Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет21/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
46
жасаймын деп айттым, ол мені сол үшін аяй-
ды. Менің бірақ уақыт шыдауым керек. Мен 
анама көмектесіп, оған дәрі-дәрмек алып 
беріп, жазылуын қалаймын,содан соң жақсы 
жұмыс тауып, барлығы дұрысталады деп 
ойлаймын... Ең басты себеп, мен өз қызымды 
барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ету, 
ақшаға тарылмас үшін және мен сияқты 
жапа шекпес үшін ақша жинауым қажет. Мен 
баланы бағушы әйелге ақша төлеуім қажет 
және де балаға жақсы қарау үшін оған жақсы 
төлеуім қажет» (123, секс-жұмыскер, жы-
ныс–әйел, 19 жаста).
Адам саудасы құрбандары мен секс-
жұмыскерлердің пікірлеріне қоса, әлеуметтік 
жағынан осал балалар да ата-анасының біріне 
және інісіне/сіңілісіне көмек көрсету үшін үйден 
кеткендерін айтты. Атап айтсақ, бір бала әкесіне 
және бауырларына көмек көрсетуге мүмкіндік 
беретін жұмыс іздеп табу мақсатында үйінен 
кетіп қалғанын айтты; үйдегі балалардың ең 
үлкені болғандықтан, ол мұны өз жауапкершілігі 
деп қабылдады. 
«Мен 14 жаста болғанымда үйден кетіп 
қалдым... Мен ақша табу үшін Шымкентке до-
старыма кеттім, себебі бізде тамаққа және 
киімге ақша жетпеді. Мен әкеме көмектескім 
келді; оған бізді, яғни үш баланы бірдей асырау 
қиынға соқты. Мен отбасында ең үлкені бол-
дым. Анамыз бізді тастап, өзі бөлек тұрады... 
Мен ештеңеге де үміттенген жоқпын, бар-
жоғы тек отбасым жақсырақ өмір сүрсін де-
ген ниетпен көп ақша тапқым келді... Біздің 
өзіміздің үйіміз жоқ, сол себепті мен үйден 
кетіп қалдым. Біздің тұратын үйіміз әкемнің 
ата-анасына тиесілі. Олар бізге басқа үй 
табыңдар деп айтты. Мен үй сатып алу 
үшін ақша тапқым келді (275, әлеуметтік 
жағынан осал бала, жынысы–ер, 14 жаста).
Сауалнама мәліметтері бойынша кейбір 
әлеуметтік жағынан осал балалар кедейліктің 
салдарынан тұрақсыздық жағдайы орнаған 
үйден қашып кеткен. Кейбір балалар жұмыс 
іздеп және тамаққа және киімге ақша табу үшін 
кетіп қалған, ал басқа балалар өз үйінен гөрі 
қаржылық жағынан тұрақтырақ көрінгендіктен 
достарының үйіне кеткен. Уақыт өте келе кейбір 
балалар өздерінің қанаушылық жағдайына тап 
болғанын түсінген. Мысалы, төменде берілген 
екі үзіндіде екі әлеуметтік жағынан осал бала 
кедейліктің өздерінің өміріне және үйден кету ту-
ралы шешім қабылдауларына қалай әсер еткені 
туралы айтқан. 
“Менің жасым 16-да. Мен мектептен жиі 
қалып жүрдім, себебі оқығым келмеді... Бізге 
көбіне ақша жетпейтін.… Мен анаммен бірге 
тұрдым. Өзіміздің тұрғын үйіміз болмады, 
сондықтан біз жиі көшіп, мектептерді ау-
ыстырып жүрдім. Сосын мен жиі мектеп-
тен қалатын болдым. Біз қай жерден пәтер 
тапсақ, сонда тұрдық. Мен қаладан ешқайда 
кеткен жоқпын. Бірақ жиі үйден кетіп 
қалатынмын, кейде үш күнге, кейде одан көп 
уақытқа. Бұл – менің өмірім. Мен бұл туралы 
айтқым келмейді... Мен жай ғана қыдырып 
жүргім келді.…Мен ештеңеге үміт артпай-
мын. Бұл – менің өмір салтым... Менің анама 
мен үйдемін бе, қыдырып жүрмін бе – бәрібір» 
(147, әлеуметтік жағынан осал бала, жыны-
сы–әйел, 16 жас). 
