Маневрлік жұмыстарды жасау
243. Маневрлер тек бір ғана қызметкердің нұсқауымен жасалуы тиіс:
бекет жолдарында - бекет кезекшісімен (орталықтандыру посты кезекшісімен);
диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған желілерде – пойыз диспетчерімен;
бағыттамалар мен сигналдарды микропроцессорлық орталықтандырумен жергілікті басқаруда - бекет кезекшісінің (орталықтандыру посты кезекшінің), пойыздарды қабылдау және жөнелту бойынша кезекшінің.
Маневрлік өкімдер бойынша жұмыскерлер арасындағы міндеттерді және маневрлік бағыттардың шекараларын бөлуді бекеттің техникалық - жарлық актінде көрсетеді.
244. Метрополитен желісінің бекет жолдарындағы маневрлер бағдаршамның рұқсат беретін көрсеткіші кезінде жасалады, ал тыйым салатын көрсеткіші кезінде (қызыл жарық, сөнген шам, түсініксіз көрсеткіш) – шақыру сигналы бойынша.
Шақыру сигналы ақауланған жағдайда немесе оның берілген маршрут бойынша жоқ кезінде маневрлер мына тәртіппен жүргізіледі:
пойыз диспетчерінің өкімімен;
бекет кезекшісінің (орталықтандыру посты кезекшісінің) пойыз диспетчерінің бақылауымен пойыздың радиобайланысы, пойыздың диспетчерлік немесе тоннельдік байланысы арқылы машиниске берілген өкімімен;
машинисті маневрлік қозғалыс жөнінде ескертуінен кейін пойыз диспетчерінің өкімі негізінде пойыздық диспетчерлік, тоннельдік немесе бағыттамалы байланыс арқылы бекет кезекшісінің (орталықтандыру посты кезекшісінің) берген сигналы бойынша.
Бекет кезекшісінің және орталықтандыру посты кезекшісінің міндеттерін бір тұлға орындаған кезде маневр жасау сигналы пойыз диспетчерінің өкімімен диспетчерлік немесе тоннельдік байланыс арқылы беріледі.
245. Парктік және басқа жолдардағы маневрлер бағдаршамның рұқсат беретін көрсеткіші кезінде жасалады, ал тыйым салатын көрсеткіші кезінде (қызыл жарық, сөнген шам, түсініксіз көрсеткіш) – шақыру сигналы бойынша.
246. Шақыру сигналы ақауланған жағдайда немесе оның берілген маршрут бойынша болмаған кезінде маневрлер мына тәртіппен жүргізіледі:
пойыздың радиобайланысы, маневрлік радиобайланыс, пойыздың диспетчерлік, тоннельдік немесе бағыттамалық байланысы арқылы машиниске берілген бекет кезекшісінің (орталықтандыру посты кезекшісінің) орталықтандыру посты операторының өкімімен;
бекет кезекшісінің (орталықтандыру посты кезекшісінің), орталықтандыру посты операторының сигналы бойынша.
бекет кезекшісінің (орталықтандыру посты кезекшісінің), орталықтандыру посты операторының өкімінің негізіндегі бағыттамалық посты кезекшісінің сигналы бойынша.
Сигнал беру алдындағы барлық жағдайларда машинис маневрлік қозғалыс жөнінде ескертілуі тиіс.
247. Қажетті жағдайда маневр жасайтын құрамның, локомотивтің, шаруашылық пойызының маневрлік қозғалысын басқару үшін арнаулы жұмыскер – маневрлерді басқарушы тағайындалуы тиіс. Маневрлерді басқарушы болып тағайындалатын жұмыскерлердің тізімін, сонымен қатар машинисті маневрлерді басқарушының тағайындалуы жөнінде хабарландыру тәртібі бекеттің техникалық- жарлық актінде көрсетіледі.
Жабық телімдердегі (жолдағы) маневрлік қозғалысты орындау кезінде жұмысты басқарушы маневр басқарушысы болып табылады.
248. Маневрлерді басқарушы міндетті:
пойыз диспетчерінен, бекет кезекшісінен (орталықтандыру постының кезекшісінен) алған нұсқауын уақытында және дәл орындауы тиіс;
маневрлерді жасауға қатысатын барлық жұмыскерлердің дұрыс орналасуы мен әрекеттерінің келісімділігін қамтамасыз ету;
маневрлік жұмыстардың ұйымдастырылуы қозғалыс қауіпсіздігін, маневрлерде қамтылған жұмыскерлердің жеке қауіпсіздігін, жылжымалы құрам мен жүктердің сақтанымдылығын қамтамасыз ететіндей болуы тиіс.
габаритті емес жүктері бар маневрлер ерекше сақтылықпен жасалуы тиіс.
249. Маневрлік қозғалыстарды маневр басқарушысымен орындау кезінде сигнал немесе маневр басқарушысының өкімі болмайынша машиниске маневрлік құрамды (локомотивті, шаруашылық пойызын) қозғауға тыйым салынады.
Маневрлік қозғалыстарды электржылжымалы құраммен орындау кезінде бас вагонда машинис көмекшісі жоқ болып (қозғалыс жүрісі бойынша), басты кабинадан басқарылмау кезінде машиниске маневрлік құрамды (локомотивті) қозғауға тыйым салынады.
250. Маневрлік қозғалыстарды бір жолдың екі жағынан қатар жасауға тыйым салынады.
251. Бекет жолдарындағы жылжымалы құрам шектік тақтайшамен немесе шектік бағаншамен белгіленген шекара шектерінде орналасуы тиіс.
Маневр жүргізілмейтін жолдарда тұрған жылжымалы құрам тұратын (қол) тежегішпен немесе тежегіш башмақпен жүріп кетуден сенімді түрде бекітілуі тиіс.
252. Метрополитеннің бірінші басшысы бекіткен тәртіппен және бекеттің техникалық- жарлық актінде көрсетілген ерекше жағдайларда, құрамдарды желідегі жұмыс үшін беруден басқа, басты жолға немесе жалғастырушы тармақша жолына шығуды қоршайтын, бағдаршамға шығатын немесе одан асатын парктік жолдардағы маневрлерге рұқсат беріледі.
253. Маневрлерді жасау кезінде машинистер (локомотивті бригада) міндетті:
маневр жасау қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
сигналдар мен маневр басқарушының өкімін дәл және дер кезінде орындауға;
жүру бағыты бойынша бағыттамалар қалпының дұрыстығын, жолдың бостығын және жол бойындағы адамдарды мұқият қадағалауға;
маневрлік бағыттардың шекараларын білуге.
254. Машинисі бос емес жолдағы маневр жайында маневр басқарушысы ескертуі тиіс.
255. Локомотивтер мен шаруашылық пойыздарының маневр жасау ерекшеліктері Пойыздар қозғалысы және маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулығымен белгіленеді.
Электржылжымалы құрамның маневрлік жұмыстарын жүргізу ерекшеліктері
256. Маневр басталғанға дейін барлық жарамды ауаүлестіргіш, тежегіш және қысым бергіш тораптары әрекетке қосылуы және пневматикалық тежегіштің жұмысына қысқаша тексеру жүргізілуі тиіс.
257. Электржылжымалы құрам маневрлері мына жылдамдықпен жүргізіледі:
км/сағ асырмай:
басты кабинадан басқару және бағдаршамның рұқсат беретін көрсеткіші кезінде;
20 км/сағ асырмай:
шақыру сигналы, өкім, қол немесе дыбыстық сигналдары бойынша басты кабинадан басқару кезінде;
басты емес кабинадан басқарылған кезде бағдаршамның рұқсат беретін көрсеткіші бойынша;
15 км/сағ асырмай:
парктік және басқа жолдарда басты кабинадан басқару кезінде;
10 км/сағ асырмай:
басты кабинадан басқармау кезінде: шақыру сигналы, бұйрықпен берілген, қол немесе дыбыстық сигналдары, ал парктік және басқа жолдарда бағдаршамның рұқсат беретін көрсеткіші бойынша;
депо жолдарымен қозғалыс кезінде;
инерциялық автотоқтатудың басты вагонымен жүріп өткенде;
5 км/сағ асырмай:
жылжымалы құрамға, тұйық тірекке немесе басқа кедергіге 10 м қашықтыққа жақындағанда;
түйісу рельсінің жылжымалы кабелі (қармақ) қосылған қозғалыс кезінде;
жолдық автотоқтау қапсырмасын және жылжымайтын автотоқтау қапсырмасын бөгеу жағдайында жүріп өту кезінде;
Өткiзу мүмкiндiгiн көтеру үшін метрополитеннің бірінші басшысының бұйрығымен жолдың тегіс телімі бойынша 60 км/сағ аспайтын жылдамдықтағы маневрге, ал айқаспалы жолдағы тұйық қиылыстарға бармай ауытқу жолындағы маневрге - 40 км/сағ аспайтын жылдамдыққа рұқсат беріледі,
Электрдепоның сынамалы жолындағы электржылжымалы құрамның қозғалыс жылдамдығын метрополитеннің бірінші басшысы белгілейді.
Поездар қозғалысы
258. Пойыздардың желідегі қозғалысын – бір ғана қызметкер - өзі қызмет көрсететін желі бойынша пойыздар қозғалысы кестесінің орындалуы үшін жауапты болатын пойыз диспетчері басқаруы тиіс.
Пойыз диспетчерінің бұйрықтарын осы желіде пойыздар қозғалысымен тікелей байланысты қызметкерлер сөзсіз орындауы тиіс.
Пойыз диспетчерінен басқаларға пойыздардың желідегі қозғалысы жөнінде тікелей өкімдер беруге тыйым салынады.
259. Қозғалысты басқару бөліміндегі әрбір бекет пен әрбір пойыз тек бір ғана қызметкердің бір уақыттағы қарамағында болуы тиіс:
бекет - бекет кезекшісінің (орталықтандыру постының кезекшісінің) немесе пойыз диспетчерінің;
пойыз – машинистің;
Электрдепоның парктік жолдары – орталықтандыру постының кезекшісі.
Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған желілерде бекет пойыз диспетчерінің қарамағында болады (тұрақты түрде).
Диспетчерлік орталықтандырумен жабдықталған желілердегі бекеттерде машинис пойыз диспетчерінің, бекет бойынша кезекшінің (орталықтандыру посты кезекшісінің) қарамағында болады.
Аралықтарда машинис пойыз диспетчеріне бағынады.
Аралықтар мен бекеттердегі жабық жолдарда жұмыс істеу кезінде машинистің бағыну тәртібі Пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен белгіленеді.
260. Пойыз диспетчері, бекет кезекшісі (орталықтандыру посты кезекшісі), пойыздарды уақытында қабылдап, жөнелтуін және маневрлік жұмыстың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.
Ешбір қажетсіздіксіз пойызды жабық кіру бағдаршамы алдында кез- келген кідіртуі үшін пойыз диспетчері, бекет кезекшісі (орталықтандыру посты кезекшісі) жауапкершілікті болады.
261. Бекет кезекшісі (орталықтандыру посты кезекшісі) және пойыздарды қабылдау және жөнелту бойынша кезекші жолаушылардың түсірілуі мен отырғызылуын, пойыздардың жарамдылық жағдайын, пойыздарды белгілейтін сигналдардың бар болуы мен дұрыс көрсетуін бақылауға міндетті.
262. Жылжымалы құрамның сақтандырғыш тұйық жолдарда тұруына тыйым салынады.
Құрамдардың түнгі тұрақтауы негізінен электрдепода және тоннельдік телім бекеттерінің жолдарында болуы тиіс.
Құрамдардың түнгі тұрақтауының, соның ішінде аралықтар мен бекеттердің басты жолдарының орналасу сызбасын, метрополитеннің бірінші басшысы бекітеді.
263. Бекет басшысы пойыздарды қабылдау мен жөнелтуге және әсіресе ПҚАТ құрылғыларының қалыпты жұмысы бұзылған жағдайдағы маневрлер жүргізуге байланысты рәсімдерді орындау кезінде бекет кезекшілерінің, орталықтандыру посты операторларының, бағыттамалық посты сигнал берушілері мен кезекшілерінің (орталықтандыру посты кезекшілерінің), жолаушыларға қызмет көрсету кезекшілерінің жұмысын бақылауға міндетті.
264. Бекет кезекшісінің бөлмесі оқшау болуы тиіс. Бекет кезекшісінің бөлмесіне кіру құқығына тек бекет бастығы, бекет кезекшісімен бірлесе отырып тікелей жұмыс істейтін немесе өздерінің лауазымдық қызметін атқаратын (орталықтандыру посты кезекшісі), пойыздарды қабылдау және жөнелту бойынша кезекші, орталықтандыру посты операторлары, бағыттамалық посттың кезекшілері және Метрополитен басшылығы бекіткен тізімдегі басқа да жұмысшылар ғана ие болады.
Резервтік автоблоктау кезінде электрпойыздарды қабылдау және жөнелту
265. Пойыздарды бекетке қабылдау, сондай-ақ пойыздарды бекеттен жөнелтуді тек бағдаршамдардың рұқсат беретін көрсеткіштері бойынша және жолдардың белгілі учаскелері үшін белгіленген жылдамдықтан асырмай жүргізіледі.
266. Пойыздарды бекетке қабылдауға немесе пойыздарды бекеттен жөнелтуге бағдаршам алдында пойыз тоқтағаннан кейін жартылай автоматтық әрекеттегі кіру және шығу бағдаршамының тыйым салушы көрсетуі кезінде (қызыл жарық, бір қызыл жарық және бір сары жарық, түсініксіз көрсеткіш) шақыру сигналы бойынша, ал ол ақауланған кезде Пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыс бойынша нұсқаулықта қарастырылған тәртіпке сәйкес машиниске берілген бұйрық бойынша (пойыз диспетчерінің бұйрығының көшірмесі) рұқсат беріледі. Бұл жағдайда пойыздарды қабылдау (жөнелту) 20км/сағ жылдамдықтан асырмай келесі бекетке немесе бағдаршамға дейін жүргізіледі.
Шақыру сигналы ақауланған кезде және пойыз диспетчерімен байланыстың барлық түрі үзілген кезде (немесе пойыз диспетчерін шақыру мүмкіндігі жоқ болса) пойыздарды бекетке қабылдауға немесе пойыздарды бекеттен жөнелтуге бекеттің техникалық- жарлық актінде көрсетілген тәртіппен жүргізіледі.
267. Пойызды жабық түрдегі бекетке қабылдау кезінде машинис тағы да бекет есіктері қалпының сигналдық көрсеткішін, ал пойызды жөнелту және маневрлік қозғалысты атқару кезінде бұдан басқа пойыз (құрам) және жолаушылар залы қабырғасының арасындағы кеңістіктің бостығының сигналдық бақылау көрсеткішін басшылыққа алуы тиіс.
268. Пойызды жолаушылар платформасы шегіндегі iшiнара бос емес бекет жолына қабылдау пойыз диспетчерінің бұйрығымен машинисті пойыз диспетчері немесе бекет кезекшісі (орталықтандыру посты кезекшісі) және пойыздарды қабылдау және жөнелту бойынша кезекші ескерткеннен кейін ерекше жағдайда рұқсат беріледі. Пойызды қабылдау тәртібі пойыз қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі Нұсқаулықта белгіленеді.
269. Пойыздарды бекеттен жөнелту кесте бойынша, бірақ белгіленген ең қысқа аралықтан (интервалдан) ерте жүргізілмеуі тиіс.
Пойызды бастапқы бекеттен жөнелту алдында машинис жүру кестесін (кесте көшірмесін) немесе пойыздық талон алуы тиіс.
Машинистердің (локомотивті бригадалардың) кестені немесе пойыздық талонды алу тәртібін қозғалыс қызметінің бастығы белгілейді.
Пойыздық ақпараттық құрылғымен жабдықталған желілерде (ПАҚ) пойыздардың жөнелтілуі есептесу уақытына сәйкес жүргізіледі.
270. Бекет кезекшісі (орталықтандыру посты кезекшісі) және пойыздарды қабылдау және жөнелту бойынша кезекшісі пойыздың (құрамның – қозғалуына) жүруге дайындығы туралы сигналды беруге, ал машиниске (локомотивті бригадаға) пойыздың немесе маневрлік қозғалыстың жүрер алдында кедергінің жоқ екендігіне көз жеткізбей пойызды жылжытуға тыйым салынады.
271. Жөнелтілген пойызда ақаулылық немесе адам өміріне және қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін кедергі анықталғанда бекет кезекшісі (орталықтандыру посты кезекшісі) және пойыздарды қабылдау және жөнелту бойынша кезекші осы пойызға дереу тоқтау сигналын беруге және бұдан кейін осы жағдайды пойыз диспетчеріне хабарлауға міндетті.
Пойыз соңын көрсететін сигналдардың сөнгені айқындалғанда бекет кезекшісі (орталықтандыру посты кезекшісі) және пойыздарды қабылдау және жөнелту бойынша кезекші осы жағдай туралы келесі пойыздың машинисін ескертуге және пойыз диспетчеріне хабарлауға міндетті.
Электрпойыздар қозғалысы кезіндегі сигнал беру құралдары
272. Пойыздар қозғалысы кезіндегі негізгі сигнал беру құралы ретінде RF-СВТС (radio frequency communication based train control) сымсыз байланыс бойынша пойыздар қозғалысын басқару жүйесі болып табылады, сигнал берудің резервтік құралы автоматты және жартылай автоматты әрекет етудегі (мақсатына байланысты емес) бағдаршамдары бар автотоқтату және қорғаныс телімдері жоқ жолдық автоматтық блоктау (ABS) жүйесі болып табылады.
RF-СВТС сымсыз байланыс бойынша пойыздар қозғалысын басқару жүйесі пойыздар қозғалысы кезіндегі негізгі сигнал беру құралы болып табылады және қосымша автотоқтату және қорғаныс телімдері жоқ жолдық автоматтық блоктаумен жабдықталуы тиіс. Автоматтық әрекеттегі бағдаршамдардың сигналдық жарығы қалыпты түрде ажыратылуы тиіс. Жартылай автоматтық әрекеттегі кіру және шығу бағдаршамдары тұрақты түрде жануы және екі тәртіпте жұмыс істеуі тиіс: автоблоктау ажыратылған және қосылған кездерінде.
273. Автоматтық әрекеттегі бағдаршамдардың сигналдық жарықтарын қосу мен ажыратуын пойыз диспетчері, сонымен қатар пойыз диспетчерінің бұйрығы бойынша орталықтандыру посты кезекшілері жасайды.
Автоматтық әрекеттегі бағдаршамдардың сигналдық жарығы ажыратылған аралықтағы пойыздар қозғалысы машиниске ММІ көрсеткіштерімен ақпаратты ұсына отырып, автоматты жүргізіледі. АТР-АТО ақаулы құрылғылармен пойыз қозғалысы жылдамдығы сағатына 20 км аспайтындай автоматты әрекеттегі резервтік автоблоктау бағдаршамдарының рұқсат етілген сигналдық жарығы кезінде жүргізіледі.
АТР/АТО жабдықтарымен жабдықталмаған поездар қозғалысы, 30 км/сағ кем емес локомотив бригадасымен рұқсаты резервтік автоблоктау сигналдық шамдар светофорымен шығарылады.
Борттық құрылғылар жұмыс істемеген кезде (интерфейс адам-машина MMI, АТР/АТО) RF-СВТС автожүргізу жүйесі кезінде пойызда шұғыл немесе қызметтік тежегіш іске қосылады. Бұл кезде машинис ақау жөнінде пойыз диспетчеріне тез арада хабарлауға және қозғалысты қозғалыс жаңартылғаны туралы бұйрық түскеннен кейін жалғастыруға міндетті. Басқару әдісі, сондай-ақ жылдамдық шектеуі бұйрықта көрсетіледі.
274. Автоблоктау (сигнал берудің резервтік құралдары) бағдаршамдарының сигналдық жарығы АТР/АТО құрылғыларымен жабдықталмаған немесе АТР/АТО жұмыс істемейтін құрылғыларымен пойызды өткізу үшін, сондай-ақ шаруашылық пойыздардың қозғалыс үшін қосылады.
Автоматтық әрекеттегі бағдаршамның сигналдық жарықтарын қосу немесе өшіруді пойыз диспетчері, сондай-ақ пойыз диспетчерінің бұйрығы бойынша орталықтандыру посттарының кезекшілері жүргізеді.
Автоблоктау бағдаршамдарының қосылған сигнал беретін жарықтары кезінде пойыздардың қозғалысы бағдаршамдардың сигналдық көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.
Автоблоктау сигнал берудің (автотоқтатуы бар автоблоктау және қорғаныс телім) негізгі құралы болып табылатын желілердегі пойыздар қозғалысына бағдаршамдардың рұқсат беретін көрсеткішіндегі АЛС сигналдық көрсеткішінен асырмай, ал АЛС-ЖАР құрылғысымен жабдықталмаған желіде бағдаршамның рұқсат беретін жылдамдығынан асырмай жүруге рұқсат беріледі. Егер АЛС сигналдық көрсеткіші бағдаршамның рұқсат беретін жылдамдығынан асатын болса, онда бағдаршам сигналының талаптары орындалады.
АЛС «0», «АЛС-АРС жоқ» сигналдық көрсетуі және бағдаршамның рұқсат беретін көрсетуі кезінде пойыз тоқтағаннан кейін АЛС рұқсат беретін сигналдық көрсеткіші жанғанға дейін тепкіш (батырма) басулы кездегі қырағылықта 20км/сағ жылдамдықтан асырмай, жүретін қозғалысқа рұқсат беріледі.
Автоматтық әрекеттегі бағдаршамның тыйым салушы көрсетуі кезінде (қызыл жарық, сөнген жарықтар, түсініксіз көрсеткіш) /сағ қтан асырмай, пойыз бағдаршам алдында тоқтағаннан кейін одан әрі қозғалысы жылдамдығы сағатына 20км аспайтын пойызға келесі бағдаршамға дейін жүргізуге рұқсат беріледі.
275. Машинист пойыз диспетчеріне хабарлауға міндетті:
1) борттық жабдық құрылғыларының ақауларының әр жағдайында;
2) тыйым салушы көрсетуі бар бағдаршам алдына (30 секундтық тұрақтаудан кейін) пойыздың тоқтағаны туралы;
3) алдындағы пойыздың кетпеуі салдарынан пойыздың тоқтағаны туралы.
Пойыздар қозғалысының тәртібі
276. Метрополитендегі электрпойыз қозғалысының рұқсат етілетін жылдамдықтары метрополитеннің бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі, қозғалыс жылдамдықтарының рұқсат етілетін сигналдық белгілері оған сәйкес орнатылуы тиіс.
277. Электрпойыз қозғалысының жылдамдығы 35 км/сағ аспауы тиіс:
RF-СВТС қозғалысты басқарудың негізгі жүйесін қолданған кезде, АТР/АТО өшірілген құрылғыларымен пойыз жүрген кезде;
пойыздың бас жағындағы пневматикалық тежегіштің үштен екісінен жартысына дейін (қоса санағанда) сақтай отырып, вагондар арасындағы тежегіш торабының шеткі шүмектерін жабу кезінде және вагондарда әрекеттегі тұрақталған тежегіш бар болғанда немесе локомотивті бригада басқаруында пневматикалық тежегіш пен тартқыш қозғалтқышты басты кабинадан басқару кезінде;
қос бағыттағы қозғалыс ұйымдастырылған аралықта (телімде) локомотивті бригада басқаруында пойыздың теріс бағытта жүруі кезінде;
бағыттамалы бұрма бойынша ауытқу жолына немесе ауытқу жолынан, сондай-ақ тұйық қиылыс бойынша;бекет платформасынан тоқтаусыз жүріп өткенде;
тоннельдегі рельс табанының деңгейіне дейін жолды су басқанда;
тежегіштерді және тартымдық қозғалтқыштарды басты емес кабинадан басқару кезінде;
жолаушылар пойызын маневрлік бағдаршамның айдай ақ жарығында қабылдағанда немесе жөнелткенде;
20 км/сағ асырмай:
RF-СВТС қозғалысын басқарудың негізгі жүйесін қолдана отырып, ақауланған пойызбен көмекші пойызы жүру кезінде (желінің бос телімдері бойынша, пойыз диспетчерінің бұйрығы бойынша және оның бақылауында сағатына 35 км дейін жылдамдыққа рұқсат беріледі);
теріс бағыттағы қозғалыс кезінде;
егер жазбаша ескерту немесе метрополитеннің бірінші басшысының бұйрығы болмаса, жылдамдықты шектейтін тасымалды сигналдармен қоршалған жерден жүріп өткенде:
жерүсті теліміндегі жолды рельс табанының деңгейіне дейін су басқанда;
егер жабық түрдегі бекеттің бір немесе бірнеше есіктері ашық болса, бекетке кіру кезінде;
10 км/сағ асырмай:
доңғалақ жұптары қарысып қалған пойыздың (құрамның) қозғалысы кезінде;
жолды рельс қалпақшасынан биік деңгейде су басқанда;
бағдаршамдардың, жолдың 10м қашықтықта көрінуі кезінде;
5 км/сағ асырмай:
электржылжымалы құрамға, тұйық тірекке немесе басқа кедергіге 10м қашықтыққа жақындағанда;
Құрамында түгендемелiк жиынтықтан (инвентарный парк) шығарылған вагондары бар электрпойыздар (құрамдар) қозғалысының жылдамдығын вагондардың техникалық жай-күйіне байланысты қозғалыс қауіпсіздігінің ревизорының келісімі бойынша жылжымалы құрам қызметі бекітеді.
278. Қос жолды аралықтарда әр басты жол әдетте, пойыздардың белгіленген бір бағыттағы (дұрыс) қозғалысы үшін қызмет етеді.
Ерекше жағдайларда электрпойыздар қозғалысын реттеу үшін пойыз диспетчерінің бұйрығы бойынша теріс бағыттағы қозғалысқа рұқсат беріледі.
Шаруашылық пойыздарының теріс бағыттағы қозғалысына осы Ережелердегі және Пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықта орнатылған тәртіппен рұқсат беріледі.
279. Қосжолды телімнің (аралық) бір жолы бойынша жолаушылар пойызы қоғалысының үзілісі болғанда жолаушыларды тасымалдау үшін басқа жолға ауыстыруға локомотивті бригада басқаруында бір құраммен қызмет көрсетілетін пойыз диспетчерінің бұйрығы бойынша екіжақты қозғалысқа рұқсат беріледі.
Дұрыс бағыттағы электрпойыз қозғалысы бағдаршамдардың сигналдық көрсеткіші бойынша және (немесе) АЛС сигналдық көрсеткіші бойынша осы телім жолына (аралыққа) белгіленген жылдамдықтан асырмай, ал теріс бағытта – 35 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүргізіледі.
280. Пойыз қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі Нұсқаулықпен электрпойыз қозғалысын ұйымдастыру және электрпойыз қозғалысының теріс бағыттағы және қос жолды телімнің (аралықтың) бір жолымен екі жақты қозғалысы кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары бекітіледі.
281. Ерекше жағдайларда маневрлік бағдаршамның айдай ақ жарығында машинисті осы жайында ескерткеннен кейін 35 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жолаушы пойыздарының қабылдануы немесе жөнелтілуіне рұқсат беріледі.
282. Пойыздың, маневрлік құрамның қозғалысы кезінде оның жүруіне ерекше жағдайларды қамтамасыз ету қажет болғанда машиниске жазбаша немесе ауызша түрде ескертулер берілуі тиіс.
283. Жазбаша түрдегі ескерту мына жағдайда беріледі:
жолдың, түйіскен рельстің, жасанды және басқа құрылыстардың
ақаулығы кезінде, сондай-ақ жылдамдықты азайтуды немесе жолда тоқтатуды талап ететін, жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде;
тыйым салатын көрсеткішіне ауыстыру мүмкіндігі жоқ болатын бағдаршамның ақаулығы кезінде;
жолдық автотоқтату ақаулығы кезінде (локомотив ретінде
электрқозғағыш қолданылған электрпойызға, құрамдарға, шаруашылық пойыздарына);
бағдаршамдар сигналының, жолдың көрінуі нашарлағанда немесе жолды су басқанда;
тиеу габаритінің шегінен асатын жүктері бар шаруашылық
пойызын жөнелткенде, сонымен қатар соңынан жүретін шаруашылық пойызына;
Пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен белгіленген жұмысты орындаудан кейінгі бірінші электрпойыздарына (құрамдарға);
жылдамдықты азайтуды талап ететін басқа да барлық жағдайларда, сондай-ақ машинисті пойыз қозғалысының ерекше жағдайы туралы ескерту қажет болғанда.
284. Ауызша түрдегі ескерту мына жағдайда беріледі:
жолдық RF-СВТС құрылғысының ақаулығы туралы;
бекеттен тоқтаусыз жүріп өткенде (тек электрпойыздарға);
электрпойыздың бекетте тоқтауы туралы, жолаушыларды отырғызу мен түсіру үшін жабық болғанда;
пойыздың тоқтау себебі көрсетілген аралықтағы тоқтауы туралы;
алдынан және артынан келе жатқан электрпойыздарға электржылжымалы құрамның жүргізіп сыналуы, жүруі туралы;
артынан келе жатқан пойызға, алдыңғы жүріп келе жатқан пойыздың соңын көрсететін сигналдардың сөнгені туралы;
электрпойыз қозғалысы кезінде бекет жолында, аралықтағы жолда бөтен тұлғалардың немесе метрополитен жұмыскерлерінің бар болуы туралы;
басқа жағдайларда пойыз диспетчерінің өкімі бойынша.
285. Қатты тұман, жауын- шашын, боран, түтіндеу кезінде пойыз көрінуінің дәрежесіне байланысты машинис алдында пайда болатын кедергіге дейін пойыздың тоқтауын қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүргізуі тиіс.
286. Егер бағдаршам сигналының көрінуі 10м аспаса, электрпойыз қозғалысының осы телімде жүргізілуі тоқтатылуы тиіс. Қозғалыс тоқтағанға дейін осы телімге жіберілген пойыз оны 10 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүріп өтуі тиіс.
287. Жолды рельстер табанының деңгейіне дейін су басқанда электрпойыз қозғалысын тоннельдегі жолмен 35 км/сағ аспайтын жылдамдықпен, ал жерүсті телімінде - 20 км/сағ асырмай жүргізуге рұқсат беріледі.
288. Жолды рельстер табанының қалпақшасынан биік деңгейде су басқанда осы телімдегі электрпойыздардың қозғалыстары тоқтатылуы тиіс. Қозғалыс тоқтағанға дейін осы телімге жіберілген пойыз оны 10 км/сағ аспайтын жылдамдықпен жүріп өтуі тиіс.
Машинистердің пойыздарды жүргізу тәртібі
289. Машинис міндетті:
жылжымалы құрамның құрылымын, өз торабындағы жолдың пішіні мен жобасын, оның үстіндегі тұрақты сигналдардың, сигналдық нұсқағыштардың және белгілердің орналасуын және олардың мәнін білуге;
желіге шығар алдында жылжымалы құрамды қабылдап алу кезінде тежегіштердің және радиобайланыс аспаптарының әрекетіне ерекше көңіл бөле отырып, оның жарамдылығына көз жеткізеді, (локомотив машинисі желіге шығар алдында да, маневрлік жұмыстың басталуы алдында да жылжымалы құрамның жарамдылығына көз жеткізеді).
290. Пойызды жүргізу кезінде машинис және оның көмекшісі міндетті:
пойыздың жүру кестесін дәлме-дәл ұстана отырып, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге (шаруашылық пойыздары үшін – жұмыс жоспарын дәлме-дәл сақтау);
жолдың бостығын, сигналдарды, сигналдық нұсқағыштарды және белгілерді қадағалауға, бағыттамалық нұсқағыштар бойынша маршруттың дұрыстығын, іргелес жолдардағы пойыздар қозғалысы мен маневрлік қозғалысты қадағалауға, қозғалыс қауіпсіздігіне немесе адам өміріне қауіп төнгенде дереу тоқтату шараларын жүзеге асыруға міндетті.
метрополитеннің бірінші басшысынының бұйрығында көрсетілген бағдаршам көрсетуін және маршрут бағыты бойынша бағыттамалар қалпын ауызша қайталауға, сонымен қатар бағдаршамдар сигналын және тоқтауды немесе жылдамдықты азайтуды талап ететін басқа сигналдар (соның ішінде пойызды машинис көмекшісі жоқ кезде басқаруда), олардың талаптарын электрлік немесе қызметтік пневматикалық тежегішті қолдана отырып орындауға, ал кенеттен тоқтау сигналын бергенде немесе кенеттен қозғалыс үшін кедергі пайда болғанда – шұғыл тежеуге;
тежегіш құрылғыларын үнемі іске қосуға әзір ұстауы, оларды жолда келе жатқанда тексеруі, басты және тораптық резервуарда қысымның белгіленген нормалардан төмен түсуіне жол бермеуге;
бағдаршамдардың тыйым салатын сигналдық көрсеткіші бар болғанда, қатты тұман, жауын- шашын, боран, түтіндеу кезінде, жол телімдерін су басқанда, ауызша немесе жазбаша түрдегі ескертулер бар болғанда, теріс бағыттағы қозғалыс кезінде, тепкіш (батырма) басулы кездегі қырағылықта жылжығанда, бұдан әрі қарай қозғалыстың жылжуына кедергі пайда болғанда ерекше көңіл және қырағылық көрсетіп пойызды дереу тоқтатуға дайын болуға;
лауазымдық міндеттерді орындау бойынша өзара бақылау әрекетін жүргізуге;
жылжымалы құрам жағдайын, оның толассыз жұмысын бақылайтын аспаптар көрсеткішін қадағалауға;
пойыздар қозғалысын автоматтық басқару құрылғыларының жұмысын қадағалауға;
егер шектеу желісіндегі платформаның шетінде адамдар бар болса бекеттің басты жолына кіргенде және онымен жүргенде хабарландыру сигналын беруге.
291. Пойыздың, сигнал беру және байланыс құрылғыларының ақаулылығы, жолдың, түйісу рельсінің және басқа құрылыстар мен құрылғылардың зақымдануы, іргелес жолмен келе жатқан пойыздың ақаулылықтары анықталғанда машинис бұл жөнінде пойыздың радиобайланысы арқылы пойыз диспетчеріне хабарлауы тиіс.
Пойыздағы радиобайланыс ақауланған (жоқ болғанда) кезде бұл жайында электрпойыз машинисі жақын арадағы бекеттің бекет кезекшісіне, ал шарушылық пойызының машинисі - жақын арадағы тоннельдік байланыстың телефоны арқылы пойыз диспетчеріне хабарлауы тиіс.
292. Машинис, (локомотивті бригада) пойызды рұқсат беретін көрсеткіші немесе ашық шақыру сигналы бар бағдаршам жанында ешбір қажетсіздіксіз кез келген кідіртуі үшін жауапкершілікті болады.
293. Метрополитен басшылығы бекіткен тәртіппен берілген рұқсаты бар қызметкерлерден басқа локомотивті бригада құрамына кірмейтін тұлғаларға пойызды басқару кабинасында жүріп өтуге тыйым салынады. Осы жағдайда электрпойызды басқару кабинасында локомотивті бригада құрамына кірмейтін бірмезгілде екі адамға ғана жүріп өтуге рұқсат беріледі.
Локомотивтермен адам тасымалдау кезінде адам саны төлқұжатта көрсетілгеннен артық болса, локомотивтермен адам тасымалдауға тыйым салынады.
294. Жүргізу кезінде машиниске тыйым салынады:
осы Ережелермен, Пойыз қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен, метрополитеннің бірінші басшысынының бұйрығымен бекітілген сигналдар көрсеткішімен, сондай-ақ берілген ескертулермен орнатылған жылдамдықтан асуға;
пойызды басқарудан, сигналдарды, жолдың бостығын және қалпын бақылаудан басқаға көңіл бөлуге;
машинис көмекшісімен жұмыс істегенде оның бұйрығынсыз немесе сигналынсыз электрпойызды қозғалысқа келтіруге;
электрпойыз қозғалысының (АТР/АТО және басқалары) қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жарамды құрылғыларды сөндіруге.
Электрпойыздарды жүргізу ерекшеліктері
295. Пойызды локомотивті бригаданың жүргізуі кезінде машинис көмекшісі машиниспен бірге басты вагонның басқару кабинасында болуы тиіс.
Пойызды басты вагоннан басқармау кезінде машинис көмекшісі басты вагонның басқару кабинасында қозғалыс жүрісі бойынша машиниске тиісті сигналдарды беру үшін, ал қажетті жағдайда – шұғыл тежеу шүмегімен пойызды тоқтату үшін болуы тиіс. Бұл жағдайда жолаушылар жақын арадағы бекетте пойыздан түсірілуі тиіс. Пойызда машинис көмекшісі жоқ болған және пойызды басты кабинадан басқару мүмкіндігі болмаған кезде оның әрі қарай қозғалысы көмекші пойыз көмегімен жүргізілуі тиіс.
296. Желідегі жұмыс кезінде электржылжымалы құрамның ақаулығы анықталғанда пойыз машинисі бұл жайында дереу пойыз диспетчеріне хабарлауға міндетті және оны басты жолдан алу мүмкіндігі болатын жол дамуы бар бекетке қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жеткізуге барлық шараларды қолдануы тиіс.
297. Пойызда пневматикалық тежегіштің үштен бірі және одан да көп ажыратылған кезде бұл пойызды бекеттен жөнелтуге тек жолаушылар жоқ болса ғана рұқсат беріледі.
Пойызда пневматикалық тежегіштің жартысынан көбі ажыратылған болса бұл пойыздың әрі қарай қозғалысы көмекші пойыз көмегімен жүргізілуі тиіс
Пойызды машинис көмекшісі жоқ кезде басқаруда егер пойыз тұрақталған тежегішпен жабдықталмаған вагондардан құралған болса, пойыздағы вагондар арасындағы тежегіш торабының шеткі шүмектері жабық кезінде, машинис көмекші пойызын талап етуі тиіс.
298. Машинис автоматты пневматикалық тежегішті тексеруге міндетті:
электрдепода, техникалық қызмет көрсету пунктінде құрамды қабылдауда немесе тексеруден кейін, түнгі немесе күндізгі тұрақтаудан кейін құрамды шығарар алдында;
вагондардың автотіркегіш құрылғыларын ажыратып, қосылғанынан кейін;
көмекші пойызының ақауланған құраммен тіркелгенінен кейін.
299. Машинис қозғалыс кезіндегі автоматтық пневматикалық тежегіштердің іс- әрекетінің тиімділігін тексеруге міндетті:
1) құрамның электрдеподан, желідегі тұрақтаудан кейінгі шығуынан кейін;
2) орталық кабинадан басқару кезіндегі қозғалыстың басталуынан кейін;
3) пойыз 20 мин. және одан артық тұрғанда. Автоматтық тежегіштерді тексеру және сынау тәртібін Метрополитен басшылығы бекітеді.
300. Шаруашылық пойыздарының тежегіштерін тексеру және сынау тәртібін Метрополитен басшылығы бекітеді.
301. Пойыздың амалсыз тоқтауы кезінде машинис міндетті:
1) егер шұғыл тоқтау қажет болмаса, пойызды мүмкіндігінше алаңшада және жолдың түзу телімінде тоқтатуға;
2) тоқтағаннан кейін пойыз диспетчеріне хабарлауы және жолдың пішініне байланысты пойызды тұрақталған немесе қол тежегішімен тежеуі тиіс.
3) әрі қарай қозғалу мүмкіндігін анықтауға;
4)қозғалыс үшін пайда болған кедергілерді жоюға шаралар қолдануға;
5) пайда болған кедергілерді жойғаннан кейін осы жайында пойыз диспетчеріне хабарлауы және оның өкімімен пойыз қозғалысын жалғастыруға;
6) қозғалыс үшін пайда болған кедергілерді жою мүмкіндігі болмаған жағдайда қалпына келтіру жасағын талап ету және Метрополитен Басшылығы бекіткен тәртіппен пойыз диспетчерімен келісімдеп тоннельден бекетке қарай жолаушыларды шығаруды немесе әкетуді қамтамасыз ету;
302. Іргелес жолдағы қозғалыс үшін кедергі анықталғанда машинис (локомотивті бригада) қарсы бағыттағы пойызды тоқтатуға шара қолдануға міндетті.
303. Алдында тұрған пойызға жақындағанда машинис өз пойызын одан 25 м, ал еңістерде 0,030 артық, — 50 м кем емес қашықтықта тоқтатуы, тоқтау сигналын беріп, осы жайында пойыз диспетчеріне пойыздың радиобайланысы немесе тоннельдік байланыс арқылы хабарлауы және әрі қарай оның нұсқауымен әрекет жасауы тиіс.
Егер алдында тұрған пойызға дейін бағыттамалы бұрма тұрса, онда машинис бағыттамалы бұрма алдында тұрған бағдаршамнан өтпей пойызды тоқтатуы тиіс.
304.Пойыздың басқарылуы жоғалған кезде машинис басқаруды қалпына келтіру шараларын қабылдауы тиіс. Егер пойыздың басқарылуы 5 минут ішінде қалпына келтірілмесе, машинис көмекші пойызын талап етуі тиіс.
305. Көмекші пойызын шақырғаннан кейін машинис көмекші пойызы келетін жақтан вагондағы сигналдық қызыл жарықтардың жарамдылығын тексеруі тиіс.
306. Көмекші пойызы ретінде артынан келе жатқан бағыттас бағыттағы немесе теріс бағытта жөнелтілген пойыз тағайындалуы мүмкін. Пойыз ажыраған жағдайда екі көмекші пойызы тағайындалады. Теріс бағыттағы көмекші пойызы тек бекеттен тағайындалады. Егер теріс бағытта келе жатқан көмекші пойызында жолаушылар жоқ болса, оны аралықтан тағайындауға рұқсат беріледі.
307. Егер көмекші пойызын талап еткеннен кейін пойыздың амалсыз тоқтау себебі жойылған болса, машинис пойыз диспетчеріне бұдан әрі қозғалысқа дайындығын хабарлауы тиіс.
Бұл жағдайда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды қабылдап, пойыз диспетчері бұдан әрі қозғалысқа рұқсат беруіне және көмекші пойызының тағайындалуын өзгертуіне болады.
308. Егер көмекші пойызы бекет жағынан тағайындалған болса, ол жолаушыларсыз шығуы тиіс.
Көмекші пойызын аралықтан тағайындағанда жолаушыларды көмекші пойызынан және ақауланған пойыздарынан түсіруді жақын арадағы бекетке жүргізеді.
309. Пойыздың аралықтан бекетке қайтарылуы Пойыз қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен белгіленген тәртіппен пойыз диспетчерінің бұйрығымен тек басты кабинадан басқару кезінде жасалады.
310. Метрополитен жолдарында пойызды шегіндіруге тыйым салынады. Ерекше жағдайда пойызды шегіндіруге рұқсат беріледі:
нысаналы тежегіш нүктесі шегінде құрам қондырғысының мақсаттарында;
жабық түрдегі бекетте;
егер пойыз бекеттен жөнелтілгеннен кейін жану себебінен тоқтаса және вагондардың бір бөлігі тоннельде болса;
Шегіндіру тәртібі метрополитеннің бірінші басшысымен бекітіледі.
Шаруашылық пойыздар қозғалысын ұйымдастыру
311. Шаруашылық пойыздарының қозғалысы RF-СВТС қозғалысын басқарудың негізгі жүйесінің жұмысы кезінде автожүргізу режимінде және жартылай автоматты бағдаршамдар сигналдары бойынша, сондай-ақ автоматты және жартылай автоматты әрекеттегі бағдаршамдардың сигналдық көрсетуі бойынша осы Ережедегі, Сигнал беру нұсқаулығындағы және Пойыз қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықтағы талаптарын орындау арқылы жүргізіледі.
Шаруашылық пойыздардың қозғалысын ұйымдастыру үшін автоматтық әрекеттегі (резервтік автоблоктау) бағдаршамдардың сигналдық жарығы қосылуы тиіс.
312. Шаруашылық пойыздардың түнгі уақытта басты жолмен қозғалысына электрпойыз қозғалысы тоқтағанда рұқсат беріледі.
313. Шаруашылық пойыздарының теріс бағыттағы қозғалысына аралықтағы жол (телім) жабылмай- ақ пойыз диспетчерінің бұйрығымен рұқсат беріледі.
314. Түнгі «толаскезді» ұзарту мақсатымен шаруашылық пойыздарын (соның ішінде теріс бағытта да) түйісу рельсіндегі кернеуді алғанға дейін – соңғы электрпойызы жүріп өткеннен кейін басты жолға жіберуге рұқсат беріледі. Бұл жағдайда түйісу рельсіндегі кернеудің бар екендігі туралы шебер немесе мотоқозғағыш депо машинистерінің бригадирі немесе метрополитеннің бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген басқа жұмыскер машинисті ауызша ескертеді. Машинис шаруашылық пойызымен келе жатқан барлық тұлғаларға түйісу рельсіндегі кернеудің бар екендігі туралы хабарлауға міндетті. Белгіленген орынға келгеннен кейін машинис түйісу рельсіндегі кернеудің алынғанына пойыз диспетчері немесе бекет бойынша кезекші (орталықтандыру посты кезекшісі) арқылы көз жеткізуге міндетті.
315. Ерекше жағдайда электрпойыздарының қозғалысы кезінде шаруашылық пойыздарының басты жолмен қозғалуына метрополитеннің бірінші басшысы белгілеген тәртіппен рұқсат беріледі.
316. Парктік және басқа жолдарда түйісу рельсіндегі кернеудің бар кезінде шаруашылық пойыздарының қозғалысына рұқсат беріледі.
317. Дұрыс бағыттағы шаруашылық пойыздарының барынша рұқсат етілетін қозғалыс жылдамдықтары метрополитеннің бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.
318. Теріс бағыттағы шаруашылық пойыздарының рұқсат берілетін қозғалыс жылдамдығы, сонымен қатар пішініне, тіркелетін бірліктер түріне байланысты және т.б. Пойыздар қозғалысы мен маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықпен бекітіледі.
319. Түнгі уақытта желіде болатын барлық шаруашылық пойыздары түйісу рельсіне кернеу берілетіні туралы екінші ескерту сигналын бергенге дейін тұрақ орнына келуі немесе басты жолды босатуы тиіс.
320. Пойыз диспетчері шаруашылық пойыздарының орындалған қозғалыс кестесін жүргізуге, ал электрпойыздар қозғалысы басталар алдында түнгі жұмыстан кейін барлық шаруашылық пойыздарының желіден тұрақ орнына қайтуын тексеруге міндетті.
321. Жол арбашасының және басқа алынбалы жылжымалы бірліктерінің қозғалыс тәртібі Метрополитен басшылығымен бекітіледі.
Серверлік жабдық
322. Серверлік жабдық «жыл бойы, демалыссыз, тәулігіне 24 сағат» режимінде белгілі тапсырмаларды орындау керек. Серверлік жабдық арнайы лицензияланған операциялық жүйемен, программалық жасақпен және мәліметтер базасының басқару жүйесімен жабдықталу керек.
323. Серверлік жабдық арнайы бөлмелерде орнатылады. Әдеттегі және өрт сөндіретін сумен жабдықтау тас жолдары, жылыту және кәріз жүйелері серверлік бөлмеден тыс жерге шығарылады.
Серверлік жабдықтарды терезелері жоқ бөлмелерге орнату ұсынылады. Бөлмелерде терезе болған жағдайда олар күннен қорғайтын қаппен қапталуы тиіс.
324. Серверлік бөлменің температурасы +17-ден +20 цельсияның шегінде болу тиіс, ол үшін серверлік бөлме негізгі және резервтік жүйемен ауа жткізу арқылы жабдықталады. Серверлік бөлменің электрқоректендіргіш жеткізу жүйелері екі дербес қоректену көздерінен жүзеге асырылу және резервтік үзіліссіз қоректендіру көздері болу керек. Үзіліссіз қоректендіру көздері арқылы электржабдықтау құрылғысын авариялық тәртіпте (тоқ айналымы болмаған кезде ) кем дегенде 1 сагатта және нөлдік ауысу уақытымен қамтамасыз ету керек. Серверлік бөлме үшін ауа жеткізу жүйесі басқа ауа жеткізу жүйесімен қосылмау керек.
325. Серверлік жабдықты жоспарлы және жөндеу жұмыстарына өшіру тек метрополитеннің бірінші басшысы немесе басшының орнын басатын тұлғаның келісуімен жасалады.
326. Серверлік бөлмеге рұқсат сол бөлмеде орналасқан жабдықты іске қосуға жауапты тұлғаларға беріледі.
327. Ақпараттық технология қызметінің қызметкерлері серверлік жабдықтың тұрақты қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге міндетті.
Коммутациялық жабдық
328. Коммутациялық жабдық- компьютерлік желі жұмыстары үшін қажет құрылғы. Маршрутизатор, коммутатор, концентратор, патч-панель т.б сияқты.
Коммутациялық жабдық компьютерлік желідегі жеке элементтерді (компьютерлер, серверлер, қоймалар және т.б арнайы жабдықтар) бірдей пайдаланудағы, осы элементтердің бір-бірімен әрекеттесуіне мүмкіндік беретін желіге біріктіреді.
329. Коммутациялық жабдық технологиялық бөлмелерде және арнайы шкафтарда орнатылуы керек. Коммутациялық жабдықтарға жалғанған кабельдік өнім таңбалануы және мұқият төселуі керек.
330. Ақпараттық технологиялар жүйесінің коммутациялық жабдығын пайдалану, қызмет көрсету және жөндеуді тиісті бөлімшелердегі жұмыскерлер және тек технологиялық процесс кестесіне сәйкес орындайды.
331. Коммутациялық жабдық таза қуат көзін қосылу керек және қуаттың төмендеп кетуінен қорғау керек.
332. Коммутациялық жабдықтың кескінді мәліметтерінің резервтік көшірмесі бөлек серверде сақталу керек.
Компьютерлік және алыстағы техникаға қызмет көрсету және пайдалану
333. Автоматтандырылған жұмыс орны (бұдан әрі – АЖО) арнайы лицензияланған программалық жасақпен жабдықталуы және зиянды программалық жасақтан қорғалуы керек.
334. АЖО-ны пайдалану программалық жасақпен жұмыс істеудің практикалық машықтанудан өткен және дербес компьютерді қолдану тәжірибесі бар жұмыскерлерге ұсынылады.
335. АЖО-ның орнын ауыстыру және жөндеуді оның қарамағындағы және пайдаланатын құрылымдық бөлімшенің өтінішіне сәйкес оған қолжетімдік құқығы бар қызмет көрсетуші персонал жүзеге асыруы керек.
336. Ақпараттық технологиялар жүйенің АЖО-на қызмет көрсету және жөндеуді тиісті бөлімшелердегі жұмыскерлер және тек технологиялық процесс кестесіне сәйкес орындайды.
337. Бекет кезекшісі және бір орталыққа бағындырылған орын бойынша, сонымен қатар орталық диспетчерлік басқармасы орнатқан АЖО ақпараттық технологиялар жүйесі таза қуат көзіне қосулы болу керек және кернеу айырмасынан қорғалған болу керек.
Мәліметтер базасын және мәліметтерді мұрағаттауды басқару жүйесі.
338. Мәліметтер базасын басқару жүйесі (бұдан әрі - МББЖ) Метрополитен үшін маңызды платформа болып табылады, өйткені оның жұмысының ерекшелігі сақталатын мәліметтердің үлкен көлемдерімен және рұқсат етілмеген қолжетімдіктен ақпарат қорғанысын қажетті деңгейде қамтамасыз етумен байланысты.
339. МББЖ мәліметтерді сақтауды, жаңартуды және өңдеуді қамтамасыз етуге міндетті. МББЖ-дан қажетті ақпарат онымен жұмыс істейтін арнайы программалық жасақтан түсуі керек.
340. Ақпараттық жүйелердің мәліметтер базасын резервтік көшіру метрополитен Басқармасы бекіткен нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
341. МЖТБАЖ жүйесінің мәліметтер базасын мұрағаттау күнсайын бір уақытта орындалуы керек. Мұрағаттау аяқталғаннан кейін мұрағат көшірмесі МЖТБАЖ жүйесінің резервтік серверінде автоматты сақталуы керек.
342. Телебақылау жүйесі бойынша мәліметтерді сақтау жеті күнтізбелік күннен кем емес болуы керек.
Ақпараттық жүйелердің жұмыс қабілеттігін қалпына келтіру тәртібі
343. Ақпараттық жүйелердің мәліметтер базасы жұмысында іркіліс болған жағдайда оны қалпына келтіру бойынша жұмыстар мәліметтер базасының резервтік көшірмесімен және транзакция журналының резервтік көшірмесімен, егер мұндай журнал болса, жүзеге асырылуы керек.
344. Резервтік көшірмеден ақпаратты қалпына келтіру рәсімі технологиялық процеске сәйкес, оның жеке модульдерінің жұмысын бұзбай жүзеге асырылады.
345. Резервтік көшірмеден мәліметтерді қалпына келтіру барынша аз мерзімде, жүйенің техникалық мүмкіндіктері шектелген, бірақ бір жұмыс күнінен артық болмайтындай жүзеге асырылу керек.
346. Тұтынушының жұмыс станциясында орнатылған программалық жасақ жұмысында іркіліс болған жағдайда осы ПЖ жеткізу және орнату бойынша қызметті көрсететін Ұйымнан алынған дистрибутивтері бар арнайы программалық жасақты орнату қажет.
Трамвайды техникалық пайдалану қағидасы
347. Трамвайды техникалық пайдалану қағидасы негізгі техникалық құжат болып табылады және трамвай вагондарын, тартымдық қосалқы стансаларды, түйіспе және кабель желілерін, рельс жолдарын, сигнализация, орталықтандыру және бұғаттау құрылғыларын (бұдан әрі- СОБ) техникалық пайдалануға, ғимараттар мен құрылыстарды күтіп-ұстауға қойылатын негізгі талаптарды белгілейді.
348. Трамвайды техникалық пайдалануға байланысты терминдерді уәкілетті орган бекітеді.
349. Трамвай көлігін пайдалануға байланысты рельс көліктік құралдар (бұдан әрі- РКҚ) ұйымының (кәсіпорынның) әрбір қызметкерінің осы Қағидаға, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулық және ішкі еңбек тәртібі бойынша білім алады және аттестаттаудан өтеді.
350. Осы Қағидаларды білуін жүйелі тексеру үшін РКҚ ұйымында комиссия құрылады. Кәсіпорынның басшысы, оның орынбасары, РКҚ ұйымының бас инженері және құрылымдық бөлімшелердің басшылары Комиссия төрағасы бола алады.
351. Кәсіп тізбесі, білімін тексеруді қажет ететін жұмыс, тексеру кезеңділігі және емтихан алушы комиссияның құрамын РКҚ ұйымының басшысы бекітеді.
352. Трамвай көлігінің тікелей өндіріс учаскелерінде жұмысты ұйымдастыру және жүргізуге байланысты, сондай-ақ бақылау және техникалық қадағалауды жүзеге асырушы басшылары мен мамандарының, осы Қағида бойынша білімдері үш жылда кемінде бір рет, жүргізушілер мен жөндеу персоналы жылына кемінде бір рет тексеріледі.
Депо. Жөндеу шеберханалары
353. Трамвай депосы (бұдан әрі - депо) қалалық жолаушылар көлігінің барлық түрлерін дамытудың кешенді схемасына немесе қалалық жолаушылар көлігін дамытудың (еесебімен) техника-экономикалық негіздемесіне сәйкес және қаланың бас жоспарына үйлестіре отырып, орналастырылады.
354. Әдеттегідей, депо, жөндеу шеберханалары мен тұрақтарды 1,6 м биіктігімен тұтас қоршау арқылы бір жер теліміне орналастырған жөн.
355. Тұрақ деподағы бар тексеру және жөндеу вагон орындарының санын және жоспар бойынша басқа кәсіпорындарда жөндеуде тұрған жылжымалы құрам санын шегергенде, депоға тіркелінген барлық жылжымалы құрамды бір мезгілде орналастыруға арналуы тиіс.
356. Тұрақты асфальтбетонды немесе цемент төсеммен жоспарлануы тиісм. Трамвай жолдарының бойлық еңістері 2,5‰-дан аспауы тиіс.
357. Депо аумағына трамвай вагондары қозғалысының шекті кедергісін өлшеу үшін жеке учаске қарастыру қажет.
358. Тұрақ ашық және жабық екі типті болады. Вагондарға арналған жабық тұрақ бескүнде минус 30 С және төмен температурасы біршама суық қалалар үшін депо жобаланған жағдайда көзделеді.
359. Депо аумағына трамвай вагондары үшін бөлек кірер және шығар жолды (негізгі және резервті) қарастыру тиіс. Депо жағынан жолдың жүретін бөлігіндегі қозғалыс бағыты бойымен санағанда кірер жол негізгі шығар жолдан бұрын өтуі тиіс. Шығар жолда әрі-бері өтетін, ал шығар жолда (негізгісінде) бақылау пункті болуы тиіс.
360. Депо аумағына кірер немесе одан шығар жолға арналған қақпалар шеткі сызықтан трамвай вагоны шанағы ұзындығынан кем емес шегіну арқылы орналасуы тиіс.
361. Депо аумағындағы вагондар қозғалысының сұлбасында айналма жол (бір жақты) және басып озу пункті болуы тиіс.
362. Жылжымалы құрамның ашық тұрағындағы жүретін жолдың енін 3,5 м қабылдау тиіс. Көлденең бағытта өрт сөндіру поездарының арақашықтығы - 125,0 м.
363. Трамвай вагондарының кіріп-шығып өтуіне арналған ғимараттардағы қақпалардың биіктігі түйіспе сымы аспасының 5,0 м аспауы тиіс, ені (шамда) 4,0 м, сондай-ақ ашып-жабу үшін механикаландырылған сымы болуы тиіс.
364. Ғимарат қақпаларындағы жұмысшылардың өтуіне арналған кішкене қақпа ғимараттан шығу бағытында ашылуы тиіс, кішкене қақпаның ені 0,8 м-ден кем болмауы тиіс.
365. Трамвай рельсінің басынан жетекші құрылым жамылғысына дейін вагондардың жабық тұрағы жайының биіктігі 5,5 м кем емес.
366. Депода техникалық қызмет көрсету, ағымдағы ағытып жөндеу, цехтарын, бас механиктің жайлары мен шеберхана бөлімдерін, қойма жайларын қарастыруы тиіс.
Өндірістік және қосалқы құрам жобаның технологиялық бөлігімен нақтылануы тиіс.
367. Депо жайының биіктігі кемінде метрде:
Өндірістік 3,0 м;
Ағаш ұста және ұста-рессорлық бөлімше 4,0 м;
Трамвай вагондары кіргізілетін жайлар:
Түйіспе сымдары болмағанда 4,5 м;
Түйіспе сымдары болғанда 5,85 м.
368. Ғимараттарда трамвай вагондарына техникалық қызмет көрсету аймақтарында негізінен жыралар мен еден бетіндегі жерлерге жұмыс бекеттерін қарастыруға рұқсат етіледі.
Жоспарда жыралар мен шұңқыр жанын орналастыру техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің қабылданған технологияларына сәйкес белгіленеді.
Жыра тереңдігі 1,4 м, вагонның ернеу бөлігіне орналасқан жабдыққа қызмет көрсету үшін шұңқыр тереңдігі - 0,8 м болуы тиіс.
369. Жыра ені кемінде 1,35 м болуы тиіс.
Жыралар ұзындығы мен арналғанынан тәуелсіз жыра үстінде тұрған вагон габаритімен жабылмаған екі шығар жол болуы тиіс. Жыра ұзындығы бір вагондық орын болғанда, шыға берістерінің бірі (қосалқы) жыраның сыртқы қабырғасында металл қапсырма түрінде орындауға рұқсат етіледі.
370. Диагностикалық және тексеру бөлімшелерінің жыралары мен тегістемелері су өткізу үшін кәріздендірілуі тиіс. Тексеру аймағын бөлу үшін 40,0 м ұзынырақ байқау жырасы артық ені 0,8 м-ден кем емес өтпе көпіршесі қарастырылады. Дәнекерлеу жұмыстарына арналған жыра ғимараттан тыс орналастырылады.
371. Бояу бөлімшелерінің құрамында вагондарды дайындау, бояу және кептіру және сырларды дайындау жайлары қарастырылады. Әдетте, бояу бөлімшелеріне тура өтпе болуы тиіс.
Вагондарды камералық кептіру кезінде, бояу жайын бөлмеуге болады.
372. Аккумуляторлық шеберхананы орналастыру кезінде, екі жай қарастырылады:
бірі – электролитті дайындау учаскесімен жөндеу үшін,
басқасы - аккумуляторларды қуаттау үшін.
Егер бір мезгілде 10-нан аспайтын аккумуляторлар зарядталып жатса, жеке жайларда аккумуляторларды зарядтауға рұқсат етіледі және қосу зарядтау құрылғыларымен бұғатталған жеке желдету сорғысы бар арнайы шкафтарда, оларды зарядтау жүргізіледі.
373. 10 м3 дейін майлау материалдарын сақтау мөлшерімен май тарату жайларында майды айдап, жұмыс орындарына беруге арналған сорғыш агрегаттарды орналастыруға рұқсат етіледі.
Трамвай вагондарына техникалық қызмет көрсету және жөндеуге арналған жайларда әрқайсысы 1 м3 сыйымдылықпен жер үстіндегі резервуарларға, оларды сақтаған жағдайда, 5 м3 аспайтын майлау материалдарын ұстауға, сондай-ақ осы резеруарлардан майларды айдауға және жұмыс орындарына беруге арналған агрегат сорғыларын орналастыруға рұқсат етіледі.
Майды төгу үшін апаттық жер асты резервуарлары аталған резервуарлардан қарастырылмайды.
374. жуып-жинау және май жұмыстарын істеуге арналған жайларда вагон қабырғалары трамвай вагонының биіктігінен аспай ылғал және май өткізбейтін мықты материалдармен әрленіп, сырлануы тиіс.
375. Бөлшектер мен агрегаттарды сырлауға арналған жайларда, жуу-кептіру бөлімшелерінде, сығымдағыш, майтарату және майлау материалдарының қоймаларының қабырғалары 1,8 м биіктікке ылғал және май өткізбейтін мықты материалдармен, сондай-ақ аккумуляторлық шеберханалар мен жуу-ақауанықтау бөлімшелерінде сілтінің әсеріне төзімділерімен әрленіп, сырлануы тиіс.
376. Жыралардың едендері көлденең бағытта кемінде 10‰ еңіс, бойлық бағытта баспалдақтар мен науашалар жағына 8 -ден 10‰ дейін болуы тиіс.
377. Депо аумағында рейс алдында медициналық тексеруден жүргізушілердің өтуін қамтамасыз ету үшін арнайы үй-жай қарастырылуы тиіс.
378. Автоматты өрт сөндіру құрылғылары бояулар даярлайтын үй-жайда, майлау бөлімшелерінде және кептіру камераларына орнатылуы тиіс.
Автоматты өрт сөндіру құрылғыларын таңдау технологиялар мен техникоэкономикалық негіздемелердің талаптарымен белгіленеді.
379. Жуып-жинау, тексеру, диагностикалық бөлім жайларында және ағымдағы ағытып жөндеу цехтарында желдеткішпен біріктірілген ауамен жылыту қарастырылуы тиіс. Жұмыс уақытында осы жайларда жұрыс температураны сақтау үшін кезекші жылыту қарастырылады.
380. Депоның өндіріс жайлары мен жөндеу шеберханаларындағы келетін ауаның тікелей жұмыс аймағына берілуін қарастыру тиіс.
381. Өндірістік жайдан ауаны тазарту жоғарғы аймақтан қарастырылады.
382. Тенксеру және жуып-жинау бөлімшелеріндегі сыртқы қақпалар әуе-жылу бүркеулерімен жабдықталуы тиіс.
383. Аккумуляторлық шеберхана жайында жергілікті ағызу-тарту желдеткішінен басқа жоғарғы аймақтан табиғи тарту желдеткіші қарастырылады.
384. Бояу бөлімдерінің (учаскелерінің) жайларын желдету және жылыту жүйелерін белгіленген тәртіппен бекітілген бояу өндірістерінің (цехтарының) еңбек қауіпсіздігі техникасы, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария қағидалары мен нормаларын ескере отырып, жобалау керек.
385. Вагондарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшін зауыттық пайдалану және жөндеу құжаттамаларына сәйкес РКҚ ұйымы технологиялық, бақылау, өлшеу, диагностикалық жабдықтармен жабдықталуы тиіс, сондай – ақ нормативтік құжаттамаларға сәйкес даярлықтан өткен жөндеу персоналы болуы тиіс.
386. Трамвай вагондарына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы күтіп-ұстау кезінде депода қабылданған жүйеге сәйкес, РКҚ ұйымының басшылығымен бекітілген байқау жыраларының үстінен түйіспе желілерін шұғыл ауыстырып қосу жөніндегі нұсқаулықтың талаптарын орындау тиіс.
387. Трамвай депосы аумағындағы және депо аумағынан тыс вагондарды орналастыру шегінде маневрлік жұмыстар шығары диспетчерінің немесе сұлбалық жоспар туралы сәйкес, оның орнын ауыстырушы тұлғаның нұсқауымен жүргізіледі.
388. Маневрлік жұмыстардың жүргізілуіне жауапты қызметкер:
1) маневрлік жұмыстарды жүргізуде қозғалыс қауіпсіздігін;
2) маневрлік жұмыспен айналысып жатқан қызметкерлердің қауіпсіздігін;
3) вагондардың желіге шығу уақыты бойынша тапсырма құжатына, трамвайды техникалық пайдалану және өрт қауіпсіздігі қағидаларына толық сәйкес вагондардың орналасуын;
4) маневрлік жұмысқа қатысушы барлық қызметкерлердің маневрлік жұмысты орындау жоспары мен тәсілдеріне сәйкес әрекеттерінің келісілуін қамтамасыз етеді.
389. Байқау жыраларында немесе жөндеу цехтарындағы жылжымалы құрамды кез келген жылжыту немесе орнын ауыстыру профилактория немесе жоспарлы жөндеу цехы басшылығының алдын ала өтінімі бойынша жүргізіледі.
390. Байқау жырасына қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ақаулы вагонды жылжыту немесе орнын ауыстыру, оны ақаулы вагонмен берік тіркеп сүреу немесе техникалық көмек көрсетудің арнайы автомашинасы (сүреу) арқылы ғана жүргізіледі.
391. Маневрлік жұмыстарды жүргізу кезінде вагонды басқаруды жүргізуші-айдаушы жүзеге асырады.
392. Жүргізуші –айдаушы депоға жұмысқа келісімен вагондарды шығарушы диспетчерге келіп, вагонды басқару құқығына куәлігін, жүргізуші кітапшасын, электрқауіпсіздігі бойынша білімін тексеру туралы куәлігін көрсетуі тиіс, медициналық тексерістеп өтіп, резерсор тұтқасын, электр өткізбейтін биялай, белгі беру кеудешесін, ысқырғыш, жалауша, қолшамын, қажеттігіне қарай жамылғы және резеңке етік алуы тиіс.
393. Вагонның артқа қарай қозғалысы басқа жүргізуші –айдаушының немесе бұйрықпен қозғалыс жүрісіне тағайындалған тұлғаның қадағалауымен жүргізіледі және өзімен бірге қажетті белгі беру құралдары (ысқырғыш, қолшам, сары жалауша) болуы тиіс.
394. Жүргізуші –айдаушы шебердің немесе оның орнындағы тұлғаның нұсқауымен ғана байқау жырасына немесе жөндеу аймағына вагонды қоюды жүргізуі тиіс.
395. Вагонды қояр алдында жүргізуші –айдаушы байқау жырасындағы немесе жөндеу аймағының (шығар қақпалары үстінде жасыл белгі) түйіспе желісінде кернеудің болуына көз жеткізуі тиіс.
396. Жылжымалы құрам қозғалысы кезінде маневрлік жұмыстарға қатысушы, сондай-ақ депо аумағындағы немесе жөндеу аймағында жүрген қызметкерлерге:
1) вагондар, тіректер және өзге құрылыстар арасынан жол арасына өтуге;
2) вагонға кіруге және одан шығуға, вагон төбесінде немесе басқышында тұруға;
3) байқау жырасы арқылы (жөндеу) өтуге, онда тұруға, сондай-ақ рельстерге отыруға;
4) Трамвай жолымен, бағыттама және айқаспалармен жүруге;
5) қақпалар ойығында тұруға тыйым салынады.
Достарыңызбен бөлісу: |