қоршаған ортаға әсерін қадағалауға мүмкіндік береді.

Радиациялық қауіпсіздік. Ағымдағы инструменталдық өлшемдер нәтижесінде қалада радиациялық жағдайды жайлы деп айтуға болады.

Радиациялық фон – сағатына 5-тен 14-ке дейін микрорентгенді құрайды және тау-кен кәсіпорындарында ең көп дегенде сағатына 20 микрорентгенге жетеді. Тұрғылықты жердің радиациялық фонының төмен деңгейі бастапқы қолайлы геологиялық жағдайға, уран өндіруші кәсіпорындардың, уран және тау-химия өнеркәсібінің болмауына байланысты.

Аумақтың елді мекендері бойынша атмосфераның жерге жақын қабатының радиациялық гамма-фонының орташа мәні сағатына фонның 0,10-0,13 мкЗв шегінде болып, табиғи фоннан асқан жоқ.

Облыс аумағында атмосфераның жерге жақын қабатының радиоактивтік ластауын бақылау горизонтальдық планшеттермен ауа сынамасын алу арқылы 2 метеорологиялық станцияда (Жітіқара, Қостанай) жүзеге асырылды.

Атмосфераның жерге жақын қабатында радиоактивтік жауын-шашынның орта тәуліктік тығыздығы Қостанай облысының аумағында 1,7 Бк/м2 құрайды, бұл шектен тыс деңгейден аспайды.
Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау


Күшті жақтары (S)

1. Өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі шартында қалыпты экономикалық жағдай.

2. Жыл сайын табиғатты пайдаланушы кәсіпорындармен табиғатты сақтау іс-шараларын орындау.

3. Көп жылдық режимде су жинайтын қоймалардың болуы.

4. Жерді пайдалану құқығын ресімдей отырып заңды және жеке тұлғаларға ҚТҚ полигонын нығайту.


Әлсіз жақтары (W)

1. Жиын жүйесінің дұрыс дамымауы, оның ішінде қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау бойынша.

2. Қалдықтарды қайта өңдеу мен пайдаға асыру көлемінің төмен болуы.

3. Медициналық қалдықтар жағу жоғары улы қалдықтарды - тұрақты органикалық ластаушыларды тастауға (ТАЛ) әкеп соқтырады.

4. Өнеркәсіп кәсіпорындарының ластанған қалдықтарын лақтыруды тазалау бойынша тиімді жұмыстардың жеткіліксіздігі.


Мүмкіндіктері (О)

1. Қалдықтарды жою және екінші қайта өңдеуді енгізу.

2. Табиғи ресурстарды пайдалануға азаматтарды жете түсінуді қалыптастыру.

3. Ғимараттардағы кәріздерді қайта жаңарту, жетілдіру, жөндеу жұмыстарын жүргізу.

4. Өртеу тәсілі арқылы медициналық қалдықтарды залалсыздандыру бойынша әдістерді енгізу.

5. Жанармайдың экологиялық таза түрін пайдалануға көшу.

6. Тазарту құрылыстарын өнеркәсіп кәсіпорындарының күрделі жөндеуі және қайта жаңартуы үшін шығындарды ұлғайту.


Қауіп-қатерлері (Т)

1.Жалғасып келе жатқан өнеркәсіп, уландырғыш және тұрмыстық қалдықтардың толу тенденциясы, сонымен қатар қайта өңдеу және жою технологияларының болмауы.

2. Су ресурстарының толық тазартылмаған сумен ластануы.

3. Өнеркәсіп қалдықтарымен атмосферадағы ауаның ластануы.




Негізгі мәселелер

Тазалайтын құрылыстардың өнеркәсіп кәсіпорындары тастайтын залалды заттардан тазалау бойынша толық тиімді емес жұмыс.

Облыста қоқысты қайта өңдеу өнеркәсібінің болмауы ҚТҚ жиналуына әсер етеді.

ҚТҚ жоюдың төмен пайызы.


2.1.6 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті талдау

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша «Қазақстан дамуының басты векторы әлеуметтік-экономикалық жаңғырту» атты Қазақстан Республикасы Президенті Жолдауының төртінші бағытын іске асыру шеңберінде мемлекеттік қызметтер электрондық форматта көрсетіледі.


Бағдарламаның негізгі ережелерін іске асыру мақсатында «Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ-де ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызмет бөлімі құрылды және жұмыс істейді, оның қызметі Рудный қаласы әкімінің интернет-ресурсын құруға және қолдауға, ұсынылатын электрондық мемлекеттік қызметтерді кеңейтуге, электрондық құжат айналымы жүйесін енгізуге, ақпараттық теңсіздікті төмендету бойынша іс-шараларды ұйымдастыруға және т.б. бағытталған.

Сондай-ақ, электрондық форматта мемлекеттік қызмет көрсету бойынша барлық атқарушы органдарға ақпараттық технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2014 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 27154, оның ішінде ЖАО – 15641 мемлекеттік қызмет, ЖАО ХҚКО арқылы -10081, электрондық нұсқада – 1432 мемлекеттік қызмет. 2015 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны– 34688 құрады, оның ішінде ЖАО – 19164 мемлекеттік қызмет, ЖАО ХҚКО арқылы - 13897, электрондық нұсқада – 1508 мемлекеттік қызмет көрсетілді. 2015 жылы көрсетілген қызмет саны 2014 жылмен салыстырғанда 7534 бірлікке немесе 27,7% өсті.

2016 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 79957 қызмет (2015 жылмен салыстырғанда 56,6% көп), ЖАО ішінен – 18642 мемлекеттік қызметтер, ХҚО-ы арқылы ЖАО – 20669 мемлекеттік қызметтер (2015 жылмен салыстырғанда 32,8% көп), сонымен қатар электрондық нұсқада -40646 қызмет (2015 жылмен салыстырғанда 96,3% көп).

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет саны 2017 жылдың 9 айы ішінде – 79078 қызметті құрады, оның ішінде ЖАО – 13847 қызмет, ХҚО арқылы – 10622 мемлекеттік қызметтер, сонымен қатар электрондық нұсқада – 54609 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысымен жаңа мемлекеттік қызметтер тізілімі бекітілді. Тізілім Рудный қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызмет көрсететін барлық мемлекеттік мекемелеріне танысу үшін жолданды.

Қазіргі уақытта облыс басқармалары мемлекеттік қызметтер жөніндегі стандарттар мен регламенттерді әзірлеуде, осыған байланысты Рудный қаласы әкімдігінің мемлекеттік мекемелері алдыңғы стандарттар мен регламенттердің жөнсіздіктері бойынша ескертулер мен ұсыныстар әзірлеуде. Тоқсан сайын Рудный қаласы әкімі аппараты басшысының төрағалық етуімен мемлекеттік қызметтерді көрсететін мемлекеттік мекемелердің қатысуымен оларды сапалы көрсету мәселелері бойынша кеңес өткізіледі.

«Рудный қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтерді ішкі бақылау, мониторинг жасау және ақпараттық технологиялар қызметімен бекітілген кестеге сәйкес ай сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бекітілген Бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік мекемелер арасында ішкі бақылау жүргізіледі.
Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау


Күшті жақтары (S)

1. Жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымының жоғары жабдықталуы.

2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына мониторинг жүргізуге негіздің болуы.

3. Құжат айналымының бірыңғай жүйесінің, интернет-ресурсының, «Электрондық үкімет» жүйенің болуы.

4. Мемлекеттік орган функциясының бизнес-процестерінің автоматтануы.

5. «Электрондық үкімет» порталы арқылы мүмкіншілігінше қысқа мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету.



Әлсіз жақтары (W)

1. Жауапты мемлекеттік органның электрондық мемлекеттік қызмет тұтынушыларымен өзара әрекет ету тәртібін ретке келтіру үшін құқықтық-нормативтік базаның жетілмеуі.

2.Халықаралық тәжірибенің заманауи үздік практикасын ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсетуге мониторинг жүргізу және оның сапасы мен тиімділігін бағалау әдістемесінің жетілмеуі.

3. Қызметті көрсетудің мерзімдерін бұзу (мемлекеттік органдардағы тікелей орындаушылардың қанағатсыз жұмысы, кадрлардың жетпеуі, жұмыс көлемінің көптігі).

4. Әлсіз бағдарламалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

5. Жеке және заңды тұлғалар арасында ХҚКО-ры және «электрондық үкімет» порталы арқылы балама негізде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер қажеттілігінің төмен үлесі (қызмет алушылар қызметті ХҚКО-нан немесе мемлекеттік органнан алуға болатынын білмейді).

6. «Электрондық үкімет» порталымен жұмыс істеудің қиындығы.


Мүмкіндіктері (О)

1. Өңір тұрғындарының мемлекеттік қызметті электрондық түрде алуға қызығушылығы.

2. Мобильді телефондарды ауқымды тарату «е-әкімдікке» қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін пайдаланылуы мүмкін.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жеңілдету және оңтайландыру үшін орталық мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерді пайдалануы.



Қауіп-қатерлері (Т)

1. Ақпараттық жүйелер мен е-үкіметтің базалық құрауыштары арасында біріктіруші негізді дұрыс құрудың болмауы салдарынан ЖАО электрондық мемлекеттік қызмет көрсетуге дайын болмауы.

2. Интернет желісіне қолжетімділікке шек қойылуға байланысты электрондық мемлекеттік қызметтің талап етілмеуі.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына тұрғындардың қанағат алмауы.




Негізі мәселелер

Қызмет көрсетуші органдардың қызметті электрондық форматқа аударуға төмен қызығушылығы, қызметті автоматтандырудың ұзақ мерзімді стратегиясының болмауы, ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымның төмен деңгейі.

Бірыңғай және жүйелік мониторингтің болмауы, қала және аудан әкімдіктері жағынан қызмет сапасына көңіл толарсыз ішкі бақылау.

Даму тенденциясы

Жергілікті мемлекеттік органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттанбау деңгейінің артуы 100%.



Мемлекеттік жергілікті және өзін-өзі басқару жүйелері

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істердің жағдайына жауапты жергілікті өкілетті және атқарушы органдар жүзеге асырады.

Рудный қаласының қалалық бюджеті есебінен сақталып тұрған мемлекеттік қызметшілердің жалпы штаттық саны 2016 жылдың басына 147 бірлікті құрды, соның ішінде А корпусының 1 мемлекеттік қызметшісі, 1 депутат, қалғаны Б корпусының мемлекеттік қызметшілері. Рудный қаласының қалалық бюджетінен ұсталатын мемлекеттік қызметшілердің жалпы саны 2017 жылдың басына 141 бірлікті құрайды, оның ішінде А корпусындағы 1 мемлекеттік қызметші, қалғандары Б корпусындағылар.

2014 жылы Рудный қаласында А корпусы мемлекеттік қызметшісінің мемлекеттік қызметтегі орташа өтіл 12,5 жылды құрды. Алып отырған лауазымдағы орташа өтіл 3,5 жылды құрады. 2017 жылы Рудный қаласында А корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің орташа өтілі 18,6 жылды құрайды. Атқаратын қызметте орташа өтіл 6,6 жылды құрайды. А корпусындағы мемлекеттік қызметшінің жасы 55-те.

Б корпусы мемлекеттік қызметшілерінің орташа жасы 37,6 жас, мемлекеттік қызметтегі орташа өтіл 9,5 жыл, атқаратын лауазымда – 3,5 жыл.

Мәслихаттардың қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясымен және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы ҚР Заңымен регламенттеледі.

Мәслихат қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады, онда оны заңмен жүргізуге жататын мәселелер шешіледі. ҚР Конституциясының 86-быбының 1 тармағына және жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңының 5-бабының 1 тармағына сәйкес мәслихаттар жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге жалпыға ортақ, бірдей, тікелей сайлау құқылы негізінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің халқымен сайланады. Осыған байланысты мәслихат депутаттары іс жүзінде тұрақты түрде өздерінің саулаушыларымен байланыста болуда және оларға өзінің қызметі туралы ақпарат беріп отырады.

Рудный қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының сессияларында, отырыстарында қаралған мәселелердің талдауы қаралып жатқан мәселелердің үлкен спекторы депутаттардың Рудный қаласы өмірінің барлық тараптарына көп көңіл бөлуіне куә екенін көрсетеді. Заңға сәйкес депуттардың көз аясында әлеуметтік-экономикалық даму және қала шаруашылық мәселелері болады. Коммуналдық және медициналық қызмет көрсету мәселелері; квартал ішіндегі аумақтарды абаттандыру; жолдары күтіп ұстау және жөндеу; әлеуметтік қамтамасыз ету және жұмыспен қамту; медицина, мәдениет, білім және спорт салаларындағы объекттерді жөндеу; жылыту маусымына дайындалу және оны өткізу мәселелері мәслихат депуттардың тұрақты бақылауында тұрады. Депутаттар жергілікті бюджетті қабылдау мен оны атқару мәселелерін қарауға кәсіби тәсілді өте маңызды деп есептейді.



Құрамына бүгінгі шақырылыстың 15 депутаты кірген «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясы Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын талқылау және түсіндіру бойынша іс-шаралар өткізуде. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара әрекет жасау шеңберінде халықтың нақты проблемаларын партияның және депутаттық корпустың шешуінің оң үлгілерін насихаттау мақсатында атқарылған жұмыстар, жоспарлар туралы, сайлаушылармен кездесулердің қорытындылары туралы ақпараттар газет беттерінде жиі жарияланады.

жүктеу 4,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау