Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет5/55
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55

13 
 
 
 
 
Қосымша  білім  беру  педагогінің  балаларға  кәсіби  кеңес  беру 
кезеңдерінің әрқайсысы түрлі сипатқа ие.   
Бірінші  кезеңде  мамандық  таңдауға  дайындық  тұлғаның 
жағымды  қасиеттері  мен  өзін-өзі  бағалауын  дамытусыз  мүмкін  емес. 
Сонымен  бірге,  кәсіби  кеңес  беру  ең  алдымен  дамыту  сипатына  ие. 
Егер  балада  әлдеқашан  оның  икемділіктеріне  жауап  беретін 
қызығушылықтар  қалыптасқан  болса,  онда  қосымша  білім  беру 
педагогінің міндеті оны әрекетке бағыттау болып табылады.    
Екінші кезеңде кәсіби бағдарлау ұсынымдамалық сипатқа ие және 
мынадай  негізгі  міндеттерді  шешеді:  таңдалған  кәсіп  талаптарына 
денсаулықтың  сәйкестігі,  сол  кәсіпті  игеруге  тұлғаның  психологиялық 
дайындығы,  еңбектің  мазмұны  мен  сипаты,  арнайы  білім  алу 
мүмкіндігі,  кәсіби  дайындығы  және  жұмысқа  орналасуы  туралы 
анықтамалық ақпарат. Осы міндеттерге сәйкес кәсіби кеңес берудің үш 
кезеңі  болады:  психологиялық-педагогикалық,  медициналық  және 
анықтамалық.  
Психологиялық-педагогикалық  кеңес  жүргізу  үшін  қосымша 
білім  беру  педагогтері  балалардың  алдын-ала  жеке  тұлғалық  кәсіби 
диагностикалық  мәліметтерін  қолданады.  Медициналық  кәсіби  кеңес 
беруді  адамға  кәсіп  талап  ететін  өзінің  денсаулығы  мен  талаптары 
жағдайынан  шыға,  жасөспірімге  өз  бетінен  дұрыс  кәсіп  таңдауына 
мүмкіндік  беру  үшін  алдын  ала  өткізеді.  Бұл  жұмыс  дәрігердің  және 
басқа да медициналық қызметкерлердің қатысуымен жүзеге асады.      
Кәсіби  кеңес  берудің  үшінші  кезеңі  баланың  тікелей  жұмысқа 
немесе  кәсіби  оқу  мекемесіне  түсуімен  байланысты.  Оны  тағы  да 
қалыптастырушы  деп  атауға  болады,  өйткені  бұл  кезеңдегі  негізгі 
1. Даярлық кәсіби кеңес 
беру балаларды саналы 
түрде мамандық таңдауға 
алып келуі керек,  бұл 
жұмыс үйретудің барлық 
кезеңі бойы жүргізіледі. 
2. Қорытынды кәсіби кеңес 
берудің мақсаты -
балалардың 
психофизиологиялық 
ерекшеліктері мен 
икемділіктеріне,  
қызығушылықтарына 
сәйкес мамандық 
таңдауына көмек көрсету. 
Бұл кеңесті 8-11 
сыныптарда мектеп 
мұғалімдерімен бірлесе 
қосымша білім беру 
педагогтері жүргізеді. 
3.  Анықтаушы кәсіби кеңес 
беру ЖОО-да, 
колледждерде, 
кәсіпорындарда жиі жүзеге 
асырылады. 


14 
 
міндет  -  жас  адамның  кәсіби  таңдауында  бекемделуіне  көмектесу. 
Қосымша  білім  беру  педагогінің  көмегімен  жас  адамдар  оқу 
мекемесінде  үйренуге  дайындалуда  өз  қызметтерінің  келешектегі 
жағдайларымен танысады немесе тікелей жұмысқа тұруға көмектеседі.   
Қосымша  білім  беру  педагогінің  кәсіби  бағдарлау  мідеттерін 
шешуде  қолданатын нысандары мен әдістері   
Қосымша білім беру педагогінің кәсіби ағарту, оның ішінде кәсіби 
насихаттау  және  ізінен  кәсіби  үгіттеу  бойынша  жұмысын  жоспарлау 
алдын  ала  кәсіби  диагностикамен  сәйкес  келеді.  Тек  осындай  тәсілдің 
негізінде  балалармен  мамандық  таңдауға  саналы  қатынасты 
қалыптастыруға  бағытталған  тиісті  жұмыс  жүргізуге  болады.    Осыған 
байланысты, кәсіби ағарту - белсенді процесс, балалардың тікелей сол 
процесске  қатысып  ақпарат  алуын  талап  ететін  осындай  жұмыс 
әдістеріне көбірек сүйену керек.  
Қосымша білім беру педагогінің кәсіби ағарту бойынша жұмысы 
жағымды  нәтижелерге  ие  болуы  үшін  ол  үлкен  педагогикалық 
ептілікпен және әдіспен өткізілуі керек. Ел және қоғамға қажеттілігі бар 
кәсіптерге бағдарлай отырып, қосымша білім беру педагогі осы кәсіпке 
деген қызығушылығын жоғалтуға алып келетіндіктен, қысымнан алшақ 
болуы  керек.  Кәсіби  ағарту  бойынша  жұмыста  қосымша  білім  беру 
педагогінің  басшылыққа  алатын  басты  қағидаты  -  өмірмен  байланыс. 
Осыған  байланысты,  қосымша  білім  беру  педагогінің  осы  саладағы 
жұмысының негізгі бағыттарын атауға болады:  
кәсіби  ағартушылық  балаларда  ел,  салалар,  кәсіпорындар, 
кәсіптер  туралы  толық  көпжоспарлы  көзқарасты  қалыптастыруды 
көздейді; 
кәсіби  ағарту  бойынша  жұмыс  жүргізу  барысында  жалпы  білім 
беру  және  кәсіби  оқыту  орындарының  бар  екенін,  қалыптасқан  еңбек 
дәстүрлерін, осы экономикалық ауданның түрлі салаларын дамытудағы 
бағыттарын есепке алу қажет;  
балаларды 
кәсіби 
ағарту 
нақты 
кәсіптерге 
шынайы 
қажеттіліктеріне негізделуі керек;   
мамандық  әлемімен  таныстыруды  жастардың  ерекшеліктері  мен 
икемділіктері, кәсіби қызығушылықтарымен және жас адамдардың осы 
ерекшеліктерінің  даму  серпінділігімен  тығыз  байланыстыру  керек. 
Кәсіби ағарту бойынша жұмыстың мазмұны балалардың жасы, жынысы 
бойынша құрамын есепке алуы керек.    
Қосымша білім беру педагогінің кәсіби ағарту жұмысында сұхбат 
маңызды  орынға  ие.  Оларды  қандай  да  бір  кәсіппен,  ұқсас  кәсіби 
топтармен,  адам  үшін  оны  дұрыс  таңдау  мәнділігі  мәселелерімен 
танысуға  арнауға  болады.  Сонымен  бірге  сұхбат  тақырыбы 
оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  жауап  беруі  және  балаларды 
қызықтыратын бір топ мәселелерді қамтуы керек.     


15 
 
 
Сұхбат барысында балалардың кәсіптермен танысу жоспары  
 
 
 
Мұндай  сұхбаттарды  қосымша  білім  беру  педагогі  кәсіби 
бағдарлау орталықтарында, жалпы білім беру мектептерінде, қосымша 
білім беру ұйымдарында өткізе алады. 
Қосымша  білім  беру  педагогінің  кәсіби  бағдарлау  көмегінің 
негізгі ұйымдастыру нұсқалары.  
1.  Қосымша  білім  беру  ұйымы  кездесулер,  ойындар,  саяхат 
түрінде оқыту дәрістерін өзі өткізеді.  
2.  Қосымша  білім  беру  педагогі  нақты  мектепте  жұмыс  істейді 
және тек сол мектептің оқушыларымен жұмыс жүргізеді.  
3. Қосымша білім беру педагогінің нақты мектепте негізгі базасы 
(кабинет) болады, бірақ бірнеше жақын мектептерге қызмет жүргізеді.  
4. Сырттай кәсіби бағдарлау көмегі, мысалы, хат жазысу арқылы 
(жеткіншек  пошта  арқылы  сауалнаманың  бланкісін  қабылдайды,  өз 
жауаптарын  жолдайды,  содан  соң  оған  нәтижелері  мен  ұсынымдар 
жолданады).  Қазіргі  уақытта  компьютерлік  техниканың  енгізілуіне 
байланысты (көбінесе «Ғаламтор» жүйесі) кең келешегі ашылуда.   
5. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көмек (арнайы хабарлар 
1.
Мамандық
туралы
жалпы
мәліметтер:
осы
кәсіпке
байланысты,
негізгі
мамандар, кәсіпті дамыту үдерісі мен
қысқаша
тарихи
очерк,
кәсіп
қолданылатын
ұйым
және
кәсіптің
қысқаша сипаттамасы
2. Кәсіптің өндірістік мәні:
ғылыми-техникалық үдерістегі кәсіптің
рөлі мен орны, оның келешегі; еңбек өнімі
және қаражаты, мәні; еңбек әрекетінің
(қызметі) сипаты мен мазмұны; еңбекті
механизациялау және автоматтандыр у
көлемі; моралды қасиеттері, осы кәсіп
маманының жалпы және арнайы білімі
мен
білігі;
басқа
мамандықтармен
байланысы (өзара қатынас)
3. Жұмыс шарты және адамға кәсіптің
талабы:
еңбектің санитарлық-гигиеналық шарты;
денсаулық және жасына талап; жақсы
жұмысшының
ерекше
қасиеттері,
адамның
психологиялық
және
физиологиялық ерекшеліктеріне арнайы
талаптар,
жауапкершілік
деңгейі,
қиыншылық
мінезі,
шығармашылық
элементтері;
арнайы
шарттар:
жұмысшының
өмір
салтына,
оның
тұрмысына кәсіптің әсері; экономикалық
шарттар: еңбекті ұйымдастыру, төлем
жүйесі, демалыс
4. Кәсіпке дайындық жүйесі:
кәсіпті
игеру
жолдары,
курстар,
колледждер, ЖОО; кәсіби дайындықтың
еңбек әрекеті және оқумен байланысы;
осы кәсіп бойынша бастапқы білім,
білікті,
дағдылар,
кәсіби
білімдердің
көлемі
мен
деңгейі;
кәсіби
өсудің
келешегі;
кәсіппен
танысуды
қайда
жалғастыруға болады


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау