Рельстік көлік құралдарын техникалық пайдалану қағидалары Жалпы ережелер


Метрополитеннің басқармасы ретінде осы Ережеде метрополитеннің директоры, бас инженер, пайдалану бойынша директордын орынбасары және пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бас ревизор ұғынылады



жүктеу 2,24 Mb.
бет2/12
Дата15.05.2018
өлшемі2,24 Mb.
#13629
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Метрополитеннің басқармасы ретінде осы Ережеде метрополитеннің директоры, бас инженер, пайдалану бойынша директордын орынбасары және пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі бойынша бас ревизор ұғынылады.


12. Метрополитенге орналасатын тұлғалар тиісті жұмысты атқаруға жарамдылығын анықтау үшін медициналық куәландырудан өтулері тиіс. Жұмыскерлердің мерзімді түрде өтетін медициналық куәландырылуы, сондай-ақ, электрпойыздар мен локомотив машинистерінің (машинис көмекшілерінің) медициналық тексерілуі Метрополитен басқармасы бекіткен тәртіп бойынша жүргізіледі.

13. Пойыздар қозғалысы мен жолаушыларды тасымалдауға тікелей қатысы бар төмендегі лауазымдарға тағайындалуға жасы 18-ге толмаған тұлғалар жіберілмейді, олар:

1) темір жол жүрісіндегі электрпойыз, локомотив локомобилей, мотовозов және автомотокрандардың машинистері мен олардың көмекшілері;

2) диспетчерлер, орталықтандыру посты кезекшісі, телебасқару посттарының кезекшілері, бекеттердің кезекшілері, жол кезекшілері, пойыздарды қабылдау және жөнелту бойынша кезекшілер, орталықтандыру посттарының операторлары;

3) бағыттамалық посты кезекшісі, жол және жасанды құрылыстардың жол, көпір және тоннель шеберлері, жол қараушы, жол және жасанды құрылыс жөндеушілері және бағыттамалы бұрмаларды тазалау бойынша жұмысшылар (екінші дәрежедегі және одан жоғары);

4) АББ (автоматтандыру, белгі беру және байланыс) қызметінің электрмеханиктері, электржөндеушілері;

5) вагондарды тексеруші-жөндеуші, вагондарды тексеруші;

6) электрмен жабдықтау қызметінің шеберлері, электрмеханиктері, электр монтерлері;

7) жол машиналары мен механизмдерінің реттеушілері мен машинистері, ақаутапқыш арбашалардың операторлары, жол өлшегіш операторлар және олардың көмекшілері;

8) эскалатор бойынша кезекшілері;

9) ақпараттық технологияның инженер- программистер;

10) егер қолданыстағы заңнамада қарастырылған болса, басқа да лауазымдар.

14. Алкогольдік немесе есірткілік мастану немесе уланудың басқа күйінде жүрген метрополитен қызметкерлеріне міндеттерін орындауға тыйым салынады. Осындай күйде байқалған тұлғалар дереу жұмыстан босатылып, жауапкершілікке тартылады.
Құрылыстар мен құрылғылар
15. Метрополитеннің құрылыстары мен құрылғылары жарамды күйде күтіп ұсталынуы және пойыздарды бекітілген жоғарғы жылдамдықпен өткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Құрылыстар мен құрылғылардың ақаулылықтарының пайда болуының алдын алу және қызмет ету мерзімдерін ұзарту оларды күтіп ұстау үшін жауапты тұлғалардың жұмысындағы басты міндеті болуы тиіс.

Құрылыстар мен құрылғылардың дұрыс күйде болуына оларға тікелей күтім жасайтын қызметкерлер және осы құрылыстар мен құрылғылар өздерінің қарамағында болатын бекет, телім, дистанса, электрдепо және қызметтердің басшылары жауапты болады.

Аталған қызметкерлер лауазымдық міндеттеріне сәйкес әрқайсысы өзіне тапсырылған телімінде пайдалану ережелерін білуі және құрылыстар мен құрылғылардың күйін жүйелі түрде тексеріп отыруы, күтіп ұстаудың, техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің жоғары сапасын қамтамасыз етуі тиіс.

16. Метрополитен бөлімшелері арасындағы қызмет көрсету шекарасын және құрылыстар мен құрылғыларға күтім жасау бойынша жауапкершілікті метрополитеннің бірінші басшысы бекітеді.

17. Құрылыстар, құрылғылар, механизмдер және жабдықтар бекітілген құжаттар мен техникалық шарттарға сәйкес болуы тиіс. Негізгі құрылыстар, құрылғылар, механизмдер және жабдықтардың негізгі техникалық және пайдалану сипаттамасын қамтитын техникалық төлқұжаттары болуы тиіс.

Құрылыс пен құрылғылардың құрылмасының (конструкциясы) төлқұжаттық (жобалық) сипатамасын өзгертетін өзгерістердің енгізілуі тек Метрополитен басқармасының келісімімен және осы құрылыстар мен құрылғылардың құжаттарын бекітуге құқығы бар тұлғалардың шешімімен ғана рұқсат беріледі.

Құрылыстың сәулеттік рәсімделуіне өзгерістер енгізуді, қалалық әкімшіліктің тиісті органдарының келісімі бойынша Метрополитен басқармасының шешімімен рұқсат беріледі.

Негізгі құрылыстар мен құрылғылардың жіктелуін, мерзімді түрдегі жөндеу уақытын және күтіп ұстау тәртібін, Көлікті басқару жөніндегі қалалық органмен және «Метро» Халықаралық Қауымдастығы Кеңесімен келісім бойынша Метрополитен басқармасы бекітеді.

Құрылыстар мен құрылғыларға техникалық қызмет көрсету, жөндеу және күту бойынша типтік технологиялық үдерiстерді Метрополитен басқармасы бекітеді.



18. Метрополитен құрылыстары мен құрылғылары Мемлекеттік стандартта бекітілген құрылыс пен құрылғының жақындау габариттерінің талаптарын қанағаттандыруы тиіс.

Құрылыс пен құрылғының жақындау габариттерін сақтауға осы құрылыс пен құрылғыларға тікелей қызмет жасаушы қызметкерлер жауапты, сондай-ақ, метрополитеннің тиісті бөлімшелерінің басшылары жауапты.

19 Түзу телімдердегі, сондай-ақ, қисық телімдердегі радиусы 500 м және одан көп іргелес жолдардың өсьтері арасындағы қашықтық, төмендегі көрсеткіштерден кем болмауы тиіс:

1) аралық тірегі жоқ қос жолды тоннельдердегі басты жолдарда – 3400 мм;

2) көпірлер мен эстакадаларда – 3700 мм;

3) жерүсті теліміндегі басты жолдарда, қиылыстық құламада төселген жерлерде және жылжымалы құрамның айналым жолдарында – 4000 мм;

4) парктік жолдарда – 4200 мм;

5) депо жолдарында – 4500 мм;

6) жылжымалы құрамдар айналысына арналған Қазақстан Республикасының темір жолдарындағы парктік жолдарында – 4800 мм.

Аралықтар мен бекеттерде қисық телімдердегі жол өстерінің және құрылыс пен жабдықтардың жақындық габариттерінің арасындағы көлденең қашықтығы құрылыс пен жабдықтардың жақындық габариттерін қолдану бойынша әрекеттегі нормативтік құжаттарға сәйкес бекітіледі.

Жөндеу жұмыстары кезінде рельс қалпақшасы деңгейінің жобалық белгісін және жоспардағы жолдың қалпын өзгерту тек метрополитеннің бірінші басшысының рұқсатымен ғана жасалады.

20. Ашық жылжымалы құрамда тиелген жүк (қаптамасы мен бекітпесін есепке ала отырып) белгіленген жүк тиеу габариттерінің шегінде орналастырылуы тиіс.

Жолдың қасында тиелген немесе тиеуге дайындалған материалдар немесе жабдықтар жабдықтың жақындау габаритін бұзбайтындай болып орналастырылып, бекітілуі тиіс. Габаритті емес жүктерді тасымалдау тәртібін Метрополитен басқармасы бекітеді.

21. Метрополитен жолдарының барлық элементтері (бетондық негізі немесе жер төсемі, жоғарғы құрылысы) мен беріктігі, орнықтылығы және техникалық күйі бойынша жасанды құрылыстары осы телім үшін орнатылған поездардың ең жоғары жылдамдығымен қауіпсіз әрі жатық қозғалысын қамтамасыз етуі тиіс.

22. Метрополитен жолындағы қисықтардың радиустары, түзулер мен қисықтардың жанасуы, еңістердің тіктігі жөнінде желінің бекітілген жоспары мен пішініне сәйкес келуі тиіс.

23. Салынып жатқан желінің тоннель және жер үсті жабық телімдеріндегі бекеттер бір жақ бетке шығаратын бойлық еңістерде 0,003 орналасуы тиіс (ал қиын жағдайларда 0,005 еңістерге рұқсат беріледі).

Негізделген жағдайларда бекетті су ағызуды қамтамасыз еткен жағдайдағы көлденең алаңшаларда орналастыруға рұқсат етіледі. Жылжымалы құрамның айналуы мен тұрақтауына арналған жолдар жолаушылар платформасы қарай көтерілетін 0,003 еңісте орналасуы тиіс.

Парктік жолдар көлденең алаңшада немесе 0,0015-тен аспайтын еңісте орналасуы тиіс.

24. Жолдың жоспары мен пішіні және тоннельдік қаптамалары мерзімді түрде құрал-саймандық тексеруден өткізілуі тиіс.

Жоспардың және пішіннің өзгеруін туғызатын қайта құру немесе басқа да жұмыстар жүргізілетін телімдерді жұмыс біткен соң тексереді.

25. Жолдар мен тоннельдердің жағдайы төмендегілермен тексерілуі тиіс:

1) жолөлшегіш вагонмен немесе жолөлшегіш арбашамен айына бір реттен кем емес;

2) жабдықтардың жақындау габаритін тексеруге арналған габаритті вагонмен немесе габаритті қаңқамен жылына бір реттен кем емес;

Тоннельдерді төмендегідей мерзімде пайдалану кезінде тоннель қаптамаларының жағдайы тұтастай тегістелумен тексерілуі тиіс:

5 жылға дейін — жылына бір реттен кем емес,

5 жылдан 10 жылға дейін — үш жылда бір реттен кем емес,

10 жылдан аса — бес жылда бір реттен кем емес.

Жол дистансасында бекеттердің сызбалық жоспары, басты және бекеттік жолдардың бойлық пішіні және жоспары болуы тиіс. Бұл құжаттарға өзгерістер уақытында енгізіліп тұруы тиіс.

Жолдың және тоннельдік қаптамалардың жоспары мен пішінін тексеру, сондай-ақ, бекеттердің сызбалық жоспары мен жолдың бойлық пішінін құру тәртібін Метрополитен басқармасы бекітеді.
Жер төсемі

Жолдың жоғарғы құрылысы және жасанды құрылыстар
26. Жер төсемінің үстіңгі бетінің ені жобалық құжаттамаға сәйкес келуі тиіс.

Метрополитен желісінің жаңадан салынып жатқан жер үсті телімдері үшін жер төсемінің үстіңгі бетінің ені нормативтік құжаттарда көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.

27. Тоннелдердің барлық ұзындығында жолдың жоғарғы құрылысының элементтерінен, тоннелдік құрылмалардан, құрылғылар мен жабдықтардан қамтылған сенімді түрдегі су бұрғышы болуы тиіс.

Жер үсті телімдерінде сондай-ақ, парктік жолдарда, жер төсемін берік жағдайда күтіп ұстауын қамтамасыз ететін, жер төсемінің су бұратын, пішінсізденуге қарсы және бекіткіш құрылғылары болуы тиіс.

28. «Жолдың тегіс телімдеріндегі рельс қалпақшасының ішкі қырлары арасындағы жолтабан ені 1520 мм болуы тиіс. Жолдың барлық қисық телімдеріндегі жолтабан ені келесідей радиус кезінде төмендегідей болуы тиіс:


  1. 1200 м және жоғары – 1520 мм;

  2. 1199 бастап 600 дейін – 1524 мм;

  3. 599 бастап 400 дейін – 1530 мм;

  4. 399 бастап 125 дейін – 1535 мм;

  5. 124 бастап 100 дейін – 1540 мм;

  6. 99 м және жоғары – 1540 мм.

Бар желілерде жолдың түзу және қисық телімдерінде бұрын бекітілген нормативтер бойынша жол табан еніне рұқсат етіледі. Жолдың осындай телімдерін күтіп-ұстау нормаларын метрополитеннің бірінші басшысы бекітеді.

Жолдың түзу және қисық телімдерінде жоюды талап етпейтін жол табанының ауытқуларын метрополитен басшылығы бекітеді және осы жағдайда тарылымы бойынша - 4мм аспауы, кеңеюі бойынша + 8мм, ал парктік жолдарда тарылымы бойынша -4мм, кеңеюі бойынша +10 мм болуы тиіс.

Жолтабан енінің 1512 мм-ден кем және 1548 мм-ден астам болуына рұқсат етілмейді.

Рельстердің бүйірлік тозуы болған жағдайда, көрсетілген нормалардан ауытқуға рұқсат беретін мөлшерін Метрополитен басқармасы бекітеді.

29. Түзу телімдердегі жолдың екі тіндеріндегі рельстердің қалпақшаларының төбесі бір деңгейде болуы тиіс.

Жолдардың түзу телімдерінде рельстің бір тінін екіншісінен 6 мм-ге биіктете ұстауға рұқсат етіледі.

Жолдардың қисық телімдеріндегі қисықтың радиусына және одан өтетін қозғалыс жылдамдықтарына байланысты сыртқы тіннің биіктетілуі, қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес бекітіледі.

Сыртқы рельс тінінің жоғарылауы 120 мм-ден аспауы тиіс. Қажет болған жағдайларда басты жолдың қисық телімдерінде сыртқы рельс тінінің ең көп жоғарылауы Метрополитен басқармасының рұқсатымен 120 мм-ден жоғары болуына рұқсат беріледі.

Жолдың қисық телімдерінде рельс тіндерінің орналасу деңгейінде бекітілген мөлшерден 4 мм-ден аспайтын ауытқуларына рұқсат беріледі.

30. Ерекше бақылауды талап ететін құрылыстар тізімін (әрі қарай даму барысында пойыз қозғалысының қауіпсіздік дәрежесін төмендетуі мүмкін бұзылған, ақауланған, өзгеріп пішінсізденген құрылыстар) және оларды қадағалау тәртібін, сондай-ақ жер төсемінің пішінсізденген және күрделі инженерлі-геологиялық жағдайларда жатқан жер төсемінің телімдерін қадағалау тәртібін Метрополитеннің бірінші басшысы бекітеді.

31. Құрылыстар бекітілген нормаға сәйкес өртке қарсы құралдармен жабдықталуы тиіс.

32. Жол қызметінің бастығы бекіткен кестеге сәйкес рельстер ақаутапқыш вагондармен және (немесе) ақаутапқыш арбашалармен мерзімді түрде тексерілуі тиіс.

33. Тоннельдегі, жерүсті телімдеріндегі, электрдепоның парктік жолдарындағы рельстер металдық құрылымдармен, жабдықтармен, құбырлармен және кабель қабығымен, жолдық бетондармен, балластармен байланыспаған болуы тиіс, (электрдепоның парктік жолдарында құрылғыларды біртіндік рельстік тізбектің тартымдық тінімен жерлендіруге рұқсат беріледі). Олардың арасындағы саңылау 30 мм кем болмауы тиіс.

34. Салынып жатқан желілердегі жолдың, жолдық қабырғалардың, платформа астындағы аралықтардың, желдеткіш дүңгіршектердің және басқа да құрылыстардың құрылымдарында шуды азайтқыш және дірілқорғау элементтерін орнату қарастырылуы тиіс.

Депо жолдарында төселген рельстер құрылыс құрылымдарынан және жерлендірілген құрылғылардан электрлі оқшауланған болуы тиіс.

35. Жүрістік рельстердің тоқ өткізгіш түйіспелерінің құрылымдары, тартымдық тоқ шамасы мен жергілікті жағдайларға байланысты, Метрополитен басшылығымен белгіленеді.


Бағыттамалы бұрмалар
36. Бағыттамалы бұрмалар мен тұйық қиылыстар бекітілген сызбаларға және жолға төселген рельс үлгілеріне сәйкес болуы тиіс.

Бағыттамалы бұрмалардың төмендегі маркалы айқастырмалары болуы тиіс:

парктік және өзгелерінен басқа, барлық жолдарда құламасы - 1/9;

парктік және өзгелерінен басқа құламасы - 1/5.

Айқаспалы құламалардың тұйық қиылыстарында 2/9 тік емес маркалы айқастырмалары болуы тиіс.

37. Төменде келтірілген ақаулықтардың ең болмағанда біреуі бар бағыттамалы бұрмаларды және тұйық қиылыстарды пайдалануға тыйым салынады, олар:

1) бағыттамалы үшкірлердің ажырауы;

2) бірінші жалғастырушы тартымның қарсы тұсында өлшенетін үшкірдің рамалық рельстен 4 мм-ге және одан көп кейін қалуы;

3) тереңдігі 3 мм-ден көп емес бірінші байланыстырушы тартымға дейін үшкірдің ұшынан үгітілуі кезінде жалынның шығып кету қаупі туындайды және барлық жағдайда үгітілу ұзындығы:

4) басты және бекеттік жолдарда (парктік және өзгелерінен басқа) – 200 мм және одан астам;

5) парктік және басқа бекеттік жолдарда – 400 мм және одан астам;

6) үшкірдің ені үстіңгі бетінде 50 мм және одан астам болып келетін қимасында өлшенетін үшкірдің рамалық рельстің қарсысында 2 мм-ге және одан астамға төмендеуі;

7) айқастырма өзекшесінің жұмыстық қыры мен жанама рельстің қалпақшасының жұмыстық қырының арасындағы қашықтық 1472 мм-ден кем;

8) жанама рельс пен жақтаудың қалпақшаларының жұмыстық қырларының арасындағы қашықтық 1435 мм-ден астам;

9) үшкірдің немесе рамалық рельстің омырылуы;

10) айқастырманың (өзекшенің, жақтаудың немесе жанама рельстің) омырылуы;

11) бір бұрандамалы ішпекте бір немесе екі бұрандамалық ішпекте екі жанама рельстік бұрандаманың ажырауы (үзілуі).

Рамалық рельстердің, үшкірлердің, жақтаулардың айқастырмалар өзекшелерінің тік тозу тәртібін Метрополитен басқармасы бекітеді

38. Жер үсті және парктік жолдардағы бағыттамалық бұрмалар климаттық және басқа да жағдайларға қарай, механикалық тазалау және қар еріту құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.

Тоннелдердегі, сондай-ақ жер үсті және парктік жолдар бағыттамалық бұрмалар (тәуліктің қараңғы уақытында) қосымша орнатылған шамдармен жарықтандырылуы тиіс.

Пойыздардың (құрамдардың) теріс бағыттағы басты және электржылжымалы құрамдардың айналма және тұрақ жолдарындағы қозғалысы кезінде үшкірлердің алдында қорғаныш бөренелер төселінуі тиіс.

39 Айқаспалы құламадағы бағыттамалық бұрмалардың, тұйық қиылыстардың төселуі мен алынуын және оларды пайдалануға беруін метрополитеннің бірінші басшысының бұйрығы бойынша іске асырады.

40. Қос жолды желілер аралықтарындағы бағыттамалық бұрмалар оң бағыттағы пойыздар үшін дұрыс бағытта және ең алдымен, басты жол бойынша төселетін бағыттамалық бұрмалардың түзу бағыты болуы тиіс. Ерекше жағдайларда, жанасушы жолдардың кірер жері қиындағанда, метрополитеннің бірінші басшысының рұқсатымен қарсы бағытты бағыттамалық бұрмаларды төсеуге рұқсат беріледі.

Электржылжымалы құрамдардың айналуы үшін желінің соңғы бекетіндегі жолдар жолаушылар платформасының артында орналастырылуы тиіс.

41. Бағыттамалар электрлі орталықтандырылумен қосылып тұруы тиіс. Электрлендірілмеген парктік және басқа да бекеттік жолдарда бағыттамалық нұсқағыштармен жабдықталған орталықтандырылмаған бағыттамаларды орнатуға рұқсат етіледі.

Барлық жолдардағы бағыттамалар, оларды аспалы құлыптармен құлыптауға мүмкіндік беретін тетіктермен жабдықталуы тиіс.


Метрополитен желілерінің қиылыстары және қосылыстар
42. Метрополитен желілерінің өз ара және басқа көлік түрлерінің желілерімен қиылысулары әр түрлі деңгейде жүргізіледі.

43. Метрополитен жолдарының электртасымалдағыш және байланыс желілерімен, мұнайқұбырларымен, газқұбырларымен, суқұбырларымен және басқа да жерүсті және жерасты коммуникацияларымен және құрылыстармен қиылысуы метрополитеннің бірінші бастығының рұқсатымен ғана жүргізіледі.

Қажет болған жағдайларда осындай қиылыстарда пойыз қозғалысының және маневр жұмыстарын орындау қауіпсіздігі мен толассыздығын қамтамасыз ететін арнайы сақтандырғыш құрылғылары қарастырылуы тиіс. Осындай құрылғылар жобасы Метрополитен басқармасымен келісілуі тиіс.

44. Темір жолдарының метрополитеннің басты бекеттік жолдарына жанасуына тыйым салынады. Метрополитеннің бірінші басшысының рұқсатымен аталған жолдарды электрлендірілмеген парктік және басқа бекеттік жолдарға қосуға рұқсат берілуі мүмкін.



45. Метрополитеннің пайдаланылып жатқан тоннелдері жанасып жатқан тоннелдердің жаңадан салынып жатқан телімінен тұтас бетон бөгетпен немесе оларды пайдаланудағы тоннель жақтан басқаратын металдық құрылымдармен бөлектенген болуы тиіс.
Түйіскен рельс

46. Түйіскен рельс кез келген атмосфералық жағдайда қозғалыстың бекітілген жылдамдығында тоқтың алынуының үзіксіздігін қамтамасыз ететін болуы тиіс.

47. Түйіскен рельстің жұмыстық беті жүргінші рельс қалпақшасының деңгейінен көтерілуі 160 мм болуы тиіс, өсу немесе азаю жағына 6 мм-ден аспайтын ауытқуларға рұқсат беріледі.

Түйіскен рельстің өсінен жақын арадағы жүргінші рельс қалпақшасының ішкі қырына дейінгі қашықтығы өсу немесе азаю жағына 8мм-ден аспайтын ауытқуларымен 690 мм болуы тиіс.

48. Түйіскен рельс жүргінші рельстерден және тоннель құрылымдарынан электрлі оқшауланған әрі қиын тұтанатын материалдан жасалған қорғаныш қорабы болуы тиіс.

49. Түйіскен рельс бөлек оқшауланған секцияларға (қоректендіру аймақтарына) ұзындығы 14 м-ден кем емес жабылмайтын әуе аралықтарымен өтпебөліктердің металдық бөлімінің соңдарының арасымен бөлінуі тиіс. Бір вагонның токқабылдағышымен жабылмайтын осындай әуе аралықтары пойыздардың тартқыш қозғалтқыштары ажыратылған жерлерде, ал бекетке таяу басты жолдарда – жолаушылар платформасының басынан 50м –ден аспайтын қашықтықта орналасуы тиіс.

Бағыттамалы бұрмалар, айқаспалы ауыспалар мен металл құрылымдар орналасқан жерлерде түйіскен рельстердің ұзындығы 10 м-ден көп емес (ереже бойынша 7,7 м) жабылатын әуе аралықтары болуы тиіс. Басты жолдардағы түйіскен рельстердің әуе аралықтарында түйіскен рельстің қабылдаушы және беруші соңында 1/50 еңісті соңдық өтпебөліктері, ал электрдепоның парктік жолдарының тұйықтарының түйіскен рельстерінде 1/25 еңісті соңдық өтпебөліктері қарастырылуы тиіс.

50. Салынып жатқан желілердегі парктік жолдардың түйіскен рельстерін бөлшектеу кезінде төрт-бес жолдағы түйіскен рельстерден кернеуді алып тастау мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.

51. Түйіскен желінің қоректендіру және бөлшектеу сызбалары метрополитеннің бірінші басшысымен бекітілуі тиіс.
Сигналдық және жолдық белгілер
55. Аралықтағы басты жолдарда (тоннельдерде) сигналдық және жолдық белгілер дұрыс бағытта келе жатқан пойыз қозғалысының бағыты бойынша оң жақта орналастырылады. Басқа жолдарда белгілерді орнату жерлерін, сондай-ақ, сигналдық және жолдық белгілерді дайындау сызбалары мен техникалық шарттары Метрополитен басқармасымен бекітіледі.

56. Тоннельдердегі бағыттамалы бұрмаларда және басқа да жалғастырушы жолдарда шекті тақтайшалар, ал жерүсті жолдарында – шекті бағаншалар орнатылады.

Шекті бағаншалар жол арасының ортасында, ал шекті тақтайшалар- жол арасындағы қосылатын жолдың өсьтерінің арасындағы қашықтығы төмендегідей көрсеткен жерінде орнатылады:

1) жылжымалы құрам айналымына арналмаған Қазақстан Республикасының темір жолының тоннельдерінде, жерүсті жолдарында және парктік жолдарында –– 3400 мм;

2) жылжымалы құрам айналымына арналған Қазақстан Республикасының темір жолының парктік жолдарында - 4100 мм.

Жолдың қисық телімдерінде бұл арақашықтықтар құрылыс пен жабдықтардың жақындау габариттерін қолдану жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес ұзартылады.


Жолдың кедергі құрылғылары

55. Жолдың кедергі құрылғылары (лақтырғыш башмақтар немесе бағыттамалар) қоршалған жағдайда олар орнатылған жолдан жылжымалы құрамның шығып кетуіне жол бермеуі тиіс.

Осы құрылғылар, сондай-ақ, бұрылысты бөренелер мен тұйық тіректер жолдық қоршау нұсқағыштарымен жабдықталуы тиіс.

Бұрылысты бөренелер мен тұйық тіректерді дайындау сызбалары мен техникалық шарттарын Метрополитен басқармасы бекітеді.

56. Жолдың кедергі құрылғылары (лақтырғыш башмақтар немесе бағыттамалар) қоршалған жағдайда олар орнатылған жолдан жылжымалы құрамның шығып кетуіне жол бермеуі тиіс.

Осы құрылғылар, сондай-ақ, бұрылысты бөренелер мен тұйық тіректер жолдық қоршау нұсқағыштарымен жабдықталуы тиіс.

Бұрылысты бөренелер мен тұйық тіректерді дайындау сызбалары мен техникалық шарттарын Метрополитен басқармасы бекітеді.

Бекеттік шаруашылықтың құрылыстары мен құрылғылары
57. Бекеттің жолдық дамуы және техникалық жабдықталуы желінің берілген өткізгіштік мүмкіндігін, пойыздар қозғалысының және маневрлерді жасау қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Электрпойыз құрамдарының айналымына арналған жолдың, осы жолдан шығуын қоршаған бағдаршамнан тұйық тіреуіштің призмасындағы оқшаулағыш тоғысқан жерге дейінгі пайдалы ұзындығы пойыздың келешекте дамуына 40 м кем емес есептік ұзындығынан асуы тиіс.

58. Жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған бекеттің құрылыстары мен құрылғылары, ең көп 15-минуттық есептік жолаушы ағымына сәйкес тиісті резерв есебімен келешекте дамуына өткізу мүмкіндігін, сондай-ақ, жолаушыларды тасымалдауға байланысты операцияларды жылдам, ыңғайлы әрі қауіпсіз орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

59. Жерүстіндегі жабық телімде немесе тоннельдік бекеттердегі жолаушыларды отырғызуға және түсіруге арналған платформалардың ұзындығы пойыздың келешекте дамуына 6 м-ден кем емес есептік ұзындығынан асуы, ал жерүстіндегі ашық және оларға теңестірілген телімдерде (жерүстіндегі ашық телімнен 300м-ге дейінгі қашықтықта) орналасқан бекеттерде – 10 м-ден кем болмауы тиіс.

Жолаушы платформасының рельс қалпақшасының деңгейінен биіктігі 1100 мм болуы тиіс.

Жолаушы платформасында бекеттік айналар немесе жолаушылардың отырып- түсіру барысын, сондай-ақ, пойыздың бекетімен жылжуын бақылайтын монитор орнатылуына болады.

60. Вестибюлдердің ішкі жобасы кіруші және шығушы жолаушылардың бөлек қозғалысын, жолаушыларға қызмет көрсету үшін құрылғылар орнатылуын қамтамасыз етуі тиіс.

Жолаушылар қозғалысының вестибюлдердің кіру есігінен платформаға дейінгі және кері қарай бағыты көбінесе оң жақты болуы тиіс.

61. Бекеттегі (және соның ішінде вестибюлдегі) қызметтік бөлмелер пайдаланудың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, жұмыс үшін ыңғайлы әрі өрт қауіпсіздігінің талаптарына жауап беруі тиіс.

Жолаушыларға қызмет көрсететін бөлмелерден қызметтік бөлмелерге өтетін жерлер құлыптанатын есіктермен жабдықталуы тиіс.

Орталықтандыру посттарының сондай-ақ, салынып жатқан желідегі желілік пунктердің бөлмелері, платформа деңгейінде орналасып, шудан қорғауы болуы тиіс. Салынып жатқан желілердегі орталықтандыру посттары жол дамуы жағынан орналасуы тиіс.

Метрополитен басқармасының рұқсатымен жекеленген бекеттерде локомотив бригадалары мен желінің басқа да қызметкерлеріне арналған демалыс бөлмелері, дәмханалары болуы мүмкін.

62. Метрополитен басқармасы бекіткен тәртіп бойынша аралықтардың, бекеттердің және жалғастырушы тармақша жолдарының жұмыстық және апаттық жарықтандыруын қосуы мен ажыратуын бекет кезекшісінің бөлмесінен немесе орталықтандыру посты бөлмесінен жасалуы тиіс.

Жетілдіруге дейін жарықтандыруды қосу мен ажыратуын тоннельдік жарықтандыру жиынтықтарында қолмен жасауға рұқсат беріледі.

63. Бекеттердің, тоннельдердің, жолдардың, соның ішінде жерүсті және парктік жолдарды жарықтандыру бекітілген нормаларға сәйкес болып, пойыздар қозғалысы мен маневрлік қозғалыстың қауіпсіздігін, жолаушылар қауіпсіздігін, қызмет көрсету қызметкерлердің үздіксіз және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етіп, бекеттің сәулеттік рәсіміне сәйкес келуі тиіс.

Жарықтандыру бағдаршамның белгі беру шамдарының, сигналдық нұсқағыштар мен белгілердің анық көрінімділігіне әсер етпеуі тиіс.

64. Бекеттерде (соның ішінде вестибюлдерде) және пойыздарда Метрополитенді пайдалану ережесін, метрополитен желілерінің сызбаларын, ауысып отыратын бекеттер орналасқан пойыздар қозғалысы бағыттарының нұсқағыштарын, жолаушылар қозғалысының нұсқағыштарын және басқа да қажетті нұсқағыштарды орналастыру тәртібін Метрополитен басқармасы бекітеді.

65. Бекеттерде (соның ішінде вестибюлдерде) пойыз вагондарында жарнамалық ақпараттарды Метрополитен басқармасы бекіткен тәртіп бойынша орналастыруға рұқсат беріледі.

66. Жабық үлгідегі бекеттердегі автоматты есіктер жолаушылардың ыңғайлы әрі қауіпсіз отырғызылуы мен түсуін қамтамасыз етуі тиіс.

Нұсқалған бекеттер пойыз бен жолаушылар залы қабырғасының арасындағы кеңістік бостығын бақылау құрылғысымен жабдықталуы тиіс.

Жабық үлгідегі бекеттердегі автоматты есіктерге техникалық қызмет көрсету және пайдалану тәртібін Метрополитен басқармасы бекітеді.

67. Бекет жұмысын басқару бекет бойынша кезекші бөлмесінен және орталықтандыру постынан жүргізілуі тиіс.

68. Жергілікті жағдайларға байланысты бекет бойынша кезекші бөлмесі және орталықтандыру посттары Метрополитен басқармасы бекіткен тізім бойынша жолаушылар тасымалын және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бақылау жабдықтарымен және басқару құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.


жүктеу 2,24 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау