Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет7/55
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55

19 
 
келетін  адамдар  жиналады.  Алайда,  бұл  саналы  және  ойлы  шешімнің 
нәтижесі емес, нағыз сәттілік-сәтсіздік элементі.  
Мамандық таңдауда білім алу деңгейі немесе оны алу орнын 
таңдаумен ауыстыру.   
Адам  алдымен  немен  шұғылданғысы  келетінін  шешіп,  ал  сосын 
нақты кәсіпті алудағы мүмкін нұсқаларды қарастыратын жағдайда, тек 
қандай мамандық бойынша екені маңызды емес жай жоғары білім алу 
немесе нақты бір жерде оқу тілегі болмаса, бұл өте орынды ұстаным.   
Егер  талапкер  нақты  мамандықты  меңгергісі  келіп,  басында 
нақты  оқуға  түскісі  келген  жерге  түсе  алмаса,  кәсіпке  деген  қалауын 
сақтап,  оны  алудың  басқа  тәсілдерін  іздеген  қонымды.  Мысалы, 
келешекте  ЖОО-да  оқуды  жалғастыру  мүмкіндігі  бар  екенін  ескере 
отырып,  жоғары  білім  емес  арнайы  орта  білім  алуға  баруына  болады. 
Бұл  беделді  университет  болса  да,  өзіңе  ұнамайтын  мамандыққа 
түскеннен жақсы.       
Өзінің қабілеттері мен қызығушылықтарын ескермеу.  
Немен айналысу ұнаса және қолынан қандай әрекет жақсы келсе, 
соны  өзінің  кәсібі  еткен  абзал.  Әрине,  бұл  қарабайыр  болып  естіледі, 
алайда ғажаптығы көбінесе көзден таса қалады.   
Кейде  адамдар  мұны  маңызды  емес  деп  есептейді  (кез  келгенін 
жұмысты  істеймін,  тек  жақсы  төлесе  болғаны  дегендей).  Алайда  адам 
оның  жеке  ерекшеліктеріне  жауап  бермейтін  немесе  оған  жай 
ұнамайтынымен  шұғылданатын  жұмыста  жоғары  нәтижелерге  жете 
алмайды.  Одан  басқа,  ақшаға  айырбасталған  уақыты  мен  күштерін 
«өмірінен алып тастайды», ондай адам өзін бақытты сезінуі екіталай.    
Мұндай  қателіктің  тағы  бір  себебі  –  өзінің  қабілеттері  мен 
қызығушылықтарын  білмеу.  Өзін  қандай  да  бір  жұмыста  байқап 
көрмей,  ол  жұмыс  ұнайды  ма  және  бұл  жұмыс  қолынан  жақсы  келеді 
ме, оны айту қиын. Әрине, тиісті білім алмай тұрып жеке тәжірибесінде 
жұмысты байқап көру мүмкін емес.  
Бірақ  мұндай  жағдайда  оған  жанама  белгілер  бойынша  икемдігі 
туралы  жорамалдауға  болады:  нақты  салаға  қызығушылығы,  сондай 
мамандардың  қызметі  туралы  ақпаратты  белсенді  алу  ықыласы,  ол 
мәліметтерді түсіну және есте сақтау жеңілдігі.    
Кәсіп  таңдау  мәселесінде  құзыретті  емес  адамдардың 
пікірлеріне құлақ салу.   
Көптеген  біздің  отандастарымыз  кеңес  беруді,  оның  ішінде  «кім 
болам»  мәселесіне  қатысты  ақыл  айтуды  жақсы  көреді.  Дегенмен, 
кәсіби  өзін  өзі  анықтау  сияқты  маңызды  салада  негізделген 
ұсыныстарды  тек  бірнеше  жағдайлар  сәйкес  келгенде  ғана  беруге 
мүмкін.     
Бұл  айтылып  жатқан  мамандықтың  ерекшеліктерін,  сонымен 
қатар,  еңбек  нарығындағы  жағдайларды  білу;  таңдаушының  жеке-


20 
 
психологиялық  ерекшеліктерін  білу;  кәсіби  өзін  өзі  анықтау 
кезеңдерінде  пайда  болатын  психологиялық  мәселелердің  мәнісін 
түсіну.  
Бұл  туралы  не  арнайы  дайындығы  бар  кәсіпқой  (психолог, 
жұмыспен  қамту  қызметінің  қызметкері),  не  болмаса  сізді  жақсы 
білетін  және  өз  тәжірибесінде  белгілі  кәсіптер  топтамасымен  таныс 
адам дәлірек талқылайтыны түсінікті.    
Мамандық таңдау кезіндегі қателіктер.  
1.  Кәсіпті беделді адамдардың кеңестері негізінде таңдау.  
   
Сіздің әкеңіз, анаңыз, туыстарыңыз, әрине, олардың пікірлерінше, 
барлық  жақсылықтарды  тілейді.  Олар  Сізді  және  Сіздің  отбасыңызды 
әрдайым  азықтандыратын  мамандықты  таңдауыңызға  көмектесуге 
дайын. Дегенмен, жақын адамдар өздерінің жеке тәжірибесіне негізделе 
отырып,  кеңес  береді.  Ал  сен  басқа  уақытта  тәрбиеленген  және  өмір 
сүретін мүлде басқа адамсың.     
2. Алыс келешектегі еңбек нарығының өзгеруін есепке алу. 
Қызметтің  кез  келген  саласында  адам  біліктілігінің  өсуіне  қарай 
қызметтердің,  жұмыстардың  ауысуы  болады.  Сонымен  бірге,  кім 
бастапқы сатылардан жақсы өткен болса, сол барынша табысқа жетеді. 
Еңбек нарығындағы жағдайларды талдаңыз. Жыл сайын барынша жаңа 
кәсіптер пайда болып жатқанына көңіл аударыңыз.  
Әрдайым 
біліктілікті 
арттырып 
отыруға,  аралас  кәсіптерді  меңгеруге  үнемі 
дайын 
болыңыз. 
Сіздің 
қазіргі, 
11 
сыныптағы 
таңдауыңыз, 
Сіздің 
тағдырыңызды 
анықтайтынынан 
қорықпаңыз. Бағытты өзгерту, жаңа қызмет 
саласын  меңгеру  Сізді  кәсіп  түйісінде 
қажетті,  бағалы  маман  етеді.  Бірінші  кәсіп, 
тіпті Сіз кейін айнып және қандай да бір тартымдылауын тапсаңыз, ол 
кездейсоқ  жағдайларда  қажетіңізге  жарайды.  Мысалы,  бірінші 
экономикалық білімі заңгерге (өзінің екінші білімі) кәсіпорынның қиын 
қаражат әрекетіндегі мәселелерді шешуге көмектеседі.   
3. Кәсіптің мәртебесі.  
Ырымшылдық  қарапайым  өмірлік  іс-  әрекетке  кедергі  болуы 
мүмкін.  Қоғамдағы кейбір маңызды кәсіп (мысалы: қабыршы) әдепсіз, 
қасиетсіз жұмыс деп санайды.  
Басқа  мысал.  Адамдарға  темір  ұстасы  немесе  социологқа 
қарағанда  экономист  немесе  инженердің  пайдасы  аздау.  Одан  басқа 
кәсіптің  беделдігі  Сіздің  қызығушылық  пен  ерекшеліктеріңіз  есепке 
алынған болса жақсы.   
Әйтпесе  Сізді  қанағаттандырмайтын,  бірақ  «сәнді»  мамандыққа 
ие  (егер  болсаңыз)  боласыз.  Немесе,  негізгі  жұмыс  қызметтерін 


21 
 
орындауға  жарамай  қаласыз.  «Сәнді»  атақ  Сізбен  зәрлі  әзіл  ойнағысы 
келіп, еңбек нарығында тәжірибесіз маман керек болмай қалуы мүмкін: 
мысалы – кризиске қарсы басқарушы.  
4.  Достардың таңдауының әсерімен мамандық таңдау 
Біз  кәсіпті  киім  және  аяқ  киім  таңдағандай,  өзіміздің 
«талғамымыз»  және  «мөлшерімізге»  қарап  таңдаймыз.  Топ  сезімі, 
қатарларына  қарау  –  жоғары  сынып  жасындағы  балалардың  өте 
позитивті  ерекшеліктері.    Олар  қоғамда  өзін  өзі  ұстау  нормаларын 
игеру,  «Мен»  образын  және  өзін  бағалауын  қалыптастыру  үшін  керек. 
Сондықтан да басқаларға қараған кезде сол немесе басқа обрызын жай 
көшірмелемей, өзіңізді достарыңызбен салыстырыңыз.  
Достарыңыздан  қандай  айырмашылығыңыз  және  қандай 
ұқсастығыңыз  бар  екенін  көруге  тырысыңыз.  Бұл  белгілі  жағдайларда 
шешім  қабылдауға  көмектеседі.  Мысалы,  егер  Сіздің  досыңыз  әскери 
оқу орнына барса (ал ол – тәуекелшіл адам) – онда Сізге мұны істеудің 
қажеттігі болмайды – кәсіп ұнамай қалуы мүмкін (Өйткені Сіз өте сақ 
және парасатты адамсыз).   
5.  Белгілі  бір  мамандық  иесіне  қатынасты  сол  кәсіпке 
ауыстыру. 
Маман  таңдаған  кезде  ең  алдымен  Сізге  сол  жұмыспен 
шұғылданатын  адам  ұнайтын  немесе  ұнамайтынына  қарап  емес, 
кәсіптің ерекшеліктерін есепке алу керек.  
Әсіресе  оқытушының  әсемдігі  қауіпті.  Егер  Сізді  әдебиетшінің 
шыншылдығы  сүйсіндіретін  болса  –  ол  Сізге  «жинақтамадан»  тыс 
әдебиет өздігінен ұнайды деген сөз емес. Одан басқа, балалар көбінесе 
пір  тұтатын  адамының  –  тележүргізуші,  саясаткер,  журналист,  әртіс 
кәсібін меңгеруге тырысып қателік жасайды.  
6.  Кәсіптің  тек  қандай  да  бір  сыртқы  немесе  ішкі 
тараптарына қызығу. 
Сахнадағы  әртістің  бейнені  жеңіл  орындауының  ар  жағында 
күнделікті  қиын  еңбек  тұрады.  Ал  журналистер  әрдайым 
телехабарларда  сөз  сөйлемейді  –басқа  біреу  дауыстайтын  (телевизия 
дикторы)  10  минуттық  хабарламаны  дайындау  үшін  олар  көптеген 
адамдармен 
әңгімелеседі, 
мұрағат, 
сайттардағы 
бұқаралық 
ақпараттарды іздейді.    
7.  Мамандықты  мектептегі  оқыту  пәнімен  байланыстыру 
немесе осы түсініктерді айыра алмау. 
Нұсқалардың біреуін қарастырайық. Шет ел тілдері деген сияқты 
пән  бар,  ал  тілге  қабілетті  қажет  ететін  кәсіптер  көп  –  аудармашы, 
экскурсия  жетекшісі,  халықаралық  байланыс  телефоншысы  және  т.б. 
Сондықтан  кәсіп  таңдау  кезінде  бұл  пәннің  арқасында  қандай  нақты 
мамандық тұрғанын есепке алу керек.  
Ол үшін тек қана профессиограмма жасап немесе сөздік үйреніп 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   55




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау