13
Қосымша білім беру педагогінің балаларға кәсіби кеңес беру
кезеңдерінің әрқайсысы түрлі сипатқа ие.
Бірінші кезеңде мамандық таңдауға дайындық тұлғаның
жағымды қасиеттері мен өзін-өзі бағалауын дамытусыз мүмкін емес.
Сонымен бірге, кәсіби кеңес беру ең алдымен дамыту сипатына ие.
Егер балада әлдеқашан оның икемділіктеріне жауап беретін
қызығушылықтар қалыптасқан болса, онда қосымша білім беру
педагогінің міндеті оны әрекетке бағыттау болып табылады.
Екінші кезеңде кәсіби бағдарлау ұсынымдамалық сипатқа ие және
мынадай негізгі міндеттерді шешеді: таңдалған кәсіп талаптарына
денсаулықтың сәйкестігі, сол кәсіпті игеруге тұлғаның психологиялық
дайындығы, еңбектің мазмұны мен сипаты, арнайы білім алу
мүмкіндігі, кәсіби дайындығы және жұмысқа орналасуы туралы
анықтамалық ақпарат. Осы міндеттерге сәйкес кәсіби кеңес берудің үш
кезеңі болады: психологиялық-педагогикалық, медициналық және
анықтамалық.
Психологиялық-педагогикалық кеңес жүргізу үшін қосымша
білім беру педагогтері балалардың алдын-ала жеке тұлғалық кәсіби
диагностикалық мәліметтерін қолданады. Медициналық кәсіби кеңес
беруді адамға кәсіп талап ететін өзінің денсаулығы мен талаптары
жағдайынан шыға, жасөспірімге өз бетінен дұрыс кәсіп таңдауына
мүмкіндік беру үшін алдын ала өткізеді. Бұл жұмыс дәрігердің және
басқа да медициналық қызметкерлердің қатысуымен жүзеге асады.
Кәсіби кеңес берудің үшінші кезеңі баланың тікелей жұмысқа
немесе кәсіби оқу мекемесіне түсуімен байланысты. Оны тағы да
қалыптастырушы деп атауға болады, өйткені бұл кезеңдегі негізгі
1. Даярлық кәсіби кеңес
беру балаларды саналы
түрде мамандық таңдауға
алып келуі керек, бұл
жұмыс үйретудің барлық
кезеңі бойы жүргізіледі.
2. Қорытынды кәсіби кеңес
берудің мақсаты -
балалардың
психофизиологиялық
ерекшеліктері мен
икемділіктеріне,
қызығушылықтарына
сәйкес мамандық
таңдауына көмек көрсету.
Бұл кеңесті 8-11
сыныптарда мектеп
мұғалімдерімен бірлесе
қосымша білім беру
педагогтері жүргізеді.
3. Анықтаушы кәсіби кеңес
беру ЖОО-да,
колледждерде,
кәсіпорындарда жиі жүзеге
асырылады.
14
міндет - жас адамның кәсіби таңдауында бекемделуіне көмектесу.
Қосымша білім беру педагогінің көмегімен жас адамдар оқу
мекемесінде үйренуге дайындалуда өз қызметтерінің келешектегі
жағдайларымен танысады немесе тікелей жұмысқа тұруға көмектеседі.
Қосымша білім беру педагогінің кәсіби бағдарлау мідеттерін
шешуде қолданатын нысандары мен әдістері
Қосымша білім беру педагогінің кәсіби ағарту, оның
ішінде кәсіби
насихаттау және ізінен кәсіби үгіттеу бойынша жұмысын жоспарлау
алдын ала кәсіби диагностикамен сәйкес келеді. Тек осындай тәсілдің
негізінде балалармен мамандық таңдауға саналы қатынасты
қалыптастыруға бағытталған тиісті жұмыс жүргізуге болады. Осыған
байланысты, кәсіби ағарту - белсенді процесс, балалардың тікелей сол
процесске қатысып ақпарат алуын талап ететін осындай жұмыс
әдістеріне көбірек сүйену керек.
Қосымша білім беру педагогінің кәсіби ағарту бойынша жұмысы
жағымды нәтижелерге ие болуы үшін ол үлкен педагогикалық
ептілікпен және әдіспен өткізілуі керек. Ел және қоғамға қажеттілігі бар
кәсіптерге бағдарлай отырып, қосымша білім беру педагогі осы кәсіпке
деген қызығушылығын жоғалтуға алып келетіндіктен, қысымнан алшақ
болуы керек. Кәсіби ағарту бойынша жұмыста қосымша білім беру
педагогінің басшылыққа алатын басты қағидаты - өмірмен байланыс.
Осыған байланысты, қосымша білім беру педагогінің осы саладағы
жұмысының негізгі бағыттарын атауға болады:
кәсіби ағартушылық балаларда ел, салалар, кәсіпорындар,
кәсіптер туралы толық көпжоспарлы көзқарасты қалыптастыруды
көздейді;
кәсіби ағарту бойынша жұмыс жүргізу барысында жалпы білім
беру және кәсіби оқыту орындарының бар екенін, қалыптасқан еңбек
дәстүрлерін, осы экономикалық ауданның түрлі салаларын дамытудағы
бағыттарын есепке
алу қажет;
балаларды
кәсіби
ағарту
нақты
кәсіптерге
шынайы
қажеттіліктеріне негізделуі керек;
мамандық әлемімен таныстыруды жастардың ерекшеліктері мен
икемділіктері, кәсіби қызығушылықтарымен және жас адамдардың осы
ерекшеліктерінің даму серпінділігімен тығыз байланыстыру керек.
Кәсіби ағарту бойынша жұмыстың мазмұны балалардың жасы, жынысы
бойынша құрамын есепке алуы керек.
Қосымша білім беру педагогінің кәсіби ағарту жұмысында сұхбат
маңызды орынға ие. Оларды қандай да бір кәсіппен, ұқсас кәсіби
топтармен, адам үшін оны дұрыс таңдау мәнділігі мәселелерімен
танысуға арнауға болады. Сонымен бірге сұхбат тақырыбы
оқушылардың жас ерекшеліктеріне жауап беруі және балаларды
қызықтыратын бір топ мәселелерді қамтуы керек.