Ұңғымаларды салу жөніндегі инженер-геолог лауазымына төмендегі талаптарға сәйкес келетін тұлғалар тағайындалады:
Білімі
|
«Геология, пайдалы қазбалардың кен орындарын іздеу және барлау» мамандығы бойынша жоғары кәсіби білім
|
Жұмыс өтілі
|
Саладағы жұмыс өтілі кем дегенде 3 жыл
|
Кәсіби білімдер1
|
Атқарылатын жұмыс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын, нормативтік-құқықтық актілері және басқа нормативтік құқықтық құжаттары;
Қызмет бойынша заңгамалық актілер және басқа да құқықтық құжаттар;
Еңбек заңнамасының негіздері;
Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау ережелерінің негіздері;
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс қағидалары мен нормаларын білу;
Радиациялық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және электр қауіпсіздігі қағидалары;
Атқарылып жатқан жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар (салалық нұсқамалықтар және стандарттар);
Қорларды есептеу әдістемесі;
Ұйыдастыру-өкімгершілік құжаттары және бұрғылау жұмыстарының өндірісіне қатысты әдістемелік материалдар;
Геология, құрылымдық геология, литология, геохимия, өңірлік геология негіздері
Жұмыстар аумағының геологиясы туралы жалпы мәліметтер;
Ұңғымалардың геофизикалық зерттеулері – каротаж, каротаж түрлері;
Ұңғымаларды бұрғылаудың тау-кен геологиялық шарттары;
Ұңғымаларды бұрғылаудың түрлері және әдістері;
Ұңғымалардың қолданылуы және құрылымдары;
Ұңғымаларды бұрғылауға құжаттама;
Бұрғылау сапасына қойылатын геологиялық-техникалық талаптар;
Геологиялық материалды есепке алу және сақтау қағидалары (керн, сынамалар және т.б.);
Өндірістік және есептік құжаттаманы жүргізудің тәртілбі және ережелері;
Ұңғымалар салуды жоспарлау және жобалау тәртібі;
Ұңғымаларды бұрғылау техникасы және технологиясы саласындағы тәжірибе;
Ұңғымаларды бұрғылаудың қолданбалы техникасы және технологиясының негізгі түрлері;
Уранның инфильтрациялық гидрогендік кен орындарының геологиясы, гидрогеологиясы;
Уран кен орындарын барлау әдістері;
ЖҰШ-ң технологиялық ерітінділері бойынша аналитикалық жұмыстардың әдістемесінің негіздері;
Геологиялық-геофизиологиялық қиманың, кен онының ұңғымалары бойынша литологиялық-фильтрациялық түрлерінің негіздері;
|
Қосымша білімдер
|
Мicrosoft Office, MapInfo, CorelDRAW, АtomGeo және басқа бағдарламалармен жұмыс жасай білу;
«В» санатындағы жүргізуші куәлігі
|
Жеке қасиеттер
|
Шығармашылық әдіс, қарым-қатынас жасауға бейімділік, жауапкершілік, тыңғылықтық, кеңістікте ойлау, деректермен жұмыс жасаудағы мұқияттылық.
|
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ МІНДЕТТЕРІ
1. Негізгі функцияларын жүзеге асыру үшін Ұңғымаларды салу жөніндегі инженер-геологқа келесі лауазымдық міндеттер жүктеледі:
Геологиялық ақпарат және басқа да нақты материалдарды талдайды, жүйелейді, жалпылайды, геофизикалық және геохимиялық деректердің геологиялық түсіндірмесін жүзеге асырады.
Кен орнының геологиялық құрылымын сипаттайтын графикалық материалдарды құрады (схемалар, карталар, қималар, жоспарлар, диаграммалар, бағаналар және т.б.).
Жаңа геотехнологиялық блоктарды жобалау үдерісіне қатысу.
Жобалау және құрылған блоктардың параметрлерін есептеуге қатысу.
Бұрғылау жұмыстарының өндірісін жоспарлауға, ұйымдастыруға және жоюға қатысу.
Ұңғымаларды салуда тоқтап қалу, апат және ақаулардың себептерін талдау.
Құрылып жатқан және құрылған ұңғымалар бойынша есеп жүргізу және қажетті есептілікті дайындау.
Жұмыстардың сапасына, қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс ережелеріне, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау шараларына қойылатын талаптарды, өндірістік және технологиялық тәртіптемені мердігерлік ұйымдардың сақтауын бақылауға қатысу.
Мердігерлік бұрғылау ұйымдарын жетілдіру және тиімділігін арттыру бойынша шараларды әзірлеуге қатысу.
Ұңғымалар құрылысына және оның орындалуына бақылауға техникалық құжаттаманы (геологиялық-техникалық наряд) әзірлеу.
Бұрғылау жұмыстарының өндірісіне мониторинг жүргізу.
Ұңғымалар құрылысының жұмыс кестесін жасайды.
Нүктелер бойынша бұрғылау агрегаттарының орналастырылуын жоспарлау.
Технологиялық ұңғымалар бойынша ақпаратты жинау, талдау және AtomGeo жүйесінде геолгиялық қималарды жасау.
Жапсарлас құрылымдық бөлімшелердің жұмыскерлерімен өз құзыреттілігі аясында жұмыс жасау;
Ішкі рәсімдерге, ҚР жол қозғалысы ережелеріне және қауіпсіз жүргізу бойынша ҚР басқа да нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес Компанияның сеніп тапсырған көлік құралдарын басқару;
Жұмыс берушінің барлық бекітілген саясаттарының, рәсімдерінің, нұсқамалықтарының және баспа актілерінің жеке басымен сақталуын қамтамасыз ету;
Жер қойнауын зерттеуде және басқа геологиялық міндеттерді шешуде геологиялық зерттеулердің кешенін орындайды;
Жоспарлау және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, сонымен қатар дала жұмыстарын ұйымдастыруға және тоқтатуға қатысу;
Геологиялық сипаттағы іздеу-түсіру, геофизикалық және басқа жұмыстарды жүргізу барысында далалық және камералық жағдайларда геологиялық зерттеулерді орындайды;
Нақты геологиялық ақпаратты және материалды жинайды, және де оларды құжаттауды жүзеге асырады;
Геологиялық ақпаратты және басқа да нақты материалдарды талдайды, жүйелейді, жалпылайды, геофизикалық және геохимиялық деректердің геологиялық түсіндірмесін жүзеге асырады;
Жұмыстардың зерттелетін ауданының геологиялық құрылымын сипаттайтын графикалық материалдарды жасайды (сызбалар, карталар, қималар, жоспарлар, диаграммалар, бағаналар және т.б.);
Өз бетінше және мамандардың қатысуымен жұмыстардың геологиялық нәтижелері туралы есепті жасайды және басқа геологиялық материалдарды әзірлейді (техникалық-экономикалық баяндамалар, кондициялардың жобалары, қорлардың есебі және т.б.);
Жер қойнауын геологиялық зерттеу және геологиялық-барлау жұмыстарын өндіру бойынша әдістемелік ережелердің, нұсқамалықтардың және талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді және бақылайды;
Пайдалы қазбаларды сынамалау бойынша жұмыстарға қатысады;
Өнеркәсіптік жағдайларда минералды шикізаттың технологиялық зерттеуін жүргізуге геологиялық қадағалауды жүзеге асырады;
Тәжірибелік-әдістемелік және тақырыптық жұмыстарды орындауға, пайдалы қазбалардың қорларын есептеуге, жаңа техникалық құралдар және технологияларды игеруге қатысады;
Тау жыныстарының үлгілерінің эталондық жинағын құрады, тау жыныстарының технологиялық қасиеттері (бұрғылануы, бекемдігі, қопсығыштығы және т.б.) және жұмыстар аумағының геологиялық күрделілігінің санаты бойынша олардың сипаттамасын анықтайды;
Зерттеліп жатқан жұмыстар аумағының геологиясы бойынша геологиялық қор материалдарын жалпылайды;
Жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензияны, геологиялық жұмыстарды жүргізу барысында жер пайдалануға құжаттарды, басқа инстанциялардан(санитарлық-эпидемиологиялық станциялар және т.б.); алынатын рұқсаттарды рәсімдеуге және алуға қатысады
Геологиялық зерттеулер бойынша бекітілген тәртіпте есептеу-есептілік құжаттарын әзірлейді және ұсынады;
Геологиялық атериалдарды есепке алу және сақтау, жер қойнауын геологиялық зерттеу, жер қойнауы, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау ережелерін, геологиялық барлау жұмыстарында еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғаныс ережелерін сақтауды қамтамасыз етеді және бақылайды;
Техниктер-геологтар және басқа орындаушылардың жұмысын басқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |