Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



жүктеу 8,24 Mb.
Pdf просмотр
бет45/219
Дата19.11.2018
өлшемі8,24 Mb.
#21110
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   219

101 

 

 



«Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты 

бағыты»атты  Елбасы  Нұрсұлтан  ӘбішұлыНазарбаевтың  2012  жылғы  27 

қаңтардағы 

Қазақстанхалқына 

Жолдауында 

мектепоқушыларының 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту  мақсатында  бес  жылдық  ұлттық 

жоспарды қабылдау міндеті қойылды. 

Осы  міндетті  жүзеге  асыру  барысында  оқушыларының  функционалдық 

сауаттылығын  дамыту  жӛніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  Ұлттық 

жоспардың мақсат, міндеті нақтыланып жасалды. 

Ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын 

дамыту  үшін  тӛмендегідей  кешенді  жоспар  жасалды.  Олар:  мазмұндық,  оқу-

әдістемелік, материалдық-техникалық іс-шаралар кешені. Бұл кешен Қазақстан 

Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп 

оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  барысында  жасалатын 

іс-шаралардың  мақсаттылығын,  біртұтастығын  және  жүйелілігін  негізге  ала 

отырып дайындалған. 

«Функционалдық  сауаттылық»  ұғымы  ӛткен  ғасырдың  60-жылдары 

ЮНЕСКО  құжаттарында  пайда  болды  және  кейіннен  қолданысқа  енді.  

Функционалдық сауаттылық – мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын, 

адами  іс-әрекеттердің  әр  түрлі  салаларында  сондай-ақ  тұлға  аралық  қарым 

қатынастарды ӛмірлік міндеттерін шешу үшін пайдалану болып табылады. ХХI 

ғасырдың  жан-жақты,  зерделі,  дарынды,  талантты  адамдарды  қалыптастыруда 

білім  беру  мәселесі,  оның  оқыту  жүйесін  заман  талабына  сай  үйлестіре  алу 

міндеті  туындап,  жаңа  талаптар  қойылуда.  Соған  орай  ұстаздардың  алдында 

тұрған  міндет:  табысты  және  әрекетке  дайын  қабілетті,  әлеуметтік  рӛлін 

сезінетін  құзырлы  тұлғаны  қалыптастыру.    Тұлға  құзыреттілігін  дамыту  – 

ұстаздың  құзыретті  тәсілдерді  меңгертуі,  білім  беру  мазмұнын  жетілдіруі.  Ол 

үшін  балаға  субьект  ретінде  қарап,  оқу  ісіне  ӛзінше  қызықтыратын,  оған 

қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек.Оның бастысы-оқу үдірісін жаңаша 

ұйымдастыру,  оқушының  оқудағы  іс-әрекеті  арқылы  ойлау  дағдысын 

жетілдіру,  ӛз  бетінше  білім  алу,  әрекет  ету.  Мақсатқа  жету  оқушының  ӛзі 

арқылы  іске  асады.  Мұғалім-  бағыт  беруші,  ұйымдастырушы.  Мектеп 

бітірушінің  негізгі  құзыреттілігі  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

дамыту  жӛніндегі  2012-2016 жылдарға арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспарында 

оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  нәтижесі  ретінде 

белгіленіп, мынадай түрлерге бӛлінген: 

-  басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті) 

-  ақпараттық  (  ӛзіндік  танымдық  қызметке  қабілетті  немесе  ӛмір  бойы 

білім ала білуі) 

-  коммуникативтік  (қазақ,орыс  және  ағылшын  тілдерінде  ауызша, 

жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілетті) 

-  әлеуметтік (әлеуметтік ӛзара іс-қимыл жасауға қабілетті) 

-  тұлғалық  (ӛзіндік  іске  асыру,  ӛзін-ӛзі  жетілдіру,  ӛмірлік  жіне  кәсіби 

ӛзін-ӛзі анықтау, тӛзімді болу қабілеті) 




102 

 

-  азаматтық  (қазақстандық  сана-сезім  мен  мәдени  ұқсастық  негізінде 



ӛзінің отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті) 

-  технологиялық  (тиімді  пайдалану  деңгейінде  технологияларды,  оның 

ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті) 

Бұл  құзыреттіліктер  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын 

құраушысы  болып,  оқушының  әртүрлі  ӛмірлік  салаларда  тиімді  ӛмір  сүруге 

мүмкіндік беретін дағдылары мен қабілеттерін қамтамасыз етеді.  

Жалпы функциональдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, 

адамдардың  (жеке  тұлғаның)  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық 

қызметтерге  белсене  араласуы  және  ӛмір  бойы  білім  алуына  ықпал  ететін 

базалық  факторы.  Яғни  бүгінгі  жаһандану  дәуіріндегі  заман  ағымына  қарай 

ілесіп отыруы. Сонымен, функциональдық сауаттылық адамның мамандығына, 

жасына  қарамастан  үнемі  білімін  жетілдіріп  отыруы.  Мұндағы  басшылыққа 

алынатын  функциональдық  сапалар:  белсенділік,  шығармашылық  тұрғыда 

ойлау,  шешім  қабылдай  алу,  ӛз  кәсібін  дұрыс  таңдай  алуға  қабілеттілік,  т.б. 

Яғни,  жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан  республикасының 

зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын  қалыптастыру, 

оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін 

білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудың  тиімді  тетіктерін  мектеп 

тәжірибесіне  жедел  және  жүйелі  енгізу  үшін    Б.Блумның  «Толық  меңгеру 

теориясы», сондай-ақ нәтижеге бағдарланған педагогикалық технологиялардың 

бірі –сын тұрғысынан ойлауды оқып-үйрену енгізілуде.  

Блум  таксономиясы  бір  ізбен  реттелген  мақсаттар  жүйесі  арқылы 

оқушылардың білім деңгейлерін, шығармашылық деңгейге жетуді ұсынады. 

 

Мақсаттар жүйесі 



Оқушылардың когнитивті іс-әрекеті 

Білу  


Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері 

Түсіну  


Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді 

Қолдану  

Алған білімді қолданады 

Талдау  


Білімді жай қабылдамайды, талдайды,саралайды, 

салыстырады 

Жинақтау  

Алған білімнен жаңа ӛнім жасап шығарады 

Бағалау  

Ӛз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады. 

 

Сыни  тҧрғыдан  ойлау  әдісі  –  оқушыларды  ӛз  ойын  еркін  жеткізуге, 

шығармашылығын  дамытуға  қолайлы  жағдай  жасайды,  оларды  бірігіп  жұмыс 

істеуіне,  бірлікке,  ұжымдыққа  тәрбиелейді.  Сонымен  қатар  оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту  нәтижесі  ретінде  белгіленген  түрлерін 

іске асыруда мол септігі бар. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін тӛмендегі 

шарттар орындалу тиіс:  

1)  сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек 

2)  оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру 

3)  әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау 



жүктеу 8,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау