Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет53/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
106
«Бірнеше рет кездескеннен кейін және АИВ-на 
(ВИЧ) тексерілгеннен кейін мен мүшеқапсыз 
жыныстық қатынасқа түсемін» (207, секс-
жұмыскер, жынысы–әйел, 19 жас).
Сонымен бірге 6.4-кесте адам саудасының 
құрбандарының жартысына жуығының 
(48,5%) және секс-жұмыскерлердің (48,1%) 
мүшеқапсыз оральды жыныстық қатынасқа 
түскенін айтқанын көрсетеді. Мүшеқапсыз 
оральды жыныстық қатынасқа түсу жиілігі ту-
ралы сұрағанда шамамен адам саудасының 
құрбандарының және секс-жұмыскерлердің 
үштен біреуі апта сайын мүшеқапсыз оральды 
жыныстық қатынасқа түскен – күн сайын, апта-
сына бірнеше рет және аптасына бір рет.
Сауалнама мәліметтері адам саудасының 
құрбандарының және секс-жұмыскерлердің 
барлығының оральды жыныстық қызмет 
көрсетпейтінін көрсетті. Іс жүзінде, адам 
саудасының екі құрбаны секс-жұмыскерлердің 
үш деңгейлі сатысы туралы баяндаған, онда 
«ажарсыз қыздар» оральды жыныстық қатынас 
қызметін көрсетеді, ал «әдемі қыздарды» олай 
істеуге мәжбүрлемейді.
«Оральды жыныстық қатынасқа түсетін 
қыздар болды, бірақ әдемі қыздарды мәжбүр 
етпейтін. Ең бастысы – жоспарды орындау 
керек болды. Орындамасаң, олар сені ұрады 
және не қаласа, соны істеуге мәжбүр етеді…» 
(433, адам саудасының құрбаны, жынысы-
әйел, 29 жас).
«Біз оральды жыныстық қатынасқа 
мүшеқапсыз түскіміз келмейтін, тек 
қалыпты жыныстық қатынасқа түсетінбіз. 
Бірақ келісетін қыздар да болды. Қыздарды 
үш топқа бөлген. Үшінші топқа кіретін әдемі 
емес қыздар оральды жынысқа түсетін» 
(435, адам саудасының құрбаны, жынысы–
әйел, 21 жас).
6.4-кесте сонымен бірге секс-жұмыскерлердің 
65,5% -ы және адам саудасының құрбандарының 
45,8%-ы жыныстық қатынас арқылы таралатын 
аурулар туралы уайымдайтынын көрсетеді. Секс-
жұмыскерлердің 96,5%-ы өздерінің жыныстық 
қатынас арқылы таралатын ауруларға 
тексерілгенін айтқан, ал адам саудасының 
құрбандарының тек 60,4%-ы ғана тексерілген. 
Сауалнама мәліметтері адам саудасының 
құрбандарының және секс-жұмыскерлердің 
жыныстық қатынас арқылы таралатын аурулар 
туралы мазасызданатынын көрсетті, ал олардың 
кейбіреуі ем қабылдаған. Адам саудасының бір 
құрбаны былай деді:
«Мен жыныстық қатынас арқылы ауру 
жұқтырамын деп уайымдаймын, сондықтан 
жақында мен ем курсын алдым» (435, адам 
саудасының құрбаны, 21 жас).
Адам саудасының көптеген құрбандары өздерінің 
қанаушылыққа тап болғанда медициналық 
көмек алу мүмкіндігі болмағанын айтқан. Іс 
жүзінде, адам саудасының бір құрбаны былай 
деді: 
«Бізді айырған кезде дәрігерге және ауруханаға 
жібермейтін» (203, адам саудасының 
құрбаны, 29 жас). 
Адам саудасының құрбандары жыныстық 
қанаушылықтан қашқаннан кейін немесе 
құтқарылғаннан кейін ғана жыныстық қатынас 
арқылы таралатын аурулар бар-жоқтығына 
тексерілуге мүмкіндік алады. Адам саудасының 
екі құрбаны былай деді:
«Мен ең көп уайымдаған нәрсем – жыныстық 
қатынас арқылы таралатын ауруды 
жұқтырамын деп қорықтым... Мен қонақ үйде 
тексерілген жоқпын. Осында келгенде мен 
тексерістен өттім» (433, адам саудасының 
құрбаны, жынысы-әйел, 29 жас).
«Мен жыныстық қатынас арқылы тарала-
тын ауру туралы уайымдаймын, бірақ, де-
генмен, мен дәрігерге шамамен екі ай сайын 
барамын» (196, адам саудасының құрбаны, 
жынысы-әйел, 18 жас).
Сауалнаманың мәліметтері секс-жұмыскерлердің 
жыныстық қатынас арқылы таралатын 
ауруларға тұрақты түрде, ай сайын немесе екі 
ай сайын немесе бірнеше айда бір рет тексеріліп 
отырғанын көрсетті. Секс-жұмыскерлердің 
көпшілігі жыныстық қатынас арқылы тарала-
тын ауруларға тексерілу үшін жеке емханаларға 
барғанын айтқан. Іс жүзінде, 6.4-кесте секс-
жұмыскерлердің тек 3,5%-ы ғана жыныстық 
қатынас арқылы таралатын ауруларға 
тексерілмегенін көрсетеді. Жыныстық қатынас 
арқылы таралатын ауруларға тексерілмегенін 
айтқан секс-жұмыскерлердің бірі былай деп 
растады:  
«Менде ешқандай ауру белгілері жоқ, мен 
ылғи да үйленген еркектермен жыныстық 
қатынасқа түсемін, ал олардың дені сау» 
(409, секс-жұмыскер, жынысы–әйел, 18 жас).


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
107
өЗіНЕ-өЗі ЗАҚЫМ КЕЛТіруГЕ 
ЖӘНЕ өЗіНЕ-өЗі ҚОЛ 
ЖҰМСАуҒА БАҒЫТТАЛҒАН 
іС-ӘрЕКЕТТЕр 
Сауалнамаға жауап берушілер өзіне-өзі 
зақым келтіруге және өзіне-өзі қол жұмсауға 
бағытталған іс-әрекеттер туралы сұрақ 
қойылған. Таң қаларлығы, 6.5-кесте бүкіл 
іріктеу тобының ішінен 27,4%-ы өзіне-өзі 
зақым келтіруге және өзіне-өзі қол жұмсауға 
бағытталған іс-әрекеттер жасағанын айтқанын 
көрсетеді. Адам саудасының құрбандары өзіне-
өзі зақым келтіруге және өзіне-өзі қол жұмсауға 
бағытталған іс-әрекеттерді көбірек жасаған 
– 34,0%. Дегенмен, әлеуметтік жағынан осал 
балалардың (27,4%) және секс-жұмыскерлердің 
көп бөлігі (20,8%) де өзіне-өзі зақым келтіруге 
және өзіне-өзі қол жұмсауға бағытталған іс-
әрекеттерді жасағанын айтқан. 
Сауалнамаға жауап берушілердің көпшілігі өзіне-
өзі зақым келтіруге және өзіне-өзі қол жұмсауға 
бағытталған іс-әрекеттерді жасауды 14–16 жас 
аралығында (11,8%) бастағанымен, әлеуметтік 
жағынан осал балалардың, адам саудасының 
құрбандарының және секс-жұмыскерлердің 
арасында маңызды айырмашылықтар бар. 
Әлеуметтік жағынан осал балалардың өзіне-өзі 
зақым келтіруге және өзіне-өзі қол жұмсауға 
бағытталған іс-әрекеттер жасауды бастаған 
жасы – 8–16 жас аралығы, орташы жасы – 
13,7 жас. Салыстыра келе, адам саудасының 
құрбандары өзіне-өзі зақым келтіруге және өзіне-
өзі қол жұмсауға бағытталған іс-әрекеттерді 
жасауды бастаған жасы 12 жастан 30 жасқа 
дейін ауытқып отырады, орташа жасы – 17,1 
жас. Сөз соңында, секс-жұмыскерлер өзіне-өзі 
зақым келтіруге және өзіне-өзі қол жұмсауға 
бағытталған іс-әрекеттерді жасауды бастаған 
жасы 13 жастан 21 жасқа дейін, орташа жасы – 
16,6 жас.
6.5-кесте адам саудасының құрбандарының 
ішінде үшеуінің бірі өзіне-өзі зақым келтіруге 
және өзіне-өзі қол жұмсауға бағытталған іс-
әрекеттерді жасағанын көрсетеді. Сонымен бірге 
әлеуметтік жағынан осал балалардың төртеуінің 
бірі және секс-жұмыскерлердің бесеуінің бірі 
өзіне-өзі зақым келтіруге және өзіне-өзі қол 
жұмсауға бағытталған іс-әрекеттерді жасаған. 
Сауалнама мәліметтері жауап берушілердің, 
негізінен, өзіне-өзі қол жұмсауға асылу, биіктен 
секіру, суға бату, дәрілердің артық мөлшерін ішу, 
улану, тамыр кесу және өзін-өзі өртеу жолдары-
мен әрекет еткен көрсетті.
Кейбір балалар/жасөспірімдер өздерінің өзіне-
өзі зақым келтірудің денесін кесу және өзін-
өзі сабау сияқты анағұрлым ауыр түрлерімен 
айналысқанын айтқан. Кейде балалар/
жасөспірімдер өзіне-өзі зақым келтірумен 
өзіне-өзі қол жұмсау мақсатымен айналысқан, 
бірақ басқа жағдайларда олардың өзіне-өзі қол 
жұмсау ниеті болмаған, алайда әдейі өзіне-өзі 
зақым келтіруге және ауырсынуды сезінуге ни-
еттенген. Мысалы, бір әлеуметтік жағынан осал 
қыз өзінің ауырсынуды сезіну үшін бірнеше рет 
өзіне-өзі зақым келтіргенін айтып берген. 
«Алғашқы рет мен өзімді-өзім жағып жіберуге 
әрекет жасадым, бірақ мен бұл туралы 
айтқым келмейді. Екінші рет мен үйден 
 6.5-кесте өзіне-өзі зақым келтіруге және өзіне-өзі қол жұмсауға бағытталған іс-әрекеттер
Жауап 
берушілердің 
барлығы 
Саны=468
Әлеуметтік 
жағынан осал 
балалар 
Саны=259
Адам 
саудасының 
құрбандары 
Саны=103
Секс- 
жұмыскерлер 
Саны=106
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Өзіне-өзі зақым келтіруге және 
өзіне-өзі қол жұмсауға бағытталған 
іс-әрекеттер жасаған 
128
27,4
71
27,4
35
34,0
22
20,8
Өзіне-өзі зақым келтіруге және өзіне-өзі қол жұмсауға бағытталған іс-әрекеттер жасауды бастаған 
жасы 
 8-10 жас
4
0,9
4
1,5
0
0,0
0
0,0
 11-13 жас
24
5,1
20
7,7
3
2,9
1
0,9
 14-16 жас
55
11,8
32
12,4
14
13,6
9
8,5
 17-19 жас
16
3,4
0
0,0
9
8,7
7
6,6
 20-22 жас
3
0,6
0
0,0
2
1,9
1
0,9
 23+ жас
3
0,6
0
0,0
3
2,9
0
0,0


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау