ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
139
басты назар аудару мақсатымен әзірленуі
маңызды. Осындай бағдарламалар сонымен
бірге халыққа құрбандыққа тартушылар мен
адам саудагерлерінің орын алып отырған әртүрлі
түрлері (мысалы бейтаныс адам саудагері, таныс
адам саудагері, дос адам саудагері, көңілдес адам
саудагері, жұмыс беруші адам саудагері және т.б.)
туралы, адам саудасының және қанаушылықтың
құрбанына айналудың әртүрлі жолдары туралы,
құрбандарды бақылауда ұстау үшін борыштық
тәуелділікті, зорлық-зомбылықты және
қорқытып-үркітуді қолдану туралы ақпарат беру-
ге бағытталуы тиіс (4-тарауды қараңыз).
Елдегі бұқаралық ақпарат құралдары адам
саудасының оқиғаларын зерттеуде және ашуда,
сонымен бірге құқық қорғау органдарының және
әділет жүйесінің адам саудасының оқиғаларына
шара қолдануына немесе шара қолданбауына
мониторинг жасауда және бұл туралы хабарлар
таратуда маңызды рөл атқара алады.
Халықаралық деңгейде ұлттық және
халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының
адам саудасын жоюға бағытталған күресте ора-
сан зор рөл атқарғанының көптеген мысалдары,
соның ішінде бала саудасы оқиғаларын зерт-
теген және бұл туралы хабарлар таратқан және
әділет жүйесінің адам саудасына шара қолдануын
құжатқа түсірген мысалдары бар. Мысалы 2011
жылы CNN өзінің әзірлеген Бостандық жобасын
бастағанда қазіргі заманғы адам құлдығына
қарсы күрестің қатысушысына айналды. CNN
Бостандық жобасының мақсаты қазіргі әлемдегі
адам құлдығының, соның ішінде жыныстық және
еңбекпен қанаушылық мақсатымен жасалатын
бала саудасының қорқынышты жәйттары тура-
лы ақпарат беру. Ақырғы нәтижесі ретінде мы-
налар белгіленген: әлем халқының бүгінгі күні
әлемде орын алып отырған адам саудасы тура-
лы хабардарлығын арттыру, адам саудасының
құрбандарының дауыс құқығын нығайту, табы-
сты оқиғаларды айқындап көрсету, адам сауда-
сына қатысатын күрделі қылмыстық байланы-
старды ашу, құқық қорғау органдарының адам
саудасына жауап шараларын ашып көрсету, со-
нымен бірге Үкіметтік емес ұйымдардың адам
саудасының құрбандарын қорғаудағы және
қолдау қызметтерін көрсетудегі маңызды рөліне
басты назар аудару.
Бұқаралық ақпарат құралдары жұртшылықты
адам саудасына және қанаушылыққа қарсы
күреске жұмылдыру ісінде маңызды құрал болуы
мүмкін, бұған сонымен бірге халықты өздерінің
ортасының шегінде кездесетін адам саудасына
және қанаушылыққа қатысты күдікті оқиғаларды
анықтауға және олар туралы хабарлауға
үйрету кіреді. Адам саудасына қарсы күрес
жұртшылықты күреске тарту арқылы жүргізілуі
тиіс, халықтың хабардарлығы бұқаралық
ақпарат құралдарының деңгейіне және оларға
деген сенімнің деңгейіне байланысты.
2-ұсыныс: Балалардың және
жанұялардың әлеуметтік жағынан осал
топтарын анықтау және адам саудасы-
на және қанаушылыққа ұшырау қаупін
азайту мақсатымен оларға қажетті
көмек және қолдау көрсету
Алдын алудың негізгі бөлігі әлеуметтік
жағынан осал балалардың және жанұялардың
құрбандыққа тартумен айналысатын тұлғаларға
ұшырау қаупін азайту болып табылады. Бір
жағынан қауіпті азайту әлеуметтік жағынан осал
балалардың адам саудасының құрбаны болу
қауіптері туралы, құрбандыққа тартушылардың
және адам саудагерлерінің тәсілдері туралы
және өзін қорғау және қауіпті азайту шаралары
туралы, сонымен бірге күдікті құрбандыққа тар-
тушылар мен адам саудагерлері жөнінде кімге
хабарлау керектігі туралы хабардар болуын
талап етеді. Екінші жағынан, қауіпті азайтуға
бағытталған шаралар мемлекеттік және үкіметтік
емес ұйымдардың кедейлік жағдайларын
жеңілдету және олардың осалдығын (әсіресе,
осы зерттеу көрсеткендей, адам саудасының
құрбандарының өмірінде маңызды болатын
итермелеуші факторларды) жою мәселелерін
шешу мақсатымен, әлеуметтік жағынан осал ба-
лалар мен жанұяларды анықтауға және қажет
көмекті көрсетуге бағытталған жұмыстарды, со-
нымен бірге ерте жаста үйден кетудің және адам
саудасының және қанаушылықтың құрбанына
айналу қаупін азайтуға бағытталған жұмыстарды
бірлесіп жасауын талап етеді. 3-тарауда
баяндалған зерттеу нәтижелеріне сүйене оты-
рып, кедейлік жағдайында тұратын балаларға,
ата-анасының бірімен ғана (әсіресе анасымен)
немесе ата-анасынсыз (туыстарымен немесе өз
бетімен) тұратын балаларға, жиі жанжалдар мен
зорлық-зомбылық орын алатын немесе балаға
зорлық-зомбылық көрсетілетін немесе қараусыз
қалатын жанұяларда, сонымен бірге ата-анасы
немесе олардың бірі алкогольге және/немесе
есірткі заттарына тәуелді жанұяларда тұратын
балаларға басты назар аударған жөн.
Мүмкіндігінше, мемлекеттік және қоғамдық
қолдау, соның ішінде ақшалай жәрдемақылар,
әл-ауқаты төмен жанұяларға олардың кедейлік
жағдайын жеңілдету үшін және олардың
балаларының жанұясын асырауға көмектесу
мақсатымен жұмыс табу үшін ерте үйден кету
қаупін азайту үшін берілген жөн.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
140
3-ұсыныс: Қауіпсіз көші-қон жөніндегі
бағдарламаларды іске асыру
Халықаралық деңгейде халықаралық және ішкі
адам саудасының, соның ішінде бала саудасының
алдын алудың маңызды жолдарының бірі заңды
түрде еңбек қызметін атқаруға мүмкіндік беретін
жастағы адамдардың арасындағы қауіпсіз және
саңды көші-қонға жәрдемдесу екенін түсіну
артты (1). Ел ішінде немесе оның шегінен тыс
көшіп-қонушылар арасында лайықты жұмыс/
оқуға апаратын жолдарға туған жерінде қол
жеткізе алмайтын жағдайда, осындай жолдар-
ды анық түсінуді қамтамасыз ету мақсатымен
көші-қон процесі туралы хабардарлықты артты-
ру, сонымен бірге жұмысқа қабылдауға заңмен
белгіленген жастағы жастарға арналған қауіпсіз
көші-қон тетіктерін енгізу қауіпсіз көші-қонға жа-
тады (2.)
Көшіп-қонушылардың межелі жердегі еңбек
нарығының ақиқат жағдайын, сонымен бірге
қауіпсіз көші-қон тетіктерін түсінуін қамтамасыз
ету қауіпсіз көші-қонға жатады. Қауіпсіз көші-
қон жұмыс, қалалық өмір салтын, және тәуелсіз
өмір сүруді іздеп көшіп-қонуға ерекше бейім
келетін әртүрлі жыныстық және жастық топ-
тар, сонымен бірге, әсіресе шағын қалалар
мен ауылдардан шыққан балалар еститіндей
түрде арнайы әзірленуі тиіс (3 және 4-тарауды
қараңыз). Осындай қауіпсіз көші-қон жөніндегі
бағдарламалар құрбандыққа тартушылар мен
адам саудагерлерінің әртүрлі түрлері (мысалы
бейтаныс адам саудагері, таныс адам саудагері,
дос адам саудагері, көңілдес адам саудагері,
жұмыс беруші адам саудагері және т.б.) тура-
лы, адам саудасының және қанаушылықтың
құрбанына айналудың әртүрлі жолдары ту-
ралы, құрбандарды бақылауда ұстау үшін
борыштық тәуелділікті, зорлық-зомбылықты
және қорқытып-үркітуді қолдану туралы
хабардарлықты арттыруға басты назар аударуы
тиіс (4-тарауды қараңыз).
4-ұсыныс: Қазақстандағы бала
саудасының құрбандарына деген
сұранысты азайту
Мемлекеттік органдар және үкіметтік емес
ұйымдар бала саудасының құрбандарына де-
ген сұранысты, соның ішінде балалармен және
жас қыздармен жыныстық қатынасқа деген
сұранысты, сонымен бірге арзан және құл
еңбегіне және бала еңбегіне деген сұранысты
азайту жөніндегі жұмыстарды бірлесіп жа-
сауы керек (3). Көп жағдайларда алдын алу
шаралары адам саудасының ұсыныс жағын
азайтуға бағытталады және сұранысты азайту
жағына жеткіліксіз бағытталады. Алайда соңғы
жылдары халықаралық озық тәжірибе бала
саудасының құрбандарына деген сұранысты
азайту мәселелерін шешу аса маңызды екенін
көрсетіп отыр.
5-ұсыныс: Балалардың/жасөспірімдердің
арасындағы өзіне-өзі қол жұмсауды ал-
дын алу жөніндегі бағдарламалар және
қолдау қызметтерін көрсету
Соңғы жылдары Қазақстанда балалар мен
жасөспірімдердің арасындағы өзіне-өзі қол
жұмсау мәселесі анағұрлым терең түсінуді және
шешуді қажет ететін түйткілді мәселе екенін
ұғыну артып отыр. Осы зерттеудің нәтижелері
әлеуметтік жағынан осал балалардың, адам
саудасының құрбандарының және секс-
жұмыскерлердің арасындағы өзіне-өзі қол
жұмсаудың деңгейі, құралдары мен себептері
туралы көптеген ақпарат береді. Өзіне-өзі қол
жұмсаудың алдын алу шараларына мұғалімдерді,
әлеуметтік жұмыскерлерді, денсаулық
сақтау жүйесінің қызметкерлерін, полиция
қызметкерлерін және әлеуметтік жағынан осал
балалармен, адам саудасының құрбандарымен
және секс-жұмыскерлермен үнемі байланыста
болатын басқа қызметкерлерді оқыту, олардың
балалар мен жасөспірімдердің өзіне-өзі қол
жұмсауын түсінуі үшін, балалар мен жастардың
арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың қауіпті
белгілерін тануы үшін, сонымен бірге осындай
жағдайларда қандай шаралар қолдану қажет
екенін және баланы көмек алу үшін кімге жолдау
керектігін түсінуі үшін енгізілуі тиіс.
ҚОрҒАу
Құрбандарды қорғау мемлекеттің адам са-
удасына қарсы күресі жөніндегі кез келген
бағдарламасының аса маңызды бөліктерінің
бірі болып табылады (4). Құрбандарды қорғау
адам саудасының құрбандарын, соның ішінде
бала саудасының құрбандарын белсенді
түрде анықтаудан басталады және адам
саудасының құрбандарының қорғауға, қалпына
келтіруге, оңалтуға және реинтеграцияға
деген бірінші кезекті және ұзақ мерзімді
мұқтаждықтарын қанағаттандыруды талап етеді
(5). Бала саудасының құрбандарының ерек-
ше мұқтаждықтарын мемлекеттің қарауы және
адам саудасының құрбандарын қорғауға және
оларға қолдау қызметтерін көрсетуге жауапты
мемлекеттік және үкіметттік емес ұйымдардың
кешіккен іс-әрекеті болмауы маңызды. Бала
саудасының құрбандарына ерекше жағдайлар
жасалмаған жағдайларда осы балалардың
Достарыңызбен бөлісу: |