Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



жүктеу 8,24 Mb.
Pdf просмотр
бет139/219
Дата19.11.2018
өлшемі8,24 Mb.
#21110
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   219

295 

 

басқа  әрекетке  ауысуға  бағытталған  қысқа  ойындар  түрінде  жүргізіледі.  Осы 



тәсілді  қолдану  топта  жақсы  кӛңіл-күй  тудырады,  ұқыптылықты,  реакция 

жылдамдығын дамытады, ұжымға топтасуға ықпал етеді. «Жүректен-жүрекке» 

шеңбері  -  әдетте,  оқу  сабағын  аяқтайтын,  бір-бірімен  пікір  алмасу,  бір-біріне 

тілек айтуды қарастыратын және педагогтың әрбір баланың эмоционалдық жай-

күйін,  олардың  сабақ  тақырыбын  түсіну  дәрежесін  анықтауына  мүмкіндік 

туғызатын  әдістемелік  тәсіл.  «Үй  тапсырмасы»  -  баланың  сабақ  тақырыбына 

және  сабақта  меңгерген  білім,  іскерлік  және  дағдыларын  бекітуге 

қызығушылығын  арттыратын  тәсіл.  Балалар  үй  тапсырмасын  дәптерлеріне  ӛз 

бетінше  немесе  үлкендермен  бірге  орындайды.  Бұл  балалар  мен  үлкендердің 

бірін-бірі  жақсы  түсінуіне  септігін  тигізеді.  Қорыта  айтқанда,  «Ӛзін-ӛзі  тану» 

бағдарламасының  мазмұнында  ескеріліп,  кӛзделген  эмоционалдық  тұрғыдағы 

ауқымды  жүргізілген  алуан  түрлі  іс-әрекеттер  баланың  адамгершілік  рухани 

дамуының  негізін  қалауға  және  ӛмірлік  дағдыларын  қалыптастыруға  ықпал 

етеді. Бұл білім мектеп жасына дейінгі, мектеп жасындағы балалардың бойында 

ең  басты  қажеттілік  ӛзін-ӛзі  дамытушылық  қажеттілігін  қалыптастыруы  тиіс. 

«Ӛзін-ӛзі  тану»  бұл  тек  баланың  ӛзін  ғана  танып,  білуімен  ғана  шектеліп 

қоймайды,  оның  мазмұны  тереңде.  Сол  себепті  де  «Ӛзін-ӛзі  тану»  курсының 

бүгінгі  таңда  барлық  адамзат  үшін  маңыздылығы  ӛте  зор.  Біз  болашақта 

Қазақстан  Республикасын  ӛркениетті,  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына 

қосамыз  деп  үміт  етіп  отырған  халықпыз.  Президентіміз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаев  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің 

қатарына  кіру  стратегиясында:  -  «Білім  беру  реформасы  –  Қазақстанның 

бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса 

маңызды  құралдардың  бірі.  Бізге  экономикалық  және  қоғамдық  жаңару 

қажеттіліктеріне  сай  келетін  осы  заманғы  білім  беру  жүйесі  қажет»  деген 

болатын.  Сондықтан  сол  елдердегі  бар  жетістіктер  бізде  де  болуы  керек, 

ӛйткені жаңа ХХІ ғасыр – бәсеке ғасыры.  Қай қоғамда, қай мемлекетте болсын, 

қарым – қатынас адами құндылықтар, оның ішінде адамгершілік құндылықтар 

қалыптастыру  кез  –  келген  мектептің  міндеті  болса,  баланың  ӛзін  тануына, 

басқаны тануына, баланың болашақ дамуына «Ӛзін  - ӛзі тану» пәні зор ықпал 

етеді. 

 

Әдебиеттер:  



 

1.  Грейс Крайг. Психология развития.- М., 1997. 

2.  Райс.Ф. Психология подросткого и юношеского возраста. – СПб., 

2000. 


3.  Хрестоматия по возрастной и педагогичесеой психологии \ под.ред. 

И.П.Ильясова, В.Я.Ляудис. – М., 1980. 

4.  Аверин В.А. Психология детей и подростков. Уч.посбие 2- е изд.Спб 

1998. 


5.  Абрамова Г.С. Возрастная психология.Екатиринбург. 1999. 

6.  Абрамова Г.С. Психология человеческой жизни: исследования 

геронтпсихологии М., 2001. 



296 

 

7.  Мухина В.С. Детская психология. – М, 1999. 



8.  Выготский Л.С. Собр.соч.,:В 6 т. – М. 1982-84. 

9.  Гальперин. П.Я. ,Запорожец А.В., Карпова С.Н. Актуальные 

проблемы возрастной психологии. – М.МГУ., 1978. 

10. Леотьев А.Н. Избр.психол.произв.: В 2т. – М.1986. 

11. Кон И.С. Психология ранней юности. – М.: Просвещение.1989. 

12. Лисина М.И. Проблемы онтогенеза общения. –М. 1986. 

13. Мұқанов М.М: Жас және педагогикалық психология. – А.,1982. 

14. Эльконин.Д.Б. Психология игры.– М.: Педагогика.1978. 

 

 

 



ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДА 

ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ БІЛІКТІКТЕРІН АРТТЫРУ 

 

Шуюшбаева Н.Н., Алтаева Г.С., Танашева Н.К.  

Ш.Уәлиханов атындағы Кӛкшетау мемлекеттік университеті,Кӛкшетау қ.  

nn_shuish@mail.ru

 

 

Мақалада  физикадан  олимпиадалық  есептерді  шығаруда  оқушылардың 



білім  деңгейінің    жоғарылуы,  ӛлшем  бірлік  жүйелерін  білуі,  негізгі 

формулаларды  қолдана  білуі    олардың  логикалық  және  абстрактілі  ойлау 

қабілетіне  зор  ықпалын  тигізетіндігі  айтылған.    Сонымен  қатар  есептерді 

шығаруда  қолданылатын  алгоритмдер    мен  қажетті  нұсқаулықтар 

келтірілген.  

 

Физикадан  олимпиада  есептері—  мектеп  оқушыларына  әр  түрлі 



деңгейдегі  физика  олимпиадасы  кезінде  берілетін  қиындатылған  есептер  [1].  

Мектеп  физика  және  математика  курсының  стандарты  бойынша  білімді 

анықтауда  осы  есептердің  шешілуі  жеткілікті.  Есептердің  қиындығы  - 

ұсынылып отырған құбылысты «сезіне білу», түсіну және осы жағдайда оқыған 

заңдарының қайсысын қолдануға болатындығын анықтауда жатыр. Физикадан 

олимпиадада  кездесетін  есептерді  бірнеше  топтарға  бӛліп  кӛрсетуге  болады: 

формулаларды  қолдануға  арналған  есептер,  физикалық  мағынасы  мен 

заңдардың  қолданылуына  байланысты  есептер,  ешқандай  мәні  берілмеген 

есептер, құбылысты толығымен сезінуге арналған есептер.  Әртүрлі логикалық 

ой  операциялары  мен  іс-әрекеттің  түрлі  амалдарына  үйретуде  оқушылар 

бойында  ізденушілік,  тапқырлық  қабілеттері  қалыптасып,  физикалық 

түсініктердің  мазмұны  тереңдейді.  Есептердің  қолайлы  іріктеліп,  таңдалып 

алынуы  оқушыларды  әртүрлі  физикалық  құбылыстар  мен  заңдылықтар 

арасындағы логикалық байланысты ойлап табуға итермелейді, оқу материалын 

кӛзсіз  жаттап  алудан  сақтандырады,  физикалық  ситуацияларды    талдау 

біліктілігін  қалыптастырады  және  есептерді  шешудің  түрлі  амалдарын  

бойларына сіңіреді. 



жүктеу 8,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   219




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау