155
«РОЛЬ ТРАНСПОРТНОЙ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ В РЕАЛИЗАЦИИ ПЯТИ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ
РЕФОРМ», ПОСВЯЩЕННОЙ ПЛАНУ НАЦИИ «100 КОНКРЕТНЫХ ШАГОВ»
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сталин күніне 400 бет кітап оқыған жəне оны минималды норма деп
есептеген көрінеді;
Атақты француз жазушысы Оноре де Бальзак жарты сағаттың ішінде екі
жүз беттік романды оқып шығатын болған екен;
Наполеон кітапты минутына 2000 сөз жылдамдығымен оқиды екен;
Жазушы, кітаптанушы Н.А. Рубакин өмірінде 250 мың кітап оқып шыққан
көрінеді.
Ал, бүгінгі жастар арасында кітап оқу қаншалықты дəрежеде? Көркем əдеби
шығарманың қандай жанрлары сұранысқа ие деген сауалдар төңірегінде сауалнама
жүргіздік. Сауалнамаға əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Абай атындағы
Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қ. Сатбаев атындағы Қазақ ұлттық
техникалық университеті мен М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік коммуникациялар
академиясының 1-курстың 45 студенті тартылды.
«Кітапты қандай мақсатпен оқисыз?» деген сауалға студенттер ой өрісін кеңейту
үшін - 48%, сабаққа дайындалу үшін - 52% оқиды. Сауалнамадан өткендердің басым
көпшілігі фильм көруді -56%, басқа жұмыстармен шұғылдануды - 26%, кітап оқуды - 18%
ұнататындары анықталды.
«Жылдам оқу техникасын меңгердіңіз бе?» деген сұраққа көпшілігі - жауап берді,
ал оқу кезінде ұтымды əдістер мен түрлерін пайдаланасыз ба деген сұраққа көпшілігі жоқ
деп жауап берді – 48%. Студенттердің кітапханаға бару, анықтамалық-іздестіру
аппаратымен
жұмыс
жасай
білу
жəне
қажетті
ақпартты
тауып,
құжаттың
библиографиялық сипаттамасын жасау туралы сұраққа респонденттердің басым көпшілігі
ойдағыдай жауап берді.
Біздің студенттер мерзімдік басылымдарды оқи ма? Қазіргі жастардың мерзімдік
баспасөз шығарылымдарынан нені оқитыны анықталды: газет оқитындары - 73 %,
журнал оқитындары - 35%, мүлдем ештеңе оқымайтындары -7 %. Газеттер ішінде
республикалық басылымдар: «Казахстанская правда», «Экспресс К», «Караван»,
жергілікті басылымдар: «Городская неделя», «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа самалы»,
«Павлодарская неделя». Журналдар, көбіне жастарға арналған қоғамдық-саяси: «GooL»,
«Лиза», «Отдохни», «OOPS», «Glamour», «Молоток», спорт туралы жəне т.б.
№1-кесте. «Кітапты жиі оқисыз ба?»
Кітап оқу жиілігі
Аптасына 1 рет
7 %
Аптасына 2-3рет
8 %
Айына 1 рет
9 %
Айына 1-4 рет
11 %
Кітап оқымаймын
65 %
№2-кесте. «Қандай көркем əдебиетті оқығанды ұнатасыз?»
Əдебиет жанрлары
100 %
Махаббат туралы шығармалар
10 %
Тарихи шығармалар
38 %
Детективтер
15 %
156
«РОЛЬ ТРАНСПОРТНОЙ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ В РЕАЛИЗАЦИИ ПЯТИ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ
РЕФОРМ», ПОСВЯЩЕННОЙ ПЛАНУ НАЦИИ «100 КОНКРЕТНЫХ ШАГОВ»
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Поэзия
10 %
Өмірдеректер
27 %
№3-кесте. «Қандай кітап түрін оқу қолайлы?»
Кітап түрі
100%
Қалыпты, баспадан шыққан
45 %
Интернеттен алынған электрондық кітап
30 %
Аудио-кітап
25 %
Сауалнамаға қатысқан студенттердің көбі кітап оқуға уақыттарының
жетіспеушілігімен қатар, оқу кітапханаларындағы көркем əдеби шығармалардың аз
екендігімен байланыстырады. Ал, аудио кітаптар мен инернет кітапханаларды жүктеу,
керегіңді табудың өз қиыншыылықтары барын білдірді. Тіпті отандық ақын
жазушылардың шығармаларына қызығушылықтары жоқтың қасы екенін байқадық. Яғни
қазақ əдебиетінде заман сұранысына ие болып отырған автор мен шығарманың аздығы да
күрделі мəселенің бір ұшы деп түйіндедік. Қашанғы классикалық шығармаларды оқи
береміз, ол кездегі көп мəселе бүгінгі таңда өз актуалдылығын жойған, бізге қызық емес
деген пікірлерді жиі естідік. Мүмкін рас та болар. Дегенмен бар білімнің патшасын тек
кітаптан ғана алатынымызды ұмытпайық дегім келеді, достар! Кітап – бұл өткен
тарихымыз, бүгінгі тəрбиеміз бен тəліміміз, шешендігіміз бен шеберлігіміздің, ақылымыз
бен біліміміздің өлшемі.
Мəдениетті адам болуы үшін бірнеше тілді игеру əрі рухани байлық кітапты
дəстүрлі оқи алатындай болуы керек.
Елбасы ғана емес, бүкіл аға ұрпақ жастарға үлкен үміт артып, ел болашағы -
жастар деп отырғанда екі сөздің басын қосып, өз ойын жеткізе алмай тұрған жас маманға
ұжымды, елді басқару қиынға соғары сөзсіз деп ойлаймын. Бүгінгі студент - ертеңгі
маман. Ал, маман иесі жан-жақты болуы керек, Яғни білім мен тəрбие жүрекке қатар
құйылған да ғана біліміне рухани жан-дүниесі бай, ел үмітін ақтайтын азаматтың келері
даусыз. Ал білім де тəрбие де кітапта екеніне ешкім дау айта алмайды. Қазір көп жоғары
оқу орындарында «ақпараттық мəдениеттілік негізі» атты пəн енгізіліп, жастарды оқу
мəдениеттілігіне, ақпараттық мəдениеттілікке тəрбиелеуге көңіл бөлініп отыр.
Қоғамымыздың рухани əлемін жұтаңдатып бара жатқан осы мəселеге шындап көңіл
бөлуіміз керек.
«Жастарымыз салт-дəстүрімізді көзіміздің қарашығындай бағып жүретін, көптің
көкейіне үміт отын жағып жүретін болуы тиіс» деп Н.Назарбаев бүгінгі жастарды білім
мен ғылымның көкжиегінен, биік асулардан көргісі келетінін айтты.
Қорытындылай келе айтарым, теледидардағы əртүрлі фильмдер, компьютер
ойындары, ұялы телефондағы «агенттке» ұзақ отыру жас жеткіншектеріміздің ой-өрісін
тарылтып, кітап оқуға деген құлшынысын кемітетіні белгілі. Қазіргі жастардың тіл
байлығы, сөз құрастырып сөйлеу мəдениеті төмен. Ол үшін жастарға кітап оқуға жан-
жақты ықпал ету керек деп ойлаймын. Бұл жолда ұстаздар еңбегі зор, өйткені
студенттерге кітаппен, ақпаратпен жұмыс жасауға көмектесіп, оқу мəдениетіне
тəрбиелейді.
157
«РОЛЬ ТРАНСПОРТНОЙ НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ В РЕАЛИЗАЦИИ ПЯТИ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ
РЕФОРМ», ПОСВЯЩЕННОЙ ПЛАНУ НАЦИИ «100 КОНКРЕТНЫХ ШАГОВ»
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ƏДЕБИЕТ
1. Добрынина, Н. Е. По ступеням культуры чтения/ Н. Е. Добрынина// Библиотековедение. -
2000. - №3
2. Библиотечная энциклопедия/ Рос. Гос. б-ка.-Изд-во РГБ «Пашков дом», 2007.-1300 с.: ил.
3. Примаковский, А. П. О культуре чтения: методы самостоятельной работы с книгой в свете
научной организации умственного труда/ А. П. Примаковский. - М.: Книга, 1969
Достарыңызбен бөлісу: