Баспасөз релизі Халық банкінің 2006 жылғы қызметінің негізгі көрсеткіштері



жүктеу 94,27 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.12.2017
өлшемі94,27 Kb.
#5102


 

Баспасөз  релизі 

 

Халық банкінің  2006 жылғы қызметінің негізгі көрсеткіштері  



 

Алматы, 2007 жылғы 6 наурыз.  Халық  банкінің    Басқарма  төрағасы  Г.Марченко 

Банктің  аудиторлық  тексеруден  əлі  өтпеген  шоғырландырма  каржы  есептемесіне 

негізделген алдын ала 2006 жылғы қызметінің нəтижесін жария етті. Бұл көрсеткіштер əлі 

тəуелсіз аудитормен қуатталмаған əрі Банктің Директорлар кеңесі мен Жалпы акционерлер 

жиналысымен  мақұлданбаған. 2006 жыл  бойынша  түпкілікті  қаржы  есептемесі  біраз 

уақыттан кейін жарияланбақ.  

 

Банк  акцияларының  Лондондағы  халықаралық  қор  биржасында  ІРО  дəрежесімен,  яғни 



бастапқы  жариялықпен  сəтті  орналастырылуы,  Банктің  Халықаралық  своп  жəне  дериватив 

(туынды құралдар) қауымдастығына (ISDA) мүшелікке өтуі, эквайринг қызметін іске қосуы жəне 

CUP (China Union Pay) ко-брендинг  карточкаларын  шығаруы,  сонымен  қатар  еуро 

облигацияларды  айтарлықтай  табысты  орналастыруы - осының  бəрі  өткен  жыл  ішінде  қол 

жеткізілген жетістіктер. 

 

Тағы бір айта кететін жəйт - «Euromoney» журналы 2006 жылы Халық банкін «The best bank 



in Kazakhstan in 2006» («Қазақстандағы 2006 жылғы  үздік  банк»)  ретінде  марапаттады. «The 

Banker»  журналының  бағасы  бойынша  Банк  əлемдегі  ең  ірі 1000 банктің  қатарына  қосылып, 

капитал көлемі бойынша 658 орыннан көрінді.   

 

Halyk Group-тің  алдын  ала  халықаралық  каржы  есептемесі  стандарттары  бойынша 



негізгі көрсеткіштері.  Өткен жыл ішіндегі Halyk Group-тің таза табысы 65% өсіммен 25.7 млрд 

теңгені құрады. Банктің табысы Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша 20.7 млрд 

теңгені  құрады.  Активтер  көлемі    жыл  басындағы  көрсеткіштен 76.4%-ға    ұлғайып, 987.4 млрд 

теңгеге  жетті.  Меншікті  капитал 86% өсіммен 2007 жылдың 1 қаңтарындағы  жағдай  бойынша  

119.6  млрд  теңгені  құрады.  

RОАА    (орташа  активтер  қайтарымдылығы) - жылдық  3.49%,   

RОАЕ  (орташа  меншікті  капитал  қайтарымдылығы) - жылдық 32.83%-ды  құрайды. NIM 

(таза проценттік маржа) – 6.83% жылдық көрсеткішін құрайды.

 

 

Мұның  сыртында  Банк  төлем  карточкаларының  саны  бойынша  бұрынғысынша  өзінің 



көш  бастаушы  орнын  сақтап,  аталған  карточкалар  көлемін 2,8 млн данаға жеткізді. Халық банкі 

Қазақстанда бірінші рет жаңа «VISA Infinite» деген VIP өнімін шығара бастады. 

Бүгінгі  күні  Банктің  «Мобильдік  банкинг»  қызметін  пайдаланушылар  саны  еліміз 

бойынша 130 мың  адамнан  асып,  бұл  қызмет  түрінің  клиенттер  үшін  аса  қажеттілігін  тағы  бір 

дəлелдеді.  Ақша  айналымы  мен  табыстылығы  бойынша  «Интернет-банкинг»  қызметі 

қазақстандық онлайн-банкинг жүйесі арасында алғашқы орынды нық ұстап отыр. 

Қазақстанның  барлық 14 облысындағы  облыстық,  өңірлік,  аудандық  филиалдарды  қоса 

алғанда,  Банк  өз  клиенттеріне  593  филиал  мен  бөлімшеден  жəне  1000-ға  жуық  банкоматтан 

тұратын  кеңінен  таралған  желі  арқылы  қызмет  көрсетеді.  Бүгінгі  күні  Халық  банкінің  қызметін 

пайдаланушы жеке тұлға - клиенттердің саны  5,9 миллионнан асып отыр - бұл Қазақстандағы 

ең ауқымды клиенттік база болып табылады, сонымен қатар Банк 62 мыңға жуық шағын жəне 

орта бизнес өкілдеріне жəне 300 мыңнан аса ірі корпоративтік клиентке қызмет көрсетеді.  

2006  жылы  Банк  өзінің  əлеуметтік  жауапкершілік  шеңберіндегі  қызметін  жандандыра 

түсті жəне ірі қайырымдылық іс-шаралары мен жобаларды іске асырды. Демеушілік жəне ізгілік 

көмек мақсатында жұмсалған бюджет көлемі 63 млн теңге болды. 

 

Халық банкінің баспасөз қызметі 



Исабаева Айнұр, тел. 2 590 000, іш.1498 

www.halykbank.kz 

 


Анықтамалық ақпарат 

 

IPO 

2006 жылдың 20 желтоқсанында Халық банкі өз акцияларын Лондондағы Халықаралық қор 

биржасында IPO (бастапқы  жариялы  түрде  орналастыру)  шеңберінде  жаһандық  депозитарлық 

қолхаттармен  (ЖДҚ)  орналастырды.  Бір  ЖДҚ 4 жай  акцияға  құқық  береді.  Сұраныс  ұсыныстан 

бірнеше  есе  жоғары  болған  қорытындыларға  сəйкес  орналастыру  құны 2006 жылдың 14 

желтоқсанында 1 ЖДҚ-ға 16 АҚШ  доллары  болып  бекітілді. 

ІРО  шеңберінде  Банк    барлығы 

748 млн АҚШ долларын құрайтын сомаға жалпы саны 46 750 000 ЖДҚ орналастырды. 220 

миллионға  жуық  АҚШ  доллары  Банктің  капиталына  жай  акцияларды  жаңа  эмиссия 

(шығару)  нəтижесінде  құйылмақ.  Банктің  рыногтық  капиталдануы IPO құны  бойынша 

жаңа  эмиссияны  ескере  отырып, 3.9 млрд АҚШ долларын құрады. Бірден шартты сауда-

саттық басталғаннан кейін ЖДҚ құны 20.9 АҚШ долларына дейін  көтерілді. 31 желтоқсан 

күні бұл көрсеткіш 22 АҚШ долларына жетіп, Банктің рыногтық капиталдандуын 5.1 млрд 

АҚШ долларына дейін ұлғайтты. 

  

 

Еуро облигациялар 



2006  жылдың 11 мамырында  Банк  халықаралық  инвесторлар  арасында 300 млн  АҚШ 

доллары  сомасына 7-жылдық  еуро  облигацияларын  сəтті  орналастырды. 2006 жылдың  мамыр 

айының  аяғында  Банктің 2009 жəне 2013 жылдары  өтелетін  еуро  облигацияларының  екі 

шығарылымы  бойынша  спрэдтері  қысқартылып  жыл  аяғына  дейін  жəне  бүгінгі  күнге  дейін 

қазақстандық банктермен салыстырғанда ең тиімді жағдайларда саудалануда.   

 

 



ISDA-ға мүшелік  

2006  жылы    Банк  өзінің    валюта  жəне  бағалы  қағаздар  нарығындағы  жетекшілік 

айқындамасын нығайта түсті. Соңғы үш жылдың ішінде қатарынан -  валюта нарығында, ал екі 

жыл  бойы - Қазақстан  қор  биржасындағы  мемлекеттік  бағалы  қағаздар  нарығында  көш  бастап 

отыр.  Негізгі  рыноктарда  жетекшілік  айқындамаға  ие  болу  нəтижесінде  Банк  серіктес 

қазақстандық  ірі  корпоративтік  клиенттер  қатарын  көбейтіп  əрі  батыстың  ірі  банктері  үшін 

валюталық тəуекелді басқару мəселесі бойынша қарсы серіктес (контрпартнер) бола алды. 

Өткен  жылы  Банк  сондай-ақ  туынды  қаржылық  өнімдер  нарығында  да  өз  жағдайын 

нығайтуға  қол  жеткізе  алды.  Бұл  тұрғыда  Банктің  Халықаралық  своп  жəне  деривативтік 

қауымдастығына кіру шешімі (ISDA - International Swaps and Derivatives Association, Inc.) толық 

құптарлық  қадам  болды.  Аталған  қауымдастық  туынды  құралдар  (өнімдер)  нарығына 

қатысушылар мүддесін білдіретін аса ірі дүниежүзілік қаржылық-сауда ұйымы болып табылады. 

Негізі  қаланған  күннен  бастап  қауымдастық  туынды  өнімдерге  де,  тəуекелдерді  басқару 

қызметіне де тəн қауіп-қатерді анықтау жəне барынша азайту бағытында жұмыс істеп келеді.  

2007  жылдың 22 қаңтарында ISDA Директорлар  кеңесінің  шешімімен  Халық  банкі  осы 

қауымдастықтың бастапқы мүшелігіне қабылданды, сөйтіп мұндай құрметке ие болған алғашқы 

қазақстандық əрі ТМД елдері банктерінің арасында екінші банк атанды.  Айта кететін бір жəйт, 

қауымдастыққа  мүшелікке  өту ISDA Директорлар  кеңесі  мүшелерінің  біреуінің  үміткер-банк 

үшін кепілгер болу міндеттілігін білдіреді.   

 

Бөлшек бизнес 

 

Халық  банкі  жеке  тұлғаларға  арналған  бөлшек  өнімдер  мен  қызметтер  нарығындағы 



дəстүрлі  жетекші  банк  болып  табылады.  Халықтың  Банктегі  салым  мөлшері 76,3 млрд  теңгеге 

өсіп, 207,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде мерзімдік салымдар - 153,3 млрд теңге, ағымдағы 

салымдар - 54 млрд  теңгеге  жуық  болды.  Еліміздегі  халық  депозиттері  нарығындағы  Банктің 

үлесі - 21 %. Жұртшылықтың арасында ең танымал «Халықтық - зейнетақылық», «Халықтық - 

стандартты» жəне «Halyk -əмбебап» депозиттері болып табылады.  

 

Еліміздегі  ипотека  нарығындағы  Банк  үлесі 27%-ға  тең.  Жалпы  алғанда,  өткен  жылы 



Банктің  жалпы  бөлшек  қоржыны  (брутто) 148,4 млрд  теңгеге  жетті,  өсім 63,5 млрд  теңгені 

құрады.  




 

Ағымдағы  жылдың 1 қаңтарындағы  жағдай  бойынша  Банктің  кезектерді  электрондық 

жүйемен  басқаратын 68 бөлімшесі  бар,  жыл  аяғына  дейін  электрондық  кезек  жүйесімен 

қамтамасыз етілетін бөлімшелер санын 118-ге жеткізу жоспарланып отыр.   

 2006 

жылы  Банкте  енгізілген  жəне  іске  асырылған  əр  түрлі  кредиттік  өнімдер  мен 



бағдарламалар қатарында «Ипотекалық бонус», «Авто Lights», «Өз ипотекам», білім кредиттері, 

«Жаңартылатын  кредит  желісі  нысанымен  кезек  күттірмейтін  мұқтаждыққа  кредит», «Жаңа 

ипотека» болды.   

 

 



Шағын жəне орта бизнес  

Банк  рыногында  шағын  жəне  орта  бизнес  бүгінгі  күні  Қазақстанда  барынша 

қарқынды дамып келе жатқан сала болып табылады.  

Halyk Group əр тарапты əрі сараландырылған қызмет көрсететін өңірлік қаржылық тобы 

ретінде  дами  отырып,  еліміздегі  шағын  жəне  орта  бизнес  саласын  өркендетуге  басым  көңіл 

бөледі. Кəсіпкерлер үшін арнайы жаңа өнімдер мен қызмет түрлері енгізіліп, ШОБ-ті несиелеуге 

ЕҚҚД банкімен ынтымақтастық жолға қойылды, отандық аграрлық секторға қолдау көрсетілуде.  

Өткен жылдың нəтижесі бойынша шағын бизнес өкілдеріне берілген кредит саны 20 912 

болды, несие қоржынының көлемі 53,9 млрд теңгеден асты. Кəсіпкерлікпен айналысушылардың 

арасында «Бизнес – Lights 3», «Бизнес - Universal», «Бизнес - Small 2», сондай-ақ Еуропа қайта 

құру  жəне  даму  банкінің  бағдарламаларымен  берілетін  кредиттік  өнімдер  айтарлықтай 

танымалдыққа  ие  болған.  Банк  аталған  бағдарламаларды  одан  əрі  жетілдіріп,  барынша 

оңтайландыруға ұмтылады, мəселен,  «Бизнес -Lights» бағдарламасында кредит беру мерзімі  7 

жылдан 12 жылға дейін,  айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит мерзімі  5 жылдан 8 

жылға дейін ұзартылып, «Бизнес -Lights 3» болып қайта жасалды. 2006 жылы «Бизнес - Ипотека 

Lights», «Бизнес - Контракт», «Бизнес - Депозит»  жəне  «Халық - Бидай»  бағдарламалары 

енгізілді.  

Банк  қызметін  пайдаланушы  орта  бизнес  саласындағы  клиенттерге  бағытталған  несие 

қоржынының  көлемі  39.1 млрд  теңге  болды.  Негізінен, «Бизнес - Medium», «Лизинг Classic», 

«Халық  Агро»  и «Super Lights» кредит  бағдарламалары  барынша  кең  таралған  өнімдер  болып 

отыр.  

Жыл бойы Банк кредиттік өнімдері бойынша жаңартылып отыратын кредит желісін ашу, 



кредитті  өтеудің  барынша  ыңғайлы  тəсілдерін  енгізу  сияқты  жəне  т.б.  жеңілдіктер  жетілдіріле 

отырып, «Medium - 2» сияқты жаңа бағдарламалар енгізілді.   

 

Карточкалық бизнес  

Отандық  төлем  карточкалары  нарығындағы  Халық  банкінің  бүгінгі  күнгі  жетекшілік 

орнына ешкім талас тудырмайды, Банк шығарған карточкалар саны қазір 2,8 млн бірлікке жетіп 

отыр. 


Карточкалық өнімдер мен қызметтер аясы да барынша кеңейтілуде: 

- China Union Pay (CUP) карточкаларын ұстаушылар (олардың саны дүние жүзі бойынша 1 

миллиардтан  асады)  Қазақстанда  Халық  банкінің  банкоматтары  арқылы  қолма-қол  ақша  ала 

беруге  əрі  өздерінің  карточкаларындағы  ақша  балансы  туралы  біліп  отыруға  мүмкіндік  алды. 

Сонымен  қатар  өткен  жылдың  желтоқсан  айынан  бастап  Банк  дүние  жүзінде  алғашқы  болып 

CUP карточкаларын  шығаруды қолға алды; 

-  мұнымен  қатар  Халық  банкі  Қазақстанда  бірінші  рет  жаңа «VISA Infinite» деген VIP 

өнімін  шығара  бастады,  бұл  нарықтың  əлуеттілер  сегментіне  арналған,  айырықша  іріктелген, 

басымдығы бар қызметтер пакеті: сатып алған тауарды қорғауды жəне кеңінен кепілдеме беруді; 

саяхат  шегушілерге  толық  мағлұмат  беруді;  дүние  жүзі  бойынша  əрекет  ететін  жедел  көмек 

қызметін ұсынуды; Банктен дербес қолдау көрсетуді; консъерж қызметін көрсетуді (сапар шегуді 

ұйымдастырудан  бастап  пəтер  жөндеуге  дейінгі  қызметтердің  кең  ауқымын  қамтамасыз  ету); 

сапар  шегу  үшін  жолға  шыққан  кезде 1 млн  АҚШ  долларына  дейінгі  сомаға  сақтандыру 

ұсынуды жəне т.б. көздейді.; 

-  Халық  банкі  карточкаларының  иелері  мобильдік  байланыс  (республикадағы  барлық 

операторлар арқылы) пен коммуналдық қызмет үшін ақы төлеумен қатар, енді Қазақтелекомның 




қарапайым телефон байланысы үшін де банкомат арқылы, еліміздің кез келген өңірінен əрі кез 

келген телефон нөмірі үшін ақы төлеу мүмкіндігін алып отыр;  

-  Тұрғын  үй  құрылысы  жинақ  банкінің  клиенттері  де  ендігі  жерде  Халық  банкі 

карточкаларының көмегімен салым ашуына, кредиттерін өтеуіне болады;   

- «карточкалық депозит» деп аталатын жаңа ақша жинақтаушы депозит пайда болды, оны 

тікелей карточкамен ашуға болады; 

-  Халық  банкі  карточкаларын  иеленушілерге  Банктің  Жинақтаушы  зейнетақы  қорындағы 

өздерінің зейнетақылық шотынан жылдық жəне ағымдық үзінді алып отыру мүмкіндігі берілді; 

- Interfood компаниясымен бірге бірінші Altyn City ко-брендингілік бонустық карточкасын 

шығарды. 

  

Өткен жыл ішінде Банк банкоматтары арқылы 2,5 млрд теңгеге түрлі төлемдер жүргізілді, 

Card to Card жүйесі бойынша 5 млрд теңгеге жуық сомаға ақша аударылды.   

Банктің АТМ желісі тұрақты түрде даму үстінде. 2007 жылы банкоматтар желісі жаңадан 

тағы осындай 500 құрылығымен жəне 300 мультикиоскімен толықтыру жоспарланып отыр, бұл 

АТМ  желісінің  мүмкіндігін  айтарлықтай  кеңейтеді.  Мультимедиялық  киоскілердің  негізгі 

мақсаты  түрлі  қызмет  көрсетушілердің  пайдасына  төлем  қабылдау  болып  табылады.  Қазіргі 

кезде  мұндай  эквайринг  саласы  бойынша  Банкпен 35 ұйым-мекеме  ынтымақтаса  қызмет  етіп, 

банк клиенттеріне өз қызметтері үшін банкомат арқылы ақы төлеуді ұсынып отыр.   

 

Кедендік төлемдерді карточкамен жүргізу  

Төлем  карточкалары  арқылы  іске  асырылған  кедендік  төлемдер  көлемі 2006 жылы  73,6 

млрд  теңгені  құрады  жəне 2005 жылы  жүргізілген  төлемдерден 117 %-ға  артық  болды.  Жалпы, 

2006  жылы  Банк  карточкасының  көмегімен  222 316 төлем  жүзеге  асырылған,  бұл 2005 жылғы 

карточкалық  төлем  санынан 94,3 %-ға  артық.  Банктің POS-терминалдарымен  елімізде 120 

кедендік бекет жабдықталған. 

 

 

Сауда жəне  сервис желісіндегі эквайринг  



2006 жылы сауда жəне сервис мекемелерінде төлем карточкаларын пайдалану арқылы 10,9 

млрд теңгеге төлем жүргізілді, бұл көрсеткіш 2005 жылғы операциялармен салыстырғанда 53,8 %-

ға артық. Жасалған төлем саны өткен жылы 591 124 болды жəне алдыңғы жылмен салыстырғанда  

54,5 %-ға артық.  

 

 

Коммерциялық  ұйымдар үшін жалақы жобасы  



2006  жылғы  аталған  жобамен  жалақылық  ақша  есептеудің  көлемі 218,8 млрд  теңгені 

құрады.  Банктің  жалақы  жобасын  пайдаланушы  көммерциялық  мекемелер  саны  ағымдағы 

жылдың 1 қаңтарында 4 011-ге жетті, бұл 2006 жылғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда  

396-ға көбейген.  

 

 

Корпоративтік карточкалар  



2007  жылғы 1 қаңтардағы  жағдайға  сəйкес  ашылған  Банктің  корпоративтік  карточкалар 

саны  3 570 болды  жəне    бұл  2006 жылғы  дəл  осындай  кезеңдегі  көрсеткіштен  1058-ге  дейін 

артып отыр.  

 

«Интернет-Банкинг» жүйесі  

 

Ақша  айналымы  мен  табыстылығы  бойынша  «Интернет-банкинг»  жүйесі  қазақстандық 



онлайн-банкинг  жүйесі  арасында  алғашқы  орынды  нық  ұстап  отыр.  Интернет  жүйесін 

пайдаланушылар  арасында  барынша  танымал  қызмет  түрлері:  карт-шотты  толықтыру,  интернет-

шоттың біреуінен екіншісіне əп-сəтте ақша аудару, валюта айырбастау жəне конверсиялау, ұялы 

телефон  байланысы  мен  коммуналдық  қызмет  үшін  ақы  төлеу,  интернет-депозиттер  ашу,  банк 

аралық жəне банк ішінде ақша аудару, кредитті өтеу, т.б.  

2006  жылы  Халық  банкі  клиенттері 9 елдің  аумағынан  өз  интернет-шоттары  бойынша 

қашықтықтан  жұмыс  істеп,  есеп  айырысу  жүргізді,  пайдаланушылардың 76 %-ы - Қазақстан 



Республикасынан  болды,  одан  əрі  клиенттердің  саны  жағынан:  Еуропалық  одақ,  АҚШ,  Ресей, 

Ұлыбритания, Лихтенштейн, Швейцария, Германия, Белоруссия сияқты елдердің клиенттері.  

 

 

«Мобильдік банкинг» жүйесі  



Қазақстан Халық Банкінің «Мобильдік банкинг» жүйесі - карт-шотты ұялы телефон арқылы 

басқарудың Қазақстандағы алғашқы жоба. Қазіргі уақытта  аталған жүйе қызметін пайдаланушы 

клиенттер  саны 130 мыңнан  асады,  оның  ішінде 95,5 мың  адам - 2006 жылы қосылған (бір жыл 

ішінде клиенттер саны 3,8 есе артып отыр).  

Қазақстан  үшін  бірегей  болып  табылатын    банк  шотына  ұялы  телефон  арқылы  бақылау 

жасау  жүйесін  Халық  банкі 2005 жылдың  сəуір  айының 19-ы  күні VISA CEMEA – «Мобильдік 

банк – Verified by Visa» атты  пилоттық  жоба  шеңберінде  іске  қосқан  болатын.  Сол  күні  бірден 

аталған  қызметке  «КаР-Тел»  ЖШС (Beeline, K-mobilе, Excess) GSM-операторының  абоненттері 

қосылды.  Одан  кейін,  үш  айдың  ішінде  жүйе  қызметімен  «Алтел»  АҚ (Dalacom, Pathword) жəне 

GSM Kazakhstan (K-cell, Activ) ЖШС CDMA-операторының  пайдаланушылары,  яғни 

Қазақстанның ұялы байланыс рыногы түгелдей қамтылды.  

Сервистік  жүйеге  қосылудың  оңайлығы  жəне  мүмкіндіктерінің  молдығы  2005 жылдың 

аяғында  Мобильдік  банкинг  қызметінің  ауқымын  өндірістік  көлемге  қоюға  мүмкіндік  берді,  ал 

2006 жылдың 29 қаңтарында клиенттердің осы жүйемен  жөнелткен SMS хабарларының саны бір 

миллионға  жетті.  Алғашқы  миллиондық  шепке  жету  үшін  10 ай  мерзім  қажет  болса,  одан  əрі 

«екінші  миллионға»  небəрі 3 айдың  ішінде  қол  жеткізілді (2006 жылғы 11 сəуірде  екі 

миллионыншы  хабар  жіберілді). 2007 жылдың  басында  ай  сайын  бір  миллионнан SMS хабар 

жөнелту мүмкін болады деп күтілуде.  

Алғашқы кезеңде осы қызмет түріне қосылған Халық банкі карточкасын иеленуші клиенттің 

мобильдік  телефонына  карточка  бойынша  жасалған  кез  келген  операция  (тауар  сатып  алғанда, 

көрсетілген қызмет үшін ақы төленгенде, жалақы түскенде, басқа ақша түскенде, т.б.) туралы əп-

сəтте SMS хабарламасы  түсіп  отырды.  Хабарда  операция  сомасы,  жасалған  уақыты  мен  жері 

туралы  мəлімет  беріледі.  Мұнымен  қатар  Мобильдік  банкинг  жүйесінің  клиенті  ұялы 

телефонынан  өзінің  карточкасындағы  ақша  балансы,  жүргізілген  операциялары,  шот  бойынша 

берешегі  туралы  Банкке  сұрату  жасауына,  қажет  болған  жағдайда  карточкасын  əп-сəтте 

оқшаулауына  болады.  Бұл  үшін  Халық  банкі  операторларының  бірыңғай  нөміріне (8080) 

белгіленген  нысанмен SMS хабарын  жөнелту  керек  (толығырақ  мəліметті  Банктің  

http://www.halykbank.kz/cards/mobil_banking

 сайтынан алуға болады.  

2006  жылдың 1 наурызында  «Мобильдік  банкинг»  жүйесінің  дамуында  екінші  кезең 

басталды. Ұялы байланыс қызметі үшін ақы төлеуді ендігі жерде тікелей ұялы телефонның өзінен 

іске  асыру  мүмкін  болды (K-mobile, Beeline, Dalacom, Pathword, K-cell абоненттері  үшін). 2006 

жылдың 10 айында    мұндай  төлемдердің  жалпы  саны  27,5 мың  болды,  жасалған  төлем  сомасы  

26,7 млн теңгеге жетті.   

