Рудный қаласы әкімдігінің


Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау



жүктеу 4,82 Mb.
бет3/6
Дата23.11.2018
өлшемі4,82 Mb.
#23926
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды қолдау

Білім беру ортасында денсаулық сақтау потенциалы жетіліп келеді және мектептегі тамақтану – оны анықтаудың бір факторы. 2013-2014 оқу жылының соңында Рудный қаласында 1-11 сынып оқушыларының ыстық тамақпен жалпы қамтылуы 96% (12067 адам), буфеттік тамақпен қамтылуы - 4% (564 адам) құрайды. 2014-2015 оқу жылында оқушыларының ыстық тамақпен – 92% (11915 адам), буфеттік тамақпен қамту -8 % (1024 адам) құрады. 2015-2016 оқу жылында аталған көрсеткіштер былайша көрсетіледі: ыстық тамақпен қамту – 89 %, буфеттік тамақпен қамту – 11%. Балаларды ыстық тамақпен қамту пайызының төмендеуі бюджетте ақшалай қаражаттың болмауымен түсіндіріледі. 2015-2016 оқу жылында 0-2 сыныптарды тамақтандыру ата-аналардың қаражаттары есебінен жүргізілетін болады.


Тегін ыстық тамақты ұйымдастыруға бюджеттен бөлінетін қаражаттар

Көрсеткіштер


2013 жыл

2014 жыл


2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Оқушыларға тегін ыстық тамақты ұйымдастыруға бюджеттен қаржыландыру сомасы

(мың теңге)


121036,5

134061,2

43127,8

41533,4

38367,37


Бюджет қаражаты есебінен тамақтанумен қамтамасыз етілген оқушылар саны (адам)

4014


3870

803


1085

1041

Горняцк кентінің оқушылары (86 адам), мектепке күнде тасымалдауды мұқтаж оқушылар күнделікті тегін тамақпен қалалық бюджет есебінен қамтамасыз етілген.

Тегін тамақпен қамтылғандардың жалпы саны 1041 адам (7,5%).

2012-2013 оқу жылында барлық 1-2 сынып оқушылары (2987 адам), мектепалды даярлық сынып оқушылары (1010 адам) және көпбалалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан, қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) және патронаттағы балалар (836 адам), сонымен бірге қалалық бюджет қаражаты есебінен мектептерге күн сайын тасылып оқитын Перцев және Горняцк кенттерінің оқушылары (140 адам) ыстық тамақпен қамтылған. Балаларды тегін тамақтандырумен қамтудың жалпы пайызы 3823 адамды (28%) құрайды.

2013-2014 оқу жылында жергілікті бюджет есебінен бір жолғы тегін ыстық тамақпен мектепалды тәрбиеленушілердің 100% (1022 адам) мен 1-2 сынып оқушыларының 100% (2968 адам) қамтамасыз етілді. Бастауыш сынып оқушыларының тегін ыстық тамақпен жалпы қамтылуы 57% (3276 адамды) құрайды. Сонымен бірге, 100% тегін ыстық тамақпен көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың оқушылары, мүгедек балалар, қамқорлықтағы (қорғаудағы) балалар, жетім балалар (872 адам) қамтамасыз етілді. Тегін тамақтанумен қамтамасыз етілген балалардың жалпы пайызы 33% (4014 адамды) құрайды.

2014-2015 оқу жылында 1,2 сыныптардың барлық оқушылары, МДС-ның тәрбиеленушілері тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген (1 сыныптар – 1544 адам, 2 сыныптар – 1483 адам, МДС – 1037 адам). Бастауыш сынып оқушыларының тегін ыстық тамақпен жалпы қамтылуы 55% (3262 адам) құрайды. Көпбалалы, аз қамтылған отбасылардың оқушылары, қамқорлықтағы (қорғаншылықтағы) балалар, патронаттықтағы 730 оқушы бір жолғы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Қостанай облысы әкімдігінің 2006 жылғы 21 шілдедегі №245 «Қостанай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 жылғы бірінші жартыжылдығына арналған қорытындылары туралы» қаулысының негізінде қалалық бюджет қаражаты есебінен мектептерге күн сайын тасылып оқитын Перцев ауылы, Горняцк кентінің оқушылары (Перцев ауылы – 60 адам, Горняцк кенті – 87 адам) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Тегін тамақпен қамтамасыз етілген балалардың жалпы пайызы 32% (3870 адамды) құрайды.

2015 жылғы 10 қыркүйекке Жалпыға міндетті оқу қоры 43%-ға (18624,6 мың теңгеге) қайта қаржыландырылды. Жалпыға міндетті оқу қорынан бөлінген қаражаттардың 81,3% (15141,2 мың теңге) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастырған (846 адам қамтылды, оның ішінде 43 МДС тәрбиеленушілері, 803 адам – 1-11 сынып оқушылары), 13,7%-ы (2544,3 мың теңге) сауықтыру демалысын ұйымдастыруға (105 жолдама), 5%-ы (939,1 мың теңге) 156 оқушыға мектепке қажетті керек-жарақтарды сатып алуға пайдаланылды.



Балалардың құқықтарын және заңды мүддесін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы саны (бұдан әрі – МҰ) қалада 2008 жыл мен 2017 жыл аралығында 4 бірлікке көбейді, 2017 жылдың соңында 9 бірлікті құрады. Осы көрсеткіштің ұлғаюы мыналар арқылы жүзеге асты:

- бұрын жекешелендірілген балабақшаларды қайтару есебінен (160 орынға арналған «№ 13 балабақша» КМҚК);

- бұрын коммуналдық меншікте болған ғимаратты қайтару есебінен (154 орынға арналған «№ 14 балабақша» КМҚК және 100 орынға арналған қазақ тілінде оқытатын «№ 15 балалар бақшасы» КМҚК;

Қалада мемлекеттік балабақшаларға баратын балалардың жалпы саны 2903 адамды құрайды, 2008 жылдан бастап мектепке дейінгі білім ұйымына баратын балалардың саны 894 адамға өсті.

Мектепке дейінгі балаларды қамтамасыз ететін білімнің балама түрі жалпы білім беретін мектеп базасындағы кіші орталықтар және мектептен тыс ұйымдар болып табылады.

2013 жылдан бастап шағын орталықтардың саны 2 бірлікке өсті, 50 орынға арналған мемлекеттік тілде оқытатын «№ 2 Қашар орта мектебі» КММ және 25 орынға арналған «№ 4 мектеп-лицей» КММ және «Перцев негізгі мектебі» КММ 17 орынға арналған базасында шағын орталықтар ашылды.

2011 жылдан бастап шағын орталықтарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін толыққанды жағдайлар жасау мақсатында 3 шағын орталық қысқа мерзімді жұмыс уақытынан толық күнге ауыстырылды (2011 жылы «№ 15 орта мектебі» ММ, 2012 жылы «№ 11 орта мектебі» ММ, «№ 18 орта мектебі» ММ). 2017-2018 жылғы оқу жылының басына «№ 1 Қашар орта мектебі» МКК базасындағы шағын орталық (20 бала) орынның көп болуына байланысты жабылды.

Осылайша, 2017 жылы қалада 12 мектеп және 2 мектептен тыс ұйым базасында 30 шағын орталық жұмыс істейді, оның 11 тобы толық күн жұмыс істейді.

Балабақша режимінде жұмыс істейтін жеке шағын орталықтар секторы кеңейіп барады, 2017 жылы қалада 6 жеке шағын орталық жұмыс істейді, 2008 жылмен салыстырғанда осы көрсеткіш 4 бірлікке көбейді («Анфиска» жеке шағын орталығы, «BabyStyle» жеке шағын орталығы, «Ромашка» жеке шағын орталығы, «Теремок» балаларды дамыту орталығы, «Юльхен» жеке шағын орталығы, «Созвездие» балаларды дамыту орталығы). «Калинка» ерте дамыту орталығы жабылды (Рудсервис-2000 ЖШС Т.С. Моисеева) орынның көп болуына байланысты жабылды.

20 мектептің базасында мектепалды даярлық 61 мектепалды даярлық сыныбында жүзеге асырылады.

Осылайша, мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметімен балабақшаға, шағын орталықтарға бару арқылы 3837 бала, мектепалды даярлық сыныптарында оқыту арқылы 1334 тәрбиеленуші қамтамасыз етілген. Мектепалды даярлықпен балалардың жалпы қамтылуы 100%, мектепке дейінгі біліммен қамтылуы – 83,1% құрайды. 2012 жылмен салыстырғанда қамту пайызы шамалы өсті (+0,3%).


Мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалардың контингенті

жыл

Мектепке дейінгі біліммен қамту

Оның ішінде:

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда

Мемлекеттік шағын орталықтарда

Жеке меншік шағын орталықтарда

2012

3696

2771

580

345

2013

3808

2875

587

346

2014

3944

2993

594

357

2015

4003

2916

585

502

2016

3959

2903

606

450

2017

3838

2903

611

323

МҰ мен МДС қамту пайызы



жылы

Мектепке дейінгі біліммен қамту, %

Мектепалды даярлықпен қамту,%

2012

82,7

100

2013

82,8

100

2014

82,9

100

2015

83

100

2016

83

100

2017

83,1

100


Типтік жастағы жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету

Қалада техникалық және кәсіптік білім беретін (бұдан әрі – ТжКБ) 6 оқу орны жұмыс істейді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша оқушылардың жалпы саны 2863 адам, күндізгі нысанда 80%. Барлық 6 оқу орны дербес колледж ретінде өз қызметтерін жүзеге асырады.

Колледждерде орта буын мамандарын кәсіби дайындаумен қатар жұмысшы кәсіптер мамандарын курстық дайындау жүзеге асырылады.

Білікті кадрларды даярлау бойынша ТжКБ ұйымдары мемлекеттік және жеке құрылымдармен қызмет етуін жалғастырады. әлеуметтік серіктестік туралы қала кәсіпорнымен, ұйымдармен шарттар жасалды, білім жүйесімен тығыз байланыстағы кәсіпорындар мен ұйымдарда бірлескен (жеке) білім принциптерін енгізу үшін қаланың ірі негізгі кәсіпорындарымен жұмыс істеу, сонымен бірге даярланған мамандарды жұмысқа алу реттелді. Колледждер «Жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша кадрларды даярлау және қайта даярлау курсын жүзеге асырады.

Жалпы алғанда, зерттеліп отырған саланың ТжКБ объектілерінің жүйесін кеңейтуде көрсетілген позитивті үрдісі, ондағы оқушылардың саны белгіленіп отыр. Осы саладағы субъектілеріне тән дамудың перспективалық бағытының бірі болып ТжКБ объектілері мен әлеуетті немесе нақты жұмыс беруші арасында стратегиялық серіктестігін дамыту қажеттілігі саналады, сонымен қатар еңбек нарығында нақты сұранысқа ие мамандарды шығаруды қамтамасыз ету мақсатында материалдық-техникалық базаны нығайту.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный политехникалық колледжі» МКҚК білікті жұмысшы кадрларды дайындау мәселесі бойынша мемлекеттік және жеке құрылымдармен жұмыс істейді. 2006 жылдан бастап колледж түлектері ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілік берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ жүргізетін кәсіптік даярлық деңгейін бағалаудан және біліктілік беруден өтуде. Әлеуметтік серіктестік мынадай бағыт бойынша іске асырылады: білікті мамандарды даярлау қажеттілігін болжау, арнайы пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын бірлесіп түзету, кәсіптік практиканы ұйымдастыру. 2015-2016 оқу жылында колледж кәсіпорындар және ұйымдармен әлеуметтік серіктестік туралы 15 шарт жасасты. «Өзара түсіністік және стратегиялық ынтымақтастық туралы меморндумды» іске асыру шеңберінде Қостанай облысының әкімдігі, «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «Рудный политехникалық колледжі» МКҚК арасында жұмыс жүргізілуде. 2014 жылы Тағлымдамадан өту үшін «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «Рудный политехникалық колледжі» МКҚК, «Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы» арасында үш жақты шарт жасалды. Білім беру жүйесінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың тығыз байланысын көздейтін, сондай-ақ дайындалған мамандарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешетін корпоративтік білім беру қағидаларын енгізу 18 компьютер сатып алуға, интернет орнатуға және оқу-өндірістік корпуста оқу слесарлық-механикалық шеберхананы жұмыс істеуге енгізуге мүмкіндік берді. «В», «ВС» санатындағы жүргізушілер курстары ұйымдастырылған. Колледж оқытушылары үнемі біліктіліктерін арттырып тұрады және 2015-2016 оқу жылында ҚР оқу орталықтарында 22 адам біліктілігін арттыру курстарынан, ал 7 адам «ССКӨБ» АҚ құрылымдық бөлімшелерінде тағылымдамадан өтті.

2016 – 2017 оқу жылында 22 инженерлік педагогикалық қызметкерлер өз біліктілігін арттырды, жалпы штаттағы оқытушылардың саны - 41,5% құрайды. Колледждегі оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру нысандарының бірі - ол кәсіпорындарда тағылымдаман өту болып табылады. 2016 - 2017 оқу жылында 5 оқытушылар тағылымдамадан өтті (жалпы штаттағы оқытушылар саны 9,4%).

2017 жылы сәуір айында колледжде бітіруші топтарды болашақ кәсіби қызметімен түлектерді таныстыру, жас мамандарды индустрия саласына тарту үшін сондай-ақ түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін «2017- Түлек» Жәрмеңкесі өтті. Жұмыс берушілер ретінде біздің қаламыздың ұйымдарынан және екі жоғары оқу орыннынан 15 өкіл шақырылды «ССКӨБ» АҚ, АҚ «Рудненский водоканал», «Рудный цемент зауыты» ЖШС, «Казогнеупор-2015» ЖШС, «РудныйСоколовСтрой» АҚ, «Рудный жылу жүйесі» ЖШС, «Трансремвагон» ЖШС және т. б.

Мамандарды дайындау сапасын арттыру және 2016-2017 жылдары өзара қолайлы жобаларға бірлесіп қатысу үшін ықтимал серіктестіктерді іздеу мақсатында техникалық және кәсіптік білім беру саласында төмендегідей Ресей оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастық туралы 5 шарт жасалды:

1. «Златоуст технологиялар және экономика техникумы» МБОО

2. «Орал мемлекеттік қатынас жолдары университеті» МБООФ, «Челябі қатынас жолдары колледжі» МБОО

3. «Оңтүстік-Орал мемлекеттік колледжі» МБОО.

4. «Златоуст индустриалдық колледжі» МБОО.

5. «Челябі механикалық-технологиялық колледжі» МБОО.

2016 жылы бюджет қаражаттары есебінен колледжге қоршау жасау үшін 1 502,9 мың теңге сомасында материалдар сатып алынды, өз қаражаттары есебінен 1 473,3 мың теңге сомаға акт залына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

2017 жылы бюджет қаражаттары есебінен әдістемелік кабинет 340,4 мың теңге сомаға жабдықталды, (конференц-үстелі, компьютерлік үстел, шкаф, мінбе, 30 данада орындықтар), 583,3 мың теңге сомаға экраны бар 4 проектор, 545,0 мың теңге сомаға ноутбуктер, 2 787,0 мың теңге сомаға 14 данада компьютер сатып алынды. 1203000 «Тасымалдауды ұйымдастыру және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару» мамандығы бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыру аясында 1 288,0 мың теңге сомасында «Учаскелік станция» интерактивті стенді, 1108000 «Теміржол жолдарының жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша 199,0 мың теңге сомасына «Бойына сіңіретін аппараты бар автотіркеме» оқу зертханалық жабдық – стенд-планшет сатып алынды.

Қостанай облысы білім басқармасының «Рудный құрылыс және көлік колледжі» МКҚК күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларды даярлауды жүзеге асыруда. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқушылардың үлесі 100% құрады. Үш жыл ішінде оқушылар контингентінің шамалы өскені байқалады, дегемен негізгі орта білім берзу базасындағы мектептер түлектері санының тұрақсыздығына байланысты өсім тұрақты емес. (2015 жылы – 349 адам, 2016 жылы – 373 адам, 2017 жылы – 366 адам).

Оқушылардың сандық және сапалық құрамын қалыптастыру мақсатында қаланың және жақын орналасқан өңірлердің жалпы білім беретін мектептердің 9-сынып түлектері арасында жы сайын кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша жүргізіледі.

Соңғы үш жылдың ішінде орта білім беру базасындағы бірінші курс оқушыларының саны 125 адам мен 133 адам аралығында тұрақсызданып тұр. Осы көрсеткіш кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде жүргізілген талдаумен салыстыруға келеді. Қала мектептерінен оқушылардың шамамен 75%-ы, ауыл мектептерінің 9-сынып оқушыларының 25%-ы оқуға түседі.

«ССКӨБ» АҚ әлеуметтік серіктестік тапсырысы бойынша 2014-2015 және 2015-2016 оқу жылдарында 110703 2 «Жол көлік машинасы» квалификациясы бойынша 1107000 «Көліктік-көтеру, жол-құрылыс көліктері мен жабдықтарын (сала бойынша) техникалық пайдалану» жаңа мамандығы бойынша оқуға 25 адамнан тұратын екі топ жиналды. Оқушылардың контингентін талдай отырып, оқу кезінде түрлі себептер бойынша оқушылар оқудан шығып қалады. Оқушылардың оқудан шығуын растайтын құжаттар да бар. Колледждің негізгі қызметі түлектерді жұмысқа орналастыруға көмек көрсету болып табылады. Колледждің негізгі әлеуметтік серіктестігі мыналар болып табылады: «ССКӨБ» АҚ, «Завод Казогнеупор» ЖШС, «РМФ Имсталькон» ЖШС, «Амид» ЖШС, «Рудныйсоколовстрой» ЖШС, «Айдос» ПИК, «Спутник - 2012» ЖШС және жеке кәсіпорындар. Мейлінше сұраныстағы келесі мамандықтар болып табылады: 1201000 Техникалық қызмет көрсету, автомобиль көлігін жөндеу және пайдалануға беру – 95%, 1114000 Дәнекерлеу ісі (түрі бойынша) – 90%.

Өндірістік практика кезінде жоғары тәжірибелік нәтиже көрсеткен колледж оқушылары оқу бітірген соң еңбек ұжымдарында қалады. Жұмысқа орналасуға мониторингі жүргізіледі және түлектерге жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі. Қалада жыл сайын бос орындар жәрменкесі өткізіледі, онда болашақ түлектер түрлі меншік нысанындағы қала кәсіпорындары жайлы ақпарат алады.

Қостанай облысы білім басқармасының «Рудный технология және сервис колледжі» МКҚК 9 мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын іске асырады. Оқу жылы ішінде мынадай себептерге байланысты студенттердің оқудан шығып қалуы байқалады: басқа оқу орындарына ауысу, академиялық демалысқа шығу, үлгірмеушілік және колледжбен байланысты жоғалту, басқа тұрақты жерге көшу. Колледжде жыл сайын оқушылар контингентін зерттеу бойынша жұмыстар жете жүргізіледі, әр топтың және жалпы алғанда колледждің әлеуметтік паспорты жасалады. 2016-2017 оқу жылында 425 оқушы.Отбасында бір ата-ана жұмыс істейтін отбасылар пайызы жоғары, ата-анасының екеуі де жұмыссыз отбасыдан шыққан балалар да бар. 213 оқушы (50,1%) толық отбасында тәрбиеленбеген, 51 оқушы (12,0%) – аз қамтылған отбасылар, 20 (4,7%) – көп балала отбасылар. Оқушылар арасында жетім балалар да бар – 58 студент (13,6%), 10 студент (1,2%) – мүгедектер. Аралық аттестацияны ойдағыдай тапсыру үшін оқушыларға ынталандырудың ең бастысы шәкіртақы алу болып табылады. 2016 жылы 112 түлектен 93 адам (75%) дәреже, белгіленген дәрежеден төмен 10 адам (12,2%), белгіленген дәрежеден жоғары 19 адам (23%) алды.

Колледж мұғалімдері тұрақты түрде біліктіліктерін арттырып отырады, 201-2017 оқы жылында 14 оқытушы Қазақстан Республикасының оқу орталықтарында біліктілігін арттыру курстарынан 7 адам кәсіпорындарда тағылымдамадан өтті. 2016-2017 оқу жылында жеке оқытуға колледж 3 шарт жасады және кәсіпорындар мен мекемелермен әлеуметтік серіктестік туралы 10 шарт жасады. 2016-2017 оқу жылында колледж түлектері Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің «Республикалық ғылыми-әдістемелік техникалық және кәсіби білім беру және біліктілігін беру орталығы» АҚ өткізетін кәсіби дайындық және біліктілікті алу деңгейінен өтті, орташа 83,1% балл алды.

Шағын қаланың жағдайы бойынша мамандарды дайындау әсіресе қызмет көрсету саласы үшін қалалық шаруашылықтың шектелген қажеттіліктерімен қиындайды, сондықтан жеке кәсіп бойынша мамандарды шығару жыл сайын жүзеге асырылады. Колледж жұмысының басты бағыттарының бірі еңбек нарығына мониторинг жүргізу болып табылады. Халықты әлеуметтік қорғау қызметімен бірлесіп Рудный қаласы және Қостанай облысының жақын орналасқан аудандары шаруашылығының кадрлық қажеттіліктерін болжау және еңбек нарығын зерттеу механизмі әзірленуде.

Қазақстан Республикасы білімінің Мемлекеттік жалпы міндетті стандартына сәйкес кәсіби оқуды жүргізу үшін мүмкіндік беретін, «Рудный тау-кен технологиялық колледжі» КМҚК материалдық-техникалық база бар.

2016 жылда «Рудный тау-кен технологиялық колледжі» КМҚК студенттердің жалпы саны – 443 адам, 2017 жылда – 414 адам. Барлық студенттер оқудың күндізгі формасында оқиды. Мемлекеттік тапсырыс бойынша студенттердің үлесі 100 пайызды құрайды.

Мамандарды кәсіби даярлаумен қатар біздің колледжде жұмыс мамандықтары мамандардың курстық даярлауы жүзеге асырылады. Мысалы, 2017 жылғы 10 сәуірден 10 шілде бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шенберінде Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ бастамасы бойынша «Диірмен машинисі», «Ұста-жөңдеуші» және «Электрұста» үш мамандық бойынша 50 адам білім алды. 2.10.2017 ж. – 20.10.2018 ж. аралығында 42 адамға санында «Ұста-жөңдеуші» және «Электрұста» екі мамандықтар бойынша оқу өткізіледі.

Мемлекеттік және жеке құрылымдардың тығыз ынтымақтастығы шеңберінде білікті кадрлар даярлау мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қала кәсіпорындары және ұйымдарымен әлеуметтік әріптестік туралы шарттар жасасуда, жыл сайыңғы қаланың ірі негізгі кәсіпорындарымен ынтымақтастық, білім беру, кәсіпорындар мен ұйымдар жүйесінің тығыз байланысын болжайтын корпаративтік (жеке) білім беру қағидаттарын енгізу, сондай-ақ даярланған мамандарды жұмыспен қамту мәселесі жөнге салынды.

Колледж түлектері жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» АҚ өткізетін кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беруден өтеді. 2016 және 2017 жылы колледжіміздің түлектері 100% нәтиже көрсетті. Әлеуметтік әріптестік Рудный қаласының кәсіпкерлік палатасымен де мына бағыттар бойынша тығыз ынтымақтастық іске асырылады: білікті мамандарды даярлаудағы қажеттілікті болджау, арнайы пәндер бойынша жұмыс оқу бағдарламаларын бірлесе түзету, кәсіби тәжірибені ұйымдастыру. «Өзара түсіністік және стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумдарды» іске асыру шеңберінде Қостанай облысы әкімдігі, «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «Рудный тау-кен технологиялық колледжі» КМҚК арасында жұмыс жүргізілуде. Тәжірибеден өтуге «Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ және «Рудныйсоколовстрой» АҚ-мен 2 шарт жасалды. Оқыту бейіні бойынша оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде «ССКӨБ» АҚ жетекші мамандарымен кеңес жүргізілді және жаңадан ашылатын мамандықтар бойынша да жұмыс берушілермен келсу өткіземіз, осы ретте кәсіби құзыреттікке бағдарланған білім беру мазмұнын жаңарту мүмкіндігі зерделенуде.