“Менің жасым 13-те болғанда мен үйден кетіп 
қалдым. Жарты жылдан аса уақыт бойы 
мен ата-анаммен тұрған жоқпын...Біздің 
жанұямыз үлкен, сондықтан ақша үнемі 
жетпейтін еді. Менің әкем бізді, балаларды 
осыған бізді кінәлайтын. Ол бізге «сендер 
тым көпсіңдер, сендер бәріне кінәлі» дейтін. 
Менің дос қызымның ата-анасы маған 
өздерімен бірге тұруды, олардың жұмысымда 
көмектесуді ұсынды. Мен келістім де, үйден 
кетіп қалдым... Мен енді кедей болмаймын 
деп ойладым, бірақ мен досымның ата-ана-
сы қалай тұратынын білмедім. Мен олар 
бай тұрады деп ойладым, бірақ олардың 
үйіне келгенімде, олардың бізден де нашар 
тұратынын көрдім. Бірақ олар жағдайларын 
жақсартуды жоспарлаған, мен оларға 
сендім….Содан соң оның ата-анасы біздің 
ақша табуымыз керек екенін, көшеге шығып, 
вокзалда және базарда қайыр сұрауымыз ке-
рек екенін айтты… Мен дос қызыммен бірге 
көше кезіп жүріп, адамдардан ақша сұрадық. 
Дос қызымның ата-анасы ақшаның барлығын 
алып қоятын. Олар маған ақшаны біз жұмсап 
қоймас үшін жинап қоятынын айтты. Біз үйге 
келгенде, олар біздің қалталарымызды және 
шұлықтарымызды қарап, ақша іздейтін, бізді 
ақша тығып қойды ма деп тексеретін…Мен 
олардың үйінде алты ай бойы тұрдым» (299, 
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–
әйел, 14 жас).
Әлеуметтік жағынан осал балалардың ішінде 
өздерін кедей тұрғандықтан мемлекеттік 
қамқорлық жүйесіне үйлерінен алып кеткенін 
айтқандары аз болған, алайда бірнеше 
әлеуметтік жағынан осал балалар өздерін ата-
анасының немесе жанұяның басқа мүшелерінің 
жергілікті балалар үйіне тапсырғанын айтқан, 
себебі ата-анасы оларды асырай алмаған 
және кедей болғандықтан оларға қамқор бола 
алмаған. Мысалы, бір әлеуметтік жағынан осал 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
47
бала кедейліктің салдарынан анасы оны ба-
спанамен қамтамасыз ете алмаған кезде өзінің 
анасымен бірге оның Кәмелетке толмағандарды 
бейімдеу орталығына барғаны жөн деп шешім 
қабылдағанын айтып берген.
«Менің жасым 16-да, бір ай бұрын мен осын-
да (КБО-на) келдім. Мен осында өзім келдім, 
себебі анам екеуміздің тұратын баспанамыз 
жоқ. Мен мектеп директорына барып, одан 
мені балалар үйіне немесе КБО-на жіберуін 
сұрадым. Осылайша, мен осы орталыққа 
келдім. Менің анам жұмыс істейді, бірақ оның 
еңбек ақысы өте аз. Біз бір бөлме жалдап 
тұрдық, бірақ пәтердің иесі бізді шығарып 
жіберді, себебі біз жалдау ақысын төлей 
алмадық…Мен осы жерге өзім келдім, себебі 
біздің тұратын жеріміз болмады. Анама 
бұл жайында мен айттым, ол келісті… Мен 
осында анам баспана тапқанша тұратын 
ойым бар…Менің анам қазір жұмыс істейтін 
жерінде тұрып жатыр, сондықтан менің 
тұратын жерім болмады… Мен мектеп ди-
ректорымен сөйлестім, сосын полиция 
қызметкерлері келді де, мені осы жерге алып 
келді…Мен кеткім келді, сондықтан оларға 
айттым. Мен оқитын мектептің директоры 
маған көмектесті. Ол полицияны шақырып, 
маған көмектесуін сұрады. Менің анам маған 
келіп тұрады, көргеніне қуанады. Біз бірге 
тұрғымыз келеді, бірақ ұзақ уақыт бойы бір-
бірімізді көрген жоқпыз» (214, әлеуметтік 
жағынан осал бала, жынысы–ер, 16 жас).
ИТЕрМЕЛЕуШі ФАКТОр: ОТБАСЫНДАҒЫ 
ЗОрЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАНЖАЛДАр 
3.10-кесте әлеуметтік жағынан осал балалардың, 
адам саудасының құрбандарының және секс-
жұмыскерлердің анағұрлым көп бөлігінің 
отбасындағы зорлық-зомбылықты және жан-
жалдарды, соның ішінде балаларға қатыгездік 
жасау және қараусыз қалдыруды өздерін үйден 
кетуге итермелеген фактор ретінде атағанын 
көрсетеді. Сауалнаманың мәліметтері бойынша 
көптеген балалардың/жастардың отбасында 
кедейлікпен бірге балаларға қатыгездік көрсету 
және қараусыз қалдыру, зорлық-зомбылық 
және жанжалдар болған. Осындай жағдайда 
үйден кету туралы шешім көбінесе отбасындағы 
зорлық-зомбылықсыз және жанжалдарсыз өмір 
сүру ниетіне, сонымен бірге кедейліктен құтылу 
ниетіне негізделген. Адам саудасының екі 
құрбаны былай деген:
«Мен мектепті 6-сыныптан кейін тастап 
кеттім, себебі біздің кітаптар мен мектеп 
киімін сатып алуға ақшамыз болмады. Менің 
ата-анам менің мектепке барған-бармағаным 
толғандырмайтын….Мен 14 жасымда үйден 
кетіп қалдым, өйткені менің ата-анам маған 
үнемі ұрсатын және үйде ақша болмады – 
біз өте кедей тұрдық. Біздің туыстарымыз 
(тәтелерім мен көкелерім) да маған тиісетін. 
Олар менің үйге оралуымды сұрады және 
менің істегенім дұрыс емес екенін және мені 
Құдай жазалайтынын айтты. Олар тағы да 
мені ақымақ деді. Мен бұған шыдай алмадым, 
сондықтан мен Ош қаласына кетіп қалдым. 
Онда мен өзімнің жақсы досымның [менің сы-
ныптасым, бұрын бірге оқығанбыз] ағасының 
үйінде тұрдым...Мен кететінімді анама және 
әпкеме айттым, бірақ олар мені әзілдеп тұр 
деп ойлады… Мен жұмыс істеп, ақша таба 
аламын және өзіме не қаласам, соны сатып 
ала аламын деп ойладым.…Мен ауырдым және 
мені басқа адамдар киетіндей киімдерді са-
тып ала алмағаным және мектепте тамақ 
сатып ала алмағаным жалықтырды…
Мен басқалардағыдай әдемі кітаптар мен 
сөмкелер алғым келді» (425, адам саудасының 
құрбаны, жынысы-ер,17 жас). 
Адам саудасының тағы бір құрбаны адам 
саудагерінің тіпті оны үйінен кетіп, Алматыға 
баруға үгіттеу үшін көп еңбек ақысын және 
отбасындағы зорлық-зомбылықсыз өмір сүруді 
уәде еткенін айтқан.
«Мен тұрып жатқан қалашықта жұмыс бол-
мады. Менің әкем жұмысынан шығып қалды, 
ал ата-анам жиі ұрысатын. Менің кіші сіңлім 
бар, ол кейде ата-анам ұрысқанда немесе 
мен үйден ұзақ уақытқа кеткенде жылайды. 
Менің дос қызым осында Алматыда тұрады 
және жұмыс істейді. Ол маған осында жұмыс 
істеуді ұсынды, менің көп ақша таба алаты-
нымды және ешкім мені ұрмайтынын айтты» 
(419, секс-жұмыскер, жынысы–әйел, 17 жас).
Бірнеше секс-жұмыскерлер де кедейлікпен бірге 
отбасындағы жанжалдардың және зорлық-
зомбылықтың орын алғанын, олардың ақырында 
өздерінің ерте жасында үйден кетуіне әкелгенін 
айтқан. Секс-жұмыскерлердің бірі былай деген:
«Менің тек әжем ғана бар…Мен үйден кетіп 
қалдым, себебі менің әжем менің мазамды 
алды және үйде салқын болды, үй ескі бо-
латын, сондықтан ақшаның барлығын 
жөндеуге жұмсайтынбыз. Мен «Золушка» 
сияқты болдым, ал адамдар маған күлетін. 
Сосын мен ғашық болдым, ол менен үлкен еді. 
Ол сауық кештерін жасайтын, сондықтан 
мен жиі қонып қалатынмын. Ол – оңбаған… 
Ол маған барлығын уәде етті, мен оған 
сендім, өмір сүре бастаймын деп ойладым. 
Бұл мен суға секіргендей болды, бір жақсысы 


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау