7
Қосымша білім берудің заманауи педагогінің қызметі еңбек
нарығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдай, оның қажеттілігі мен
мүмкіншілігін есепке ала отырып, жұмысбастылықтың қолайлы түрін
таңдауда және кәсіби өзін өзі анықтауында адамға көмек көрсетудің
арнайы шараларының кешенін өткізу, сонымен қатар табиғи дарынын
қолдау мен дамыту, өскелең ұрпақтың кәсіпқойлы қалыптасуы туралы
қоғамды қамқорлау түрінде көрсететін дұрыс кәсіби бағдарды
қамтамасыз ету үшін, мақсатына жетуге ықпал ететін жұмыстың
түрлері және әдістерін игеруі, жаңа интерактивті әдістер, ақпараттық
технологияларға негізделуі керек.
Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты – қосымша білім беру
бағдарламаларын іске асыратын педагогтердің кәсіби бағдарлау
жұмысын жүйелі ұйымдастыру, кәсіби бағдарлау жұмысының жаңа түрі
мен мазмұнын іздеу, сонымен қатар кешенді жүйе құру және оны
міндетті ведомствоаралық негізде ұйымдастыру.
8
Қосымша білім беру жүйесін қалыптастыру жағдайында
оқушыларды кәсіби бағдарлау
Кәсіби бағдарлау – бұл тұлғалық ерекшеліктерді есепке ала
отырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы еңбек нарығында
мектеп оқушыларына кәсіби өзін өзі анықтауына және жұмысқа
орналасуына көмек көрсетуге бағытталған ғылыми негізделген іс-
шаралар жүйесі.
Балаларға қосымша білім беру – көпқырлы тұлға тәрбиелеудегі,
оның біліміндегі, ерте кәсіби бағдарлануындағы маңызды бөлім.
Балаларға қосымша білім беру саласы алуан түрлі, түрлі бағдарланған,
көп вариативті.
Балаларға қосымша білім берудің құндылығы жалпы білім
берудің вариативті құрамдас бөлігін күшейтеді және балаларға кәсіби
өзін өзі анықтауына көмектеседі, базалық құрамда алынған білімдерін,
күштерін жүзеге асыруға ықпал етеді.
Балаларға қосымша білім беру балалық шағын толыққанды өткізу
үшін балаға жағдай жасайды. Егер бала әлеуметтік маңызы бар
міндеттерді шешіп, өзін өзі жүзеге асырып, тіпті қызметтің кәсіби
өрісіне шығып, толыққанды өмір сүрсе, онда оның есейген шағында
қатесіз таңдау жасауына, үлкен нәтижелерге жетуіне көптеген
мүмкіндігі болады.
Балаларға қосымша білім берудің негізгі мазмұны – тәжірибеге
бағдарланған қызмет: мұнда бала іздеу жағдайында өзі әрекет етеді,
мәдени ескерткіштермен, табиғатпен, еңбек нысандарымен және т.б.
өзара әрекеттен білім алады; балаға қоршаған ортадан өзі білім алуы
керек кезінде жағдайлар жасалады. Балаларға қосымша білім беру –
бірыңғай шығармашылық жағдайы, себебі балаға өз жолын табуға
түрткі болады.
Бала қосымша білім беру саласында өмірдің ең маңызды мәнін
ұғынады – өмірдің мағынасын және болу мүмкіндігін іздейді. Және де
әрбір жаңа балаларға қосымша
білім беру ұйымдарының ашылуы
балалардың амандығы кеңістігін
ұлғайтады.
Қазіргі
заманның
балаларына енді бала тұлғасының
қалыптасуына
мектеп
монополиясы жайлы түсініктер
өзгергенін түсіндірудің қажеттігі
жоқ; балаларға қосымша білім
беру ұйымдарының беделі өсуде,
олардың
білім
алу
әлеуеті
кеңеюде; «ыңғайсыз» (қалыпсыз)
9
балалар өздеріне жаңа орындар табуда.
Жеке тұлғаға бағдарлау негізінде қосымша білім беру
ұйымдарында балаларды кәсіби бағдарлаудың табыстылығы келесі
педагогикалық шарттар арқылы қамтамасыз етіледі:
Табиғи және мәдени сәйкестілік, пәнаралық байланыстар, жеке
тұлғаға бағдарланған технологиялар қағидаттарын есепке алу және
жүзеге асыру.
Белгіленген шарттарды сақтау тәрбиеленушілерге жеке қорларын
дамыту мен қалыптасуда, табуда көмек көрсететін, олардың табысты
кәсіби өзін өзі анықтауын қамтамасыз ететін; келешектегі кәсіпті
саналы түрде таңдауға дайындығын дамыту үшін нақты тұлғаның,
елдің, өңірдің сыртқы мәдени жағдайларын; тәрбиеленушілердің
жыныстық және жас ерекшеліктерін және жеке мүмкіндіктерін жүзеге
асыру мен есепке алу жолымен кәсіби бағдарлаудың табыстылығын
қамтамасыз етеді.
Оқушыларды кәсіби бағдарлау жұмысы қосымша білім беру
ұйымы жағдайында ақпараттық-ағарту, диагностикалық, кеңес беру
және оқыту бағыттары бойынша жүргізіледі.
Ақпараттық-ағарту бағыты. Бұл бағытты іске асыра отырып,
қосымша білім беру ұйымдары нақты-үгіттік нысанда мамандықтар
әлемін ұсынады, осы немесе басқа кәсіптің түрлі тараптары бойынша
дәрістер
топтамасын
дайындайды. Олар оқушылардың
көңілін тақырыптық көрмелерге
аударады, психологиялық және
жас ерекшеліктерін есепке ала
отырып, олардың сұранымдары
бойынша
қажетті
әдебиетті
таңдайды, арнайы қор бөлімін
қалыптастырумен шұғылданады.
Бұл бағыттың мақсаты –
балаларда кәсіптің негізгі тұрпатының барынша айқын және нақты
кейпін құру. Бұл келешекте ең саналы және байыпты таңдау жасауға
көмектеседі.
Диагностикалық бағыт. Бұл бағыт екі жоспарда жүзеге
асырылады: өзін-өзі тану, баланың белгілі кәсіптің мәнмәтінінде өзінің
жеке қасиеттерін зерделеуі; кәсіптік таңдауда ескерілетін осы немесе
басқа да кәсіптік маңызды сапалар және басқа да ресурстарды
білдірудің деңгейін анықтау, өз мүмкіндіктерін бағалау.
Бұл бағытты дамытуда қосымша білім беру ұйымдарына
қандайда бір кәсіптік маңызды қасиеттерді дамыту деңгейін анықтауға
көмектесетін, әртүрлі сауалнама және сынақтамалар жиынтығын
қолдану пайдалы болушы еді. Олар бойынша сынақтаманы сауатты
Достарыңызбен бөлісу: |