Тұрғысын селолық округінің әкімі Алғабек Қанжарбайұлы Әбішевтің ауылдың 2013 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы
және 2014 жылға қойылған міндеттер туралы
есеп беру баяндамасы
ҚҰРМЕТТІ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУІНЕ ҚАТЫСУШЫЛАР!
ҚҰРМЕТТІ АУЫЛДЫҚТАР!
Өткен 2013 жылдың қорытындысын шығара отырып, мықты мемлекет негізінде Бейбіт қоғам құру мақсатында қол жеткізген жетістіктерге тоқталып, округтің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты міндеттерді белгілеп алуды жөн көрдім.
Қазақстан тәуелсіздігінің 22 жылында экономикалық дамуда, өз азаматтарының әл-ауқатын жақсартуда елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Тұрақтылық пен қоғамдық келісім, жауапты сыртқы саяси бағыт республиканың халықаралық беделін арттыру үшін тұрақты негіз болды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан кең ауқымды реформалардың арқасында ауданда экономиканың қарқынды дамуы үшін барлық жағдай жасалып жатыр.
Қазақстанның тұрақты дамуы мен әлем арнасында шептерін бекітуі табысты әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді, қазақстандықтардың өмір сүру деңгейінің артуын, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді, заңның төрелігі мен демократиялық принциптерге шынайы берілгендікті қамтамасыз етеді. Мемлекет дамуының саласындағы маңызды міндеттерді Президент Қазақстан халқына арнаған өзінің Жолдауында жыл сайын анықтап береді.
Қазақстан Республикасының Президенті- Ұлт Үздігі Н.Ә. Назарбаевтың «2050 стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы өзіне ғана тән бірлігі, әлеуметтік әділдігі, тұрғындарының экономикалық әл-ауқаты бар тәуелсіз, дамып келе жатқан және саяси тұрақты Қазақстанды құруға бағытталған, сондай-ақ алдымызға қойылған міндеттердің шеңберінде ауылдың экономикалық даму бағытын дұрыс таңдағанымызды көрсетті.
Тұрғындардың саны 1375 адамды құрайды, жеке тұрғын үйлердің саны 484, жер телімдерінің саны 424, жалға алынған жер телімдерінің саны 62.
2013 жыл Тұрғысын ауылы үшін келесі жағымды ерекшеліктермен сипатталады:
ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «2050 стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында шағын және орта бизнес дамуының басты бағыттары анықталған. Кәсіпкерлік экономикалық бағыттың басты қозғаушы күші болып табылады, сондықтан басты бағыттардың бірі әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық даму мен іскерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында шағын және орта бизнесті қолдау болып табылады.
Тұрғысын ауылдық округының аумағында бүгінгі таңда ірі ауылшаруашылық құрылымдар жоқ. Қазіргі уақытта 4 шаруа қожалығы бар: олар- «Тургусунское» ш/қ, «Дуанбеков» ш/қ, «Газахунов» ш/қ, «Бурмышева» ш/қ, қызметтерінің негізгі бағыттары өсімдік, мал және жеміс шаруашылығы болып табылады.
Есеп беру кезеңінде округта қызметін 30 жеке кәсіпкер атқарады, қызметтерінің негізгі бағыттары сауда, ара шаруашылығы мен ауылшаруашылығы болып табылады. Азық-түлік және өндірістік тауарлар сатылатын 8 дүкен жұмыс істейді. Ауылда нан-тоқаш өнімдері жасалып, сатылатын шағын наубайхана бар. Бүгінгі таңда кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға көмек ретінде аграрлық өнеркәсіптік кешенді және жеке қосалқы шаруашылықты несиелендіруге бағытталған көптеген бағдарламалар іске қосылған, ауылшаруашылық бизнесті қолдауға бағытталған қаржы институттары құрылған және жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осылайша «Каз Агро» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ еншілес компаниялар арқылы несиелендірудің 24 түрін жүргізеді. Негізінен берілетін несиелер ЖШС, ШҚ мен жеке тұлғаларды қолдауды қарастырады. Пайыздық мөлшерлеме 6-дан 12 % арасында.
Барлық несие жобаларының ішінен Тұрғысын ауылының тұрғындары үшін ең тиімдісі «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының екінші бағыты болып табылады, ол бүгінгі бақшашыларға, шаштараздарға,тігіншілерге, аспазшыларға және басқаларға аяқтарына тұруға мүмкіндік береді. Несие бойынша төлемді 18 айға дейін шегеру мүмкіндігі бар, несиенің пайыздық мөлшерлемесі 5 % құрайды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы да жылына 7 % пайызды құрайтын пайыздық мөлшерлемесімен қызықтырады және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді қамтиды.
«Жұмыспен қамту 2020» Бағдарламасының екінші бағытын іске асыру шеңберінде 2013 жылы келесі кәсіпкерлерге шағын несие берілді: Даулет Алтайманұлы Мошановқа мал шаруашылығын дамыту үшін 1 млн. теңге (ІММ сатып алынып жатыр) пен Светлана Николаевна Гороховаға мал шаруашылығын дамыту үшін 3 млн. теңге (12 бас жылқы сатып алынды) берілді.
2013 жылы Тұрғысын ауылдық округының аумағында «Тургусун meat» ЖШС қызметін жалғастырып жатыр, басшысы В.И. Бондаренко, атқаратын қызметінің негізгі бағыты шошқа өсіру болып табылады.
2013 жылы Тұрғысын ауылында ветеринариялық пункт ашу үшін үй-жай жөнделді және дайындалды. Лицензиясы бар дәрігерге қызметтік автокөлік берілді.
Жасанды ұрықтандыру пункті өз жұмысын жалғастырып жатыр. Ағымдағы жылы ұрықтандыратын маман ауыстырылған. Светлана Русакова маман болып тағайындалды. Осы бағыт бойынша шағымдар болған жоқ.
Тұрғысын селолық округының аумағында ара шауашылығын дамытуға бет бұрылды. Қазіргі таңда 1191 ара ұясы бар. 2014 жылға дейін 1300 ұяға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
Дағдарысқа қарсы және тұрақтаушы шаралар жоспарын орындау мақсатында Тұрғысын селолық округы әкімі мен алты кәсіпкердің арасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің мәселелері бойынша жалпы сомасы 20,0 млн. теңгелік меморандумдарға қол қойылды. Меморандумға «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ, ЖК Серикова, «Нивы Чапаево» ЖШС, ЖК Козлов, ЖК Газахунов қатысты:
«Қазақстан темір жолы» - 1000,0 мың теңге, теміржол вокзалының алаңын және перронды абаттандыруға;
ЖК Серикова Гулбатима Каниевна – 2000,0 мың теңге, Коммунаров көшесін абаттандыруға, көгалдандыруға;
«Нивы Чапаево» ЖШС – 1000,0 мың теңге, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын, ауыл жолдарын күтіп ұстауға;
ЖК Козлов Валерий Александрович – 3000,0 мың теңге, рұқсат берілмеген қоқыс үйінділерін санитариялық тазалау мен жоюға;
ЖК Газахунов Ахметжан Курбанович – 1000,0 мың теңге, Садовая, Краснознаменная көшелерін абаттандыруға, көгалдандыруға, рұқсат берілмеген қоқыс үйінділерін шығаруға, ауыл жолдарын күтіп ұстауға;
ЖК Дерк Николай Вильгельмович – 3000,0 мың теңге, жеміс өсіруге, жобаны іске асыру үшін ауданы 5 га қажетті жер телімі берілді. Жобаның іске асырылуы 50 т картоп, 30т орамжапырақ пен сәбіз алуға, жаңадан 4 жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді;
31.12.2013 жылғы жағдай бойынша жоспарланған ісшаралар толық көлемде орындалды.
Округ кәсіпкерлері ауылдың қоғамдық өміріне, әлеуметтік мәселелерді шешуге, қайырымдылық акцияларына, демеушілік көмек көрсетуге, облыстық және аудандық жәрмеңкелерге белсенді қатысады.
«Демалыс күндерінің жәрмеңкесі» туралы ерекше атап өткім келеді. 2013 жылдың бойында Тұрғысын селолық округы Өскемен қаласы мен Зырян қаласында және Астана қаласында жәрмеңкелер өткізген. Бұл алдымен кез-келген ауылшаруашылық өнімді нарық қызметтерін төлемей сатуға мүмкіндік жасайды. Мен Р.Т. Кудашеваға, Н.В. Деркке, С.А. Шагаловқа, А.В. Никитинге, В.И. Бондаренкоға және жәрмеңкені өткізуге қатысқан барлық жерлестеріме алғыс жариялаймын.
Бизнесті дамыту бойынша ісшаралар жоспарын орындау мақсатында жылдың басынан бастап округ кәсіпкерлерімен 5 кездесу өткізілді, оларға 63 адам қатысты. Кәсіпкерлермен өткізілген кездесулерде «Бинестің жол картасы-2020», «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламаларының негізгі бағыттары түсіндірілді, пайда келтіретін бизнестің мүмкін нұсқалары қаралды. Кездесулерді өткізу барысында азық-түлік өнімдерінің негізсіз қымбаттауын болдырмау мәселелері, экономиканы тұрақтандыру, инфляция деңгейін бір қалыпта ұстау үшін мемлекеттік органдармен қолданылып жатқан дағдарысқа қарсы шаралар туралы ақпарат талқыланды. Кездесулердің нәтижелері бойынша «Тұрғысын селолық округы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен Тұрғысын селолық округының 2013-2015 жылдарға арналған шағын және орта бизнесті дамытуға және қолдауға бағытталған жоспар әзірленді.
Тұрғысын селолық округында ауылшаруашылық секторында кәсіпкерлікті дамыту мүмкіндігі бар, су қоймаларының бар болуы балықты өсіру мен өнім жасауға жағымды жағдай туғызады. Табиғаты таңдай қақтыратын табиғат, флорасы мен фаунасы бай мөлдір өзендері мен қалың ормандары дұрыс бағыт таңдағанда пайда келтіретін туристік бизнеске айнала алады.
Шағын және орта бизнесті дамыту жоспарына сәйкес Тұрғысын селолық округында 2015 жылға дейін жалпы сомасы 6278,55 млн. теңгелік 13 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған.
№ р/р
|
Жобаның, ісшараның атауы
|
Жауапты тұлғаның Т.А.Ә.
|
Қаржыландыру көлемі барлығы, мың теңге
|
Құрылатын жұмыс орындары
|
Жобаны іске асыру мерзімі
|
1
|
ІММ 400 басына арналған жем беру алаңы
|
«Нивы Чапаево» ЖШС
|
500000,0
|
30
|
2013-2015
|
2
|
Тұрғысын өзенінде шағын СЭС салу
|
«Тургусун 1» ЖШС
|
5700000,0
|
40
|
2013-2015
|
3
|
Ағаш өңдеу цехі
(вагонка, кесілген, шпунттық тақтайлар жасау және т.б.)
|
Козлов В.А.
|
3000,0
|
8
|
2013-2014
|
4
|
Жүк тасымалдау, жону қызметтері, пісіру жұмыстары
|
Овчинников А.И.
|
2500,0
|
4
|
2014
|
5
|
Ара шаруашылығын дамыту, балды ыдыстарға құю
|
Никитин А.В.
|
500,0
|
1
|
2013-2014
|
6
|
«Бірлік» шағын наубайханасының ғимаратын қайта жөндеу, аяқ киім жөндеу орталығын, шашатараз ашу
|
Коломанова Б.К.
|
2350,0
|
2
|
2014
|
7
|
Шошқа басын арттыру, малды ұстау алаңын кеңейту
|
Бондаренко В.И.
|
2500,0
|
2
|
2013-2014
|
8
|
Өздері өндіретін ет өнімдерін қайта өңдейтін цехті ашу
|
Бондаренко В.И.
|
3000,0
|
2
|
2015
|
9
|
Саңырауқұлақтарды өсіру және сату
|
Давуза Б.
|
2500,0
|
3
|
2013-2014
|
10
|
«Дуанбеков» ш/қ негізінде ІММ және жылқылардың басын арттыру
|
Дуанбеков Ж.К.
|
3000,0
|
2
|
2014
|
11
|
«Валентина» туристік базасын ашу
|
Козлов А.В.
|
200,0
|
3
|
Бизнес идея орындалу барысында
|
12
|
Балықты өсіру мен қайта өңдеу бойынша тоған шаруашылығын ашу
|
Минеев С.В.
|
500,0
|
2
|
Бизнес идея орындалу барысында
|
13
|
Өздері өндірген ет өнімдерін қайта өңдеу бойынша цехті ашу
|
Бондаренко В.И.
|
3000,0
|
2
|
2015
|
Шағын жобаларды іске асыру 35 адамның жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді.
ІММ 400 бас сауылатын сиырына жем беру алаңын салуға несие беру жөніндегі мәселе оң шешімін тапқан жағдайда қосымша 30 адамды жұмыспен қамту қарастырылған.
Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі барлық ақпараттық материал селолық округ әкімі аппаратының ғимаратындаға стендте мемлекеттік және орыс тілдерінде орналасқан. Сонымен қатар Президенттің «Әлеуметтік – экномикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа жолдауы, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы, «Сыбаға» бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы 2020» бойынша ақпарат орналастырылған.
Шағын және орта бизнесті дамыту- өндірістік саланың дамуына түрткі болатын, бюджетке елеулі салық түсімдерінің түсуін ғана қамтамасыз етіп қоймай, зор әлеуметтік рөлді атқаратын, тұрғындардың басым бөлігінің экономикалық белсенділігін қолдайтын және жұмыспен қамту мәселелерін шешетін кез-келген өлке экономикасының негізі.
Тұрғысын селолық округында жеке тұлғалардан мүлік салығын, ауылшаруашылық маңыздағы жерлерге салынатын жер салығын, көлік салығын,бір реттік жинақты жинау өткізіледі.
|
2011 жыл
|
2012 жыл
|
2013 жыл
|
Мүлік салығы
|
39530
|
47790
|
52076
|
Жер салығы
|
158772
|
160232
|
161356
|
Ауылшаруашылық жерлеріне жер салығы
|
61366
|
57578
|
56343
|
Көлік құралдарына салық
|
307906
|
384263
|
684263
|
Жер телімдерін жалдау ақысы
|
67771
|
63123
|
62103
|
Барлығы:
|
649545
|
755006
|
1016141
|
Диаграмма талдауы көрсеткендей көлік құралдарына жинақтар 2012 жылмен салыстырғанда 2 есеге жоғарылаған, бұл Тұрғысын селолық округіндегі көлік құралдарының өсуінің көрсетіші, сонымен қатар тұрғындардың ауылшаруашылық өнімдер мен жем - шөптерді ішкі нарықта сатуға қатысуы болып табылады.
2 жылдағы жұмыссыздық деңгейін талдауы (2012-2013):
2012 жылы ресми тіркелген, қоғамдық жұмыстарға қатыстырылған жұмыссыздар - 2 адам. 2013 жылдың желтоқсан айында «Зырян ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтіу бағдарламалар бөлімі» ММ 5 адам есепте тұрды. 2013 жылғы жазда тіркелген жұмыссыздардың есебінен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының төртінші бағытын іске асыру аясында Тұрғысын селосында іске асырылатын жобаларға 12 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Кез-келген мемлекет дамуына жасалған талдау экономикалық амандыққа тікелей байланысты болатын тұрғындардың денсаулығын бағалауды қамтиды.
Әлеуметтік саланың маңыздыларының бірі денсаулық сақтау болып табылады, оның қызметі медициналық қызметтердің сапасын арттыруға, азаматтардың денсаулығын нығайтуға, ана мен баланың денсаулық жағдайын жақсартуға, ауру мен өлім санын азайтуға, қоғамдық денсаулық деңгейін арттыруға бағытталған.
Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті Зырян ауданының ірі дәрігерлік амбулаториялары болып табылатын Тұрғысын ауылының дәрігерлік амбулаториясы көрсетеді. Оның құрамында 2 ФАП бар- Первороссийское ауылы мен Прибрежный аулында, 3 медициналық пункт –Васильевка, Дородница, Заводинка ауылдарында. Қызмет көрсетілетін тұрғындардың саны 3112 адам. Медициналық қызметкерлердің саны 8 адам, сонымен қатар дәріханалық киоск жұмыс істейді.
Терапевтикалық, педиаторлық, акушерлік кабинеттер мен зертхана өз жұмыстарын атқарады.
Азаматтарды қабылдау сағат 8.00-ден 16.00-ге дейін жүргізіледі.
Медициналық қызметкерлер ФАПтар мен МПге тұрақты шығуларды ұйымдастырып тұрады, онда ауру ересектер мен балалар қабылданып, анализдер алынады, жүкті әйелдер қаралады.
2013 жылдың қыркүйек айының 9 мен 12 аралығында Тұрғысын орта мектебінің аумағына көшпелі медициналық кешенді әкелу мен орналастыру ұйымдастырылды.
Қабылдауды келесі салалар бойынша білікті дәрігерлер жүргізді:
Гинекология;
Хирургия:
Терапия;
Офтальмология;
Стоматология.
Көшпелі медициналық кешеннің құрамында электрокардиограмма түсіруге, ішкі ағзаларға ультрадыбыстық зерттеу жүргізуге, ішкі артериялық қысымды өлшеуге арналған арнайы құралдары бар зертхана болды. Сондай-ақ қанның биохимикалық және жалпы анализін тексеруге арналған құрылғылармен және реагенттермен, сонымен қатар адамның биологиялық сұйықтықтарын зерттеуге арналған басқа құрылғылармен толығымен жабдықталған.
Ауылдықтар тексеріліп, ауруларын ерте бастап анықтап алды, бар ауруларын емдеуге ұсыныстар алды.
Туберкулезге қарсы күрес жүргізу мен алдын алу мақсатында ауыл тұрғындарының арасында Тұрғысын аулында жыл сайын флюрографиялық көшпелі кешен орналастырылады. Бұл туберкулезді уақытында анықтау мен ауруларды ерте бастан емдеуге оң нәтижесін береді.
Емдеу амбулаториясы дәрігерлерінің ұжымы тәжірибелі дәрігерлерден құралған және өзінің жұмысын жауапты және бірлесіп орындайды.
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ
Тұрғысын аулында білім беру үрдісін «Тұрғысын орта мектебі» іске асырады.
2013-2014 оқу жылында мектепте 22 педагог жұмыс істейді. Олардың 15-і жоғары біліммен. 3 жас маман бар. 4 мұғалім ШҚМУ-де сырттай оқу бөлімінде жоғары білім алу арқылы біліктіліктерін арттырып жатыр.
Бүгінгі таңда оқу жоспарының барлық пәндері білім беру саласында белгіленген стандарттарға сәйкес қамтылған және оқытылып жатыр. Қазіргі уақытта мектепке кадрлар керек жоқ. 2013 жылғы 1 қыркүйекте мектепте 138 бала оқытылған, сыныптар толық (11 сынып), мектепке дейінгі дайындық сыныбында 11 бала оқиды, мектептің жанында күні бойы болатын шағын орталық бар, ондағы оқытылатын балалардың саны 17 адамды құрайды.
Мектептегі білім сапасы 33,6 % құрайды.
2013 жылғы БҰТ. 9 оқушының 2 оқушысы экзаменнің БҰТ түрін таңдады, орташа балл 75. ЖОО тегін оқуға 1 оқушы, колледждерге 5 оқушы түсті, 3 адам жұмысқа орналасты.
2013 жылдың жазғы кезеңінде мектептің сыныптары мен қосалқы үй-жайлары жөнделді, мектепге дейінгі шағын орталықта металлопластикалық теререзелер орнатылды. Мектеп қазандығы жылыту кезеңіне отынмен толығымен қамтамасыз етілген. Автономды электростанцияның жұмыс істеуі үшін, ТЖ болған жағдайда отынның қоры бар.
Мектептің жанында үйірмелер, қызығушылықтар бойынша оқыту пәндері, қосымша сабақтар жүргізіледі.
«Болашақтан» 0,5 ставкада- «Бисермен өру» үйірмесі.
1 би үйірмесі (ақы төленбейтін)- 15 оқушы.
Мектеп оқушылары Зырян ауданында өткізілетін спорттық жарыстарға қатысады.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ
Тұрғысын ауылының кітапханасы мектептің ішінде орналасқан, жалпы ауданы 62 шаршы метрді құрайды. Кітап қоры 2013 жылдың басында 12950 кітапты құрады, соның ішінде балалар әдебиетінен -2964 кітап. Қазақ тіліндегі әдебиет- 1065 басылым, соның ішінде 94- балалар әдебиеті. Мерзімдік басылымдар тұрақты түсіп отырады: газеттер, журналдар. Кітапханаларда DVD мен аккустикалық жүйе бар.
Оқырмандардың саны 43 % құрайды, олардың 11% балалар, 32% ересектер.
Бір оқырманға берілген басылымдардың орташа саны- 26,8 кітап; келушілердің орташа саны күніне 8,4 адам.
Кітапхана жұмысының міндеті мен мазмұны азаматтық және құқықтық мәдениетті қалыптастыру, оқырмандардың Қазақстан тарихы мен өлке тануға деген қызығушылықтарын арттыру, халықтар мәдениетінің шығармашылық дәстүрлеріне баулу, мәдени-бос уақыт қызметінің жаңа түрлерін енгізу болып қалып отыр.
Ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарын қатыстыра отырып өткізілетін әңгімелесулер, шолып өтулер, көрмелер, көрме-көрсетілімдер, ақпарат сағаттары, сұрақтар мен жауаптар сағаттары, әдеби кештер арқылы жүргізіледі. Оқушылар, студенттер, оқырмандар пайдалану үшін мерзімдік басылымдарды таңдау жасалады.
Кітапхана ұлттық және мемлекеттік мерекелерді ұйымдастырып өткізуге қатысады. Концерттік бағдарламаларға мектеп оқушылары, мұғалімдер мен «Родные напевы» әйелдер вокалдық тобы қатысады. «Родные напевы» шығармашылық ұжымының жетекшісі Калекперов Зарлыхан Калепкерович.
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ САҚТАУ
Тұрғысын ауылында қазіргі таңда учаскелік инспектор жоқ, бізбен Первороссийск ауылдық округінің учаскелік инспекторы жұмыс істейді.
2013 жылы Тұрғысын селолық округ аумағында мал ұрлау жағдайлары тіркелген жоқ. Бұл мал жайылымының ұйымдастырылғанын көрсетеді. Тұрғысын ауылында екі сауын табыны мен екі төл табыны жайылады. Малды жаю үшін жайылымдар бөлінген. «Нивы Чапаево» ЖШС жерінен мал айдайтын учаскелер белгіленген. Жылқылар «Белки» және «Дол» өрісінде жайылады.
2013 жылдың шілде айында тұрғындармен профилактикалық әңгімелесулер өтізілді. Кездесуді прокурордың орынбасары, қаржы полициясының бастығы, ҚАІІБ бастығының орынбасары мен ҚАІІБ ӘПБ бастығы жүргізді.
- алкоголизм мен шағын бұзақылыққа қатысты алдын алу сипатындағы 2 рейд өтізілді, 8 хаттама құрылды;
- қоғамдық тәртіпті сақтауда, құқық бұзушыларды ұстауға және хаттама құруға учаскелік инспектордың қоғамдық көмекшілері Созонов Андрей Александрович пен Савоськин Владимир Александрович қатысады.
- 2013 жылы 4 қылмыс жасалды: 3 ұрлық – 1 ашылмаған, 1 өрт (өрт қою) – ашылған;
- ағымдағы жылы 125 адамға әкімшілік хаттамасы толтырылды, өндірілген айыппұл 87,9%.
Учаскелік инспектор тұрғындардың нақты тұратын мекенжайын және спирт ішімдіктерін жиі пайдаланатын тұлғаларды анықтау мақсатында үйлерді аралау жүзеге асырылды.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты азайту мақсатында Тұрғысын орта мектебі базасында құқық қорғау органдары өкілдерімен профилактикалықәңгімелесулер жүргізіледі. Спорттық үйірмелер құрылды: шағын футбол, волейбол, үстел теннисі.
Жұмысқа қабілетті тұрғыныдар арасында «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарламаның төртінші бағыты бойынша жоспаарланған жобаларды іскеасыру үшін жұмыссыз азаматтар жұмысқа тартылды. «Қайта оқыту және білікті арттыру» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жоспарланды.
ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «2050 стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттік жаңа саяси бағыты» жолдауында және өзінің «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты бағдарламалық мақаласында мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру бойынша бірнеше міндеттерді алға қойды.
Тірек ауылдарын дамыту бағдарламасының шеңберінде 2013 жылы республикалық, облыстық және аудандық қаражат есебінен ауылдың инфрақұрылымын және абаттандырылуын дамыту бойынша келесі жұмыс атқарылды:
- елді мекенді көктемгі кезеңде су тасқынынан қорғау мақсатында Бұқтырма өзенінде жағаны бекітетін бөгетті орнату аяқталды. Аталған гидротехникалық иммаратты салуға республикалық және жергілікті бюджет есебінен 35 млн. теңге бөлінді. Енді ауылымызды су тасқыны кезеңінде тасқын су жайлайтын Зырян ауданы елді мекендерінің тізімінен сенімді түрде алып тастауға болады.
- криминогенді жағдайды жақсарту, ЖКО азайту, ауылдың эсетикалық бейнесін жақсарту мақсатында 2013 жылы 12 миллион 370 мың теңге сомасына Краснознаменная, Студенческая, Молодежная және Безымянная көшелерінің жарықтандыру желілері қалпына келтірілді.
- балалардың бос уақытын ұйымдастыру жерлерін жасау, Тұрғысын ауылының эсетикалық бейнесін жақсарту мақсатында балалар алаңы және тренажерлік кешен орнатылды. Осы жобаны іске асыруға 800 мың теңге жұмсалды.
- Тұрғысын ауылының келбетін жақсарту және абаттандыру мақсатында жалпы сомасы 11 млн. 457 мың теңгеге сквер көгалдандырылды және обелиск орнатылды. Хауыздарды орнату жұмыстары аяқталып жатыр.
- «Тұрғысын орта мектебінің» қасбетіне және терезелеріне 9813,0 мың теңге сомасына ағымдағы жөндеу жүргізілді;
Біздің ауылымыз республикалық маңызы бар жолда орналасқан, туристер, жақын және алыс шетелден келген қонақтар жиі жүреді. Орталық көшедегі ескі қашалар бірден көзге түседі. Сондықтан ауылдың эстетикалық бейнесін жақсарту мақсатында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің шеңберінде ұзындығы 250 метр Өскемен-Рахман Қайнарлары жолының бөлігінің бойында қоршау орнатылды. Ауылдастарымыз Сергей Павлович Чудмаевқа, Юрий Иванович Казанцевқа қоршауды орнатуда белсенділік танытқандары үшін алғысымды білдіремін. 2014 жылы бұл жұмыстар жалғасады.
Бүгінгі таңда негізгі түйткілдердің бірі ауыл тұрғындары ауыз сумен қаматамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттен бөлінетін қаражат ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға толық мөлшерде қамтамасыз етпейді.
2013 жылы «Үлгілі ұсталған үй» атағына конкурс өткізілді, қорытындысы бойынша жеңімпаздың үйіне «Үлгілі ұсталған үй» маңдайшасы орнатылды, сондай-ақ бағалы сыйлық берілді. Жеңімпаздарды келесі критерийлер бойынша анықтады:
Үй қасбетінің, қоршауының, гүлзарларының жағдайы, үйінің алдында шағын сәулет нысандарының және т.б. болуы. Дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпаз ретінде Абакумова Галина Павловна анықталды.
Республикалық маңызы бар Өскемен-Рахман Қайнарлары тас жолының жанында Ұлы Отан Соғысының 70 –жылдығына Аллея жасалды. «Зырян орман шаруашылығы» ММ берілген 80 шырша көшеті отырғызылды.
Олег Николаевич Якубовичтан ағаштың өзегінен өтеусіз негізде шағын сәулет нысандарын жасау туралы ұсыныс келіп түсті. 2013 жылдың шілде айында республикалық тас жолда аялдама павильондарының жанында шағын сәулет нысандары орнатылды.
Михаил Михайлович Полковников автомобиль дөңгелектерінен шағын сәулет нысандарын жасады.
Ауылға инспектор алу мәселесі шешілмей тұр. Бұл іргелес аумақтарды санитариялық тазалау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін шешуде қиындық туғызады.
ТҰРҒЫСЫН СЕЛОЛЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ
«ШҚО Зырян ауданы Тұрғысын селолық оругінің әкім аппараты» ММ қызметі «Қазақстан Республикасындағы мемлекетті басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңымен ретеледі. Аталған Заңның 35 –бабына сәйкес азаматтардың өтініштері мен арыздары қаралады. 2013 жылы заңды тұлғалардан 6 өтініш, жеке тұлғалардан 313 өтініш түсті, барлығы қанағаттандырылды және қарау мерзімін бұзбай қаралды.
Әкімдік мамандарымен тоқсан сайын 18 жасқа дейінгібалаларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мен адрестік әлеуметтік көмек алуға құжаттар ресімделеді, 2013 жылы барлығы 11 отбасы өтініш білдірді. Құжаттарды ресімдеу құжаттардың уақытында тапсырылмауы неме толық болмауынан қиындайды. 2013 жылы 6 тұрғын үй жәрдем қаражаты ресімделді, оларкөп болуы да мүмкін еді, тек қана көмір, отын сатып алу кезінде кассалық чекпен түбіртек алу қажет, түбіртектің болмауы жәрдем қаражат алуды қиындатады.
«Қағаз» жұмысы өте көп уақыт алады, бір жыл ішінде ғана 520 ресми хат алынды, келісіңіздер, 248 жұмыс күніне бұл артығырақ. 114 нормативтік – құқықтық акті қабылданды. Ауылшаруашылық кітабындағы деректерді нақтылау мақсатында жылына екі рет аулаларды аралау жұмысы жүргізіледі. 2013 жылы электрондық шаруашылық жүргізу кітабы толтырыла басталды.
Жыл бойы жер телімдерін жалдау бойынша декларациялар тапсыруда көмек көрсетілді.
Тұрғысын селолық округ әкімі аппаратымен тұрғындар үшін ветеринариялық анықтамалар, ветеринариялық төлқұжаттар, жеке шаруа қожалығының болуы туралы анықтамалар беру бойынша тегін мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
2013 жылы ветеринария жөніндегі бас маман жеке шаруа қожалығының болуы туралы 186 анықтама, 540 ветеринариялық анықтама, 370 ветеринариялық төлқұжат берілді.мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдар мен ескертулер болған жоқ. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттарды ұсыну туралы ақпарат әкім аппаратының ғимаратында және аудан әкімінің сайтында орналасқан.
Қазақстан Республикасында жаңа «Ветеринария туралы» ҚР Заңы қабылданды, онда бізге бірнеше талаптар қойылған. Соның ішінде жануарларды бірдейлендіру мен мал союдың жаңа ережелерін қатаң сақтау. Енді малды сатуға сою сою пункттері мен сою алаңдарында ғана жүзеге асырылуы тиіс. Әрине бұл бізге үйреншікті емес немесе мүлдем ыңғайсыз деуге болады. Бірақ біздің ауылда мал сою пункті салынып, барлық қажет еткендер оның қызметін пайдалана алады.
Жыл бойы ауылға келген және кеткен азаматтарды есепке алу жүзеге асырылады. Біздің №664 сайлау округі бойынша сайлаушылардың электрондық базасын құру бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Жыл сайын әскери қызметке шақырылуға жатқызылған азаматтарды есепке алу жұмысы жүргізіледі. Әскерге шақырылушылардың медициналық комиссиялары уақытында өткізілді.
2013 жылдың қазан айында өткізілген соңғы есеп беру кездесуінде Краснознаменная және Молодежная көшелеріне сапасын тас себу мәселесі көтерілген. Осыған байланысты келесі жұмыс атқарылды: «Плюс» ЖШС Краснознаменная көшесіне сапасын тас себу мәселесі пысықталды, осы жұмыс 2014 жылдың 1 жартыдылдығына жоспарланған.
Тұрғындардың ұсыныстары бойынша республикалық маңызы бар тас жолда «Камила» кафесінің, мектеп пен мокрый лог ауданында жол белгілері орнатылды.
Ауылға инспектор алу мәселесі шешілмей тұр. Бұл іргелес аумақтарды санитариялық тазалау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін шешуде қиындық туғызады.
2013 жылғы жұмыстардың қорытындысын шығара келіп,
алдағы 2014 жылға келесі міндеттерді белгілеу қажет:
Мемлекеттен бөлінетін қаражат ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға толық мөлшерде қамтамасыз етпейді.
2014 жылға «Тұрғысын ауылдық округінің әкім аппараты» ММ бірқатар жобаларды іске асыруға өтінім берген, олар: екі көпірді жөндеу, әкімдік ғимаратын ағымдағы жөндеу, Тұрғысын ауылының орталықтандырылған сумен қамту жүйесін салуға жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу, алайда бюджетті анықтағаннан кейін қаражат тек ЖСҚ жасауға бөлінді.
Аулдың табысты дамуының және қойылған міндеттерге қол жеткізудің басты шарттары жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық бірлестіктер мен тұрғындардың бірлескен жұмысы болып табылады.
Есеп беру баяндамасын қорытындылай келе Тұрғысын ауылының барлық тұрғындарын өздерінде және балаларында қазақстандық отан сүйгіштікті тәрбиелеуге, ауылды абаттандыру жұмысына белсенді қатысуға шақырамын.
Тұрғысын селолық округының әкімі А. Әбішев
Достарыңызбен бөлісу: |