ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
50
қойды» (443, әлеуметтік жағынан осал бала,
жынысы–ер, 15 жас).
«Мен ата-анама егер олар іше беретін болса,
үйден қашып кетемін деп айттым. Олар мені
тауып алып, сабайтынын айтты. Ата-анам
іше бастағанда мен қашып кеттім. Сосын
олар мені іздей бастаған, бірақ сол кезде олар
мастығынан айыққан еді... Кейде үйде жейтін
тамақ болмайтын… Мен жиі үйден қашып
кетіп жүрдім, себебі ата-анам ішті, сонымен
бірге олар мені жақсы көрмейтін. Олар көп
ішкен кезде мен жайында ұмытатын. Менің
қарным ашатын. Мен ұйықтап жатқанда,
олар ұрысып, төбелеседі, сосын мені оятып,
ұрады. Осындай жағдай болғанда мен әдетте
үйден кетіп қаламын, базарларда кезіп
жүремін, қайыр сұраймын. Осылайша ақша
табатынмын, кейде тамақ пен киім алуға
жетеді. Тамаққа жетпегенде мен ұрлық жаса-
дым… Кейде сатып алушылардың сөмкелерін,
шамадандарын тасыдым, ал олар маған
100-200 теңге төлейтін» (455, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–ер, 9 жас).
«Мен 9 жасымда үйден кетіп қалдым...
Менің тәтем мені үйден қуып жіберді,
себебі менің анам ішетін және ұрысатын...
Менің әжем қайтыс болды және әкем басқа
әйелге үйленіп үйден кетіп қалды... Менің
анамның үнемі басы ауыратын... Оған бүкіл
қиындықтарды жалғыз жеңу ауыр бол-
ды… Анам маған ұрысатын, себебі мен оны
тыңдамайтынмын, кейде ол мені ұратын…
Анам ішкен кезде мен ылғи да кетіп қалғым
келетін…Мен үйден қашып, үйдің артына
тығылып қалатынмын… Бір күні анам ішті,
ал мен үйге кеш келдім, анам мені ұрды» (464,
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–ер,
9 жас).
«Мен 15 жасымда үйден кетіп қалдым. Ата-
анам іше бастады, үйге еркектер келіп ата-
анаммен бірге ішетін. Менің ата-анам да мені
ұратын» (467, адам саудасының құрбаны,
жынысы–әйел, 25 жас).
«Мен анаммен, әжеммен, әпкеммен және екі
көкеммен тұрдым...Менің анам, әжем және
көкелерім көп ішетін, балағат сөз айтатын.
Көкелерім төбелесіп, кейде мені де ұратын...
Менің анам ішетін және бізді тастап кетті.
Ол ылғи да ішеді... Біз анамды бір айдан аса
уақыт бойы көрген жоқпыз. Ол бізді тастап
кетті, бір жерлерде ішіп жүр. Үйде жарық
болған жоқ және жейтін тамақ болмады»
(122, әлеуметтік жағынан осал бала, жыны-
сы–ер, 9 жас).
«9 жасымда мен үйден кетіп қалдым... Мен
үйден кетіп қалдым, себебі әкем көп ішетін,
кейде мені ұратын…Мен әкемсіз жақсы өмір
сүргім келді, бірақ анам онымен ажырасқысы
келмеді, сондықтан мен оларды ажыра-
ту үшін және әкем мені ұратындықтан
үйден кетіп қалғым келді» (276, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–ер, 15 жас).
«Менің анам, өгей әкем және інім бар. Анам мен
өгей әкем арақ ішеді. Үйде көбінесе жейтін
тамақ жоқ. Мен үйден қашқан жоқпын, мен
тек үйге ұйықтауға келетінмін, ал күндіз
мен достарыммен бірге көше кезіп, тамақ са-
тып алу үшін қайыр сұрап жүретінмен... Мен
жиі тамақ жеп, әдемі киім кигім келетін...Иә,
менің өзім сияқты досым бар, екеуміз бірге
көше кезіп, қайыр сұраймыз. Оның мектепке
барғысы келмейді. Мен адамдар ақша берсе,
сол ақшаға анам мен өгей әкеме тамақ, арақ
аламын деп ойладым. Мен арақ алмаған кез-
де өгей әкем маған қатты ұрысатын... Мен
үйге ақша әкеліп жүрсем, олар мені ұрмайды
деп ойладым. Мен жақсы тамақ жеп, жақсы
киім киер едім... Мен өгей әкеммен үйде қалуға
қорқатынмын, себебі ол мені аяусыз ұратын»
(294, әлеуметтік жағынан осал бала, жыны-
сы–әйел, 23 жас).
«Менің жасым 5-те болғанда менің әкем анам-
ды тастап кеткен, сондықтан біз әжеме
жақын жерге көшіп келдік.. Кейде әкем бізге
келетін, ол бізге қайта оралғысы келді, бірақ
сосын қайтадан кетіп қалды. Әкем есірткі
қолданатын, ол нашақор еді. Оның есірткі
қолданатын көптеген достары болды...
Олар [менің әкем мен оның досы] бір-бірімен
тіпті төбелесетін. Менің әкем мен туғанда
есірткі қолдана бастаған, ол есірткіні көп
рет қолданды. Сосын әкем бізді біржола
тастап кетті, ал анам ішімдік ішіп, өзінің
денсаулығын бұзды. Ол жиі мені үйге қамап
қоятын, бірақ мен қашып кететінмін. Мен
өзімнің дос қызымның үйіне қонатынмын,
ал күндіз көкөністер саттым. Мен бір
әйелге көмектесіп жүрдім, онымен мен ба-
зарда танысқанмын. Таңертең мен үйге
келіп, киініп, кітаптарымды алып, мектеп-
ке кететінмін. Мен үнемі мектепке барып
жүрдім, ешқашан сабақтан қалған емеспін.
Менің анам мені іздеп, тауып, үйге қуып
тығатын, ешқайда жібермейтін...Мен жиі
қашып кететінмін, себебі маған үйде тұрған
ұнамайтын. Менің анам үнемі ішетін, күнде
дерлік. Ол менің әжеме айқайлайтын. Әжем
жұмыс істейтін, ал анам жұмыс істемейтін.
Мен бала кезімнен анам мен әкемнің және
әжем мен анамның арасындағы көптеген
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТӘУЕКЕЛДІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚҚА, ЖЫНЫСТЫҚ ҚАНАУШЫЛЫҚҚА ЖӘНЕ АДАМ САУДАСЫНА ОСАЛДЫҒЫН БАҒАЛАУ
51
жанжалдардың куәсі болдым. Кейде мен тіпті
олардың ұрысқанын түсімде көретінмін»
(405, әлеуметтік жағынан осал бала, жыны-
сы–әйел, 13 жас).
«Мен жай ғана үйден бір-екі аптаға қашып
кететінмін... Олар [менің ата-анам] менің
үйде жоқ екенімді байқамайтын, өйткені олар
көп ішетін. Жұмыс істеп тапқан ақшасының
барлығын олар ішімдікке жұмсайтын. Мен
ақшаны олардан алып кетпесем, олар оны
ішімдікке жұмсап қоятын еді. Кейде мен
ауылға әжеме барамын, ол жақсы, бірақ мені
мектепке баруға мәжбүр етеді. Менің досым
мені өзімен бірге тұруға шақырады. Оның
әкесі мүгедек, сондықтан олардың тамаққа
ақшасы жетпейді...Мен ештеңеден үміт
күтпеймін, мен жай ғана бір күні мен оянғанда
ата-анамды мас емес күйінде, ал үйімізді таза
күйінде көруді армандаймын. Жасым 18-ге
толғанда, мен олардан кетіп қаламын» (143,
әлеуметтік жағынан осал бала, жынысы–ер,
16 жас).
«Мен 16 жасымда үйден кетіп қалдым... Менің
әкем көп ішетін, және ол мені ұратын. Мені
ұрыс-керіс пен мазақ жалықтырды. Мен
үйден қашып кетуге және достарымның
үйінде қонуға мәжбүр болдым. Мен осыдан
шаршадым. Маған тыныштық, түсінушілік
пен мейірімділік керек. Мен үйде бұдан артық
тұра алмадым. Үйден кетуге бел байла-
дым... Менің анам бұған қарсы болды. Ол
менің үйде тұрып, оқығанымды қалады. Мен
әкемнің өзімді балағаттауынан шаршадым.
Мен жұмысқа тұрып, оқып, анама ақшамен
көмектескім келді» (239, секс-жұмыскер, жы-
нысы–әйел, 19 жас).
Сауалнамаға жауап берген кейбір балалар/
жасөспірімдер жанұясының мүшесінің немесе
жанұясының досы олардың өміріне араласып,
оларды есірткіге және/немесе алкогольге тәуелді
ата-анасының көрсеткен қатыгездігінен және
қараусыздығынан құтқаруға әрекет жасағанын
айтып берген. Үш әлеуметтік жағынан осал бала
мен екі адам саудасының құрбаны былай деген:
«Менің анам мен әкем ажырасып кетті,
мен үйден кетіп қалдым, себебі олар ішімдік
ішетін. Мен әкеммен подвалдан подвалға
кезіп жүргім келмеді. Бұны мектепте білді,
менің дос қызымның анасы мені үйіне алып
кетуге бел байлады. Ол балалар үйінде
жақсырақ болады деді... Менің өгей анам мен
әкем мені балалар үйіне тапсырғысы келді.
Әкем үнемі ішетін, ал мен көшеде қаламын
деп қорықты» (465, әлеуметтік жағынан
осал бала, жынысы–әйел, 15 жас).
«Мен ешқайда кеткен жоқпын, бірақ жиі
үйден қашып, достарымның немесе атам мен
әжемнің үйіне баратынмын...Біздің жанұямыз
бұрын жақсы еді, бірақ сосын анам іше баста-
ды. Ол достарымен жұмысында және үйде көп
ішетін, сосын әкем де іше бастады. Олар бірге
көп ішетін болды. Мен үйден қашып, атам
мен әжемнің үйіне баратын болдым. Сосын
атам мен әжем әкемнің ішуін қойғызып, оны
өздерінің үйіне алып кетті, бірақ анамның
ішуін қойғыза алмады. Анам жалғыз өзі тұрды,
сосын маскүнемдіктен қайтыс болды. Әкем
ем алып жүрді, қазір ол ішпейді. Мен үйден
қашып кетуді қойдым. Әкемнің қазір дос әйелі
бар, ол ішпейді... Мен әжем мен атама сендім,
және анам ішуін қояды деп үміттендім, бірақ
ол қайтыс болды...Мен үйден кеткен жоқпын,
бірақ мені мас әке-шешем жалықтырғанда
жиі атам мен әжемнің үйіне кетіп қалып
жүрдім» (112, әлеуметтік жағынан осал бала,
жынысы–ер , 12 жас).
«Менің анам, әжем және көкелерім көп
ішетін және балағат сөздер айтатын...
Анам мені алып кетті де, мені және менің
қарындасымды өзінің дос әйелінің үйіне
алып келді. Біз анамның дос әйелінің
үйінде жаз бойы тұрдық... Мен оған үйді
тазалауға көмектесетінмін және ыды-
старды жуатынмын. Анамның дос әйелі
маған тамақ беретін, ал оның балалары
маған сабақ оқуға көмектесетін. Анамның
дос әйелінің үйінде төрт бала болды. Олар
кейде мен тыңдамасам, маған ұрысатын...
Мен сабақтан қалмайтынмын және жақсы
оқыдым. Мен үйден кеткен жоқпын. Біз
анам бізді апарған жерде тұрдық... Полиция
анамның дос әйелінің үйіне келіп, мені және
менің қарындасымды алып кетті. Сосын бізді
осында [КБО] алып келді» (122, әлеуметтік
жағынан осал бала, жынысы–ер , 9 жас).
«Жанұям менің есімде жоқ, стресстен болуы
керек. Біздің жанұямыз маскүнемдер жанұясы
болды, ата-анам ішетін, үйде жиі ұрыс-керіс
болатын, кейде тіпті бізді ұратын. Әжем
бізді қорғайтын, бірақ ол қайтыс болғанда
өмір сүру мүмкін болмады, біз үнемі аш
жүретін болдық. Кейде тіпті біздің мектепке
киетін киіміміз болмады. Біздің көршілеріміз
полицияға шағым жазды, сосын менің ата-
анамды ата-аналық құқықтарынан айыр-
ды. Бізді балалар үйіне жіберді, біз жұмаққа
келгендей болдық» (367, адам саудасының
құрбаны, жынысы–әйел, 18 жас).
Басқа балалар/жасөспірімдер бұндай риза
болмаған, олардың алкогольге тәуелді
Достарыңызбен бөлісу: |