86
Ертеңгі күннің бүгінгіден гӛрі мазмұнды да мәнді, нұрлы болуына ықпал
етіп адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш – білім.
Демек қай елдің болсын ӛсіп-ӛркендеуі, ӛркениетті дүниеде ӛзіндік орын
алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей
байланысты болмақ.
Осы тұрғыдан келгенде, қазіргі білім беру жүйесіндегі басты проблема –
білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді, жаңа әдістемесін іздестіру.
Мұндағы ең негізгі мақсат – жас ұрпақтың әр кезеңде үздіксіз білім алып,
ӛздігінен ізденіс негізінде білімін, шығармашылығын дамыта отырып, сын
кезеңінен алып шығатын ӛзгермелі ӛмірге бейімделуіне жағдай жасау.
Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту –
ӛмірдің ӛзі талап етіп отырған бүгінгі күннің объективті заңдылығы. Ендеше
қазіргі білім беру жүйесінің инновациялық процесс сатысынан ӛтпей дамуы
мүмкін емес.
Әрі бұл мәселелерді шешу – білім берудің ұлттық кеңістігінде де, жалпы
әлемдік кеңістікте де күрделі проблемалардың бірі.
Сондықтан
да
білім
беру
саласын
реформалаудың
ғылыми
методологиялық
негізі
–
әлемдегі
білім
беру
концепцияларының
(тұжырымдамаларының) ұстанымдары мен идеяларын басшылыққа алу болып
табылады.
Осыған орай, кезінде ЮНЕСКО институттарының белсенді араласуымен
«Үздіксіз білім беру тұжырымдамасы»
(бакалавриат магистратура
докторантура),
«Білім берудің кӛп мәдениеттік тұжырымдамасы» деп
аталатын методологиялық әрі саяси-әлеуметтік мәні зор тұжырымдамалар
жасалды. «Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын» ХХ ғасырдың баға жетпес
мәдени қазынасы деп атағандығын ғылыми еңбектерден кӛруге болады [1].
Себебі үздіксіз білім берудің жаңа ұстанымы еңбек пен білім алуды
оқытудың бүкіл барысында үзбей ұштастыруды, екінші жағынан, еңбек пен
білім алуды бүкіл ӛмір бойы алма-кезек ауыстырып отыруды міндеттейді.
Әрі ол еңбекті оқу, білім, ғылым, ӛндіріспен шынайы ұштастыруды
біртұтас білім беру жүйесінің барлық буындарынан талап етеді.
Осы
орайда,
Қазақстан
Республикасының
Президенті
Н.Ә.Назарбаев«Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты
жолдауында: « ... барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі
бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді
ауқымды жұмыс күтіп тұр», – дейді. Әрі Қазақстан жоғары оқу орындарына
үлкен міндеттер жүктей отырып: «ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген
мемлекет құрдымға кетері хақ. Бұл орайда Қазақстандағы жоғары оқу
орындарының міндеті – әлемдік стандартқа сай білім беру, ал олардан алынған
дипломдар дүние жүзі мойындайтындай болуы қажет», – деп атап кӛрсетеді.
Ал «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасында» білімге және оның сапасын жақсартуға жұмсалатын
инвестицияны дамыту негізінде Қазақстанға білім беруді түбегейлі
87
модернизациялау қажет екендігі айтылады [3,7]. Әрі аталған құжатта жоғарғы
оқу орындарының қызметін жоғары білім берудің әлемдік үлгісіне
сәйкестендіріп, академиялық ұтқырлықты қалыптастыру жүзеге асырылуға
тиісті міндеттердің бірі ретінде кӛрсетілген.
Соған сай ҚР МЖМБС-ның негізгі Ережелерінде мамандықтардың білім
беру бағдарламаларын Еуропалық білім кеңістігіне сай Дублин дескрипторлары
негізінде жоғары оқу орындары ӛздері құрастыра алады делінеді [4,5].
Ал біліктіліктің Еуропалық кеңістігі дегеніміз – бұл біліктілік пен оқыту
нәтижелерін үш циклда сипаттау,академиялық кредиттерді Еуропалық ӛзара
есепке алу жүйесінің кредиттер диапазонын құрау, студенттер мен түлектердің
шетелдік ұтқырлығын қалыптастыруды, біліктілікті халықаралық дәрежеде
танытуды, халықаралық деңгейде теңестіруді қамтамасыз ету.
Болон декларациясына қол қойған мемлекеттер арасындағы жоғары білім
беру бағдарламаларының ӛзара үйлесімділігі, кредиттерді есептеудің бір
жүйеде болуы білім алушылардың академиялық ұтқырлығына жол ашады.
Осыған орай, қазақстандық жоғарғы оқу орындарының халықаралық білім
мен
ғылым
кеңістігіне
интеграциялау
үрдісінде
студенттер
мен
оқытушылардың академиялық ұтқырлығына маңызды орын берілуде.
Академиялық ұтқырлық дегеніміз – бұл еліміздегі кез келген жоғары оқу
орындарында оқып жатқан білім алушының оқу орнын, оқу бағдарламасын,
профессор-оқытушыны еркін таңдауына мүмкіндік беру, оқу кезеңінің
аралығында білім алушының белгілі бір оқу бағдарламасын еліміздегі немесе
шет елдегі оқу орнында игеруге жағдай жасау. Бұл Болон процесінің
шеңберіндегі ең негізгі мақсаттардың бірі ретінде айқындалған.
Болон процесі – білім беру бағдарламасының негізгі тірегі. Сондықтан, білім
беру бағдарламасы еліміздің қарқынды индустриалды-инновациялық дамуына
үлес қосатын кадрларды дайындауға негіз болады.
Білім беру бағдарламасының құрылымы модульдеу, тіл табысу құзыреттілігі,
Дублин дескрипторлары, метарамкалар, кәсіби стандарттардан тұрады.
Білім беру бағдарламасын жасауғажұмыс берушілер, оқытушы-
профессорлар құрамы, студенттер қатысады. Бұл – жаңаша оқыту жүйесінің ең
басты жаңалығы.
Білім беру бағдарламасын жасаудың ұстанымдарына бағдарлама мазмұнына
сай таңдау компонеттеріне енгізілетін пәндерді анықтау, қажет ресурстарды
белгілеу, бағдарламаның нақты сипаттамасы (бағыт/профиль, мамандық) мен
мақсат-міндеттерін айқындау, жалпы және арнайы құзыреттіліктер терминдері
арқылы бағдарлама профиліне сәйкес келетін оқыту нәтижелерін белгілеу,
академиялық мазмұн мен құрылымды қалыптастыру және оны сипаттау, оқыту
бағдарламалары мен қорытындыларына сай келетін оқыту мен бағалаудың
әдістерін құрастыру, білім беру сапасын кӛтеру және қамтамасыз ету арқылы
тиісті баға жүйесін анықтау жатады.
Бағдарламаның мақсаты – білімді бағалау, студент құзыреттіліктерін кӛрсетуге
негізделген бағалаудың жаңа формаларын анықтау,іскерлік қызметін жүзеге
асыру мүмкіндіктері мен үдерістерін бағалау.