Кәсіби тәжірибеден өтудің оқу кестелері «ССКӨБ» АҚ кадр бөлімі және кәсіпорындардың бас мамандарымен келісіледі.

Өндірістік тәжірибеден өту кезінде көптеген балалар өздерінің жақсы сапалы дайындығын көрсетеді және бөлімшілердің басшылары оларды колледжді бітіргеннен кейін тұрақты жұмысқа шақырады.

Колледжіміздің кәсіпорындармен әлеуметтік әріптестігінің нақты нәтижелері, түлектеріміздің жұмысқа орналастыруды айқындалады. Жұмысқа орналастыру мәселесі колледж әкімшілігінің тұрақты бақылауында болады. Соңғы жылдары мамандарды даярлау жұмыс берушілердің қатаң өтінімі бойынша жүргізіледі, бұл бірінші кезекте түлектерді жұмыс орындарымен қамтамасыз етумен байланысты. Кәсіпорындардың өтінімі бойынша тапсырысты қабылдау және қалыптастыру жөніндегі осы жұмыс оң нәтиже беруде. 2016 жылы түлектерді жұмысқа орналастыру пайызы – 81%, ал 2017 жылы – 83,6% құрады.

Колледждің педагогикалық ұжымы үнемі өз біліктіліктерін көтеріп отырады және 2016-2017 оқу жылында 80% облыстың оқу орталықтарында біліктілікті арттыру курстарынан және «ССКӨБ» АҚ бөлімшелерінде тағылымдамадан өтті.

Оқушылар контингентінің сандық және сапалық құрамын қалыптастыру мақсатында, жыл сайын қаланың және оған жақын аймақтың жалпы білім беру мектептерінің 9-сынып оқушылары арасында кәсіби бағдарлау жұмысы өткізіліп тұрады. Мысалы, 2017 жылы шілде айында «Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қабылданған елдің оңтүстік өңірінен келген студенттер «Электровоз машинисінің көмекшісі» мамандығы бойынша 24 адам оқуын аяқтады. Осы түлектерді жұмысқа орналастыру пайызы 80% астам құрады, бұл «ССКӨБ» АҚ бөлімшелері және оңтүстік өңірлердің кәсіпорындары. Сондай-ақ, нәтижелі жұмыспен қамтуды жаппай кәсіпкерлікі дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде мерзімі 2 жыл 10 ай күндізгі оқуға 2017 жылы қыркүйек айында «Токарь», «Диірмен машинисі», «Кезекші және жабдықты жөндеу жөніндегі электрослесарь (слесарь)», «Слесарь-жөндеуші» біліктіліктері бойынша оқыту үшін 100 адам есепке алынды.

Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Рудный музыкалық колледжі» КМҚК 5 мамандық бойынша мамандар дайындайды. Оқыту күндізгі нысаны бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша студенттердің үлесі 100% құрайды. Колледж оқытушылары біліктілігін үнемі арттырып отырады, 2016-2017 оқу жылында 26 адам Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының оқу орталықтарында біліктілігін артыру курстарынан өтті.

Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес оқушыларға жұмысқа орналастыру мүмкіндігімен танысуға мүмкіндік беретін: концерт алаңымен, Қостанай облысында жалпы және қосымша білім беру ұйымдарымен, сондай-ақ «Дизайн» кәсібі бойынша қала кәсіпорындарымен кәсіптік практика ұйымдастырылған, өйткені кәсіптік практика түлектер үшін жұмыс беруші болып табылатын әлеуметтік серіктестіктермен ынтымақтастық аясында ішінара серіктестік кәсіпорындар жанында өтеді.

Педагог кадрларына негізгі тапсырыс берушілер жалпы білім беретін мектептер, Оқушылар және Жастар Сарайы, Балалар музыкалық мектепбі, қаланың және облыстың мәдениет мекемелері, қала кәсіпорындары болып табылады, олармен ынтымақтастық туралы шарттарға қол қойылған, талаптар келісілген және тараптардың міндеттері анықталған. Түлектердің 50%-ы дерлік жоғары кәсіптік білім алғысы келеді және 50% еңбек пен шығармашылықта өз орындарын табады. Колледж түлектерін балалар музыкалық мектептерінде, балалар өнер мектептерінде, мәдениет үйлерінде, облыстық филармонияда, облыстың және республикалық шығармашылық ұжымдарында, облыстың және республиканың кәсіпорындарында күтеді.

Колледж білім беру сапасын жақсарту үшін: музыкадық жабдықтар, заманауи музыкалық орталық, музыкалық аспаптар (баян, флейта-пикколо), 2 теледидар алды. Колледждің концерт залының сахнасына жөндеу жүргізілді.

Қостанай облысы білім басқармасының «Ы. Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі» МКҚК. 2016-2017 оқу жылына ішкі және сыртқы нысандағы оқу жылының басына колледже 885 оқушы оқыды, оның ішінде күндізгі нысанда оқумен – 734 адам (82,9%), сыртқы нысанда – 151 адам (17,1%).

Мемлекеттік тапсырыстың негізінде ағымдағы оқу жылына күндізгі оқыту нысанында колледжде 599 оқушы білім алды, ол күндізгі бөлімнің 81,6% құрайды, оқуға толық шығындарды қайтару арқылы 135 адам (18,4%). Өткен оқу жылымен салыстырғанда бюджет нысанында оқушылардың саны 3,6% артты, ал ақылы бөлімде оқушылардың саны 3,6% қысқарды. 2017-2018 оқу жылына ішкі және сыртқы нысанда білім алу бойынша колледжде 863 қатысушы білім алды, оның ішінде: күндізгі нысанда – 716 адам (83%), сыртқы бөлімде – 147 адам (17%).

Колледж ISO 90001-2000 халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес қызметкерлерді дайындау және кәсіби оқыту жаңа жүйесіне енгізуге талпынады. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің «Республикалық ғылыми-әдістемелік техникалық және кәсіби білім беру орталығы» 2006 жылдан бастап түлектер кәсіби дайындық және біліктілігін арттыру тәуелсіз бағалауды енгізудің кезең-кезеңімен көшуіне қатысады. Колледж мұғалімдері оқу кезеңінде жаңа технологиялар элементтерін пайдаланады, білім берудің компьютер технологиясын, электорнды бағдарламалар мен оқулықтарды енгізуде.

2017 жылы колледждің 255 түлегі білім беру сапасын сыртқы бағалау кезеңіне қатысты, кәсіби дайындық және біліктілігін растауды бағалаумен қамту 100%-ды құрайтынын атап өту қажет. Колледж бойынша мемлекеттік емтихандарды тапсырудың қорытындысы бойынша жалпы үлгірім 100%-ды құрады, білімнің сапасы 87%. Соңғы 3 жылда жалпы үлгірім нәтижесінің салыстырмалы талдауы сапалы үлгірімнің тұрақсыз нәтижесін көрсетеді: 2015 жылы – 88%, 2016 жылы – 87%, 2017 жылы – 88%. Колледж бойынша жалпы үлгірімі мемлекеттік емтихандарды тапсырудың қорытындысы бойынша 100%- ды құрады, сапалы білім беру сапасы – 87% көрсетті.

2016-2017 оқу жылдарында колледжбен практика негізінде 32 шарт жасалды. Базалық кәсіпорындардың ауқымы өткен жылы кеңейтілген еді: Рудный қаласының 10 мектебі (№1,9,11,12,14,15,17,18,19,20), 5 гимназия (№2,5,7,10,21), 10 балабақша (№2,3,5,6,8,7,10,12,13), № 1 мектеп-интернаты, «Қостанай минералы» АҚ, 1 жоғары оқу орны (Рудный индустриялық институты) және 3 сауықтыру лагерьі (Балаларды тәрбиелеу-сауықтыру кешені («Чайка», «Орленок»). «Лесная сказка», «Мерей»). 2017 жылы колледж күндізгі оқу бөлімінде 208 маманды, сырттай бөлімде 47 маманды шығарды. Мемтапсырыс бойынша 163, ақылы түрде 93 түлек аяқтады. Соңғы 2 жылда жұмысқа орналастыруды талдау мектепке дейінгі тәрбие мекемелеріне қажеттілік басым.
Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау


Күшті жақтары (S)

1.Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушылардың тегін тамақтануын ұйымдастыру және материалды көмек көрсету.

2.ҰБТ индикаторларының тұрақты көрсеткіштері, оның ішінде мектеп бітірушілер - «Алтын белгі» жалпы орта білім аттестатына үміткерлер пайызы.

3.Мектеп бітіруші сыныптарда жұмыс істейтін педагогтардың жоғары кәсіби деңгейі.

4. Мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде МҰ-да орындардың көбейуі.

5. Мектепке дейінгі білім берудің педагогикалық құрамындағы жалпы құрылымда жоғары білімді педагогтар үлесінің артуы.

6. Колледждерде мемлекеттік білім беру тапсырысының артуы.

7. Колледждерде әлеуметтік серіктестіктің дамытуы.

8. Колледж жүйелерінің кеңеюі және колледждерде оқушылар мен педагогтар санының өсуі; түлектердің қажеттілігі.

9. Қала колледждерінде білім берудің жеке жүйесін енгізу.

10. ТжКБ ұйымдарында жетім балалардың тамақтануына өтемақы төлеу.

11. Бітіруші топтармен жұмыс істейтін оқытушылардың жоғары кәсіби деңгейі.



Әлсіз жақтары (W)

1.Қалада жаратылыстану-математика бағытындағы бейінді мектептердің жоқтығы оқушылардың жоғары оқу орындарына сапалы дайындалу мүмкіндіктерін шектейді.

2.Дарынды дамыту үшін мектептердің материалды-техникалық жабдықталуының және кадрмен қамтамасыз етілуінің жетіспеушілігі.

3.Көру қабілеті нашар, тіреу-қозғалу аппараттары бұзылған балаларды тәрбиелеумен және оқытумен қамту үшін инклюзивті сыныптар мен мектепке дейінгі білім берудің жоқтығы.

4. Түзетіп-дамытып оқытатын сыныптарда жұмыс істейтін педагогтардың дефектологиялық білімінің жоқтығы.

5. Қалада МБ жүйелерінің жетпеуші.

6. Балабақшадан орын алуға кезектің сақталуы.

7. Мектепке дейінгі білім беруді ақпараттандыру нашар дамыған; мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасы ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген нормативтерге толық сәйкес келмейді.

8. Мектеп алды дайындық сыныптары мен шағын орталықтар педагогтарының сапалы құрамы деңгейінің жеткіліксіздігі.

9. Колледждерде олардың ТжКБ жүйесінен үздіксіз кету салдарынан өндірістік білім беру шеберлері санының тұрақсыз динамикасы.

10. ТжКБ ұйымдарының көбінде жатақхана жоқ.

11. ТжКБ ұйымдарындағы ескі жабдықтар.

12. Колледждер ғимараттарына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу талап етіледі.


Мүмкіндіктері (О)

1. Жыл сайын мектеп оқытушыларының біліктілігін арттыру.

2. Авариялық мектептердің, 3-ауысымды мектептердің жоқтығы.

3. Қосымша мектептер салу есебінен оқушы орындарына деген тапшылықты жою.

4. Мектеп бітірушілер - «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестатқа үміткерлер санының өсуі.

5. Интернет желісіне 100% мектеп қосылды.

6. Аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың 100%-ы тегін ыстық тамақпен қамтылған.

7. Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамтуды 100%-ға жеткізу мақсатында заманауи МДҰ құрылысын жеке қаржыландыруды бюджеттік ынталандыру.

8. МДҰ материалдық-техникалық базасын нығайту (ғимараттарды күрделі жөндеу, оқу орындарын арнайы жабдықпен және керек-жарақпен қамтамасыз ету) саласындағы мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту.

9. Ауылдық жерлердегі мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу саласына жас мамандарды тарту және оларды қолдау шараларының жүйесін әзірлеу.

10. Жеке сектормен инвестициялық серіктестікті дамыту: қалалық қордан жер учаскелерін коммерциялық ғимарат немесе «әлеуметтік жүктемесі» бар, яғни жобада әлеуметтік бағытталған объект: балабақша, емхана және т.б. қарастыру міндетімен тұрғын үй кварталдарын салуға бөлу түрлерін пайдалану.

11. Өңірдің ерекшелігіне бағдарланған арнайы бағдарламаны әзірлеу негізінде мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу саласына білікті мамандарды тарту бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру.

12. Колледждер жүйелерін кеңейтуде мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту.

13. Кәсіпорындардың және ұйымдардың білім беру жүйесін тығыз байланыстыратын, сондай-ақ дайындалған мамандардың жұмысқа орналасу мәселесін шешетін корпоративтік білім беру қағидатын енгізу.



Қауіп-қатерлері (Т)

1. Қалада жаратылыстану-математика бағытындағы бейінді мектептердің жоқтығы оқушылардың елдегі және әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыру сапасын төмендетеді.

2.Мектептердегі орындардың толуы екінші ауысымда оқитын сыныптардың көбеюіне және оқу сапасының төмендеуіне, оқушыларды сыныптан тыс жұмыс түрлерімен қамтуға әкеп соқтырады.

3. Бітірушілерді ҰБТ рәсімімен 100% қамтуға жетпеу оқушылардың ТМД елдерінде (көбінесе Ресей Федерациясына) оқуға ниет білдіруіне және 9-11 сынып оқушыларының бастауыш және орта кәсіптік білім алуға қалыптасуына байланысты болады. Бұл 10-11 сынып оқушылары санының азаюына және бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелеріне кетуге әкем соқтырады.

4. Жұмыс істейтін жеке МДҰ санының қысқаруын ұстайтын өңірдің жеке сектор өкілдерінің төмен әлеуеті (қаржы ресурстарының, жұмыс өтілінің, педагогикалық құрамды тартудың тиімді схемаларының және олардың қызметін ынталандырудың жетпеуі) өз кезегінде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру аясында қосымша (инновациялық) қызметтер ұсынатын МДҰ-ды халықтың балама таңдауына шек қояды.

5.Облыстық және жергілікті бюджеттен бөлінетін бюджеттік қаражатың шектелуі облыста МДҰ материалды-техникалық базасының жеткіліксіздігіне себепші болады, атап айтқанда бірқатар МДҰ-да спорт залдарының, жүзетін бассейндердің және музыкалық залдардың жоқтығы балалар денсаулығын нығайту және салауатты өмір салтын насихаттауда мүмкіндіктерді азайтады.

6. ТжКБ жүйесінен өндірістік білім беретін шеберлердің кетуіне себепші болатын олардың жалақыларының төмендегі сол немесе басқа мамандық бойынша оқушылардың практикалық дағдыларды меңгеруі жағынан білім беру процесі сапасының төмендеуінен көрінеді.



Негізгі мәселелер

Педагогикалық кадрлардың тапшылығы.

Қалада МДҰ тапшылығы, бұл кезектіліктің тұрақты сақтауына әкеледі.

Жалпы білім беретін мектептерде мемлекеттік тілде оқытатын түзету сыныптарының жүйесі толық дамымағын.

15-28 жастағы жастардың жалпы санынан NEET үлесінің бар болуы.

ТжКБ түлектерінің жұмысқа орналасуының төмен пайызы.

ТжКБ оқу орындарында зертханалық және өндірістік шеберханалардың жеткіліксіз жабдықталу деңгейі

Даму тенденциясы

Білім беру мекемелерінің кітапханалық қорын жаңартуды толықтыруды қаржыландыру.

12 жылдық оқуға өтуді толыққанды қамтамасыз ету мақсатында және оқудың жаңа түрлерін дамыту үшін білім беру ұйымдарының материалды-техникалық базасын нығайтуға (физика, химия, биология, информатика кабинеттерінің зертхана кабинеттерін, басқа да компьютерлік техника, интерактивті тақталарды, спорттық керек-жарақтарды сатып алуға, кітапхана қорын жаңалау және толықтыруға, мультимедиялық кабинеттерді сатып алуға, Интернетке кеңжолақты қолжетімділікке қосылуға және т.б.). шығыстарды бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және жеке қаржыландыруды ынталандыру.

Халықтың ауылды жерлерге көшіп-қонуына байланысты ағылшын тілі, математика, физика, химия, биология және информатика пәндері оқытушыларының үздіксіз тапшылығын жоюға бағытталған өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша жұмыс тобын қалыптастыру.

МДҰ, мектепке дейінгі ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшін (ғимараттарды күрделі жөндеу, оқу орындарын арнайы жабдықпен және құралдармен жабдықтау) ғимараттар салу аясындағы мемлекеттік-жеке серіктестікті дамыту.

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен білім беру саласында мамандарды орналастыру және қолдау шараларының жүйесін әзірлеу.

өндірістік оқыту және практика оқытушыларының, шеберлерінің, ТжКБ ұйымдары студенттерінің тағылымдамадан өтуі үшін жұмыс берушілермен шарттар жасасу.

Жұмыс берушілерді оқу-материалдық және ақпараттық базаны нығайтуға тарту.



Денсаулық сақтау

2013 жылдың басынан бастап тұрғындарға емдеу-алдын алу көмегін көрсететін 10 медициналық ұйым мен объект, оның ішінде 3 амбулаторлық-емханалық ұйым, 7 емдеу ұйымы жұмыс істеді.

«Рудный қалалық емханасы» КМК бекітілген тұрғындарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында стационарлық және медициналық-әлеуметтік көмек, кеңес беру-диагностикалық көмек және алғашқы медициналық-санитарлық көмек түрінде амбулаторлық-емханалық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

Бекітілген тұрғындардың саны – 107615 адам, оның ішінде 19 585  бала.

Емханада 581 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде: дәрігерлер – 98, орта медициналық жұмыскерлер – 286, кіші персоналдар – 81, өзге де жұмыскерлер – 116.

Ұсынылатын қызметтер сапасын жетілдіру және халықтың денсаулығын жақсарту үшін медициналық кадрларды үздіксіз кәсіптік даярлау жалғастырылуда.

Қан айналымы жүйесінің ауруларынан болатын ауруды және өлім-жітімді төмендету мақсатында емхана артериялық гипертензияны, жүректің ишимиялық ауруын, стенокардияны ерте анықтау үшін халықтың профилактикалық бақылаудан өтуін жүргізеді.

Қалада бастапқы жоғары қатерлі ісік ауруымен ауыру (100 мың халыққа) сақталып келеді, ол жоғары радиациялық аяның болуына байланысты. 2013 жылы аурудың осы көрсеткіші (100 мың халыққа) 238,4 бірлікті, 2014 жылы 271,7, 2015 жылы 353, 2016 жылы – 351,2, 2017 жылдың 9 айында -230,6 бірлікті құрады.

Тұрғындар денсаулығының төмен деңгейінің себептері аурудың алдын алу бойынша жеткіліксіз ақпараттық жұмыс жүргізу, сондай-ақ салауатты өмір салтын сақтауға және дұрыс тамақтануға халықтың төмен уәждемесі болып табылады. Созылмалы инфекциялық емес аурулардың дамуы адамның ұстанатын өмір салтына да байланысты. Зиянды дағдылар факторларының таралу қауіпі жоғары дәрежеде қалып отыр, Рудный қаласы бойынша бұл: темекі шегу, алкогольге салыну және спортпен, дене шынықтырумен айналысатын халық санының аз болуы белгіленеді.

Рудный қаласы бойынша медицина кадрларының саны



Көрсеткіштер

2012

жыл


2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


2016 жыл

2017 жылдың 9 айы

Дәрігерлер саны, адам

280

274

268

267

256

265

- оның ішінде біліктілік санаты барлары

149

157

144

мәлімет жоқ

139

144

Орта медициналық персонал саны, адам

825

829

841

855

836

871

оның ішінде біліктілік санаты барлары

573

562

546

мәлімет жоқ

512

531

Дәрігерлер кадрларына тапшылық көрсеткіші төмендемей тұр. Осылайша, 2012 жылы дәрігерлердің саны 280 адамды, 2017 жылдың соңына 265 адамды құрады, бұл 5,6%-ға төмен.

Соңғы жылдары тұрғындар санының табиғи өсуі байқалады, яғни туу өлімнен басым. 2014 жылы тұрғындардың өсуі 116 адамды, 2015 жылы 78 адамды, 2016 жылы – 74 адамды құрады, дегенмен 2012 жылы тұрғандар санының табиғи кемуі 60 адамды құрады.
Рудный қаласы тұрғындарының көрсеткіштері


Көрсеткіштер

2012

жыл


2013

жыл


2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың 9 айы

Тұрғындардың табиғи кемуі (-), өсуі (+), адам

-60

+138

+116

+78

+74

-2

Туылғандар, адам

1791

1757

1731

1737

1688

1213

Қайтыс болғандар, адам

1851

1619

1615

1659

1614

1215

Қостанай облысының жүкті әйелдеріне, босанған әйелдеріне, жаңа босанған әйелдеріне медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін және сапасын арттыру мақсатында ана өлімін, перинаталдық өлімді төмендету үшін Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 399 бұйрығымен «Рудный перзентхана үйі» КМК-ның атауы «Рудный перинаталдық орталығы» КМК ретінде өзгертілді.

Рудный қаласының, Қашар кентінің және Қостанай облысының жақын маңдағы ауылдық аудандарының әйел адамдарына акушерлік-гинекологиялық көмек көрсетуден басқа, мамандандырылған көмек Жітіқара, Денисов, Федоров, Қамысты, Таран аудандарынан, Лисаков қаласынан шыққан мерзімінен бұрын туу қауіпі бар босанатын әйелдерге, сондай-ақ жүктілік мерзіміне қарамастан мерзімінен бұрын шала туылған балаларға көрсетіледі. Өңірлендірудің 3 деңгейіндегі стационар бола отырып, ол ауданаралық перинаталдық орталық функцияларын атқарады.

Стационардың төсек-орын қоры 110 төсекті құрады, оның ішінде 10 төсек нәрестелер патологиясы бөлімшесінде – 2-і шала туылған балаларды күту үшін.

2015 жылдың соңында стационар штатында 222 қызметкер бар, оның ішінде 22 дәрігер және 91 орта медициналық жұмысшы, 16 медицина жұмысшысы - жас маманы.

Медициналық кадрларды толтыру тапшылығы қазіргі уақытта 14% құрайды, бірақ дәрігер кадрларымен толтыру – 63,8%, медбике және акушерлермен толтырудың көрсеткіші 89,7% құрап, ең жақсы көрсеткіш болып отыр.

2015 жылдың ішінде 7 дәрігер, 25 акушер және медбике біліктілігін арттырды. 2015 жылдың соңында 113 медицина қызметкерінің 78 қызметкері біліктілік санатына ие болды.

Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасы қол жеткізілген жетістіктерді нығайту мен дамытуға, жаңа шақыртуларға сәйкес денсаулықты сақтау мәселесін шешуге бағытталған, ол саланы 2050 жылға дейін дамытуға негізі болып табылады.

«Рудный перзентхана үйі» КМК, содан кейін «Рудный перинаталдық орталығы» КМК-да акушерлік қызметтің басты көрсеткіштерінің бірі – ана өлімі 2011 жыл мен 2016 жыл аралығында 0 құрады.

«Рудный қалалық балалар ауруханасы» КМК туылғаннан бастап 15 жасқа дейінгі балаларды мамандандырылған стационарлық емдеуді қамтамасыз ететін қалалық деңгейдегі көп салалы емдеу мекемесі болып табылады. Кәсіпорын Рудный қаласы мен облыстағы балаларға төсек-орын қуаттылығы 130 төсек-орын болатын мамандандырылған жоспарлы, шұғыл, станционарлық орын басу және сауықтыру көмегін көрсетеді.

2013 жылы 1 қарашаға дейін «Рудный қалалық балалар ауруханасы» КМК құрамына мынадай бөлімшелер кірді:
кіші жастағы соматикалық бөлімше;

үлкен жастағы соматикалық бөлімше;

интенсивті терапия бөлімшесі;

инфекциялық бөлімше;

патология және нәрестелерді күту бөлімшесі;

қалпына келтіре отырып емдеу және оңалу бөлімшесі;

поликлиникалық бөлімше;

клинико-диагностикалық зертхана;

бактериологиялық зертхана;

рентген кабинеті;

ультродыбыстық диагностика кабинеті.
2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасының 2013 жылғы 21 қазандағы № 453 «Тұрғындардың аумақтық учаскелерін беру туралы» бұйрығының негізінде бекітілген тұрғындарымен қоса поликлиникалық бөлімше «Рудный қалалық емханасы» КМК берілді. Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 399 «Рудный перинаталдық орталығын құру туралы» бұйрығының негізінде патология және нәрестелерді күту бөлімшесі Рудный перинаталдық орталығының құрамына кірді. Балалар емханасының және патология және нәрестелерді күту бөлімшесінің аумағы «Рудный қалалық емханасы» КМК өтеусіз жалға берілді.

2014 жылы «Рудный қалалық балалар ауруханасы» КМК ерте және ересек жастағы балалар үшін мүгедектерге арналған 2 арба, бронх демікпесі мен обсруктивті бронх қабынуымен ауыратын балаларға шұғыл көмек көрсету үшін 2 небулайзер сатып алынды. 2015 жылы Қостанай облысының әкімдігі және ERG S.a.r.l. арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде БМС-мен ауыратын балаларды оңалту үшін жабдық сатып алуға қайырымдылық көмек бөлінді. Жоба аяқталу сатысында тұр, тапсырыс берген жабдықты жеткізу және жинақтау күтілуде. 2016 жылы Қостанай облысының әкімдігі мен ERGS.a.r.l. арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум шеңберінде қалпына келтіре отырып емдеу және сауықтыру бөлімшесіне жабдық сатып алу үшін қайырымдылық көмекке 3773 мың теңге бөлінді. БЦС ауруымен ауыратын балалармен жұмыс істеуге арналған жабдық: «Фаэтон» нейро-ортопедиялық сауықтыру комбинезоны - 2 дана; «Гравитон» тренажері – 2 дана; денені жоғарғы және төменгі бөлігіне арналған тренажер; тербелетін платформа - 2 дана; «Волшебная сказка» сенсорлық бөлмесі сатып алынды. Сауықтырып емдеу шеңберінде балалармен психолог, логопед, еңбек терапевті жұмыс істейді, бассейнде жаттығулар жасалады.


2012 жыл мен 2014 жыл аралығындағы өзгерістер қарқыны

Көрсеткіш

2012 жыл

2013 жыл

2014

жыл


2015

жыл


2016 жыл

2017 жылдың 9 айы

Қостанай облысы бойынша 1000 туылған балаға 1 жасқа дейін қайтыс болған балалар

14,7

11,9

11,6

9,9

9,07

10,7

Рудный қаласы бойынша 1000 туылған балаға 1 жасқа дейін қайтыс болған балалар

10,0

10,2

8,1

8,3

6,47

7,2

Жыл сайын бала санының өсуі, адам

18882

19455

22023

20399

20081

20585

Бір жыл өмір сүрген балалар денсаулығының индексі

16,1

16

17,3

23,8

62,7

66

Бала өлімінің төмендеуі (1000 тірі туған балаға) 2016 жылы 5,9 жағдайды, ал 2013 жылы 10 жағдайды құрады. Төмендеу 4,1 жағдайды немесе 59% құрады. 2012 жыл мен 2016 жыл аралығындағы осы көрсеткіш облыстық орташа көрсеткіштен төмен. Төмендеу неонатологтарды, педиаторларды, акушер-гинекологтарды қайта даярлау сапасының, медициналық ұйымдардың заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталуының және дәрілік препараттармен қамтылуының жақсаруымен түсіндіріледі. Балалар өлімінің жетекші себептері перинаталдық кезеңінің жеке жағдайы, туа біткен дамуындағы ауытқуы, жазатайым оқиғалары, жарақаттану мен улану болып табылады. Бала өлімін төмендету және ата-анасыз қалған 3 жасқа дейінгі балаларды сапалы бақылау үшін Рудный қаласының осы санаттағы балаларына жетімдер үйін құру қажеттілігі туды.

Сонымен қатар отбасын жоспарлау, салауатты өмір салты мәселелері бойынша әйел тұрғындарға гигиеналық тәрбиені насихаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу жағдайы сияқты балалар өмірінің бірінші жылындағы денсаулық индексінің тұрақтылық құбылысы қадағаланып отырады. Сырқаттанудың қауіп-қатері, әлеуметтік факторлары жөніндегі топтарда тұрған балалар дер кезінде және сапалы қадағаланады, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен жұмыс істеу кезінде дәрігерлердің жауапкершілігі артады, 6 айға дейінгі балаларды тек қана емшек сүтімен емізу жөнінде «ЮНИСЕФ» бағдарламасы кең насихатталады, дер кезінде қауіпсіз иммундау, жіті ішек инфекцияларының, жіті респираторлық инфекцияларының және өкпе қабынуларының алдын алу арқылы бала өлімінің көрсеткіші төмендетіледі.

Азаматтардың денсаулығына, олардың өмірінің ұзақтығына әлеуметтік маңызды аурулар және олардан қайтыс болу елеулі әсер етеді.

Өлім себептері құрылымының бірінші орнында қан айналым жүйесі аурулары, екінші орында – жазатайым оқиғалар, кісі өлтіру, өз-өзіне қол жұмсау және басқа да сыртқы себептер, үшінші орында – қатерлі ісік аурулары.

Жыл сайын қалада жазатайым оқиғалардан, жарақаттанудан және уланудан қайтыс болу жоғары көрсеткішті көрсетеді. Соның бір себебі қала аумағындағы автокөлік жолдары сапасының төмен болуы (жол-көліктік оқиғалардан жарақаттанудың жоғары деңгейі), едәуір автокөліктер паркін, соның ішінде жоғары жылдамдықпен жүретін автокөліктер паркін көбейту, жүргізушілерді дайындау сапасының жеткіліксіздігі болып табылады.


Рудный қаласы бойынша аурушаңдық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2012 жыл

2013

жыл


2014

жыл


2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың 9 айы

Қатерлі ісік ауруымен ауыру көрсеткіші (100 мың тұрғынға)

301,8

115,4

379,3

361,2

351,2

230,6

Туберкулезбен ауыру көрсеткіші (100 мың тұрғынға)

79,0

60,8

64,9

65,9

64,9

65,9

Туберкулезден қайтыс болу көрсеткіші (100 мың тұрғынға)

13,3

7,0

5,4

3,5

5,4

3,5

Қатерлі ісік аурулары жалпы өлім себептері құрылымында үшінші позиция орнын алды. Онкологиялық қараусыздық пен өлімді төмендету мақсатында қатерлі ісік ауруларын анықтау скринингтік бағдарламаларын жалғастыру қажет.



Қала бойынша 2012 жыл мен 2016 жыл аралығында туберкулезбен ауыру көрсеткіші 100 мың тұрғынға төмендегені белгі болып отыр. Осы көрсеткіш 2012 жылдан бастап 2015 жыл аралағында орта республикалық көрсеткіштен төмен және Қостанай облысы бойынша облыстық орташа көрсеткіштен едәуір төмен.
2-диаграмма

Туберкулезбен ауыру динамикасы

Мұндай жетістіктерге туберкулезге қарсы қызметтің негізгі көрсеткіштерін әрдайым бақылауда ұстау, қалалық туберкулезге қарсы диспансер мамандарының белсенді ұйымдық-әдістемелік жұмыстары, емдеу-диагностикалық іс-шаралары, туберкулез жағдайының тіркеу ордасындағы жұмысы, тұрғындар арасындағы санитарлық-атқарушылық қызмет белсенділігі нәтижесінде жетіп отыр. Қалалық көрсеткіштердің жағымды динамикасына қарамастан, эпидемиялық жағдайы шиеленіскен түрде қалып отыр. Туберкулездің таралуын эпидемиялық қадағалау, дәрілік тұрақтылықты дамыту және туберкулезден қайтыс болу мәселелері белсенді болып қалады.

2012 жыл мен 2015 жыл кезеңі аралығында туберкулезден қайтыс болу 73,7% төмендеді (2012 жылы 100 мың тұрғынға 13,3-тен бастап, 2015 жылы 3,5-ке дейін, яғни 9,8 тармақша). 2016 жылы көрсеткіш 4,62 тармақты құрады, қала бойынша туберкулез ауруынан қайтыс болу көрсеткіші 2016 жылға дейін облыс бойынша көрсеткіштен шамалы жоғары (2012 жылы – 10,1; 2013 жылы – 7,6; 2014 жылы – 5,2; 2015 жылы – 5,1, 2016 жылы – 4,31).

Медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесін жетілдіру мақсатында медициналық ұйымдар деңгейінде ішкі аудит енгізілді.

2010 жылы барлық қаланың медициналық ұйымдары тіркелуден өтті.

Қала тұрғындарына 2014 жылдың басында 1103 медициналық жұмыскер медициналық көмек көрсетті, соның ішінде 274 дәрігер және 829 орта медициналық жұмыскер.

Дәрігерлер кадрларының «қартаю» тенденциясы бақылануда. 50 жастан асқандар саны 45% құрап отыр. 25 жылдық өтілі бар мамандардың салыстырмалы үлесі ұлғаюда, бұл жас кадрлар келуінің қысқарылғанын дәлелдеп отыр. Мемлекеттік білім беру гранттары есебінен оқыған жас мамандарды мемлекеттік тарату жүйесі жоқ.

Тұрғындарды дәрілермен қамтамасыз етуді жақсарту үшін дәрі-дәрмектердің бірыңғай дистрибуциялық жүйесі құрылды.

Тұрғындардың дәрі-дәрмектерге қолайлы қол жетімділігін арттыру үшін оларды нәтижелі және тиімді пайдалану жолы арқылы 2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 677 бұйрығымен регламенттелген Қазақстан Республикасының дәрі-дәрмек құралдарының формулярлық жүйесі енгізілді.

Облыстық деңгейде бюджетті шоғырландыру жүргізілді, денсаулық сақтауға шығыстар ұлғайтылды, ал бюджетті бөлу өңірлік коэффиценттерді есепке ала отырып, жан басына шаққандағы ұстаным бойынша жүргізіледі. 2013 жылы диспетчерлік, анықтамалық-статистикалық және әкімшілік қызметтің бағдарламалық кешені пайдалануға енгізілді. 2016 жылы мынадай жабдықтар сатып алынды: ЭКГ холтері – 2 бірлік, СМАД – 2 бірлік, велоэргометр – 1 бірлік.


Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау

Күшті жақтары (S)

1. Медициналық қызмет көрсетуде бәсеке ортасын дамыту.

2. Медицина кадрларының біліктілік деңгейін үздіксіз арттыру.

3. ТМККК шеңберінде стационарлық деңгейде дәрі-дәрмекпен 100% қамтамасыз ету.




Әлсіз жақтары (W)

1. Медицина қызметіне кеш жүгіну.

2. Жүкті әйелдердің үнемі медицина мекемелеріне баруға ынталарының толық болмауы.

3. Денсаулыққа зиянды әрекеттердің әсер ететіні жайында білмеуі.

4. Денсаулық сақтау және салауатты өмір салтын сақтау бойынша төмен бысымдылық.

5. Жүрек-қан тамырлары ауруының дамуына әсер ететін бірқалыпты тамақтану әдеті.

6. Жұмыс берушілер жұмыс орындарының сапасын арттыру мен оның қауіпсіздігі мәселесіне аса зор мән бермейді.

7. Әлеуметтік мәселелер тұрғындардың көп бөлігіне өз денсаулығын сақтауға және нығайтуға аса көп көңіл бөлуге мүмкіндік туғызбайды.

8. Жоғары мінез-құлық қауіпі (темекі шегу, алкоголь, нашақорлық).


Мүмкіндіктері (О)

1. Консультативтік қамтамасыз ету мақсатында телемедицинаны пайдалану.

2. Жергілікті компания тарапынан салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қосымша қаржыландыру саласын тарту.

3. Ұлттық скринингтік зерттеулермен тұрғындарды қамтуды ұлғайту.

4. Тәулік бойы келетін стационарларды күндізгі ауысымды стационарлармен және үй стационарларымен әрі қарай ауыстыру.

5. 206 жылы дәрігерлер кадрларына деген тапшылықты қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілді, Қарағанды мемлекеттік медициналық университетімен 4 шарт жасалды, олар қазіргі уақытта интернатурада оқудан өтіп жатыр.



Қауіп-қатерлері (Т)

1. Дәрігерлерге деген нақты жүктеменің ұлғаюына байланысты тұрғындарға қызмет көрсету сапасының төмендеуі.





Негізгі мәселелер

Қатерлі ісік ауруынан өлім-жітімнің өсуі.

АҚТҚ – індет жұқтырған адамдардың өсуі.

Жалпы салауатты өмір салтын сақтау қызметінде және денсаулық сақтау жүйесінде қызметкерлердің тапшылығы.

Медицина кадрлары мамандарының тапшылығы, дәрігерлердің үлкен тапшылығы.

АМСК ұйымдарының жеткіліксіз қаржыландырылуы.



Дамыту тенденциясы

Денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын кезең-кезеңімен жақсарту.



Жұмыспен қамту

Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты өзгерістер еңбек нарығында өз әсерін тигізді. Елдің әлеуметтік саясатының басымдылығы жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау болып табылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Президент Жолдауын іске асыру бойынша іс-әрекет немесе Жол картасы жоспарын әзірледі, ондағы негізгі мақсат жұмыспен қамту, жұмыссыздар деңгейін елеулі өсуін болдырмау, дағдарыстың дамуына қатаң тұғыр болу жағдайларын құру болып табылды. Жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз етуді үнемі және уақытша жұмыс орындарын құру арқылы мамандандырылған дайындық арқылы қолдау.

2013 жыл мен 2016 жыл аралығында Рудный қаласында экономикалық белсенді тұрғындар санының өзгеруі байқалмайды.
Рудный қаласы бойынша экономикалық белсенді тұрғындар


Көрсеткіш

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Экономикалық белсенді тұрғындар, адам

70429

70429

70429

76105

77163

2013 жыл мен 2017 жыл аралығында жұмысқа орналасу мәселесі бойынша өтініш білдіргендер саны қалыпты күйде қалады және 85%-ды құрайды, себебі жұмыссыздар уақытша қоғамдық жұмыс орындарына орналасқан, ал тұрақты жұмыс орындарына орналасу қоғамдық жұмыстар аяқталғаннан кейін іске асуы мүмкін.

2013 жыл мен 2017 жыл аралығында жұмыспен қамтылған тұрғындардың жалпы санынан өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындардың үлесі экономикалық өсім, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құру есебінен төмендейді.

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларында нақты жұмыс істейтін әлеуметтік саясат өндірістік еңбекке және жаңа жұмыс орындарын құруға ынталандыру саясаты болды және болып қала береді деп айтылған.

Аймақтың негізгі мәселесі мамандандырылған кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз ету, еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі болып табылады.

Еңбек нарығына Өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын, Жол картасының инвестициялық бағыттарын іске асыру оң әсер етті.

Тұрғындарды өңірлік жұмыспен қамту стратегиясын іске асыру шеңберінде жұмыспен қамтуға тиімді жәрдемдесу үшін бос жұмыс орындарын іріктеу және белсенді іздеу, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, бос орындар жәрмеңкесін өткізу, жастар мен әйелдердің жұмысқа орналасуларына жәрдемдесу пайдаланылуда.

Рудный қаласының тұрғындарын жұмыспен қамтуды және оның құрылымын болжау, еңбек нарығындағы жағдайды бағалау мақсатында кәсіпорындардың қолда бар бос орындары және оның даму болашағы бойынша қала кәсіпорындарымен стандартты сұрау парақтарын толтыру жұмысы және ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру, жұмыссыз азаматтар үшін кәсіби дайындық және қайта даярлауды ұйымдастыру, уақытша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру арқылы жұмыссыздықтан қорғау үшін азаматтар құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ету жүргізілді.

2013 жыл мен 2017 жыл аралығында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын кәсіпорындарда қоғамдық жұмыстарға қатысушылар саны өсіп келеді.
Рудный қаласы бойынша жұмыспен қамтылғандардың негізгі көрсеткіші


Көрсеткіш

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың саны, адам

592

540

560

373

539

Жұмысқа орналасу мәселесін шешу үшін бос орындар жәрмеңкесі жүргізіледі, соның нәтижесінде жұмыссыздар жұмысқа орналастырылады.

2013-2015 жылдары еңбек әлеуетін дамыту, оқытып жұмысқа орналастыру арқылы тұрғындардың жұмыспен қамтылуын тұрақты және тиімді қамтамасыз ету үшін Жұмыспен қамтудың 2020 бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен трансферттер бөлінді. Жұмыссыздар және әлеуметтік қолдауға мұқтаж тұрғындардың нысаналы тобынан шыққан адамдар үшін жалақыны жартылай қаржыландыру шарты арқылы әлеуметтік жұмыс орындарын құру, сондай-ақ кәсіби дайындық және қайта даярлау, жастар практикасын жүргізу қарастырылды.

Негізгі іс-шараларға мыналар жатады:

Бағдарлама қатысушыларын кәсіби оқытуға, жастар практикасына бағыттау, жалақыны жартылай қаржыландыру шарты арқылы Бағдарлама қатысушыларын әлеуметтік жұмыс орындарына, тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, Бағдарлама қатысушыларымен жеке әңгімелесу, белсенді жұмыс іздеу бойынша семинарлар, тренингтер жүргізу.

тұрғындарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша тұрғындарды ақпараттандыру, оқыту және жұмысқа орналасу мәселесі бойынша кеңес беру.

«Еңбек нарығы» ААЖ-не «Жұмыспен қамту» қосалқы жүйесін енгізу, бос орындар қорын толықтыру.
Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы


Іс-шаралар

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы бойынша барлығы, оның ішінде мыналар бойынша:

511

440

207

436

599


әлеуметтік жұмыс орындары, адам

199

218

126

269

162

жастар практикасы, адам

53

65

57

68

60

кәсіби оқыту, адам

130

135

6

80

353

көшуге жәрдемақы, адам

129

22

18

19

24

Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау



Күшті жақтары (S)

1. Қала аса көп әлеуметтік қауіп жақтары нысанына жатпайды.

2. Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар қаражаттарының жеткіліктілігі.

3. Еңбек заңнамасының өзекті мәселелерін, оның ішінде еңбекті қорғау және оның қауіпсіздігі мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялау.

4. Өндірістердегі оқыс оқиғаларды зерттегенде мемлекеттік еңбек инспекторлары облыс кәсіпорындары мен ұйымдарының жұмысшыларымен еңбек заңнамасы бойынша түсіндіру әңгімелерін жүргізеді.


Әлсіз жақтары (W)

1. Жұмыстарды қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру.

2. Оқытуды және еңбекті қорғау және оның қауіпсіздігі жөніндегі нұсқауды дұрыс ұйымдастырмау.

3. Ғимараттар, құрылыстардың қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы, аумақтарды қанағаттанарлықсыз ұстау және жұмыс орындарын ұйымдастырудағы кемшіліктер.

4. Еңбекте қауіпсіздікке оқытудың кемшіліктері.

5. Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі.



Мүмкіндіктері (О)

1. Еңбек заңнамасын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

2. Әлеуметтік шиеленістікті төмендету. Жоспардан тыс тексерістер, өндірісте болатын оқыс оқиғаларға зерттеулер жүргізген кезде кәсіпорын жұмысшыларымен жалпыға міндетті оқыту жүргізу.

3. Тұрғындарды уақытша жұмыспен қамтуға жәрдем көрсетудің белсенді бағдарламаларын, қоғамдық жұмыстарды іске асыру бөлімінде жұмыс орындарын құру.

4. Бос жұмыс орындары және бос лауазым орындары жәрмеңкелерін өткізу.


Қауіп-қатерлері (Т)

1. Өндірістегі жасырылған оқыс оқиғалар.

2. Жасырын жұмыспен қамту.

3. Жасанды жұмыссыздық жасау (мемлекеттік жәрдемақы тағайындау жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азаматтың мәртебесін және табысы туралы анықтама ұсынуды талап етеді)






Негізгі мәселелер

Жұмыстарды қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру.

Оқытуды және еңбекті қорғау және оның қауіпсіздігі жөніндегі нұсқауды дұрыс ұйымдастырмау.

Ғимараттар, құрылыстардың қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы, аумақтарды қанағаттанарлықсыз ұстау және жұмыс орындарын ұйымдастырудағы кемшіліктер.

Еңбекте қауіпсіздікке оқытудың кемшіліктері.

Еңбекті қорғау және оның қауіпсіздігі ережесін бұзу.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары берген анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі тапсырмаларды жұмыс берушілердің орындамауы.

Даму тенденциясы

Тұрғындарды жұмыспен қамту деңгейін арттыру, хал-жағдайын жақсартуға көмек көрсету, қала тұрғындары арасында жұмыссыздықты қысқарту.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды, жұмыссыздарды және тұрғындардың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмыспен қамтуға жәрдем көрсетудің белсенді шараларына тарту.

Жұмыс берушілерді кәсіби даярлау, қайта даярлау курстарын ұйымдастыру үшін ынтымақтастыққа тарту.

Рудный қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-не бос орындар туралы мәліметті ұсыну арқылы тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілерді ынтымақтастыққа тарту бойынша іс-шаралар жүргізу. Жүгінген азаматтарды қолда бар бос орындарға жұмысқа орналастыруға көмек көрсету.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды, жұмыссыз азаматтарды және нысаналы топтарға жататын тұрғындарды жалақыны мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жартылай өтеу арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру.

Техникалық кәсіптік және жоғары оқу орындарының түлектерін алған мамандықтары бойынша жастар практикасына жұмысқа орналастыру.

Қала мектептерінің оқуды бітіретін сыныптарының оқушыларымен кәсібін өзі таңдау бойынша кездесулер өткізу.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесін шешу үшін іс-шаралар өткізу.

Қашар, Горняцк кенттері және Перцев ауылы аумағында бизнесті ашу және/немесе кеңейту үшін шағын несие беру арқылы жұмыспен қамтуға көмек көрсету.



Әлеуметтік қамтамасыз ету

Мүгедектерді әлеуметтік қорғау және оларды оңалту және қоғамға біріктіру бойынша жұмыс 2005 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға және 2009-2011 жылдарға арналған бағдарламалары шегінде жүзеге асырылады. Соларға мүгедектіктің алдын алу; мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету; заманауи көмекші (теңгерме) техникалық құралдарда және әлеуметтік құрылғыларды ілгерілетуде мүгедектер қажеттілігін қанағаттандыру, мүгедектер әлеуетін оңалтуды арттыру, мүгедектерді толықтай және жартылай оңалту көрсеткіштерін ұлғайту бойынша шаралар қабылданады. Мүгедектерді оңалту бойынша жұмыс мына үш бағыт бойынша жүргізіледі: әлеуметтік, кәсіби (еңбек) және медициналық. «Е-Собес» ақпараттық интеграциялық жүйесі құрылды.

Мүгедектермен жұмыс істеу бойынша жұмысты «Рудный әлеуметтік қызметтерді көрсететін аумақтық орталығы» МКК ұйымдастырады.

Кәсіпорын жұмысының негізгі бағыттары:

- мүгедек балаларға, сондай-ақ психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдарға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, әлеуметтік-тұрмыстық және әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету, психолог қызметін көрсету және олардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында олардың Орталықта болуы;

- жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге, басқа біреудің күтіміне және көмегіне мұқтаж адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету, оларға әлеуметтік-тұрмыстық және оңалту іс-шараларын көрсету;

- мүгедек балаларға біржолғы ыстық тамақтануды қамтамасыз етіп, жартылай стационар жағдайларында күндізгі бөлімшеде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету.
2013-2017 жылдары мүгедектерді әлеуметтік қамтамасыз ету

адам



Көмек түрі

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

міндетті гигиеналық құралдар

205

198

229

319

319

жеке көмекші қызметтері

48

48

49

53

65

ымдау тілі маманының қызметі

34

31

24

26

33

мүгедектерге арналған такси қызметі

298

59

74

103

109

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасында көмекші компенсаторлық құралдарды, санаторлық-курорттық емдеуді және жылжу құралдарын алу үшін ұсыныстарға байланысты алушылардың (мүгедектердің) саны жыл сайын көбеюде.

Заманауи демографиялық жағдайдың басты ерекшеліктерінің бірі жасы үлкен адамдарың қайтыс болуының артуы болып табылады. Жасы үлкен адамдардың жас күшіндегі ерекшеліктері олардың құбылмалы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға қиын бейімделуінде. Тіршілік әрекетінің әртүрлі саласында оларға кепілдендірілген көмек қажет. Халықтың қартаю үрдісі жасы үлкен адамдар мен мүгедектерді әлеуметтік қорғауды күшейту сияқты және олардың қоғам өміріне белсенді араласу жағдайын құруға бағытталған шараларды қабылдауды қажет етеді.

Мыналар негізгі мәселелер болып табылады: мүмкіндігі шектеулі адамдарға тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, мүгедектерге қарапайым инфрақұрылымды қамтамасыз ету, яғни арнайы құралдармен олардың пайдаланулары үшін мүмкіндіктердің көп болуы және толық оңалулары үшін ғимараттар мен дүкендерді жобалау саласындағы заңнаманы өзгерту қажет. Мүгедектер көлігі, жұмысқа орналастыру бұл дені сау адам істей алатын қызмет түрімен толық қамтудан да күрделі мәселе.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың проблемаларын Қазақстан 2008 жылдың желтоқсанында қосылған Мүгедектердің құқықтары туралы халықаралық конвенция аясында қарап, мүгедектердің әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуіне ерекше назар аудару қажет, ол мүгедектердің құқықтарын қоғамымыздың басқа мүшелерімен тең сақтауда басты рөл атқарады.

Үкімет қаулысымен «Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші кезеңі бекітілді, олар мүгедектердің өмір сүруінің негізгі салаларында объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздейді.

Рудный қаласында қолданыстағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеу жөніндегі қалалық ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Комиссияның негізгі міндеті мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз кіру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін мүгедектердің құқықтарын іске асыру мақсатында мемлекеттік органдар, ұйымдар, қоғамдық бірлестіктерге мүгедектердің кіруге мүмкіндігін қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ мүгедектер үшін қолжетімді ортаны сақтау мәніне қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстарды паспорттауды жүргізу бойынша түсініктемелер мен ұсыныстар беру болып табылады.

Бүгінгі таңда қолданыстағы ғимараттар мен құрылымдарға паспорттауды өткізу бойынша жұмыс жоспарына енгізілген 152 объектінің ішінен 98 объект толығымен бейімделген, қалғандары жартылай қолжетімді болып табылады.

Реттелетін саланы дамытудың негізгі параметрлері әлеуметтік көмектің әртүрлі түрлерін тағайындау мен төлеу, тұрғын үй көмегін көрсету болып табылады.
Әлеуметтік төлемдер (көмек) түрлері


Көмек түрі

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы, отбасы

189

135

121

220



128

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, отбасы

44

14

9

15

9

Тұрғын үй көмегі, отбасы

3226

3162

3127

3119

2487

Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек, адам

3905

3565

3297

2039


2659


Үйде оқитын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз ету, адам

42

51

60

58

69

Қалада экономикалық жағдайдың тұрақтануына байланысты аз қамтылғандардың саны шамалы төмендеп барады, сонымен қатар кедейлер қатарынан шығару үшін белсенді шаралар қабылданды. Азаматтар табысын ұлғайту мақсатында атаулы көмек, балалар жәрдемақысы, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмекке төлемдер төленді.

Ана мен баланы қорғау әлеуметтік саясаттың тағы бiр маңызды басымдығы болып табылды.

Белгілі тұрағы, жұмысы және күнелту қаражаты жоқ, әлеуметтік-еңбек бейімдеуге, медициналық және басқа көмекке мұқтаж тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу, жоғалған әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге бағытталған қажетті арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету кешенін ұсыну жолымен жан-жақты көмек көрсетіледі, белгілі тұрағы жоқ тұлғадан қоғамның қалыпты өміріне қайта араласуы үшін басқа да іс-шаралар өткізіледі.

Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау


Күшті жақтары (S)

1. Еңбек нарығында жаппай жұмыстан босату көзделіп отырған жоқ, бұл жұмыссыз азаматтар санының ұлғаюына әкелмейді.

2. Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға жергілiктi атқарушы органдар қаражаттарының жеткiлiктi болуы.

3. Әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың барлық санаттарын іс жүзінде қамту.

4. Медициналық-әлеуметтік мекемелердегі арнайы әлеуметтiк қызметке мұқтаж, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдардың барлық санатын қамту.

5. Медициналық-әлеуметтiк мекемелердегі арнайы әлеуметтiк қызметпен мүгедектерді, қарттарды, мүгедек балаларды толық қамту.

6. Мүгедектерді әлеуметтік және кәсіби оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткізу.

7. Мүгедектерді оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткізу мүмкіндігі шектеулі адамдардың тәуелсіздікке барынша қол жекізуіне, оны сақтауына және қоғам өміріне араласуына мүмкіндік туғызады.



Әлсіз жақтары (W)

1.Үнемі бөгде адамдардың күтіміне мұқтаж, психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан жоғары адамдар санының өсуі.

2. Психоневрологиялық интернат үйлеріне кезек.

3. Арнауы әлеуметтік қызмет көрсету үшін ҮЕҰ материалдық-техникалық базасының жоқтығы.

4. Азаматтардың белгілі санаттарына мемлекеттiк бюджеттен жәрдемақы алу ақша алудың жалғыз көзi болып табылады.

5. Оңалту құралдарымен немесе қызметтермен қамтылған мүгедектердiң үлесі жүз пайызға жетпейдi, бұл мыналарға байланысты: мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламалары мүгедектердің өтініш берулеріне қарай әзірленеді, ал келесі жылға бюджетті қалыптастыру ағымдағы жылдың екінші тоқсанында әзірленеді, сәйкесінше бюджетті қалыптастырған соң әзірленген оңалтудың жеке бағдарламалары мерзімінде орындалмайды.




Мүмкіндіктері (О)

1. Жұмыс орындарын құру, оның ішінде тұрғындарды уақытша жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларын іске асыру:

а) қоғамдық жұмыстар;

б) әлеуметтік жұмыс орындары.

2. Жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқыту, қайта даярлау.

3. Бос орынға бос орын және бос қызмет жәрмеңкесін өткізу.

4. Әлеуметтік шиеленушілікті төмендету.

5. Әлеуметтік қызмет түрлерін көрсету саласында қызмет етіп отырған қызмет саласын кеңейту.



Қауіп-қатерлері (Т)

1.Жасырын жұмыспен қамту.

2. Тiркелген жұмыссыздар санының өсуi.

3. Жасанды жұмыссыздық жасау (мемлекеттік жәрдемақы тағайындау жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азаматтың мәртебесін және табысы туралы анықтама ұсынуды талап етеді).

4. Мүгедектердің оңалту іс-шараларымен толық қамтылмауы.

5. Арнауы әлеуметтiк қызмет көрсету бойынша ҮЕҰ төмен белсенділігі.

6. Арнауы әлеуметтiк қызмет көрсету саласында үкіметтік емес ұйымдарды құру бойынша ынталы топтардың болмауы.



Негізгі мәселелер

Қала және ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту деңгейі арасындағы сәйкессіздік.

Ауылдық елді мекендерде бос жұмыс орындары санының аз болуы.

Еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың арасындағы сәйкессіздік.

азаматтардың белгіленген санаттары үшін мемлекеттік бюджеттен жәрдемақы алу ақша алудың жалғыз көзі болып табылады.

Даму тенденциясы

Құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар отбасылар үшін өзара міндеттер қағидатына негізделген әлеуметтік материалдық көмектің жаңа түрін енгізу.

Азаматтардың аз қамтылған санаттарын жұмыспен қамтудың белсенді іс-шараларына қатысуға, қажет болған жағдайда еңбекке қабілеттілерін қоса санағанда отбасы мүшелерінің (адамдардың) әлеуметтік бейімдеуден өтуін ынталандыру және отбасыны белсендендірудің әлеуметтік келісімшартының шартымен ең төмен күн көріс деңгейінен 60 %-ға төмен жан басына шаққандағы айлық орташа табысы бар аз қамтылғандар санынан еңбекке қабілетті азаматтарды қысқарту.

Әлеуметтік көмек және жәрдемақының әртүрлі түрлерін көрсетудің атаулылығын нығайту.



Мәдениет

Рудный қаласының мемлекеттік ұйымдарының желісінде:

«Мәдениет, демалыс және шығармашылық орталығы» МКҚК, оның құрамына «Алые паруса» халық көркемөнер шығармашылығы үйі, «Орбита» демалыс орталығы, Горняцк кентіндегі «Арман» клубы енеді;

7 кітапхана филиалын, оның ішінде мемлекеттік тілдегі бір кітапхананы біріктіретін «Рудный орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ;

«Қашар кентінің «Юность» мәдениет үйі» МКҚК.

Сонымен қатар қалада кино-концерттік зал, дискозал, шығармашылық ұжымдардың жұмысы үшін жайлар, сондай-ақ мейрамханалар мен ойын-сауық кешендері желісі бар «Горняк» мәдени ойын-сауық орталығы» ЖШС, Қостанай облысының кино-бейне жалға беру «Айгүл» кинотеатры, Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Рудный тарихи-өлкетану мұражайы» КММ жұмыс істейді.

Сондай-ақ, қалада 5 клуб (4 мемлекеттік меншіктегі нысан және 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі нысан), 7 кітапхана, 1 мұражай, 2 саябақ: мәдениет және демалыс саябағы, «Достық» саябағы және 1 кинотеатр жұмыс істейді.

Рудный қаласының аумағында 6 ескерткіш, оның ішінде 3 археологиялық және 3 қала құрылысы мен сәулет ескерткіші, сондай-ақ алдын ала есепке алу тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұраның 14 объектісі бар. Барлық ескерткіштер Қазақстан Республикасы ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген және белгіленген үлгідегі төлқұжаттары мен есепті карточкалары бар.

Мәдениет ұйымдарымен жыл сайын саны бойынша көбейіп келе жатқан іс-шаралар өткізілуде. Жүргізілген іс-шаралар сапасының деңгейі мәдениет ұйымдарына баратын адамдардың санын ұлғайтты.
Клуб ұйымдарымен өткізілген іс-шаралардың динамикасы


Атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың 9 айы

Іс-шаралар саны

1560

1660

1661

1662

972

Рудный қаласының шығармашылық ұжымдары Республикалық және Халықаралық байқаулар мен фестивальдерге қатысады. 2013 және 2014 жылдары Республикалық және Халықаралық байқаулар қатысушыларының саны 18 адамды құрады. 2015 жылы 33 шығармашылық көркемөнерпаз ұжым және жеке орындаушылар облыстық, республикалық және халықаралық маңызы бар байқауларға қатысты. 2016 жылы 17 шығармашылық ұжым және жеке орындаушылар Халықаралық және республикалық жарыстар мен сайыстарға қатысып жүлдегер атанды. 2017 жылдың 9 айында 17 шығармашылық ұжым және жеке орындаушылар Халықаралық және республикалық жарыстар мен сайыстарға қатысып жүлдегер атанды.

Мәдениет және демалыс саябағының әкімшілік ғимаратын, мұражай сутаратқышын күрделі және ағымдағы жөндеу, «Орбита» демалыс орталығының шатырын ішінара жөндеу жалпы сомасы 0,7 млн. теңгеге жүргізілді. Қаланың кітапханалары мен клубтарындағы пандустарды жөндеу 1,6 млн. теңге сомаға жүргізілді; шаруашылық жүргізуші субъектілердің есебінен қалалық саябақтың сутаратқышы 1,7 млн. теңге сомаға жөнделді. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің көлікжайы және «Алые паруса» ХКШҮ кіреберісін жөндеу 1,2 млн. теңге сомаға жүргізілді.

Орталық кітапхананың витринасын жөндеу және электр желілерін құрастыру, сондай-ақ «Алые паруса» ХКШҮ-нің суқұбырын жөндеу жалпы сомасы 2,8 млн. теңгеге жүргізілді.

Мәдениет бөлімінің көлікжайын ағымдағы жөндеу 0,8 млн. теңгеге жүргізілді, сондай-ақ «Орбита» ДО-ғы пандусты ағымды жөндеу жүргізілді, «Алые паруса» ХКШҮ-не пластиктен жасалған терезелер орнатылды, «Орбита» ДО және «Алые паруса» ХКШҮ бейнебақылау орнатылды. Мәдениет және демалыс саябағының әкімшілік ғимаратын ағымдағы жөндеу жалпы сомасы 4,6 млн. теңгеге жүргізілді.
Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау


Күшті жақтары (S)

1. Мәдениет объектілеріне келушілер деңгейінің өсуі.

2. Өткізілген мәдени-бұқаралық іс-шаралар санының өсуі.

3. Мүгедектер үшін мәдениет ұйымдарына қолжетімділікті арттыру.

4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 121 «Мәдениет ұйымдары желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін және облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың, селолық деңгейлердегі мемлекеттік мәдениет ұйымдарының үлгілік штаттарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген.


Әлсіз жақтары (W)

1.Барлық тарихи және мәдени ескерткіштерде күзету міндеттемелері жоқ.

2. Жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес мәдениет мамандары мен менеджерлерін дайындайтын орталықтардың жоқтығы.


Мүмкіндіктері (О)

1. Мүгедектер үшін мәдениет қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету.

2. Өңірдің жас әртістерін алға шығару мақсатында облыстық және республикалық байқауларға қатысу.

3. Мәдениет саласындағы жүйенің минималды мемлекеттік нормативін бекіту.



Қауіп-қатерлері (Т)

1.Жаңа мәдениет объектілерін салуға және мәдениет ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартуға бюджет қаражаттарының тапшылығы.




Негізі мәселелер:

Мәдени жұмысшыларды дайындайтын орталықтардың жоқтығы. Маркетингті және арт-менеджментті меңгерген біржақты мамандардың, сонымен қатар шығармашылық көшбасшылардың және жаңа типтегі басқарушы кадрлардың тапшылық проблемасы шешімін табуды қажет етеді.

Мәдениет саласындағы жұмысшылар жалақысының төмен болуы және ведомстволық тұрғын үйдің болмауы (білікті мамандарды тартудың негізгі шектеулері).

Тілдерді дамыту

Қаланың тілдік саясаты қаламыздың лингвистикалық капиталын сақтай отырып, Қазақстан халқы бірлігінің факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатына бағытталған.

Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығы 2008 жылы құрылды. Мемлекеттік тілді оқып жүретін ересек адамдардың саны жыл сайын көбеюде. Қазақ және ағылшын тілдерін оқып жүргендер санының ұлғаюы байқалады.

Қалалық тілдерді оқыту орталығы Коммуналдық мемлекеттік мекеме туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Тілдерді дамыту мен қолданудың мемлеккттік бағдарламасын іске асыру бойынша қалада бірыңғай мемлекеттік тілдік саясатты жүргізуді қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Орталықта мемлекеттік қызметшілерді, бюджет салаларының қызметкерлерін, сондай-ақ халықтың басқа топтарын мемлекеттік және басқа тілдерге оқыту ұйымдастырылған. Бұдан басқа, Тілдерді оқыту орталығы Ережеге сәйкес меншік нысанына қарамастан мекемелерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес сыртқы ақпараттарды мемлекеттік тілге аударуды жүзеге асыруға консультациялық және тәжірибелік көмек көрсетеді.

Мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізу процесіндегі маңызды фактор - оның коммуникациялар, ойын-сауық және демалыс салаларында белсенді пайдаланылуы, отбасы құндылығы ретінде мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолдануына қол жеткізу мен оның мәртебесін көтеру, балалардың таным және оқып жүрген мемлекеттік тілдегі радио және телебағдарламаларды қалыптастыру барысында БАҚ рөлін күшейту болып табылады.
Құжат айналымы өзгерістерінің динамикасы


Атауы

2013

жыл


2014

жыл


2015

жыл


2016

жыл


2017 жылдың 9 айы

Құжат айналымының жалпы көлеміндегі мемлекеттік органдардағы мемлекеттік тілдегі іс-жүргізудің салыстырмалы салмағы

81%

81%

88%

90%

92%

Сонымен қатар қазақ тілімен бірге ресми түрде орыс тілі де тең қолданылады, ағылшын тілін оқу үшін жағдай жасалуда. Француз, неміс, орыс (оралмандар үшін) және иврит тілдерін оқыту жалғасуда. Неміс тіліне оқыту жүргізіледі.

Мемлекеттік тілдің рөлін білім беру жүйесінде де күшейтуде. Ана тілінде оқып жүрген ұлты қазақ оқушылардың саны көбеюде.

Мемлекеттік тілдің коммуникативтік функциясын нығаюда. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік тілді насихаттау, сонымен қатар «Қазақ тілінің латын әліппесіне көшу» жобасын іске асыру мақсатында «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» Президент бағдарламасы бойынша «Рудненский рабочий» қалалық газетінде тұрғындарды «Жаңа әліпби - жаңа қадам» айдарымен таныстыру мақсатында «Рудный даусы» радио толқынында апта сайын «Тілашар» радиосабағы жүргізіледі.
Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау


Күшті жақтары (S)

1. Тілдерді оқытуға инфрақұрылым құру.

2. Тілдерді оқыту орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту.

3. Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар санын ұлғайту.

4. Жүргізіліп жүрген тіл саясатын облыс тұрғындары қолдауының жоғары деңгейі.

5. Мемлекеттік және басқа тілдерді оқытудың әдіснамасы жетілдірілуде, қазақ тілі мамандары мен оқытушыларын дайындау деңгейі өсуде, оқыту мемлекеттік стандарттарға және «ҚазТест» үлгілік бағдарламаларына сәйкес жүргізілуде.



Әлсіз жақтары (W)

1. Қоғамда мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі.

2. Өңірдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілді жеткіліксіз енгізу.

3. Жекешелендіруге жататын коммуналдық меншік ұйымдарының тізбесіне мемлекеттік Тілдер оқыту орталықтарын қосу.

4. Мемлекеттік тілді іскерлік қарым-қатынас, бизнес, ғылым саласында, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету, мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінде қолданудың төмен дәрежесінің сақталуы.


Мүмкіндіктері (О)

1.Қызмет етіп отырған тілдерді оқыту орталықтарын аккредитациясы.

2.Мемлекеттік тілдің аймақтың әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізудің жеткіліксіздігі.

3. Коммуникация, демалыс, көңіл көтеру мемлекеттік тілді пайдалану мен қолдануда отбасылық құндылық сияқты белсенді қолдану саласын кеңейту, БАҚ рөлін күшейту балалар өзін-өзі тану және радио және телебағдарлама арқылы мемлекеттік тілде қалыптастыру.



Қауіп-қатерлері (Т)

1. Мемлекеттік Тілдерді оқыту орталықтарын жеке меншікке жататын коммуналдық меншігі ұйымдарының тізіміне енгізуі.





Негізгі мәселелер

Халыққа қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілдің жеткіліксіз қолданылуы, әлеуметтік-коммуникативтік кеңістік.



Спорт.

«Рудный қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері дене шынықтыру және спорт арқылы салауатты өмір салты ұстанымдарын бекіту, тұрғындардың дене шынықтыру жаттығуларын саналы түрде қажет етуін қалыптастыру, сондай-ақ өскелең ұрпаққа рухани және физикалық дамытудың маңызды факторы ретінде дене шынықтыруды және спортты насихаттау болып табылады. Дене шынықтыруда және спортты дамыту және қойылған міндеттер қоғамда салауатты өмір салтын нығайту, барлық жастағы тұрғындардың дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшін жағдай жасау қажеттілігін білдіреді.

2017 жылы қала бойынша спорт құрылыстарының саны 158 бірлікті, 2016 жылы 157 бірлікті құрады. Өсу «Аят Футзал Арена» СК-ғы спорт залы, жабдықталған спорт залы және «Мон Элит» жабық теннис корты құрылысы есебінен болады. Рудный қаласында «Futsai Arena» спорт кешін жалдау мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жүзеге асырылады. «Абат» ЖШС инвестор болып табылады. МЖС шарты 2017 жылғы 29 наурызда 7 жыл мерзімге жасалды.
Спорт құрылыстарының саны


2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың 9 айына

153

153

62

154

158

Спорттың нысаналы индикаторларының бірі дене шынықтыру және спортпен айналысатын азаматтарды қамту болып табылады. 2013 жыл мен 2017 жыл аралығында барлық жастағы қала тұрғындардың қамтылуы байқалады, дене шынықтыру және спортпен белсенді айналысатындар 4182 адам

немесе 3,2%.


Спортпен белсенді айналысатын тұрғындардың саны

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жылдың 9 айы

36720

39199

40116

40408

40902

Спортпен айналысатын тұрғындардың қала тұрғындарына пайыздық қатынасы

28%

30%

30%

31%

31,5%

Тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту қала аумағында бар спорт құрылыстары, қызығушылық бойынша спорт клубтары, кәсіби клубтар және спорт мектептері есебінен мүмкін болады. Бұл спорт түрлері бойынша секцияларға қатысушылар санын ұлғайтады, жаңа секциялар мен топтарды ашуға ықпал етеді.

Жыл сайын қалада шамамен салауатты өмір салтын насихаттайтын 400-ге жуық спорттық іс-шаралар жүргізіледі.

Екі балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысы қамтамасыз етілген, оған 1663 оқушы қатысады. 10 балалар клубы жұмыс істейді, онда 928 адам спортпен айналысады. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде спорт түрлері бойынша спорттық секцияларға қатысатын 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үлесі спорт түрлері бойынша спорттық секцияларға қатысатындардың жалпы санынан 12 % құрады.

2017 жыл аралығында 7 жастан 18 жасқа дейінгі спортпен айналысатындардың саны төмендегені байқалады. Осы кезеңде спорт ұйымдары жұмысының мақсаты 7 жастан 18 жасқа дейінгі спортпен айналысатын балалардың пайызын арттыру үшін қала тұрғындарын спортқа тарту болып табылды.


2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

4646 адам

4193 адам

4513 адам

2845

1663

Спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің пайыздық қатынасы

46%

34%

36%

21%

12%

2014-2015 жылдар аралығында 7-18 жастағы балалар санының 2%-ға өсуі жаңа секциялар және топтар ашу, штаттық жұмысшылардың артуы есебінен жүзеге асырылады (Қашар кентінде «Качарец» СК пайдалануға берілді, 2013 жылы Қашар кентінен Рудный қаласына кенттің дене шынықтыру мәдениетін дамытқан «Атлет» спорт клубы көшірілді).

Рудный қаласында және Қашар кентінде жұмысшылар саны көбейді. 2018 жылдың 1 қаңтарына дене шынықтыру-спорттық жұмыстарды 275 штаттық жұмысшы атқарады, оның ішінде 268 дене шынықтыру – 97,4%. Қалада 102 спорттық шаттық жаттықтырушы қызмет етеді, оның ішінде 94 (92%) адамның жоғары кәсіптік білімі және 8 (8%) адамның арнайы орта кәсіптік білімі бар.


жүктеу 4,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау