Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет41/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
81
ЕңБЕК ҚҰЛДЫҒЫНА ТАП 
БОЛуДЫң ЖӘНЕ ЕңБЕКПЕН 
ҚАНАуШЫЛЫҚТЫң 
ҚҰрБАНЫНА АйНАЛуДЫң 
ЖОЛДАрЫ
Еңбек құлдығы мен еңбекпен қанаушылықтың 
жыныстық құлдық пен жыныстық 
қанаушылықтан айқын айырмашылығы 
бар. Төменде берілген талдауда басты назар 
балалардың/жасөспірімдердің еңбек құлдығына 
тап болуының әртүрлі жолдарын сипаттауға ау-
дарылады. Еңбек құлдығына түсу жолдарының 
саны жыныстық құлдыққа түсу жолдарынан 
азырақ болғанымен, дегенмен, жалпы үш жол 
анықталған, оларға мыналар кіреді: 

  «бейтаныс адам саудагерінің» алдауы;

  «жұмыс беруші- адам саудагерінің» алдауы;

  ата-анасының өз қарызын өтеу үшін еңбек 
құлдығына сатуы.
Еңбек құлдығына түсудің осы жолдардың 
әрқайсысына төмендегі бөлімдерде тал-
дау жасалған. Төменде сипатталған еңбек 
құлдығының және еңбекпен қанау оқиғаларын 
ер және әйел жынысты құрбандар басынан 
кешірген, елдің ішінде болған, сонымен бірге 
еңбек құлдарын шекарадан өткізу оқиғалары да 
болған.  
«БЕйТАНЫС АДАМ САуДАГЕріНің» АЛДАуЫ
Адам саудасының және еңбек құлдығының 
кейбір құрбандары өздерін бейтаныс 
адамдардың қалай алдағанын айтып берген. Бұл 
адам саудасының құрбандарын «бейтаныс адам 
саудагері» қалай алдағанын ашып көрсететін 
типті оқиға емес; сондықтан осы бөлімге 
көптеген әңгімелер енген, ондағы мақсатымыз 
– «бейтаныс адам саудагерлерінің» ер және әйел 
жынысты балалар мен жасөспірімдерді алдап, 
еңбек құлдығына және еңбекпен қанауға тарта-
тын әртүрлі жолдарын баяндау. Сонымен қатар, 
«бейтаныс адам саудагерлерінің» қандай екенін 
көрсететін нақты сипаттама жоқ.
Бірінші үш әңгімеде еңбекпен қанаушылықтың 
екі ер жынысты құрбаны және бір әйел жынысты 
қанаушылық құрбаны өздерін Қазақстанның 
шекарасында кездескен «бейтаныс адам 
саудагерлерінің» алдағаны туралы айтып бер-
ген. Бірінші екі оқиғада әйел-«бейтаныс адам 
саудагері» жақындап келген, себебі олар шека-
радан өтуге дайындалып жатқан және шекара-
дан өткізуге көмегін ұсынған. Бірінші оқиғада 
жас жігіттің шекарадан өтуге қажетті құжаттары 
болмаған, сондықтан «бейтаныс адам саудагері» 
оған осы мәселені шеше алатынын айтқан. Екінші 
оқиғада қыздардың құжаттары болған, алай-
да әйел-«бейтаныс адам саудагері» шекарадан 
өтуге көмектесе алатындығына сендірген, сон-
да оларға шекарашылар тиіспейтіндігін айтқан. 
Екі оқиғада да әйел-«бейтаныс адам саудагері» 
оларға әуелі шекарадан өтуге көмектескен, ал 
Қазақстанда олардың жанына бірден екінші 
әйел-«бейтаныс адам саудагері» келген. Әйел-
«бейтаныс адам саудагері» олардың құжаттарын 
екінші -«бейтаныс адам саудагеріне» табыстаған, 
қыздарға Қазақстанда жұмыс болатынына 
уәде берген. Әңгімелердің әрқайсысында адам 
саудагерлері/қанаушылардың адам саудасының 
құрбандарын тасымалдап осы құрбандарды 
бақылайтыны сипатталады. 
«Мен шекараға келдім де, бір әйелмен таны-
стым. Ол маған Қазақстанда жұмыс істеуге 
ұсыныс жасады. Мен оған менің құжаттарым 
жоқ екенін айттым, ал ол бұл мәселені ше-
шуге уәде етті...Ол [бұл әйел] мені шекара-
дан өткізуге ақша төледі, ал маған ақша 
тапқан соң қайтаруым керектігін айт-
ты... Мен шекараны басқа адамдармен бірге 
өттім. Сол жерде тек ер адамдар болды, 
олардың барлығы жұмыс істеп ақша табуға 
бара жатты...Бізді екі еркек қарсы алды, мені 
егістікте және құрылыста жұмыс істеуге 
алып кетті. Басқаларды да алып кетті... 
Біз бір үйге жақын келіп тоқтадық, ал үйдің 
қожайыны күтіп алды, мен сол адамға жұмыс 
істей бастадым... Мен үй салдым, цемент 
араластырып, бақшаның отағын жұлдым, 
малға қарадым...Маған ақша төлеген жоқ. 
Маған бергені тек уәде. Менің баратын жерім 
болмады, сондықтан мен сол жерде қалдым....
Мен жолға және тамаққа төлегені үшін 
оларға ақша қарыз болдым...Күндіз олар мені 
қадағалап жүрді...Сол жерде тағы екі еркек 
болды. Оларды да менімен бірге алып келді, 
бірақ мен қашып кеткенде, олар сол жерде 
қалып қойды... Мен сол жерде бір жыл бойы 
болдым». (291, адам саудасының құрбаны, 
жынысы-ер,22 жас) 
«Мен сіңліммен бірге автобусқа міндік, оны-
мен Қазақстанның шекарасына келдік. Біз 
шекарадан өткелі тұрғанымызда, біздің 
қасымызға бір әйел жақындап келді. Ол 
біздің жас екенімізді, шекарадан ересек 
адамдарсыз өтуге болмайтынын, себебі 
шекарашылардың бізге тиісуі мүмкін 
екенін айтты. Содан соң ол бізге шекара-
дан өтуге көмектесуді ұсынды. Ол біздің 
төлқұжаттарымызды алды, біз оның 
соңынан жүрдік. Сол жерде кезекте адамдар 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
82
көп болды. Бірақ ол шекарашылармен келісіп, 
біз шекараны 20 минуттан кейін өтіп те 
болдық. Қазақстанға келгеннен кейін, біздің 
қасымызға басқа бір әйел келіп, бізден 
«жұмыс керек пе» деп сұрады. Ол бізге бір 
үйде тамақ пісіріп, үйді тазалауды және өзі 
қауын-қарбыз егетін бақшалық жерде жұмыс 
істеуді ұсынды. Осылайша біз келістік. Содан 
соң бізге шекарадан өтуге көмектескен әйел 
біздің төлқұжаттарымызды бізді жұмысқа 
алуға келіскен әйелге берді. Содан соң біз 
машинамен шамамен 1,5 – 2 сағат жүріп, 
бақшалық жерге келдік. Сол жерде бізді сол 
әйелдің күйеу баласы күтіп алды. Ол оған 
біздің паспорттарымызды берді де, өзінің 
оған жаңа жұмысшылар алып келгенін айт-
ты, өзі кетіп қалды. Содан соң бізді бақшаға 
алып келді де, қауын –қарбыз өсіп жатқан 
жердегі отақты қалай жұлу керектігін 
көрсетті. Сонымен бірге бізге малға қарау 
(10 тауық және 5 қой), тамақ пісіру, үйдің 
бөлмелерін тазалау керектігін айтты. Біз 
бас тарта бастадық, бұлай келіспегенімізді 
айтып, паспорттарымызды қайтаруын 
сұрадық, бірақ ол бізге ұрыса бастады, со-
сын бізді ұрды, тыңдамасақ, айтқанын 
істемесек, өзінің бізді зорлайтынын айтып, 
қорқытты. Ол біз үшін ақша төлегенін 
айтты... Әуелі біз бақшады отадық, үйді 
тазаладық, қожайын мен оның достарына 
тамақ пісірдік. Оның достары оның үйіне 
жиі қонатын. Сосын біз қарбыздарды жинап, 
сарайға жинадық... Бізге жасаған жұмысымыз 
үшін ақша төлемеді... Қожайын өзінің біз үшін 
ақша төлегенін, біздің оған қарыз екенімізді 
көп айтатын. Бірақ бізге оған қанша ақша 
қарыз екенімізді айтқан жоқ. Біз оған қоса 
жеген тамағымызға ақша төлеуіміз керек 
болды. Ол бізге мезгіл біткен соң өзіміздің 
қарызымызды өтейтінімізді айтты... Кешке 
қожайын [қанаушы] бізді бөлмеге қамап 
қоятын, бөлменің тіпті терезесі де болған 
жоқ. Өзі есіктің алдындағы керуетте жа-
татын. Күндіз ол бізді қадағалап жүрді. 6 
айдан соң біз қашып құтылдық». (301, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 21 жас)
Шекарадан өткізу арқылы жасалған адам 
саудасының үшінші оқиғасында, ер-адам 
саудасының құрбаны «бейтаныс-адам 
саудагерінің» өздері Қазақстанның шекарасынан 
өткелі отырған машинадағы такси жүргізушісі 
болғанын айтып берген. Жүргізуші төрт жігіт пен 
ер адамдардың құжаттарын алып, адамдарды 
адам саудагеріне/қанаушысына табыстаған, ол 
бақылау жасап, құрылыс жұмыстарын жасауға 
мәжбүр еткен. Жігіттер екі ай бойы еңбекпен 
қанаудың құрбаны болған. 
«Жаз келгенде біздің көршілеріміз жұмыс 
істеп ақша табуға Шымкентке бармақ бол-
ды (Самарқандтан)... Олар бірнеше күнге ба-
ратын болды, менің әкеме мені бірге алып 
кетуді, қаланы көрсетуді ұсынды. Әуелі 
менің әкем маған баруға рұқсат бермеді, 
бірақ мен оны үгіттеп, келісуге көндірдім... 
Ол біздің көршіміз еді, ол бұрын Шымкентте 
болған, маған онда қандай әдемі екенін ай-
татын... Менің ата-анам менің туу туралы 
куәлігімді көршімізге онымен бірге шекара-
дан өту үшін берді...Біз шекарадан өткелі 
тұрғанда, бізге өтуге рұқсат бермеді, себебі 
көршімізде менің ата-анамның сенімхаты 
болмады, сондықтан мен өзен арқылы өтуге 
мәжбүр болдым. Қазақстанда біз такси 
жүргізушісін кездестірдік, ол бізге жұмысты 
қайдан табуға болатынын білетінін айт-
ты, бізді сол жерге жеткізіп салуды ұсынды. 
Біз онымен бірге баруға келістік. Мен олар 
жұмыс туралы келіскен соң, мен қаланы 
көріп, Самарқандқа қайтамын деп ой-
ладым. Біздің көршіміз мені үйге қайта 
апаруға тиіс болды. Такси жүргізушісі бірден 
біздің құжаттарымызды алып қойды, по-
лиция тексеретінін, өзінің кімді алып келе 
жатқанын айтуы тиіс екенін айтты... Такси 
жүргізушісі бізді сол жерге [жұмысқа] алып 
келгенде, біздің құжаттарымызды үйдің 
алдында бізді күтіп алған еркекке берді, ол 
бұның тіркеу үшін керектігін айтты. Үйдің 
қожайыны бізбен танысып, біздің оның 
үйінде тұрып, жұмыс істейтінімізді айтты. 
Менің көршім оған жұмыстың көлемін көргісі 
келетінін, келісімнің болмағанын және менің 
өз ата-анама қайтып баруым керектігін айт-
ты. Бірақ қожайын бізге құжаттарымыздың 
оның қолында екенін, оларды қайтарып 
алу үшін жұмыс істеуіміз керектігін айтты. 
Мен үйдің құрылысына қажет кірпіштерді 
тасыдым, цемент араластырдым, содан 
соң оны шелектермен жұмысшыларға та-
сыдым... Маған ақша төлемеді... Мен өзімнің 
құжаттарымды қайтарып алу үшін үйдің 
қожайынына жұмыс істеуге мәжбүр бол-
дым...Ол бізге үй салуға бұйрық берді, со-
сын бізді босатып жіберетінін айтты. 
Дуал ылғи да жабық тұратын, сондықтан 
біз шыға алмадық. Қожайынның інісі біздің 
қалай жұмыс істейтінімізді қадағалап жүрді. 
Түнде бізді сарайға қамап қоятын, сол жерде 
ұйықтайтынбыз. Сол жерде тағы да үш адам 
болды, оларды да менімен бірге ұстады. [менің 
көршім және оның екі туысы] 23 – 30 жаста. 
Мен сол жерде екі ай бойы жұмыс істедім». 
(298, адам саудасының құрбаны, жынысы-
ер,16 жас) 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау