3 практические занятия



жүктеу 431 Kb.
бет1/2
Дата14.11.2018
өлшемі431 Kb.
#19769
  1   2




Р 042 - 1.02-2016-02

Редакция №1 24.08.201

32 беттің беті





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

24.08.2016 ж.

№1 басылым

Ф Р 042-1.02-2016-02



Зертханалық жұмыстардың әдістемелік нұсқауы



Инженерлік – технологиялық факультеті

Химия және химиялық технологиялар кафедрасы


«Жануарлар биохимиясы»

пәні бойынша
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
5В120100 – «Ветеринариялық медицина», 5В120200-"Ветеринариялық санитария" мамандығы бойынша білім алушыларға арналған

Семей 2016


Алғы сөз
1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрастырушы ___________ «29» 06 2016 ж.

Б.С.Гайсина, химия магистрі, «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы
Әдістемелік нұсқаулық «Жануарлар биохимиясы» пәнінен 5В120100 – «Ветеринариялық медицина», 5В120200-"Ветеринариялық санитария" мамандықтарына зертханалық жұмыстар жүргізуге арналған.

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының отырысында

«29» 06 2016 ж. № 14.


Кафедра меңгерушісі ____________ Б.Х. Мұсабаева

2.2 Әдістемелік нұсқаулық инженер-технологиялық факультетінің оқу-әдістемелік бюросы отырысында қарастырылып оқу үрдісінде қолдануға ұсынылды.


Хаттама «24» 08 2016 жыл, № 5/1.
Төрайымы ______________ А.Н.Нургазезова


    1. МАЗМҰНЫ





Аталуы

бет

1

Кіріспе

4

2

Биологиялық химия зертханасында жұмыс орындаудың жалпы ережелері

5

3

Зертханалық жұмыс бойынша есеп беруге қойылатын талаптар

    1. 8

4

№ 1 Зертханалық сабақтың тақырыбы. Коллоидты ерітінділерді дайындау және олардың қасиеттері

    1. 9

5

№ 2 Зертханалық сабақтың тақырыбы. Дәрумендерге тән сапалық реакциялар

    1. 11

6

№ 3 Зертханалық сабақтың тақырыбы. Ферменттердің биологиялық катализатор ретіндегі жалпы қасиеттері

    1. 14

7

№ 4 Зертханалық сабақтың тақырыбы. Ферменттердің әрекет ету механизмдері

    1. 16

8

№ 5 Зертханалық сабақтың тақырыбы. Гормондарға сапалық реакциялар

    1. 18

9

№ 6 Зертханалық сабақтың тақырыбы. Көмірсулар

    1. 20

10

№ 7 Зертханалық сабақтың тақырыбы. Лактозаны (сүт қанты) рефрактометрия әдісімен анықтау

    1. 21

11

№ 8 Зертханалық сабақтың тақырыбы. Глюкозаны Бертран әдісімен анықтау

    1. 23

12

№ 9 Зертханалық сабақтың тақырыбы. Майдағы иод санын Маргошес әдісімен анықтау

    1. 24

13

№ 10 Зертханалық сабақтың тақырыбы. Белоктарға тән сапалық реакция және белоктарды тұндыру әдістері

    1. 26

14

№ 11 Зертханалық сабақтың тақырыбы. Қан құрамындағы аммиакты Несслер реактивімен анықтау.

    1. 28

15

№ 12 Зертханалық сабақтың тақырыбы. Судың және минералды заттардың алмасуы

    1. 29

16

№ 13 Зертханалық сабақтың тақырыбы. Нуклеопротеидтер гидролизі

    1. 30

17

    1. Әдебиеттер тізімі

    1. 32








    1. КІРІСПЕ

Биохимия – тіршіліктің молекула негізі жөніндегі ғылым. Ол тірі организмнің химиялық құрамын,тірі материяда болатын химиялық реакцияларды, тірі организмдегі заттардың биологиялық функциямен молекуларлық құрамымен өзара байланысын зерттейді. Биохимия тірі организмде өтетін процесстерін терең түсіну үшін негізі ғылым болады.

Пәнді оқыту мақсаты: Білім алушылардың «Биохимия» курсының тіршіліктің молекулалық негізін, биологиялық заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, осы заттардың тіршіліктің әрекеті бойынша реакцияларын оқып білу болып табылады.

Пәнді оқытудың негізгі міндеті: Биохимия пәнін оқып–білудің негізгі міндеті - білім алушылар биологиялық маңызды заттардың негізгі кластарын, осы заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін, организмде атқаратын биологиялық қызметтерін, әсерінің механизмдері; тіршілік процестерінде биологиялық заттардың өзгеруін, әрекеттесуін, зат алмасуының негізгі жолдарын, негізгі биохимиялық жүйелерінің және химиялық реакцияларын оқып білу керек; биологиялық заттардың құрамын, құрылысын, қасиеттерін зерттеу үшін практикалы дағды алу керек;

Оқыту нәтижелері:

Оқып-білудің нәтижесінде білім алушылар мыналарды:

- тірі ағзаның химиялық құрамын, жоғары молекулалы белоктар, көмірсулар, майлар және нуклеин қышқылдарының құрылысын және физико-химиялық қасиеттерін, сол сияқты биологиялық активті заттар – витаминдер, ферменттер және гормондардың әсер ету механизмдерін білуі;

-тірі ағзадағы зат алмасу және энергия алмасу туралы білімді меңгеруі;

- тірі ағзадағы зат алмасудың катаболизм және анаболизм реакцияларын игеруі;

- қоректік заттарға және биологиялық активті заттарға биохимиялық әдістермен зерттеулер істей алуы;

-Белок биосинтезінің негізгі этаптарын түсінуі керек.

Зертханалық сабақтар: білім алушы зертханалық сабақтарға зертханалық жұмыстың конспектісі болып, жұмысты орындау барысын және жұмыстың теориялық негіздемесін білген жағдайда ғана жіберіледі. Білім алушы зертханалық жұмыстарды және эксперименттің нәтижелерін өңдеуді өзбетінше орындайды, дайын нәтижелерді қолдануға тыйым салынады. Зертханада білім алушы халатпен жүруге міндетті және қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауы керек.






Биологиялық химия зертханасында

жұмыс орындаудың жалпы ережелері
Студент зертханалық жұмысты жасаудың алдында келесі ережелерді орындауы тиіс. Алдымен студент оқулықтан зертханалық жұмысқа қажетті тарауларды, дәріс конспектісін оқып және зертханалық жұмыстың мазмұнымен танысады. Қауыпсіздік ережесімен алдын ала танысу керек.

  1. Тәжірибеге қажетті ыдыстардың, реактивтердің, құрал- жабдықтардың тазалығын тексермей жұмыс бастамайды.

  2. Тәжірибені жасағанда оқулықта (әдістемелік құралда) көрсетілген жұмыс ретін сақтап, жұмысқа қажетті заттардың дәл мөлшерін алуы тиіс.

  3. Тәжірибе кезінде зертханада орынсыз қозғалыс жасап, сыртқы киіммен тұруға болмайды.

  4. Жанғыш және қауіпті заттармен жұмыс жасағанда сақтық шараларын мұқият орындауы қажет.

  5. Тәжірибе кезінде байқалатын құбылыстарды зер салып бақылап, өзгерістерді арнаулы дәптерге жазып отыруы керек.

  6. Зертханада тамақ жеуге, темекі тартуға болмайды.

  7. Зертханалық жұмыс біткеннен кейін әрбір студент жұмыс орнын, қолданған ыдыстарды жуып, тазалауы қажет.

  8. Тез тұтанатын заттарды құйғанда немесе өлшегенде оларды оттан алыс ұстау қажет;

  9. Натрий, калий металдарымен жұмыс кезінде көзге қорғағыш көзілдірік кию қажет.

  10. Натрий, калий металдарын қолмен ұстауға, сулы орынға немесе қалдық заттар салынатын ыдысқа тастауға болмайды.

  11. Күкірт қышқылын сұйылту үшін күкірт қышқылын суға құяды. Қышқыл немесе сілті қосылған қоспаның аузын қолмен басып тұрып немесе ашып қойып, қатты шайқауға болмайды.

12.Зертханада студент қай жерде қауыпсіздікке қажет құралдар (бетперде, биялай, газдан қорғауыш, дәрі қобдишасы т.б.) тұрғанын білуі керек.
 Лабораторияда сәтсіз жағдай болғанда көрсететін   бірінші көмек
1.     Шыны сынығымен кесіп алған жағдайда әуелі кесілген жерде шыны сынығы қалмағанын анықтау керек. Онан кейін кесілген жерді мақтамен сүртіп(спиртпен батырылған), иодпен майлап, сосын марлімен байлау керек.

2.     Ыстықпен күйген жағдайда күйген жерге калий перманганатының (марганцовканың) концентрлі ерітіндісіне батырылған марлімен байлау керек немесе күйгенге қарсы маймен майлап қою керек. Егер перманганат ерітіндісі немесе май болмаса, күйген жерге натрий гидрокорбонат (ас содасын) сеуіп, салқын суға батырылған марлімен байлау керек.

3.     Қышқылмен немесе сілтімен бет, қол, аяқ күйген жағдайда әуелі тез кран суымен 5 минуттай жуу керек, сосын қышқылмен күйген кезде ас содасының 2% ерітінсімен немесе нашатырь спиртінің әлсіз ерітіндісімен жуу керек;

    Сілтімен күйген жағдайда сірке қышқылының немесе лимон қышқылының 1% ерітіндімен жуу керек. Сонан кейін екі жағдайда да спиртке батырылған марлімен байлау керек.

    Көзге қышқыл немесе сілті тиген жағдайда әуелі крандағы судың көп мөлшерімен көзді жуу керек, сонан кейін көзге өышқыл тиген жағдайда ас содасының әлсіз ерітіндісімен жуу керек.

   Сілті тиген кезде бор қышқылының 1% ертіндісімен жуу керек. Бірінші көмек көрсетіп болған соң жақын жердегі медпунктке немесе поликлиникаға апару керек.

   Әр жұмысты жүргізер алдында оқытушы орындалатын жұмыстың ерекшелігіне көңіл аударып, қауіпсіздік техника  ережелерін қайталап,  сол жұмыста кездесетін қауіпті кезеңдерді атап, оқушыларды ескерту керек.

  

 Лабораторияда бірінші көмек көрсетуге қажет қобдишадағы дәрі-дәрмектер



1.     Бинт (марлі);

2.     Ылғал жұтқыш мақта;

3.     Лейкопластырь;

4.     Иодтың 3%-ті спирттегі ерітіндісі;

5.     Ұзындығы 40-50см резинка түтігі(жгут);

6.     Көз жуу үшін шыны тостағанша;

7.     Пипетка;

8.     Пинцет;

9.     Дәрі ішуге қажет өлшеуіш стакан          (мензурка);

10.    Калий перманганатының 2%-ті ерітіндісі;

11.  Натрий гидрокарбонатының (ас содасының) 1% ерітіндісі;

12.  Сірке қышқылының 1%-ті ерітіндісі;

13.    Бор қышқылының 2%-ті ерітіндісі;

14.  Глицерин;

15.   Вазелин;

16.   Сульфидин эмульсиясы;

17.   Вишневский майы;

18.   Эфирвалериан;

19.   Нашатырь спиртінің 10%-ті ерітіндісі;

20. Этил спирті.



Зертханалық жұмыс бойынша есеп беруге қойылатын талаптар
Зертханалық жұмыстардың есептері жеке дәптерге (зертханалық журналға) жазылады. Дәптердің сыртқы бетіне пәннің атауы, курстың, топтың нөмірлері, студенттің аты-жөні жазылады.

Зертханалық жұмысқа дайындалғанда жұмыстың әдістемелік нұсқауларын алдымен оқып алып, одан кейін дәптердің таза бетіне өткен шақта (мысалы: алдық, құйдық, көрдік), бақылағандар мен қорытынды жазуға орын қалтырып, таза түрде жазып алу керек. Орындалған жұмыстардың есебін жеке парақтарға немесе қарындашпен жазуға болмайды.

Есептің жоспары:

1. Жұмысты орындау күні;

2. Жұмыстың нөмірі, атауы, мақсаты;

3. Тәжірибенің нөмірі, атауы;

4. Аспаптың (қолданылса) сүреті немесе схемасы;

5. Тәжірибе қандай жағдайда орындалғаны, тәжірибе кезінде қандай өзгерістер байқалғаны;

6. Орындалған реакциялардың теңдеулері;

7. Тәжірибенің сандық өзгерістерін жазу, қажет болса кестелерді толтыру;

8. Есептеулер және анализ нәтижелерін статистикалық өңдеу;

9. Қорытынды және есептеулердің нәтижесі;

10. Оқытушыға есеп беру: зертханалық жұмыс бойынша сұрақтарға жауап беріп, жұмыстың есебін тексерту.

Жұмысты орындаған кезде қателер жіберілсе, тәжірибені қайталау керек.



1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ

Коллоидты ерітінділерді дайындау және олардың қасиеттері
Жұмыс мақсаты: коллоид ерітінділерін алу кезіндегі әрекеттесуші заттар крнцентрациясының әсерін зерттеу. Аспаптар мен ыдыстар:100мл бес стакан; 5мл бес тамызғыш (пипетка).

Реактивтер: 0,005М және 0,1М темір (III) хлоридінің ерітінділері; 0,005 М және 0,1М сары қан тұзы ерітіндісі - |Fe | ; таза су.

1-тапсырма. Коллоид ерітінділерін алу кезіндегі әрекеттесуші зат концентрациясының маңызы. Реакция нәтижесінде ерімейтін өнім, екі рет қайта алмасатын реакцияларға қатынасты алынатын дисперсті бөлшек өлшем, әрекеттесетін зат концентрациясына тәуелді. Жоғары және төменгі концентрация кезінде коллоид жүйе алынады. Әуелгі жағдайда, яғни жоғарғы концентрация кезінде кристалдану ортасы бірлен көбейіп кететіндігімен байланысты . Мұндай әрекеттесуші заттар іріленіп , коллоид бөлшектерін түзеді. Сосын мұндай бөлшектердің ірілену мүмкіндігі шектелінеді. Ал екінші, яғни төменгі концентрация кезінде , кристалдану орталарының пайда болуы қиындағандықтан , қатты түйіршіктер - бөлшектер сирек түзіледі және ол шектеулі болады. Демек, бөлшек өлшемі өспейді, ол ірілене бермейді. Әрекеттесуші заттар концентрациясы орташа кезінде шөгіндіге түсетін өлшемдегі бөлшектер туындайды.

Жұмыс реті. 1-тәжірибе. Көлемі 100мл стаканға, 0,005М темір (III) хлоридінің ерітіндісін құяды да оның үстіне 5мл 0,005 М сары қанды тұздың |Fe | ерітіндісін қосады. Осылайша алынған ерітінді қоспасын 50 мл таза сумен сұйылтады . Нәтижесінде мөлдір түсті берлин лазурының  |Fe | коллоид ерітіндісі пайда болады. 2-тәжірибе. Мұнда да 1-тәжірибедегі темір (III) хлориді мен сары қанды тұздардың 0,1М ерітінділерін сол көлемде алады. Пайда болатын лайлы ерітіндіден берлин лазурының шөгіндісі түседі. 3-тәжірибе. Көлемі 100мл стаканға 5мл темір (III) хлоридінің қаныққан ерітіндісін және 10мл сары қанды тұздың қаныққан ерітіндісін қосады. Ұйыма тәрізді шөгінді пайда болады. Мұның бір бөлігін екінші стаканға ауыстырып , 100мл таза сумен араластырады. Нәтижесінде тұрақты берлин лазурының золі пайда болады.

Жұмыс мақсаты: кейбір гидрофильді золь қасиетін зерттеу. Аспаптар мен ыдыстар: фарфордан жасалған ұнтаұтағыш кіші келі мен келсап, фарфор табақша, өлшеуіш цилиндр, сыйымдылықтары 200мл стакан, 100 мл өлшеуіш колба,5 мл тамызғыш-пипетка, 10 мл бес пробирка, электр плитасы, қыздыратын жай су, техникалық таразы.

Реактивтер: Крахмал, жапырақша түріндегі желатин, ұнтақты жұмыртқа альбумині, ұнтақты құрғақ казейін, формальдегид, 0,1 М натрий ацетатының ерітіндісі, берлин лазурының – жылтырағының золі  |Fe | , аммоний сульфатының қаныққан ерітіндісі – (, таза су. 2-тапсырма. Гидрофильді зольдерді алу және олардың кейбір қасиеттері.

Лиофильді зольдерді, жоғарғы молекулалық қосылыстарды өздеріне сәйкес еріткіштерде еріту арқылы алады, ақ затты- белокты суда, каучукты бензолда, целлюлозаны эфирде және т.с.с. Бұл заттардың арасында суда еритін зольдердің – гидрофильдінің маңызы зор, мысалы ақ зат – белок , крахмал, глюкоген және басқалар. Лиофильді зольдер жоғарғы молекулалық қосылыстардың ерітіндісі болғандықтан , лиофобты зольдерден гөрі тұрақты болады және мұның нәтижесінде олар өте жоғарғы концентрациялы ерітінді құрап, жоғарғы тұтқырлық және осмостық қысым көрсетеді. Лиофильді ерітінділердің концентрациясы артқан сайын, олар қоюлана келіп, сірленеді де іркілденіп гельге ауысады. Бұл құбылыс кері де жүре алады.



жүктеу 431 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау