46
тұратын кезде аса маңызды.
Жұмыс беруші алдымен әлеуетті қызметкердің өмірбаяны мен
сауалнамасына назар аударады. Бұл үдерістің қандай ерекшеліктерін
есепке алу қажет?
· Толтыруға сауалнама алған кезде 2 дана сұраңыз. Біреуі сізге
черновик ретінде керек болады; сауалнаманың аяқталған нұсқасы
мінсіз, қатесіз және жаңылыссыз толтырылған болуы керек.
· Толтырылмаған бірде бір графаны қалдырмаңыз. Егер
жауаптардың сізге қатысы болмаса «жоқ», «болмаған», «болмады» және
т.б. жауап беру керек. Бұл сіздің бірде бір сұрақты өткізіп
жібермегеніңізді түсіндіреді.
· Егер кейбір сұрақтар айтқыңыз келмейтін ақпараттарға қатысты
болса (мысалы, сотталған туралы), шындықты жазғаныңыз дұрыс
болады. Ондай мәліметтерді тексеру оңай, оның ашылғаны сізге
жағымды болмайды.
· Сауалнамадағы мамандық бойынша сіздің біліктілігіңізге
қатысты, тіпті басқа саладағы да (факс, компьютер қолдана білу) бағалы
ақпаратты жазып қоюға тырысыңыз.
· Егер сізді жалдаушы ұйым сауалнамаңызды оқып, сізге
қызығушылық танытса, сұхбаттасуға шақырады. Оған дайындалған
кезде жүріс-тұрыс стратегиясын таңдау қажет. Сұхбаттасуда сіздің
сұрақтар және жауаптарыңыздың ортасында бірінші орында жалақы
емес, сіз жұмысқа орналасып жатқан ұйым немесе фирма болуы керек.
Сұхбаттасу барысында:
· Алғашқы жағымды әсер қалдыруға тырысыңыз.
· Байсалдылық сақтаңыз, еркін отырыңыз.
· Анық және нық сөйлеңіз. Шаштарыңызды, әшекейлерді
түрткілемеңіз, қолыңызды қапсырмаңыз.
· Бұлтыртпай жауап беріңіз. Қысқа жауап бермеңіз, бірақ тым көп
сөйлемеңіз.
2. Түйіндеме құрастыру.
Қатысушылар келесі сызба бойынша түйіндеме құрастырады:
А.Ж.Ә.
Жасы.
Білімі.
Қалайтын бос лауазым.
Жұмыс тәжірибесі.
Сіздің дағдыларыңыз бен біліктеріңіз.
Сіздің мықты және әлсіз жақтарыңыз.
3. «Жұмысқа орналасамыз» сюжетті-рөлдік ойын.
Топтан 2 еріктілер шығады. Біреуі жұмысқа орналасатын болады,
екіншісі – сұхбаттасу өткізеді.
4. Кері байланыс.
47
14-ЖАТТЫҒУ.
Қатысушыларға келесі сауалнаманы толтыру ұсынылады.
Тренингте не ұнады?
Тренингте не ұнамады?
Сіз өзіңізді жақсы тани бастадыңыз ба?
Кәсіп таңдауда анықталдыңыз ба?
Мұндай тренингтік бағдарлама керек пе, ол кәсіп таңдауға
көмектеседі ме?
Жүргізуші және қатысушылар тренинг нәтижелері туралы
пікірлер алмасады.
48
1-қосымша
«Халың қалай?» әдісіне әзіл сұрақтар тізбесі
Сіз үшін өмірде не маңызды?
1. Көлік («мерседес») немесе денсаулық (күш, шыдамдылық)?
2. Шет елдік достар (бай адамдар) немесе жұмысшы достар
(қарапайым адамдар)?
3. Сұлулық (сүйкімділік және сәнді киім) немесе шығармашылық
жұмыс (маңызды бірдеңе құру мүмкіндігі)?
4. Бассейні бар вилла немесе оқымысты достар (мұғалімдер,
инженерлер)?
5. Автокөлік («вольво») немесе сұлулық (сүйкімділік, қымбат
киімдер)?
6. Италияда демалу (сәнді қонақ үйі, валютаға толы қалта) немесе
торта балықпен сыра (жай адамдармен сөйлесу)?
7. Әртіс достар (ақындар, журналистер) немесе қауіпті оқиғалар
(азартқа толы өмір)?
8. Сұлулық (сүйкімділік, әдемілік) немесе құмарта сүю (сіз үшін
өмірін беруге дайын)?
9. Құдайға сену (жан тыныштығы) немесе қауіпті оқиғалар
(барлық күйзелістер, оқиғалар)?
10. Бассейні бар вилла немесе әртіс достар (богема)?
Өз таңдауыңыз бойынша кез келген жоғарыда көрсетілген 10
құндылықтардың кез келген 1-не балл қосыңыз, ал кез келген
құныдылықтың біреуінен 1 балл алып тастаңыз.
11. Шет елдік достар немесе сіз өзіңіз ғашықсыз ба (мәртебелі,
бірақ жанның жауапсыз екпіні).
12. Жұмысшы достар (қарапайым адамдар) немесе қауіпті
оқиғалар (өмір азарты)?
13. Италиядағы демалыс (сәнді қонақ үй, көп валюта) немесе сізді
құмарта сүйеді (сіз үшін өмірін беруге дайын)?
14. Денсаулық (күш, шыдамдылық) немесе шығармашылық
жұмыс (ғажап жаратылыс құру мүмкіндігі)?
15. Тортамен және балықпен сыра (қарапайым адамдармен
сөйлесу) немесе сіз өзіңіз ғашықсыз (мәртебелі, бірақ жанның жауапсыз
екпіні)?
16. Автокөлік («ситроен») немесе шығармашылық жұмыс (өз
дарынын көрсету мүмкіндігі)?
17. Бассейні бар вилла немесе денсаулық?
18. Сізді құмарта сүйеді немесе сіз өзіңіз ғашықсыз?
19. Италиядағы демалыс немесе Құдайға сену (жан тыныштығы)?
20. Әртіс достар (богема) немесе жұмысшы достар (қарапайым
адамдар)?
49
Өз таңдауыңыз бойынша кез келген жоғарыда көрсетілген 10
құндылықтардың кез келгеніне 1 балл қосыңыз, ал кез келген
құныдылықтың біреуінен 1 балл алып тастаңыз.
21. Шет елдік достар (ақшамен) немесе оқымысты достар
(ақылды және зиялы, бірақ ақшасыз)?
22. Бассейні бар вилла (өте қымбат және жақсы) немесе торта
балықпен сыра (сырлы сұхбаттар)?
23. Әртіс-достар (барлық елге танымал) немесе Құдайға сенім
(жанды тазарту)?
24. Бассейні бар вилла (сәнді және бай!) немесе шығармашылық
жұмыс (шындықты, сұлулықты тану мүмкіндігі)?
25. Италиядағы демалыс (ақ желкендер, қираған үйінділерге
саяхат) немесе сіз өзіңіз ғашықсыз (сіздің жаныңыз қиналады және
рахаттанады)?
26. Жұмысшы достар (қарапайым адамдар) немесе Құдайға сенім
(күнәлардан арылту)?
27. Автокөлік («тойота») немесе оқымысты достар (қызықты,
білімді адамдар)?
28. Шет елдік достар (кәсіпкерлер) немесе сұлулық (сіздің
тылсым әдемілігіңіз)?
29. Денсаулық немесе торта балықпен сыра (ешқандай ойсыз)?
30. Сізді құмарта сүйеді (сіз үшін бәріне дайын) немесе Құдайға
сенім (Құдайдың қатысуымен бақыт)?
Өз таңдауыңыз бойынша кез келген жоғарыда көрсетілген 10
құндылықтардың кез келгеніне 2 балл қосыңыз, ал кез келген
құндылықтың біреуінен 2 балл алып тастаңыз.
31. Сіз өзіңіз ғашықсыз (жақсы көретін адамыңыз үшін бәріне
дайынсыз) немесе қауіпті оқиғалар (ұмытылмас кезеңдер мен әсерлері)?
32. Автокөлік («форд») немесе жұмысшы достар (өте қарапайым,
бай емес адамдар)?
33. Әртіс достар (суретшілер, ақындар) немесе сұлулық (әсемдік,
сәнді киімдер, косметика)?
34. Шет елдік достар (Еуропа, Америка) немесе торта балықпен
сыра (әйелдер мен жастардың құрметтеуі)?
35. Оқымысты достар (тәрбиелі және білімді) немесе Құдайға
сену (тазалану және сиыну)?
36. Денсаулық немесе сізді қатты сүйеді?
37. Италияға демалыс немесе қауіпті оқиғалар?
38. Оқымысты достар немесе жұмысшы достар?
39. Шығармашылық жұмыс (өзін қандай да бір маңызды іске
асыру мүмкіндігі) немесе сіз өзіңіз ғашықсыз (өзіңізді бақылаудан
қаласыз, оның есесіне бақыттысыз)?
40. Бассейні бар вилла немесе сізді қатты сүйеді?
Достарыңызбен бөлісу: |