Royal norwegian embassy балаларДЫң ТӘуекелді Мінез-қҰЛЫҚҚА, жыныстық ҚанаушылықҚа және адам саудасына осалдығын бағалау



жүктеу 2,04 Mb.
Pdf просмотр
бет29/89
Дата30.12.2019
өлшемі2,04 Mb.
#25503
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   89

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
60
Мен анам менің жүкті екенімді біліп, баланы 
қабылдамай қояды деп қорықтым» (238, секс 
жұмыскері, жынысы–әйел, 20 жас)
ҚЫЗЫҚТЫруШЫ ФАКТОр: ДОСТАрЫНЫң 
үйДЕН КЕТуГЕ үГіТТЕуі 
3.11-кестеде әлеуметтік жағынан осал 
балалардың 13%, адам саудасының 
құрбандарының 37% және секс-жұмыскерлердің 
15% оларды үйден кетуге үгіттеген достарының 
болғаны көрсетілген. Сауалнама мәліметтері 
әсіресе адам саудасының құрбандарын өз доста-
ры алдағанын көрсетті. Көптеген жағдайларда 
олардың достары іс жүзінде жас қыздарды 
жыныстық қанаушылық мақсатымен жұмысқа 
тартумен және адам саудасымен айналысқан. 
Көбінесе қыздарды достары жанұясына 
көмектесу үшін ақша табуға мүмкіндік беретін 
жақсы жұмысқа тұратынына уәде беріп, басқа 
қалаға баруға үгіттеген. Төменде берілген 
үзінділерде адам саудасының үш құрбаны 
өздерін достары қалай алдағанын айтып берген. 
«Менің дос қызым мені Шымкент қаласына 
шақырды. Дәмханада даяшы болып жұмыс 
істеуді ұсынды. Мен онымен екі жыл бұрын 
танысқанмын. Біз Ташкентте бір аулада 
тұратынбыз. Ол бұл көп ақша табу үшін 
жақсы мүмкіндік деді... Менің анам әуелі 
маған барма деді, бірақ мен аз уақытқа, 
тек үш айға баратынымды айттым… Мен 
ақша табуға және қиындықтарды жеңуге 
жанұяма көмектесуге үміттендім» (307, адам 
саудасының құрбаны, жынысы–әйел, 21 жас)
«Мен үйден 17 жасымда кеттім... Біздің 
жанұямыз үлкен. Менің жақын дос қызым 
Алматыға ақша табуға кетті... Ол Алматыға 
барған соң ата-анасына ақша сала бастады. 
Ол өзінің фирмаға әуелі сыпырушы болып, сосын 
менеджер болып (ха-ха-ха) жұмысқа тұрғанын 
айтты. Сондықтан мен әкеме көмектесу үшін 
баруға бел байладым. Мен жақсы өмір іздегім 
келді – көп ақша мен ақ Мерседес мінген ханза-
да. Дос қызым маған тұрғын үй мен тамақ тегін 
деді. Ол сонда бастық екенін айтты, маған 
көп жалақы беруге уәде берді, сондықтан мен 
кеттім…. Мен өзімнің кету ниетімді жанұяммен 
талқыладым. Әуелі олар менің кетуіме қарсы 
болды, себебі қала үйден алыс орналасқан, 
бірақ содан соң менің дос қызымды және оның 
жанұясын білетіндіктен, олар келісті. Менің дос 
қызым маған үйге әрбір үш ай сайын бір аптаға 
бара алатынымды айтты. Мен Қазақстанда 
әдемі өмір сүруге, ата-анама көмектесуге және 
інім мен сіңліме олар бәрінен жақсы болсын деп 
мектепке киетін киім сатып алуға үміттендім. 
соны істегім келді. Мен күтпеген оқиғалар 
болғанын ұнатамын. Мен үнемі ойлаймын, 
ал менің жұмысым маған адреналин береді. 
Маған бұл ұнайды. Әрине, мен көп ақша 
тапқым келеді!... Банктегі есепшотымда 
үлкен капиталым бар» (199, секс жұмыскері, 
жынысы–әйел, 20 жас)
Көптеген жағдайларда осы балалардың/
жастардың өмірі кедейлікпен, отбасындағы 
зорлық-зомбылықпен және жанжалдармен, 
қатыгездік көрсетумен, қараусыз қалдырумен, 
ата-анасының алкогольді және есірткі заттарын 
қолдануымен, ата-анасының/қамқоршысының 
ажырасуымен және/немесе дүние салуымен 
қиындаған. Осылайша, көптеген жағдайларда 
тәуелсіз өмір сүру ниеті міндетті түрде 
өзімшілдіктен болмаған, көбінесе олардың ата-
аналарының және жанұясының бастарына түскен 
қиындықтарынсыз өмір сүргісі келгенінен болған.
«Мен үйден 17 жасымда кеттім. Мен жұмыс 
істеп ақша тапқым келді, ал менің дос қызым 
маған мейрамханада даяшы болып жұмыс 
істеуді ұсынды. Біздің қалада бұл ұят сана-
лады, сондықтан мен Қарағандыға кеттім... 
Мен өз шешімімді тәтеммен талқыладым....
Мен оған шындықты айттым, өзімнің 
ақша тапқым келетінін, ал жоғары білімсіз 
тек даяшы немесе сатушы болып жұмыс 
істей алатынымды және мені біреу көрсе, 
айыптайтындығын айттым. Ол мені түсінді 
және қолдады... Мен тек тәуелсіз болғым 
келді, туыстарымның есебінен тұрғым 
келмеді. Олардың өз балалары бар... Мен өз 
жолымды тапқым келді, өзімнің кім екенімді 
және не үшін өмір сүріп жатқанымды түсінгім 
келді» (393, адам саудасының құрбаны, жы-
нысы–әйел, 18 жас)
Кейде тәуелсіз өмір сүру ниеті олардың ата-ана-
ларына ерте жастағы және некеден тыс жүктілік 
сияқты өз қиындықтарымен күш түсірмеу 
мақсатына негізделген. Бір секс жұмыскері бы-
лай деген: 
«Мен 18 жасымда үйден кеттім... Мен жүкті 
едім, сондықтан анамды ренжіткім келмеді, 
баланың тууы оған қосымша жүк болар еді. 
Мен оның менің жүкті екенімді білген соң, 
бұған қалай қарайтынын білмедім. Мен 
оған айтуға қорықтым. Ол ренжиді деп ой-
ладым, себебі оның өзінің екі баласы бар 
және біздің қаржылық жағдайымыз ауыр 
еді...Мен үйден кетіп, өз мәселелерімді өз 
бетіммен шешуге бел байладым...Мен балам-
ды туып, тәрбиелегім келді, мен өз бетіммен 
басқалардың айыптауынсыз өмір сүргім 
келді. Жұмыс істеп, баланы асырағым келді... 


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
61
Мен бай жігітті кездестіріп, күйеуге шығам 
деп ойладым. Мен қаладағы адамдар маған 
қызығып қарағанын, ата-анамның мені мақтан 
тұтқанын қаладым» (423, адам саудасының 
құрбаны, жынысы–әйел, 19 жас)
Сонымен бірге ер жынысты адам саудасының 
бір құрбаны өзін көршісінің Өзбекстаннан кетіп 
жұмыс істеу үшін Шымкентке баруға үгіттегенін 
айтып берген. Алайда ол Қазақстанға келгенде 
еңбекпен қанаушылыққа тап болған. 
«Менің ата-анам Өзбекстанда, Самарқандтың 
қасындағы ауылда туған... Жаз шыққанда, 
біздің көршілеріміз жұмыс істеп ақша табуға 
Шымкентке бармақ болды... Олар бірнеше 
күнге баратын болды және менің әкеме мені 
қаланы көрсін деп өздерімен бірге алып кетуді 
ұсынды. Әуелі әкем маған баруға рұқсат 
етпеді, бірақ мен оны келісуге көндірдім.... 
Ол біздің көршіміз еді, ол Шымкентте бұрын 
болған, маған қаланың қандай әдемі екенін ай-
тып беретін. Ол маған қаланы көріп, демалып 
қайтасың деді.. Ата-анам менің заттарым-
ды сөмкеме салып берді, менің туу туралы 
куәлігімді көршімізге берді, онымен бірге ше-
карадан өту үшін, сосын маған «сақ бол» деді. 
Мен демалуға және қаланы көруге үміттендім... 
Басқа елде адамдар қалай тұрып жатқанын 
көргім келгендіктен, мен Шымкентке бар-
дым. Онда ойын-сауық орындары көп деп 
естігенмін» (298, адам саудасының құрбаны, 
жынысы-ер, 16 жас) 
ҚЫЗЫҚТЫруШЫ ФАКТОр: ШАҒЫН 
ҚАЛАДАН КЕТу ОҚИҒАЛАрЫ 
3.11-кестеде адам саудасының құрбандарының 
46% және секс-жұмыскерлердің 42% басқа 
адамдардың басқа елге немесе қалаға барып 
жұмыс істеп ақша тапқаны және өздерінің 
жанұяларын салып тұрғаны олар үшін өздерін 
үйден кетуге әкелген маңызды қызықтырушы 
фактор ретінде сипаттаған. Бір секс-жұмыскер 
былай деген:
«Мен үйден 16 жасымда кеттім. Біз ауылда 
тұрдық және жанұяымыздың табысы орта-
ша болды. Ауылдың тұрғындардың, еркектер 
де, әйелдер де Қазақстанға жұмыс істеп ақша 
табуға баратын еді. Мен тіпті білімсіз адам-
дар үшін Қазақстанда жалақысы жоғары 
жұмыс көп ойладым. Даяшы немесе жақсы 
мейрамханада әкімші болып жұмыс істеуге бо-
лады... Мен ата-анама көмектескім келді және 
өзімнің ешкімнен кем емес екенімді дәлелдегім 
келді. Көптеген басқа қыздар сияқты мен де 
өзімнің сүйіктімді, армандаған бай жігітті 
кездестіргім келді...Мен жалақысы көп жұмыс 
табуға, жанұяма көмектесуге және қамсыз 
өмір сүруге үміттендім. Мен әдемі киімдер 
кигім келді, бай жігіт тауып, менің де табысқа 
қол жеткізе алатынымды барлық адамдарға 
дәлелдегім келді» (407, секc-жұмыскер, жыны-
сы–әйел, 18 жас)
ҚЫЗЫҚТЫруШЫ ФАКТОр: ЖАНҰЯСЫ 
МүШЕСіНің КөШуі
Адам саудасының құрбандары мен секс-
жұмыскерлердің көп бөлігі жанұясының жақын 
мүшесінің басқа елге немесе Қазақстанның 
басқа облысына барып жұмыс істеп ақша табуға 
кеткені олар үшін өздерін үйден кетуге әкелген 
қызықтырушы факторлардың бірі ретінде 
сипаттаған. Бір секс-жұмыскер былай деген:
«Мен бала кезімнен анаммен және екі ағаммен 
бірге тұрдым. Әкем 1994 жылы Ауғанстандағы 
соғыста қайтыс болған. Менің ағаларым 
жұмыс істеп ақша табуға кетіп қалды, біреуі 
Ресейге, ал екіншісі Астанаға кетті. Олар 
ақша салып тұрды, бірақ біз тек тамақ ала-
тынбыз, киім алуға жетпейтін. Менің жұмыс 
істеуім керек болды. Менің дос қызым ин-
тернет арқылы маған көп ақша таба ала-
тынымды және қыдыратынымды айтты. 
Жұмыс Тоқмақтағы қонақ үйлердің бірінде 
болды. Бұдан мен қорыққан жоқпын, себебі 
маған ақша керек болды. Мен ақша төлейтін 
нәрсенің бәрін істеуге дайын болдым. Мен 
анам менің немен айналысатынымды 
білмесін деп Алматыға кетіп қалдым... Анама 
бізге ақша керек екенін айттым. Бұл оған 
әсер етті, ол мені жіберді... Менің мақсатым 
көп ақша тауып, анама көмектесу және жаңа 
киім мен ұялы телефон сатып алу болды, 
менің ұялы телефоным болған емес. (365, 
секс-жұмыскер, жынысы–әйел, 18 жас) 
ҚОрЫТЫНДЫ  
Осы тарауда берілген көптеген жауаптар әрбір 
баланың/жас адамның ерекше және қайғылы 
оқиғаны бастан кешіргенін көрсетеді. Көптеген 
балаларға жанұяларындағы мәселелер туралы 
айту қиын болғанын немесе олар айта алмағанын 
ескеру керек. Олардың өмірлері олардың 
сипаттағанынан да күрделі және қайғылы болуы 
әбден мүмкін. Осы тарауда көптеген ортақ үлгілер 
анықталғанмен, балалардың/жасөспірімдердің 
өмірлерінің көптеген бөліктері осы тарауда 
берілмегенін және келесі тарауларда, соның ішінде 
балалардың/жасөспірімдердің адам саудасының 
және қанаушылықтың құрбанына айналу жолда-
ры жөніндегі тарауда берілетінін атап өткен жөн.


жүктеу 2,04 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау