Рудный қаласының аумағын дамытудың
2016-2020 жылдарға арналған
бағдарламасы
Мазмұны
1. Паспорт (негізгі сипаттамалар)
|
3
|
2. Ағымдағы жағдайды талдау
|
7
|
2.1. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
|
7
|
2.1.1.Өңіраралық ынтымақтастықты ескере отырып өңірдегі экономиканың дамуын талдау
|
7
|
2.1.1.1 Экономикалық өсу орталықтарын дамыту
|
25
|
2.1.2. Әлеуметтік саланы талдау
|
27
|
2.1.3. Қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті талдау
|
69
|
2.1.4. Инфрақұрылымды талдау
|
81
|
2.1.5. Экологияны және жер ресурстарын талдау
|
95
|
2.1.6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті талдау
|
98
|
2.2. Орта мерзімді келешектегі аумақтың тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму факторларын, бәсекелік басымдылықтарын және мүмкіндіктерін тежейтін негізгі проблемалар, қауіп-қатерлердің кешенді сипаттамасы
|
104
|
3. Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары
|
105
|
4.Қажетті ресурстар
|
128
|
1. Паспорт (негізгі сипаттамалар)
Атауы
|
Рудный қаласының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіздеме
|
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 шілдедегі № 827 Жарлығы.
«Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы. |
Қаланың негізгі сипаттамалары
|
Рудный қаласы 193,1 мың шаршы километрді алып жатыр, облыс орталығы - Қостанай қаласынан оңтүстік-батыс жағынан 45 шақырым жерде Тобыл өзенінің сол жақ жағалауында, аймағы Қостанай-Жітіқара республикалық маңызға ие автокөлік магистралінде орналасқан, 1957 жылы 30 тамызда негізі қаланған.
Қаланың әкімшілік құрамына 1 облыстық маңызы бар қала, 2 қалалық кент және 1 ауыл кіреді.
Қала аумағында жүзден астам ұлт және ұлыстар тұрады. 2016 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қала халқы 130 мың адамды құрайды, олардың ішінде: 26,4% - қазақтар, 58,7% - орыстар, 6,6% - украин, 2,3% - немістер, 6% - басқа ұлттар.
|
Бағыттар
|
1. Экономика.
2. Әлеуметтік сала.
3. Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп.
4. Инфрақұрылым.
5. Экология және жер ресурстары.
|
Бағдарламаның мақсаттары
|
1-мақсат: Өнеркәсіптің өңдеуші салаларын дамыту.
2-мақсат: Бизнес ортаны жақсарту.
3-мақсат: Инвестициялық климатты жақсарту.
4-мақсат: Экономикалық өсу орталықтарын дамыту.
5-мақсат: Білім сапасын, оның қол жетімділігін жақсарту.
6-мақсат: Балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру.
7-мақсат: Типтік жастағы жастарды техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз ету.
8-мақсат: Қала тұрғындарының денсаулығын жақсарту. Медициналық қызметтерді уақытында және сапалы көрсету.
9-мақсат: Тұрғындардың тиімді жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу, жұмыссыздық деңгейін төмендету.
10-мақсат: Аз қамтылған тұрғындарды, мүгедектерді әлеуметтік қолдау.
11-мақсат: Отандық мәдениетті сақтау, көпшілікке тарату және насихаттау.
12-мақсат: Мемлекеттік тілді және қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту.
13-мақсат: Дене шынықтырумен және спортпен жаппай шұғылдану және спорт резерві мен жоғары санаттағы спортшыларды сапалы дайындау үшін жағдай жасау.
14-мақсат: Бәсекеге қабілетті туристік индустрия қалыптастыру.
15-мақсат: Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқықтық тәртіп және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесін дамыту.
15/1: Діни қауіпсіздікті және құқықтық сауаттылықты арттыру.
16-мақсат: Жұмылдыру дайындығы, азаматтық және аумақтық қорғаныс, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту және жоюды ұйымдастыру жүйесін дамыту және жетілдіру.
17-мақсат: Ақпараттық қоғам және инновациялық экономикаға көшу мақсатында қаланың ақпараттық коммуникация саласын дамыту шарттары мен тетіктерін құру.
18-мақсат: Қаладағы құрылысты дамыту.
19-мақсат: Экономикалық кеңістік байланысын жақсарту.
20-мақсат: Тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру.
21-мақсат: Өңірдің экожүйелерін сақтау және қалпына келтіру бойынша жағдай жасау.
|
Нысаналы индикаторлар
|
1. Өңдеуші өнеркәсіп өнімін шығарудың нақты көлем индексі.
2. Ауданның өнеркәсіп өндірісі құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі.
3. Жалпы тіркелгендер санынан жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі.
4. Бөлшек сауданың нақты көлем индексі.
5. Негізгі капиталға жан басына шаққандағы инвестициялардың өсу қарқыны.
6. Негізгі капиталға инвестициялардың жалпы санынан сыртқы инвестициялар үлесі.
7. 2015 жылы шикізат емес сектордың негізгі капиталына инвестициялардың өсуі (мемлекеттік бюджет инвестицияларын қоспағанда).
8. Жұмыс істейтін кәсіпорындар санынан инновациялық белсенді кәсіпорындар үлесі.
9. Инновациялық өнім өндірісі көлемінің өсуі.
10. Әзірленген құжат бойынша оң қорытынды алған МЖК жобалар санының өсуі және олар бойынша конкурс жариялау.
11. Тұрғындар үлесіне негізгі капиталға инвестиция.
12. Мектеп бітірушілер арасында жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын ойдағыдай (үздік/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі.
13. Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан инклюзивті білім берумен балаларды қамту.
14. Жеке мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту есебінен балаларды (3-6 жас) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту.
15. Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған техникалық және кәсіби білім беру оқу орындары түлектерінің және оқуды бітіргеннен кейінгі бірінші жылда жұмысқа орналасқандардың саны.
16. Типтік жастағы жастарды (14-24 жас) техникалық және кәсіптік біліммен қамту үлесі;
17. Ана өлімінің 100 мың тірі туылғандарға шаққанда төмендеуі.
18. Нәресте өлімінің 1000 туылғандарға шаққанда төмендеуі.
19. 100 мың тұрғынға шаққанда қатерлі ісіктен өлудің төмендеуі.
20. 15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының 0,2-0,6 % шегінде таралуы.
21. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі.
21/1. Жұмыссыздық деңгейі.
22. Құрылған жұмыс орындарының саны.
23. Жұмыспен қамту ұйымына көмек сұрап жүгініп, жұмысқа қабылданған жұмысқа қабілетті жастағы мүгедектердің саны.
24. Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінген адамдар қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі.
25. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан еңбекке қабілеттілердің үлесі.
26. Табысы күн көру деңгейі төмен (күн көріс деңгейі 40%-дан төмен) тұрғындардың үлесі.
27. 1000 адамға шаққанда мәдениет ұйымдарына (кітапхана) баратын адамдардың орташа саны.
28. Мемлекеттік тілді меңгерген жасы үлкен тұрғындардың үлесі.
29. Ағылшын тілін меңгерген жасы үлкен тұрғындардың үлесі.
30. Үш тілді (мемлекеттік, орыс, ағылшын) меңгерген жасы үлкен тұрғындардың үлесі
31. Дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту.
32. Балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорттық дене дайындығы клубтарында дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын 7-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді қамту.
33. Өткен салыстарғанда ішкі туризм (резиденттер) бойынша орналастыру орындары қызметі көрсетілген келушілер санының өсуі.
34. Өткен жылмен салыстырғанда елге келушілер туризмі бойынша (резидент емес) орналастыру орындары қызметі көрсетілген келушілер санының өсуі.
35. Өткен жылмен салыстырғанда тәулігіне ұсынылған төсек санының өсуі.
36. Көшелерде жасалған қылмыстардың үлес салмағы.
37. 100 зардап шеккендерге шаққанда жол-көліктік оқиғаларда қайтыс болғандар санының төмендеуі.
38. Жасөспірімдер жасаған қылмыстардың үлес салмағы.
39. Бұрын қылмыс жасаған адамдармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы.
40. Нашақорлық қылмыстың жалпы санынан есірткі өткізуге байланысты қылмыс үлесінің төмендеуі.
40/1. Нашақорлық бойынша жалпы жасалған қылмыстар санынан есірткіні өткізу немесе өткізу мақсатында анықталған қылмыстардың үлесі.
41. Тіркелген жалпы қылмыс санынан нашақорлық қылмыс үлесінің төмендеуі;
42. Қызметте пайдалану үшін.
43. Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымдарымен қамтылу деңгейі.
44. 100 тұрғынға шаққанда тіркелген телефон байланысы желісінің жиілігі.
45. Интернет пайдаланушыларының үлесі.
46. Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі.
47. Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы алаңы.
48. Паспортталған әлеуметтік, көлік инфрақұрылымы объектілерінің жалпы санынан мүгедектер үшін қолжетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі.
49. Облыстық және аудандық маңызы бар жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі.
50. Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендердің үлесі.
51. Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі.
52. Қалалардағы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге, су тартуға қолжетімділік.
53. Ауылдық елді-мекендердегі орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге, су тартуға қолжетімділік.
54. Жалпы ұзындықтан жаңғыртылған: жылумен, газбен, электр энергиясымен қамтамасыз ету жүйелерінің үлесі.
55. Жаңғыртылған жылумен, газбен, электр энергиясымен қамтамасыз ету жүйелерінің ұзындығы.
56. Қатты тұрмыстық қалдықтарды олардың пайда болуын болдырмау үшін жою үлесі.
57. Аудан, қала тұрғындарын қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметімен қамтудың үлесі.
58. Экологиялық талаптар мен санитарлық ережелерге сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыратын объектілерінің (оларды орналастырудың жалпы санынан) үлесі.
59. Стационарлық көздерден түсетін қалдықтарды атмосфераға тастау.
60. Елді мекендерді көгалдандыру (көшеттер).
|
Қажетті ресурстар
|
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың жеке қаражаты.
Қажетті ресурстар:
2016 жылы – 8235,598 млн. теңге (оның ішінде: РБ – 1533,493 млн. теңге, ЖБ – 3758,105 млн. теңге, БК – 2944,0 млн. теңге);
2017 жылы – 10936,019 млн. теңге (оның ішінде: РБ – 3654,834 млн. теңге, ЖБ – 5284,385 млн. теңге, БК – 1996,800 млн. теңге);
2018 жылы – 9657,008 млн. теңге, (оның ішінде: РБ – 4982,249 млн. теңге, ЖБ – 3503,859 млн. теңге, БК – 1170,900 млн. теңге);
2019 жылы – 8389,322 млн. теңге, (оның ішінде: РБ – 3944,268 млн. теңге, ЖБ – 3643,154 млн. теңге, БК – 801,900 млн. теңге).
2020 жылы – 6930,515 млн. теңге (оның ішінде: РБ – 2507,705 млн. теңге, ЖБ – 3544,910 млн. теңге, БК – 877,900 млн. теңге).
Барлығы: 44148,462 млн. теңге.
|
2. Ағымдағы жағдайды талдау
2.1. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау
2.1.1. Өңіраралық ынтымақтастықты ескере отырып өңірдегі экономиканың дамуын талдау
Географиялық орналасуы
Рудный қаласының аумағы 25063 гектарды алып жатыр, облыс орталығы - Қостанай қаласынан оңтүстік-батыс жағынан 45 шақырым жерде Тобыл өзенінің сол жақ жағалауында, аймағы Қостанай-Жітіқара республикалық маңызға ие автокөлік магистралінде орналасқан, 1957 жылы 30 тамызда негізі қаланған.
Жер бедері. Рудный қаласының аумағы Солтүстік-Торғай (Қостанай) жазығында орналасқан.
Климаты шұғыл континенттік және өте қуаң. Қысы ұзақ, аяз, желі қатты және боран, жазы ыстық және құрғақ болып келеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 250-300 мм. Вегетациялық кезеңі солтүстігінде 150-175 тәулік.
Су ресурстары. Қала аумағынан Тобыл өзені ағып өтеді. Оның көзі Оңтүстік Орал шығыс сілемінде орналасқан, Тобыл қаласының Ертіс өзеніне құйылады. Тобыл өзенінде 3 су қоймасы орналасқан.
Әкімшілік-аумақтық құрылымы. Рудный қаласы әкімшілігінің құрамына Рудный қаласы, Қашар кенті, Горняцк кенті және Перцев ауылы кіреді.
Қала аумағында жүзден астам ұлт өкілдері және ұлыстар тұрады. 2017 жылғы1 қаңтардағы жағдай бойынша қала тұрғындарының саны 129,8 мың адамды құрады, олардың ішінде: 26,4% – қазақтар, 58,7% – орыстар, 6,6% –украиндар, 2,3% – немістер, 6% – басқа ұлт өкілдері. 2017 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша тұрғындар саны 129,9 мың адам.
1-диаграмма
Ұлттық белгісі бойынша Рудный қаласы тұрғындарының % түріндегі құрылымы.
Қостанай облысында Рудный қаласының алатын орны.
Қаланы дамытудың стратегиялық мақсаты қолайлы өмір сүру ортасын құру және халықтың өмір сүру сапасын дамыған елдердің деңгейіне жеткізу болып табылады.
Рудный қаласының негізгі бағыты - өнеркәсіп өндірісі. Қала экономикасының құрылымында өнеркәсіптің үлес салмағы 85% құрайды.
Қолданыстағы бағада 2013-2017 жылдардағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі
Атауы
|
Өлш. бірл.
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жылдың 9 айы
|
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі
|
млрд. теңге
|
263,5
|
238,1
|
163,7
|
223,5
|
205,8
|
Өткен жылға қарағанда өсу қарқыны
|
%
|
106,2
|
90,4
|
68,8
|
136,5
|
126,7
|
Қостанай облысының өнеркәсіп өндірісінің көлемі бойынша облыс өңірлері арасында Рудный қаласы 1-ші орынды алады, әлем нарығында темір кені өніміне бағаның төмендеуіне және облыстың басқа да өңірлерінде жобалардың іске асырылуына байланысты қаланың үлес салмағы 2013-2017 жылдар аралығында 49,7 %-дан 37,6 %-ға төмендеді.
Қостанай облысы бойынша өнеркәсіп өнімін өндіруден
Рудный қаласының алатын орны
Жылдар
|
Қостанай облысының өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млрд. теңге
|
Рудный қаласының өнеркәсіп өндірісінің көлемі, млрд. теңге
|
Қаланың облыстағы үлес салмағы, %
|
2013
|
530,5
|
263,5
|
49,7
|
2014
|
544,4
|
238,1
|
43,7
|
2015
|
431,3
|
163,7
|
38,0
|
2016
|
599,4
|
223,5
|
37,3
|
2017 жылдың 9 айы
|
546,9
|
205,8
|
37,6
|
Еңбекақы.
Рудный қаласы бойынша еңбекақының өзгеру динамикасы
Атауы
|
Өлш. бірл.
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жылдың 9 айы
|
Орташа нақты еңбекақы
|
теңге
|
105470
|
117022
|
116483
|
136216
|
136939
|
Өткен жылмен салыстырғанда жұмысшылардың нақты еңбекақысы индексі
|
%
|
111,9
|
110,9
|
99,5
|
115,0
|
109,0
|
2013 жыл мен 2016 жыл аралығында орташа айлық нақты еңбекақы 30%-ға өсті.
Талдау кезінде еңбекақының жоғары деңгейі экономиканың мынадай секторларында: қаржы және сақтандыру қызметі, электрмен қамтамасыз ету, газ, бу беру және ауа кондициялау мен тау-кен шығаратын өнеркәсіпте. өнеркәсібі. Тұру және тамақтандыру, жылжымайтын мүлікпен операциялар бойынша қызмет көрсететін, ауыл шаруашылығы жұмысшылары еңбекақысының деңгейі төмен.
Өнеркәсіп
Қала маңындағы аумақта жерасты сулары, құм, кірпіш шикізаты және құймай темір кені табылды.
Қала Қостанай облысының өнеркәсіп дамытушы өңірлерінің бірі болып табылады.
Өнеркәсіп өнімін өндірумен 87 кәсіпорын айналысады. Өнеркәсіпте 21,8 мың адам жұмыс істейді. Өнеркәсіп кәсіпорындарындағы еңбекақы қала бойынша орташа жалақыдан 1,2 есе жоғары.
Қалада тау-кен өндіруші, өңдеуші өнеркәсіптер және электр энергиясын, газ және су өндіретін, бөлетін кәсіпорындар қызмет етеді. Заманауи көп салалы өнеркәсіпті комбинат, зауыттар, заманауи шағын кәсіпорындар қамтиды.
2013-2016 жылдар ішіндегі өнеркәсіп өндірісінің көлемі
Атауы
|
Өлш. бірл.
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жылдың 9 айы
|
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі
|
млрд. теңге
|
263,5
|
238,1
|
163,7
|
223,5
|
205,8
|
Өткен жылмен салыстырғанда % түріндегі нақты көлем индексі
|
%
|
100,9
|
98,4
|
71,9
|
92,1
|
111,5
|
2014 жылдың ішінде 238,1 млрд. теңге сомаға тауар өнімі өндірілді, бұл 2013 жылға қарағанда 9,6% төмен, 2015 жылы 163,7 млрд. теңге сомасына өндірілді, ол 2014 жылмен салыстырғанда 31,2% төмен. Негізгі экспорт тауарларына (темір кені, шекемтас) әлемдік сұраныстың төмендеуі салдарынан қаржы дағдарысына байланысты өнімге деген сұраныстың бәсеңдеуінен 2013-2015 жылдары өндірістің нақты көлем индексі төмендеді.
2015 жылы қалада бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру бойынша іс-шаралар әзірленіп, іске асырылды. Кәсіпорындар басшыларымен жұмысшылардың еңбек құқықтарын, әлеуметтік-экономикалық мүдделерін және оларға кепілдікті қамтамасыз ету бойынша меморандум жасалды. Сондықтан қала кәсірорындарында өндіріс процестері тоқтатылған жоқ, жұмыс орындарын қысқарту жүргізілген жоқ.
2014 жылдың қорытындысы бойынша тау-кен өндіруші саланың өндіріс көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 12,9%-ға төмендеді, бұл металл өніміне деген бағаның төмендеуіне және нарықтағы темір кеніне деген бағаның төмендеуіне байланысты. Өңдеуші өнеркәсіп бойынша көлемнің өсу қарқыны – 6,7%, су – 04,%, ал электр энегргиясы, газ, бу өндірісі 0,2%-ға төмендеді.
Нақты көлем индексі – 98,4%. Шекемтас өндірісінің 14%-ға төмендеуінің салдары нарық қажеттілігінің төмендеу болып табылады.
2015 жылдың қорытындысы бойынша 2014 жылмен салыстырғанда тау-кен өндіру саласында өндіріс көлемі 37,6%-ға, өндіруші өнеркәсіпте 16,6%-ға төмендеді, ол өнімге деген сұраныс пен бағаның төмендеуіне байланысты болды.
