Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



жүктеу 8,24 Mb.
Pdf просмотр
бет48/219
Дата19.11.2018
өлшемі8,24 Mb.
#21110
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   219

108 

 

- білім беру мен оқыту жүйесінің түсініктілігі; 



- кәсіби білім мен оқытудың базалық мәдени компоненті; 

- білім беру мен оқыту формаларының вариативтілігі; 

- оқытудың блоктық-модулдық жүйесі. 

Дарынды  балалармен  жұмыс  жүргізудегі  мұғалімдердің  кәсіптік 

дайындығы бойынша оқыту әдістемеде бес негізге арқа сүйейді.  

Бірінші  негіз  –  оқушылармен  жеке  жұмыс  жасау,  әр  оқушыға  жеке  әдіс 

қолдану. 

Екінші негіз – оқушылардың ӛзіндік жұмысы.  

Үшінші  негіз  –  оқушылар  жеке  жоба  жасағанда  балама  оқулықтарды 

пайдалануға шек келтірмеу. 

Тӛртіншісі – мұғалімнің шығармашылық ойын толық іске асыру. 

Бесінші негіз – мұғалімнің оқушыға жеке кеңес беруі. 

Оқушылардың  білімінің  мемлекеттік  стандарт  талаптарына  сәйкестігін 

бақылауды  ұйымдастырудың  бір  түрі  –  тестік  бақылау  жүйесі.  Ол 

оқушылардың ӛз бетінше жұмыс әрекетін арттырып, оқытудың тиімділігіне қол 

жеткізіп, ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін белсендіреді. Осыларға қоса 

оқушылардың  білімдеріндегі  олқылықтарды  анықтап,  уақытты  тиімді 

пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Тест  тапсырмаларын  мұғалім  ӛз  қалауынша 

тақырып,  тарау  бойынша  құрайды.  Бірақ  тестердің  кӛмегімен  оқушылардың 

шығармашылық  дәрежесін  бақылау  мүмкін  емес.  Толық  педагогикалық 

мақсатқа жету үшін оқу үрдісінде тестерді тексерудің барлық басқа түрлерімен: 

тәжірибелік, семинар сабақтары, реферат, баяндама әзірлеу арқылы оқушының 

нақты даярлық дәрежесін кӛре аламыз. Дегенмен бір сыныптағы оқушылардың 

―ӛзара  жолдастық  кӛмегі‖  нәтижесінде  білімдері  субъективті  бағалануы  да 

мүмкін. 

Педагогикалық  мәдениет  негізінде  ашылатын  ғылыми-зерттеушілік 

мәдениетке  ғалымдар  мен  практиктер  дидактикалық  қайта  құрулар  мен  жаңа 

ағарту парадигмаларына жаңа қатынаспен қарауда. 

Педагогикалық  басылымдарда  ағарту  парадигмасы  мәдениетті  тұлғаны 

интелектуалды  дамытудың,  мектептерді  инновациялық  демократиялық  қайта 

құрудың  моделі  ретінде  қарастырылады.  Олай  болса,  зерттеушілік 

мәдениеттілікті 

меңгерген 

оқытушы 


педагогиканың 

философиялық 

негіздерімен методологияның қазіргі түсінігімен, педагогикалық зерттеулердің 

методологиясымен  толық  танысқан  болу  керек.  Тек  қана  педагогиканың 

методологиясы ғылыми-зерттеумен практикаға  база ала алады. 

Соңғы  еңбектердің  ішінде,  осы  проблема  және  кәсіби  мамандар  

даярлауда  Н.Д.Хмель  концепциясына  тоқталуға  болады.  Ол  ғылыми 

мәдениеттің  мотивациялық,  мазмұндық,  процессуалдық  ӛлшемдерін  ұсынады. 

Ғылыми  зерттеу  жұмысы  мақсатына  орай,  кәсіби  даярлық  деңгейі-оқытушы 

тұлғаның  тұтас  біліктілігі  ғылыми  зерттеу  жұмысына  дұрыс  кӛзқарас,  тұтас 

педагогикалық  жүйесінің  мәнін  түсінуі,  педагогика  методологиясы  мен 

педагогикалық зерттеулердің әдістемесін меңгеруі. 

Мұғалімдердің  зерттеушілік  мәдениетін  қалыптастырудың  ғылыми-



109 

 

қолданбалы алғы шарты ретінде – мектептегі ғылыми-әдістемелік орталықтар, 



мұғалімнің еңбектерін зерттеу, тарату, педагогикалық нұсқауларды практикаға 

енгізу. 


Сонымен,  оқытушының  зерттеушілік  мәдениетін  анвариантты  құраушы 

тұтас  педагогикалық  рдісті  меңгеруге  даярлық  (БПП),  ғылыми-зерттеушілік 

жұмысқа  даярлық  (ҒЗЖ),  педагогикалық  рефлексияға  даярлық,  ӛзіндік 

рефлексия. 

Мұғалімнің  ғылыми-зерттеушілік  вариативті  құрылымы:  мектепте 

ғылыми-әдістемелік  жұмысты  ұйымдастыруға  даярлық,  педагогикалық  іс-

тәжірибені  тарату  және  пайдалану,  педагогикалық  ғылыми-зерттеуді 

практикада  игеру,  инновациялық  –  дидактикалық  әрекет,  ғылыми-зерттеуге 

даярлық. 

Олай  болса,  ғылыми-зерттеушілік  мәдениет  иерархиясын  мына  кестеге 

енгізуге  болады:  рационализаторлық  –новаторлық  инновациялық-ғылыми 

тәжірибе.  Мұғалімнің  ғылыми-зерттеушілік  деңгейінің  жоғары  шегі  –  кәсіби-

зерттеушілік іс-әрекет. 

Қорыта  айтсақ,  мұғалімнің  зерттеушілік  мәдениеті-педагогикалық 

құндылықтар  мен  ағарту  технологиясындағы  жаңалықтарды  меңгеру,  тарату, 

жасаудағы 

қажетті 

сапалар, 

оқытушының 

кәсіби-тұлғалық 

қасиеті, 

педагогикалық  фактілер,  құбылыстар,  үрдістер,  қорытындылар,  заңдар  мен 

заңдылықтар,  теориялар  мен  болжамдарын  құру,  осы  негізде  жаңа  және  жеке 

инновациялық-дидактикалық іс-әрекетті дамыту, жасау, мақсатты ӛзара әрекет 

пен ерекше қабілет. 

Қазіргі қоғамымыздың әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, рухани 

ӛміріндегі  ӛзгерістер  адамгершілік  құндылықтарды,  оның  ішінде  адам 

мәдениетін түбегейлі қайта қарастыруды қажет етеді. Әсіресе, адамның адамға 

қатынасын  ізгілендіру  проблемасының  әлем  деңгейінде  кӛтерілуінде 

мәдениеттің маңызы зор. ―Мәдениет‖ ұғымы зерттеу аясы кең ғылыми ұғымдар 

қатарына  жатады.  Мысалы  қазіргі  кезде  мынадай  терминологиялық 

түсініктерге назар аударуға болады: 

- қарым-қатынас; 

- экономикалық мәдениет; 

- этникалық мәдениет; 

- ғылыми-зерттеушілік мәдениет. 

Адам  ӛмірінің  алтын  бесігі  –  мектеп  ұрпақ  ойын  қалыптастыратын 

шеберхана.  Ол  –  халықтың  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасқан  адамгершілік  ізгі 

қасиеттерін  жас  жеткіншек  бойына  сіңіретін  орта.  Егемендік  алған  елімізде 

мектептің  философиялық  тамыры  тереңдеп,  міндеттер  жиынтығы  молайған 

тұсында  заман  талаптарына  сай  білім  беру  жүйесін  құру  керек.  Жазушы 

Мұхтар Әуезов: ―Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім‖ деп 

атап  кӛрсеткеніндей,  қай  елдің  болсын  ілгері  басуы  үшін  білім  қажет.  Рухани 

ұлттық  қажеттілікке  жараған  білім  –  ең  мықты  білім,  рухани  ұлттық  тәрбие 

нәрімен  сусындаған  ұрпақ  қана  –  болашақты  гүлдендіріп,  тәуелсіз  елді 

нығайтатын болады. Ата-бабадан қалған ӛшпес мұраны, мол қазынаны қабілеті 




жүктеу 8,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау