Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университет
Аграрлық факультеті
Экология және қоршаған орта кафедрасы
Барлық мамандықтың 1 курс студенттеріне
«Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері» пәні бойынша
студенттердің Оқытушының жетекшілігімен
орындалатын өздік жұмыстарының, практикалық жұмыстарының және өздік жұмыстарының
әдістемелік нұсқаулары
Құрастырушы:
Экология және қоршаған орта
кафедрасының аға оқытушысы Нуржуманова Ж.М.
Семей 2013 ж.
ПӘН БОЙЫНША ГЛОССАРИЙ
Азаматтық корғаныс (АҚ) - басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт және соғыс уақытында елін, халқын, шаруашылық жүргізу объектілерімен аумағын осы заманғы зақымдау қаруларының закымдау факторларының әсерінен, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайдан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы
Авария - технологиялық процестердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы
Антропогсндік ТЖ -адамдардың қателік жасауынан (өз қолдарымен өздері) туындайтын процесс
Антропоноздық - адамдарда ғана инфекциялық аурулар (тұмау, туберкулез т.б.) тудырушы микроорганизмдер
Аса кауіпі бар инфекциялар - өте ауыр түрде өтетін, көп жағдайда ақыры өлімге әкеп соғатын және тез жұғылғыштығымен ерекшеленетін - адамдар арасында тез тарайтын аурулар түрлері
Асептика — жараны микроптардың зақымдауынан қорғау әдісі
Антисептика — жараға түскен бактерияларды, микроағзаларды өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою
Апат — адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеумсттік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнетін қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залал
Атом каруы — ауыр элементтер ядролары бөлінгенде журетін тізбекті реакция кезінде кенеттен бөлініп шығатын энергияны пайдалануға негізделген жаппай қыру қаруы
Артерия (күре) кан гамыры жарақаттанғанда ашық - қызыл түсті қан "фантан" теріздес атқылап ағады
Әсері күшті улы зат (ӘКУ 3) — бұл шекті мүмкін концентрациядан белгілі бір көлемде асып түсетін химиялық косылыс, адамдарға, малға, өсімдікке зиянды әсер етіп, оларды әр түрлі деңгейде улау мүмкіндігі
Бактериологиялық кару — адамдарға, үй жануарларына ауру жұқтырып, азык - түлік тағамдары мен жемшөпті инфекциямен зақымдауға арналған, жеткізудің техникалық құралдарына енгізілген ауру тудырғыш микробтар мен олар бөліп шыгаратын токсиндерді, инфекция көзі болып табылатын жәндіктер мен кеміргіштерді пайдаланып жасалған жаппай қыру қаруы
Вакцина — аса қауіпті инфекциямен ауырған адам немесе жануарлар
қанынан алынған препарат
Зооноздык — жануарлардың инфекциялық ауруларын (бруцеллез, сібір жарасы т.б.) тудырушы микроорганизм
Дауыл — жойқын күші бар және едәуір созылатын, 30 м/с жылдамдықпен соғатын жел
Дезактивация — зақымданған заттың бетінен улы затты кетіру немесе залалсыздандыру
Дезинфекция — жұқпалы аурудың көзі болып табылатын заттарды жою.
Дератизация — түрлі аурулардың қоздырғыштары болып табылатын кеміргіштерді кұрту
Дезинсекция — инфекциялық ауруларды тасымалдаушы бунақ денелерді жою
Дозиметр — радиоактивті заттарды сезіп, олардың шамаларын анықтайтын, сәулелерді зерттейтін құрал
Естен тану — орталық жүйке - жүйесінің қызметінің күрт нашарлауы нөтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауыр жағдай
Жарақаттану — адам терісінің, кейбір мүшесінің немесе бүкіл денесінің күшпен бүлінуі
Жаракат алу – адамның жұмсақ етінің жаралануы, сүйектің сынуы, миының қозғалуы, денесінің күюі
Жер сілкінісі — жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған, елеулі ауытқу түрінде, үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы
Жерсіну — адам ағзасының жаңа климаттық - географиялық жағдайларға бейімделуі
Инсульт — миды қоректендіретін қан тамырларының ұйыған канмен бітелуіне байланысты мидағы қан айналысының қатты бұзылуы
Иммунитет — антигендік қасиеттері бар организмге бөтен агенттерді, соның ішінде ауру тудыратын микроорганизмдерді қабылдамау немесе ол коздырғыштардан ауру жұқпауы
Карантин — эпидемиялық аурулардың таралуын алдын алу мақсатында жүргізілетін арнайы ұйымдастырылған медициналық бақылау және шектеулі жүйесі
Күю — жоғары температурадан, химиялык заттардан, электр тоғы мен сәуле әсеріне дененің жұмсақ ұлпаларының закымдануы
Күйдіргі қою — аяқ - қолдың ірі күре тамырлары зақымдалған кезде қанды уақытша токтатудың негізгі әдісі
Концентрация — ауа көлемінің бірлігінде жинақталған ӘКУЗ қатты әсері.
Кіндік орталық — бұл орталық нүктенін, тура үстінде орналасқан жер бетіндегі нүкте
Қар көшкіні — бұл тік тау жартастарында пайда болатын қар массасының төмен қарай лықсуы
Қауіпсіздік — іс - әрекет кезінде қауіп - катердің болмайтындығы айқын болған жағдай
Қорқыныш — өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін кез - келген шынайы немесе елестік жағдайға адамның табиғи жауабы
Магнитуда — бұл топырақтын, бір бөлігінің жылжуының ең жоғарғы амплитудасының логарифміне сәйкес сандардың шартты берілуі
Обсервация — бүкіл зақымданған ошақты оқшаулау жөне ошақтағы жұқпалы ауруды жою қатаң эпидемияға қарсы шаралар жүйесі
Опырмалар — ауырлық күшінің әсерімен ылғалды топырақ массасының төмен қарай сырғуы
Өрт - адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі
Паренхиматоздық қан ағысы— ішкі органдардан қан кету
Пандемия — жұқпалы аурулардың тұтас елдердін (құрлықтың) үлкен аумағына жаппай таралуы
Региональді ТЖ – республика территориясының бір немесе бірнеше аудандарын қамтитын табиғи жөне техногендік сипаттағы төтенше жағдай
Сапрофиттар — ауыру туғызбайтын және сыртқы ортада өмір сүретін микроорганизмдер
Сәулелену дозасы (адамның сіңірген дозасы) - адам ағзасына радиоактивті сәулелену энергиясының сіңірілуі
Сел — тау өзенінің оз арнасынан кенеттен көтеріліп, деңгейінің күрт өзгеруі және тау жыныстары бүзылуыиан болатын куатты ағын
Су басу — өзен, көл немесе теңіз суының деңгейінің көтеріліп, жердің белгілі бір бөлігінің су астында қалуы
Сутектік қару — жеңіл элементтер ядроларының синтезі негізінде ілезде бөлінетін энергия жатады
СПИД— бойдағы қорғаныс қаблетінің әбден әлсіреуінен туындайтын синдром, адам организіміндегі иммундық жүйені бұзатын және бүкіл аурулар катарына төтеп беретін мүмкіндігін жоғалтып, өлімге әкеліп соқтыратын дерт
Таскын — нөсердің немесе қыстағы жылымыктық салдарынан судың аз уақытта көтерілуі
Талықсу — адам миыньң қансыздану нәтижесінде естен кенеттен уакытша айырылуы
Төтенше жағдай — табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын жөне адам күшін талап ететін жагдай
Үгінділер — тау жыныстарының өз салмағының әсерінен қозғалуы
Үсік шалу – төменгі температура әсері нәтижесінде ағза жасушаларының зақымдалуы
Шандақ дауыл — күшті жел салдарынан жер бетінен шаңның, құмның, топырақтың, тұздың және келемі 1 мм аз басқа да бөліктердің ауаға ұшуы
Химиялық кару — жалпылай улау заттарын колданатын әскери қару
Экстремальдык жағдай — адам өміріне, денсаулығына немесе оның дүние - мүлкіне тікелей қатер тудырғанда, өзгенің көмегі болмайтын немесе көмек беру шектелген жағдайды айтамыз
Экология — ағзалардың тіршілік ету жағдайларын және ағзалардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін биологиялық ғылымның бөлімі
Эпидемия — аса қауіпті инфекция ауруларынын, бірнеше мемлекеттерге таралу формасы
Эпидемиология— жұқпалы ауруларды зерттейтін ғылым
Ядролық қару — жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қару
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
Практикалық жұмыс №1
Тақырып: «ТҚН-ге кіріспе. ТҚН-ді ұйымдастыру негізі»
Мақсаты: тіршілік қауіпсіздікті ұйымдастыру негізін білу және алдын алу
Бірінші тапсырма: тест сұрақтары
ТҚН дегеніміз не?
Адамдарды қоршаған ортаның қауіпті және қажет емес факторларынан қорғаудың теориясын қамтитын пәнаралық аймақты қамтиды
Адамдарды қоршаған ортаның қауіпті және қажет емес факторларынан қорғаудың практикасын қамтитын пәнаралық аймақты қамтиды
Адамдарды қоршаған ортаның қауіпті және қажет емес факторларынан қорғаудың теориясын мен практикасын қамтитын пәнаралық аймақты қамтиды
Ғылыми білімдердің пәнаралық аймағын
Адамдарды қоршаған ортаның қауіпті және қажет емес факторларынан қорғаудың практикасын қамтитын ғылыми білімдердің пәнаралық аймағын
2. Қауіпсіздік өмір негізінің мақсатына жатпайтындар:
А) еңбек сапасын көтеру В) травмалық жағдайды ескеру С) денсаулықты сақтау
D) жұмысқа қаблеттілікті көтеру Е) дұрыс жауабы жоқ
3. Қауіпсіздік дегеніміз не?
А) қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізетін құбылыс, процесс, уақиғаларды айтамыз
В) іс - әрекет кезінде қауіп - катердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Сондай ақ адамның, табиғаттың және материалдық құндылықтардың қорғану жағдайы
С)табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жагдай
D) қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізбейтін құбылыс, процесс, уақиғаларды айтамыз
Е) дұрыс жауабы жоқ
4. Қауіп – қатер дегеніміз не?
А) қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізбейтін құбылыс, процесс, уақиғаларды айтамыз
В) іс - әрекет кезінде қауіп - катердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Сондай ақ адамның, табиғаттың және материалдық құндылықтардың қорғану жағдайы
С)табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жагдай
D) қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізетін құбылыс, процесс, уақиғаларды айтамыз
Е) дұрыс жауабы жоқ
5. Төтенше жағдай ?
А) қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізбейтін құбылыс, процесс, уақиғаларды айтамыз
В) іс - әрекет кезінде қауіп - катердің болмайтындығы айқын болған жағдай. Сондай ақ адамның, табиғаттың және материалдық құндылықтардың қорғану жағдайы
С) табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын күнделікті қызметпен, қаражатпен жоюға мүмкіндік бермейтін, ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жагдай
ол үшін әдейі материалдық, техникалық, ақша қаражатын және адам күшін талап ететін жагдай
D) қоршаған ортаға үлкен зардабын, зиянын тигізетін құбылыс, процесс, уақиғаларды айтамыз
Е) дұрыс жауабы жоқ
6. Азаматтық қорғаныстың міндеттеріне жатпайтындар:
А) басқару және байланыс жүйелерін ұйымдастыру
В)радиациялық, химиялық, бактериологиялық жағдайды қадағалау және оған лабораториялық бақылау жасау
С) азаматтық қорғаныс күштерін құру, оларды дайындау және төтенше жағдайлар кезінде іс-қимылын жасауға ұдайы әзірлікте ұстау
D) азық-түлік, су көздерін, тамақ, шикізаттарын, жемшөпті, мал және өсімдіктерді радиоактивті, химиялық, бактериологиялық уланудан, мал және өсімдік індеттерінен қорғау
Е) дұрыс жауабы жоқ
Екінші тапсырма: кестені толтыр
Қауіптің саналы бағасы
|
Жағдайлардың саны
|
Адамдардың жалпы саны
|
|
5
|
2000
|
|
3
|
5000
|
0,003
|
3
|
|
0,06
|
|
2000
|
0,07
|
|
300
|
4*10-6
|
40
|
|
|
6
|
600
|
|
11
|
40000
|
|
8
|
480
|
0,008
|
|
800
|
2*10-8
|
2
|
|
0,5
|
|
1000
|
10-9
|
10
|
|
Үшінші тапсырма: сұрақтарға жауап беру
Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдарын, күштерін, орындарын ата?
Қауіпсіздік өмір мақсатына жету үшін қандай мәселелерді шешу қажет? Жауабынды дәлелде
Қауіп-қатерлер қандай жағдайларда пайда болады? Эвакуация дегеніміз не?
Практикалық жұмыс №2
Тақырып: «Әскери уақыттағы ТЖ. Жаппай қыру қаруының әсері»
1. Ядролық ыдырау өнімін өндірумен байланысты объектіде ТЖ кезінде ядролық қару және ядролық қарудың әсер ету факторларының әсері.
Ядролық жеңілу ошағы.
Радиоактивті улану аймағы.
Зақымдану факторлары:
А) толқындық соққы және оның адам мен жануарға әсері;
Б) сәулелену және оның адам мен жануарға әсері;
В) енетін радиация (түсінігі; түзілуі, көзі);
Г)Ядролық қару факторларынң әсер ету аймағында және ядролық ыдырау өнімін қолданатын объектіде ұқсас ТЖ кезінде құтқару және жедел жұмыстарды жүргізу.
2.Химиялық қару әсері:
Улаушы заттармен зақымдану:
А) Улаушы заттар түрі (УЗ);
Б) УЗ және КӘУЗ қолдану белгілері;
В) химиялық жеңілу ошағы және химиялық зақымдану аймағы;
Г) химиялық ластану аймағын анықтау факторлары;
Д) химиялық ластану аймағында жедел жұмыс жүргізу.
Бактериологиялық қару әсері:
Аса қауіпті аурулардың (оба, холера, сибирская язва, ботулизм) және олардың адам ағхасы мен жануарларға спецификалық әсері көрсететін факторлардың қысқаша сипаттамасы.
Биологиялық жеңілу ошағы; биологиялық ластану аймағы.
Бактериологиялық (биологиялық) жеңілу ошағын және аймағын залалсыздандыру кезіндегі шұғыл жұмыс.
Әдебиеттер:
1. В.Г. Атаманюк, Л.Г. Ширшев, Н.И. Акимов, Гражданская оборона, М., Высшая школа, 1986., гл.
2. И.К. Топоров, Основы безопасности жизнедеятельности, М., Просвещение, 1996.
3. Основы защиты населения и территорий в ЧС, М., 1998.
Практикалық жұмыс №3
Тақырыбы: «Бейбітшілік уақыттағы ТЖ: табиғи (стихиялы) апаттар. Стихиялы апаттарды болжау және тұрғындарды қорғау»
Табиғи шығу тегі бар ТЖ-дың жалпы сипаттамасы:
Э.А. Арустамов бойынша табиғи шығу тегі бар ТЖ-дың түрлері. Табиғи ТЖ-дың жалпы заңдылығы. Табиғи ТЖ-дың шығуына антропогенді әсер ету. Барлық табиғи апаттардың өзара байланыс.
Геологиялық сипаттағы ТЖ; түрлері, сипаттамасы:
Жер сілкіну. Магнитуда шамасын сипаттайтын шкала. Вулкан: вулканизм, магма, лава, алдын-алу. Қар көшкіні. Сел. Геологиялық сипаттағы ТЖ-дың алдын-алу.
Метерологиялық сипаттағы ТЖ; жалпы сипаттамасы.
Жел және құйын; Бофорт шкаласы. Торнадо. Метерологиялық ТЖ алдын-алу.
Гидрологоиялық сипаттағы ТЖ; жалпы сипаттама және түрлері.
Су басу. Өзендегі мұздардың қатуы. Цунами.
Табиғи өрттер; жалпы сипаттама және түрлері.
Орман өрттері. Торфтық өрттер.
Табиғи қауіптен адамдарды, қоршаған ортаны және шаруашылық объектілерін қорғау формалары:
Белсенді формалары. Пассивті формалары.
Әдебиеттер:
Э.А. Арустамов. Безопасность жизнедеятельности. М., Издательский дом «Дашков и Ко», 2000.
В.Г. Атаманюк и др. Гражданская оборона, М., В.Ш., 1986.
Безопасность жизнедеятельности, под ред. Белова М., 2000.
Приходько. Безопасность жизнедеятельности. Алматы, 2000.
Практикалық жұмыс №4
Тақырыбы: «Сүйек сынғанда, бас жарақатында және қан кету кезіндегі бірден-бір көмек»
Мақсаты: қан кету, сүйек сынғанда, бас жарақатында кезіндегі көмек көрсетуге машықтану
№1 тапсырма. Басқа «тақия» тәрізді, иыққа, шынтақ пен тізе буындарына таңғыштарды қою.
Тәтіханова Г.С. Тіршіліктің қауіпсіздік негізі.- Оқу-әдістемелік кешені.– Семей. – 2006 ж. 123 бет пайдаланып бір-біріне «тақия» тәрізді, иыққа, шынтақ пен тізе буындарына таңғыштарды қойыныздар.
№2. Қанды тоқтатуға арналған күйдіргі қою тәртібі.
Күйдіргі қою – аяқ – қолдың ірі күре тамырлары зақымдалған кезде қанды уақытша тоқтатуға негізделген әдісі. Сүретке қарап бір-біріне күйдіргі қойындар.
№3 тапсырма: жарақаттанушыны тасымалдау
Жарақаттанушыны тасымалдау әдісімен танысыныз
№4 тапсырма. АИ-2 қобдишасындағы шприц-тюбикті қолдану және даярлау
Антидот салынған шприц-түтік полиэтилен корпусынан, дәрі жіберетін инеден және қорғаныш қалпақтан тұрады. Антидотты жіберу үшін шприц-түтік сол қолға алып, инесін жоғары көтеріп ұстайды. Иненің қамқасындағы кесілетін дөңгелекшені сағат тілі бойынша оң қолдың үлкен және сұқ саусағымен бұрайды, иненің қалпақшасын алып, оны оң қолға ұстайды, бір-екі тамшы сұйықтықты басып шығарады, одан кейін өте жылдам қимылмен инені омыртқаның бұлшықетіне, санның немесе иықтың алдыңғы бөлігіне енгізеді.Түтік ішіндегі дәрі сұйықтықты тері астына енгізіп болған соң, саусақты инені суырып алады да мақтамен бастырып береді.
Достарыңызбен бөлісу: |