28
«Атамекен» ҰКП жүргізген білім беру бағдарламаларының мониторингі
көрсеткіші бойынша түлектерді жұмысқа орналастыруда біздің университеттің рейтингісі
төмен. Оның ішінде 10 мамандық бойынша төменгі көрсеткіш (50% кем) анықталған.
Есеп беру кезеңінде мониторинг нәтижесі негізінде деканаттармен бірлесе
ағымдағы оқу жылында жұмысқа орналастыру тетігін жетілдіру бағытында бос орындар
жәрмеңкесін өткізу технологиясы және форматтары өзгертілді; оқу жылының басында
университет түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша қолда бар бос жұмыс
орындарына сауалнама жүргізілді; оқу жылының басынан бастап жұмыс іздеу
сайттарында студенттердің түйіндемесін тіркеу бойынша жұмыстары жандандырылды;
түлектердің жұмыс берушілермен байланысын орнатуға ықпал ететін кәсіпорындармен,
ұйымдармен және мекемелермен жаңа шарттар жасалды; тәжірибеден өту бойынша
кафедра филиалдарының аумағы кеңейтілді.
Жұмыс берушілермен жасалған шарттар негізінде факультеттерде бірқатар іс-
шаралар ұйымдастырылды:
1.Түлектерді жұмысқа орналастыру жөнінде Мемлекеттік бағдарламалар мен
жобалардың мазмұнын түсіндіру бойынша кездесулер: "Дипломмен ауылға", "Жастар
тәжірибесі" және "Жастар кадрлық резерві", "Жасыл Ел" бағдарламалары; "Сәтті қадам",
"Самұрық-Қазына" жобалары, "ЖасӨркен" тағылымдама бағдарламасы және түлектердің
түйіндемесін орналастыру үшін ресми электрондық сайттарды пайдалану;
2. Жұмыс берушілердің қатысуымен әңгімелесу, дөңгелек үстелдер;
3. Тренингтер апталығы;
4. "Жас маман -2019" бос жұмыс орындар жәрмеңкесі (2019 жылғы 11 сәуір);
5. Студенттердің өндіріс орындарымен танысуы.
2018-
2019 оқу жылында студенттерге тиімді болу үшін университет түлектерінің
Ақпараттық бюллетені әзірленді, онда тәжірибеден өту, жазғы демалыс кезінде жоғарғы
курстарда жұмыспен қамту мәселелерін шешу жолдары, сондай-ақ жұмысқа орналастыру
бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы жазылған. Бұл бағытта үстіміздегі оқу
жылында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асырылуы керек. Соның ішінде
«Жол картасы» жасалынуы керек.
4.6 Халықаралық қызмет және білімдегі жаһандану процесі
Академиялық ұтқырлық бағдарламаларын интернационализациялау және дамыту
стратегиясын іске асыру мақсатында университет шетелдік университеттермен және
ғылыми ұйымдармен 68 меморандумдар мен келісімдерге қол қойды. (27 слайд)
Оның ішінде сыртқы академиялық ұтқырлықты ұйымдастыру, бірлескен зерттеу
жұмыстарын жүргізу және шетелдік мамандарды шақыру үшін 2018 оқу жылында
Польша, Оңтүстік Корея, Армения, Грузия, Өзбекстан, Непал, Беларусь және Венгрия
университеттерімен 12 келісімге қол қойылды.
2018-
2019 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
бөлген гранттары бойынша университетіміздің 11 cтуденті академиялық ұтқырлық
бағдарламасы бойынша Польша және Литва жоғарғы оқу орындарында білім алып келді.
Сонымен қатар өткен оқу жылында 3 студент М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дің
еуропалық университеттермен біріге жасаған Baden-Württemberg-STIPENDIUM |
FürStudierende бағдарламасымен және ERASMUS+ бағдарламасы арқылы Польша,
Германия және Испания университеттерінде білім алды.
2018-
2019 оқу жылында Испания, Ресей, Германия және Польша
университеттерінен профессорлар шақырылды (кесте 12). Оның ішінде 4 шетелдік маман
ҚР БжҒМ бағдарламасы шеңберінде келді. (28 слайд)
Кесте 12 – Шақырылған профессорлар мәлімет
№
Аты-жөні
Мемлекет
Университет
Келу мерзімі
1
ВуйцикВальдемар
Польша
Люблин политехникалық
университеті
06.04.2018 -
11.04.2018
29
2
Смолаж Анджей
Польша
Люблин политехникалық
университеті
06.04.2018 -
11.04.2018
3
ВольфгангШротт
Германия Хоф қолданбалы ғылымдар
универсиететі
21.02.2018 -
22.02.2018
4
Михаэля Рауха
Германия Хоф қолданбалы ғылымдар
универсиететі
21.02.2018 -
22.02.2018
5
Шахов Сергей
Васильевич
Россия
Воронеж мемлекеттік
инженерлік технологиялар
университеті
10.10.2018 –
10.11.2018
6
Ткаченко-Горский
Игорь Михайлович
Испания
Валенсия политехникалық
университеті
04.11.2018 –
30.11.2018
7
Бартош Пиатек
Польша
Жешув технологиялық
университеті
26.11.2018 –
30.11.2018
8
Санчес де Кастро Лопес
Руи Педро
Португалия Браганса политехникалық
интитуты (топ-менеджмент)
05.02.2019 –
04.12.2019
9
Инфанте Моро Хуан
Карлос
Испания
Уэльва университеті
19.02.2019 –
20.02.2019
10
ЕжиМихник
Польша
Катовице экономикалық
универсиететі
29.04.2019 -
03.05.2019
11
Юрий Билан
Польша
Жешув технологиялық
университеті
04.05.2019 –
05.05.2019
12
Октай Кутай
Турция
Кастамону университеті
22.05.2019 –
22.06.2019
13
Альфонсо Инфанте
Моро
Испания
Уэльва университеті
25.06.2019 –
27.06.2019
Шақырылған профессорлар мехатроника және робототехника, инновациялық
тоқыма, тамақ және өңдеу өнеркәсібінің инновациялық технологиялары, екі өлшемді
кулондық жүйелердің динамикалық қасиеттері, термоядролық синтездің негіздері мен
мәселелері, жаңа буын көпір құрылымдарын құру үшін жаңа материалдар әзірлеу ғылыми
бағыттары бойынша дәрістер оқыды және кеңестер берді.
2019 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің топ-менеджмент бағдарламасы бойынша Браганса политехникалық
институтының (Португалия) профессоры Руи Педро Санчес де Кастро Лопес шақырылды.
Шетелдік маман бағдарлама мерзімі аяқталғанша университеттің инновациялар және
ақпараттық технологиялар жөніндегі проректоры қызметіне тағайындалды.
2018 және 2019 жылдары 63 университет қызметкері академиялық ұтқырлық
бағдарламасы бойынша шет елдерге, соның ішінде Эразмус+ бағдарламасы бойынша,
әртүрлі ғылыми семинарларға, бірлескен ғылыми және білім беру жобаларына,
қабылдаушы елдің білім беру іс-шараларына қатысуға, сондай-ақ тағылымдамалардан
өтуге қатысты.
Эразмус+ бағдарламасының аясында 2016 және 2019 жылдар аралығында
университеттің 16 оқытушы-профессорлары Жешув технологиялық университетінде
(Польша), Уэльва университетінде (Испания), Браганса политехникалық институтында
(Португалия) халықаралық апталықтарға қатысты.
Университет жаңа серіктестер табу және ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту
бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осы мақсатта жетекші шетелдік университеттердің
делегациялары шақырылып және ресми сапарлармен университеттің ПОҚ-ы әртүрлі
халықаралық шараларға қатысады.
Мысалы, 2018 жылы М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-де университет ректоры,
декандары мен құрылымдық бөлім басшыларының Кённам Ұлттық ғылым және
технологиялар университетінің (Оңтүстік Корея) президенті Нам Кенг Ким бастаған
делегациямен кездесу өтті. Сапар барысында тараптар өзара ынтымақтастық туралы