Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет68/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
137
 8-тарау
ҰСЫНЫСТАр 
 
Төменде берілген ұсыныстар осы есептің жоғарыдағы тарауларында баяндалған 
зерттеу нәтижелеріне негізделген және БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы 
конвенциясының, Бала құқықтары туралы конвенциясына бала саудасына, бала 
жезөкшелігіне және бала порнографиясына қатысты Факультативтік хаттаманың 
және БҰҰ-ның трансұлттық ұйымдасқан қылмыскерлікке қарсы конвенциясын 
толықтыратын БҰҰ-ның адам саудасының, әсіресе әйелдердің және балалардың 
саудасының алдын алу және оны тоқтату және оның жазасы туралы Хаттамасының 
аясындағы Қазақстан Үкіметінің адам құқықтары жөніндегі міндеттемелерін 
басшылыққа алады.


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
138
Әсіресе БҰҰ-ның Бала құқықтары тура-
лы конвенциясының 35-бабы қатысушы 
мемлекеттерді «ұлттық, екі жақты және көп 
жақты деңгейлерде кез келген мақсатта және 
кез келген түрдегі балаларды ұрлауды неме-
се олардың саудасын болдырмау үшін қажет 
шаралардың барлығын» қолдануға шақырады. 
Сонымен бірге 34-бап қатысушы мемлекеттерді 
балаларды қанаушылықтың және зорлық-
зомбылықтың барлық түрлерінен, соның ішінде 
балаларды жезөкшелікте және порнографияда 
қанаушылыққа қолданудан қорғауға шақырады. 
Сөз соңында, БҰҰ-ның Бала құқықтары ту-
ралы конвенциясының 39-бабы қатысушы 
мемлекеттерді «құрбан болған баланың 
физикалық және психологиялық жағынан 
қалпына келуіне және қоғамдық реинтеграция-
сына жәрдемдесуге» шақырады. 
БҰҰ-ның адам саудасының алдын алу және 
оны тоқтату туралы Хаттамасы коммерциялық 
жыныстық қанаушылық және бала порногра-
фиясы мақсатымен жасалатын бала сауда-
сына қатысты осы стандарттарды толығырақ 
сипаттайды.
Сонымен бірге төменде берілген ұсыныстар 
балаларды жыныстық қанаушылық және 
бала саудасы мәселелерін, АҚШ Мемлекеттік 
департаментімен 2011 жылғы адам сауда-
сы жөніндегі есебінде ұсынылғандай, соны-
мен бірге БҰҰ-ның адам саудасының алдын 
алу және оны тоқтату туралы Хаттамасының 
Кіріспесінде көзделгендей, алдын алу, қорғау, 
қудалау және ынтымақтастық арқылы шешу 
жөніндегі халықаралық стандарттарды және 
озық тәжірибені басшылыққа алады.
Қазақстанның осы аймақтың басқа елдері үшін 
реформа жасауға ынталандырудың негізгі көзі 
болып табылатынын ескере отырып, Қазақстан 
Үкіметінің институционалдық реформаны, 
әсіресе баланы қорғауды ынталандыру және 
бала саудасына және оларды қанаушылыққа 
қарсы нәтижелі күрес жүргізу жүйесіне қатысты 
реформаларды жасау мүмкіндігін қолданудағы 
табысы Қазақстанның балалары үшін ғана емес, 
сонымен қатар Орталық Азия аймағының басқа 
елдерінің балалары үшін де аса маңызды. 
Төменде берілген ұсыныстар төрт бөлік бойынша 
салаларға бөлінген: бала саудасының алдын алу, 
балалардың осал топтарын және бала саудасынң 
құрбандарын қорғау, адам саудасы деректерін 
қылмыстық қудалау және бала саудасымен 
күресу және балалардың құқықтарын және 
баланы қорғауды алға жылжыту мақсатымен 
ынтықтастық.  
АЛДЫН АЛу
Адам саудасының алдын алу жыныстық және 
еңбекпен қанаушылық мақсатымен жасалатын 
бала саудасының орын алып отырған тәжірибесі 
туралы халықтың хабардарлығын, соның ішінде 
қоғамның бала саудасының белгілерін анықтауға 
және күдікті деректер туралы хабарлау қабілетін 
арттыруды талап етеді. Бала саудасының алдын алу 
үшін сонымен бірге Қазақстан Үкіметінің әлеуметтік 
жағынан осал балаларды және жанұяларды 
анықтауы және оларға олардың осалдығын және 
олардың адам саудасының және қанаушылықтың 
құрбанына айналу қаупін азайтуға қажет көмек 
пен қолдау көрсетуі аса маңызды. Сонымен қатар 
Қазақстан Үкіметі жыныстық және еңбекпен 
қанаушылық мақсатымен жасалатын бала 
саудасының құрбандарына деген ішкі сұранысты 
жою мәселесін шешу жолдарын табуы керек. 
1-ұсыныс: Бала саудасын болдырмауға 
бағытталған халықтың хабардарлығын 
арттыру жөніндегі бағдарламаларды 
әзірлеу 
Қазақстан Үкіметі және бұқаралық ақпарат 
құралдары жалпы алғанда елде орын алып 
отырған адам саудасы және қанаушылық 
туралы, сонымен бірге жекелеп алғанда 
Қазақстандағы жыныстық және еңбекпен 
қанаушылық мақсатымен жасалатын бала 
саудасының тәжірибесі туралы қоғамға ақпарат 
беруде маңызды рөл атқаруы тиіс. Сонымен бірге 
халықтың хабардарлығын арттыру жөніндегі 
адам саудасына қарсы күреске бағытталған 
Үкімет және бұқаралық ақпарат құралдары 
өткізетін науқандардың ерекше осал және адам 
саудасына және қанаушылыққа душар болу қаупі 
төнген балаларға, жастарға және жанұяларға 
жететіндей түрде әзірленуі маңызды. 
Бала саудасын болдырмауға бағытталған 
халықтың хабардарлығын арттыру жөніндегі 
науқандар әр түрлі жастағы және әртүрлі жы-
нысты балалардың қол жеткізуіне бағытталуы 
керек, бұл халықтың хабардарлығын арттыру 
жөніндегі бірнеше әр түрлі бағдарламаларды 
әзірлеуді талап етуі әбден мүмкін. 
Халықтың хабардарлығын арттыру жөніндегі 
бағдарламалар сонымен бірге шағын қалалар мен 
ауылдардағы, сонымен қатар үлкен қалалардағы 
балаларға және жанұяларға арналып әзірленуі 
тиіс. Сонымен бірге халықтың хабардарлығын 
арттыру жөніндегі бағдарламалар тек 
халықаралық адам саудасына емес, сонымен 
бірге жыныстық және еңбекпен қанаушылық 
мақсатымен жасалатын ішкі адам саудасына 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау