Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет51/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
102
болған, ал әкесінің қайда екенін ол білмейді. 
Сауалнама барысында ол өзінің ата-анасынан 
айрылу қайғысын және жалғыздық сезімін басу 
үшін жиі ішкенін айтып берді.
«Менің әкем» үнемі ішетін, анам да...2009 
жылы мені балалар үйіне алып кетті, сонда 
мен бір жыл болдым. Содан соң мені басқа ба-
лалар үйіне жіберді… Мен көп іше бастадым. 
Бір жыл бойы іштім. Арақты күнде іштім 
десе болады. Ауруханадан қашып кеттім. 
Жүйке ауруларынан емделдім, ал дәрігерлер 
мені есі ауысқан деп ойлайды. Осы жерден 
мен бір қызбен бірге қашып кеттім» (119, 
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–
әйел, 17 жас).
Тағы бір қызықтысы, бірнеше әлеуметтік 
жағынан осал қыздар өздерін алкогольдің 
әсерімен зорланғанын айтып берген. Бір қыз ай-
тып бергендей, ішімдік алып берген ер адам оны 
зорлаған. 
«Мен сауық кеші кезінде [осы жерде мені 
бірнеше еркек зорлады] үгітке көндім. 
Менің достарым мені ішуге көндірді» (205, 
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–
әйел, 16 жас).
ЕСірТКі ҚОЛДАНу/АСЫрА 
ҚОЛДАНу
Сауалнамаға жауап берушілер тобында 
қолданылған есірткілердің ішінде кең тараған 
есірткі марихуана (4,7%) болып табылады. Адам 
саудасының құрбандары (7,3%) және секс-
жұмыскерлер (6,2%) марихуананы көбірек 
қолданған; ал әлеуметтік жағынан осал балалар 
басқа есірткі заттарын көбірек қолданған (4,6%). 
6.2-кесте сонымен бірге жауап берушілердің өте аз 
саны инелерді бір мезгілде қолданғанын айтқанын 
көрсетеді, алайда осы бірнеше жауап берушілер 
ортақ инені бірнеше рет қолдануға бейім болған.
Сауалнама мәліметтері көптеген жауап 
берушілердің есірткі қолданатынын айтқанын 
көрсетті, алайда кейбір әлеуметтік жағынан 
осал балалар шылым, марихуана және анаша 
шеккендерін айтқан. Екі әлеуметтік жағынан 
осал бала былай деген: 
«Мен насыбай тарттым…. Менің достарым 
тартуды ұсынды, маған ұнап қалды. 5 жыл 
бойы тарттым, бірақ қазір Серебрянкада 
тартпаймын» (115, әлеуметтік жағынан 
осал бала, жынысы–ер, 15 жас).
 6.2-кесте. Есірткі қолдану/асыра қолдану
Жауап 
берушілердің 
барлығы 
Саны=468
Әлеуметтік 
жағынан осал 
балалар 
Саны=259
Адам 
саудасының 
құрбандары 
Саны=103
Секс- 
жұмыскерлер 
Саны=106
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Саны
%
Есірткі қолдану 
48
10,3
24
9,3
14
13,6
10
9,4
 Есірткіні өз еркімен қолдану 
36
7,7
17
6,6
11
10,7
8
7,5
 Есірткіні қолдануға әлдекім итермеле-
ген/ мәжбүр еткен
12
2,6
7
2,7
3
2,9
2
1,9
Қолданылған есірткілердің түрлері
Егу арқылы қолданылатын есірткілер
7
1,5
3
1,2
1
1,0
3
2,8
Марихуана
22
4,7
8
3,1
8
7,8
6
5,7
Метамфетамин
0
0,0
0
0,0
0
0,0
0
0,0
Экстази
3
0,6
1
0,4
1
1,0
1
0,9
Есірткі әсерлі ұшқыш заттар (мыса-
лы желім немесе еріткіш)
9
1,9
7
2,7
2
1,9
0
0,0
 Ауырсынуды басатын дәрілер
5
1,1
4
1,5
1
1,0
0
0,0
 Героин
6
1,3
1
0,4
2
1,9
3
2,8
 Басқа заттар
13
2,8
12
4,6
1
1,0
0
0,0
Егу арқылы қолданылатын есірткілерді бір инемен бір мезгілде салу жиілігі 
 1-10 рет
1
0,2
0
0,0
0
0,0
1
0,9
 11-30 рет
2
0,4
0
0,0
0
0,0
2
1,9
 31+ рет
1
0,2
1
0,4
0
0,0
0
0,0


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
103
«Мен тек шылым тартамын. Жасым 12-де 
болғанда тартып көрдім. Қазір мен шылым 
тартуға тәуелді болдым. Тартқым келеді, 
бірақ ақшам аз. Әкеме бұл ұнамайды. Мен оған 
айтамын: «Шектім және шеге беремін». Ол 
тек менің басымды жұламын деп қорқытады 
да қояды» (124, әлеуметтік жағынан осал 
бала, жынысы–ер, 14 жас).
Бір әлеуметтік осал бала өзінің анаша шеккенімен 
бірге дифенгидраминді, күшті гипноздық әсері 
болуы мүмкін жүйкені тыныстандыратын гиста-
минге қарсы дәріні қолданғанын айтып берген.
«Мен бірінші рет анашаны қолданғанда 15 жа-
ста болдым... Анашаны күніне 2 немесе 3 рет 
тарттым...Сонымен бірге мен дифенилгидра-
мин қолдандым…. Үйден қашып кеттім, анаша 
тартым, ішімдік іштім... Аудандық және мектеп 
полиция қызметкерлері және мұғалімім мені 
іздеген... Мені ұстап алғанда, наркологиялық 
диспансерге жіберді» (347, әлеуметтік жағынан 
осал бала, жынысы–әйел, 16 жас).
Басқа әлеуметтік жағынан осал балалар одан да 
күштірек есірткілерді қолданғанын айтқан, мы-
салы, егу арқылы қолданылатын есірткілер мен 
желім иіскеу. 
«Балалар үйіндегі бір бала маған тартып 
көруге шылым берді. 5 жасымнан бастап 
темекі тарта бастадым. Мен 2 ай бойы 
желім иіскедім. Сонымен бірге мен анаша 
тарттым» (345, әлеуметтік жағынан осал 
бала, жынысы-ер, 16 жас). 
«Менің достарым мені желім иіскеуге үгіттеді, 
бірақ мен келіспедім. Олар өздері лак және 
аяқ киім желімін иіскеді. Олар аздаған желімді 
сығып шығарды да, соны иіскей бастады. 
Мен оларға ұқсағым келмеді» (29, әлеуметтік 
жағынан осал бала, 14 жас). 
«Бір күні мен Диззи қолданып көрдім. 
Достарым маған аздап берді. Қазір мен 
ештеңе қолданып көруге әуес емеспін. Бір 
күні бала кезімде мен шылым шегіп көргенмін, 
бірақ әкем көріп қалып, менің ернімді 
сіріңкемен күйдірді. Мен енді олай ешқашан 
істемеймін» (215, әлеуметтік жағынан осал 
бала, жынысы–әйел, 12 жас).
«Менің өгей әкемнің інісі мені есірткі қолданып 
көруіме үгіттеді. Мен 3 рет егу жасадым және 
анаша тарттым» (335, әлеуметтік жағынан 
осал бала, жынысы-ер, 15 жас).
Сауалнаманың мәліметтері кейбір әлеуметтік 
осал балалардың есірткіні 5-9 жас аралығында 
қолдана бастағанын көрсетті, ал қалғандары 
үлкенірек болған – 12 және 15 жас аралығы.
ЖЕЗөКШЕЛіК ЖӘНЕ 
ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАуШЫЛЫҚ 
Сауалнамаға жауап берушілерден сонымен 
бірге олардың жыныстық қызметтерді ақша 
үшін көрсетуі және ақша үшін жыныстық 
қатынасқа түсуге мәжбүр болуы немесе осын-
дай қызметтерді ақысыз көрсетуі жайын-
да сұраған. 6.3-кесте бүкіл зерттеу тобының 
39,1%-ы ақша үшін жыныстық қызметтер 
көрсеткенін көрсетеді. Жекелеп айтқанда, адам 
саудасының құрбандарының 68,0%-ы және секс-
жұмыскерлердің 100,0%-ы ақша үшін жыныстық 
қатынасқа түскен. Өте көп әлеуметтік жағынан 
осал балалар ақша үшін жыныстық қатынас 
жасағанын айтқан (3,1%). Ақша үшін жыныстық 
қатынас жасаған екі әлеуметтік жағынан осал 
баланың айтқаны:
«13 жасымда мен балалардың тобына 
қосылдым, ішімдік іштім, кейде тіпті ештеңе 
есіме түспейтін. Содан соң мен ішімдік және 
ақша үшін жыныстық қатынас жасай баста-
дым» (247, әлеуметтік жағынан осал бала, 
жынысы–әйел, 16 жас).
«Менің жасым 15-те болғанда олар [ұлдар] 
әртүрлі нәрселер әкеле бастады – ша-
рап, темекі, әтір және басқа ұсақ-түйек 
заттар. Олар осылайша бізге жыныстық 
қатынас үшін алғысын білдіретін...Олармен 
көңілді болды.. Олар бізді аялайтын» (113, 
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–
әйел, 15 жас).
Таң қаларлық, бірақ адам саудасының 
құрбандарының тек 35,9%-ы өздерін әлдекімнің 
еркектерге ақысыз жыныстық қызмет 
көрсетуге мәжбүр еткенін айтқан (6.3-кестені 
қараңыз). Осы жағдай кейбір қыздардың 
жыныстық қанаушылыққа ұшырағанына 
өздерін кінәлауына негізделген болуы мүмкін 
және олар жыныстық қызмет көрсеткені үшін 
аз ақша төлегені немесе ештеңе төлемегені ту-
ралы айтқан. Одан өзге, өздерінің борыштарын 
өтегеннен кейін адам саудасының көптеген 
құрбандары адам саудагерлері/қанаушылары 
үшін жыныстық қызмет көрсетуді жалғастыра 
берген, себебі олар жыныстық қанаушылық 
торына түскен (4-тарауды қараңыз, онда 
жыныстық сауда мен қанаушылық құрбанына 
айналу жолдарына, сонымен бірге адам 
саудагерлерінің өз құрбандарын бақылау үшін 
борыштық тәуелділікті, зорлық-зомбылықты 
және қорқытып-үркітуді қолдануына толығырақ 
талдау жасалған). 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау