ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ
ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
48
мен батып кеткен жоқпын…Шынымды айт-
сам, мен неден үміт күтсем, соны алдым. Осы
өмірім әжеммен тұрғаннан жақсырақ. Маған
оқудың қажеті не? Мені аштық шаршат-
ты, маған ақша керек» (197, секс-жұмыскер,
жынысы-әйел, 17 жас).
Сонымен бірге кейбір әйел жынысты адам
саудасының құрбандары және секс-жұмыскерлер
өздерінің үйден кету туралы шешімді ата-
анасымен ерте жаста және некесіз жүкті
болғандықтан орын алған жанжалдың салдары-
нан қабылдағанын айтқан. Адам саудасының бір
құрбаны және бір секс-жұмыскер былай деген:
«Мен үйден кеткенімде жасым 15-те болды...
Мен тек сынап-мінеуді және ұрыс-керісті
естідім...Мен ерте ер жеттім. Жасым 14-те
болғанда менің алғашқы махаббатым бол-
ды, мен 15 жасымда ұл тудым. Анам жүкті
болғаным үшін маған ұрысатын. Маған үнемі
айқайлайтын, бірақ мен бәрібір баланы ту-
дым. Менің жігітімді, баламның әкесін түрмеге
отырғызды, мен оған сәлемдеме – тамақ пен
темекі тасуға мәжбүр болдым. Менің ақшам
болмады, себебі маған ешкім көмектеспеді…
Оған [балаға] сегіз ай толғанда мен оны ана-
ма қалдырып, жезөкше болып жұмыс істеуге
кеттім. Өзімнің біреуге керек болғаным маған
ұнады және қаржы жағынан анамнан тәуелсіз
болдым» (202, адам саудасының құрбаны, жы-
нысы–әйел, 18 жас).
«Менің жасым 18-де болғанда, мен бала ту-
дым да, үйден кетіп қалдым. Менің баланың
әкесі қайда екені белгісіз…Менің өмір сүруге
қаражатым болмады және анамның көзі на-
шар көретін, ал інім мектепте оқиды. Мен ба-
лама қарайтын бағушы тауып, жұмыс істей
бастадым. Айына 1 000 долларды қайдан
таба аламын, айтыңызшы? Мен жезөкше бо-
лып жұмыс істей бастадым, таза табысым
айына 1 000 доллар болды. Мен өміріме риза
болдым. Мен үшін ең бастысы – менің қызым.
Ол бұны көрмеуі тиіс және естімеуі керек [менің
жезөкше болып жұмыс істейтінім туралы]»
(198, секс-жұмыскер, жынысы–әйел, 21 жас).
Сонымен бірге көптеген әлеуметтік жағынан осал
балалар
отбасындағы зорлық-зомбылықтың,
соның ішінде балаларға қатыгездік жасаудың
және қараусыз қалдырудың өмірлерінде шы-
нымен орын алғанын айтқан. Іс жүзінде олар
үйден отбасындағы қатыгездік пен зорлық-
зомбылықтан құтылу үшін қашып кеткен.
«Біздің жанұяда сен бірдеңені дұрыс істемесең,
өгей әкем қасыңа келіп, соғып жібереді. Менің
анам мені қорғайтын, бірақ ол оны да ұратын.
Мен бір күні оны ұрғым келді. Сосын менің
анам іше бастады. Біз мен үйден кетпесем,
ол ішпейтін болып келістік. Қыста біз өгей
әкеммен ұрысып қалдық, ол мені ұрғысы келді,
ал мен үйден қашып кеттім. Мен досымның
үйінде тұрдым. Сосын компьютер клубын-
да қонып жүрдім… Сосын олар мені тауып
алып, үш айға балалар үйіне жіберді, себебі
мен мектептегі сабақтардан қалып жүрдім
және үйімде тұрған жоқпын. Содан соң олар
[менің ата-анам] мені үйге алып келді, өгей
әкем екеуміз қайтадан ұрысып, төбелесе
бастадық» (109, әлеуметтік жағынан осал
бала, жынысы-ер, 13 жас).
«Мен анаммен ұрысып қалдым, сондықтан
оны жазалағым келді. Оны мені іздесін дедім.
Мен ешкім «мазамды алмауы» үшін өзімнің дос
қызыммен тұрғым келді. Мен менің өмірімде
барлығын менсіз шешетінінен және анам мені
қалай өмір сүру керек үйрететінінен және
ұрысатынынан жалықтым... Менің анам
маған үнемі ұрысатын, ал әкемнің өзінің жаңа
жанұясы бар. Мен ешкімге керек емеспін,
сондықтан кетіп қалып, бәрін жазалағым
келді» (302, әлеуметтік жағынан осал бала,
жынысы-әйел, 13 жас).
Басқа балалар/жастар ата-аналарының
өздеріне бұдан да анағұрлым қатыгез зорлық-
зомбылық көрсеткені туралы немесе өздерінің
ата-аналарының
арасында орын алған зорлық-
зомбылықтың куәсі болғаны туралы айтқан.
Көптеген жағдайларда балалар әкесінің анасын
ұрғанын көрген. Кейде отбасындағы зорлық-
зомбылық ата-анасының немесе олардың
бірінің алкогольді ішімдіктер ішуімен байла-
нысты болған және отбасындағы зорлық-
зомбылық тіпті балалардың уақытылы мектеп-
ке бару мүмкіндігіне әсер еткен. Іс жүзінде адам
саудасының бір құрбаны өзінің бала кезінде
осы мәселелердің үшеуіне де тап болғанын және
өзінің үйден кетуіне әкелгенін айтып берген.
«Менің мектепке баруға мүмкіндігім болмады.
Мен ата-анаммен бірге қаланың сыртын-
да тұрдым, ал мектеп қалада болды. Менің
жанұямда ақша жетпейтін, ал жолға төлеуге
мүлдем болмайтын. Менің әкем маған мектеп-
ке баруға тыйым салатын. Ол мені бірнеше
рет ұрды, ал анам мені қорғайтын, бірақ ол
мені де, анамды да ұратын… Менің ата-анам
көп ішетін, сондықтан бізде ақша болмай-
тын. Мен үйдегі ұрыс-керіске шыдай алмадым,
16 жасымда Алматыға кетіп қалдым, өзіме
және ата-анама қаржылай көмектесейін деп
ойладым» (424, адам саудасының құрбаны,
жынысы–әйел, 19 жас).
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
49
Бірнеше әлеуметтік жағынан осал балалар
өздерінің отбасындағы жанжалдар мен зорлық-
зомбылықтың ушығып, ата-аналарының бірі
екіншісін өлтіргенін айтып берген. Осы бала-
лар үйден қашып кеткен, себебі отбасындағы
зорлық-зомбылықтан құтылғысы келген. Екі
әлеуметтік жағынан осал бала былай деген:
«Менің жасым 10-да болғанда менің анам
қайтыс болды. Үйде менің атам, әкем және
мен қалдық. Менің анам әкемнің кесірінен
қайтыс болды (бұл менің жеке шаруам),
сондықтан мен оны осы үшін кешіре алма-
дым. Мен оны тыңдамайтын болдым, оған
дөрекі сөйледім және ұрыстым. Өзіне қарап
алсын, ол мені не істеу керегіне үйретпесін,
өзінің істейтіні тек бір нәрсе – үйге әртүрлі
әйелдерді әкеледі. Атам жаман адам емес,
бірақ көзі нашар көреді. Бәрібір ол мені ылғи
қорғаштайды. Сондықтан менің әкем маған
тиіскенде мен тәтеме кетіп қалатынмын,
ал ол түнгі ауысымға жұмысқа кетсе, мен
досымның үйіне баратынмын. Оның ана-
сы тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан
білмейді және қарсы тұрмайды. Әкем мені
іздеп, маған айқайлайды. Мен оған айттым:
«Егер маған тағы да қол тигізетін болсаңыз,
мен біржола кетіп қаламын» дедім. Бір күні ол
мені ұрып-соқты… Әкем ылғи кешке ішіп ала-
ды… Баратын жерім болса, мен біржола кетіп
қалар едім. Мені бәрі ығыр қылды – бұл рас»
(124, әлеуметтік жағынан осал бала, жыны-
сы–ер, 14 жас).
«Менің анам мас әкемді балтамен шауып
өлтірді. Әкем мені қатыгездікпен ұратын,
ал анамды түрмеге отырғызды. Оған 8 жыл
берді. Менің әжем мен атам мені өздеріне
алды. Кейін атам жүрек ауруынан қайтыс
болды. Менің әжем анамды және мені сол үшін
кінәлайды. Ол мені ылғи қарғайды. Кейде мен
үй алдындағы табалдырықта түнге дейін
отырамын. Кейде досымның үйіне қонамын
(оның жасы менен үлкен), ал кейде клубта
отырамын... Кейде досымның үйіне қашып
кетемін, сонда бос үйде тұрамын. Достарым
маған тамақ әкеліп береді, маған ол жер-
де ұнайды» (138, әлеуметтік жағынан осал
бала, жынысы–ер, 12 жас).
ИТЕрМЕЛЕуШі ФАКТОр: АТА-АНАСЫНЫң
АЛКОГОЛьДі іШіМДіКТі ЖӘНЕ ЕСірТКіНі
ҚОЛДАНуЫ
3.10-кестенің мәліметтері бойынша әлеуметтік
жағынан осал балалардың 28%, адам саудасының
құрбандарының 20% және секс-жұмыскерлердің
12% үйден кетуінің себебі ата-анасының немесе
олардың бірінің алкогольді ішімдікті және/не-
месе есірткіні қолдануы болғанын мәлімдеген.
Сауалнама мәліметтері ата-анасы немесе
олардың бірі алкогольді ішімдікті және/немесе
есірткіні қолданған жанұяда өскен балалардың/
жасөспірімдердің өмір тәжірибесін көрсетеді.
Осы балалардың/жасөспірімдердің көпшілігі
сонымен бірге өздерінің әсірткіге және/неме-
се алкогольге тәуелді ата-аналарының оларды
ұрғанын және қараусыз қалдырғанын жекелеп
айтқанда, олар балаларын тамақпен қамтамасыз
етпеген немесе тамаққа ақша болмаған, себебі
олардың ата-анасы
ақшаның барлығын ал-
когольге және/немесе есірткіге жұмсайтын
болған. Олар сонымен бірге ата-анасының
арасында орын алған зорлық-зомбылықтың
куәсі болған. Көптеген балалар/жастар осын-
дай жағдайларда үйден кеткен немесе қашып
кеткен, оның себебі ата-анасының алкогольді
ішімдікті және/немесе есірткіні қолдануы болған,
әсіресе ата-анасы алкогольді ішімдіктің және/
немесе есірткінің әсерінде болғанда және олар
өздерін ата-анасының ұрып-соғуы мүмкін екенін
түсінген кезде. Осылайша, осы балалардың/
жасөспірімдердің көпшілігі үшін үйден қашып
кету аман қалудың амалы және тіршілік үшін
күрес тәсілі болған.
Көптеген балалар/жасөспірімдер ата-
анасының алкогольді ішімдікті және/немесе
есірткіні қолдануы туралы айтқандықтан, мен
балалардың/жасөспірімдердің есірткіге және/не-
месе алкогольге тәуелді ата-аналарымен өткізген
өмір тәжірибесін, олардың үйден қашып, осын-
дай ортадағы зорлық-зомбылықтан, қатыгездік
көзқарастан және қараусыздықтан құтылу
әрекеттерін көрсету үшін олардың көптеген
әңгімелерін қостым. Сауалнаманың мәліметтері
бойынша осы балалар/жасөспірімдер үшін
үйдегі жағдай жиі өзгермелі және қауіпті болған,
осының нәтижесінде осы көптеген балалар/
жасөспірімдер қорқыныш сезінген.
«Менің жасым 11-де. Анам көп ішіп жүргенде,
мен сабақтан қалып жүрдім… Анам ішімдік
ішіп, достарымен ұрысып жатқанда, мен жиі
үйден кетіп қалып жүрдім және подвалдарда
тығылып қалатынмын немесе жай көше кезіп
жүретінмін. Мен олардан қорқатынмын»
(146, әлеуметтік жағынан осал бала, жыны-
сы–әйел, 11 жас).
«Мен үйден қашып кеттім, себебі менің әкем
мен анам бүкіл апта бойы ішті, бір-бірімен
ұрысты, ал әкем мені ұрды…Мен көше кезіп
жүрдім және қайыр сұрадым. Мен велосипед
сатып алуға ақша жинағым келді… Анам
маған велосипед алып берем деп уәде берген,
бірақ ақшаның барлығын ішімдікке жұмсап