2015 жылы тау-кен саласының өнімі өндірісінің өсу қарқыны 90,6%, өңдеу өнеркәсібінде 103,8%. 2016 жылдың қорытындысы бойынша Рудный қаласында шекемтас, отқа берік заттардың, сүт өінімінің өндірудің өскені байқалады, темір кені, арақ, шойын құю, құрылысқа темірден жасалатын жиналмалы өнімдердің, электр энергиясын өндіру қысқарды. Тау-кен өнеркәсібінде жылдың қорытындысы бойынша 2016 жылдың басымен салыстырғанда өнім өнімінің артта қалуы қысқартылды. Физикалық индекс көлемі – 90,6% (2016 жылдың қаңтары – 68%) құрады.
2017 жылдың 9 айында өнеркәсіп өнімін өндірудің нақты индекс көлемі 111,5% құрады. Өнеркәсіп кәсіпорындарында тау-кен өнімін өндірудің көлемі 10,9% ұлғайды, өңдеу өнеркәсібі 20,8%.
Соңғы жыдары қалада өнеркәсіп кәсіпорындарының негізгі капиталына инвестициялар өсуінің оң динамикасы байқалады.
Тау-кен өндіруші өнеркәсіптің негізін «ССКӨБ» АҚ тәрізді кәсіпорын құрайды. Тау-кен өндіруші өнеркәсіп қала экономикасының жалпы жағдайын айқындайды және облыстың өнеркәсіп өндірісінің құрылымында маңызды үлесті қамтамасыз етеді – 36% астам. Тау-кен өндіруші өнеркәсіп өнімі - қала экспортының басты саласы және валюталық түсімдердің негізгі көзі.
Тау-кен өндіруші өнеркәсіп өнімінің динамикасы
|
Көрсеткіштер
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жылдың 9 айы ішінде
|
1
|
Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млрд. теңге
|
263,5
|
238,1
|
163,7
|
223,5
|
205,8
|
2
|
Өткен жылға қарағанда НКИ, %
|
100,9
|
98,4
|
71,9
|
92,1
|
80,4
|
3
|
Өнеркәсіптің жалпы көлеміндегі тау-кен өндіруші өнеркәсіптің үлесі, %
|
86,0
|
82,8
|
75,1
|
78,3
|
80,4
|
4
|
Тау-кен өндіруші өнеркәсіптің өндіріс көлемі, млрд. теңге
|
226,5
|
197,2
|
123
|
174,9
|
165,5
|
5
|
Тау-кен өндіруші саласының негізгі өнім түрлерінің өндірісі:
- темір кені концентраты, мың тонна
- шекемтас, мың тонна
|
9285
6699
|
9733
6251
|
7816
3233
|
6468
3341
|
4859
2990
|
Қазақстанда тау-кен өндіруші саласының ірі кәсіпорны – «ССКӨБ» АҚ. «ССКӨБ» АҚ өнімінің негізгі тұтынушылары Магнитогорск металлургиялық комбинаты, «МитталСтил Теміртау» АҚ және Қытай кәсіпорны болып табылады.
Тау-кен өндіруші өнеркәсіптің дамуы экспорттық бағыттың негізгі саласы ретінде саланың сауда балансында жетекші рөл атқарады.
Қаланың өңдеуші өнеркәсібінің негізін мынадай кіші салалар құрайды: тамақ өнімдерін өндіру, оның ішінде сусындар (65,9), металлургиялық өнеркәсіп және дайын металл өнімдерін өндіру (11,8 ), басқа металл емес минералды өнімдерді өндіру (3,5 ), машина жасау (5,9), тоқыма және тігін өнеркәсібі (2,0), резеңке және пластмассадан жасалатын бұйымдар өндіру (1,8), целлюлоза-қағаз өнеркәсібі және баспа ісі (1,2), жиһаз жасау (0,6), тері және теріден бұйымдар жасау (0,6) және өнеркәсіптің басқа салалары (6,7).
Өңдеуші өнеркәсіп өндірісінің динамикасы
|
Көрсеткіштер
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жылдың 9 айы
|
1
|
Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі, млрд. теңге
|
263,5
|
238,1
|
163,7
|
223,5
|
205,8
|
2
|
Өңдеуші өнеркәсіптегі өндірістің көлемі, млрд. теңге
|
25,8
|
22,2
|
22
|
26,2
|
24,9
|
3
|
Өңдеуші өнеркәсіпорынның НКИ, %
|
114,0
|
106,7
|
83,4
|
103,8
|
120,8
|
4
|
Жалпы өнеркәсіп көлемінде өңдеуші өнеркәсіптің үлесі, %
|
9,8
|
14
|
13,4
|
11,7
|
12,1
|
5
|
Өнімнің негізгі түрлерін өндіру:
|
|
|
|
|
|
5.1
|
Сұйық өңделген сүт және кілегей, тонна
|
656
|
795
|
1180
|
2339
|
3650
|
5.2
|
Дәнді дақылдардан жасалған ұн, тонна
|
999914
|
46949
|
54117
|
73875
|
63179
|
5.3
|
Жаңа піскен нан, тонна
|
3737
|
3773
|
4154
|
4053
|
3419
|
5.4
|
Макарон және ұннан жасалатын өнімдер, тонна
|
4439
|
2736
|
2848
|
2892
|
2191
|
5.5
|
Алкогольсіз сусындар, мың литр
|
11507
|
5824,4
|
404
|
353,7
|
15,1
|
5.6
|
Арақ және ас спирті, мың литр
|
2393
|
1695
|
608
|
-
|
-
|
5.7
|
Сыра, мың литр
|
35531
|
42057
|
52306
|
58106
|
45655
|
5.8
|
Терезе мен есіктер, мың шаршы км
|
2,2
|
3,2
|
2,6
|
3,1
|
-
|
5.9
|
Жиынтық құрылыс металл құрылымдары, тонна
|
4952
|
4470
|
3678
|
1896
|
2090
|
5.10
|
Ағаштан жасалатын асүй, кеңсе жиһазы, мың дана
|
13710
|
7601
|
11069
|
5130
|
-
|
«Лидер-2010» ЖШС, «Арасан» ЖШС Рудный филиалы (сыра өндірісі), «Док-мебель» ЖШС, «Казогнеупор» ЖШС, «Рудненский зовод металлоконструкций - Имсталькон» ЖШС базалық кәсіпорындар болып табылады.
Тамақ өнімдері өндірісі көлемінің динамикасы
|
бірлік
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жылдың 9 айы
|
Сусындарды қоса алғандағы тамақ өнімдерін өндіру көлемі, оның ішінде:
|
млн. теңге
|
8898
|
11405
|
12722,2
|
7654
|
7617,1
|
Тамақ және қайта өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында жаңғырту және қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
Осылайша, «Арасан» ЖШС Рудный филиалы сусындарды құю бойынша цех құрылысының инвестициялық жобасын іске асырды, жаңа неміс құрылғысын орнатты. Бұдан басқа, 2012 жылы алкогольсіз сыра өндіру жобасын іске асырды, 2013-2015 жылдары өндірісті жаңғырту бойынша жоба іске асырылды.
Қаладағы жеңіл өнеркәсіп үш кәсіпорынмен ұсынылады: «Грация» ЖШС, «Пушинка» ЖШС және «Специалист» ЖШС. 2013-2015 жылдар ішінде осы кәсіпорындар өндірісінің көлемі шығарылатын өнімге деген сұраныстың төмендеуінен азайды. Кәсіпорын негізінен тек қана жұмыс киімдерін шығарады.
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында негізгі қорлардың тозу деңгейі жоғары, қазіргі уақытта тұтынушылық нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін жабдықтарды жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу керек. Сол сияқты саланың кәсіпорындары айналым қаражаттарына тапшы.
Бұл проблемаларды шешу үшін мыналар қажет:
мемлекеттік инвестициялар, жеңілдетілген кредит беру жолымен қолдауды жүзеге асыру;
сала үшін жаңа көмекші материалдарды отандық өндірісте игеруге байланысты жыл сайын оларды қарастыруды қамтамасыз етіп, әкелінгені үшін ең төменгі кедендік баж мөлшерлемелерін бекіту;
өз өнімдерін экспортқа шығаруды жүзеге асырушы, сондай-ақ салықтарды азайту немесе грант бөлу арқылы импорттық шикізатты пайдаланатын отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету;
жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарында ұзақ мерзімге (2-3 жыл) мемлекеттік тапсырысты орналастыру мүмкіндігін қарастыру.
Қалада 30-дан астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысады.
Өндіріс көлемінің өсуі және өндірілетін өнімдердің сапасын арттыру технологиялық желілер мен өндірістік қуаттылықтарды жаңғырту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өндіру технологияларын жетілдіру және оларды жаңарту арқылы қамтамасыз етіледі.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін талдау
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
2015 жыл
|
2016 жыл
|
2017 жылдың 9 айы
|
Шұжық өнімдері, тонна
|
216
|
-
|
-
|
-
|
-
|
Сұйық өңделген сүт пен кілегей, тонна
|
656
|
795
|
1180
|
2359
|
51
|
Сүзбе және ірімшік, тонна
|
71
|
145
|
66
|
82
|
-
|
Ұн, тонна
|
99914
|
46949
|
54117
|
73875
|
-
|
Макарон, тонна
|
4439
|
2736
|
2848
|
2892
|
-
|
Жаңа піскен нан, тонна
|
3737
|
3773
|
4154
|
4053
|
-
|
Саланы дамыту жағдайын SWOT-талдау:
Күшті жақтары (S)
1. Өнеркәсіп өндірісі көлемінің өсуі.
2.Өзінің минералды-шикізат базасының болуы.
3.Өнеркәсіп кәсіпорындары санының өсуі.
4.Өндеуші өнеркәсіпте инвестжобаларды іске асыру мүмкіндігі.
5.Ірі нарыққа өнім импорттаушыға (Ресей, Қытай) жақындық.
|
Әлсіз жақтары (W)
1.Өнеркәсіптің шикізат бағыты (темір кені).
2.Өңдеуші өнеркәсіптің жеке салалары өнімдерінің жеткіліксіз бәсекеге қабілеті.
3.Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарындағы жабдықтың моральдік және физикалық жағынан тозуының жоғары деңгейі, негізгі қорларды баяу жаңарту.
4. Өндірісті жаңғырту және техникалық қайта жабдықтау үшін кәсіпорынның айналым қаражатының жетпеуі.
5. Жоғары технологиялық және ғылымды қажет ететін өнімді шығаратын өнеркәсіптің жоқтығы.
|
Мүмкіндіктері (О)
1.2015-2019 жылдарға арналған ИИДМБ аясындағы мемлекеттік қолдау шаралары.
2.Өнеркәсіптің шикізат емес секторын дамыту (бәсекеге қабілетті өнеркәсіпті құру және дамыту).
3.Отандық тауар өндірушілерді сыртқы экономикалық қолдау (кеден жеңілдіктері).
4.Нарықта өткізуді ұлғайту, өнеркәсіпті кеңейту, машина құрылысын және тамақ өнеркәсібін дамыту.
5.Тау-кен өндіруші өнеркәсіпті одан әрі дамыту, жеңіл өнеркәсіпті қалпына келтіру
|
Қауіп-қатерлері (Т)
1.Шикізаттан өңірлік тәуелділікті шарықтату.
2.Тау-кен өндіруші сектор өніміне деген бағаның түсуі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |