Білім беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Аппликация
Тақырыбы: Алма ағашы
Мақсаты: Балаларға алма туралы,оның пайдасы жайлы түсінік беру,түрлі пішіндерден ағаш бейнесін жапсыруды үйрету,ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу,қауіпсіздік ережелерін сақтай білуге қалыптастыру.
Көрнекілігі: Үлгі сурет, түрлі – түсті қағаз, қайшы,желім,қол сүрткіш, қызыл, сары, жасыл алмалар
Билингвалды компонент: Алма – яблоко, ағаш – дерево,Алма ағашы-яблоня,қызыл – красный, сары – желтый, жасыл – зеленый
Әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің қызметі
|
Балалардың қызметі
|
Мотивациялық - қозғаушы
Ұйымдастыру – іздестіру
Рефлексивті - түзетушілік
|
Балалар келген қонақтармен сәлемдеседі.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да.
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады маған да.
Шуақпен нұр төгіп,
Көтерді көңілді.
(Орындарына жайғасады)
-Балалар, мен сендерге бір ойын дайындап қойдым, ойнағыларың келе ме?
Ойынымыздың аты «Бұл қай ағаш?» деп аталады.Ойынның шарты:Экраннан бірнеше ағаштардың суреттері көрсетіледі.
-Жарайсыңдар, балалар! Осы ағаштардың қандай пайдасы бар?
Жұмбақ жасыру:
1 Темірі көп ішінде,
Жесең кірмес тісіңе.
Сары,қызыл болады,
Дөңгеленген пішінде.Бұл не?
2 Ортасында қазығы,
Бұтағында азығы.
-Алма қайда өседі?
-Алманың қандай пайдасы бар?
-Алмадан не жасаймыз?
Алма ағашының суретін көрсету;бөліктерін таныстыру.
(тамыры, діңі,бұтағы, жапырағы, жемісі)
Ғажайып сәт: Сиқыршы келеді:
-Сәлеметсіңдер ме,балалар?Мені таныдыңдар ма?Мен – Сиқыршымын.Сендердің сиқыр үйренгілерің келе ме?Олай болса мен сендерге керемет сиқыр көрсетейін.(қызыл, сары, жасыл алмалар алып көрсетеді)
Тәрбиеші:-Ой,қандай керемет! Сиқыршының көрсеткен сиқыры ұнады ма сендерге?
Ендеше оқу қызметімізді ары қарай жалғастырайық.Сиқыршы, сіз балалардың білімін көріңіз,жоғары шығыңыз.
-Балалар,бүгін біз аппликация оқу қызметінде алма ағашын қиып, жапсырамыз.Әуелі бәріміз саусқтарымызды жұмысқа дайындап алайық.
Саусақ жаттығуы: 1-2-3-4-5,
Шықты саусақ серуенге.
1 саусағым билеп кетті,
1 саусағым секіріп кетті.
1 саусағым сәлем берді,
1 саусағым ойнап кетті.
1саусағым ұйықтап қалды,
Шаршамаңдар саусақтар,
Қане, жұмыс жасаңдар.
-Жұмысқа дайынбыз ба?
Олай болса, мұқият тыңдап алыңдар.Мен сендерге алма ағашын қалай қиюды, жапсыруды үйретемін.
(әдіс – тәсілін түсіндіру)
-қағаздан жарты шеңбер (жасыл түс,) және жолақша (қоңыр түс) қию;
-жарты шеңберге желім жағып, қағаздың жоғарғы бөлігіне жапсыру;
-жолақшаға желім жағып, жарты шеңбердің астына жапсыру.
Сергіту сәтін жасату:
Көңілді әуенге сай бірнеше би қимылдарын жасату.
-алдын – ала әр түстен қиылған алмаларды желім жағып ағашқа жапсыру;
-жасаған жұмыстарының үстінен қолсүрткішпен жайлап басу, қолдарын сүрткішке сүрту.
-Балалар,қане, сендердің қалай жұмыс жасағандарыңды Сиқыршы айтып берсін.Балалардың жұмыстарына баға беру.
-Қане, біз қонақтарға арнап «Апорт деген тәтті алма» әнін айтып берейік.
Сиқыршы оларды мақтап, қоштасып қайтып кетеді.
Билингвалды компонент: Алма – яблоко, ағаш – дерево,Алма ағашы-яблоня,қызыл – красный, сары – желтый, жасыл – зеленый
Қимылды ойын ойнату,«Биік – аласа»
(биік нәрселерді айтқанда аяқтың ұшымен тұрады,аласа нәрсені айтқанда отырады
Оқу қызметін қорытындылау
|
Хормен қайталайды.
-Сәлеметсіздер ме, апайлар?
-ия
Балалар оның қай ағаш екенін табады.
Ағаштардың пайдасы туралы өз ойларын айтады.
-алма
-алма ағашы
-бақта
-құрамында дәрумен бар
-тосап кайнатамыз, тәтті шырын дайындаймыз
Мұқият тыңдайды
-Сәлеметсіз бе?
-ия
Саусақтарын ашып жұмады.
-дайынбыз
Жақсылап тыңдап алады,тәрбиешінің жетектеу әдісі бойынша жұмысты орындайды
Би қимылдарын жасайды
Әнді хормен орындайды
-Сау болыңыз!
-Сөздердің орыс тілінде айтылуын қайталайды
Ағаш дегенде– тұрады,
Шөп дегенде – отырады т.б
|
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек
|
Қайшымен жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін;
|
Нені игереді
|
Түрлі-түсті қағаздан алма ағашын қиып, жапсыруды;
|
Нені білді
|
ұқыпты жұмыс жасауды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |