Республиканский учебно-методический центр дополнительного образования



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет6/55
Дата14.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#12281
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55

16 
 
топтамасы, мерзімді басылымдардағы айдарлар...).  
Әрине ең жақсы нұсқаны бөліп алуға болмайды, себебі барлығы 
нақты  жағдайларға  тәуелді.  Дұрысы  түрлі  нұсқаларды  бірін-бірі 
толықтыру  және  қоса  атқаруға  ұмтылу.  Дәл  осы  жағдайда  кәсіби 
бағдарлау жұмысының жүйелілігі туралы айтуға болады.         
Қосымша  білім  беру  педагогінің  кәсіби  бағдарлау  жұмысын 
ұйымдастыруды  әрқайсысының  өз  міндеттері,  құралдары  мен 
әдістері бар үш кезеңге бөлуге болады. 
Кәсіби бағдарлаудың бірінші кезеңіне 4-6 сынып оқушыларымен 
жұмыс 
жатады. 
Бұл 
кезеңнің 
міндеттері 
– 
балалардың 
қызығушылықтары  мен  икемділіктерін,  алғашқы  кәсіби  ниеттерін 
анықтау;  кәсіби  өмірлік  жолын  таңдаған  жағдайда  адамгершілік, 
саналы  және  еңбек  сипатының  негіздерін  тәрбиелеу  болып  табылады. 
Бұл  міндеттерді  шешу  үшін  түрлі  институттар  мен  кәсіпорындарға 
экскурсия  жүргізу;  мамандық  таңдау  жөніндегі  телехабарларды 
талқылау; мамандық таңдаудың  маңыздылығы және т.б. туралы сұхбат 
жүргізу  ұсынылады.  4-6  сынып  оқушыларымен  кәсіби  бағдарлау 
бойынша  үлгі  жұмыс  жоспары  оқушының  жеке  тұлғасын  зерттеу; 
мамандық  таңдау  және  т.б.  тақырыптарға  сұхбат  өткізуін  енгізуі 
мүмкін.      
Балалармен  кәсіби  бағдарлау  бойынша  жұмыстың  екінші  кезеңі 
келесі  міндеттерді  шешеді:  өз  қабілетін  іздеуге  көмек  көрсету; 
келешектегі кәсібімен терең танысуында оқушыларға көмек беру; өзін-
өзі дұрыс бағалауы, кәсіби идеалын қалыптастыру. Бұл жеке сұхбаттар, 
«Сирек  ұшырасатын  кәсіптер»  тұсаукесері,  мектеп  түлектерімен 
кездесу; таңдаған кәсібі бойынша сайттарды қарау және т.б. өткізумен 
жеткізіледі. 7-8 сынып балаларымен кәсіби бағдарлау бойынша үлгілік 
жұмыс  жоспары  олардың  жеке  басын,  қызығушылықтары  мен 
қабілеттерін,  сонымен  қатар  нақты  әрекетке  икемділігін  үйренуді 
қарастырады.     
Үшінші  кезең  (9-10-11  сыныптар)  –  бұл  мектеп  оқушыларының 
кәсіби өзін өзі анықтау кезеңі. Бұл кезеңде келесі міндеттер шешіледі: 
таңдаған кәсібі бойынша тәжірибелік әрекетін ұйымдастыру; икемділігі 
мен  қабілетін  тексеру  және  оларды  әрі  қарай  дамыту;  тұрақты  кәсіби 
қызығушылығын 
қалыптастыру; 
қажетті 
кәсіби 
ептіліктерді 
қалыптастыру  бойынша  балаларды  өз  бетінше  жұмыс  істеуге 
ынталандыру; жеке кәсіби құндылықтарды қалыптастыру.    
 9-11 сыныптар үшін үлгі жұмыс жоспарына келесі нысандар мен 
әдістерді  енгізуді  ұсынамыз:  жеке  сұхбаттар;  назарын  кәсіптің  тек 
жақсы  тараптарына  ғана  емес,  оның  қиыншылықтарына  да 
акценттеумен  кеңестер;  «Кәсіп  әлемінің  алуан  түрлілігі»  мамандықтар 
фестивалі,  «Кәсіпке  суреттеме»  компьютерлік  тұсаукесерлер  байқауы, 
«Мамандықтар  әлемінде»  тренингті  дәрістер,  профессиограмма  әдісі 


17 
 
«Мамандықтар анатомиясы», Үздік кәсіби бағдарлау жобасы, болашақ 
кәсіпқой – оқушылардың үздік портфолиосы байқауы. 
 
Кәсіби бағдарлау бойынша сұхбат: «Қаптағы мысық, немесе кәсіп 
таңдаудағы әдеттегі қателіктер» 
 
Мақсаты: 
түлектердің 
кәсіп 
таңдау 
кезінде 
жасайтын 
қателіктерімен оқушыларды таныстыру және өз өмірлерінде қателіктер 
жасамауға көмектесу.  
Мамандық туралы толық ақпаратсыз кәсіп таңдау 
Әрі  қарай  білім  алу  жоспары  немесе  жұмысқа  орналасу  туралы 
ойлайтын  жастардың  көпшілігі,  мамандықтардың  қандай  болатыны 
және  оның  өкілдері  немен  айналысатыны  туралы  өте  аз  біледі. 
Нәтижесінде балалар қаптағы мысық таңдау жағдайында қалады. 
Мамандықтың  немесе  басқа  кәсіптің  сізге  тура  келетінін  талдай 
келе,  дұрысы  бірінші  кезекте  оның  өкілдерінің  әдеттегі  жұмыс  күні 
қалай  болатыны,  олар  нақты  қандай  әрекетке  қанша  уақыт  бөлетіні 
туралы  ақпаратты  табу  керек.  Маңыздысы  кәсіптің  атауында  емес,  ал 
нақты және қандай жағдайларда жұмыс істеу керектігінде.    
Мынадай мәселелерді де ойлау өте маңызды. Мамандық адамның 
бейімділіктеріне қандай талаптар қояды және оны меңгеру үшін қандай 
деңгейдегі  дайындық  қажет,  ол  мамандықты  қайдан  алуға  болады, 
мамандықта  карьералық  өсу  келешегін  береді  ме  және  олар  нақты 
немен байланысты, ол кәсіп еңбек нарығында талап етіледі ме.    
 
Тек  мәртебелі  және/немесе  табысты  сияқты  белгілерге 
бейімделу    
 
Мәртебелі  кәсіпті  өздігінен  табыс  көзі  ретінде  қарастыру  көп 
таралған  қателік  болып  табылады  –  бұл  адам  осы  мамандық  иесі 
болғандықтан, ақша өзінен өзі келеді деп ойлаудан келеді.  Бұл жерде 
келесіні түсіну керек.  
Біріншіден,  еңбекақы  кәсіп  үшін  емес  қызмет  атқарғаны,  яғни 
қайсыбір  ұйымның  нақты  қызметтерін  орындағаны  үшін  төленеді. 
Әрине,  түрлі  саладағы  қызметтің  табыс  деңгейінің  әлеуеті  әр  түрлі, 
бірақ  мұнда  ең  алдымен  мәселе  мамандықта  емес,  адамның  жұмыс 
орнында, оның мәртебесінде, шеберлік деңгейінде, еңбек нарығындағы 
ұсыныс пен сұраныс балансында.     
Екіншіден,  мәртебелі  деп  саналатын  мамандықтар  шынында 
міндетті  түрде  табысты  бола  бермейді.  Өйткені  бұл  мамандықпен 
айналысқысы  келетін  адамдар  қажеттілікке  қарағанда  көбірек  болады. 


18 
 
Мысалы,  соңғы  жылдарда  білікті  жұмысшылардың  орташа  табыс 
деңгейі  заңгерлер  мен  экономистерге  қарағанда  жоғары,  дегенмен  бұл 
мамандарды оқытуға конкурстарды салыстырыңыз...    
Бұдан  басқа  «мәртебелі»  деген  түсініктің  өзі  аса  біркелкі:  ол 
қарым-қатынас  өрісіне  тәуелді  (мәртебелі  ретінде  еңбек  түрінің 
әрқайсысы  түрлі  адамдардың  көзіне  әр  түрлі  болып  көрінеді)  және 
уақытқа қатысты едәуір тез өзгереді.  
Оқыту пәнімен мамандық арасына теңдік белгісін қою. 
Мектеп  оқушыларының,  тіпті  студенттердің  кең  таралған 
қателіктері  «әдебиет  ұнайды,  демек  әдебиетші  боламын»  қағидаты 
бойынша талқылап, қандай да бір кәсіби сала және оқыту пәні арасына 
теңдік белгісін қою болып табылады.       
Бірақ  бұл  қандай  мамандық  деп  сұрауға  рұқсат  етіңіз? 
Көркемөнер әдебиетінің авторы ма? Әрине, негізінде осындай нұсқа да 
болуы мүмкін, бірақ әңгіме басқа да көптеген кәсіби әрекеттер туралы 
болуда. Редактор, корректор, тіл және әдебиет оқытушысы, аудармашы, 
филология саласындағы ғылыми қызметкер болуы мүмкін. 
Бұлардың  барлығы  әртүрлі  мамандықтар,  және  олардың 
өкілдерінің  әрекеттері  оқушылардың  әдебиет  сабағында  орындайтын 
қызметке ұқсамайды.    
Бұл  талқылау  басқа  да  оқыту  сабақтарына  қатысты.  Олар 
мамандықты  емес,  ал  негізін  меңгеру  керек  болатын,  оның  ішінде 
кәсіби қалыптасу үшін белгіленген білім саласын ұсынады.    
Нақты  мамандық  иесіне  -  адамға  деген  қатынасты  кәсіпке 
аудару.  
Егер  бізге  нақты  бір  адам  ұнаса  немесе  ұнамаса,  ол  еш  уақытта 
оның  мамандығының  сипаты  болып  табылмайды  және  бізге  онымен 
шұғылдану  керектігін  айғақтамайды.  «Жақсы  адам»  -  ол  кәсіп  емес. 
Әрине  оған  ұқсағың  келеді,  бірақ  ол  жеке  тұлғаның  қадір-қасиеті  мен 
еңбекке  деген  жалпы  қатынасына  қатысты,  ал  нақты  әрекеттің  түріне 
қабілеттілікті ауыстырмайды.       
Ал  егер,  керісінше,  бізге  қандай  да  жағымсыз,  өзінен  бездіретін 
біреу кезіксе? Кейде бұл жағдай оның кәсібінен де алшақтатуы мүмкін: 
«Оған  ұқсағым  келмейді».  Бірақ,  келісіңіз,  дәл  сол  жағдайда  тура 
қарама-қайшы шешім болуы мүмкін: «Мен ол сияқты емес, керісінше, 
осы кәсіптің жақсы өкілі боламын»! 
Демек,  кімге  қалай  еліктеу,  сонымен  қатар  кәсіби  таңдаудағы 
жауапкершілікті шешу бәрібір өзімізге байланысты.      
Кәсіпті «біреумен бірге» таңдау. 
Шын 
мәнінде, 
бұл 
ұстанымның 
арқасында 
жеке 
жауапкершіліктен  кетіп,  шешім  қабылдау  тұр.  Бірақ  кейде,  мұндай 
таңдау  табысты  болуы  мүмкін  –  өйткені  серіктестікте  көбінесе 
қабілеттіліктері  мен  қызығушылықтары  айтарлықтай  деңгейде  сәйкес 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау