Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



жүктеу 8,24 Mb.
Pdf просмотр
бет42/219
Дата19.11.2018
өлшемі8,24 Mb.
#21110
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   219

94 

 

Соның  ішіндегі  ең  басты  проблема  шағын  комплектілі  мектептер  үшін 



мұғалімдер  дайындау  болып  табылады.  Ӛйткені  шағын  комплектілі 

мектептерде    сабақ  құрылымы  мұғалім  басшылығымен  және  ӛз  бетімен 

орындалатын 

жұмыстардан 

тұратындықтан, 

айтылған 

проблеманы 

оқушылардың  ӛзбетінше  орындайтын  жұмыстарын  дұрыс  әрі  ӛнімді 

ұйымдастыра білетін мұғалім  ғана шеше алады.  

Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  білім  беру 

қызметкерлерінің  Республикалық  кеңесінде  сӛйлеген  сӛзінде  шағын 

комплектілі  мектептерге  деген  қамқорлықтың  жетіспейтіндігі,  оларға  тиісті 

дәрежеде  кӛңіл  бӛлудің  қажеттігі,  шағын  комплектілі  мектептердің  ешқандай 

негізсіз  жабылып  жатқандығы,  мұғалім  кадрлардың  тұрақсыздығы  жӛнінде 

айтылған болатын. 

Статистикалық  мәліметтер  бойынша  соңғы  15  жылда  Қазақстанда 

олардың  саны  2  есеге  ӛсті. Жалпы  білім  беретін 7516  мектептің 4133-і  шағын 

жинақталған,  яғни  олар  республикадағы  барлық  мектептер  санының  54,9 

пайызын  құрайды.  Қабылданып  жатқан  шараларға  қарамастан  шағын 

жинақталған 

мектептердегі 

білім 


сапасы 

қанағаттанарлықсыз, 

жас 

мамандардың  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастыру  шеберлігі  жоқ,  жоғары 



педагогикалық оқу орындарында ШЖМ оқу процесін ұйымдастыру бағытында 

оқу пәндері қарастырлмаған.  

Шағын 

комплектілі 



мектепке 

қатысты 


айтылатын 

кӛптеген 

проблемалардың  мазмұны  да  кӛбінесе  оқу-тәрбие  процесін  ұйымдастыру 

жағдайы, мұғалімдердің біліктілігі мен қайта дайындау жүйесі, оқу-әдістемелік, 

материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуі және т.б. тӛңірегінде. 

Ақтӛбе  облысы  бойынша  жалпы  білім беретін  мектептердің  67-70  %-ын  

шағын комплектілі мектептер құрайтынын және жоғарыда аталған мәселелерді 

ескерсек, онда қазіргі кезде педагогикалық мамандар даярлайтын оқу орындары 

алдында  тек  жалпы  мектеп  мұғалімдерін  ғана  емес,  шағын  комплектілі 

мектептерде  де  ӛз  мәнінде  жұмыс  жасай  алатын  мамандар  даярлау  міндеті 

қойылып отырғаны түсінікті болар еді. 

Шағын  комплектілі  мектептердің  біріктірілген  сыныптарымен  жұмыс 

жасайтын  мұғалімнің  ең  негізгі  педагогикалық  міндеті  -  жалпы  білім  беретін 

мектептің бір сыныбымен ғана жұмыс жасайтын мұғалім сияқты оқу жоспары 

мен  бағдарламаны  жүзеге  асыру  болып  табылады.  Кӛпшілік  жағдайда  екі 

сыныпты қатар оқытқан кезде мұны толық мәнінде жүзеге асыру мүмкін емес, 

себебі оқушылармен тікелей жұмыс жасауға мұғалім уақытының тең жартысы 

ғана қалады деген проблеманы кӛтерушілер де бар.  

Шағын  жинақталған  мектептің  бәрінде  бірдей  мұғалім  үш  сыныпты 

немесе тӛрт сыныпты қатар оқыта бермеуі де мүмкін. Кей жерде бірінші, екінші 

немесе бірінші  мен екінші, сол секілді бірінші  мен үшінші сыныптар болады. 

Мұндай  жағдайда  мұғалімнің  қиыншылығын  жеңуге  қалай  кӛмектесу  керек? 

Сабақтың мазмұнды болуы оған мұғалімнің қалай дайындалуына байланысты. 

Шағын  комплектілі  мектептердің  кӛпшілігіне  тән  жағдай  бір  ғана  мұғалім 

басқаратын  жинақталған  сыныптардың  сабақ  процесі.  Мұндай  сабақты  ӛткізу 



95 

 

мұғалімнен  үлкен  шеберлік  пен  шығармашылықты  талап  етеді.Шағын 



комплектілі  мектептегі  оқыту  процесі  ӛзгеше.  Себебі,  мұғалім  бірнеше 

сыныппен  қатар  жұмыс  істейді  және  оқушылар  уақыт  басым  кӛпшілігінде  ӛз 

бетінше  жұмыс  істеуі  қажет.  Оқушылардың  ӛз  бетінше  орындайтын 

жұмыстары  –  олардың  ӛз  бетінше  білім  алуын,  тиісті  дағдыларды  меңгеруін 

қажет етеді. 

Сондықтан  сабақтарда  тек  білімдік  мақсаттарды  шешіп  қоймай, 

оқушылардың  жекелік  қабілеттерін,  қасиеттерін  дамытудың  жолдарын 

қарастырып,  белсенділігін,  ізденімпаздығын,  қызығушылығын  арттыру  қажет. 

Бұл  мәселелерді  шешуде  ӛз  бетінше  орындалатын  жұмыс  маңызды  роль 

атқарады. Ӛзіндік жұмыс – оқушы бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың 

ӛшуіне  жол  бермей  оның  рухани  күшін  нығайтып,  ӛмірден  ӛз  орнын  табуға, 

ӛзін-ӛзі  жетілдіруге,  ӛзін-ӛзі  тануға  мүмкіндік  береді.  Сондықтанда  ӛзіндік 

жұмыстар 

оқушы 


шығармашылығын, 

дербестігін, 

белсенділігін, 

қызығушылығын  ұштайтындай  болып  ұйымдастырылуы  керек.  Сонда  ғана  ӛз 

ӛміріне  ӛзгеріс  енгізе  алатын,  ӛз  бетінше  білім  негізін  меңгере  алатын  жеке 

тұлғаны  қалыптастыруға болады. 

Бұл  қасиеттерді  қалыптастыру  мұғалімнің  негізгі  міндеті.  Себебі  білім 

сапасы - мұғалімдер қызметінің сапасы.  Бүгінгі жаңа дәуірдің,  жаңарған елдің 

мұғаліміне қойылатын талаптың жүгі ауыр. Мұғалімдер бастауыш саты оқушы 

тұлғасы  мен  санасының  қарқынды  дамитын,  құнды,  қайталанбайтын  кезеңі, 

үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы екендігін үнемі естен шығармауы тиіс. 

Бұл  кезеңде  білім  берудегі  мақсат  -  бастауыш  сынып  оқушыларының 

ашылмаған  қабілетін  ашу,  әрі  қарай  дамыту,  пәнге  қызығушылығын  арттыру, 

қазіргі заман талабына сай білім беру. Ал, заман талабы - ӛзі ізденіп, ӛз бетімен 

білім негізін меңгере алатын, еркін, шығармашыл тұлға дайындау. 

Сондықтан  да  мұғалім  сабақ  берудің  әдістерін  үнемі  жетілдіріп,  оның 

түрлері мен тәсілдерін ӛзгертіп отырса, олардың сабаққа деген ынтасы артып, 

ізденімпаздық дағдысы жетіле түседі. 

Оқу-тәрбие  процесінде  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қарым-

қатынастың  атқаратын  ролі  ерекше.  Мұны  дұрыс  шешкен  мұғалім  ӛз 

оқушыларының  жүрегіне  жол  тауып,  олардың  ӛзі  оқытатын  пәнге  қызығуын 

арттырады. Біз күнделікті оқу-тәрбие процесінде оқушыға «бала» деп қарамай, 

оны    «адам»  деп  тануымыз  керек.  Оқушының  сырт  пішінінен,  ақыл-ой, 

білімділігі,  белсенділігі,  темпераменті,  мінез-құлқынан  байқалады.  Сондықтан 

да оқушылармен дұрыс қарым-қатынаста болу үшін осы ерекшеліктерді ескере, 

әртүрлі жұмыстар жүргізіледі. 

Республикада  оқыту  мазмұны  жаңартылып,  жаңа  буын  оқулықтарының 

негізін  де  жасалған  бағдарламалар  бастауыш  мектептің  жаңа  жүйеге  кӛшуін, 

әрбір  мұғалімнен  жаңаша  жұмыс  істеуін,  шығармашылық  ізденісін, 

оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыруды талап етеді. 

«ҚР-да  12  жылдық  білім  беру  жағдайындағы  шағын  жинақталған 

мектептерді дамыту тұжырымдамасы» (жоба, Алматы-2008.) негізінде: 

 

болашақ  мұғалімдерге  біріктірілген  сыныптарда  сабақ  ӛткізудің 




жүктеу 8,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау