3. Химиялық қасиеттері
Галогентуындылар ең реакцияға қабілетті органикалық қосылыстардың бірі.Кез келген галогеннің электртерістігі көміртек атомынан жоғары болғандықтан C-Hal байланысы қатты полярланған R-C H2>Hal. Галоген атомы теріс индуктивті эффект көрсетіп,нәтижесінде онымен байланысқан көміртек атомы ішінара оң, ал галоген ішінара теріс зарядқа ие болады.Сонымен бірге,органикалық қосылыстарға полярланғыштық тән,яғни шабуылдаушы реагент жақындағанда байланыстың полярлығын арттыру қабілеті.Байланыстың полярланғыштығы атомдардың электрон бұлты неғұрлым көлемді және қозғалғыш қабілеті жоғары болған сайын көбейе береді.Осыған сәйкес,C-F,C-Cl,C-Br,C-I қатарында байланыстардың полярлығы шамамен жақын болса,C-I байланысының полярланғыштығы C-F байланысынікіне қарағанда айтарлықтай жоғары.Осыған байланысты барлық нуклеофильді орын басу реакцияларында йодтуындылар ең активті,ал фтортуындылар іс жүзінде реакцияға қабілетсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |