ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
75
істедім. Мен қожайыным не қаласа, соны
істеймін. Мен ештеңе айтпаймын, себебі
мен аузымды ашсам, олар мені ұрады... Мен
көп уақыт бойы не жағдай болып жатқанын
түсінбей жүрдім, себебі олар маған есірткі
екті. Мен тіпті бұның қанша уақытқа
созылғанын және өзімнің Астанаға қалай
келгенімді білмеймін. Мені қамап қоятын,
мен жиі есімнен танатынмын, ал менің
шаштарым түсе бастады. Қазір менің таз
болуыма аз қалды және тістерім де аз, ал
олар мені вокзалдың қасына мені тастап
кетті, клиенттер осындай түріме қарағысы
да келмейді. Сондықтан қожайын мені
лақтырып тастады» (437, адам саудасының
құрбаны, жынысы–әйел, 15 жас)
ЖЫНЫСТЫҚ ҚҰЛДЫҚҚА САЛу
МАҚСАТЫМЕН ҰрЛАу ЖӘНЕ САТу
Бұқаралық ақпарат құралдарының көпшілігі
адам ұрлау оқиғалары жиі кездесетіндей етіп
көрсеткенімен, адам саудасы құрбандарын
қолға түсірудің бұл жолы сондай жиі
кездеспейді. Көптеген елдерде алдап-арбау,
жалған жұмысқа шақыру және жанұясының
мүшелерінің сатып жіберуі – секс-жұмыскерлерді
қолға түсірудің ұрлаудан гөрі кеңірек таралған
жолы. Дегенмен, адам саудасының бірнеше
құрбандары өздерін көшеде бейтаныс адамның
(бейтаныс адамдардың) ұрлап әкеткенін және
ұрлаған адамдардың жыныстық құлдыққа сатып
жібергенін айтқан. Мысалы, адам саудасының
бір құрбаны өзін үш адамның ұрлап әкеткенін
айтқан. Оны үш күн бойы зорлаған соң, Алматы
қаласына алып келіп, жыныстық құлдыққа са-
тып жіберген. Оның айтқаны:
«Олар мені Алматыға автобуспен алып
келді. Көлікте менімен бірге үш жігіт болды.
Олар менің әлім келмейтін мықты жігіттер
екен. Мен оларды танымайтын едім. Сол
жерде мені қадағалап жүрген біреу болған
сияқты, бірақ мен білмеймін... Көлікте
болған ер адам мені басқа ер адамға тап-
сырды... Мені қонақүйде жұмыс істеуге
мәжбүрледі [жезөкше ретінде], бірақ маған
бұл жұмыс үшін ақша төлемеді...Қонақүйдің
қожайыны мені сол жерге алып келген ер
адамға ақша бергенін, енді менің жұмыс істеп
сол қарызымды өтеуім керек екенін айт-
ты. Мен «жұмыс істемеймін» – дедім, бірақ
ол мені қорқытты. Маған күніне 15 000
теңгеден 30 000 теңгеге дейін төлейтін
(100- 200 АҚШ доллары), бірақ қожайын
барлық ақшаны менен алып қоятын еді. Ал
менің бір теңгем бар екенін білсе, ол мені
сабайтын еді...Мен қарызымды үш-төрт
айда өтеп бітірдім... Сол жерде жыныстық
қанаудың құрбандары болған басқа қыздар
да болды, біз бірге жұмыс істедік. Кейбіреуін
ұрлап әкетіп, осында алып келген...Олардың
жасы 12-ден 30-ға дейін болды». (435, адам
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 21 жас)
Кей жағдайда ұрлап әкеткеннен кейін, адам
саудасының кейбір құрбандарын бір адам
саудагері екіншісіне тапсырады, содан соң ғана
олар жыныстық қанау құрбаны ретінде ұстайтын
ақырғы межелі жерге жетеді.
«Мені Қарағанды вокзалынан ұрлап әкетті,
мен үйге бару үшін [жанұяма барып келу
үшін] билет сатып алуға барған едім. Олар
мені мәжбүрлеп алып кетті... Машинаға
итеріп салды. Қарағандыда мені қожайынға
[қанаушыға] тапсырды, сосын олар мені
басқа машинаға отырғызып, Қарағандыдан
алыс басқа қалаға алып келді...Мені ұрлаған
төрт адам еді...Сосын мені басқа қожайынға
тапсырды. Сол жерде басқа қыздар да бол-
ды, бес қыз. Мені жыныстық құлға айнал-
дырды, мен ақы алмай секс-қызметтер
көрсеттім. Маған ештеңе төлемейтін. Олар
мені жібермей ұстады. Қожайын [қанаушы]
бізді қадағалап жүрді... Сол жерде секс
қызметтерін көрсететін 12 адам болдық,
барлығы 19-27 жас аралығындағы қыздар
болды». (463, адам саудасының құрбаны, жы-
нысы–әйел, 20 жас)
Адам саудасының тағы бір құрбаны өзін бірнеше
таныс ер адамның ұрлап әкеткенін айтып берді.
Оған ішімдік ішкізгеннен кейін, бір пәтерге
әкеліп, жыныстық құлдыққа сатып жіберген.
«Мен жігіттермен таныстым, ал олар маған
ішімдік ішкізіп, ұрлап әкетті. Олар мені
пәтерге әкелді, онда тағы басқа қыздар
да болды, олар маған «енді сен де секс
қызметтерін көрсетесің» деді. Сол жерде
«Мамка» болды... Олар қарсылық көрсететін
болсам, мені қаланың сыртына апарып,
өлтіріп тастайтынын айтты. Мен оларға
бағынатындай кейіп таныттым...Біз секс
қызметтерін көрсеттік, бірақ бізге ақы
төлемеді. Мен басқа қыздарды да ұрлап алып
келіп, жұмыс істеуге мәжбүрлегенін білдім,
бірақ бізге ақша төлемеді. Сол жерде екі жігіт
пен 13-26 жас аралығындағы 12 қыз болды,
олар менімен бірге жұмыс істеді.” (460, адам
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 22 жас)
Мемлекеттік жастар жатақханасында тұрған
бір қыз өзін сол жатақханада тұрған сутенер
қыздың ұрлап әкеткенін айтып берді. Оны
бір тәулікке ұрлап әкетіп, ақылы жыныстық
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
76
қызметтер көрсетуге мәжбүрлеген, сутенер қыз
өзін жәбірлегені үшін қарызын осылай өтеуді та-
лап еткен.
«16 – 17 жасқа толғанда бізді Жастар үйіне
ауыстырды [балалар үйінен]. Бұл жердің өз
тәртібі мен қағидалары бар, сіз оны түсіне
алмассыз. Осы жастағы әрбір қыз сияқты
мен де әдемі киім кигім келді және әдемі өмір
сүргім келді. Мен университетке түстім,
жұмыс істей бастадым. Маған ақша төледі,
бірақ аз болды. Үлкен қыздар бізбен бірге
тұратын, бір күні мен солардың бірімен ұсақ-
түйекке бола ұрысып қалдым... Сол қыз суте-
нер қыз болып шықты. Кешке жұмыстан үйге
қайтып келе жатқан кезімде бейтаныс біреу
мені машинаға итеріп отырғызып, әлдебір
жерге алып келді. Мен оны [Жастар үйінде
тұратын менімен ұрысқан қызды] сол жер-
де көрдім, ол маған «мені жәбірлегенің үшін
моральды шығынды өз еркіңмен өтейсің,
көнбесең біз сені мәжбүр етеміз» деді. Сол түні
ол мені сатып жіберді, әлдебір ер адамдарға
берді. Мен сол түні барлығын өтедім десем
де болады... Қанша төлегенін білмеймін, бірақ
сол түнді үш еркекпен өткіздім... Олар мені
көнбесең, жазалаймыз, бетіңді бүлдіреміз
деп қорқытты...Мен қорқып кеттім. Менің
көнбеске амалым қалмады...Сол түннен
кейін, үйге таңертең, еркектер мас болып,
ұйықтап қалғанда бардым... Сол қыз бала-
лар үйінде тұрған, кейін сутенер қыз болған.
Жасы менен үлкен. Сол оқиғадан кейін мен
оны көрген емеспін» (367, адам саудасының
құрбаны, жынысы–әйел, 18 жас)
Сонымен, тағы бір адам саудасының құрбаны
кафеде кездескен «бейтаныс адам саудагерінің»
өзінің және дос қызының жеген тамақтарына
есірткі қосып бергенін айтқан. Есірткі әсер ете
бастағанда, «бейтаныс адам саудагері» оларды
ұрлап әкетіп, шекарадан Қазақстанға өткізген,
сол жерде оларды жыныстық қанау құрбанына
айналдырған әйелге сатқан.
«Мен дос қызыммен кафеге бардық. Сол жер-
де бір жігітпен таныстық, ол бізге сыра
сатып әперді. Ол соған [сыраға], бірдеңе
қосып қойды деп ойлаймын, себебі ештеңе
есімде жоқ. Машинада ояндық, ал ол бізге
Қазақстанның шекарасынан өтетінімізді
айтты. Біз айқайлап, бізді үйге апаруын
өтіне бастағанда, ол машинаны тоқтатып,
бізді ұрды. Ол көнбесек, бізді өлтіретінін
айтты... Содан соң біз әрі қарай кеттік, ал
ол бізге «бәрі жақсы болады, шамалы жұмыс
істейсіңдер, сосын қайтып келесіңдер» деді...
Ол бізді шекарадан түнде заңсыз түрде алып
өтті... Бір үйдің жанына келіп тоқтадық,
бізді бір әйел күтіп алды. Ол бізді басымыз-
дан аяғымызға дейін қарап шықты, алып
келген жігітке бізді бекер ұрғанын, біздің
тауарлық ажарымызды бұзғанын айтты.
Сондықтан біз үшін азырақ ақы төледі.
Біз айқайлап, көмекке шақыра бастадық,
бірақ әйел біздің шекараны заңсыз өтіп, заң
бұзғанымызды айтты. Ол заттарымды
ұрлады деп шағым жазса, құжаттарымыз
да жоқ, сот түрмеге жабатынын айтты.
Жігіт бізді әйелге табыстап, 20 000 теңге
(133 АҚШ доллары) алды. Ал әйел бізді өзінің
үйіне алып келіп, бізді ақша үшін жыныстық
қатынас жасауға мәжбүрледі. Күндіз біз сол
үйді тазаладық, кір жудық, ал клиенттер
мені таңдаған кездерде мен онымен бөлмеге
барып жыныстық қатынасқа түсіп жүрдім.
«Мамка» барлық ақшаны өзі алып жүрді...Сол
жігіт Өзбекстаннан әртүрлі қыздарды әкеліп
жүрді. Мен басқа ештеңе білмеймін, себебі
бізге бір-бірімізбен сөйлесуге тыйым салды.
Сол жерде осы іспен өз еріктерімен айналы-
сып жүрген қыздар да болды. «Мамка» оларға
сенетін, оларға үйлеріне баруға рұқсат
ететін». (290, адам саудасының құрбаны, жы-
нысы–әйел, 23 жас)
ҚЫЗДЫҒЫН САТу МАҚСАТЫМЕН
САТЫЛуЫ
Адам саудасының кейбір құрбандары өздерінің
адам саудасының құрбанына айналуының
себебі оларды адам саудагерлерінің қыздығы
үшін сатқандығы екенін көрсеткен айтты. Көп
жағдайларда клиенттер ер көрмеген қыздар
үшін көбірек ақы төлейді. Кейбір ер адамдар
ер көрмеген қыздарды қалайды, себебі олар ер
көрмеген қыздардан жыныстық қатынас арқылы
таралатын ауруларды жұқтыру қаупі азырақ
екенін біледі, ал кейбіреуі ер көрмеген жас
қыздармен жыныстық қатынасқа түсу кезінде
өздері сезінетін сезім мен өктемдік ұнайды. Адам
саудасының бір құрбаны айтып бергендей, оны
достары Бішкекке алып келіп, қыздығын сатқан.
Оның «дос –адам саудагерлері» ақша алып, ал
оған жаңа белдемше сатып алып берген.
«Мен 14 жасқа толғанда, менің дос қызым
маған бір түн ішінде көп ақша табуға бо-
латынын айтты. Олар маған Бішкек ба-
рып, жұмыс істеп көруді ұсынды. Менің дос
қыздарымның бірі менен бес жасқа үлкен бол-
ды, алғашқыда сол қыз мені Нарыннан кел-
ген сутенерлерге сатты. Мені сатқаны үшін
маған жаңа белдемше алып берді. Мен ақша
табу үшін аптасына екі рет жезөкшелікпен
айналыстым; Мен ол ақшаны әжем мен ата-
ма беріп тұрдым... 17 жасымда жезөкшелікпен
Достарыңызбен бөлісу: |