Мамыр айында аталған сервис жүйесіне қолдау жасау мақсатында Банктің мына сайты іске 

қосылды: 

http://wap.halykbank.kz

.    


2006  жылдың 8 маусымында  «Мобильдік  банкингті»  пайдаланушы  Халық  банкінің 

клиенттеріне  ұялы  телефонмен  банк  операцияларын  жүргізу  үшін  ыңғайлы  меню  енгізілді. 

Мұндай менюге қол жеткізу үшін клиент Банктің wap - порталынан (

http://wap.halykbank.kz

) тегін 

HalykBank  мидлетін  өз  телефонына  көшіріп  алуы  қажет  (ақысыз).  Аталған  технология 

Қазақстанның банктері арасында алғаш рет пайда болды жəне клиенттерден тиісті бағасын алды.  

Тамыз  айынан  бастап  клиенттердің  өтініштері  бойынша SMS хабарын  (комиссиялық  алым 

ұсталғаны,  абоненттік  төлем  жасалғаны,  сервиске  қосылғаны  туралы)  түнгі  уақытта (22:00-ден 

8:00-ге дейін) жөнелту шектелді.  

2006  жылдың 14 қыркүйегінде  «Мобильдік  банкинг»  жүйесінде    атаулы  оқиға  болды: 

жүйенің 100 мыңыншы клиенті тіркелді. 

Қазан  айынан  бастап  сонымен  қатар  «Мобильдік  банкинг»  жүйесіне    Халық  банкінің 

процессинг қызметін пайдаланатын алты агент-банктің клиенттері де қосылды.  




Айта кететін бір жəйт,  іске қосылғаннан кейін қысқа мерзімде - небəрі бір жарым жылдың  

ішінде  - 2006 жылдың 17 қарашасы  күні  «Мобильдік  банкинг»  жүйесінен  түскен  табыс  атаулы 

көрсеткішке жетіп, 1 млн АҚШ долларынан асты.  

Қазіргі  уақытта  аталған  жүйе  қызметін  жетілдірудің  үшінші  кезеңі  басталды:  бұл  банктік 

аплетті телефонның SIM картасына орналастыру арқылы клиентке ұялы телефон экранынан өзіне 

ыңғайлы меню алу, мұнан кейін кез келген төлемді (ұялы байланыс, коммуналдық қызмет үшін, 

интернет-дүкендерінде,  т.б.)  мобильдік  телефоннан  тікелей  жүргізуге  жəне  ақша  аударуға  (банк 

аралық, Card to Card, банктің  ішкі  жүйесі  бойынша)  мүмкіндік  беруді  көздейді.  Ең  бастысы - 

мұндай  төлемдерді  жүргізу  қауіпсіздігі  барынша  сақталады,  өйткені  аталған  операциялар 

клиенттің өзінің сандық қол қоюымен  расталуы тиіс.  

 

Банктің əлеуметтік - корпоративтік жауапкершілігі  

Банк  саласында  елімізде  көш  бастаушы  орыннан  көрініп,  халықаралық  қаржы  рыногына 

шығып келе жатқан Халық банкі корпоративтік жауапкершілік пен дұрыс бағытталған əлеуметтік 

саясатты өзінің ұзақ мерзімдік даму болашағының негізгі шарттарының бірі ретінде қарастырады.   

Қайырымдылық  көмек  жасауды  жəне  демеушілік  қызмет  көрсетуді  Банк    жалпы 

адамгершілік тұрғысынан алғанда қоғам үшін беретін өнегесі мол, рухани құндылықтар көзі деп 

бағалайды.  Əлеуметтік - корпоративтік  жауапкершілік саясатын дұрыс жолға қоя білу жəне оны 

сауатты жүргізу, əлеуметтік көмекке зəрулерге қол ұшын беруге əзір болу - қарқынды дамып келе 

жатқан əрбір ірі компанияның қоғаммен өзара қарым-қатынасындағы ажыратылмас басты белгісі. 

Банктің ізгілік көмек пен демеушілік қолдау жасау саласына жұмсаған 2006 жылғы  қаражат 

мөлшері 63 млн теңгені құрады.  

Осы  сала  бойынша  арнаулы  бағдарлама  бекіте  отырып,  Банк  ең  алдымен  ата-ана 

қамқорлығынан  айрылып,  тағдыр  тəлкегіне  ұшыраған  балаларға  қамқорлық  жасау 

жауапкершілігін  мойнына  алды.  Аталған  мəселені  кешенді  шешуді  қарастыратын,  үш  бағыттан 

тұратын арнаулы жоба жасалды: компьютерлік оқыту, спорт жəне жоғары білім беру.  

Жоба  шеңберінде  БҰҰ-ның  даму  бағдарламасына  сəйкес  жұмыс  істеуді  көздей  отырып, 

Банк  компьютерлік  кластар  жабдықтау  үшін  компьютерлік  техника  жеткізуді  қолға  алды,  өз 

қамқорлығындағы  балалар  мекемелерінің  ұстаздары  мен  тəрбиеленушілері  үшін  арнайы 

тренингтер  өткізді. 2006 жылдың  қыркүйек  айында  Банктің  қаржылық  қолдауы  арқылы 

Халықаралық информатика академиясының  ұйымдастыруымен информатика пəнінің мұғалімдері 

үшін  апталық  курс  өткізіліп,  балаларды  компьютерге  үйрету  бойынша  дəріс  берілді,  арнаулы 

материал таратылды. Аталған жобаға Банк тарапынан 3 млн теңге бөлінді. 

Халық банкінің жас өспірімдер арасында баскетболды дамытуға арналған «Халық лигасы» 

деген  спорттық  жобасы  қазақстандық  балалар  үйлері  мен  интернат  үйлерінің  тəрбиеленушілері 

арасында  салауатты  өмір  сүру  салтын  жəне  бос  уақытты  қызықты  пайдалануды    насихаттауға 

бағытталған.  

 

Жыл  сайын  мамыр  айында  Банк  Ақмола  облысының  Жақсы  ауылында  жас  өспірімдер 



арасында «Үміт кубогінің» жарысын өткізуді дəстүрге айналдырады.     

 

Өзі қамқорлығына алған балалар мекемелерінің үздік түлектеріне еліміздің экономикалық 



жоғары  оқу  орындарында  білім  алуына  көмектесу  мақсатында  Банк    осындай  студенттердің 

оқуына  ақы  төлеуді  жəне  оларға  Қожахан  Əбенов  атындағы  стипендия  тағайындауды  көздейтін 

«Халық студенттері» бағдарламасын əзірледі жəне бекітті. Алдын ала есептерге қарағанда аталған 

жобаны жүзеге асыру үшін 27 млн теңгеден астам қаржы бөлінеді.  

 

Мұнымен  қатар  «Жеңіс  марафоны»  əлеуметтік  жобасы  шеңберінде  Банк  республикалық, 



облыстық  жəне  қалалық  ардагерлер  ұйымдары  арқылы  ҰОС-на  қатысушылар  мен  сол  жылдары 

тылда еңбек еткендерге тұрақты түрде демеушілік көмек жасап келеді жəне оларға Жеңіс мейрамы 

күнінде ғана емес, күнделікті өмірде де көңіл бөлуді қарастырады.  

 

Банк өзінің əлеуметтік қызметінде қоғам өміріне белсенді араласып, еліміздің гүлденуі мен 



көркеюіне,  қарапайым  халық  тұрмысын  одан  əрі  жақсартуға  ат  салысуды  негізгі  міндеті  деп 

санайды  жəне  мұның  бір  көрінісі  ретінде  республиканың  бірқатар  облыс  орталықтары  мен 

қалаларын  көркейтуге,  саябақтар  мен  демалыс  орындарын  салуға  арнайы  қаржы  бөлді,  осы 

мақсатта Қостанай, Қызылорда, Павлодар қалалары үшін бөлінген қаражат мөлшері 30 млн теңге 

болды.   



 2006 

жылдың  тамыз  айында  Бурабай  курорттық  аймағында  Халық  банкі Halyk Group 

қаржылық тобының қызметкерлері арасында 1-ші Республикалық спартакиада өткізді. Спорттың 

əр түрінен өткізілген үш күндік байқау барысында қаржыгер мамандар өздерінің жалпы спортқа 

деген  сүйіспеншілігін,  салауатты  өмір  салтына  деген  құлшыныстарын  таныта  білді,  волейбол, 

футбол,  жеңіл  атлетика,  жүзу  сияқты  спорт  түрлерінен  жарысқа  шығып,  күш  сынасты.  Жалпы 

командалық нəтиже бойынша Банктің Алматы облыстық филиалының командасы бірінші орынды 

жеңіп алды.  



 

Document Outline

  • Баспасөз  релизі

жүктеу 94,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау